Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тірек-қозғалыс аппараты зақымданған тұрғындардың медициналық-әлеуметтік мәселелері

Түйін

Біздің жүргізген зерттеу жұмысымызда алғаш рет ОҚО тұрғындарының тірек-қозғалыс аппараты органдарының ауруларына байланысты қалыптасқан аурушаңдық, мүгедектіктің қалып- тасу заңдылықтары анықталып, мүгедектік көрсеткіштерінің 2010-2016 жылдарындағы динамика- сына сараптамалық баға берілді.

Тұрғындардың тірек-қозғалыс аппараты органдары ауруларына байланысты әлеуметтік- гигиеналық және медициналық сипаттамасы анықталды. Тұрғындардың тірек-қозғалыс аппараты органдары аурулары бойынша денсаулық көрсеткіштерінің ерекше жоғары қалыптасқан аудандары анықталып, негізгі қауіпті себептері белгіленді. Аурушаңдық көрсеткіші аса жоғары аудандарда арнайы бағдарлама бойынша профилактикалық және медициналық- әлеуметтік реабилитация шараларды ұйымдастаруға жол ашылды.

Кілт сөздер: Тірек-қозғалыс аппараты, мүгедектік, аурушаңдық, сколиоз, артроз, жалпақ табандылық.

Бұл ғылыми жұмыста дүние жүзіндегі тұрғындарындағы тірек-қимыл аппараты ауруларының салдарынан пайда болатын асқынулар, остеохондроз, жалпақ табандылықтың қазіргі кездегі жағдайларына талдау жүргізілді.

Зерттеудің мақсаты болып ОҚО тұрғындарының тірек-қозғалыс аппараты органдарының ауруларына байланысты қалыптасып отырған аурушаңдық, мүгедектік және өлім оқиғаларының профилактикасын жетілдіруді ғылыми тұрғыда негіздеу. зерттеу барысында зерттеу материалдары ретінде ОҚО әкімшілік ауданы тұрғындарының тірек-қозғалыс жүйесі ауруларының деңгейі мен соңғы 6 жылдық динамикасы алынды. Оны орындау үшін, медициналық-статистикалық, социологиялық, әлеуметтік-тұрмыстық, сараптамалық әдістер қолданылды.

Әр түрлі жастық жыныстық топтарда тірек-қозғалыс жүйесі ауруларына байланысты мүгедектік көрсеткішінің деңгейі аурушаңдық көрсеткішінің қалыптасу деңгейімен тікелей байланысты екендігін көрсетеді.

Қазіргі таңда Республика тұрғындары арасында туындаған тірек-қозғалыс аппараттары органдарының аурушаңдық оқиғаларының саны динамикалық тұрғыда арту үстінде. Осындай жағдай Қазақстан республикасының Оңтүстік Қазақстан облысы Отұрғындарына тән ахуал деп айтуға болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтеріне қарағанда, жер бетінде тоғыз миллионнан аса адам жыл сайын тірек-қозғалыс аппаратының ауруларымен тіркелуге алынып, емдік-реабилитациялық шараларды қажет етеді.

Еңбекке жарамды жастағы тұрғындар арасында тірек-қозғалыс аппаратының ауруларымен мүгедек болған тұрғындардың (78,4 пайыз) басым бөлігін 18-45 жастағы тұрғындар түзейді. Сондықтан тірек-қозғалыс аппаратының органдары ауруымен сырқаттанған және мүгедекке шалдыққан тұрғындардың әлеуметтік-демографиялық және экономикалық мәселелері аса өзекті. Жоғарыда айтылған мәселелер, еңбекке жарамды жастағы тұрғындардың арасында туындайтын тірек-қозғалыс аппаратының ауруынан қалыптасатын қызметтік ауытқулардың алдын алудың ғылыми тұрғыда негізделген реабилитациялық шараларын құрастырудың маңыздылығын байқатады.

Оңтүстік Қазақстан облысының аумағындағы тұрғындардың тірек-қозғалыс аппараты органдарының ауруына алып келетін қауіп қатерлі себептердің қатары өсе түсуде және жарақаттану оқиғалары санының динамикалық артуы жағынан алдыңғы орынды қамтып отырғандығы ресми статистикалық материалдарда айқын байқалады. Тұрғындардың тірек- қозғалыс аппараты органдарының ауруынан уақытша,тұрақты еңбекке жарамсыздық туындап, әлеуметтік көмекке жүгіну және өлімге ұшырау оқиғалары да жиі кездесуде.

Тірек-қозғалыс аппаратының ауруына байланысты қалыптасып отырған денсаулық көрсеткіштері еліміздегі осы патологияларға қарсы жүзеге асырылып отырған медициналық- әлеуметтік профилактикалық және реабилитациялық шараларды одан ары жетілдірудің қажеттігін көрсетіп отыр. Профилактикалық және реабилитациялық шараларды ұйымдастыру аса үлкен қоғамдық-ұйымдастырушылық жұмыстарды белсенді жүзеге асыруды талап етеді. Елімізде тұр- ғындардың тірек-қозғалыс аппаратының ауруларынан туындайтын аурушаңдықтан, мүгедек-тіктің және өлім оқиғаларының профилактикасын жетілдіруге арналған ғылыми еңбектердің қатар саны жеткілікті.

Алайда, тірек-қозғалыс аппаратының науқастарынан туындайтын аурушаңдықтан, мүгедек- тіктің және өлім оқиғаларының профилактикасын жетілдіруге арналған кешенді зерттеу, профилактика мен сауықтыру бағдарламасын ғылыми тұрғыда негіздеуге арналған диссертациялық ең- бектер жоқтын қасы. Алайда ОҚО осы мәселеге байланысты көрсеткіштердің қалыптасу заңды- лықтарды анықтауға бағытталған жұмыстардың тиімділігі анықталмаған. Жоғарыда аталған маңызды мәселелер, біздің тірек-қозғалыс аппараты органдарының ауруына байланысты қолға алып отырған медициналық-әлеуметтік зерттеу жұмысымыздың тұрғындарының денсаулығын қорғауға арналған аса өзекті еңбек екендігі күмән туғыза қоймайды.

Зерттеудің мақсаты: ОҚО тұрғындарының тірек-қозғалыс аппараты органдарының ауру- ларына байланысты қалыптасып отырған аурушаңдық, мүгедектік және өлім оқиғаларының про- филактикасын жетілдіруді ғылыми тұрғыда негіздеу.

Тәсілдер. Диссертациялық зерттеу барысында, зерттеу материалдары ретінде ОҚО әкімші- лік ауданы тұрғындарының тірек-қозғалыс жүйесі ауруларының деңгейі мен соңғы 6 жылдық динамикасы алынды және оны туындататын қатерлі себептердің әлеуметтік-гигиеналық басқаруға қолайлы топтары алынды. Оны орындау үшін, медициналық-статистикалық, социологиялық, әлеуметтік-тұрмыстық, сараптамалық әдістер қолданылды.

Зерттеудің 1 кезеңінде тірек-қозғалыс жүйесі ауруларына байланысты жүзеге асырылған ғылыми зерттеу еңбектеріне шолу жасалынды. Оны жүзеге асыру үшін 80- астам отандық және шет ел ғалымдарының әдеби көздері қарастырылды.

Зерттеудің 2-кезеңінде әкімшілік аумақтағы тұрғындардың арасындағы тірек-қозғалыс жүйесі ауруларының таралу жиілігі зерттеліп, динамикасы мен даму бағыты анықталды. Зерттеу барысында қолданылған негізгі материалдар ресми медициналық статитстикалық құжаттар болып табылады. Ал зерттеудің нысандары ретіндк тұрғындардың тірек-қозғалыс жүйесі патологиялары мен аурушаңдық көрсеткіштерінің 2010-016 жылдардағы динамикасы қарастырылды.

Зерттеудің 3-кеңінде ОҚО тұрғындарының тірек-қозғалыс жүйесі аурушаңдығын туындата- тын қатерлі себептердің қалыптасу заңдылықтары зерттелді. Оның барысында зерттеу үшін қолданылған негізгі әдістерге әлеуметтік-гигиеналық, медициналық-статистикалық және социологиялық әдістер болып табылады. Зерттеудің нысандары ретінде сырқаттану көрсеткішінің 2010-2016 жылдардағы деңгейі мен құрамы және қатерлі себептердің социологиялық зерттеу барысында анықталған негізгі қатар саны болып табылады.

Зерттеудің 4-кезеңінде тұрғындардың тірек*қозғалыс ауруларымен оны туындататын қатер- лі себептердің арасындағы корреляциялық байланыс зерттелді. Оның барысында қолданылған әлеуметтік-гигиеналық, медициналық-статистикалық және сараптамалық әдістер бұл жағдайды толық ашуға көмектесті. Бұл жерде зерттеудің нысаны ретінде көрсеткіш пен оны туындататын қатерлі себептердің арасындағы байланыстың корреляциялық сараптамасы қарастырылды.

Зерттеудің соңғы кезеңінде тірек-қозғалыс жүйесі ауруларымен оны туындататын қатерлі себептердің профилактикасы мен реабилитациясын ұйымдастыру және мониторлау жүйесі жасал- ды. Зерттеудің әдістемесі ретінде медициналық-статистикалық және социологиялық әдістемелер қарастырылды. Зерттеудің нысандары ретінде тірек-қозғалыс жүйесі ауруларының профилактика- сы мен реабилитациясын ұйымдастыру және мониторлау жүйесінің моделі ұсынылды. Зерттеу барысында көрсеткіштердің орта шамалары есептелініп, олардың корреляциялық байланыс тығыз- дықтары анықталды және алынған деректердің нақты айырмашылықтары есептелінді. Осыған байланысты зерттеу материалдарының нақтылығы мен шынайылығы толық қамтамасыз етілді деп айтуға болады.

Еңбекті жүзеге асыру барысында тірек-қозғалыс жүйесі ауруларының негізгі эпидемиоло- гиялық көрсеткіштерін ретроспективтік сараптама жүргіздік. Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғын- дарының осы аурулар бойынша эпидемиологиялық көрсеткіштерін №12 ресми есеп беру құжатта- ры негізінде жүзеге асырды. Зерттелген 2010-2016 жылдары тірек-қозғалыс жүйесі ауруларының динамикасы мынандай жағдайды көрсетті:

Бұл көрсеткіштің ең жоғары деңгейі 0-14 жастағы облыс балаларының арасында қалыптас- қан болып шықты. Оның деңгейі 100000 адамға балап есептегенде 8096.1%о,)0 ден 8218.9%»Я) дейін- гі аралықта орналасқан. Оның ең жоғары деңгейі 2011 жылы қалыптасса, ал оның ең төменнгі дең- гейі 2013 жылы түзелген (8096,1%00). Айта кететін жағдай ер балалар арасында қалыптасқан көр- сеткіштердің деңгейі болып есептелінеді. Осы жастағы қыздардың арасында көрсеткіштің деңгейі 7987,2%00 ден 8103,5%00 дің арасында орналасқан.

Осыған қарағанда балалардың арасындағы көрсеткіш олардың жастық және жыныстық ерекшеліктеріне тікелей байланысты қалыптасады және ер балалардың арасында орта есеппен алғанда аурушаңдық көрсеткіші қыздарға қарағанда 1,02 есе жоғары болып шықты. Жасөспі- рімдердің арасында аурушаңдықтың қалыптапсуы жоғарыда аталған заңдылықтарды толық қайта- лайды. Ер жігіттердің арасында жасөспірім қыздарға қарағанда көрсеткіш деңгейі айтарлықтай жоғары.Жасөспірім балалардың аурушаңдық көрсеткіші 4468,8%00 ден 4372,3%00 дейінгі аралықта орналасқан.

Ал қыздардың арасында 3592,6%00 ден 3819,4%00 ге дейінгі аралықта қалыптасып отыр. 1824 жастағы ер жігіттер мен қыздардың көрсеткіштері бір-бірінен айтарлықтай өзгеше. Ер жігіттер- дің ең жоғары аурушаңдық көрсеткіші 1734,3%00 ді құраса, қыздардың ең жоғарғы көрсеткіші 867,3%00 ге дейін ғана жетеді. Басқаша айтқанда ер жігіттердің көрсеткіштері қыздардың көрсткішінен 2 есе жоғары болып түзелген.

Аталған заңдылықтар 25 тен 69 жас аралығындағы тұрғындардың топтарында толық қайта- ланады. Алайда, тұрғындардың жасы ұлғайған сайын көрсеткіштердің деңгейі сатылап төмендей түседі. Ал 70 жас пен одан жоғары топтағы әйелдердің аурушаңдық көрсеткіші ер кісілерге қара- ғанда біршама жоғары болып шықты.

Бұл жағдай ер кісілердің орташа өмір сүру ұзақтығы әйелдерге қарағанда төмен болуымен және аурушаңдығы жоғары ер кісілердің ерте қайтыс болуымен түсіндіріледі. Зерттеу нәтижеле- ріне қарағанда балалардың арасында қалыптасқан тірек-қозғалыс жүйесі бойынша аурушаңдық өте жоғары деңгейде болғандықтан осы топтың арасындағы профилактикалық және реабилитация- лық шараларды барынша жоғары сапада және инновациялық әдістерді қолдана отырып, жүзеге аысруды талап етеді.

Әр түрлі жастық жыныстық топтарда тірек-қозғалыс жүйесі ауруларына байланысты мүгедектік көрсеткішінің деңгейі аурушаңдық көрсеткішінің қалыптасу деңгейімен тікелей байланысты екендігін көрсетеді.

Алайда мүгедектік көрсеткішінің ең жоғары деңгейі (15,04%0) 15-17 жас аралығындағы жасөспірім жігіттермен қыздардың арасында қалыптасқан. Ал балалардың арасында (0-14 жас) мүгедектік көрсеткішінің ең жоғары деңгейі 8,45%0 болып 2015 жылы қалыптасқан. Көрсеткіштің қалыптасу заңдылығының осылайша өзгеруі балалар арасындағы тірек-қозғалыс жүйесі ауруларының қызметтік ауытқуларға алып келу әсері және осыған байланысты балалардың мүгедектікке шығу оқиғалары жасөспірімдік жасқа тура келеді. Ал одан кейінгі жастық топтарда жігіттер мен қыздардың, ересек тұрғындардың мүгедектік көрсеткіштері аурушаңдық көрсеткіштерінің қалыптасуын толығынан қайталайды.

Сонымен, жігіттердің (18-24 жасар) мүгедектік көрсеткіші 6,34%0 ден 6,43%0 дің арасында орналасса, осы топтағы қыздарда 5,14 тен 5,28%0 дің арасында орналасқан. 25-69 жасқа дейінгі тұрғындардың арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш 3,79%0 ден 0,65%0 дің аралығында түзелген. Барлық жастық топтарда ер кісілердің мүгедектік көрсеткіштері әйелдердің көрсеткішінен үнемі артық деңгейде қалыптасқан болып шықты.

Ал 70 жас және одан жоғары жастағы тұрғындардың арасында әйелдердің мүгедектігі кері- сінше ерлердің көрсеткішінен айтарлық жоғары болып қалыптасқан. Бұл айтылған мәселе тірек- қозғалыс жүйесі аурушаңдығының қалыптасу заңдылығында толық түсіндірілген. Жалпы орта есеппен алғанда ОҚО тұрғындарының тірек-қозғалыс жүйесі ауруынан мүгедектікке ұшырау көрсеткіші 10000 адамға балап есептегенде 3,78%0 ден 3,84%0 дің арасында орналасқан болып шықты.

Зерттеу барысында алынған нәтижелерге сай профилактикалық және реабилитациялық шаралар 1 кезекте балалардың арасында ұйымдастыру керектігі анықталды. Егер осы топта жүзеге асырылған профилактикалық және реабилитациялық шаралар жоғары тиімділігін көрсетсе онда ересектердің арасында аурушаңдық пен мүгедектік оқиғаларының деңгейі аса жоғары болмас еді.

Осыған байланысты біз балалардың арасындағы жиі таралған тірек-қозғалыс жүйесі аурула- рының деңгейі мен аурушаңдық көрсеткішінің құрамын зерттедік. Біздің алған медициналық- статитстикалық деректер бойынша 0-14 жас аралығындағы топта омыртқа жотасының деформациясы, табанның деформациясы, кеуденің деформациясы және аяқтардың деформациясы өте жиі кездеседі.

Осы патологиялардың арасында балалардың 82,9 пайызы омыртқа жотасының деформация- сы мен ауырады екен. Айта кететін жағдай осы жүйенің аурулары жеке түрде сирек қалыптасады. Олар көбнесе бір-бірімен қатар келеді. Табанның деформациясы ауырған балалардың 68,7 пайы- зында кездесті. Ал кеуденің деформациясы 16,9 пайызға ауруларды қамтыған. Тексерілген аурулардың ішінде аяқтың денформациясы бар аурулары бар балалардың үлес салмағы 12,5 пайызға дейін жетті. Балалардың жасына қарай әртүрлі тірек-қозғалыс жүйесі ауруларының таралу жиілігін анықтадық. Оны пайызбен есепке алдық.

Жалпақ табандылықпен науқастанғандарды анасының жатырында анықтауға жағдай туды. Оның деңгейі 0,42 пайызға дейін жетті. Оның ең жоғары деңгейі 5 - 6 жастағы топта анықталады және 46,82 пайызға жетеді. 7-9 жастағы топта жалпақ табандылық ауруының кездесуі 31,79 пайызында анықталды. 3 - рангалық орында жалпақ табандылықтың 1-4 жастағы топтардағы кездесуі орналасқан (12,94 пайыз).

4-рангалық орын 10-14 жастағылардың үлесіне тиеді (8,3 пайыз). Балалардың жасына қарай сколиоз ауруының таралуы да әртүрлі болып келеді. 1-4 жас аралығындағы балалардың тобында барлық сколиоз ауруларының 1,35 пайызы кездеседі. Ал 5-6 жастағы балалар тобында оның деңгейі 36,12 пайыз, 7-9 жастағы балалардың тобында 56,34 пайыз, ал 10-14 жастағылардың арасында 7,19 пайыз болып қалыптсқан.

Кеуденің деформациясы ерте жастан белгілі болады. Осылайша 1-4 жастағы балалар тобы- ның арасында жалпы кеуденің деформациясы ауруы 27,64 пайызға жетеді немсе анықталады. Ал 5-6 жаста оның 54,29 пайызы анықталады. 7-9 жастағы топта 18,07 пайызы анықталады екен. Ал оннан кейінгі жастық топтарда бұл ауру мүлдем анықталмайды. Сымбаттың бұзылысы жастық топтарда былайша таралғңан.

Оның 16,83 пайызы 1-4 жастағы балалар тобында анықталса, 5-6 жастағы балалардың тобында бұл аурпудың 37,91 пайзы наықталады екен. 7-9 жас аралығындаңғы балалар тобында 39,25 пайызы анықталса, 10-14 жас аралығында 6,01 пайызы белгілі болады. Аяқ пен қолдың деформациясы 1-4 жастағы балалар тобында 3,89 пайызы анықталады. 5-6 жастағы балалар тобында 28,31 пайызы белгілі болады. Ал 7-9 жаста 51,94 пайызы анықталып, 10-14 жас балалар тобында оның жалпы деңгейінің 15,86 пайызы анықталады екен.

Сонымен балалардың жасына қарай әртүрлі тірек-қозғалы ауруларының анықталу жиілігі өзгеше болады екен. Балалардың осы патологиялары көбнесе 5-6 және 7-9 жастағы балалар тобын- да анық белгілі болып, осы кезеңде олардың ауруларға байланысты қызметтік ауытқулары көрініс береді екен.

Балалардың тірек қозғалыс жүйесі аурулдарының тұқым қуалағыштық себептермен байла- нысы әртүрлі деңгейде қалыптасқан. Жалпақ табандылық ауруы тұқым қуалағышпен байланысы 25,9 пайызға жетеді. Остехондроз бен 23,4 пайыды құрайды. Сколиозбен 18,1 пайызды құрайды. Аяқтың денформациясымен 11,2 пайызды құрайды. Кеуде деформациясы мен байланысы 2,8 пайызға жетсе ортрозбен 2,7 пайызды құрайды. Ал кифоздың тұқым қуалағыштықпен байланысы 0,8 пайызға жетсе, өзге аурулармен байланысы 1,9 пайызға дейін жетедлі екен. Сонымен, балалар- дың тірек қозғалымс жүйесі ауруларының тұқымқуалағыштықпен байланысы көбнесе жалпы табандылық, остехондроз және сколиозбен аяқтың деформациясы ауруларымен байланысты екен.

Тірек-қозғалыс жүйесі ауруларының әкесі мен анасынан тұқымқуалағыштық қасиет арқылы берілу деңгейі әртүрлі болып келеді. Жалпақ табандылық ауруының 16,1 пайызы әкелердің тұқым қуалағңыштық себептерімен берілсе, 9,8 пайызы аналардың осындай аурумен ауруына байланысты туындаған.

Остехондроз ауруы болса, әкесі мен анасының тұқым қуалағыштық қасиетіне бірдей байла- нысты (12,1 және 11,3 пайыз)Сколиоз ауруының басым бөлігі (15,4 пайыз) аналар арқылы беріл- се, оның 2,7 пайызы ғана әкелерден беріледі екен. Аяқтың деформациясы көбнесе әкесінің тұқым қуалағыштық қасиетінен туындаса 8,5 пайыз, аналардан оның 2,7 пайызы ғана өтеді екен. Кеуде- нің деформациясы, ортроз ауруы, кифоз ауруы әке мен шешесінің тұқым қуалағыштық қасиет- теріне бірдей тәуелді болып шықты. Тірек-қозғалыс жүйесі ауруларының туындауына аналардың жүктілік және босану барысындағы асқынулары жиі алып келеді.

Оның ішіне ерекше әсер ететін қатерлі себептердің қатарында жүктілік пен босанудың ауытқуы бірінші рангалық орында тұр (44,71 пайыз). Ал 2-рангалық орында өткір вирустық респираторлық инфекциямен жүктілік кезіндегі сырқаттну орналасқан (14,92 пайыз). Ал жүктілік кезіндегі гестоздың үлес салмағы 7,4 пайыз болса, түсік тастау қауіптіліг болған аналардың ұрпақтарында тірек-қозғалыс жүйесі ауруларының пайда болу қацуыптілігі 6,4 пайызға жетеді.

Анемияның қауіптілігі 5,1 пайыз. Ал ұрпақтардың жатырдағы гипоксиясы 6,2 пайызды құрады.Ата-аналардың кәсіби қауіптіліктерінің тірек-қозғалыс жүйесі ауруларының таралуындағы атқаратын ролі мынандай болып шықты: анасының кәсіби қауіптілігі, балаларының тірек-қозғалыс жүйесі аурулармен ауру мүмкіндігін 17,9 пайызға арттырады.

Ал әкесінің кәсіби қауіптілігі 15,2 пайызға дейін көтереді. Тірек-қозғалыс жүйесі аурулар- мен сырқаттанған балалардың жалпы өмір сүру жағдайы бұл аурудың асқынуына тікелей әсер ететін себептердің қатарына жатады. Олардың қатарында отбасының толық болмауы (23,1 пайыз), отбасындағы психологиялық жағдайдың нашар болуы (17,6 пайыз), отбасы мүшелерінің табысының төмен болуы әр бір мүшеге балап есептегенде (20 мың теңгеге жетпейді - 31,8) және отбасының тұрғын үймен қамтамасыз етілмеуі (18,2 пайыз) болып шықты. Осыған қарағанда тірек-қозғалыс жүйесі аурулармен ауырғандардың өмір сүру жағдайы толығынан жақсы деп айтуға болмайды.

Ғылыми зерттену жүйесінің нәтижесінде көптеген аурулардың таралуынан ата-ананың зиянды әдеттері барынша қауіп-қатер туғызатындығы белгілі болып отыр. Сондықтан біздің зерт- теуіміз ата-аналардың зиянды әдеттерінің таралу деңгейіне арналды. Осы ауруға шалдыққан балалардың әкелерінің арасында темекі шегідің деңгейі 92,7 пайызға жетеді. Ал наналарының темекі шегуі 26,4 пайызды құрайды. Осындай балалардың әкелері мен шешелері спирттік ішімдік- ке де жиі салынады. Оның таралуы балалардың әкелерінің арасында 64,8 пайызға жетеді. Ал, шешелерінің арасында 22,7 пайызды құрады. Олардың әке мен шелердің арасында норкотик қабылдау да аз емес, әкелердің арасында 9,7 пайыз болсса, 2,1 пайызды түзеп отыр.

Балалардың бұл ауруларының асқынуы және үлкен қызметтік ауытқулпардың пайда болуы, балалық шақта өткір және созылмалы аурулармен сырқаттануына да тікелей байланысты. Осы балалардың 74,8 пайызы өткір респираторлық аурулармен (бронхиттер, вирустық инфекциялар, фалингиттер және ренгиттер мен ауырған).

Ал олардың 16,4 пайызы да созылмалы бейэпидемиялық аурулар анықталған. Осы аурулар- дың денсаулыққа кері әсер етуінен, тірек-қозғалыс жүйесі ауруларының асқынып, балалық шақтан мүгедектікке ұшырау оқиғалары жоғары деңгейде қалыптасып отыр. Балалардың ауруларының әртүрлі бағытта дамуында оның ішінде (нашарлау немесе жақсару).

Олардың бос уақтысын пайдалану жолдарына тікелей байланысты. Тірек-қозғалысы аурулары ен науқастанған балалардың денсаулығын арттыру үшін олардың таза ауауда қыдыруы, үнемі қозғалыста болуы, гимнстика және спортпен шұғылдануы ерекше рол атқарады.

Осылайша ұйымдастырған бос уақыт көптеген реабилитациялық шаралардың тиімділін артырады. Біздің зерттеуіимізге қарағанда, тірек-қозғалыс жүйесі аурулармен науқастанған балалардың күніне таз ауада 2 сағаттан астам қыдыратындардың үлес салмағы 93,2 пайызды құраса, үнемі қозғалыста болатындардың үлес салмағы 95,4 пайызға жетеді. Спортпен шұғылдана- тындардың үлес салмағы 31,4 пайызды құраса, гимнастикамен айналысатындардың үлес салмағы 7,9 пайызға дейін жетеді. Алайда олардың арасында көп уақытын тедевизор көретіндердің үлес салмағы да аз емес (74,3 пайыз).

Тірек-қозғалыс жүйесі аурулармен сырқаттанған балалардың емдік профилактикалық шараларды алу деңгейін зерттеу нәтижелері көрсетілген. Осы деректерге қарағнада бұл аурулар- дың 92,3 пайызы диспансерлік есепте тұрады және жылына 4 рет ортопедтердің кеңесін және ұсынған емдік профилактикалық шараларын алады. Алайда, емдік профилактикалық шарларды алушы аурулардың үлес салмағы біршама төмен (91,9 пайыз).

Осы аурулардың 39,7 пайызы Д витаминін үнемі қабылдайды және кальций препараттарын алады. 77,8 пайызы емдік массаж алуға, ал 47,6 пайызы емдік дене тәрбиесімен жаттығуға барады. Ал, аурулардың 38,2 пайызы саноторийлерде денені сауқтырса немесе реабилитациялық шаралар- ды қабылдаса, олардың 29,1 пайызы ауруларының асқынуына байланысты немесе операция алу үшін, стоцианарда емделеді. Аурулардың науқасқа байланысты ортопед дәрігерлдердекн алған емдік профилактикалық шараларды орындай деңгейі аса көңіл толтырмайды. Олардың 53,2 пайызы ғана ортопетердің ұсынған емдік профилактикалық шараларын толық қабылдайды.

Ал, 42,9 пайызы толық орындамаса, 3,9 пайызы мүлдем орындамайды. Осыған қарағанда, науқастардың басым бөлігі ортопед дәрігерлердің ұсынған емдік шараларын толық орындамайды. Сондықтан олардың тірек-қозғалыс аурулар көбнесе қызметтік ауытқуларға алып келеді және мүгедектік көрсеткішінің артуына себеп болады. Біздің зерттеуімізде науқатснаған балалардың емдік шараларды алудағы қиындықтарының негізгі себептерін зерттедік.

Сұрақнамаға қатысқан респондент балалардың 38,8 пайызы емдік профилактикалық шараларды алуды ешқандай қиындықтар тумайды деп жауап берді. Ал 31,7 пайызы бұл шараларды алуға уақыттың жеткіліксіздігі себеп болуда деп жауап берді. Респонденттердің бірқатарлары емдік шараларды алуға негізгі қиындық, материалдық тапшылдық деп көрсетті (16,2пайызы).

Ал, аурулардың 7,8 пайызы емдік шараларды алудыфң қолжетімділігі төмен деп атап көрсетті. Науқатсрадың 4,3 пайызы емдік шараларды алуға мүлдем қарсы болып шықты.

Сонымен, тірек-қозғалыс жүйесіндегі аурулары бар респонденттерпдің көбшілігінде уақыттың жетіспейшілігі, материалдық қиындықтар, медициналық көмектің қол ждетісмсіздігі олардың емдік профилактикалық көмек алуына кері әсерін тигізеді екенТірек-қозғалыс жүйесі аурулармен оларды туындатын қатерлі корреляциялық байланыс дәрежесін зерттеу мынандай нәтижелерге қол жеткізді.

Жалпақ табандылықтың дамуына аса қуатты әсер ететін негнізгі қатерлі себеп тұқым қуалағыштық болып табылапды (r=0,98), ата-ананың зиянды әдеттері күшті дәрежеде кері әсер етсе (r=0,71), аурудың профилактикалық белсенділігі (r=0,44) және медициналық көмектің сапасы (r=0,58) орта дәрежеде зияндылығын тигізеді.

Остехондроз ауруының науқастардың профилактикалық белсенділігінен (r=0,78) және медициналық көмектің сапасымен (r=0,76), күшті дәреджедегі байланысы бар екендігі анықталды. Ал тұқым қуалағыштықпен (r=0,47), ата-ананың зиянды әдеттерінен (r=0,45), анасының жүктілік және босану барысындағы ауруларымен (r=0,49) және отбасылық тұрмыстық қиындықтармен орта дәрежедегі қатерлі байланыс бар екендігі анықталды.

Сколиоз ауруының туындауында тұқым қуалағыштық қасиеттің қауіпті әсері күшті дәрежеде болып шықты (r=0,76) ал қалған әлеуметтік-медициналық себептердің қатерлі дәрежесі (r=0,42 ден (r=0,51) балға дейін ждетеді немесе орта дәрежедегі қауіптілік тудырады екен.

Аяқтың деформациясы бірінші кезекте медициналық көмектің сапасын алып келсе (r=0,79), ата-аналардың зиянды әдеттері (r=0,75) күшті әсерін тигізеді. Ал тұқым қуалағыштық (r=0,46), анасының жүктілік және босану барысындағы аурулары (r=0,45) және отбас ылық тұрмыстық қиындықтыр (r=0,38) орта дәрежеде қауіптілік туындатады. Кеуденің деформациясы медициналық көмек сапасымен (r=0,76), және тұқым қуалағыштық қасиеттермен күшті дәрежеде байланысты болса (r=0,75), ата-ананың зиянды әдеттері мен (r=0,49), анасының жүктілік және босану барысындағы аурулармен орта дәрежеде байланыста болып шықты (r=0,38).

Артроз ауруы мен медициналық көмектің сапасы (r=0,78) және отбасылық тұрмыстық қиындықтар (r=0,72) күшті дәрежеде байланыста болса, өзге қауіптілік себептер (r=0,42 ден (г=0,51)дейін орта дәрежеде қауіптілік тудырадлы екен. Кифоз ауруы мен тұқым қуалағыштық қасиеттің арасында аса күшті дәрежедег корреляциялық байланыс анықталды.

Ал медициналық көмек сапасымен (r=0,74) күшті дәрежедегі қатерлік бар екендігі белгілі болды. Сонымен қатар осы аупрудың туындауына және оның одан ары қозуына аурулардың профилактикалық белсменділігі тікелей және ората дәрежедегі екен.

Алынған нәтижелерге қарағанда тірек-қозғалыс жүйесі ауруларының қалыптасуына ең қуатты әсер ететін биологиялық қауіп-қатерлер болып шықты. Оның ішінде тұқым қуалағыштың ролі аса күшті екендігні анықталды. Осындай жағдай әсіресе жалпақ табандылық және кифоз ауруларында ерекше орын алады. Ата-анагның зиянды әдеттері және медициналық көмектің сапасы барлық аурулардың қалыптасуына күшті дәрежедегі қауіп туғызады.

Сондықтан профилактикалық шаралардың негізгі бағыты тұқым қуалағыштық себептер мен ата-ананың зиянды әдеттеріне медициналық көмек сапасының төмендігіне қарсы ұйымдастыруы тиіс. Осы деректерді негіз ете отырып, тірек-қозғалыс жүйесі аурулары бар пациенттердің арасында әлеуметтік-гигиеналық мониторингті ұйымдастыру моделі жасалынды.

Оның ненгізгі нысаны ретінде осы аурумен науқастанатын пациенттерт алынды. Ал санитарлық гигиеналық мониторингті ұйымдастыратын мамандар ретінде учаскелік педиатр немес терапевт және дәрігер ортопед деп есептелінді. Мониторингтің негізгі көрсеткіштері ретінде науқастардың аурушаңдық және мүгедектіәк көрсеткіштері алынды.

Бұл көрсеткіштер науқастарға емдік реабилитациячлық шараларды ұйымдастырудың негізі болып табылады. Ол шаралар оперативтік, консервативтік терапия және реабилитациялық шараларға жіктеді. Ал реабилитациялық шаралар: массаж, емдік дене тәрбиесі, гимнастика, санаторлық курорттық сауықтыру шараларына жіктелді. Осы шаралардың тиімділігі міндетті түрде медициналық-әлеуметтік сараптаманың нәтижесіне әсерін тигізеді.

Медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізу нәтижесінеде аруларды емдікке жарамды, уақытша еңбекке жарамсыз және толықұ еңбекке жарамсыз деп үш топқа жіктеуге негіз болды. Аурулардың екі тоына оның ішінде уақытша еңбекке жарамсы және толық еңбекке жарамсыз пациенттер емдік реабилитациялық шараларды алуды қажет етеді. Осылайша ұйымдастырылған әлеуметтік-гигиенаолық мониторинг тірек-қозғалыс жүйесі бойынша аурулары бар немесес мүгедек адамдардың еңбекке жарамдылық деңгейін үнемі динамикалық тұрғыда бақылауға жол ашады.

Қорытынды

  1. .Тірек-қозғалыс жүйесі ауруларының ең жоғары деңгейі 0-14 жастағы балалар арасында қалыптасқан және оның деңгейі динамикалық түрде өсуде.
  2. .Тірек-қозғалыс жүйесі ауруларынан туындайтын мүгедектіктің деңгейі жасөспірімдік жаста нақты жоғарылап, осы топтың әлеуметтік-гигиеналық маңызын арттырды .
  3. .Бұл аурулардың тоқтаусыз жоғарылауына алып келетін қатерлі себептердің ең маңызды- ларына тұқым қуалағыштық, ата-ананың зиянды әдеттері, салауатсыз өмір сүру салты, анасының жүктілі және босану барысыдағы аурулары, тұрмыстық жағдайдың нашарлығы, медициналық көмек сапасының төмендігі жатады.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. .Корякин В.М. Комментарий к Федеральному закону «О ветеранах» (постатейный). М.: За права военнослужащих, 2006. 336 с.
  2. .Байрамукова Ф.А. Сравнительный анализ уровня первичной инвалидности вследствие травм у взрослого населения в Российской Федерации, Северо-Кавказском федеральном округе и его субъектах / Гришина Л.П., Байрамукова Ф.А. // Вестник Всероссийского общества специалистов по медико-социальной экспертизе, реабилитации и реабилитационной индустрии. - М., 2012, № 1. - С. 78-81.
  3. .Андреева Т.М. Травматизм в Российской Федерации на основе данных статистики // Социальные аспекты здоровья населения, 2010, №4. - С. 7-12.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.