Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Инфильтраты таралған өкпе туберкулезбен ауыратын науқастар қан плазмасындағы әлсіз жарқыраудың көрсеткішінің химиотерапияның әсерінен ацетилдеу түріне байланысты жағдайы

АННОТАЦИЯ

Жұмыстың мақсаты: Инфильтраты таралған өкпе туберкулезімен науқастар қаны плазмасындағы хемилюминесценттік көрсеткішінің химиотерапияның әсерінен ацетилдеу түрінебайланысты өзгеруін зертеу.Күшті ингибиторлы топтардағы сырқаттарда ХЛУК деңгейі емге дейінгі көрсеткішіне қарағанда 1, 3 және 6 айлық химиотерапиядан кейін 9,9%, 34,7% және 41,3% -ға өссе, ал орта ингибиторлы топтағы сырқаттарда бұл көрсет-кіштің өсу деңгейі 30,5%, 33,3% және 55,5% құрайды, ал әлсіз ингибиторлы топтағы сырқаттардың ХЛУК деңгейі емге дейінгі көрсеткішке қарағанда 43,1%, 41% және 62,4% -ға өседі.

Сонымен зерттеулер нәтижесінде алынған деректер өкпе туберкулезінің инфильтраты шектелген түрімен ауыратын науқастардың ацетилдеу түріне байланысты химиотерапияның әсерінен әр түрлі деңгейде өзгереді, күшті ингибиторлы түріндегі сырқаттардың қан плазмасындағы хемилюминесценттік көрсеткіштері жалпы топтың көрсеткішіне қарағанда төмендесе, ал әлсіз ингибиторлы тобында әлсіз жарқыраудың параметрлері едәуір жоғарғы дең- гейде болатынын көрсетеді.

Кілт сөздер: өкпе туберкулезі, қан, хемилюминесценттік көрсеткіші, химиотерапия, ацетилдеу.

Кіріспе.Ағзалардың және жасушалардың жұмыс істеу қабілетінің химиотерапиялық кешендердің әсерінен зақымдануы дербес орын алатын патобиохимиялық үрдістердің бірі. Ол - липидтердің асқын тотығу өнімдерінің биологиялық мембранада және биортада көбірек топтасуы әсерінен патологиялық жағдайға душар болуына негізгі себеп. [1,2] Химиотерапиялық препараттардың әсерінен бауыр ағзаларының зақымдануын 10 жылдан астам Н.П. Скакун және оның әріптестері [3] зерттеген, олардың мәліметтері бойынша туберкулостатиктердің әсерінен липидтердің асқын тотығу үрдісі қуаттанып, биологиялық мембраналардың жұмысын бұзып, патологиялық жағдайға душар етеді де, негізінен гепатоциттердің зақымдануына алып келеді. Өзбекстандық ғалымдардың мәліметтері бойынша туберкулез дертімен ауыратын науқастардың жиілігі негізінен гомозиготті фенотипіне байланысты, химиотерапияның әсерінен бауырдың зақымдануы Нр1-1 фенотипті науқастарда 51,6%-да орын алады [4]. Суханов Д.С., [5] деректері бойынша гепатитпен ауырған науқастардың химиотерапия әсерінен 70%-да бауыр қызметінің бұзылғандығы орын алды.

Кесте 1 - Инфильтраты таралған өкпе туберкулезімен науқастар қаны плазмасындағы хемилюминесценттік көрсеткішінің химиотерапияның әсерінен ацетилдеу түріне байланысты өзгеруі

2 - 3 айлық ХТ-дан кейінгі көрсеткіш;

3 - 6 айлық ХТ-дан кейінгі көрсеткіш;

* - р<0,05 химиотерапияға дейінгі көрсеткішпен салыстырғандағы дәлдік көрсеткіш;

Көрсеткіштер

Хемилюминесценциялық көрсеткіштер

ХЛУК (шб)

Спонтанды (кв/сек)

ӘЖЖҚ (103 кв)

АТРТЖ (кв/сек)

Жалпы топ

1

7,8 ± 0,47

74,9 ± 3,1

250 ± 15,1

2,29 ± 0,09

 

2

9,8±0,36*

94,4±3,2*

313±10,2*

2,88±0,11*

 

3

10,8±0,30*

103,6±3,9*

343±10,3*

3,17±0,09*

Күшті

1

5,5 ± 0,27

56,1 ± 2,8

187 ± 9,3

1,61 ± 0,04

ингибитор

2

6,1±0,18*

62 ± 1,6*

207±8,4 *

1,79±0,03*

 

3

6,9±0,03*

70,1 ± 3,2*

233± 6,4*

2,02±0,03*

Орташа

1

7,8 ± 0,31

79,2 ± 3,1

264 ± 13,1

2,29±0,03

ингибитор

2

9,4 ±0,25*

94,3 ± 3,3*

314±10,6*

2,76±0,03*

 

3

10,1 ± 0,15*

102 ± 3,6*

340±9,6*

2,97±0,02*

Әлсіз

1

10,2 ± 0,33

102,3 ± 4,3

341 ± 10,2

3,0±0,02

ингибитор

2

14,0 ± 0,10*

132 ± 5,4*

440±15,2*

4,12±0,03*

 

3

15,4 ± 0,08*

156 ± 4,3*

520±20,8*

4,53±0,03*

Нұсқама: 1 - химиотерапияға дейінгі көрсеткіш;

Жұмыстың мақсатыИнфильтраты таралған өкпе туберкулезімен науқастар қаны плазмасындағы хемилюминесценттік көрсеткішінің химиоте-рапияның әсерінен ацетилдеу түріне байланысты өзгеруін зертеу

Зерттеу әдістеріҚан плазмасының хемилюминесценттік қасиеттері Орманов Н.Ж. [6] әдісімен анықталды

Зерттеу нәтижелері. ИТ(Инфильтраты таралған) ӨТ(өкпе туберкулезі) сырқаттардың қан плазмасындағы еркін радикалды тотығу үрдісінің деңгейлері 1, 3 және 6 айлық туберкулезге қарсы химиотерапия әсерінен ағзаның ацетилдеу түріне байланысты әртүрлі деңгейде өзгереді.

Инфильтраты таралған өкпе туберкулезбен ауыратын науқастардың қан плазмасының хемилюминесценттік қасиетінің химиотерапия әсерінен ацетилдеу түріне байланысты ауытқулары 1-кестеде көрсетілген.

Күшті ингибиторлы типінде сырқаттардың қанының плазмасындағы спонтанды әлсіз жарқыраудың деңгейі үш айлық химиотерапиялық емдік кешеннің әсерінен емге дейінгі көрсеткішке қарағанда 10%-ға жоғарыласа, 6 айлық туберкулезге қарсы химиотерапияның әсерінен өсу деңгейі 25,4%-ға тең болды. Спонтанды әлсіз жарқыраудың орташа ингибиторлы типті сырқаттарда 3 және 6 айлық химиотерапиядан кейін өсу деңгейі 20,5% және 29,5% -ға тең болды, бұл көрсеткіштің әлсіз ингибиторлы сырқаттарда 3 және 6 айлық химиотерапиядан кейін емге дейінгі көрсеткішіне қарағанда 37,2%, және 50,9%-ға жоғарылайды. ӨТ инфильтраты таралған күшті ингибиторлы сырқаттардың қан плазмасындағы спонтанды әлсіз жарқыраудың деңгейі науқастардың жалпы тобына қарағанда 3 және 6 айлық ХТ-нің әсерінен 37,8% және 36,2%-ға төмендейді.

Иницирленген жалпы жарқыраудың деңгейі жалпы топтағы сырқаттардың сәйкес көрсеткішімен салыстырғанда күшті ингибиторлы топтағы науқастарда 3 және 6 айлық химиотерапияның әсерінен 34,3%-ға және 32,3%-ға төмендесе, орташа ингибиторлы топтағы сырқаттарда бұл көрсеткіштің айырмашылығы сенімсіз түрде болады, ал әлсіз ингибиторлы топтағы сырқаттарда бұл көрсеткіштің деңгейі сәйкес жалпы топтағы сырқаттарға қарағанда 39,8%-ға және 50,6 %-ға жоғарғы деңгейде орын алды.

Осындай өзгерістер асқын тотық радикалдарының түзілу жылдамдығын зерттегенде де байқалды.

Жоғарыда көрсетілген ауытқулар сырқаттардың ацетилдеу түріне байланысты химиотерапиялық емнен кейін хемилюминсценциялық уыттану көрсеткішін анықтағанда орын алды. Күшті ингибиторлы ХЛУК типті сырқаттардың 3 және 6 айлық химиотерапиядан кейін ХЛУК жалпы топтағы сәйкес көрсеткішке қарағанда 32% және 39%-ға төмендесе, ал орташа ингибиторлы тобында өзгеріссіз болып, әлсіз ингибиторлы науқастарда 3 және 6 айлық химиотерапиядан кейін 43% және 42,9%-ға жоғарылады.

Күшті ингибиторлы топтардағы сырқаттарда ХЛУК деңгейі емге дейінгі көрсеткішіне қарағанда 3 және 6 айлық химиотерапиядан кейін 11,1% және 25,4

% -ға өссе, ал орта ингибиторлы топтағы сырқаттарда бұл көрсеткіштің өсу деңгейі 20,5%, және 29,6% құрайды, ал әлсіз ингибиторлы топтағы сырқаттардың ХЛУК деңгейі емге дейінгі көрсеткішке қарағанда 37,3% және 51% -ға өседі.

Сонымен зерттеулер нәтижесінде алынған деректер өкпе туберкулезінің инфильтраты таралған түрімен ауыратын науқастардың ацетилдеу түріне байланысты химиотерапияның әсерінен әлсіз жарқырау әр түрлі деңгейде өзгереді, күшті ингибиторлы түріндегі сырқаттардың қан плазмасындағы хемилюминесценттік көрсеткіштері жалпы топтың көрсеткішіне қарағанда төмендесе, ал әлсіз ингибиторлы тобында әлсіз жарқыраудың параметрлері едәуір жоғарғы деңгейде болатынын көрсетеді.

Қорытынды

1. Күшті ингибиторлы типті сырқаттардың 3 және 6 айлық химиотерапиядан кейін ХЛУК жалпы топтағы сәйкес көрсеткішке қарағанда 32% және 39%-ға төмендесе, ал орташа ингибиторлы тобында өзгеріссіз болып, әлсіз ингибиторлы науқастарда 3 және 6 айлық химиотерапиядан кейін 43% және 42,9%-ға жоғарылады.

2. Күшті ингибиторлы топтардағы сырқаттарда ХЛУК деңгейі емге дейінгі көрсеткішіне қарағанда 3 және 6 айлық химиотерапиядан кейін 11,1% және 25,4% -ға өссе, ал орта ингибиторлы топтағы сырқаттарда бұл көрсеткіштің өсу деңгейі 20,5%, және 29,6% құрайды, ал әлсіз ингибиторлы топтағы сырқаттардың ХЛУК деңгейі емге дейінгі көрсеткішке қарағанда 37,3% және 51% -ға өседі.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Бисимбаева С.Б., Орманов Н.Ж. Инфильтраты шектелген өкпе туберкулезді науқастардың эритроциттеріндегі ЛАТ өнімдерінің ацетилдеу типіне байланысты өзгеуі // «Қазақстан Фармациясы: ғылым,білім және өндіріс интеграциясы» Халықаралық ғылыми тәжірибелік конфер. матер. ОҚММА. -Шымкент. -2009(2). -341-342 бет.
  2. Бисимбаева С.Б., Орманов Н.Ж. Өкпе туберкулезімен ауыратын науқастар жағдайының «Прооксидант-Антиоксидант» жүйесінің ацетилдеу түріне байланысты өзгеруі // Здоровье и болезнь -2009. -№4(80)-С.113-115.
  3. Скакун Н.П., Табачук О.Е. Сравнительная гепатоксичность изониазида, рифампицина и этамбутола // Проблемы туберкулеза. - 1991. - №10. - С.77-79.
  4. Ташбулатова Ф.К. Профилактика побочных реакции противотубер-кулезных препаратов при туберкулезе легких у больных с различным генети-ческим фоном // Проблемы туберкулеза и болезней легких. -2003. - №6. - C. 17-20.
  5. Суханов Д.С., Журавский С.Г., Иванов А.К. Лекарственное поражение печени на фоне химиотерапии у больных туберкулезом легких в зависимости от фенотипа N-ацетилирования //Вестник Санкт- Петербургской государственной медицинской академии им. И.И.Мечникова.- 2006.-№4.-С.143-147.
  6. Орманов Н.Ж. Әділбекова Д.А.,,Жумабаев У.А. Использования хемилюминесцентного свойства сыворотки (плазмы) крови для диагностики хронической интоксикации соединениями фосфора// Методическая рекомендация. -Шымкент,1993.-16с.
  • Жыл: 2015
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.