Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Фармацевт қызметіндегі тиімді коммуникативті дағдыларды зерттеу

Аннотация: Мақалада қазіргі жағдайда фармацевттердің коммуникативті дағдыларын қалыптастыру мен дамытудың негізгі тәсілдері қарастырылады. Дәрілік заттардың айналымы саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар басқа факторлармен қатар жұмысты бірлесіп атқаратын және фармацевтикалық ұйымды басқаруға қатысатын персонал арасындағы қарым-қатынастың өзгеруімен байланысты.

Кілт сөздер: Коммуникативті дағдылар, фармацевтер,фармацевтикалық құзіреттілік.

Өзектілігі: Қарым-қатынас - қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Адам қай салада жұмыс істесе де, не істесе де басқа адамдармен байланыс орнатады. Бұл, әсіресе, адамдармен сөйлеу мәдениеті арқылы тікелей қарым-қатынаста жұмыс істейтін кәсіп иеслеріне провизорларға (фармацевтика саласына) қатысты, олар үшін коммуникативті қарым-қатынас мәдениетін меңгеру өте маңызды, өйткені фармацевтердің жұмыс процесі барлық қатысушыларымен тікелей қарым-қатынаста жүзеге асады.

Мақсат: Бұл жұмыстың мақсаты – психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді теориялық талдау негізінде коммуникативтік құзыреттілік мәселесінің аспектілерін зерттеу және осы мәселе бойынша фармацевттерге әдістемелік ұсыныстар беру.

Зерттеу әдістері: Мазмұны-талдау,әдебиет деректерін талдау негізінде фармацевт – провизорлардың кәсіби коммуникациялық дағдыларының ерекшеліктерін зерттеу жүргізілді.

Талқылаулар мен нәтижелер:Қазіргі таңда дәріхана ұйымының келушілерге көрсететін фармацевтикалық қызметтердің рөлі жыл сайын артып келеді. Фармацевтикалық қызметтің сапасы оның қайда, қалай және кім ұсынғанына байланысты. Анығырақ айтқанда, қызмет сапасы көбінесе фармацевтің кәсібилігіне және ол жұмыс істейтін жағдайларға байланысты болады. Бұл дегеніміз дұрыс ұйымдастырылған фармацевтикалық қызмет, провизордың тиімді коммуникативті дағдыларын меңгеруі, фармацевтикалық ұйымның тиімді жұмысының таптырмас шарттары болып табылады [1].

Қарым-қатынас мәдениеті этика, эстетика, лингвистика, педагогика, риторика және әлеуметтік психология сияқты білім салаларының тоғысында тұр. Дәріхана ұжымында да қарым-қатынастың үш деңгейі бар: бірінші деңгей – фармацевт пен дәріхана келушілері арасындағы байланыс; екінші деңгей – фармацевт пен дәрігер арасындағы байланыс; үшінші деңгей - дәріхана қызметкерлері арасындағы өзара байланыс.

Фармацевт пен пациенттер арасындағы коммуникативті қатынас ережелері [2]:

  1. Әдепті және сыпайы болыңыз.
  2. Ешқашан ашуланбаңыз, эмоцияларыңызды басқара біліңіз.
  3. Анық,байсалды, тұтынушыға жақсы естілетіндей дауыс ырғағымен сөйлеңіз.
  4. Күлімдеңіз. Күлімдеу қарым-қатынасты жандандырады.
  5. Ыңғайлы, гигиеналық және ұқыпты киініңіз. Униформа ұқыпты және әсем, кемшіліктерсіз болуы керек.
  6. Сыртқы сұлулықты мейірімділік пен рухани сұлулық сәулелендіруі керек екенін ұмытпаңыз.

Дәріханада қарым-қатынас кезінде басынан-ақ кедергілер туындауы мүмкін. Мысалы, көбінесе, дәріханаға келушілер қалыпты амандасудан кейін фармацевтің көмегінен бас тартады. Тұтынушының «қажет емес, рахмет, мен өзім көремін», деген сөздері диалогқа түсу мүмкіндігін бірден тоқтатады. Неге мұндай болуы мүмкін? Оның себептері келесідей:

  1. Асығыс орнатылған байланыс. Жаңа жерге бейімделу үшін әр адамға әр түрлі уақыт қажет, орташа есеппен 3-5 минут. Келушінің сөреде тұрған дәрілерді көзімен іздеп тұрғанын байқаған бойда жақындап сұраңыз.
  2. Қашықтықты бұзу. Әр адамның өзіне тән физикалық қашықтығы бар, ол оған басқалармен қарым-қатынас жасау үшін психологиялық тұрғыдан ыңғайлы.Есіңізде болсын: бейтаныс адаммен сөйлесу кезінде арақашықтықты сақтау міндетті.
  3. Тұтынушы өзін өзгелердің алдында ыңғайсыз сезінгенде. Науқас кейбір дәрі-дәрмектерді сатып алу кезінде, айналасындағылардан ыңғайсызданған кезде кеңесшінің көмегінен бас тартуы мүмкін. Мұндай жағдайда фармацевт өзін сабырлы ұстауы, дұрыс сөйлеуі және байсалды болуы өте маңызды[3].

Қорытынды. Қорытындылай келе, тиімді коммуникативті дағдыларының негіздерін үйрену болашақ фармацевтердің фармацевтикалық қызметте тұтынушылармен, әріптестерімен және медициналық мамандармен қарым-қатынас барысында сөйлеу мәдениеті мен этикасы бойынша қажетті білім, білік және практикалық дағдыларды алу мүмкіндіктерін кеңейтеді.

 

Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 14 желтоқсан 2014жыл.
  2. «Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 26 қарашадағы №791 Бұйрығы.
  3. Датхаев У.М., Асимов М.А., Шопабаева А.Р., Шертаева К.Д., Хименко С.В., Умурзахова Г.Ж. – «Коммуникативные навыки фармацевтов» - Учебник. Алматы. – 2015г. 41с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.