Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тиісінше өсіру және жинау қағидасына сәйкес шикізатты дайындау және сақтау технологиясын құрастыру

Түйін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының мәлеметі бойынша алдағы он жыл ішінде дәрімен қамтамасыз етуде өсімдіктерден алынған препараттардың үлесі 60 пайыздан астам болуы мүмкін [1]. Дәрілік өсімдіктер қазіргі кезге дейін әртүрлі дәрілер алынатын шикізаттың негізгі көзі болып табылады. Олардан 40 % -ға жуық дәрілік заттар және препараттар алынады. Осыған орай, өсімдіктердің құрамында биологиялық белсенді заттардың қасиеттерін зерттеу өзекті болып отыр. БАЗ өсімдіктердің барлық бөліктерінде әртүрлі мөлшерде болады. Алайда, олар белгілі бір бөліктерде: тамырларда, сабақтарда, жапырақтарда, жемістерде, тұқымдарда, гүлдерде іріктеп жинақталуы мүмкін. Сондықтан өсімдіктердің осы бөліктерін дайындау маңызды. Өсімдік шикізатын жинау, кептіру және сақтау «Өсімдіктерді жинаудың тиісті тәжірибесіне (GACP)» сәйкес жүзеге асырылады.

Кілт сөздер: Inula Britannica L., GACP стандарты, дәрілік өсімдік шикізаты.

Зерттеу мақсаты: Гүлдену кезеңінде Inula Britannica L. дәрілік өсімдік шикізатын тиісінше өсіру және жинау қағидасына сәйкес шикізатты дайындау.

Материалдар және әдістер. Зерттеу нысаны – Inula Britannica L. дәрілік өсімдік шикізаты. Inula Britannica L. дәрілік өсімдік шикізатын «Тиісінше өсіру және жинау қағидасы (GACP)» талаптарына сәйкес, осы жылдың жазғы мезгілінде гүлдену фазасында жиналды. Дәрілік өсімдік шикізатының идентификациясы Қазақстан Республикасының РММ «Ботаника және фитониринг институтында» жүргізілді. Британ аңдыз (Inula Britannica L.) дәрілік өсімдік шикізатының сыртқы түрі мен гербар үлгісі 1 – суретте көрсетілген. Inula Britannica L. өсімдік шикізаты Ақтөбе

облысының Қарғалы ауданына қарасты Эргезерум және Қос Естек ауылдарынан жиналды. Өсімдіктің жер үсті бөлігін (сабақтары, гүлдері, жапырақтары) жерден 10-20 см биіктікте пышақпен кесіп, шаң және қалдық заттардан тазартылып, сағат 7.00-ден 11.00-ге дейін уақыт регламентінде жиналды. Inula Britannica L шикізаты 30±5°С қоршаған ауа температурасында құрғақ және көлеңкелі орындарда кептірілді. Дәрілік өсімдік шикізатын 10-15 см арақашықтықта жайып, жиі ауыстырылып, кептіру үрдісі жүзеге асырылды. Тиісінше өсіру және жинау қағидасына сәйкес шикізатты дайындаудың технологиялық схемасы құрастырылып, 2-суретте көрсетілді.

Дәрілік өсімдік шикізаты крафт-қағаздан жасалған қаптарға 5 кг-нан буып-түйілді, шикізаттың атауы, дайындау орны, жинау уақыты және массасы көрсетілген таңбалармен белгіленді. Гүлдену фазаларында жиналған Inula Britannica дәрілік өсімдік шикізаты тұтас немесе ішінара ұсақталған кептірілген шөп болып табылады. Шикізатты кептіру рамаларда 18 0С – тан жоғары емес температурада 10-15 см қабатпен орналастыра отырып жүргізу ұсынылады.

Сурет 2 - Британ аңдыз дәрілік өсімдік шикізатын дайындау және кептіру технологиясының
сызбасы.

Қорытынды. «Тиісінше өсіру және жинау қағидасы (GACP)» талаптарына сәйкес, Британ аңдыз (Inula Britannica L.) дәрілік өсімдік шикізатын сақтау, және кептіру, жинау технологиясы құрастырылды.

Әдебиеттер

  1. Адекенов С.М. Будущее за фитохимией //Казахстанская правда. -2004. -30 марта
  2. Георгиевский В.П., Комисаренко Н.Ф., Дмитрук С.Е. Биологически активные вещества лекарственных растений. - Новосибирск, 1990. -С.5.
  3. Исамбаев Ә.И., Рахимава Қ.Д., Егеубаева Р.А. Халық медицинасында пайдалынылатын дәрілік өсімдіктер. - Алматы: Принт, 2000. -200б.
  4. Көкенов М.К.,Әдекенов С.М.,Рақымов К.Д.,Исамбаев И.Ә. және т.б. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылуы. -Алматы: Ғылым, 1988. -286 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.