Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«covid-19» індеті кезінде өзін оқшаулау мен карантин жағдайында студенттердің тамақтану ерекшеліктері

COVID-19 індеті кезінде тамақтану факторы денсаулыққа қатысты проблемалардың алдын алуда маңызды рөл атқарады. COVID-19 вирустық инфекциясы пандемиясының басында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы карантин және өзін-өзі оқшаулау жағдайында халықтың денсаулығын сақтаудың негізгі факторларының бірі ретінде тамақтану факторын анықтады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жұқпалы емес аурулардың алдын алу және бақылау жөніндегі Еуропалық бюросы маңызды және тиісті ережелер жинағын әзірледі.

Өзін-өзі оқшаулау және карантин кезеңінде барлығы үйде, көбінесе жабық кеңістікте болады. Сонымен бірге адам қоршаған ортаның қолайсыз факторларына тап болады: үй-жайдағы ауаның ластануы, су, тамақ, тұрмыстық токсиканттарды қолдану (ауа бүріккіштері, жуғыш заттар, ыдыстар- ды, едендерді жуу және т.б.), үнемі қорғаныс маскасын кию, физикалық әрекетсіздік жағдайы. Өзін- өзі оқшаулау және карантин кезінде дұрыс тамақтанбауға әкелетін факторлардың ішінде ең маңыздысы тәбеттің бұзылуы немесе көбінесе бір нәрсені жеуге, тоңазытқышты жиі ашу құштарлығымен байланысты тамақтану тәртібі («тоңазытқыш синдромы»), әдеттегі қалыптасқан тамақтанудың өзгеруі жатады[1,2].

Зерттеу жұмысы өзін-өзі оқшаулау және карантин жағдайында болған кіші курс студенттеріне жүргізілді. Арнайы сауалнама дайындалды, сауалнаманың нәтижесін компьютерлік бағдарлама көмегімен бағалап, төмендегі нәтижелерге қол жеткіздік.

«Жұқпа кезінде дұрыс тамақтану қажет пе?» деген сұраққа респонденттердің 92% «ия» деп жауап берсе, «жоқ» деп 6%, ал «білмеймін» деп 2% жауап берді. «Тамақтану тәртібін ұстандыңыз ба?» деген сауалға жауап берушінің 55% 3- рет, 25% - 4-5 рет, 20% - 1 рет тамақтанғандарын мәлімдеді. Осы сұрақтардың негізінде кіші курс студенттерінің басым көпшілігі дұрыс тамақтанудың маңызы және тамақтану тәртібін ұстану арқылы иммунитетті нығайтуға болатыны туралы түсініктерінің бар екенін көрсетіп отыр. Дегенмен де, осы мәселелер төңірегінде коммуникациялық жұмыстарды жүргізу керек екендігін сипаттайды.

«Физикалық жүктеме болды ма?» деген сұраққа оңтайлы жауап бергендер 38% болса, 62% физикалық жүктеменің болмағандығын айтты. «Тәбетіңізде өзгеріс болды ма?» сауалына респонденттердің 45% тәбеті жоғарылағандығын айтса, 35% керісінше төмендегенін, ал 20% өзгеріссіз болғандығын мәлімдеді. «Салмағыңызда өзгеріс болды ма?» сұрағына жауап берушілердің 33% қосқанын, 21% азайғанын, 18% өзгеріссіз қалғанын бяндаса, ал 28% білмейтіндігін білдірді. Нәруыздың көзі ретінде ет, құс етін тұтынғандар -40%, сүт және сүт өнімдерін -26%, бұршақ тұқымдастарды -12% пайдаланса, жұмыртқаны тұтынғандар -15%, балықты тұтыну көрсеткіші 7% құрады. Арнайы дәрумендерді тұтынған респонденттер -75% құрады, соның ішінде С дәруменін тұтыну көрсеткіші – 40% сәйкес келді. Күнделікті судың мөлшерін 2 литрден аса тұтынған студенттердің пайызы – 35% құрады, ал жемістер мен көкөністерді 65% пайдаланған.

Жоғарыда алынған мәліметтерді қорыта келгенде, өзін-өзі оқшаулау және карантин кезіндегі стресстік жағдай, физикалық белсенділіктің төмендеуі, әдеттегі режим мен тамақтану тәртібінің бұзылуы, салмақтың артуы бауырдың және басқа детоксикация мүшелерінің, сонымен бірге ағзаның антитоксикалық белсенділігінің төмендеуіне, иммунитеттің бұзылуына, асқазан-ішек жолдарының жұмысының бұзылуына, созылмалы аурулардың өршуіне әкелуі мүмкін.

Әдебиеттер

1. О рекомендациях ВОЗ по правильному питанию при самоизоляции

https://rospotrebnadzor.ru/about/info/news/news_details.php?ELEMENT_ID=14176

2. Временные методические рекомендации «Профилактика, диагностика и лечение новой коронавирусной инфекции COVID-19». Версия 7 (03.06. 2020 г.) (утв. Министерством здравоохранения РФ).

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.