Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Лиофильденген экстрактан «қақырық айдайтын» түйіршіктер алу

АННОТАЦИЯ

Қазіргі заманғы фармацевтикалық өндірістіңдамуының негізгі бағыттарының бірі - қауіпсіз және эффективті дәрілік заттарды іздестіру және ассортиментін кеңейту.

Өсімдік экстракты негізінде алынған препараттар кең спектрлі әсер көрсетеді, соның ішінде қақырық айдайтын, организмнің спецификалық емес резистенттілігін қуаттандыратын дәрілік заттар. Аталған спектрлі әсер көрсететін препараттар медициналық тәжірибеде, әсіресе қазіргі күрделі экологиялық жағдайлар және суық тию ауруларының көбеюінде қажет. Сол себепті, жаңа отандық кептірілген өсімдік экстрактынан қақырық айдайтын әсер көрсететін, қолдануға және сақтауға тұрақты дәрілік формаларды дайындау маңызды болып табылады. Алайда, құрғақ экстрактардан қатты дәрілік форма дайындау көп жағдайда олардың технологиясының қанағаттандырылмауында, яғни сусымалдылығы, шаңтәрізді заттардың жоғарылауы және гигроскопиялығы. Сол себепті, құрғақ экстрактар құрамына әсерлі қосымша заттар қосу және түйіршіктеу арқылы технологиясын жақсартуды талап етеді.

Кілт сөздер: түйіршіктер, лиофильді кептіргіш, ДӨШ, құрғақ экстракт,тұнба.

Материалдар мен әдістер.

Лиофильденген экстрактан «қақырық айдайтын» түйіршіктер алу үшін біз келесі дәрілік өсімдік шикізаттарына зерттеулер жүргіздік: жөке, түймедақ және қазанақ.

Жөке - жоғары ұшы аумақты ірі ағаш. Жапырақтары ұзын-сағақты, жүрек тәріздес ұштары үшкірленіп біткен, күңгір-жасыл түсті, жалаңаш, шеттері ара тісті. Қолданылуы: құрамындағы заттар қосылысы қабынуға қарсы, тұтқыр, иммунды реттейтін және басқа фармакологиялық қасиеттері бар. Жөке гүлдері шәй ретінде ішіледі (ыстық сулы тұнбасы) суық тигенде тер айдайтын және ауызды шаюға, тамақ ауруында, демікпеде, катарактада қолданылады.

Түймедақ - бір жылдық шөптесін өсімдік. Сабағы түбінен бастап немесе көбінесе жоғары жақтары көп бұтақтанған, сызықты, жапырақтары мол. Қолданылуы: гүл шоғырынан дайындалған препараттары қабынуға, қан тоқтатуға, жараларды микробтан сақтауға, тұтастырғыш, ауруды басатын және тыныштандырғыш, тырыспаға қарсы, тер, өт айдайтын дәрі.

Қазанақ - биіктігі 1 м күшті есеңгірететін исі бар мәңгі жасыл бұта. Сабақтары жатыңқы ағаштанып кеткен жоғары қарай өскен бұталары орналасқан. Қолданылуы: сулы тұнбасын созылмалы бронхитте, көк жөтелде қақырық түсіргіш дәрмек ретінде пайдаланады.

Келесі кезекте бізге осы шикізаттардан (жөке, түймедақ, қазанақ) сулы сығынды (тұнба, қайнатпа) алу қажет болды. Тұнба мен қайнатпаларды үй жағдайында даярлау кеңінен таралған. Алайда, көп жағдайда науқастар тұнба және қайнатпа алудың дұрыс технологиялық талаптарын орындамайды, ал ол өз кезегінде тұнба және қайнатпа құрамындағы фармакологиялық белсенді заттардың жоғалуына алып келеді. Осы әдісті жеңілдету үшін құрғақ экстракт, одан әрі қарай түйіршіктер алу технологиясына зерттеулер жүргізілді.

Дәріхана және үй жағдайында әдетте өсімдік шикізатынан тек қана сулы сығындылар - қайнатпа мен тұнбалар дайындалады.

Тұнбалар - дәрілік өсімдіктердің әртүрлі бөліктерінен алынған сулы сығындылар. Олар ең қарапайым сығындылар, себебі күрделі құрал жабдықтарды, қымбат немесе қол жеткіліксіз экстрагенттердің қолдануын талап етпейді.

Дәрілік өсімдік шикізаттарынан (жөке, түймедақ, қазанақ) сулы сығынды алу үшін алдын - ала ұсақталынды. Дәрілік өсімдік шикізаттарының ұсақтығы фармакопеялық мақала талаптарына сай.

Сулы сығынды алу үшін судың мөлшері әсер етуші заттардың толық сығындылауын қамтамасыз етуі керек. Су мөлшерін есептеген кезде, оның шығындалу себептерін: өсімдік материалына сіңуін, булануын, тұндыру жүргізілетін ыдыста қалуын ескерілді. Сол себепті, суды артық мөлшерде алу, әсер етуші заттардың бөлініп шығу жылдамдығын жақсартады және төмен концентрлі сығындының шикізатта адсорбциялану арқылы жоғалуын төмендетеді. Ол үшін су сіңіру коэффициент! (Кс) ескеріледі.

Су сіңіру коэффициенті (Кс) перфорирленген стаканда 1 г өсімдік шикізатта оны сыққаннан кейін ұсталынып қалатын сығынды мөлшерін көрсетеді. Жиі қолданылатын шикізаттардың Кс ҚР МФ кестесінен табуға болады.

Егер фармакопеялық мақалада және анықтама әдебиеттерінде су сіңіру коэффициент! (Кс) жазылымда берілген өсімдік шикізаты үшін болмаса, онда шартты түрде келесі коэффициентті қолданады:

  • Тамырлар және тамырсабақтары үшін - 1,5 мл/г
  • қабығы, шөбі және гүлдер үшін - 2,0 мл/г
  • дәні, тұқымы - 3,0 мл/г
  • брикеттер - 2,3 мл/г

Жөке, түймедақ, қазанақ шикізаттарынан тұнба дайындау технологиясы.

Тұнбаны 1:10 қатынаста дайындадық. 50 г шикізатты (жөке, түймедақ, қазанақ) өлшеп алып қажетті су мөлшерін есептедік.

Есептеуді келесі формула бойынша жүргіздік:

Vty = Утұнба + (Pшикізат^ Кс)

мұндағы: Ршикізат — шикізат салмағы, г

Утұнба — сығынды көлемі, мл

^^су қажетті су көлемі, мл

Жөке және түймедақ шикізаттарынан 500 мл тұнба дайындау үшін есептеуді су сіңіру коэффициентін ескере отырып жүргіздік. Су сіңіру коэффициенті 3,4 тең.

^^су = 500 + (50-3,4)= 670 мл су

Қазанақ шикізатының су сіңіру коэффициенті 2,0 тең.

^^су = 500 + (50-2)= 600 мл су

Тұнба алу үшін өлшенген шикізатты инфундиркаға салып есептелген су мөлшерін құйып, жауып, қайнап тұрған су моншасында 15 минут қыздырдық, жиі араластырып тұрдық. Уақыт өткен соң инфундирканы су моншасынан алып, 20°С температурада тұндыруды жалғастырдық, яғни 45 минут. «Суыту» тұнбаның жоғары молекулалық қосылыстар мен қанығуына мүмкіндік береді, себебі олар баяу диффузияланады. Уақыт өткен соң сулы сығындыны шикізаттан толық сығындылап алдық.

Осылайша жөке, түймедақ, қазанақ шикізаттарынан сулы сығынды дайындадық, түсі, иіс және дәмі өзіне тән.

Ары қарай жөке, түймедақ, қазанақ сығындыларынан лиофильденген экстракт алу бойынша зерттеулер жүргізілді.Ол үшін лиофильді кептіргіш қондырғысы қолданылды.

Лиофильденген экстракт алу.

Өндірісте адамның қалыпты өмір сүруі үшін био және фарм өндіріске көп көңіл аударылуда, ал ол технологиялық өндіріске қойылатын талаптарды арттырады, яғни жоғары сапа мен дайын өнімнің ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ету. Өндірісте осындай талаптарды қамтамасыз ететін, заманауи жаңашаландырылған сублимациялық сусыздандыру әдістердің бірі: лиофильді кептіргіш аппараты.

Лиофильді кептіргіш - кептірілген затты мұздатып, кейін вакуум әсерінен еріткішті айдау арқылы жүретін кептірудің заманауи жетілдірілген әдісі.

Лиофильді кептірудің артықщылықтары:

  1. .Сақтау мерзімінің ұзақтығы
  2. .Дайын өнімнің аз мөлшерде болуы
  3. .Кептірілген материал өзінің құрылымын және биологиялық активтілігін сақтайды, ылғалдандырғанда материал өзінің бастапқы қасиетін қалпына келтіреді.

Сублимациялық схема қағидасы: компрессиондық тоңазытқыш құрылғылы кептіргіштер. Кептіргіштің камерасы вакуум насоспен және ерітіндіні циркуляциялауға арналған тоңазытқышты насос құрылғымен жабдықталған конденсатор көмегімен жалғасқан. Конденсаторда түзілген мұзды үздіксіз шығарып тастау үшін, кезекпен жұмыс істейтін мұздатқыш 2 конденсатор орнатылған.

Тұнбаны лиофильдеу технологиясы. Дайын тұнбаны 92°С температураға мұздатуға жібереміз, яғни сублиматорға саламыз. Сублиматорды тығыз жауып, вакуум насосты қосып, компрессорлы тоңазытқышты орнатамыз. Толық сусызданып болғанша бақылап отырамыз.

Кептірудің айдау тәсілімен алынған кепкен өнімдер өзінің қасиеттерін жоғалтпайды (түсі, исі, ерігіштігі және т.б.) және ұзақ уақыт сақталады.

Қазіргі таңда бұл әдіспен жоғары температураға сезімтал, қыздыра кептіргенде сапасын жоғалтуға бейім медициналық препараттарды кептіреді. Кептірудің осы тәсілін қолдану арқылы жөке, түймедақ және қазанақ құрғақ экстрактын алдық. Алынған құрғақ экстракт ашық-қоңыр түсті, аморфты ұнтақ, гигроскопты, дәмі ащы, өзіне тән иісі бар.

Лиофильденген құрғақ экстракты түйіршіктеу.

Түйіршіктер (латын тілінен аударғанда granula - дән деген сөз) түйіршіктелген түйір немесе цилиндр тәріздес, дұрыс емес формадағы, құрамында дәрілік және қосымша заттардан тұратын, іш тәнге қолдануға арналған дәрілік түр. Түйіршіктің көмегімен өзара кері әсер ететін ингредиенттерді біріктіріп, олардың жағымсыз әсерін жасырып, ылғалдан қорғау әсерін жоғарлатып және басқа факторлардың әсерінен қорғайды. Сол сияқты олар жақсы ыдырағыштығымен және биологиялық тиімділігінің жоғарылығымен сипатталады да, жеңіл жұтылады. Түйіршіктердің мұндай қасиеті балалар тәжірибесінде қолданудың бірден-бір артықшылығы болып табылады. Түйіршіктер дайындау және оларды қабықшамен қаптау өндірісінде таблеттеуде қолданылатын процестер мен қосымша заттар қолданылады.

Түйіршіктеу үшін дайындалған құрғақ экстрактың гигроскопиялығы жоғары, сусымалдылығы төмен. Технологиялық қасиеттерін жақсарту мақсатында біртекті масса алу үшін қосымша заттар қосамыз. Осы мақсатта сүт қантына зерттеу жүргіздік. Сүт қантынан басқа қоспа қанағаттанарлық нәтиже бермеді. Барлығы тұтқыр жабысқақ және ысқылау арқылы түйіршіктеу жүргізу мүмкін болмады. Нәтижесінде байланыстырғыш зат ретінде сүт қанты таңдалды.

Ылғалды түйіршіктеу үшін 5% крахмалдың сулы ерітінідісі, 3% метилцеллюлоза, 1% желатин, қант шырыны, тазартылған су, 70% этил спиртін зерттедік. Түйіршіктеу үшін қоспаны сүт қантымен аталған сұйықтықтармен ылғалдау арқылы біртекті пластикалық масса дайындадық.

Түйіршіктеу технологиясы: алдын-ала кептірілген сүт қанты мен құрғақ экстрактты N35 елеуіштен елейміз, біртекті масса алғанша араластырамыз, жылдам арластыра отырып қант шырынын пластикалық масса алғанша бөлшектеп қосамыз. Кейін саңылауының диаметрі 2 мм болатын тот баспайтын болаттан жасалған елеуіштен ысқылап өткіземіз. Дайын болған ылғалды түйіршіктерді жұқа қабат етіп жайып кептіргіш шкафта 50-60°С температурада кептіреміз, кейін ұсақ және ірі фракцияларға бөліп, қоңыр түсті герметикалық шыны банкаларға орамдаймыз.

Қорытынды: Өсімдік экстрактарын үй жағдайында қолдану науқастар үшін тиімсіз екендігі ескеріліп, құрғақ экстрактан гранулалар алу қарастырылуда. Біздің зерттеулер нәтижесінде сақтауға тиімсіз сұйық экстрактан құрғақ экстракт алынып, гранулалардың алдын- ала құрамы жасалынды.

Келтірілген мәліметтерден лиофильденген экстрактар негізінде дайындалған препараттар кең спектрлі, соның ішінде қақырық айдағыш әсері жоғары екендігі дәлелденді. Қазіргі таңда нашар экологиялық жағдай және қабыну ауруларының көбеюі себебінен, аталмыш спектрлі препараттардың заманауи медицинада қажет екендігін көрсетеді.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы. - Шымкент, 2008. - 264б-265б.
  2. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы. - Шымкент, 2008. - 214-241 б.
  3. Махатов Б.Қ., Патсаев Ә.Қ., К.К.Орынбасарова, Қадишаева Ж.А. Фармакогнозия.- Шымкент—2011. - 47 -48б., 120-122б.,124-125б.
  4. Муравьев И.А. Технология лекарств. Том 1. 112-125б.
  5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Фармакопея. - Басылым 1. - Алматы, 2009. -Баспа үй: Жібек Жолы.
  6. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Фармакопея. - Басылым 2. - Алматы, 2009. -Баспа үй: Жібек Жолы.
  • Жыл: 2015
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.