Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шаруашылық немесе өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзуда қылмыстың құрамын саралаудың ерекшеліктері

Мақалада экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтардың бір түрі шаруашылық немесе өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзу қылмысының құрамын саралаудың ерекшеліктері қаралған. Аталмыш қылмыс тəжірибеде өте сирек кездеседі, мұны осы қылмыстың құрамына байланысты сот тəжірибесінде кездеспеуінен аңғаруға болады. Мұның себептері де жоқ емес. Мұндағы басты себеп бұл қылмыс еліміз бойынша мүлдем жасалмайды дегенде емес. Керісінше оның құрамын саралау, жасалған қоғамға қауіпті іс-əрекетті қылмыс деп тануға мүмкіндік беретін теориялық зерттеулердің аздығы, нəтижесінде қылмыспен күрестегі органдардың осы қылмыс тұрғысындағы біліктерінің болмауынан деп білеміз. Зерттеудің мақсаты ҚР Қылмыстық кодексінің 324-бабында қаралған қылмыстың құрамын саралаудағы ерекшеліктер мен қиындықтарды анықтау, оны шешудің жолдарын қарастыру, сол арқылы қылмыстың ашылуын қамтамасыз ету. Мақалада Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 324-бабының құрамын саралаудағы қиындықтың ең алғашқысы оның объектісін анықтау екені көрсетілген. Оның басты себебі, норманың бланкеттік болуы. Қылмысты жасауда субъект шаруашылық жəне өзге де қызметті жүргізуде қоршаған ортаны қорғаудың талаптарына қол сұғады, мұндай талаптар ҚР Экологиялық кодексінде жəне өзге де қоршаған ортаны қорғауға арналған жер, су, жер қойнауы туралы заңнамаларда жеке-жеке бекітілген. Ғылыми зерттеудің статистикалық, талдау мен синтездеу сияқты əдістерін пайдалана отырып, қылмыстың құрамы сараланды. Жасалған зерттеулердің нəтижесінде шаруашылық немесе өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзу қылмысының құрамын саралаудың негізгі сəттері, қылмысты тергеудегі қажетті білімдер мен дағдылар анықталды.

Кіріспе

Шаруашылық жəне өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзу нəтижесінде туындайтын қылмыстар туралы тəжірибелік материалдарды кездестіру қиын. Зерттеу барысында анықтағанымыздай шаруашылық жəне өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзу құқықтық статистикасы бар, алайда бұл қылмыс үшін жауаптылыққа тартылғандардың саны жоқтың қасы екенін көрсетті.

Шаруашылық не өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзу қылмысы (ҚР ҚК- ның 324-бабы) 2008–2017 жылдар аралығында елімізде тіркелген. Оған сəйкес аталмыш қылмыс бойынша сотталғандардың саны — 1 (2008 жыл), тіркелген қылмыстардың саны — 29, 2008–2017 жылдар аралығында осы қылмыс бойынша — 91 іс бойынша қылмыстық қудалау тоқтатылған, қылмыстың субъектісінің анықталмауына байланысты 15 іс тоқтатылған, қылмыс бойынша аяқталған қылмыстық істер — 13 (1-кесте) [1].

Кесте 1

Жылдар

Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны

Қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық қудалау тоқтатылған

Қылмыстық іс бойынша сот ісін жүргізу тоқтатыла тұрған қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны

Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның анықталмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатыла тұрған қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны

Қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша аяқталған қылмыстық істер саны

Қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша бойынша сотқа жіберілген қылмыстық істер саны

Сотталғандар

2008

1

-

-

-

-

-

1

2009

-

-

-

-

-

-

-

2010

-

-

-

-

-

-

-

2011

3

2

-

1

-

-

-

2012

-

-

-

-

-

-

-

2013

3

2

-

1

-

-

-

2014

3

1

-

1

1

-

-

2015

5

41

-

2

2

-

-

2016

9

33

-

6

6

-

-

2017

5

12

-

4

4

-

-

Барлығы

29

91

-

15

13

-

1

Аталмыш қылмыс бойынша құқықтық статистика мен жауапкершілікке тарту көрсеткішінің өте аз болуының басты себебі қылмыс құрамын саралау мен іс-əрекетті қылмыстық іс-əрекет деп тануға мүмкіндік беретін теориялық зерттеулердің аздығынан жəне соның нəтижесінде қылмыспен күрес органдары қызметкерлерінің теориялық, тəжірибелік дағдылары мен біліктерінің болмауынан деп білеміз.

Сонымен қатар, мұндай қылмыстар бойынша қылмыстық істердің сирек кездесуін оның құрамының материалдық құрам екендігінен көреміз. Қылмыстың құрамы бар деп саналуы үшін кем дегенде ірі залал, яғни 1000 АЕК көлемінде қоршаған ортаға залал келтіруді талап етеді. АЕК көлемінің жоғары жəне оның мөлшерінің жыл сайын өсетінен ескерсек, статистиканың болмауына таң қалудың да қажеті жоқ деп есептейміз. Бұған қарамастан еліміздің қоршаған ортасы ластануы артып келеді жəне ол табиғи ресурстарды пайдалану, кəсіпорындарды орналастыруда келтірілетін залал нəтижесінде болып отырғаны анық.

Қоршаған ортаның басқа да жағымсыз əсерлері сияқты қоршаған ортаның ластануы адамның шаруашылық іс-əрекеті процесінде пайда болады. Қалай болғанда да, тұрғын немесе өндірістік ғимараттар салуда, коммуникациялар жүргізуде, өндірістік кəсіпорындардың жұмыс істеуі барысында, тасымалдау, егін алқабын агрохимиялық өңдеу кезінде қоршаған ортаға əсер етпей қоймайды, алайда мұндай əсерден болатын зиянды азайтпай болмайды.

Сондықтан да, заңнамада қоршаған ортаны шаруашылық немесе басқа да қызметтер (өзге де қызмет — бұл тұрмыстық, тұтынушылық қызметтер, оның нəтижесінде көп мөлшерде қалдықтар пайда болады, сондай-ақ бұл ғылыми қызмет, себебі ол көбінесе ядролық не басқа да сынақтармен байланысты болып келеді жəне де бұл қорғаныс кешенінің шаруашылық қызметі) процесінде келтірілетін зияннан қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. Заңда белгіленген экономикалық реттеу əдістері, қоршаған ортаға əсер етудің нормативтері, экологиялық мониторинг, экологиялық бақылау жүргізу, тұрғындардың экологиялық мəдениетін қалыптастыру жəне де құқық бұзушыларға жауапкершілік шараларын қолдану осы мақсатқа қызмет етеді.

Жоғарыдағылардың негізінде, ҚР Қылмыстық кодексінің 324-бабында қаралған қылмыстың құрамын саралаудағы ерекшеліктер мен қиындықтарды анықтау, оны шешудің жолдарын қарастыру, сол арқылы қылмыстың ашылуын қамтамасыз ету зерттеудің мақсаты ретінде алынды.

Шаруашылық жəне басқа да қызметті жүргізуде қоршаған ортаны қорғаудың талаптары 2007 жылғы 9 қаңтарда қабылданған № 212 Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 8- бөлімінде қарастырылады [2]. Бұл талаптарды шартты түрде төмендегідей бөліп қарастыруға болады:

  1. шаруашылық жəне басқа қызметтерге қойылатын жалпы талаптар;
  2. жекелеген шаруашылық салаларына ерекше талаптар;
  3. қауіпті заттармен жұмыс істеу жəне олардың айналымына қойылатын талаптар;
  4. қалдықтармен жұмыс жасау жəне олардың айналымына қойылатын талаптар.

Жоғарыда көрсетілген шаруашылық не өзге де қызметті жүргізуге қойылатын экологиялық заңнаманың жалпы талаптарын бұзу 2014 жылғы 3 шілдедегі № 226-V Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 324-бабының құрамында қаралған [3]. Сəйкесінше, зерттеу жұмысымыздың негізгі міндеттері ретінде:

  1. қылмыстың құрамын анықтауда жоғарыда көрсетілген талаптардың мазмұнын ашу;
  2. қылмыстың объектісін анықтаудағы ерекшеліктерге тоқталу;
  3. қылмыстық іс-əрекет ретінде танылатын əрекет немесе əрекетсіздікті талдау;
  4. аталмыш қылмыс субъектісі белгілерін қарастыру;
  5. субъективтік жағының өзге экологиялық қылмыстардан ерекшелігін зерделеу алынды.

Шаруашылық немесе өзге де қызметті жүргізуге қойылатын экологиялық талаптарды бұзу қылмысын зерттей келе, қазақстандық заңгер ғалымдар тарапынан бұл тақырыптардағы зерттеудің аз екендігін байқалды. Шаруашылық жəне басқа да қызметті жүргізуде қоршаған ортаны қорғаудың талаптары туралы экологиялық құқық саласы бағытында С.Т. Культелеев [4], Ə.Стамқұлұлы [5] сынды ғалымдардың зерттеулері, ал қылмыстық құқық саласында А.Н. Ағыбаев, И.Ш. Борчашвилидің еңбектерінде көрініс тапқан. Алайда, аталмыш зерттеулерде осы қылмысты саралаудың жекелеген ерекшеліктеріне егжей-тегжейлі тоқталмаған.

Əдістер мен қолданылған материалдар

Мақаланы жазуда шаруашылық не өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзу қылмысының қоғамда кездесуін қарастыруда статистикалық əдістер, қылмыстың құрамын саралауда, оның хронологиясын қалыптастыруда талдау мен синтездеу, ғылыми зерттеу əдістері қолданылды. Статистикалық материалдарда ҚР Əділет министрлігінің Қазақстан Республикасының Заңнама жəне құқықтық ақпарат институтымен жүргізілген «Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мəселелері» тақырыбындағы іргелі жəне қолданбалы ғылыми зерттеулерінің мəліметтері пайдаланылды. Сонымен қатар, қазақстандық ғалымдар А.Н. Ағыбаев, И.Ш. Борчашвилидің, ресейлік ғалымдар С.А. Боголюбов, М.М. Бринчуктың еңбектері зерделенді.

Нəтижелер

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 10-бабы қылмыстық құқық бұзушылықтың қылмыс жəне қылмыстық теріс қылық сияқты түрлерінің ұғымдарын қарастырған. Қолданыстағы Қылмыстық кодекстің 324-бабын жоғарыда аталған 10-баптың нормаларына сəйкес талдайтын болсақ, қоғамға қауіптілік дəрежесіне қарай қылмыс болып табылатынын байқауға болады. Себебі, 324-баптың құрамына сəйкес шаруашылық немесе басқа да қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзу ірі залалға немесе адамның денсаулығына зиян келтіруі тиіс [3]. Бұдан байқайтынымыз, қоғамға қауіптілік дəрежесіне қарай шаруашылық не өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзу қоғамға қауіпті іс-əрекет ретінде болмашы ғана зиян алып келмейді, ірі залалға алып келуі тиіс. Сонда ғана ол қылмыс деп танылып, ҚР Қылмыстық кодексінің 324-бабының құрамында қаралған қоғамға қауіпті іс-əрекетті құрайды. Сонымен қатар, жазаланушылығына қарай да 324-бапты қылмыс деп танимыз. Мұндағы шаруашылық немесе өзге де қызметтерге қойылатын экологиялық талаптарды бұза отырып, ірі залал немесе адам денсаулығына зиян келтіргені үшін 3 мың АЕК мөлшерінде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, бас бостандығын шектеуге, бас бостандығынан айыруға жазаланады. Көзделген жазалар ҚР Қылмыстық кодексінің 40-бабының 2-тармағына сəйкес қылмыс жасағаны үшін кінəлі деп танылатын адамға тағайындалатын жазалар болып табылады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 11-бабына сəйкес қылмыстар сипаты жəне қоғамға қауіптілік дəрежесіне қарай онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр жəне аса ауыр болып бөлінеді. Біз қарастырып отырған, ҚР ҚК-ның 324-бабының 1-бөлігі санатына қарай ауырлығы орташа қылмыс болып табылады. Себебі, қылмыс кінəнің қасақана нысанында жасалады жəне ол үшін 3 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді. ҚР ҚК-ның 324-бабының 2-бөлігі ауырлататын құрам болғандықтан (аса ірі залал келтіреді, адам өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына алып келуі тиіс) 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырыла отырып, ауыр қылмыс ретінде танылған.

2014 жылғы 3 шілдедегі № 226-V Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 324- бабының құрамын төмендегідей мысалды саралай отырып қарастырайық. «Қазақстан» телеарнасының Батыс Қазақстандағы тілшісінің хабарлауынша «Мұнай Автотранс» ЖШС-ның директоры А. Жахановтың бұйрығымен бұрғылау қалдықтары 2010–2012 жылдар аралығында елді мекендердің маңына төгіліп келген. Бұл «Рожков» кен орнын бұрғылау кезінде пайда болған зиянды заттар. Салдарынан қоршаған ортаға 911 млн-нан астам шығын келтірген [6].

Шаруашылық не өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзу қылмысының құрамын анықтаудағы ең басты ауыртпашылықтар оның объектісін анықтауда көрінеді. ҚР ҚК-ның 324-бабында қаралған қылмыстың тікелей объектісі болып шаруашылық не өзге де қызметтерге қойылатын жалпы экологиялық талаптарды қамтамасыз етумен байланысты қоғамдық қатынастарды атаймыз [7; 313]. Дəлірек айтсақ, жоғарыдағы мысал ретінде алынған хабарламадағы қылмыскер А. Жаханов 2007 жылғы 9 қаңтарда қабылданған № 212 Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 288-бабында қаралған мұнай өнеркəсібі қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі жалпы экологиялық талаптарды орындаумен қорғалатын экологиялық қатынастарға қол сұққан. Оған сəйкес А. Жаханов мұнай бұрғылау нəтижесінде пайда болған қалдықтарды қоршаған ортаға зияны келмейтіндей етіп көмудің не оларды кəдеге жаратудың (қалдықсыз өнеркəсіп), қайта өңдеудің, немесе қауіпсіз жоюдың іс-шараларын қабылдауы қажет еді. Алайда «Мұнай автотранс» ЖШС-ның лауазымды тұлғасы бола отырып А. Жаханов мұндай міндеттерді орындамаған. Бұл өз кезегінде мұнай қалдықтары төгілген елді мекендердің тұрғындарының қолайлы қоршаған ортада өмір сүру құқығын бұзған, сол арқылы мемлекеттің экологиялық қауіпсіздігіне қол сұққан. Қылмыстың заты деп қоршаған ортаға келтірген аса ірі залалды атаймыз.

Объективтік жағы төмендегідей міндетті белгілермен сипатталады:

  1. 324-баптың диспозициясында қаралған қызметтердің біреуін болса да жүзеге асыру барысында экологиялық талаптарды бұзуға алып келген іс-əрекет (əрекет немесе əрекетсіздік). Бұл мынандай қызметтер болуы мүмкін: табиғи ресурстарды пайдалану, кəсіпорындарды, құрылысты не өзге де объектілерді жобалау, оларды орналастыру, салу не реконструкциялау, пайдалануға беру, не пайдалану, өнеркəсіп, энергетика, сондай-ақ көлік не байланыс объектілері, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жəне де мелиорация объектілерін пайдалану, қалалар мен өзге де елді мекендерді салу кезінде əскери не қорғаныс объектілері, ғарыш қызметі т.б. Іс-əрекеттің аралас нысанында көбірек кездесуі мүмкін. Экологиялық қауіпсіздік талаптарын бұзуда жасалған əрекеттер мен тікелей жасалған тыйымдарды немесе талаптардағы нұсқауларды орындамаудағы əрекетсіздік. Жоғарыдағы мысалға сəйкес «Мұнай Автотранс» ЖШС-ның директоры А. Жаханов мұнай өнеркəсібі шаруашылығы қызметі барысында пайда болатын қалдықтарды сақтауда экологиялық жəне санитарлық талаптарды сақтамай, елді мекендер аумағына төгуге бұйрық беру арқылы əрекет (əрекетті алдын ала жоспарлайды, қалдықтарды төгетін орындарды алдын ала белгілейді, елді мекен аумақтарына төгуге бұйрық береді) жасаса, оларды кəдеге жарату мен қайта өңдеуде, қауіпсіз жоюдың іс-шараларын қарастырмау (арнайы полигондар салуды жоспарлау, оны оған қаражат бөлу, оны салу мен қалдықтарды қауіпсіз жою жөніндегі міндеттерді орындамау) арқылы əрекетсіздік танытқан;

ə) қоршаған ортаға алып келген не алып келуі мүмкін кем дегенде ірі залалмен (2-бөлігінде аса ірі залал) немесе адамның денсаулығына зиян (жеңіл не орта, тіпті ауыр болғанының ешқайсысы маңызды емес) келтірумен, сондай-ақ адамның өліміне алып келуімен, не адамдардың жаппай сырқаттануымен көрініс табатын қоғамға қауіпті зардап. Мысалға сəйкес заңды тұлғаның директоры А. Жаханов қоршаған ортаға 911 млн көлемінде залал келтірген. Бұл ҚР ҚК-ның 3-бабы 3-тармағына сəйкес 20000 АЕК-тен жоғары болғандықтан аса ірі залал деп есептеледі. Сондықтан да, «Мұнай Автотранс» ЖШС-ның директоры А. Жахановтың іс-əрекеті ҚР ҚК-ның 324-бабы 2-тармағына сəйкес сараланады. «Біз қарастырып отырған қылмыс бойынша істердің қозғалып аяғына дейін жеткізілмеуінің де басты себебінің бірі осы қылмыс құрамының материалды болуында» [8; 296], – деп көрсеткен ресейлік авторлардың пікірімен келісеміз.

Бұл қылмысты тергеуде қызметкердің шаруашылық қызметке қойылатын экологиялық талаптарды білуі, оны сақтамаудың салдарынан келтірілген зиян мөлшерін есепке алу мен анықтауда қажетті сараптамаларды тағайындаудағы біліктерінің болуына тікелей байланысты. Жоғарыдағы статистикаға сүйенсек, 2017 жылы ҚР ҚК 324-бабы бойынша 12 қылмыстық іс тоқтатылған, 4 қылмыстық іс оның субъектісі анықталмауына байланысты тоқтатылған, 4 қылмыстық іс аяқталған, алайда зардап мөлшерінің жеткіліксіздігіне байланысты қылмыстық жауаптылыққа тартылмаған.

  1. 324-баптың диспозициясында көзделген қызметтерді жүзеге асыру барысында экологиялық талаптарды бұзуға алып келген іс-əрекет пен орнаған қоғамға қауіпті зардаптың арасындағы себепті байланыс. Бұл жасалған қоғамға қауіпті іс-əрекеттер мен келтірілген зардаптың арасындағы заңға сəйкес, қажетті байланыстарды анықтау арқылы жүзеге асырылады. Мысалға сəйкес, «Қазақстан» телеарнасының Батыс Қазақстандағы тілшісінің хабарламасынан мұндай байланыс атап айтылған жоқ. Егер «Мұнай Автотранс» ЖШС-ның директоры А. Жахановтың мұнай қалдықтарын елді мекен аумағына төгу арқылы қоршаған ортаға 911 млн-ға жуық зиян келтіруі себебін анықтап көрсек, бұдан мұнай қалдықтарын қауіпсіз жою немесе кəдеге жарату, қайта өңдеу іс-шараларын қарастырмауда оған кетіретін шығынды үнемдеу, сол арқылы пайда көру екенін байқауға болады. Алайда қылмысты саралауда мұндай ниеттің болған не болмағаны маңызды емес.

Қылмыс 324-баптың диспозициясында көзделген қоғамға қауіпті зардаптардың біреуінің болса да орнаған жағдайда аяқталған деп саналады. Яғни шаруашылық не басқа да қызметтерді жүргізуде экологиялық талаптарды бұзу ғана маңызды емес, міндетті түрде қоғамға қауіпті зардап туындауы не зардаптың туындауына əкеп соғуы қажет немесе адамның денсаулығына зиян келтіруі тиіс. Мұндай қоғамға қауіпті зардап ретінде қоршаған ортаға ірі залал келуін не келтіру қаупін тудыруды талап еткен. Ірі залал деп ҚР ҚК-ның 3-бабы 3-тармағына сəйкес қоршаған ортаны қалпына келтіру үшін немесе табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру мақсатында қажетті 1000 АЕК-тен асатын мөлшердегі құндық көрінісін айтамыз [3].

Ірі залал келтіруге əкеп соғуы мүмкін жағдайлар деп шаруашылық не өзге де қызметтерді жүргізуде экологиялық талаптарды бұзады, алайда қылмыс əшкере болған уақытта қоршаған ортаға əлі ірі залал келмеген жағдайларды атаймыз.

324-бап диспозициясында адамның денсаулығына зиянның келуінің мөлшері қарастырылмаған. Демек, денсаулыққа зиянның жеңіл, орта немесе ауыр болуы шарт емес деп есептейміз.

Осы баптың 2-тармағы ауырлататын мəн-жайларды қарастырған. Оған сəйкес, аса ірі залал келтіруі немесе адам өліміне, сондай-ақ адамдардың жаппай сырқаттануына алып келуі тиіс. Мұндағы аса ірі залал деп ҚР ҚК-ның 3-бабының 3-тармағына сəйкес қоршаған ортаны қалпына келтіру үшін немесе табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру мақсатында қажетті шығынның 20000 АЕК-тен асатын мөлшердегі құндық көрінісі айтылады [3]. Сонымен қатар, шаруашылық не өзге де қызметтерді іске асыруда экологиялық талаптарды бұзу нəтижесінде бір адамның өліміне алып келуі немесе үш адамнан артық адамдардың сырқаттануына алып келу де ауырлататын мəн-жай ретінде қаралады.

Қылмыс құрамын анықтаудағы ең қиын тұстарының бірі де осы зардаптардың мөлшерін анықтау десек, сонымен қатар адам денсаулығына дəл осы шаруашылық не өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды орындамаудан келгенін дəлелдеудің мүмкіндігінің төмендігі. Қазіргі уақытта медициналық көмекке жүгінген азаматтарға, қоршаған орта өзгерістеріне осындай бағыттағы сараптамалар адамдардың жаппай сырқаттануы уақытында ғана болмаса, өзге жағдайларда жасалған емес.

2014 жылғы 3 шілдедегі № 226-V Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 15-бабы 1-тармағына сəйкес бұл қылмыстың субъектісі болып 16 жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға. Кейбір авторлар жалпы белгілеріне сəйкес қылмыс субъектісі 16 жасқа толуы жəне де өзінің іс-əрекетіне жауап бере алу мүмкіндігіне ие болса жеткілікті [9; 126–139] деп көрсеткен. ҚР ҚК-ның 324-бабының диспозициясының мазмұнына сəйкес қылмыс субъектісі кез келген кінəлі тұлға емес, арнайы субъект деп есептейміз. Яғни, өзінің қызметтік немесе лауазымдық жағдайына байланысты немесе ерекше тапсырмаға байланысты шаруашылықтың түрлі қызметтерін жүргізуде экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауға жауапты тұлға. «Мұнай Автотранс» ЖШС-ның директоры А. Жаханов өзінің басшылық қызметіне сəйкес мұнай өнеркəсібі шаруашылығын жүргізуде мұнай қалдықтарын сақтау мен оның қауіпсіз жою, кəдеге жарату мен қайта өңдеу жөніндегі шараларды жүргізуге міндеттелген адам. Осыдан сəйкес шаруашылық не өзге қызметтегі басшылық қызметті атқаратын немесе өзінің функционалды қызметіне сəйкес экологиялық талаптарды сақтау міндеті жүктелген адам қылмыстың субъектісі ретінде танылуы тиіс деп есептейміз.

Қылмыстың субъективті жағы кінəнің екі нысанындағы іс-əрекеттерді жасауда көрініс табады. Іс-əрекетті жасауда кінəнің қасақана нысанында болса, оның қоғамға қауіпті зардаптарының туындауына қатысты абайсыз нысанында жасалады. Яғни «Мұнай Автотранс» ЖШС-ның директоры А. Жаханов мұнай қалдықтарын елді мекендердің маңына төгудің заңсыз екенін білді, себебі мұнай өнеркəсібі шаруашылығымен айналысқан ол мұнай қалдықтарымен жұмыс жасауда заңнамада экологиялық талаптар қарастырылғанын біледі, қалдықтарды қауіпсіз көмуге байланысты шараларға кететін шығындарды үнемдегісі келіп, мұнай қалдықтарын елді мекен аумақтарына төгуге бұйрық берді. Осы іс-əрекеті кінəнің қасақана нысанының тікелей түрімен жасалған іс-əрекет болып табылады. Сондай-ақ, А. Жаханов өз іс-əрекетінің нəтижесінде қоршаған ортаға аса ірі көлемде зардаптардың келуін болжап білді, бірақ бұған жеткілікті негіздерсіз менмендікпен оларды болдырмауға болады деп есептеген немесе болжап білмеген күнде де, оларды болжап білуге тиісті тұлға болған. Мұндай қоғамға қауіпті зардаптарының туындауына қатысты келтірілген зардап кінəнің абайсызда нысанында жасалды деп танылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 22-бабына сəйкес тұтастай алғанда мұндай қылмыстар қасақана жасалған деп есептеледі.

Талқылау

Шаруашылық не өзге де қызметтер жүргізуде экологиялық талаптарды бұзу бірнеше рет болуына қарамастан жеке құрамдағы (жай) бір қылмыс ретінде ғана қаралады. Яғни, мұндағы маңызды жағы мұнай қалдықтарының бір немесе бірнеше рет төгілуі емес. Келтірілген зиянның мөлшеріне байланысты болады. ҚР ҚК-ның 324-бабында қаралған қылмыс көбіне көп осы кодекстің 13-тарауында көзделген өзге де экологиялық қылмыстармен қатар жасалып, қылмыстардың жиынтығында қаралады.

ҚР ҚК-ның 324-бабының диспозициясында бұл қылмыстың сыбайлас қатысушылықпен жасалуы қарастырылмаған. Сондықтан да шаруашылық не өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзуды қылмыстың арнайы субъектісі жеке дара жасайды. Оның бұйрығымен бұл талаптарды бұзуға əрекет жасаған, ол талаптарды сақтауға қызметтік немесе лауазымдық жағдайына байланысты немесе ерекше тапсырмаға байланысты шаруашылықтың түрлі қызметтерін жүргізуде экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауға жауапты емес тұлға бұл қылмыстың сыбайлас қатысушысы деп есептелмейді. Жоғарыдағы мысалға сəйкес «Мұнай Автотранс» ЖШС-ның директоры А. Жаханов мұнай қалдықтарын елді мекен маңына төгуге бұйрық берген. Оны жүзеге асырған мұнай тасымалын жүзеге асыратын көлік жүргізушілері немесе бұрғылау қызметкерлері бұл қылмысқа қатысты деп есептелмейді.

ҚР ҚК-ның 324-бабында көзделген іс-əрекеттерді жасап, қоғамға қауіпті зардаптарға алып келгені үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру сияқты жазаның негізгі түрлерімен қатар, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру сияқты қосымша түрі де қаралған. Айыппұл салу, түзеу жұмыстары АЕК-тің 3000 мөлшерінде белгіленсе, 800 сағатқа дейінгі мөлшерде қоғамдық жұмыстарға тарту белгіленген. Бас бостандығын шектеу 3 жылға дейінгі мөлшерде, ал бас бостандығынан айыру жазасы 3 жыл, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мөлшерде қаралған. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза 2 жылға дейін, ауырлататын мəн-жайда 3 жылға дейін деп қарастырылған. Жоғарыда қаралған мысалға сəйкес «Мұнай Автотранс» ЖШС-ның директоры А. Жахановтың іс-əрекеті аса ірі залал келтіргені үшін ҚР ҚК-ның 324-бабының 2-тармағы бойынша сараланып, оған 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын айыру түріндегі жаза тағайындалады. Жəне де оған соттың шешімімен алдағы уақытта 3 жылға дейінгі мерзімге заңды тұлғаның басшы қызметін атқару құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалуы мүмкін. Егер де «Мұнай Автотранс» ЖШС-ның директоры А. Жаханов ҚР ҚК-ның 53-бабының 1-бөлігінің 6-тармақшасына сəйкес қылмыс салдарынан келтірілген зиянның орнын толтырған, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 11- тармақшасына сəйкес шын ниетпен өкінген, айыбын мойындаған жағдайда жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мəн-жайлар ретінде ескерілуі мүмкін.

Сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген жағдайлар азамат А. Жахановты ҚР ҚК-ның 65-бабы 1- тармағына сəйкес қылмыстық жауаптылықтан босатуға алып келуі мүмкін жағдай болып саналады. Себебі, ҚР ҚК-ның 324-бабының құрамындағы қылмысты алғаш рет жасаған адам айыбын мойындап, қылмыспен келтірілген зиянды қалпына келтіруі ескеріле отырып, шынайы өкінді деп есептеледі жəне де қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Сонымен бірге, ҚР ҚК-інің 67- бабында көзделгеніндей процестік келісімнің талаптарын орындаған жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылу мүмкіндігі де бар.

Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының түрлеріне қарай жіктейтін болсақ [10; 67], ҚР ҚК- ның 324-бабын төмендегіше қарастырамыз:

Қоғамға қауіптілік дəрежесіне қарай қылмыс негізгі жəне ауырлататын құрамдардан тұрады. Негізгі құрамда «Шаруашылық немесе өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзу» қылмысының негізгі белгілері айқындалған. Онда мұндай экологиялық талаптар қойылатын қызмет түрлері, жəне бұзған жағдайда алып келуі тиіс зардаптардың бастапқы мөлшері сипатталады. ҚР ҚК- ның 324-бабының 2-тармағы ауырлататын құрам ретінде қаралған. Мұнда келтірілген зиянның мөлшері артады немесе адам өліміне, адамдардың жаппай сырқаттануына алып келеді.

Сипатталу тəсіліне қарай қылмыс күрделі құрамдағы қылмыс деп танылады. Себебі мұнда қылмыстың құрамының объективті жағы күрделенеді. Яғни, субъект шаруашылық не басқа да қызметтерге қойылатын экологиялық талаптарды бұза отырып, келтіретін залалдардың бірнешеуі қарастырылады. Бұл қоршаған ортаға келтірілген ірі (аса ірі) залал, адам денсаулығына келтірілген зиян, адамның өлімі не адамдардың жаппай сырқаттануы болуы мүмкін.

Құрылысына қарай қылмыс материалдық құрам болып табылады. Яғни шаруашылық немесе басқа да қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзу жеткіліксіз. Мұндағы қылмыс құрамы қоршаған ортаға кемінде ірі залал, адам денсаулығына зиян, аса ірі залал, адам өлімі немесе адамдардың жаппай сырқаттануына алып келуін талап етеді.

Қорытынды

Жоғарыда ҚР Қылмыстық кодексінің 324-бабының қылмыс құрамын саралаудың негізгі сəттері айқындалды. Ізденіс нəтижесінде мұндай қылмыс бойынша соңғы жылдарда мүлдем статистика жоқ екендігін байқадық. Алайда бұл бізде қоршаған ортаның жағдайы жақсы жəне шаруашылық қызметі нəтижесінде ешқандай залал келтірмейді дегенді білдірмейді. Сондықтан да, болашақ зерттеулер үшін 324-баптың қылмыс құрамын анықтаудың негізгі ерекшеліктеріне тоқталуға тырыстық. Нəтижесінде:

  1. қылмыс құрамының объектісін анықтау үшін істі қарауға алған органның, лауазымды тұлғаның арнайы экологиялық білімдері мен дағдыларының жеткілікті болуын талап етеді;

ə) қылмыстың объективтік жағының қоғамға қауіпті іс-əрекетін дəлелдеуде еңбек заңнамасына сəйкес лауазымды тұлғаның міндеттері жүйесін қарастыра отырып талдануы қажеттігі анықталды. Себебі, əрекетсіздік не əрекет деп санау үшін кəсіпорынның не оның орналастыруға рұқсат беретін адамның құқықтары мен міндеттері жүйесін анықтап алмаса болмайды;

  1. келтірілген қоғамға қауіпті зардаптың мөлшерін төмендетудің маңызы зор, олай болмаған жағдайда 1000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі залал келтіретін мұндай іс-əрекеттер əкімшілік құқық бұзушылық ретінде есептеліп, қоршаған ортаған қалпына келтіруге мүмкіндік бермейтіндей (25–60 АЕК) мөлшерде айыппұл төлеумен шектеледі;
  2. ҚР ҚК-ның 324-бабының диспозициясының мазмұнына сəйкес қылмыс субъектісі кез келген кінəлі тұлға емес, арнайы субъект. Яғни өзінің қызметтік немесе лауазымдық жағдайына байланысты немесе ерекше тапсырмаға байланысты шаруашылықтың түрлі қызметтерін жүргізуде экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауға жауапты тұлға;
  3. аталмыш бап бойынша қылмыстар кінəнің екі нысанымен жасалатын қылмыстар болып табылады.

Əдебиеттер тізімі

  1. Проблемы совершенствования законодательства Республики Казахстан об ответственности за экологические уголовные правонарушения. Отчет об итогах фундаментального и прикладного научного исследования 2018 г. [Электронный ресурс] // Режим доступа: http://www.zqai.kz/sites/default/files/monogr.po_ekolog. pravonar.pdf.
  2. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 Экологиялық кодексі [Электронды ресурс] // Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K070000212_.
  3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. 2014 жылғы 3 шілдедегі № 226-V ҚРЗ [Электронды ресурс] // Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226.
  4. Культелеев С.Т. Экологическое право Республики Казахстан. Общая часть: учеб. пос. / С.Т. Культелеев. — Алматы: Изд-во «NURPRESS», 2011. — 432 с.
  5. Стамқұлұлы Ə. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы: Оқулық / Ə. Стамқұлұлы. — Алматы: Жеті Жарғы, 1995. — 204 б.
  6. Экологиялық қылмыс жасаған азамат жазаланды: [Электронды ресурс]. Қолжетімділік тəртібі: https://www.youtube.com/watch? v=9QIcPIhmyzg.
  7. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім: Оқулық / А.Н. Ағыбаев. — Алматы: Жеті Жарғы, 2015. — 607 б.
  8. Бринчук М.М. Экологическое право: учеб. — 4-е изд. / М.М. Бринчук. — М.: Эксмо, 2010. — 668 с.
  9. Борчашвили И.Ш. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан. Общая часть. — Т. 1 / И.Ш. Борчашвили. — Алматы: Жеті жарғы, 2015. — С. 126–139.
  10. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім: оқу құралы / А.Н. Ағыбаев. — Алматы: Қазақ университеті, 2016. — 276 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.