Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жүрек қан -тамыр ауруларының медициналық-әлеуметтік мәселелері

Түйін

Бүгінгі таңда халқымыздың саны 18 миллионнан асып, өмір сүру ұзақтығы 72,5 жасқа жетті. Түрлі аурулардың алдын алу мен салауатты өмір салты елімізде кеңінен танымал болып келе жатыр.

Қазақстан Республикасында қан айналым жүйесінің бұзылуы тұрғындар арасында қалыптасқан мүгедектік пен өлім оқиғаларының негізгі себептерінің бірі болып табылады.

Аурудың туындауына алып келетін елеулі себептердің қатарына дислипопротеидемия, дене салмағының шамадан артық болуы, қозғалыс белсенділігінің төмендігі, жеке күйзеліс пен мінез- құлық ерекшеліктері, жүрек-қан тамырлары аурулары бойынша күрделенген тұқым қуалаушылық, гиперурикемия; ішімдік, кофені шектен тыс пайдаланулар кіреді.

Кілт сөздер: жүрек қан -тамыр аурулары, медициналық-әлеуметтік мәселелері, өмір сүру деңгейі, салауатты өмір салты, алдын алу.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы №636 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары» орта мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаты болып табылады және ол Қазақстанның 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыру үшін әзірленген. Бұл Стратегиялық даму жоспары елдегі өмір сүру деңгейін арттыру жөніндегі, соның ішінде халықтың денсаулығын сақтау жөніндегі көптеген нақты міндеттерді қойып отыр.[1]

Бүгінгі таңда халқымыздың саны 18 миллионнан асып, өмір сүру ұзақтығы 72,5 жасқа жетті. Түрлі аурулардың алдын алу мен салауатты өмір салты елімізде кеңінен танымал болып келе жатыр. Дегенмен жүрек-қан айналым жүйесі бұзылысының әлеуметтік-гигиеналық өзектілігі бүгінгі таңда көптеген себептерге байланысты туындап отыр. Қазақстан Республикасында қан айналым жүйесінің бұзылуы тұрғындар арасында қалыптасқан мүгедектік пен өлім оқиғаларының негізгі себептерінің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасында тұрғындардың орта есеппен алғанда 30%-дайы артериалдық гипертониямен ауырады, ал өлім-жітім көрсеткішінің құрамында қан айналу жүйесінің ауруларының (ҚАЖА) үлес салмағы 50%-дан астам болып тұр. Қазіргі таңда қоғамдық денсаулық сақтау саласы мамандарын алаңдатып отырған жағдай, аурулардың өскелең ұрпақтың арасында кеңінен таралып, мүгедектік пен өлім оқиғаларының артуы болып отыр[2].

ҚАЖА көптеген елдерінің денсаулық сақтау саласындағы аса өзекті мәселелері болып отыр. Әрбір ауытқулардың түрін медициналық жәрдемге мұқтаждық тұрғысынан да, сонымен қатар әлеуметтік мәнділігі жағынан да қарауға болады. ҚАЖА салдарын өлім-жітімнің негізгі себебі болып табылатын ауру түріне де және түрлі өмірлік шектеулерге алып келетін аурулар түріне де жатқызуға болады.

Аурудың туындауына алып келетін елеулі себептердің қатарына дислипопротеидемия, дене салмағының шамадан артық болуы, қозғалыс белсенділігінің төмендігі, жеке күйзеліс пен мінез- құлық ерекшеліктері, жүрек-қан тамырлары аурулары бойынша күрделенген тұқым қуалаушылық, гиперурикемия, ішімдік, кофені шектен тыс пайдаланулар кіреді. Ауыл тұрғындарының арасындағы жүрек ауруына алып келуі ықтимал себептерінің қала тұрғындарына қарағанда өмір сүру салты мен тұрмыстық жағдайларына байланысты айырмашылығы кездеседі.

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі денсаулық сақтау саласындағы алдына қойған аса маңызды медициналық-әлеуметтік бағдарламасының бірі, тұрғындар арасында кеңінен таралған негізгі бейспецификалық аурулардың жетік профилактикасын жасау және салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру болып табылады.

Әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамыған шетелдерде және біздің елімізде жүргізілген эпидемиологиялық зерттеулер жүрек–қан айналу жүйесі патологияларының тек жасы ұлғайған тұрғындар арасында емес, сонымен қатар жастар мен жасөспірімдер арасында да кеңінен таралғандығын көрсетіп отыр.

Тереңдете жүргізілген кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары бұл жағдайдың қалыптасуына әлеуметтік – гигиеналық, экологиялық себептермен қатар олардың санитарлық мәдениетінің төмендігі де айтарлықтай ықпалын тигізетіндігін анықтады[3].

Жүрек-қан айналым жүйесі патологияларының жастар арасында жиі тарала бастауы, оларды дер кезінде, алғашқы клиникалық белгілері пайда бола сала анықтап, алдын алу шараларын белсенді және дұрыс ұйымдастыру қажеттігін туындатады. Әсіресе қан айналу жүйесінде қызметтік ауытқулары бар қатерлі топтарды анықтауға арналған әдістемелерді жетілдірудің маңызы үлкен.

Диспансерлік бақылауды әртүрлі скринингтік әдістерді қолдана отырып жүргізу, ғылыми тұрғыда негізделген болжамдау және ауруға дейінгі жағдайдың диагностикасын қолдану, ағзаның қоршаған өмір сүру ортасына бейімделу үрдісінің қуатын анықтау және созылмалы аурулардың алдын алу тұрғындарының денсаулығын сақтауға, олардың ой және физикалық еңбекке жарамдылығын арттыруға көмектеседі.

Жүрек-қан айналу жүйесі ауытқуларының қалыптасуына тұрғындардың өмір сүру салты, оқу үрдісінің ауыртпалығы, әлеуметтік–гигиеналық себептер, зиянды әдеттер, өмір сүру ортасының әртүрлі химиялық заттармен ластануы, тамақтану ережесінің сақталмауы, демалысты дұрыс ұйымдастырмау және гиподинамия алып келетіндігін байқатты. Халықтың арасында темекі, алкоголь, есірткілердің ағзаға зиянды әсері жайында ағарту жұмыстары айтарлықтай тиімді нәтиже беріп отырған жоқ. Сол себепті қазіргі кезде тұрғындарының өз денсаулығына көзқарасын, салауатты өмір салтын құру дағдысын қалыптастыру қажеттілігін ғылыми тұрғыда дұрыс түсіндіретін педагогикалық–тәрбиелеу жұмыстарының жаңа технологиясын ұйымдастыру мәселесі орын алып отыр.

Жүрек–қан айналу жүйесі патологияларын тудыратын себептердің ішінде жиі кездесетін қан қысымының жоғары болуы (артериялық гипертензия) екендігі және оның осы жүйе ауруларға алып келетіні белгілі.

Анықталған патологиялардың емдеу-профилактикалық шараларының ғылыми негіздерін жасап, олардың одан ары таралуына тосқауыл қойылуы қажет. Осындай патологиялардың қатарына жүрек-қан айналу жүйесі патологиялары да жатады. Бұл патологиялардың нозологияға дейінгі белгілерін анықтау профилактикалық шараларды белсенді ұйымдастыруға негіз бола алады.

Экономикасы дамыған Еуропа мемлекеттерінде арнайы бағдарламаларды жүзеге асырудың арқасында жүрек-қан айналу жүйесі патологияларынан тұрғындар арасында туындайтын аурушаңдық, мүгедектік және өлім көрсеткіштерінің деңгейін 50%-дан 35%-ға дейін төмендетуге қол жеткізген. Осы жағдай жүрек-қан айналу жүйесі ауруларының профилактикасын біздің елде де белсенді жүргізу керектігін көрсетті. Яғни бұл жұмыс қағаз жүзінде емес, нақты іс жүзіндегі шаралар ретінде жүзеге асырылуы тиіс. Себебі дәл сол жүрек-қан тамырлары ауруларының саны қазіргі күні ұлғаюда және жер бетінде әрбір үшінші адам жүрек ауруынан қайтыс болады екен. Кейбір авторлардың деректері бойынша, жоғары психоэмоциональды жүктемені қолдану жұмыс жасайтын адамдар арасында қан айналу жүйесі аурулары жоғары болатындығын көрсетті. Себебі күнделікті жұмыс барысындаға күйзелістер, ашушаңдық соңында қан қысымының үнемі көтерілуіне алып келеді.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және де ресми статистикалық деректеріне сәйкес қан айналымы жүйесі ауруының үлесі халық арасында өлім жағдайының 53,5% және барлық мүгедектіктің арасында 49,8 %. Сырқаттанудың бұл санатында жүректің ишемиялық ауруынан мүгедектіктің рөлі басымырақ. Әсіресе еңбекке қабілетті жас адамдар - бұл аурудың құрбаны болатынын атап өтпеуге болмайды. Аурудың таралуы, оның жоғары өлім көрсеткіші және ауыр әлеуметтік салдары аурудың негативті салдарын төмендетуге ықпал ететін шараларды жүргізуге дәрігерлер мен психологтардың назарын аудартуда. Жақсы жасалған профилактикалық шаралар жүйесі, бұл санаттағы тұлғалардың әдеттегі өмір салтына толығымен қайта оралуына ықпал етеді. Дәл осы жерде психологиялық оңалту, науқас немесе мүгедектің өнімді еңбек қызметіне, оны қоғам мен отбасы үшін сақтауға бағытталған кешенді оңалтудың аса маңызды алғышарты болып табылады.

Бұл үшін ең алдымен дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің қолжетімділігін арттыру және мәдени-бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу есебінен спортпен айналысуға халықты жаппай тарту қамтамасыз етілуі керек. Халықты дене шынықтыру-спорттық тәрбиелеудің жалпы ұлттық жүйесі қалыптаса бастады, оның шеңберінде азаматтардың жеке ерекшеліктеріне байланысты көптеген жұмыс берушілер таңғы және өндірістік гимнастиканы қоса алғанда, қозғалу белсенділігін арттыруды қолға алуда. Тұзды және қантты шамадан тыс пайдалануды, алкоголь мен темекіні тұтынуды төмендету арқылы дұрыс тамақтануды насихаттау күнделікті өз жалғасын тауып келеді.

Денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігін, сапасын, қауіпсіздігін, тиімділігін, тұрақтылығын және пациенттерге бағдарлануын арттыру деректер мен процестерді кешенді цифрландыру жаппай қолға алынуда. Елімізде әрбір азаматтың денсаулық жағдайы туралы ақпаратты біріктіретін электрондық денсаулық сақтау жүйесі енгізілетін болады. 2020 жылға қарай денсаулық сақтау ұйымдары бірыңғай ақпараттық желіге қосылатын болады, азаматтардың электрондық денсаулық паспорттары болады, ал медицина қызметкерлері мен пациенттер емдеу орнына қарамастан, қажетті денсаулық деректеріне қол жеткізе алады.

Нақты профилактика және ауруды бастапқы кезеңде басқару мақсатында генетикалық зерттеулер мен дербестендірілген медицинаны енгізудің мүмкіндіктері қарастырылуда. Бұл тәсіл одан әрі жинақталған статистикалық деректер базасы негізінде шешімдерді қабылдау, эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу арқылы Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің дамуына ықпал етеді. Бұл қоғамдық денсаулық қорғау қызметінің жұмысын профилактикаға, тәуекелдерді бағалауға және ауруларды бастапқы сатыда басқаруға қайта бағдарлау шараларын іске асыру бойынша мүмкіндік беретін болады.

Диспансерлеуге байланысты шығындарды азайту және тиімділігін арттыру үшін жүрек-қан тамырлары аурулары сияқты негізгі созылмалы ауруларды басқару қашықтан диагностикалау және амбулаториялық емдеуге көшу арқылы жүзеге асырылатын болады.

Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілуде, ал оның аясында азаматтардың, жұмыс беруші мен мемлекеттің халықтың денсаулығын қорғау бойынша ынтымақты жауапкершілігі қағидаты іске асырылады.

Тұжырым

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі денсаулық сақтау саласындағы алдына қойған аса маңызды медициналық-әлеуметтік бағдарламасының бірі, тұрғындар арасында кеңінен таралған негізгі бейспецификалық аурулардың жетік профилактикасын жасау және салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру болып табылады.

Жүрек–қан айналу жүйесі патологияларын тудыратын себептердің ішінде жиі кездесетін қан қысымының жоғары болуы (артериялық гипертензия) екендігі және оның осы жүйе ауруларға алып келетіні белгілі.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы №636 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары».
  2. Аликанова Л.Е. Изучение факторов риска и совершенствование профилактики сердечнососудистых заболевании у работников нефтеперерабатывающего производства // Автореф. дисс. канд. мед. наук. –Астана, 2009.22б.
  3. Ганелина И.Е. Профессиональный состав больных инфарктом миокарда и умерших внезапно от ИБС в возрасте до 49 лет /И.Е. Ганелина, С.К. Чурина //Сов.медицина. 1986. №4. 65б
  • Жыл: 2018
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.