Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Эпилепсиямен ауыратын науқастардағы психозды емес аффектілік бұзылыстарының эпидемиологиясының ерекшеліктері

ТҮЙІН

Эпилепсиямен ауратын 136 науқастар арасынан бірыңғай іріктеу тәсілін қолданып, психикалық бұзылыстары бар 76 науқас анықталды, бұл 55,8% құрады. Науқастардың барлығының арасынан бірыңғай іріктеу тәсілін қолданып анықталған аффектілік бұзылыстары бар науқастар арасында әйелдердің екі есеге жуық басымдылығы көрінеді. Аффектілік бұзылыстары бар әйелдер - 70 %; ал ерлер - 30 % құрады. Психоздық емес деңгейлі аффекті-лік бұзылыстар, дерт ұзақтығы үш жылға дейінгі әйел адамдар арасында басым тіркелді (49,3%) Мұндай қатынас әйелдерде интериктальді психоздық емес аффектілік бұзылыстарға басым бейімділікте екендігін көрсетеді.

Кілт сөздер: эпилепсия ауруларпсихозды емес аффектілік бұзылыстар.

Зерттеу мақсаты: Эпилепсиямен дертті науқастардың бейпсихоздық деңгейлі пароксизмдік және перманентті аффектілік бұзылыстырының ерекшеліктерін, олардың дамуына себепші негізгі патогенездік факторларын анықтау.

Материалдар және әдістер: Қойылған мақсатқа жету келесі міндеттерді орындауды талап етті. Эпилепсиямен ауыратын науқастарда, оның ағымының әртүрлі сатыларындағы иктальді және интериктальді бейпсихоздық аффектілік бұзылыстардың таралуын зерттеу.Эпилепсиямен ауыратын науқастардағы аффектілік пароксизмдік және перманентті

психопатологиялық көріністерді саралау және жүйелеу. Эпилепсиямен ауыратын науқастардағы аффектілік бұзылыстардың қалыптасуына қатысатын негізгі патогендік факторларды анықтау. Бейпсихоздық деңгейлі интериктальді аффектілік бұзылыстары бар эпилепсиямен ауыратын науқастардың психологиялық ерекшеліктерін белгілеу.

Эпилепсия - нервтік-психикалық аурулардың ішіндегі ең көп таралғандарының санатына жатады. Эпилепсиямен аурушаңдық әр 100 мың адамға шаққанда 50-70 құраса, таралуы әр 1000 адамға 5-10 жағдайдан келеді (0,5-1,0%), олардың 20-30% дерті өмірлік болып қалады[1].

Соңғы жылдар барысында психикалық аурулардың құрылымында бейпсихоздық аффектілік бұзылыстармен сипатталатын эпилепсия түрінің өскендігі, эпилепсиялық психоздар үлесінің кемігендігі байқалады, бұл өз кезегінде дерттің клиникалық көріністерінің нақты патоморфозын көрсетеді. Психикалық бұзылыстар пайызының артуы басым дәрежеде шекаралық үрейлілікпен аффектілік бұзылыстарға байланысты (11%-дан 66% дейін) [2].

Эпилепсияның бейпсихоздық түрінің клиникасында жетекші орындардың бірін аффектілік бұзылыстар алады, олардың созылмалы ағымды барысқа айналуы да сирек емес.Бұл жағдай құрысу ұстамаларын басып, ремиссияға қол жеткізгенмен, эмоциялық сфераның бұзылыстарынан пациенттердің денсаулығының толық сауығуына кедергі келтіреді.

Эпилепсиямен науқастанған пациенттердің эмоциялық бұзылыстарын зерттеуге арналған жұмыстар аз да, қарама-қайшылықты пікірлерге толы.Бұл факт эпилепсиялық ұстамалары бар науқастарда эмоциялық бұзылыстар эпизодтарының танылмауы және аталмыш ауытқулар мен бұзылыстардың құрысу ұстамаларымен ұқсастығынан және эпилепсияға қарсы дәрмектердің жағымсыз әсерлерінен эмоциялық бұзылыстардың депрессиялық немесе уайымшылдық бұзылыстар түрінде бағалана алмауымен байланысты[3].Эпилепсиядағы депрессия пациенттердің өзімен және дәрігерлермен дерттің ауыр ағымының және әлеуметтік шеттетілудің салдары ретінде жиі қабылданады.

Эпилепсиядағы депрессиялық бұзылыстардың таралуы осы уақытқа дейін жүйелі зерттелмеген.Соңғы онжылдықтарда эпилепсиядағы психикалық патологияның таралуының арту тенденциясы байқалады, әсіресе, бұл бейпсихоздық аффектілік бұзылыстарға қатысты. Аталғандардың барлығы көптеген ғалымдардың осы сұрақтарды зерттеуге қызығушылығын арттыруда. Көп жылдар бойына жүргізілген жұмыс анализінің нәтижелеріне жүгінейік. 20112014 ж.ж. зерттеулерден өткен барлық науқастардан эпилепсиямен дертті науқастар 136 адамды құрады. Эпилепсиямен дертті, бақылауда тұратын, науқастар арасынан бірыңғай іріктеу тәсілін қолданып, психикалық бұзылыстары бар 76 науқас анықталды, бұл 55,8% құрады.

1 суретте, Шымкент қаласындағы эпилепсиямен ауыратын науқастардың барлығының арасынан бірыңғай іріктеу тәсілін қолданып анықталған, интериктальді психикалық бұзылыстардың барлық түрлері келтірілген. Бұлар ОҚМФА кафедрасының бақылауында тұратындар. Олардың ішінде жеке тұлғалық өзгерістері бар науқастар жиі анықталды (интериктальді психикалық бұзылыстары бар науқастардың 54 немесе 40,3%). Жобамен науқастардың төрттен бірінің(35 адам немесе 25,4%) клиникалық көріністерінде аффектілік бұзылыстар бақыланды. Үрейлілік бұзылыстар науқастардың бестен бірінің (27 науқас немесе 20,1%) клиникасында анықталған. Деменциялар науқастардың тек 11,2% нақталған (15 адам).

102

Эпилепсиялық психоздар мен сананың бұлыңғырлану бұзылыстары жағдайлардың аз мөлшерінде, сәйкес 0,8% и 2,2% тіркелді (1 және 3 науқас).

Интериктальді кезеңінде бейпсихоздық және аффектілік бұзылыстары бар эпилепсиямен дертті науқастардың санының мардымды артқандығын атау керек.

Әрі қарай, әртүрлі аффектілік бұзылыстармен біздерде бақылауда болған, эпилепсиямен дертті науқастардың гендерлік құрамын қарастырайық.

2 суретте келтірілгендей,аффектілік бұзылыстары бар науқастар арасында әйелдердің еке есеге жуық басымдылығы көрінеді. Аффектілік бұзылыстары бар әйелдер - 70 %; ал ерлер - 30 % құрады. Мұндай қатынас әйел жыныстылардың интериктальді бейпсихоздық аффектілік бұзылыстарға басым бейімділікте екендігіне нұсқайды.

Ұзақтығы

Науқастар саны

Пайыздық қатынасы

0-3 жыл

67

49,3

3 - 15 жыл

38

27,8

> 15 жыл

31

22,9

Барлығы:

136

100

Кесте 1 - Дерт ұзақтығының аффектілік бұзылыстарға әсері (n=136)

3 кестеде көрсетілгендей, аффектілік бұзылыстар алғашқы үш жылдардағы дертті науқастар арасында басым (49,3%). Интериктальді кезеңдегі аффектілік бұзылыстарға келсек, дерттің ұзағырақ ағымында да бақыланады - 15 жылдан аса (22,9%). Аталғандарды тұжырымдай келе, психоздық деңгейге жетпеген аффектілік патологияның дерттің ағымына әсерінің қолайлылау екендігі турасында қорытындылауға болады.

103

31 мен 40 жас арасындағы санатпен салыстырғанда, бейпсихоздық аффектілік бұзылыстары бар дерттілердің 30 жасқа дейінгілердегі үлесінің басымдылығы өзіне көңіл аударады. 40 жастан асқан адамдарда интериктальді кезеңдегі психоздық емес аффектілік бұзылыстардың 17,4%-дан 28,7%-ға дейінгі үдемелі өсуі бақыланды. Аталған бұзылыстардың 30 жастағылардағы таралуы 51-60 жас арасындағылардағы көрсеткіштермен бірдей.

Жалғасатын анализде біздер, әр жастарда аффектілік патологияның дамуына

бейімдейтін, патогенді факторлардың біркелкі еместігін көрсетеміз

Қорытынды:

  • Интериктальді психикалық бұзылыстар арасында психоздық емес деңгейлі аффектілік бұзылыстары бар науқастар 25,4% құрады.
  • Интериктальді кезеңдегі психоздық емес аффектілік бұзылыстары бар эпилепсиямен дертті науқастар санының артқандығын белгілеу керек.
  • Психоздық емес деңгейлі аффектілік бұзылыстар, дерт ұзақтығы үш жылға дейінгі әйел жынысты адамдар арасында басым тіркелді (49,3%) (% =9,31; р<0,005).
  • Эпилепсиямен дертті науқастардың интериктальді кезеңдегі бейпсихоздық аффектілік бұзылыстары жасы 30 дейінгілер мен жасы 50 асқандарда жиірек бақыланды (%2=6,45; р<0,05).
  • Эпилепсиямен дертті науқастардағы бейпсихоздық деңгейлі интериктальді аффектілік бұзылыстары:эмоциялық тұрақсыздық түрінде (16,1%),дисфориялық депрессиялар түрінде (14,2%),%), ішқұсалық депрессиялары түрінде (13,6%), ипохондриялық депрессиялар түрінде (10,9%), үрейлілік депрессиялар түрінде (8,5%), астениялық депрессиялар түрінде (7,3%), адинамиялық депрессиялар түрінде (7,9%) тіркелді. Науқастардың 5,4% деперсонализациялы депрессиялар бақыланды. Аралас жағдайлар 5,3%тіркелді. Истериялық депрессиялары бар науқастар 4,1% құрады. Психоздық симптомдарсыз маниаформды бұзылыстар кәдімгідей сирек кездесті: пациенттердің 3,8%. Сондай-ақ жабысқақтық депрессиялары да бақыланғандардың 2,9%, жиі кездеспеді.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Киссин М.Я. Клиническая эпилептология / М.Я. Киссин. -М.: ГЭОТАР- Медиа, 2009. - 256 с.
  2. Киссин М.Я. Структура и динамика психических расстройств у больных эпилепсией // Психиатрия. - 2006. - Т. 7. - С. 361-371.
  3. Лебедева A.B. Особенности депрессии у пациентов с эпилепсией / A.B. Лебедева // Рус.мед. журн. - 2007. - Т. 15, № 10. - С. 892.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.