Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Вакцинопрофилактиканың мәселелері және кедергілері, көзқарас:әдебиетке шолу

Сандық технологиялардың қазіргі қарқынды дамып келе жатқан әлемінде бұқаралық ақпарат құралдары адамға үлкен әсер етеді. Вакцинацияның дамуымен көптеген инфекциялар екпемен басқарылып, таралу деңгейлері біршама төмендеген. Бірақ соңғы онжылдықтарда интернетте үгіт-насихат жұмыстарын белсенді түрде дамытып келе жатқан вакцинацияға қарсы қозғалыс қарқын алуда, тіпті кейбір шоу-бизнес өкілдері міндетті вакцинацияға қарсы, бұл сөзсіз өз кезегінде қоғамдық пікірге теріс әсер етеді [1]. Вакцинация туралы дәлелсіз теріс пікірдегі мақалаларды азайту бойынша ұсыныстардың бірі – ғаламторда вакцинация туралы жалған ақпаратты анықтау үшін автоматтандырылған бағдарлама құру болды [2].

Соңғы жылдары вакциналарды қолдануға қатысты белгісіздік құбылысы уақыт өте келе әлемнің барлық елдерінде үнемі бақылауды қажет ететін күрделі мәселе болып табылады. Көп мәселе БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жарық көретін жалған ақпараттарға байланысты. 2019 жылдың өзінде Италия азаматтарының 42,8 %-ы вакциналар туралы ақпарат алу үшін ғаламторды пайдаланған. Вакцинация мен аутизм немесе басқа да ауыр жанама әсерлер арасындағы мүмкін байланыс туралы ақпаратты қамтитын 560 YouTube бейнероликтерін талдау көрсеткендей, көптеген бейнероликтер соңғы екі жылда жүктелген кезде теріс пікірге ие болды. Бұл деректер мемлекеттік мекемелер азаматтарға негізделген шешімдерді қабылдауға мүмкіндік беру үшін вакцинация туралы қоғамдық сұрақтарға жан-жақты жауап беретін сенімді ақпарат беретін веб-құрылымдарды құруға белсенді қатысуы керек екендігін негіздейді [3].

Ұлыбритания ғалымдары 2019 жылы 144 елден 10380 вакцинация туралы материалдарға контент-талдау жүргізді. Вакцинация туралы барлық ақпараттың шамамен 1/3 (31%) вакцинацияға теріс қатынасты қамтиды. Вакцинацияға теріс көзқарасы бар 3209 материалдың 24% - ы вакцинация бағдарламаларымен және аурудың өршуімен; 21% - ы вакцинацияның теріс сенімдері мен қабылдануымен, 16% - ы вакциналардың қауіпсіздігімен және 16-сы% - вакцинаны жеткізу бағдарламаларымен байланысты [4].

Қытайда 2014 жылғы желтоқсанда балалар өлімінің он жеті жағдайы және В гепатитіне қарсы вакцинациядан кейін анафилактикалық шоктың бір жағдайы туралы БАҚ-қа хабарлағаннан кейін, вакцинацияға деген сенім деңгейі респонденттерде 85-тен 27% -ға дейін төмендеген, ал вакцинациямен қамту көрсеткіші 18,6% - ға төмендеді, дегенмен, жүргізілген талдау теріс нәтижелердің вакцинациямен байланысының жоқтығын көрсетті [5].

Австралиялық ғалымдардың 2007-2009 жылдар аралығында әйелдердің жатыр мойны обырын скринингке қатысуға деген көзқарасына БАҚ-тың әсері туралы зерттеуі вакцинация және скринингтен өту қажеттілігі туралы нақты және тиімді ақпараты бар теледидардың жақсы дайындалған және мұқият тексерілген жарнамалық науқаны вакцинация көрсеткіштеріне оң әсер еткенін көрсетті [6].

АҚШ-та қызылша, қызамық және паротитке қарсы вакцинаның балалардағы аутизмнің дамуымен байланысы туралы 281 газет мақалалары талданды. Авторлар бұқаралық ақпарат құралдарының жаңалықтары вакцинацияны қолдануға қатысты оң қоғамдық пікір қалыптастыруда маңызды рөл атқарады деген қорытындыға келді [7].

Канадалық ғалымдардың зерттеуі ғаламтордағы вакциналар туралы ақпаратты табу мен ата-аналардың балалардың жұқпалы ауруларға шалдығу қаупін қабылдауы арасындағы байланысты зерттеуге тырысты. Ол үшін талдау екі үлгіде жүргізілді: Facebook арқылы іріктеліп алынған ата-аналар арасында (n=966) және кездейсоқ сандық іріктеліп алынған ата-аналар арасында (n=951). Кіріс деңгейін, ғаламтордың сенімділігін, ата-ананың жасын және аймақты түзеткеннен кейін, ғаламторды пайдаланбаған ата-аналармен салыстырғанда ғаламторды вакцинацияны іздеу үшін пайдаланған ата-аналар үшін вакциналардың қауіпсіздігі 1,6 есе жоғары болған(95% СМ 1.3-2.1). Нәтижелер ғаламтор канадалық ата-аналардың вакцинация қаупін теріс қабылдауымен тікелей байланысты екенін көрсетеді [8].

2014-2015 жылдары Еуропа, Ресей және ТМД елдерінің көпшілігінде қызылшамен сырқаттанушылық тіркелген. Қазақстанда осы кезеңде қызылшаның 573 жағдайына диагноз қойылған. ДДҰ ұсынысы бойынша 2015 жылдың ақпан айында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жасөспірімдерді қызылшаға қарсы вакцинациялау науқанын бастады. БАҚ-та вакцинацияның асқынулары туралы ақпарат пайда болғаннан кейін екпелерді жүргізу тоқтатылды және осы мәселені зерттеу үшін комиссия құрылды. Егуден кейінгі жағымсыз әсерлерге қатысты 399 шағымның 80% - ы теріс ақпаратқа жауап ретінде психоэмоционалдық реакцияларға байланысты екені белгілі болды, бұл ҚР халқының БАҚ-қа деген сенімінің жоғары деңгейін көрсетеді [8].

Түркияда вакцинация міндетті болып табылады, ал балаларға вакцинация ата-аналардың пікірін ескерусіз жасалады, вакцинацияның барлық кезеңдерінде билік қатаң есеп жүргізеді. Италияда, "Лоренцини Заңына" сәйкес, егер сіздің балаңызда қажетті егулердің барлық тізімі туралы анықтама болмаса, ол мемлекеттік немесе жеке болсын, кез-келген балабақшаға немесе мектепке бара алмайды. Сонымен қатар, негізделген медициналық себептері болмаса, ата-аналарға балаларды вакцинациялаудан бас тартуға тыйым салынады. Егер сіз балаңызға уақытында екпе жасатпаған болсаңыз, онда сізге 500 еуро айыппұл төлеуге тура келеді. Францияда да балаларды вакцинациялау міндетті болып табылады. 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін тек үш вакцинация міндетті болса - полиомиелитке, дифтерияға және сіреспеге қарсы, содан кейін оларға тағы сегіз, соның ішінде көк жөтелге, қызылшаға, В гепатитіне, қызамыққа және т.б. вакциналар қосылды. Ал қәзіргі таңда, вакцинация туралы жаңа Заңға сәйкес, балалар ұлттық күнтізбеде көрсетілген барлық 11 міндетті егуді қабылдауы тиіс, әйтпесе олар бірде-бір балабақшаға немесе мектепке қабылданбайды. АҚШ- та да балаларды вакцинациялау міндетті болып табылады. Кейбір штаттарда діни немесе дүниетанымдық себептермен вакцинациядан бас тарту мүмкіндігі бар, бірақ бұл жағдайда сіздің балаңызға мектептер мен балабақшаларға барудан бас тартылуы мүмкін. Австралияда жағдай одан да қатал, онда барлық мектеп пен мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне балалар жоспарға сәйкес егулердің толық тізімін алғаннан кейін ғана бара алады. Сонымен қатар, Жасыл континентте вакцинамен қамтылу деңгейін жоғарылату үшін, 2016 жылы "вакцинациясыз балаға әлеуметтік көмек жоқ" бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарламаға сәйкес, табысы төмен азаматтар вакцинация күнтізбесі бойынша барлық жоспарланған вакциналарды алған жағдайда, отбасына қосымша салық жеңілдіктері мен балаларына әлеуметтік көмек беріледі. Көршілес Ресейде вакцинация күнтізбесіне сәйкес міндетті вакцинацияға РФ барлық азаматтары жатады. 12 жұқпалы аурудың алдын алу жүргізіледі: В гепатиті, дифтерия, көкжөтел, қызылша, эпидемиялық паротит, сіреспе, полиомиелит, қызамық, туберкулез, пневмококк инфекциясы, гемофильдік инфекция (қауіп тобындағы балалар үшін) және тұмау[9].

Қазақстанда республикалық бюджет есебінен В вирустық гепатитіне, В типті гемофильді инфекцияға, дифтерияға, көкжөтелге, қызылшаға, қызамыққа, пневмококкты инфекцияға, полиомиелитке, сіреспеге, туберкулезге және эпидемиялық паротитке қарсы жоспарлы профилактикалық егулер жүргізіледі.

Халықты иммундау жасына сәйкес жүзеге асырылады: өмірдің бірінші – төртінші күнінде, екі, үш, төрт айда, 12-15 айда, бір жарым жас, алты жас, 16 жас және одан әрі әрбір он жыл сайын.

Жоғарыда аталған ауруларға қарсы вакцинация міндетті болып табылады, бірақ екпе балаға жүргізілетін болса, оның ата-анасының ақпараттандырылған келісімімен ғана жүзеге асырылады [10].

Біздің елімізде профилактикалық егуден бас тарту мәселесі әлі де өзекті екендігін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтып өткен болатын. Ағымдағы жылдың қазан айында Мәжілістегі Үкімет сағатында баяндама жасай отырып, Алексей Цой соңғы сегіз жыл ішінде 24976 қазақстандық түрлі ауруларға қарсы жоспарлы вакцинациядан өтуден бас тартқандақтарын баяндады. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 3417 адам егуден бас тартқан.

Егер бұрын вакцинацияға қарсылықтың негізгі себебі - діни көзқарастар болса, қазіргі кезде олардың пікіріне БАҚ пен әлеуметтік желілер әсер етеді. Бұл күндері вакцинация қауіпті және аутизмді немесе басқа ауруларды тудыруы мүмкін деп сенетін адамдар бар.

BBC мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда халықтың жалпы санының шамамен 4% - ы вакцинациялаудың тиімділігіне сенбейтін антиваксерлер бар. Сонымен қатар, халықтың 10% - ы вакцинация баланың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін деп санайды. Вакцинация туралы теріс және жалған ақпарат көп болған жағдайда, адамдардың вакцинацияға деген сенімсіздігі жоғарылайды, - делінген BBC мәліметтерінде.

Қазіргі таңда, ғылыми және медициналық қауымдастықта байланыстың әлсіз болуы немесе жеткіліксіздігі вакцинацияның сенімсіздігіне әсер ететін шешуші фактор болып табылатындығы туралы белсенді талқылау жүргізілуде. Әлеуметтік желі - қазіргі уақытта инфекциялық ауруларға қарсы профилактикалық медицина саласындағы негізгі байланыс арналары болып табылады. Ғаламторда орналастырылған жаңа бейнероликтер желі қолданушыларының назарын аударады, алайда бұл бейнероликтердің көпшілігін осы саланың маманы емес адамдар жасайды және жүктейді, ал ұсынылған ақпарат ғылыми деректерден айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Әлеуметтік желілер инфекциялық ауруларға қатысты қажетсіз алаңдаушылықты күшейте алады. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты жаңа стратегияларды дайындау және қабылдау арқылы, халыққа, инфекциялық аурулар қаупі бар топтарға және сарапшыларға арналған денсаулық сақтау саласындағы жеке ағарту жүйесін құру қажет.

Әдебиеттер

  1. Marchewka A.K, Majewska A, Mlynarczyk G. The activity of antivaccine movement, role of the mass media and influence of religious beliefs on the attitude towards immunization // Postepy Mikrobiologii. - 2015. - Vol.54, №2.
  2. Fadda M., Allam A., Schulz P.J. Arguments and sources on Italian online forums on childhood vaccinations: Results of a content analysis // Vaccine. - 2015. - Vol.33, №51. - Р.7152-7159.
  3. Donzelli G., Palomba G., Federigi I., Aquino F., Cioni L., Verani M., Carducci A., Lopalco P. Misinformation on vaccination: a quantitative analysis of YouTube videos // Hum Vaccin Immunother. - 2018. - Vol.19. - Р.1-18.
  4. Larson H.J., Smith D.M., Paterson P., Cumming M., Eckersberger E., Freifeld C.C., Ghinai I., Jarrett C., Paushter L., Brownstein J.S., Madoff L.C., Measuring vaccine confidence: analysis of data obtained by a media surveillance system used to analyse public concerns about vaccines // The Lancet infectious diseases. - 2013. - Vol. 13(7). - Р. 606-613.
  5. Zuzaka T. J., Zuzak-Siegrista I., Ristb L., Staublia G., Simões-Wüstb A. P. Attitudes towards vaccination: users of complementary and alternative medicine versus non-users // Swiss Med Wkly. - 2008. - Vol.138, №47–48. - Р.713–718.
  6. Mullins R., Coomber K., Broun K., Wakefield M. Promoting cervical screening after introduction of the human papillomavirus vaccine: the effect of repeated mass media campaigns // Journal of medical screening. - 2013. - Vol. 20 (1).
  7. Colgrove J., Bayer R. Could It Happen Here? Vaccine Risk Controversies And The Specter Of Derailment // Health Affairs. - 2005. - Vol.24, №3. - Р. 729-739.
  8. Фельдблюм И.В. Вакцинопрофилактика: теория и практика // Медицина в Кузбассе. - 2013. - T. 12, № 2. - С 21-25.
  9. https://www.kp.kz/daily/27132.3/4220396/ Прививаться нельзя отказаться - KP.Kz.
  10. https://yk-news.kz/news/В-ВКО-из-года-в-год-сотни-родителей-подписывают-отказ-от-плановой-вакцинации-своих-детей.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.