Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан түйелері популяцияларының генетикалық әртүрлілігі мен геномын зерттеу

Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық саласында өсірілетін малдардың ішінде түйе шаруашылығы да аса маңызды болып табылады. Түйеден алынатын ет, сүт, жүн және тері өнімдерімен қатар оның, әсіресе, шөл аймақтарда көлік малы ретінде де маңызы зор. Экономикалық тұрғыдан алғанда түйе шаруашылығын жүргізу басқа үй жануарларымен салыстырғанда аса тиімді болып саналады. Өйткені, түйелер суық және ыстық климатқа өте төзімді, ұзақ мерзімді шөлге шыдамды, басқа малдар жемейтін тікенді өсімдіктермен қоректене береді. Осыған байланысты, қазіргі кезде түйелердің өнімділігін жақсарту және санын арттыру мақсатында сұрыптау жұмыстарын жүзеге асыру үшін бұл түрдің геномын жан-жақты зерттеу өте өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.

Бірқатар Қытай және Моңғолия ғалымдары бірлесе отырып түйенің толық геномын секвенирлеу жұмыстарын жүзеге асырды және олардың шөлге төзімділігін, құрғақшылық кезінде су және май алмасуы процестерінде негізгі рөлді атқаратын гендерге сипаттама берді. Сонымен қатар, ультракүлгін сәулесінің ұзақ мерзімді әсеріне төзімділігіне де гендердің қатысатындығын анықтады [1].

Қазіргі кезде Қазақстанда түйелердің бірөркешті (Camelus dromedarius) және екіөркешті (Camelus bactrianus) түрлері өсіріледі.Қазақстан аймағындағы түйелердің бірқатар популяцияларының геномын зерттеу арқылы филогенетикалық сипаттамаларды жапон ғалымы Сайто Наруйаөз әріптестерімен митохондриялық ДНҚ негізінде бастады [2]. Сонымен қатар, DDBJ/EMBL/GenBank Халықаралық нуклеотидтер тізбегі қорында сақталған Солтүстік Америкада өмір сүрген және қазіргі кезде жойылып кеткен Camelops түйелерінің геномымен салыстыру жұмыстары да жүзеге асырылуда.

Аталған тақырып бойынша жоспарланып отырған ғылыми-зерттеу жұмысы осыжапон ғалымдарымен бірлесе отырып Қазақстандағы түйелердің және олардың гибридтерінің геномдық құрылымындағы өзгерістерді анықтау және мүмкіндігінше Орта Азиядағы түйе популяцияларының филогенетикалық ара-қашықтықтарын сипаттау болып отыр. Бұл өз кезегінде Қазақстанда түйе өсірумен айналысатын шаруашылықтарда әртүрлі селекциялық жұмыстарды жүргізуге, түйелердің генетикалық әртүрлілігін және басқа да түйелермен филогенетикалық байланыстарын білуге көмегін тигізеді.

Зерттеу жұмысы барысында Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы бірөркешті және екіөркешті түйелерден жиналған қан үлгілеріненгеномдық ДНҚ молекуласы арнайы реагенттер жиынтығы арқылы бөлініп алынады. Ары қарай бөлініп алынған геномдық ДНҚ молекулаларының сапасы мен концентрациясы спектрофотометриялық және агарозды гель электрофорез әдістерімен тексерілуден өткізіледі. Сапасы анықталған геномдық ДНҚ молекуласы келесі ретте толық геномдық секвенирлеу мақсатында арнайы Oxford Nanopore Technologies компаниясының көлемі өте кішкентай MinIONаппаратын қолдану жоспарланып отыр. Көлемі кішкентай, яғни флеш-жадыға ұқсас бұл аппарат толық автономды жұмыс істеуге қабілетті және жеке компьютердің немесе ноутбуктың көмегімен басқарылады. Аппаратта геномды толық секвенирлеуге керекті барлық элементтер топтастырылған: мысалы, микропотокты жүйе, бірегей сенсор және арнайы электроника. Бұл аппарат арқылы ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтер тізбектері тікелей «оқылады» және жинақталған ақпарат компьютердің жадына сақталады. MinION аппаратына ДНҚ молекуласы толықтай ендіріледі, яғни мұнда ДНҚ молекуласына алдын-ала амплификация жүргізу қажет емес. Бұл секвенирлеу процесін әлдеқайда жеңілдетеді. [3, 4]. Қазіргі кезде аталған секвенирлеу тәсілі кеңінен қолданылмаса да, оның болашақтағы артықшылықтары мен ерекшеліктері секвенирлеуді жылдам, әрі арзан етері сөзсіз.

Әдебиеттер

  1. Huiguang Wu et al. Camelid genomes reveal evolution and adaptation to desert environments // Nature communications, Articlenumber:6107-2014.
  2. SaitouN., Shokat Sh. DNA analyses of camels // Journal of Arid Land Studies. 2017. P.223-226.
  3. Eid J., Fehr A., Gray J., et al Real-Time DNA Sequencing from Single Polymerase Molecules // Science. 2009. Vol.323. P.133-138.
  4. Lu H., Giordano F., Ning Z. Oxford Nanopore MinION Sequencing and Genome Assembly // Genomics, Proteomics, Bioinformatics. 2016. Vol.14(5). P.265-279.
  • Жыл: 2018
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.