Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Біржапырақты таспа өсімдігінің индометациндік ойық жарасы бар жануарлардың қанындағы антитотықтырғыш жүйенің көрсеткіштеріне әсері

АННОТАЦИЯ

Зерттеу мақсаты: біржапырақты таспа өсімдіктерінің индометациндік ойық жарамен жараланған жануарлардың қанындағы антитотықтырғыш жүйенің көрсеткіштерінің әсерін анықтауБіржапырақты таспа өсімдіктердің экстрактысының 200мг/кг массасына тең дозасын 10 күн бойын ауыз қуысы арқылы индометацинді ойық жаралы жануарларға ем ретінде енгізгенде, олардың эритроциттеріндегі антиоксидантты жүйенің көрсеткіштерінің белсенділігі жоғарылап, бұл препараттың антиоксидантты әсерге ие болатын дәлелдейді және «Асқазан» таблеткасына (ІІ- ші бақылау тобы) қарағанда белсенділігі орта есеппен 15,3-37,2%-ға жоғары деңгейде орын алады. Алынған деректер, Біржапырақты таспа өсімдігінің экстрактысы антирадикалды антитотықтырғыш қасиеттерге ие болатын дәлелдейді.

Біржапырақты таспа өсімдігінің экстрактысының 200мг/кг массасына тең дозасын 10 күн бойына ауыз қуысы арқылы индометацинді ойық жаралы жануарларға ем ретінде енгізгенде, олардың эритроциттерінде липидтердің уытты асқын тотық өнімдерінің топтасуы едәуір төмендеп, бұл препараттың антиоксидантты әсерге ие болатын дәлелдеді және «Асқазан» таблеткасына (ІІ-ші бақылау тобы) қарағанда белсенділігі орта есеппен 27,4-15,2%-ға жоғары деңгейде орын алады.

Кілт сөздер: біржапырақты таспа, индометациндік ойық жара, эритроциттер, антиоксидантты жүйе.

Кіріспе: Флавоноидтар - өсімдіктің құрамында болатын фенолдық қосылыстардың кең тобына жатады. Адамның тәуліктік рационындағы жинынтық саны 1г құрайды, ол биологиялық рөль атқару үшін бұл мөлшер толық жеткілікті [1]. Флавоноидтар аскорбин қышқылымен бірге тотығу - тотықсыздану үрдістеріне қатысады, тотығуды тежейді, осыған орай, адреналиннің әсерін ұзартады, жасушаларының антитотықтырғыш қорғанысының құрамына кіреді [2].

ФЛ антитоқтырғыш белсенділігі олардың құрылымындағы қозғалғыш сутек ионының болуымен жүзеге асады. Ол ЛАТ инициаторлары болып табылатын еркін радикалдарды жою үшін жұмсалады. Олар ФЛ әрекеттескенде еркін радикалды тізбектік үрдістің жалғасуы және жүруі мүмкін болмайтын энергия қоры аз жетіхинонды радикал түзіледі. Сонымен қатар оңай тотыға отырып, тотығу-тотықсыздану серпілістерінің жұптасуынан өсімдік ФЛ ақуыздардың тиолды топтарының түрлі субстраттарының, ферменттердің, төмен молекулалы заттардың тотықсыздануын қамтамасыз етеді, тотығу күйзелістерінен ағзаның қорғау деңгейі жоғарылайды. Сондай-ақ өсімдіктер құрамындағы фенолдық қосылыстардың физиологиялық белсенділігінің маңызды қасиеті - жасуша - қан тосқауылдарының және жасушалық мембрананың тығыздануы, қан тамырларының қабырғаларының резистенттілігінің жоғарылауы, мембрана өткізгіштігінің төмендеуі нәтижесінде қол жеткізген антиуытты әсер көрсетуі [3,4].

Зерттеу мақсатына орай, Біржапырақты таспа өсімдіктерінің индометациндік ойық жарамен жараланған жануарлардың қанындағы антиоксидантты жүйенің көрсеткіштерінің әсеріне зерттеу жүргізілді.

Индометацинді ойық жара кезінде гиперпероксидациялық синдромының орын алу механизмдерін және зерттеуге алынған Біржапырақты таспа өсімдігінің антитотықтырғыш әсерін толық анықтау үшін, зерттеу міндеттеріне байланысты тәжірибелі жануарлардың қанында антитотықтырғыш жүйелердің көрсеткіштерін анықтадық.

Зерттеу әдістері. Қанның құрамындағы антиоксидантты жүйе ферменттері - каталаза мен супероксиддисмутаза белсенділіктерін зерттеу әдісі бойынша анықталды.

Зерттеу нәтижесі: Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер 1 - кестеде және 1 - суретте орын алды. Индометацинді ойық жаралы жануарлардың қанында антиоксидантты жүйенің мөлшерлері депрессиялық жағдайға тап болады. Негізгі асқын тотық өнімдерінің уытты заттарын заласыздандыратын ферменттердің бірі каталазаның белсенділігі интактылы тобына қарағанда плазмада және эритроциттерде 30,5%-ға және 30,9%-ға төмендейді. Индометацинді тобындағы эритроциттердегі липидтердің асқын тотық өнімдерінің топтасуына кілттік ферменттің бірі - супероксиддисмутазаның белсенділігі интактылы бақылау тобына қарағанда 50%-ға төмендейді.

Кесте 1 - Біржапырақты таспа өсімдігінің экстрактысының әсеерінен индометациндік ойық жарамен жараланған жануарлар қанындағы антиоксидантты жүйенің көрсеткіштерінің өзгеруі.

Көрсеткіштер

Топтар

ИТ

ИмОЖ

ИмОЖ+АсТ

ИмОЖ +БЖТЭ

Плазмадағы

Каталаза (мкат/л)

%

1,67±0,06

100

1,16±0,05

69,5

1,3±0,06*

77,8

1,50±0,08*

89,8

Эритроциттердегі

Каталаза (шб/106кл)

%

13,3 ±0,4

100

9,2±0,5

69,1

11,1±0,3*

83,4

12,1±0,4*

90,9

СОД (шб/106кл)

%

0,76±0,03

100

0,38±0,03

50

0,45±03*

59,2

0,47±0,03*

61,8

ИТ- интактлы топ; ИмОЖ - индометацинді ойық жара; ИмОЖ+АсТ- индометацинді ойық жара+«Асқазан» таблеткалары; ИмОЖ +БЖТЭ - индометацинді ойық

жара+Біржапырақты таспа экстрактысы;*-р <0,05 - ИТ салыстырғандағы нақты көрсеткіш;**- р<0,05- индометацинді ойық жаралы топтың көрсеткішімен

салыстырғандағы нақты көрсеткіш;

СОД - супероксиддисмутаза;

Алынған мәліметтер, индометацинді ойық жара кезінде антитотықтырғыш жүйенің көрсеткіштерінің деңгейі едәуір төмендеп, депрессиялық жағдайға тап болатынын негіздейді.

Индометацинді ойық жаралы жануарларға «Асқазан» таблеткасын ауыз қуысы арқылы 10 күн бойы енгізгенде, плазмадағы және эритроциттердегі каталазаның белсенділігі 12%-ға және

20,6%-ға жоғарылайды, ал СОД белсенділігі 18,4%-ға өседі. Индометацинді ойық жаралы жануарлардың Біржапырақты таспа өсімдігінің экстрактысын 200 мг/кг дозасында ауыз қуысы арқылы 10 күн бойы енгізгенде каталазаның плазмадағы және эритроциттердегі белсенділігі 29,3%-ға және 31,5%-ға жоғарылайды, ал СОД белсенділігі 23,7%-ға өседі, бірақ зерттеуде қолданған көрсеткіштердің деңгейі бақылау (интактылы) тобына қарағанда 10,2%-ға, 9,1%-ға және 38,2%-ға төменгі деңгейде орын алады [5].

Қорытынды

Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер, Біржапырақты таспа өсімдігінің экстрактысының 200мг/кг массасына тең дозасын 10 күн бойын ауыз қуысы арқылы индометацинді ойық жаралы жануарларға ем ретінде енгізгенде, олардың эритроциттеріндегі антиоксидантты жүйенің көрсеткіштерінің белсенділігі жоғарылап, бұл препараттың антиоксидантты әсерге ие болатын дәлелдейді және «Асқазан» таблеткасын қабылдаған топқа (ІІ- ші бақылау тобы) қарағанда белсенділігі орта есеппен 15,3-37,2%-ға жоғары деңгейде орын алатыны байқалды. Алынған деректер, Біржапырақты таспа өсімдіктерінің экстрактысы антирадикалды, антитотықтырғыш қасиеттерге ие болатын дәлелдейді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. .Рочинский В.А. Фенольные антиоксиданты. Реакционная способность и эффективность. - М.: Медицина - 1998. - 110с.
  2. . Воскресенский О.Н., Туманов В.А. Ангиопротекторы. - К.: Здоров’я, 1982. - 120с.
  3. .Барабай В.А. Растительные фенолы. - М.: Наука, 1984. - 160с.
  4. .Марчишин С.М. Эффективность фенольных соединений арники при токсическом поражении печени // Фармакология и токсикология. - 1983. №2. - С. 102-104.
  5. . Арутюнян А.В., Дубинина Е.Е., Зыбина Н.А. Методы оценки свободнорадикального окисления и антиоксидантной системы организма. - Спб.: ИКФ-Фолиант, 2000. - 104 c.
  • Жыл: 2015
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.