Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Түлкіше таспа өсімдігінің экстрактысының индометациндік ойық жаралы жануарлардың қанындағы антиоксидантардың мөлшеріне әсері

АННОТАЦИЯ

Зерттеу мақсаты: Индометацинді ойық жара кезінде гиперпероксидациялық синдромының орын алу механизмдеріне әсерін анықтау мақсатында зерттеуге Түлкіше таспа өсімдігінің экстракты алынды. Экстракттың антиоксидантты әсерін анықтау үшін, тәжірибелі жануарлардың қанындағы антиоксидантты жүйелердің көрсеткіштерін анықтау.

Индометацинді ойық жаралы жануарлардың қанында антиоксидантты жүйенің мөлшерлері депрессиялық жағдайға тап болады. Негізгі асқын тотық өнімдерінің уытты заттарын заласыздандыратын ферменттердің бірі каталазаның белсенділігі интактылы топ жануарларына қарағанда, плазмада және эритроциттерде 30,5%-ға және 30,9%-ға төмендейді. Индометацинді тобындағы жануарлардың эритроциттердегі липидтердің асқын тотық өнімдерінің топтасуына кілттік ферменттің бірі болып табылатын - супероксидисмутазаның белсенділігі интактылы бақылау тобына қарағанда 50%-ға төмендейді. Алынған мәліметтер, индометацинді ойық жара кезінде антиоксиданттық жүйенің көрсеткіштерінің деңгейі едәуір төмендеп, депрессиялық жағдайға тап болатынын негіздейді.

Кілтті сөздер: Түлкіше таспа, индометациндік ойық жара, каталаза, супероксиддисмутаза, антитотықтырғыш жүйе.

Кіріспе. Жасушаның өміріне қауіп туғызатын оттегі реактивті бөлшектердің тепе-теңдікті концентрациясы, бірқатар ферменттер тобы жұмысының нәтижесінде жүзеге асады. Олардың ішінде СОД маңызды орын алады. СОД антирадикалды қорғаныштың кілтті ферменті бола отырып, супертотықты анион - радикалдарды дисмутациялау жолымен залалсыздандырады және триплетті оттегі мен сутек асқын тотығының реакцияға қабілеті төмен молекулаларына айналдырады [1].

СОД жоқ болса, супероксидандиондардың кенеттен дисмутациялануы нәтижесінде қауптілігі жоғары синглетті оттегі мен сутек асқын тотығының түзілуі жүреді. [2-4].

СОД қызметі, ағзаны оттегінің белсенді түрінің уытты әсерінен қорғайтын біріншілік тосқауыл болып қана саналады.

Ағзада ферменттік қорғаныстың екінші желісі жақсы жұмыс істеп тұрғанда ғана сутек асқын тотығының теріс әсері болмайды. Оған тотыққа қарсы желіні құрайтын каталаза мен глутатионпероксидаза жатады.

Каталазаның айрықша қасиеті оның бифункционалды белсенділігі. Бұл фермент сутек асқын тотығын су мен оттегегі (каталазалық функция) дейін ыдырата алады және әр түрлі эндогенді экзогеннді субстраттардың сутек асқын тотығымен тотығу реакциясын катализдеуге қабілетті (пероксидаздық әсер). Каталаза сүт қоректілердің барлық дерлік жасушаларында бар және асқын тотық қатынасындағы таңдамалылығы өте жоғары.

Ол май қышқылдарының гидрототықтарын, сондай-ақ ақуыздың және нуклеиндік тектес асқын тотықтарды тотықсыздандаруға қабілетті.

Этиологиясы әр түрлі қабыну ауруларын емдеуде бейстеройдты қабынуға қарсы дәрілер кең қолданылады. БСҚҚД әсер ету негізіне қабыну тудыратын және термореттеуге қатысатын, ауырсыну сезімдерінің пайда болуын қалыптастыратын простагландиндердің синтезен тежеу болып табылады. Сонымен қатар, БСҚҚД асқазан ішек арнасына ульцерогенді әсер етуі тән [5].

Дәрілік ульцерогенездің модельдеуде асқазанның жаралы -деструктивті зақымдануларының патогенезінде циклооксигеназа-1(ЦОГ-1) ферментінің «физиологиялық» изоформасын тежеу маңызды орын алады. ЦОГ-1 адам ағзасының гомеостазының көптеген параметрлерін құптауда маңызды роль атқаратын, соның ішінде асқазан ішек арнасының қорғаныс потенциалын да қалыпта ұстайды [6]. БСҚҚД индуцирленген гастропатияда асқазанның шырышты қабатының зақымдануының механизмінің біріне еркін радикалды үрдістердің қарқындауы (биомембрана липидтерінің асқын тотығуы) болып табылады [7]. Ағзаға жағымсыз ықпалдардың әсерінен пайда болған еркін радикалды тотығудың күшеюі, сыртқы ортаның зақымдаушы ықпалдарына, ағзаның бейспецификалық резистенттілігінің молекулалық механизмдеріне тікелей қатысатын жүйе ретінде қарастырылатын, антитотықтырғыш жүйенің жауап серпілісіне алып келеді [8].

Зерттеу мақсатына байланысты, Түлкіше таспа өсімдігінің индометациндік ойық жарамен жараланған жануарлардың қанындағы антиоксидантты жүйесінің көрсеткіштеріне әсері зерттелінді. Индометацинді ойық жара кезінде гиперпероксидациялық синдромының орын алу механизмдерін және зерттеуге алынған Түлкіше таспа өсімдігінің антитотықтырғыш әсерін толық анықтау үшін, зерттеу міндеттеріне байланысты тәжірибелі жануарлардың қанындағы антитотықтырғыш жүйелердің көрсеткіштері анықталды.

Зерттеу әдістері. Қанның құрамындағы антиоксидантты жүйе ферменттері - каталаза мен супероксиддисмутаза белсенділіктерін анықтау әдісі бойынша анықталды.

Зерттеу нәтижесі. Индометацинді ойық жаралы жануарларға «Асқазан» таблеткасын ауыз қуысы арқылы 10 күн бойы енгізгенде, каталазаның плазмадағы және эритроциттердегі белсенділігі 12%-ға және 20,6%-ға жоғарылайды, ал СОД белсенділігі 18,4%-ға өседі.

Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер 1-кестеде және 1-суретте берілген. Индометацинді ойық жаралы жануарлардың қанында антиоксидантты жүйенің мөлшерлері депрессиялық жағдайға ұшырайды. Негізгі асқын тотық өнімдерінің уытты заттарын заласыздандыратын ферменттердің бірі каталазаның белсенділігі интактылы тобына қарағанда плазмада және эритроциттерде 30,5%-ға және 30,9%-ға төмендейді. Индометацинді тобындағы эритроциттердегі липидтердің асқын тотық өнімдерінің топтасуына кілттік ферменттің бірі - супероксиддисмутазаның белсенділігі интактылы бақылау тобына қарағанда 50%-ға төмендейді.

Алынған мәліметтер, индометацинді ойық жара кезінде антиоксиданттық жүйенің көрсеткіштерінің деңгейінің едәуір төмендеп, депрессиялық жағдайға тап болатынын негіздейді.

Индометацинді ойық жаралы жануарлардың асқазан таблеткасын ауыз қуысы арқылы 10 күн бойы енгізгенде, каталазаның плазмадағы және эритроциттердегі белсенділігі 12%-ға және 20,6%-ға жоғарылайды, ал СОД белсенділігі 18,4%-ға өседі.

Индометацинді ойық жаралы жануарлардың Түлкіше таспа өсімдігінің экстрактысын 200мл/кг дозасында ауыз қуысы арқылы 10 күн бойы енгізгенде каталазаның плазмадағы және эритроциттердегі белсенділігі индометацинді топқа қарағанда 36,2%-ға және 42,4%-ға жоғарылайды, ал СОД белсенділігі 76,3%-ға өседі, бірақ СОД белсенділігінің деңгейі бақылау (интактылы) тобына қарағанда 11,9%-ға артады.

Қорытынды.

Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер, Түлкіше таспа өсімдігінің экстрактысының 200мл/кг массасына тең дозасын 10 күн бойын ауыз қуысы арқылы индометацинді ойық жаралы жануарларға ем ретінде енгізгенде, олардың эритроциттеріндегі антиоксидантты жүйенің көрсеткіштерінің белсенділігі жоғарылап, бұл препараттың антиоксидантты әсерге ие болатын дәлелдейді және асқазан таблеткасына (ІІ-ші бақылау тобы) қарағанда белсенділігі орта есеппен 23,2-17,8%-ға жоғары деңгейде орын алады. Алынған деректер, Түлкіше таспа өсімдіктерінің экстрактысы антирадикалды, антитотықтырғыш қасиеттерге ие болатын дәлелдейді [9].

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. 1. Дроговоз С.М., Слышков В.В., Сарбаш Т.Ф. Супероксиддисмутаза-перспективный гепатопротектор//Экспериментальная и клиническая фармакология. - 1993. - Т.56. - №4. - С.51-52. 2.Афанасьев И.Б. Анион радикал кислорода O2 в химических и биологических процессах//Успехи химии. - 1979. - Т.48. - Вып.6 - С.977-1019.
  2. Габибов М.М., Карагезян К.Г. Влияние экзогенной супероксиддисмутазы на перекисное окисление в гомогенатах тканей при гипоксии//Вопросы мед.химии. -1980. - №5. - С.648-650.
  3. Дудник Л.Б., Тихова А.К., Алесенко А.В., Ленкин В., Бурлакова Е.Б. Изменение активности супероксиддисмутазы и глутатион пероксидазы в процессе интенсификации окисления липидов при ишемии печени//ВЭБМ. -1981. - №4. - С.291-301.
  4. Клиническая фармакология нестероидных противовоспалительных средств (под ред. Ю.Д. Игнатова, В.Г. Кукеса, В.И. Мазурова). - М.:ГЭОТАР - Медиа, 2010. - С. 256.
  5. Каратеев А.Е., Насонова В.А. Распрастраненность структура ифакторы риска развития гастропатиий, индуцированных НПВП//Росс.журн. гастроэнтерологии, гепатологии, колопроктоло- гии.- 2000. №4.- С.- 34-39.
  6. Kikugamma K.. Yasuhara Y.. Ando K. et al. Protective Effect of Supplementation of Fich Oil with High n-3 Poliyns. Yasuhaturated Futty Acid against Oxidative Stress -induced DNA Damage of Rat liver in Vivo. //J Agric Food Chem.-2003.
  7. Подколзин А.А., Мегреладзе А.Г., Донцов В.И. и др. Система антиоксидантной защиты организма и старение // Профилактика старения.- 2000, №3.- С. 18-36.
  8. Арутюнян А.В., Дубинина Е.Е., Зыбина Н.А. Методы оценки свободнорадикального окисления и антиоксидантной системы организма. - Спб.: ИКФ-Фолиант, 2000. - 104 c.
  • Жыл: 2015
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.