Тарих

Мақалада ірі тарихшы-ғалым Ермұхан Бекмахановтың өмірі мен қызметі суреттелген. Қазақтардың 1837–1847 жылдары Ресей патшалығына қарсы Кенесары Қасымұлы бастаған күрес туралы шындықты айтуға ұмтылыс жасағаны үшін қудаланған отан сүйгіш, ұлтжандылар қатарынан құрметті орын алатын Бекмаханов туралы айрықша айтылған. Отанымыздың ұлтжанды  азаматы Бекмахановтың өзінің айбынды рухымен тəуелсіз Қазақстанға қазірге дейін қызмет атқарып отырғаны көрсетілген. Шынайы тарихты Ермұхан Бекмаханов секілді ғылымға шын берілген ғалымдар жасайтындығы туралы қорытынды жасалған.
2015

Мақалада патша əскерлерінің жаппай шабуыл жасауынан Қазақстанның тəуелсіздігіне кауіп төнген шақта тарихи сахнаға шыққан Кенесары ханның бой көтеруінің маңыздылығы суреттелген. Ресейге қарсы қалжырататын қарулы күреске шығудың шындығын түсінген саясаткер ретіндегі Кенесары ханға сипаттама берілген. Кенесарының қазақтың үш жүзі руларының едəуір бөлігін өз туы астына біріктіре алғандығы көрсетілген. Кенесары ханның өз заманындағы ұлы қайраткерлер қатарынан орын алатындығы айтылған. Оның тұлғасына патша үкіметінің отарлаушы империясының жақтаушыларының өздері де таң қалатындығы айтылған.
2015

Мақалада құлажорға тұрпатындағы ескерткіштерді зерттеудің негізгі қорытындылары қарастырылған. Археологиялық материалдардың негізінде ескерткіштердің хронологиялық шектері, жерлеу орындарының сəулеті жəне дүниетанымдық жүйенің ерекшеліктері көрсетілген. Құлажорға кезеңі ескерткіштерін зерттеушілердің негізгі тұжырымдары талданды. Заттай материалдардың мысалында құлажорғалықтардың ғұрыптық-еске алу салты жəне олардың сол дəуірдегі басқа қауымдастықтармен мəдени байланысы қарастырылған.
2015

Мақалада еліміздің дамыған елдердің санатында болуы үшін білім саласында да үлкен реформалар жүргізілуі қарастырылды. Бұл жөнінде Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Білім беру реформасы — Қазақстанның бəсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Бізге экономикалық жəне қоғамдық жаңару қажеттілігіне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет», — деп ерекше атап көрсетті. Мемлекеттік қоғамдық сипатта білім жүйесін басқару — өзінің кəсіби жеке қызметіне енді аяқ басқан тұлға, қағидалар, педагогиканы басқару жүйесінің маңызы туралы толық ақпаратты білу өте маңызды. Бұл, ең алдымен, мектептің жұмыс серпініне енуге, оның жүйелендірілуінің негізгі тетігін, басшылықпен, мұғалім əріптестермен, оқушы, ата-аналармен жоғарғы деңгейдегі қарым-қатынас ұстауға көмектеседі.
2015

Мақалада оқырман қауым көптеген афоризмдер кездестіретін ұлы Абайдың философиялық-сындарлы жəне моральдік тұрғыдағы «Қара сөздеріне» басты көңіл аударылған. Бұл данышпан жəне ұғымды афоризм сөздердің қазақ əдебиетіне көптен бері енгені көрсетілген. Ойшыл ғалымның философиялық- моральдік, қоғамдық-публицистикалық жəне əжуа-сатиралық сөздерін оның «Қара сөздеріне» жатқызуға болатын жанрды ойлап табу қиын екендігі айтылған. Оқырман қауымның көзқарасын алдын ала біле отырып, олардың күнделікті қолданатын тілімен оларға түсінікті етіп, өзінің көптеген өткір жəне терең ойларын проза түрінде жеткізе білгендігі туралы қорытынды жасалған.
2015

Мақалада адамды тануда діни антропологияның ерекшелігіне назар аударылып, ол басқа да ілімдермен салыстырылды. Автор адамға деген діни көзқарастардың алуан түрлілігі мен оның өмір сүруінің өзінің көп қырлы екендігін көрсетті. Теологтардың антропологияға деген қызығушылықтары мен діни жəне философиялық антропологияның ара қатынасы туралы пікірталастар келтірілді. Адам туғанда мəнімен бірге тумайды. Ол кейінгі қалыптасуында ғана мəнділікке ие болуы мүмкін деген ойшылдардың ойларымен автор келісетіндігін білдіреді. Адам үшін дүниеде тек тірі ағза болып тіршілік ету, организмдік мұқтаждықтардың шеңберімен шектелу жеткіліксіз екендігі туралы айтқан дана Абайдың адам туралы айтқан ойларын автор ортаға салады.
2015

Мақалада қазақ елінде қалыптасқан ағартушылық феноменнің себептері мен қызметтері зерттеліп, олардың Еуропа жəне Ресеймен салыстырғанда басқаша болғаны айқындалып, еліміздегі ағартушылық ойлардың ерекшеліктері, саяси мазмұны бағаланып, талдаған. Көтеріліп отырған мəселелер өз жерімізде қалыптасқан ағартушылық ағымның құндылықтарының əлеуметтік-саяси ортадағы рөлінің маңызын жəне оның терең саяси мазмұнын жан-жақты ашуға бағытталған. Бұрынғы қазақтың ұлтжанды азаматтарының ел өмірінде, халық тарихында алатын орнын көрсете отырып, автор олардың ағартушылық көзқарастарында қандай қоғамдық-саяси мəселелер басты орында болғанын көрсетеді.
2015

Мақалада ХV ғасырдың ортасында Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары қарастырылған. Қазақ халқының жекелеген бөліктерінің əр түрлі мемлекеттердің құрамында саяси бытыраңқылығын жоюға ұмтылыс жасау қазақтың алғашқы хандары — Керей мен Жəнібек үлесіне тигені айтылған. Қазақ рулары мен тайпаларының жаңа мемлекет — Қазақ хандығы — құрамына бірігуі күрделі болғаны көрсетілген. Қазақ хандығының қалыптасуы, оның ішкі дамуы, өзіндік құндылықтар жүйесі, халықтың ерекше ұлттық сипаты беріктілік сынына талай рет түскендігі туралы қорытынды жасалған. Сөз жəне ой-пікір бостандығы мүмкін болған қазіргі тəуелсіз Қазақстан жағдайында көрнекті хандардың, соның ішінде қазақ жүздерінің соңғы ханы — Абылай ханның немересі — Кенесары Қасымовтың ұмыт болған есімдері қайта жаңғырғаны дəлелденген.  
2015

Мақалада саяси маркетингтің теориялық негіздері мен саяси өмірде қолдану тəжірибесі қарастырылды. Саяси маркетингтің қалыптасуының теориялық-əдістемелік негізіне жəне оның саяси тəжірибеде пайдалану тарихына назар аударылды. «Саяси маркетинг» ұғымына берілген ғылыми анықтамалар талданды. Саяси тəжірибеде қолданылатын саяси маркетинг нарығының негізгі катего- риялары зерттеліп, экономикалық жəне саяси маркетинг нарығының ұқсастықтары мен айырмашылықтары ажыратылып көрсетілді.
2015

Мақалада ХІ ғасырдың философы, ақыны, ағартушысы Жүсіп Хас Хаджыб Баласағұнның өмірі мен қызметі қарастырылған. Əсіресе оның «Құтты білік» атты философиялық еңбегінің мазмұны мен маңызы толық ашылған. Бұл əйгілі философиялық еңбек сол кездегі барлық дерлік ғылым салаларының: философиялық, поэзиялық, құқықтық, экономикалық, этикалық, тарихтық, педагогикалық жетістіктерін жалпылайтындығы дəлелденген. «Құтты білік» Шығыс елдері тарихындағы түрік тілінде жазылған тұңғыш философиялық жəне əдеби трактат болып табылатындығы дəлелденген. Аталған еңбектегі көптеген ғылыми қағидалар жəне философиялық тосқаулар қазіргі кезге дейін өз өзектілігін жоғалтпайтындығы айтылған.
2015

Мақалада автор қазақ халқының даналық рухын айқындаған. Қазақ ойшылдарының философиялық көзқарасын ашқан. Қазақ философиясының философия тарихындағы жəне адамзат өміріндегі рөлін анықтаған. Қазақ философиясының даму тарихын көрсеткен. Қазақ философиясының даму тарихын анықтай отырып, оның адамзат өмірінде алатын орнын анықтаған. Қазақ философиясына қатысты негізгі мəселелерді қарастырған. Қазақ философиясының бүгінгі келбетін жəне философиялық ойлаудың жаңа моделін көрсеткен. Қазақ философиясы бойынша зерттеудің ғылыми бағыттарын анықтаған.
2015

Мемлекетіміздің қазіргі кездегі тарихи дамуындағы қазақтардың шежіресін зерттеудің маңыздылығы негізделген. ХIX–XX ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген көрнекті қазақ ағартушыларының барлық Үш жүз (Ордалар) қазақтарының шежіресін құрастыру жəне негіздеу ғылыми бойынша қазақ үлесі бейнеленген. Олардың қазақ тайпалары мен руларын зерттеу бағытында жазылған аса маңызды еңбегіне шолу жасалған, бұл зерттеудің отандық тарихтың қалыптасуы мен дамуы үшін айрықша өзектілігі көрсетілген. Көрнекті қазақ ғалымдары мен зиялыларының ғылыми еңбектерін талдау мен жүйелеудің болашақта қазақ тарихнамасының дамуы үшін маңыздылығы туралы қорытынды жасалған
2015

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.