Аннотация
ДӨШ дайындау – келесі жұмыс кезеңдерінің реттілігі көрсететін үдеріс: жинау, кептіру, стандартты жағдайға келтіру, орау және сақтау. Дайындау процесінің барлық кезеңдерінің мақсаты – шикізаттағы БАЗ кешенін сақтау және НҚ талаптарына жауап беретін стандартты шикізат алу. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан денсаулық сақтау саласының дәрі-дәрмек импортына тәуелділігін төмендету, еліміздің өндірістік қуаттарын, шикізат ресурстарын барынша толық пайдалану өзекті міндет болып табылады. С.Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамында Қазақстан флорасының кейбір өсімдіктеріне ғылыми зерттеулер жүргізіледі [1]. Жаңа отандық дәрілік заттарды жасау аясында Құлқайырлар тұқымдасының Lavatera thuringiaca L. өсімдігіне ғылыми-практикалық қызығушылық туындап отыр. Халық медицинасында қабынуға қарсы, жұмсартқыш, қармаушы, тыныштандырғыш, гемостатикалық, іш өткізгіш құрал ретінде қолданылады [2].
Кілт сөздер: Дәрілік өсімдік шикізаты, Lavatera thuringiaca L., жинау, кептіру.
Зерттеу мақсаты: Гүлдену кезеңінде Lavatera thuringiaca L. дәрілік өсімдік шикізатын дайындау.
Материалдар және әдістер. Зерттеу нысаны – Lavatera thuringiaca L. дәрілік өсімдік шикізаты. Шикізат: өсімдіктің жерасты және жерүсті бөлігі. Lavatera thuringiaca L. дәрілік өсімдік шикізатын «Тиісінше өсіру және жинау қағидасы (GACP)» талаптарына сәйкес, осы жылдың көктем-жазғы кезеңінде гүлдену басталғаннан бастап, жеміс піскенге дейін фазаларда жиналды.
Нәтижесін талқылау. Lavatera thuringiaca L. Қaзaқстaнның бaрлық aймaқтaрындaғы дaлaлы зонaдa, жaйылымдa, бұтaлы тоғaйлaрдa, шоқ ормaндaрдың шеттерінде, жол мaңындa, өзеннің төменгі жерлерінде, көлдердің жaнындa кездесетін тек қана 1 түрі – Тюринген үлбірегі (Lavatera thuringiaca L.) өседі. Lavatera thuringiaca L. өсімдігі бұрынғы КСРО еуропалық бөлігі, Кавказ, Орта Азия, батыс және шығыс Сібір, Орта Еуропа, Жерорта теңізі, Балқан, Кіші Азия, Батыс Қытайдың далалы, шалғынды жерлерде, бұталар арасында, өзен, көл жағалауларында және жол бойында өседі. Бұл өсімдікті теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікте тауда кездеседі [3]. Емдік мақсатта өсімдіктің барлық бөлігі қолданылады: жер үсті бөлігі (жапырақтар, сабақтар, тұқымдар, гүлдер) және тамырлар. Lavatera thuringiaca L. шикізаттарын жинау және дайындауы Aлмaты облысы, Қaрaсaй aудaны, Шaмaлғaн aуылдық округі аумағында «Тиісінше өсіру және жинау қағидасы (GACP)» талаптарына сәйкес жүргізілді. Дәрілік өсімдік шикізатын дайындау гүлдену фазасы кезінде маусым-тамыз айларында жүргізілді. Lavatera thuringiaca L. дәрілік өсімдік шикізаты бөгде шөптер және топырақтың қатты бөлшектерінен, қоқыс, шаң, жәндіктерден тазартылып, толығымен тексеріліп, регламенттелінген уақыт 9.00 - 11.00 сағат аралығында жиналынды. Шөпті ұсақтап, кептіру ашық ауада 26±50С температурасында, жақсы желдетілетін көлеңкелі орында кептірілді [4]. Кептіру процесі кезінде дәрілік өсімдік шикізаты жиі-жиі ауыстырып отырылды. Күлте жапырақтары бозқызғылт түсті. Кептіру кезінде қызғылт бояу көк-күлгін түске ауысады. Кептірілген шикізатты құрғақ орында қағаз қаптамаларда 3 жылдан артық сақтайды [5]. Шикізат толығымен кепкеннен кейін крафт- қағаздан дайындалған қаптарға салынып, шикізаттың атын көрсетіп этикетка жабыстырып, дайындалу орнын, жиналу уақыты мен салмағы көрсетіліп безендірілді [6]. Дәрілік өсімдік шикізатының идентификациясы Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемесі «Ботаника және фитониринг институтында» жүргізілді. Анықтаманың тіркеу нөмірі № 01-08/273.
Lavatera thuringiaca L. дәрілік өсімдік шикізатын дайындау және кептіру технологиялық сызбасы құрастырылды:
Әдебиеттер
- Айдосов А., Жумашева Г.Т. Разработка технологии сбора, заготовки и хранения лекарственного растительного сырья ревеня сердцевидного (RHEUM CORDATUM LOSINSK.) Сборник тезисов «Акановские чтения: актуальные вопросы медицины и здравоохранения» IX международная научно-практическая конференция «Актуальныевопросы общественного здравоохранения» V международной научно-практической конференции студентов и молодых ученых «Наука и медицина: современный взгляд молодежи», Volume 3 | Nо 1 (April - may) | 2018. Стр. 211.
- Грудзинская Л.М., Гемеджиева Н.Г., Нелина Н.В., Каржаубекова Ж.Ж. Аннотированный список лекарственных растений Казахстана: Справочное издание. – Алматы, 2014. – 200 с.
- Флора КСРО, XV том, М.-Л., 1949
- В.Г. Беликов, С.В. Меньков, Л.П. Овчаренко, А.А. Акопов, Л.В. Лигай Сида многолетняя (Sida napaea Cav.)и хатьма тюрингенская (Lavatera thuringiaca l.) – перспективное растительное сырьё. Разработ-ка, исследование и маркетинг новой фармацевтической продукции: сб. науч. тр./под ред. Е.Н. Вергейчика, Н.Н. Каревой / Пятигорская ГФА, Санкт-Петербургская ГХФА. – Пятигорск, 2007. – Вып. 62. – 797 с.
- Руководящие принципы ВОЗ по надлежащей практике культивирования и сбора лекарственных растений. Всемирная организация здравоохранения. – Женева: 2003. – С. 17-24.
- Амирханова А.Ш., Устенова Г.О., Гемеджиева Н.Г., Рамазанова М.С., Жандабаева М.А. Технология заготовки: сбор, сушка и хранение лекарственного растительного сырья остролодочника гладкого (Oxytropis glabra Lam.DC.) Астана медициналық журналы – 2017. – № 4 (94). – Б. 85-89.