Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Фармакоэкономикалық көрсеткіштеріне бисопролол мен периндопропилдің әсері

Жұмыстың мақсаты. ІІ дәрежелі жүректің созылмалы жетіспеушілігімен ауыратын науқастарды бисопролол мен периндоприлдің фармакотерапиялық тиімділігімен бағалау.

ІІ дәрежелі созылмалы жүрек жетіспеушілігідегі науқастардаң толық шығыны бірінші ФТК тобында 117850,3 теңгені құраса, ал екінші және үшінші топтарында 45,3% және 55,6%-ға тең болады.

Түйінді сөздер: жүректің созылмалы жетіспеушілігі, периндоприл, бисопролол, аурудың құны.

Кіріспе. Қазіргі кезде жүректің созылмалы жетіспеушілігімен ауыратын науқастардың жиілігі дүние жүзінде жоғарылап, өлімнің негізгі себебі болып табылады. Бұл сырқаттарда гемодинамикалық, физиологиялық және патобиохимиялық үрдістердің ауытқуы негізінен ренин- ангиотензин және симпатоадреналды жүйелердің белсенділігінің өсуіне байланысты. Осыған байланысты жүректің созылмалы жетіспеушілігімен ауыратын науқастарды бисопролол мен периндоприлді қиылыстырып емдеу бүгінгі таңда өзекті мәселенің бірі болып табылады.

Жүрек-қан тамырлар жүйесінің ең көп тараған ауруларының бірі - артериялық гипертония, ал оны емдеудің экономикалық тиімділігін бағалау кардиологиядағы фармакоэкономикалық өзекті мәселерінің бірі болып табылады [1]. Дүниежүзілік статистика бойынша ересек тұрғындар арасында артериалды гипертония ауруымен 21-25% зардап шегеді [2], ал бұл көрсеткіш ҚР бойынша 24,3% құрайды және оның жиілігі жасының өсуіне байланысты 10 есе өседі [3]. Жалпы өлім көрсеткішінің себебі ретінде артериалды гипертония ауруы 20-50% құрайды [4]. Сырқаттардың 90% артериалды гипертонияның І және ІІ дәрежесіне тең. Осыған байланысты артериалды қан қысымының тым жоғары емес көрсеткіштеріндегі артериалды гипертония ауруын ерте емдеу - алдын-алу іс -шараларын өткізу ең жоғары клиникалық және экономикалық нәтижелер береді. Фармацевтикалық нарықтағы антигипертензиялық дәрілерді сырқаттарды оңтайлы емдеу үшін қолдану өзекті мәселенің бірі.

Зерттеу материалдары мен әдістері. Фармакоэкономикалық көрсеткіштер анықтау үшін ІІ дәрежелі созылмалы жүрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастарды бисопролол мен перниндопрпил фармакотерапиялық тиімділігімен бағалау үшін жұмыстың міндеттеріне сәйкес 10 дені сау адам және созылмалы жүрек жетіспеушілігімен ІІ дәрежесімен ауыратын 40 науқас зерттеуге алынды. Олар фармакотерапиялық кешендермен емдеуге байланысты төрт топқа бөлінді. 1-топтағы сырқаттар: арифон (1,5мг), диован (80 мг),норваск (5 мг); 2-топ: бисопролол (5мг), фозикард (10мг), кардилопин (5мг) ; 3-топ: престариум (5мг), атенолол (50 мг),

кардилопин (5мг) ; 4-топ: бисопролол (5мг), престариум (5мг) және кардилопин (5мг) дәрілерін нұсқау бойынша күніне бір рет қабылдады. Емдеу - бақылау мерзімі 6 ай. Фармакотерапиялық кешендердің фармакоэкономикалық жағдайын зерттеу үшін дәрілік заттардың бағаларын «Еврофарма» фирмасының құны арқылы зерттедік.

Кесте 1 - ІІ дәрежелі созылмалы жүрек жетіспеушілігідегі науқастарды емдеу кезіндегі дәрілік шығынның фармакотерапияның түріне тәуелділігі

Аттары

Қажетті дәрілердің

саны (дана)

Бағасы (тенге)

Бір таблетка

Емдеу бағамы

1-нұсқа

Арифон (1,5мг)

180

30,0

5400,0

Диован (80 мг)

180

169,0

30472,0

Норваск (5 мг)

180

70,0

12648,0

Барлығы

540

269,0

48520,0

2-нұсқа

Бисопролол (5мг)

180

26,83

4830,0

Фозикард (10мг)

180

31,0

5580,0

Кардилопин (5мг)

180

61,0

10980,0

Барлығы

540

118,83

21390,0

3-нұсқа

Престариум (5мг)

180

63,43

11418,0

Атенолол (50 мг)

180

5,7

1026,0

Кардилопин (5мг)

180

61,0

10980,0

Барлығы

540

130,13

23424,0

4-нұсқа

Бисопролол (5мг)

180

26,83

4830

Престариум (5мг)

180

63,43

11418,0

Кардилопин (5мг)

180

61,0

10980,0

Барлығы

540

104,0

27228,0

Зерттеу нәтижелеріЗерттеуге алынған сырқаттардың емдеуге қолданған

фармакотерапиялық кешендердің атаулары мен қажетті дәрілердің санымен және олардың бағасы, емдеу бағамы 1-кестеде көрсетілген.

1-ФТК-ді қолданғанда 1-күндік емнің бағасы - 269 теңге құраса, емдеу бағамына 48520 теңге шығындалды. 2-ФТК-ді қолданғанда 1-күндік емдік бағасы - 118,83 теңгеге тең болса, емдеу бағамына 21390 теңге шығындалды. 3-ФТК-ді емдеу үшін қолданғанда 1-күндік шығын 130,13 теңгеге тең болса, ал емдеу бағамы 23424 теңгеге тең болды. 4-ФТК-ді емдеу үшін қолданғанда 1-күндік шығын 104,0 теңгеге тең болса, ал емдеу бағамы 27228,0 теңгеге тең болды. 1-ФТК- нінің емдеу бағамына қарағанда 2-ФТК-нінің шығыны 77,4% - пайызға, 3-ФТК емдеу бағамының құны -51,7%, 4-ФТК емдеу бағамының құны 43,9% - пайызға төмендейді.

Сонымен ІІ дәрежелі созылмалы жүрек жетіспеушілігідегі сырқаттарды емдеу нәтижесіндегі дәрілерге арналған шығын 2-ФТК ең төменгі орын алса, ең жоғарғы деңгейі 1-ФТК, ал 3 және 4- ФТК ортаңғы жағдайда орын алды.

ІІ дәрежелі созылмалы жүрек жетіспеушілігідегі науқастарды емдеудегі клинико- үнемділік нәтиженің көрсеткіштерінің фармакотерапияның түріне байланысты өзгеруі 2 -

кестеде көрсетілген. Жедел жәрдем шақырудың саны бірінші емдік тобында 6-ға , ал екінші және үшінші ФТК топтарда 3 және 4 тең болады. Жедел жәрдем шақырудың саны төртінші емдік тобында ең кіші мәнге ие болды(екі рет) Жедел жәрдем шақыруға кететін щығынның мөлшері бірінші ФТК-нің әсерінен 12159,5 теңгені құраса, 2-фтк емдік топтағы - 6079,5 теңгеге тең болса, ал 3-фтк және 4-фтк емдік тобында - 8106,0 және 4053 теңгені құрады. Бірінші топтағы шығынның мөлшерін 100% теңегенде, екінші ,үшінші және төртінші емдік топтарында бұл шығын 49,9%, 66,6% және 33,3%- ды құрайды, яғни бұл топтарда шығынның мөлшері 50,1% ,

33,4% және 66,7%-ға тең болады.

Сырқаттарға терапевтердің арнайы келуі бірінші топта бақылау уақытында 6-ға тең болса, ал екінші және үшінші топта 3 және 4 рет болады, ал шығынның мөлшері бірінші, екінші және үшінші топтарда 2124 теңгеге, 1062 және 1416 теңгені құрайды, яғни бірінші топпен салыстырғанда бұл шығынның мөлшері екінші және үшінші топта 50% және 33,4% азайды. Бұл шығынның ең аз мөлшері төртінші топта орын алды,азаю мөлшері 66,7%-ға тең болады.

ІІ дәрежелі созылмалы жүрек жетіспеушілігімен ауыратын сырқаттарды емдеуге кететін тікелей шығынның мөлшері бірінші топта 62803,5 теңгені құраса, екінші және үшінші топта 28531,5 және 32946 теңгеге тең болады, яғни бірінші топпен салыстырғанда тікелей шығынның мөлшері екінші және үшінші топта 54,6% және 47,6%-ға төмен болды. Бұл шығынның азаю мөлшері төртінші топта 49,1%-ға тең болады.

Алты айлық бақылау уақытында бірінші топтағы сырқаттардың жұмыссыздық күндері 67,8 күнге тең болса, екінші және үшінші топтардағы бұл көрсеткіш 30,6 және 40,2 күндерді құрайды, ал шығынның мөлшері бірінші, екінші және үшінші топтарда 55046,8, 24844,1 және

32638,4 теңгені құрайды, яғни бірінші топпен салыстырғанда тікелей емес шығынның мөлшері екінші және үшінші топта 54,9% және 40,8% төмендейді. Бұл шығынның ең аз мөлшері төртінші топта орын алды, азаю мөлшері 62,8%-ға тең болады (кесте 2).

Кесте 2 - ІІ дәрежелі созылмалы жүрек жетіспеушілігідегі науқастарды емдеу кезіндегі клинико-үнемділік нәтиженің көрсеткіштерінің фармакотерапияның түріне байланысты жағдайы.

Көрсеткіштер

Фтк-1 n=10

Фтк-2

n=10

Фтк-3 n=10

ФТК-4

n=10

n

Шығын (теңге)

n

Шығын (теңге)

n

Шығын (теңге)

n

Шығын (теңге)

Дәрілердің құны

 

48520

 

21390

 

23424

 

27228

Жедел жәрдем шақыру

6

12159,5

3

6079,5

4,0

8106,0

2

4053

Терапевттің келуі

6

2124

3

1062,0

4,0

1416,0

2

708

Барлығы (тікелей шығын)

-

62803,5

-

28531,5

-

32946

 

31989

Жұмыссыздық күндері (тікелей емес шығын)

67,8±3 ,1

55046,8

30,6±

1,5

24844,1

40, 2

±1, 1

32638,4

25, 2

±1, 1

20459,9

Барлығы

-

117850,3

-

53375,6

-

65584,4

 

52448,9

ІІ дәрежелі созылмалы жүрек жетіспеушілігідегі науқастарды емдеу кешендерінің түріне байланысты шығынның және аурудың толық құнының жарты жылдық мерзіміндегі жағдайы 3- кестеде көрсетілген. Тікелей, тікелей емес және аурудың толық бағасы ФТК әсерінен әр түрлі деңгейде өзгереді. Аурудың толық бағасы бірінші ФТК тобында 117850,3 теңгені құраса, ал екінші және үшінші топтарында 55375,6 және 65584,4 теңгеге тең болады, яғни бірінші топпен салыстырғанда толық шығынның мөлшері екінші және үшінші топта 45,3% және 55,6% тең болады Бұл шығынның ең аз мөлшері төртінші топта орын алды,азаю мөлшері 55,5%-ға тең болады. (кесте 3).

Кесте 3 - ІІ дәрежелі созылмалы жүрек жетіспеушілігідегі науқастарды емдеу кезіндегі фармакотерапияның түріне байланысты шығынның және аурудың толық құнының жарты жылдық мерзімінде өзгеруі

Топтар

Тікелей шығын (теңге)

Тікелей емес шығын (теңге)

Аурудың толық бағасы (теңге)

ФТК-1

n = 10

62803,5

55046,8

117850,3

ФТК-2 n = 10

28531,5

24844,1

53375,6

ФТК-3 n = 10

32946

32638,4

65584,4

ФТК-4 n = 10

31989

20459,9

52448,9

Зерттеу нәтижесіне алынған мәліметтер ІІ дәрежелі созылмалы жүрек жетіспеушілігідегі науқастарды емдеу кезінде қолданған фармакотерапиялық кешендердің әсерінен тікелей, тікелей емес, аурудың толық шығыны әр түрлі деңгейде өзгереді. Шығыны ең төмен емдік кешене төртінші фармакотерапиялық топта: бисопролол (5мг), престариум (5мг), к,ардилопин (5мг) орын алды.

Қорытынды:

ІІ дәрежелі созылмалы жүрек жетіспеушілігідегі науқастардың толық бағасы бірінші ФТК тобында 117850,3 теңгені құраса, ал екінші және үшінші топтарында 45,3% және 55,6%-ға тең болады.

ІІ дәрежелі созылмалы жүрек жетіспеушілігідегі науқастардың ең аз толық шығыны төртінші топта орын алды, азаю мөлшері 55,5%-ға тең болады.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Константинов, В.В. и соавт. Распространенность АГ и ее связь со смертностью и факторами риска среди мужского населения в городах разных регионов // Кардиология. - 2001. - №4. - С. 59.
  2. Цыбин, А. К. Фармакоэкономика: проблемы и пути дальнейшего развития // Рецепт. — 2000. — №6(15). - С. 21-24.
  3. Рысмендиев, А.Ж. Состояние и стратегия реформы кардиологический службы республики Казахстан // 2-Конгресс ассоциации кардиологов Казахстана. - Алматы. 1998. - С. 3-5.
  4. Органов, Р.Г., Масленникова, Г.Я. Сердечно-сосудистые заболевания в РФ во второй половине ХХ столетия, тенденция, возможные принципы, перспективы // Кардиология. - 2000. -№6. - С. 4-9.
  5. Орманов Н.Ж., Абуова Г.Т., Қазбекова М.Ж., Жумаханбетова Г.Артериалық гипертензиямен ауыратын ІІ дәрежелі науқастардың клиникалық әйгіленістерінің жиілігінің фармакотерапиялық кешендердің әсерінен өзгеруі/ Сборник трудов научнопрактической конференции «актуальные проблемы и профилактики профессиональной патологии и гигиена труда» посвященной памяти доктора медицинских наук, профессора АДИЛЬБЕКОВОЙ ДАРИГИ АЙДАНОВНЫ .3 МАЯ 2013 ГОДА.Шымкент,2013г. с.112-116
  6. Орманов Н.Ж., Садырханова Ұ.Ж., Сырманова Н.Р., Қазбекова М.Ж., Жақыпбек Г./ІІ дәрежелі артериялық гипертензиямен ауыратын науқастардағы фармакотерапиялық кешендердің әсерінен уыттанудың индекс көрсеткіштерінің өзгеруіне байланысты фармакоэкономикалық нышандардың жағдайы/ Сборник трудов научно-практической конференции «актуальные проблемы и профилактики профессиональной патологии и гигиена труда» посвященной памяти доктора медицинских наук, профессора Адильбековой Дариги Айдановны, 3мая 2013года,Шымкент,2013г. с.116-120.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.