Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ақпараттандыру мен байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың ұғымы жайлы

Компьютерлік ақпарат пен технологиялардың, оның ішінде қылмыстық-құқықтық құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемасы бүгінде əлемнің көптеген дамыған елдеріндегі ең өткір мəселелердің бірі болып табылады. Əсіресе компьютерлерді, олардың жүйелері мен желілерін өнеркəсіп пен бизнесте жиі пайдаланылуда. Кəсіпорындар əртүрлі компьютерлік шабуылдар мен бұзылуларға байланысты үлкен шығындарға ұшырайды. Ғаламдық компьютерлік желі Интернет академиялық ресурстан коммерциялық ортаға айналды, мұнда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жəне дамып келе жатқан қатынастарға ықтимал шабуылдардың алдын алу маңызды болып табылады. Зерттеудің мақсаты отандық жəне шетел заңнамаларымен киберқылмыстардың құқықтық реттелуін қарастыру, терминологиялық мəселелерді шешу болып табылады. Зерттеу нəтижесінде ақпараттық технология саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар ұғымы нақтыланатын болады. Авторлар мақалада елімізде орын алған киберқылмыстылықтың қазіргі күйіне, қауіптілік деңгейіне тоқталған. ҚР ҚК-нің 7-тарауындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың ақпараттық технология салаларын қамтитынын ескере отырып, тараудың атауын өзгерту ұсынылған.

Кіріспе

ХХІ ғасыр жаһандану жəне ақпараттандыру ғасырымен ерекшеленеді. Компьютерлік технологиялар мен байланыс құралдарының қарқынды дамуы бүкіл əлемдегі прогрестің басты қозғалтқышы болды. Адамзат жаңа дəуірге — көрінбейтін мүмкіндіктерді ашатын жаһандық ақпараттық қоғамға аяқ басты. Интернет медицина, көлік, білім беру, өндіріс, банк саласы жəне т.б. болсын, адам өмірінің барлық салаларына еніп кетті [1].

Бұл үрдісті жаңғырту шаралары жөнінде Қазақстан Президенті 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында, сандық технологиялардың көмегімен жаңа индустрияларды дамыту қажеттігі айтылған болатын [2]. Сонымен қатар, 2022 жылға дейінгі киберқауіпсіздік тұжырымдамасын («Қазақстан киберқалқаны») іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді [3].

Қазақстан Республикасы расында да əлемдік қоғамдастықпен ынтымақтаса отырып, экономикалық салада басқа елдермен біршама ілгерілей бастады. Интернет пен цифрлық технологиялардың таралуы жаһандану құрылымын түбегейлі өзгертті жəне өзара іс-қимылдың жаңа арналарын құрды. Өнімді өндіру, тарату құнын төмендететін сандық технологиялар жаһандану процесінде маңызды рөл атқарып отыр. Олардың көмегімен виртуалды қызметтер мен өнімдер жасалатын болды, сондай-ақ нақты тауарларға сұраныс артты.

Əлеуметтік желілер мен əртүрлі интернет-платформаларға келер болсақ, олар ақпарат алмасу мен саудаға арналған негізгі алаңға айналды. Компьютерлендіру шын мəнінде үлкен нəтижелер берді.

Дегенмен де ақпараттық технологияларды пайдалану үрдісі басқа қырынан таныла алды, ол осы салаларға қылмыстық зардаптардың төну қаупін тудырды. Мысалы, ақпаратты технологияны қолданудың бала тəрбиесіне жəне өмірі мен денсаулығына кері əсері байқалды. Бұл жайлы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында: «Бүкіл əлемде адамзаттың, əсіресе жас балалардың интернеттегі ғайбаттаулардың құрбанына айналғанын, сəйкесінше, балаларды кибербуллингтен қорғайтын заңнамалық мəселелерді шешу қажеттілігі туындады», — деп атап көрсетілді [4].

Ақпараттық технология қоғамдық қатынастың түрлі салаларында қылмыстық ізін қалдыра бастады. Нəтижесінде ол азаматтардың, заңды тұлғалардың заңды мүдделері мен құқықтарына, экономиканың өмірлік маңызды салаларын компьютерлендірудің елеулі деңгейіне жеткен кез келген елдің əлеуетті — ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

Деректерге сүйенсек, 2019 жылы Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздікті бұзу бойынша 21 мыңнан астам инцидент анықталған екен. Ботнеттер-кибершабуылмен байланысты 17,7 мың оқиға, фишинг жайлы 883 жағдай тіркелгені белгілі [5].

ҚР аумағында компьютерлік техника мен коммуникация құралдары қол сұғу объектілері ретінде ғана емес, сонымен қатар қылмыстық іс-əрекет құралы ретінде (АҚШ, Канада, Еуропа жəне т.б. елдерде компьютерлік ақпаратқа заңсыз қол жеткізу, электрондық транзакция арқылы ақша қаражатын жымқыру іс-тəжірибеде жиі кездеседі) пайдаланылады [6]. Соңғы уақытта киберқылмыстар жасау, оның ішінде интернет-пайдаланушыларға қатысты алаяқтық жағдайлары да жиілеп кетті. Мысалы, 2020 жылы осындай 14 мың қылмыс, ал ағымдағы жылдың қаңтарында — 1 700-ден астам қылмыс тіркелген [7].

ҚР Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен киберқылмыстардың, соның ішінде интернет- алаяқтықты ашу жəне алдын алу бағытында «Hi-tech» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп, бірнеше күн ішінде аталған құқық бұзушылыққа қатысты 155 факті анықталған. Нақтырақ айтсақ, бұрын жасалған 161 қылмыс ашылған, олардың басым бөлігі интернет-алаяқтық болып табылады. Тексеріс нəтижесінде тауар айналымында тыйым салынған мыңнан астам бірліктер (контрафактілік дискілер, жасырын жазуға арналған техникалық құралдар, лицензияланбаған бағдарламалық жасақтаманың тасымалдаушылары (порнография жəне басқалар) тəркіленген [8].

2019 жылы 50-ге жуық, 2020 жылы — 134 киберинциденттер жайлы хабарламалар тіркелген. Сəйкесінше, Агенттікпен 2019 жылғы 137-мен салыстырғанда 2020 жылы қаржы нарығының субъектілеріне киберқауіпсіздік қатерлері жайлы 350-ден астам ескертулер мен ақпараттық анықтамалар дайындалып жіберілген екен [9].

Байқап отырғанымыздай, киберқылмыстылықпен күрестің өзектілігі күн санап арта түсуде. Сондықтан да Қазақстан Президенті 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында Үкімет пен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне «Қазақстан киберқалқаны» жүйесін қалыптастыру шараларын қабылдауды тапсыруы тектен-тек емес.

Соңғы кездері «Жаһандық киберқауіпсіздік индексінде (Global Cybersecurity Index) Қазақстан өз позициясын жақсарта алды. Қазақстан 2017 жылғы рейтинг бойынша 82-ші, 2019 жылы 42 пунктке — 40-орынға көтерілсе, ал 2020 жылы 36-орынды иеленді» [10].

Киберқылмыстық əрекеттер компьютерлік жүйеге қарсы бағытталады, ал ол өз кезегінде түрлі процестерді ақпараттардың көмегімен басқарып отырады. Киберқылмыскер қарапайым қылмыскер сияқты пышақ немесе атыс қаруы сияқты дəстүрлі қаруды қолданбайды. Ол желіге кіру, бағдарламаны бұзу жəне өзгерту, рұқсатсыз ақпарат алу немесе компьютерлік жүйелердің жұмысын бұғаттайтын құралдарды қолданады. Сонымен қатар, компьютерлік вирустар, бағдарламалық бетбелгілерді, компьютерлік жүйеге рұқсатсыз кіруді неғұрлым тиімді ететін шабуыл түрлері қылмыс қаруының қатарына жатады. Мұндай қылмыс құралдарын анықтау іс-тəжірибеде қиындықтар тудырғандықтан кінəлілердің ақпараттық қылмысқа қатыстылығын дəлелдеу оңай бола бермейді [6].

Расында да компьютерлік қылмыстар өзіндік ерекшелікке ие жəне оның түбі ақпараттық технологиялар саласындағы мамандардың кəсіби ортасымен байланысты [11]. Себебі техникалық байланыс құралдарын кəсіби меңгерген мамандар ғана ақпараттандыру мен байланыс саласында қылмыстық іс-əрекеттерді жасай алады.

Техниканың дамуымен ақпараттық технология саласында қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалу əдістері көз ілеспей жаңарып отыр. Ал теорияда киберқылмыстар саласын құқықтық реттеуде терминологиялық мəселелерді қоса алғанда, бірыңғай көзқарастардың қалыптаспауы себепті ақпараттандыру жəне байланыс салаларындағы қылмыстылықпен күресу мəселелері шиеленіскенді. Ал бұл аталған жағдайлар тақырыптың өзектілігін айқындай түспек.

Əдістер мен материалдар

Зерттеу жұмысының əдіснамалық негізін құбылыстар мен процестерді танудың жалпы ғылыми диалектикалық əдісі, сонымен қатар тарихи құқықтық, салыстырмалы құқықтық, лингвистикалық, формальды логикалық зерттеу əдістері құрайды. Сонымен қатар мазмұнын ашу барысында құқықтық талдау, нақтылау, түсіндіру əдістері қолданылды. Ізденудің теориялық негізін отандық жəне шетелдік ғалымдардың киберқылмысқа қатысты ой пікірлері, ғылыми еңбектері құрады. Зерттеудің эмпирикалық негізі ретінде құқықтық статистикалық деректер танылады. Жұмыста ақпараттандыру жəне байланыс салаларымен байланысты халықаралық актілер, отандық азаматтық жəне қылмыстық заңнамалар негізге алынды.

Талқылаулар

АҚШ-та киберкеңістікті құқықтық қорғау шарасы 1986 жылы АҚШ Конгресі компьютерлерді жəне олардағы ақпаратты қорғауды мақсат еткен арнайы заң — 30 жыл бұрын қабылданған компьютерлік алаяқтық жəне компьютерлік қиянат туралы Заңнан (Computer Fraudand Abuse Actof) басталады екен. Бұл киберкеңістіктегі қатынастарды реттейтін əлемдегі алғашқы ережелер. Яғни бастапқыда теорияларда, заңнамаларда компьютерлік қылмыстар ұғымы қолданысқа ие болды. Мұндағы, компьютерлік қылмыстар — бұл қылмыстық қол сұғушылықтың объектісі компьютерлік ақпарат саналатын қылмыстық заңда қарастырылған əлеуметтік қауіпті əрекеттер. Бұл жағдайда машиналық ақпарат, компьютер, компьютерлік жүйе немесе компьютерлік желі — қылмыстың заты немесе құралы ретінде танылады.

2001 жылы 23 қарашада Будапеште қол қойылған «Компьютерлік ақпарат саласындағы қылмыс туралы» Еуропа Кеңесінің Конвенциясында (ETSN 185) осы саладағы қылмыстарды: компьютерлік деректер мен жүйелердің құпиялылығына, тұтастығына жəне қолжетімділігіне қарсы; компьютерлік құралдарды пайдаланумен жəне авторлық құқықты жəне сабақтас құқықтарды бұзумен байланысты қылмыстар, деп бөлді [12].

Жоғарыда аталған Конвенцияға қатысушы əрбір мемлекеттің киберқылмыстылықпен күрес жөніндегі құзыретті органы істі қарау барысында компьютерлік жүйені, оның тасымалдаушыларын алуға; компьютерлік ақпараттың көшірмесін жасау жəне тəркілеуге; іске қатысты компьютерлік ақпараттардың тұтастығын, сақталуын қамтамасыз етуге; компьютерлік жүйедегі ақпараттарды жоюға немесе бұғаттауға міндеттенеді.

В.А. Дуленко, Р.Р. Мамлеев жəне В.А. Пестриков болса, киберқылмысты кең мағынада компьютерлік құрылғылар арқылы немесе онымен байланысты жасалған кез келген заңсыз əрекет деп санайды [13; 22]. Жалпы алғанда, киберқылмыстарды аталған авторлар əртүрлі ақпараттық желілерде жасалған құқық бұзушылықтармен байланыстырады.

Ал киберқылмыстарды желідегі компьютерлік жүйеге қоса, мобильды байланыс құралдарымен жасалынатын қылмыстар қатарында деп қарайды И.Г. Чекунова [14; 15]. Ғылымда ақпараттардың таралу аумағына назар аударған пікірлер де бар. Г.А. Атаманова «кибераумақ кибер жүйеден тұрады, ал кибержүйе — бұл кибер құрылымдардан, оларды байланыстыратын коммуникациялардан, бағдарламалық жасақтамадан жəне оларда жасалған, өңделетін, берілетін жəне сақталатын ақпараттық объектілерден тұратын жүйенің бір түрі», – дейді [15]. Мұнан түсінетініміз, киберқылмыстар кибержүйеге қылмыстық қол сұғады, яғни аталған қылмыстық іс-əрекеттерден қол сұғатын объекті назарға алынады.

АҚШ Жоғарғы Соты киберкеңістікті «географиялық кеңістікпен» шектемейді, бірақ Интернетке кіру арқылы əлемнің кез келген жерінде барлығына қол жетімді ерекше орта, деп санайды [16].

Ал қоғамдық өмірі жоғары деңгейде компьютерлендірілген елдердің зерттеушілері мен заң шығарушылары жалпы компьютерлік немесе жоғары технологиялық («computer crimes» или «high — tech crimes») деп аталатын қылмыс түрлерін бөліп қарастырды.

Келесі бір еңбекте: «Киберқылмыс» ұғымы (ағылшын тілінде — cybercrime) «компьютерлік қылмыс» (computer crime) ұғымынан кең жəне де ақпараттық кеңістіктегі қылмыс ретінде жаһандық құбылыстың табиғатын сипаттайды. Егер «киберқылмыс» термині компьютерлермен де, ақпараттық технологиялар мен ғаламдық желілерді қолданумен де байланысты болса, онда «компьютерлік қылмыс» ұғымы негізінен электрондық құрылғыларға жəне оларда сақталған деректерге қарсы жасалған қылмыстарға жатады», делінген [17; 148–159]. Бұл пайымдауда автор «ақпараттық технология», «компьютер» жəне «ғаламдық желі» сынды жалпы, жеке ұғымдарды араласып қолданады.

А.В. Суслопаров өзінің диссертациялық ізденісінде қоғамдағы ақпарат пен ақпараттық процестердің маңыздылығының артуына байланысты ақпараттық қылмыстарды анықтау қажет деп есептейді. Мұнда, ақпарат дегеніміз белгілі бір код түріндегі сигналдар арқылы субъектілер арасында берілетін, мақсатты басқару əсерін білдіретін ақпарат болып табылады [18; 8–10]. Сəйкесінше, ғылыми еңбектерден ҚК-тің тарауын «Ақпараттық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар» деп атауды ұстанған пікірді кездестіре аламыз [19; 8,9]. Беларусь ҚК-нің XII-ші тарауы осылай аталған. Ал ондағы қылмыстық нормалар компьютерлік ақпаратқа, компьютерлік жүйе мен байланыс шеңберінде қаралады.

Расында «киберқылмыс» ұғымы «компьютерлік қылмыс» (computer crime) ұғымынан кең. Егер ғаламдық желілерді ақпараттық технология құралдарын пайдалану арқылы ақпараттың алынуы, таралуы, тасымалдануы мүмкін болса, онда киберқылмыстардың жасалу құралы тек компьютермен шектелмейтіні анық.

БҰҰ сарапшыларының «киберқылмыстар» термині компьютерлік жүйе немесе желі арқылы жасалған қылмыстарды, сондай-ақ компьютерлік жүйе немесе желіге қарсы кез келген қылмыстарды білдіреді, деген пайымдауын ескере отырып, «компьютерлік жүйе немесе желі» ұғымдарын ҒТП нəтижесі ретінде «ақпараттық жүйе, ақпараттық-коммуникациялық желі» ұғымдарымен алмастырсақ, онда «киберқылмыстарда» ақпараттық жүйе, ақпараттық-коммуникациялық желі — қылмыстың жасалу құралы, əрі қол сұғылатын қылмыстар бола да алады.

Халықаралық актілердегі, шетел ғалымдарымен берілген киберқылмыстар туралы түсініктермен таныса отырып, олардың өзге қылмыс түрлерінен ерекшелік белгілерін анықтауға мүмкіндік тудырды. Бұл мəліметтер отандық заңнамамен қарастырылған ақпараттандыру жəне байланыс саласындағы қылмыстық іс-əрекеттерді талдау барысында ескерілетін болады.

Енді отандық ақпараттандыру мен байланыс салаларындағы заңнамаларды талдауға көшсек.

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы Қылмыстық кодексінде бұл мəселе экономикалық қылмыстардың қатарында қаралды. Соңғы кездегі ғылыми техникалық прогрестің нəтижесінде зерттеліп отырған қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісінің аясы кеңейді, нəтижесінде ол ақпарат қауіпсіздігімен қатар байланыс жүйесін де қамтитын болды. 1997 жылғы ҚР ҚК-не 2014 жылы енген өзгерістерге сай, бұл қылмыстар жеке тарауға бөлініп шығып (7–1 тарауы ақпараттандыру жəне байланыс саласындағы қылмыстар), экономикалық қызметке қарсы қылмыстар тарауынан кейінгі орынды иеленді. Ал 2014 жылы қабылданған ҚР ҚК-де олардың орны ауысты. Егер ҚК-нің ерекше бөлігіндегі тараулардың орналасу кезектілігі маңыздылығына қарай құрастырылатынын ескерсек, онда соңғы кодексте екі қылмыстық құқық бұзушылықтардың кезектілігімен толық келісеміз.

2014 жылғы ҚК-нің жобасын талқылау кезінде, «Ақпараттық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстылыққа қарсы күресте ең алдыменен егжей-тегжейлі түсініктемелік аппаратты құрудың маңызы зор. Бұл терминдер мен ұғымдар ақпаратты өңдеудің жаңа құралдарына техникалық сипаттама беретін жəне де тасымалдаушы құралдарда сақталып, ақпараттық жүйеде қамтылатын немесе ақпараттық-коммуникациялық желі арқылы беріліп отыратын ақпарат ұғымының мəнін түсіндіретін болады. Құқық қорғау органдары ақпараттық құқықтық қатынастарды реттейтін нормаларды анық түсінбейінше дəлелдеуге жататын мəселелер шеңберін дұрыс анықтай алмайды, одан əрі қылмыстық əрекеттерді дұрыс саралай алмайды» деген пікір айтылған болатын [20].

Бертін келе бұл терминологиялық мəселелер шешімін таба бастады. Мысалы, «ақпараттық қауіпсіздік» ұғымы енгізілген 2012 жылдың 6 қаңтарындағы «Ұлттық қауіпсіздік туралы» ҚР Заңында, ҚР ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасында Қазақстандық заңнамамен рұқсат етілмеген ақпаратты қабылдау, беру жəне жинақтауды санкцияланбаған қолжетімділіктен техникалық құралдармен қорғау мəселесінің ерекше өзектілігін атап өтті.

Ал Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңында «автоматтандыру» ұғымына түсінік берілді жəне ақпараттандыру субъектілері нақтыланды [21]. Келесі «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «байланыс» ұғымы ашылды [22].

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, ақпараттандыру мен байланыс салаларындағы қылмыстық іс- əрекеттер ҚК-нің 7-тарауында бірге қаралатын болды, оның себебін соңғы заңда «байланыс» ұғымына берілген түсініктемеден іздей аламыз. Онда ақпаратты жинау, өңдеу, тарату шаралары «байланыс» ұғымымен қамтылады. Десе де мұндағы «байланыс» ұғымы тек «ақпаратпен» шектелінбейді, оған «пошта жəне арнаулы жөнелтілім, пошталық ақша аударым» да кіреді. Бірақ та соңғыларға қатысты қылмыстық іс-əрекеттер ақпараттандыру жəне байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар ұғымымен қарастырылмайды.

«Ақпараттық технология — есептеу техникасы құралдарын қолдану негізінде ақпаратты жинау, сақтау, жинақтау, іздеу, өңдеу сынды өзара байланысты əдістері мен тəсілдерінің жүйесі. Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты адамның талдауы үшін ақпарат шығару жəне оның негізінде кез келген əрекетті (басқару шешімін) орындау туралы шешім қабылдау болып табылады.

It–дың ерекшелігі сол, оның еңбек заты мен еңбек өнімі — ақпарат, ал еңбек құралдары — есептеу техникасы мен байланыс құралдары деп танылады» [23].

Ақпараттық технология құралдары деп, əдетте компьютерлік техника түрін айтамыз, онымен ақпараттарды іздеуге, өңдеуге, таратуға болады. Ол тапсырмаларды тез жəне жеңіл орындау мүмкіндігіне ие. Олардың есептеуіш-ақпараттарды жинап, өңдейтін автоматтандырылған құрылғы, тапсырмаларды техникалық тұрғыдан орындайтын жабдық, байланыс техникасы (ноутбуктер, компьютерлер жəне т.б.) сынды түрлері бар [24].

Егер ақпараттандыру қызметі ақпараттық технологияның көмегімен жүзеге асырылатындығын, ал соңғысына байланыс техникасының кіретіндігін ескерсек, онда ҚР ҚК-нің 7-тарауындағы «ақпараттандыру мен байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар» ұғымының орнына «ақпараттық технология саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар» ұғымын қолданған дұрыс деп есептейміз.

Нəтижелер

Бұл ұғымның заңнамамен нақтыланбауы əдетте, іс-тəжірибеде қылмыстық іс-əрекеттерді саралауда жиі қиындықтар тудырып жатады. Сондықтан да ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар ұғымын нақтылау ұқсас қылмыстық іс-əрекеттерден ажыратуға зор мүмкіндік берер еді, деп есептейміз.

Мемлекет теориясында құқық бұзушылық, қылмыс ұғымдарына түсінік бергенде əдетте, құқыққа қайшылық, қоғамға қауіптілік (дəрежесі), кінəлілік жəне қылмыстық іс-əрекеттің қылмыстық заңдағы жазалау қатерімен тыйым салынуы сынды белгілер ескерілу керектігі айтылады.

ҚР ҚК-де қылмыстық құқық бұзушылық ұғымына түсінік берілмейді, бірақ қылмыстық теріс қылық, қылмыс ұғымдары ашылған. Ондағы анықтамаларда соңғы екі ұғым жаза түрімен ерекшеленеді. Егер жаза үкім шығару кезінде белгіленетін мəжбүрлеу шарасы болса, онда қылмыстық істі сотқа дейін тергеп-тексеруде оның көмегімен қылмыс пен қылмыстық теріс қылықты қалай ажыратуға болады екен, деген сауал туындары анық. Сондықтан зерттеліп отырған қылмыстық құқық бұзушылығымыз ең алдыменен нақты қол сұғылатын объектісімен жəне қылмыстық құралымен, тəсілімен ерекшеленгені дұрыс.

Жоғарыда айтылған ғалымдардың пікірлерін жəне қылмыстық құқық бұзушылықтарға тəн белгілерді ескеріп, мынадай анықтама береміз:

Ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар деп ақпараттық қауіпсіздікке қол сұғатын, ақпараттық ықпал ету тəсілімен жасалынатын немесе (жəне) қылмыстық құқық бұзушылық затты тасымалдаушы құралдарда сақталатын, ақпараттық жүйеде қамтылған немесе ақпараттық-коммуникациялық желі арқылы берілетін материалдық емес нысандағы ақпарат саналатын, қылмыстық жазалану қатерімен тыйым салынған, қоғамға қауіпті не (немесе) қоғамға зор қауіп төндірмейтін, жеке адамға, ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке болмашы зиян келтірген не зиян келтіру қатерін туғызған айыпты жасалған іс-əрекет (əрекет не əрекетсіздік) танылады.

Қорытынды

Авторлар мынадай қорытынды жасайды:

  1. Қазақстанда соңғы уақытта ақпараттық технология саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар саны өсіп, оның қоғамға қауіптілігі артып отыр.
  2. Қоғамда ақпараттандыру жəне байланыс шаралары ақпараттық технологиялар арқылы қамтамасыз етіледі. Ақпараттық технология — бұл ақпараттар ізделетін, өңделетін жəне берілетін, компьютерлік техниканың түрлері. Ақпараттық технология тек ақпараттандыруды ғана емес, байланысты қамтамасыз ететін құрал.
  3. ҚР ҚК-нің 7-тарауымен қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықтар тұтастай ақпараттық технологиялар саласына қолсұғатындықтан аталған тарауды («ақпараттандыру мен байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар» деп аталатын) «Ақпараттық технология саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар» деп атаған жөн.
  4. «Ақпараттық технология саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар» ұғымына берілген түсінік қылмыстық іс-əрекеттерді дұрыс саралауға мүмкіндік береді.

Əдебиеттер тізімі

  1. Смагулов А.А. «Киберщит» и «кибермеч» / А.А. Смагулов // Федерации. [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://www.parlam. kz/ru/blogs/smagylov/Details/4/41406.
  2. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бəсекеге қабілеттілік». Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2017 жылғы 31 қаңтар [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі:https://www.akorda.kz/kz/ addresses/addresses_of_president/memleket-basshysy-nnazarbaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy-2017-zhylgy-31-kantar.
  3. 2022 жылға дейінгі киберқауіпсіздік тұжырымдамасын («Қазақстан киберқалқаны») іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 қазандағы № 676 қаулысы) [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі:http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1700000676
  4. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс- қимыл кезеңі». 2020 жылғы 1 қыркүйек [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: https://www.akorda.kz/kz/addresses/addresses_of_president /memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-kazakstan-halkyna- zholdauy-2020-zhylgy-1-kyrkuiek.
  5. В Казахстане выявили более 21 тысячи инцидентов по нарушению информационной безопасности. К 2021 году глобальный ущерб от киберпреступности достигнет шести триллионов долларов США / Редакция «Литер». — Федерации [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://liter.kz/v-kazahstane-za-2019-god-bylo-vyyavleno-bolee-21-tysyachi-inczidentov-po- narusheniyu-informaczionnoj-bezopasnosti/ Дата пупликации: 31 января 2020.
  6. Аратулы К. Современные взгляды на некоторые аспекты киберпреступлений / К.Аратулы // Федерации [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://articlekz.com/article/9662
  7. Случаи совершения киберпреступлений участились в Казахстане. 15 февраля 2021 12:29 // Федерации [Электронный ресурс]. — Режим доступа: inform.kz https://www.inform.kz/ru/sluchai-soversheniya-kiberprestupleniy-uchastilis-v-kazahstane_a3753267.
  8. 155 правонарушений в сфере кибербезопасности. 9 ноября 2020 11:28 // Федерации [Электронный ресурс]. — Режим доступа: inform.kz https://www.inform.kz/ru/155-kiberprestupleniy-vyyavili-v-kazahstane_a3716257.
  9. Кутубаева А. Банки Казахстана будут сами раскрывать киберпреступления. Такой подход будет эффективнее защищать финансовые данные казахстанцев / А. Кутубаева // Федерации [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://liter.kz/ 7 октября, 2020.
  10. Жандыбаев К. Как равивается кибербезопасность Казахстана // strategy2050.kz // Федерации [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://strategy2050.kz/ru/news/kak-razvivaetsya-kiberbezopasnost-kazakhstana/
  11. Николаев Д. К вопросу о понятии компьютерных преступлений / Д.Николаев // Федерации [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://articlekz.com/article/20758.
  12. Конвенция о компьютерных преступлениях (Конвенция совета Европы о киберпреступности, Convention on Cybercrime CETS № 185) (Будапешт, 23 ноября 2001г. Вступила в силу 1 июля 2004 года. Дополнительный протокол к ней, касающийся криминализации актов расистского и ксенофобского характера, совершенных через компьютерные системы (ETS № 189). Вступил в силу 1 марта 2006 года // Федерации [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://online.zakon.kz/Document/? doc_id=30170556 #pos=6;-60.
  13. Дуленко В.А. Использование высоких технологий криминальной средой. Борьба с преступлениями в сфере компьютерной информации: учеб. пос. / В.А. Дуленко, Р.Р. Мамлеев, В.А. Пестриков. — Уфа: УЮИ МВД России, 2007. — 256 с.
  14. Чекунов И.Г. Современные киберугрозы. Уголовно-правовая и криминологическая классификация и квалификация киберпреступлений / И.Г. Чекунов // Право и кибербезопасность. — М.: Юрист, 2012. — С. 9–22.
  15. Атаманов Г.А. Комментарий к проекту Концепции Стратегии кибербезопасности Российской Федерации, размещённому на сайте Совета Федерации [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://council.gov.ru/press- center/discussions/38324/ (дата обращения: 28.09.2014).
  16. Савельев Д. Некоторые проблемы международного права телекоммуникаций / Д. Савельев // Международное право. 2006 [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://russianlaw.net/ (дата обращения 21.09.2014).
  17. Номоконов В.А. Киберпреступность: проблемы борьбы и прогнозы / В.А. Номоконов, Т.Л. Тропина // Библиотека криминалиста. 2013. — С. 148–159.
  18. Суслопаров А.В. Информационные преступления: автореф канд. юрид. наук / А.В. Суслопаров. — Красноярск, 2008. — 24 с.
  19. Маляров А.И. Уголовно-правовые и криминологические аспекты международного сотрудничества в сфере защиты электронно-цифровой информации: автореф канд. юрид. наук / А.И. Маляров. — Краснодар, 2008. — 27 с.
  20. Лоскутов И.Ю. Преступления в сфере информационных технологий в проекте новой редакции Уголовного кодекса Республики Казахстан / И.Ю. Лоскутов. — Федерации [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://online.zakon.kz/Document/? doc_id=31254918&resp= 31254918&status = 0&excludeArcBuh=0#pos=4;-98&doclist_pos=0.
  21. «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V Заңы (2021.02.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі:http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000418/z150418.htm.
  22. Байланыс туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567-II Заңы (2020.02.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі:http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z040000567_
  23. Понятие информационной технологии (ИТ): определение, основные принципы и инструментарий // Федерации [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://cde.osu.ru/courses2/course157/ text/1.2.html.
  24. Что такое информационные технологии — понятие, классификация и этапы развития // Федерации [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://ktonanovenkogo.ru/voprosy-i-otvety/informacionnye-tekhnologii-chto-ehto-takoe.html. Дата публикации: 1 января 2021.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.