Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Этнопоэтиканың теориялық аспектілері

Мақалада этнопоэтиканың теориялық аспектілері туралы сөз болады. Əдебиеттану, лингвистика, мəдениеттану, лингвопоэтика сияқты бірнеше ғылымдардың тоғысында пайда болған поэтиканың бір саласы — этнопоэтиканың ерекшелігі ғылыми тұрғыда талданған. «Этнопоэтика» терминінің шығу тегі мен Д. Ротенберг, Д. Тедлок, Д. Хаймс, В.Н. Захаров, Г.Д. Гачев, З.П. Табакова жəне т.б. ғалымдардың еңбектері қарастырылған. Этнопоэтиканың ғылыми бағыт ретінде қалыптасуының негізгі кезеңдері мен зерттелу тарихы айтылады. Көркем туындыда ұлттық болмысты танытуда бұл сала ерекше рөл атқарады, сол себепті де этнопоэтика ғылымы өзінің өзектілігін көрсетеді. Сонымен қатар қазіргі этнопоэтиканың проблемалық-əдіснамалық бағыты зерделенген. Қазіргі этнопоэтика саласының негізгі параметрлері анықталып, этнопоэтиканың ғылымның кейбір салаларымен байланысы сараланған. Атап айтар болсақ, оның имагология, діни филология сияқты ішкі бөлімдермен байланысы туралы талданған. Мақалада авторлар этнопоэтиканың əдебиеттану ғылымында алатын орнын көрсетуге тырысқан.

Кіріспе

Ғылымның қарқынды дамуы əдебиеттану саласында да зерттеудің жаңа бағыттарының пайда болуына əкелді. Поэтикалық мəтіндердегі этникалық факторлардың өзара əрекеттесуін зерттеу арқылы этнопоэтика сияқты ерекше бағыт бөлініп шықты. Зерттеушілер осы бағыттың пайда болуымен талдаудың этнопоэтикалық жаңа түрін ұсынады, сол арқылы əдебиеттегі ұлттық ерекшелікті табуға тырысады. Яғни, ақын-жазушылардың шығармаларындағы этнопоэтизмдердің қолданылуы, əр ұлттың лингвомəдениеті мен менталитеттерінің белгілі бір əдеби туынды ішіндегі көрініс табуын этнопоэтикалық талдау арқылы көрсетеді.

Этнопоэтиканың зерттеу пəніне негізінен этнопоэтизмдерді жатқызамыз. Этнопоэтика əдебиеттану, лингвистика, лингвомəдениеттану, этнолингвистика, лингвопоэтика сияқты ғылымдардың тоғысында қалыптасады. Этнопоэтика этнология, антропология, фольклористика, стилистика, лингвистика, əдебиеттану жəне аударма ісінің бір саласы болып саналады.

Зерттеудің деректері мен əдістері

Əдеби антропология жəне мəдениет философиясы саласындағы этнологиялық зерттеулер ертеден келе жатыр. Этнологиялық зерттеулердің проблемалық бағыттарын, зерттеушілерін толық тізіп шықпай, этнопоэтиканың арнайы ғылыми пəн ретінде қалыптасуы тұрғысынан ең маңыздыларын ғана атап өтеміз. Зерттеу мақалада «этнопоэтика» терминіне тоқталған кезде осы тақырыпты əр қырынан зерттеп жүрген Д. Ротенберг, Д. Тедлок, Д. Хаймс, В.Н. Захаров, Г.Д. Гачев сияқты ғалымдардың еңбектерін қарастыруға назар аудардық.

Сонымен бірге, зерттеу ізденісі ғылыми-теориялық парадигманың мүмкіндіктерін жаңаша тұжырымдамалық сипатта қарастыруға арналды. Зерттеу жұмысында салыстырмалы-тарихи, жүйелеу, герменевтикалық талдау əдістері пайдаланылды.

Негізгі бөлім

Ғалымдар бұл тақырыпты қозғаған кезде этнопоэтика жайлы ойлар ең алғаш ХVII ғасырда Никола Буалоның өнердегі жергілікті жəне тарихи ерекшеліктер туралы тұжырым жасаған «Поэтикалық өнер» атты трактатынан бастау алған деп есептейді. Ал негізінен этнопоэтикалық

Хат-хабарларға арналған автор. E-mail: zharullakizi@mail.ru

теорияның негізін қалаушылар ретінде американдық ақын, аудармашы Джером Ротенберг, ғалым Деннис Тедлок жəне антрополог Делл Хаймстарды айтамыз.

Этнопоэтика Стэнли Даймонд, Делл Хаймс, Натаниэл Тарн, Гэри Снайдер, Джером Ротенберг сияқты поэзияға қызығушылық танытқан антропологтар мен лингвистер арасында мақал-мəтелдерге, жұмбақтарға, дуалауларға, қарғыстарға, дұғаларға, сəуегейліктерге, көпшілік алдында айтылатын сөздерге, манифестер мен нарративтерге пішін берген əдеби перформанстардан пайда болды.

Джером Ротенберг «этнопоэтика» терминін алғаш 1968 жылы енгізген. Д.Ротенберг жергілікті американдық үндістердің ауызша дəстүрлері жайлы аудармалардың көпшілігінде ауызша көріністердің күші мен сұлулығын жазбаша жеткізу мүмкін болмағанын айтады. Ротенбергтің əсерімен əлем мəдениеттерінің баяндау жəне поэтикалық бай дəстүрлері туралы зерттеуге негіз қаланды.

Этнопоэтиканың жеке зерттеу бағыты ретінде дамуы негізінен ХХ ғасырдың ортасынан бастап Деннис Тедлок жəне Делл Хаймс сияқты американдық антропологтар мен лингвистерден басталды. Д.Тедлок те, Д.Хаймс та жергілікті американдықтардың (үндістер) ауызша өнерінің көркемдік байлығын көрсету үшін этнопоэтикалық талдауды қолданған жəне олар кейбір аналитикалық мəліметтермен келіспесе де, этнопоэтиканың негізгі мəселелері мен мақсаттары туралы келісімге келді. Этнопоэтика 1980 жылдардың басында Делл Хаймстың «Мен сізге бекер айтуға тырыстым: жергілікті американдықтардың этнопоэтикасы туралы очерктер» (In vain I tried to tell you: Essays in Native American ethnopoetics) (1981) немесе Деннис Тедлоктың «Ауызекі сөз жəне түсіндіру жұмысы» (The Spoken Word and the Work of Interpretation) (1983) сияқты үлкен шығармаларымен танымал болды жəне антропологтарды, фольклористерді, лингвистерді кең пəнаралық сала ретінде таң қалдырды.

Д.Хаймстың кейінгі еңбектері поэтикаға, атап айтқанда американдықтардың ауызша əңгімелерін поэтикалық ұйымдастыруға бағытталған. Ол Деннис Тедлок екеуі этнопоэтиканы лингвистикалық антропология мен фольклористика шеңберіндегі зерттеу саласы ретінде анықтады. Д.Хаймс үшін этнопоэтика — нарратив пен перформанстың айналасында болатын жəне сайып келгенде қоғамдағы тіл туралы түсінікке енетін кең теориялық көзқарастың бөлігі.

«Этнопоэтика» терминінің негіздемесіне тоқталар болсақ, жоғарыда атап өткеніміздей, американдық ғалымдардың еңбектерінде алғаш зерттелініп, негізі қаланған. Қазіргі таңда ғылыми зерттеу əдістерінің ішінде кеңінен қолданыс тапқан. Америкалық ғалымдар этнопоэтиканы ауызша сөйлеумен байланыстырады, ауызша айтылған дүниенің мəтінде қалай берілгеніне назар аударады. Сонымен қатар, аудармалардың түпнұсқадағы контекстке сай жасалғандығына, тұпнұсқасындағы алғашқы ойды аудармашының қалай жеткізгендігіне мəн береді.

Белгілі бір шығармада кездесетін баяндаулардан алғашқы мағынаны анықтай алмауымыз мүмкін. Сол себепті де қаламгер бұрын айтылған əңгімені туындыда қайта жеткізген кезде түпнұсқадағыдай дəл жеткізуге тырысады. Зерттеу əдістерінің энциклопедиясында: «Этнопоэттер өз шығармаларының түпнұсқалық орындаудағы грамматикалық жəне семантикалық үлгісіне, стиліне, бейнелі сөйлеу мен образдарына, акустикасына, ырғақтарына жəне соған байланысты мағынаны жеткізе алатын қосымша дыбыстық эффекттерге (кідірістер мен интонацияларды қосқанда) сəйкес келуін қалайды», — деп берілген. [1; 297] Осыған сай анықтама беретін болсақ, этнопоэтика — бұл ауызша өлеңдердің немесе баяндаулардың мəтіндік нұсқаларын жазу əдісі. Онда жазбаша түрде жоғалып кететін поэтикалық элементтерді бекіту үшін поэтикалық жолдар, өлеңдер қолданылады. Кез келген этнопоэтикалық мəтіннің мақсаты — өзіндік мəдени контексте ауызша орындау тəсілдері туындылардың эстетикалық құндылығын қалай арттыратынын көрсету.

Ал Ресейде этнопоэтикалық зерттеулер тек 1990 жылдардан бастап жүргізіле бастады. Ресейде бұл терминнің негіздемесін Петрозаводск университетінің профессоры В.Н. Захаров қалады. Ғалым əдебиеттен ұлттық ерекшелікті зерттейтін арнайы филологиялық пəн ретінде анықталған «этнопоэтика» терминін қолданады. Оның пікірінше, этнопоэтика тіл білімінде бұрыннан бар, Э.Сепир мен Б.Уорф негіздеген этнолингвистика бағытына параллель пайда болған. В.Н. Захаров өз зерттеулерінде этнопоэтиканың аспектісінде ұлттық ерекшелікті қарастырады: «Этно» сөзінен басталатын əртүрлі пəндер арасында сөзсіз тағы біреуі жетіспейді — нақты əдебиеттердің ұлттық ерекшелігін, олардың əлемдік көркемдік үдерістегі орнын зерттейтін «этнопоэтика». Ол белгілі бір əдебиетті ұлттық ететін не екендігіне жауап беру керек, біздің жағдайда — орыс əдебиетін орысша қылатын не» [2; 9].

Бұған дейін кеңестік саяси идеологияның əсерінен өзгеше мазмұн алып келген орыс əдебиетін төлтума ұлттық жəне рухани бастаулары мен дəстүрін ескеретін жаңа концепция қажет деген ой айтады. Əдебиеттанушы орыс əдебиетінің ұлттық ерекшелігін игерудің екі бағытын ұсынады. Олардың бірі фольклорлық мотивтер мен бейнелерді анықтауға арналса, екіншісі «этнопоэтиканың негізігі құрамдас бөлігі» деп санайтын ерекше «православтық кодқа» арналған. Ғалым этнопоэтикаға байланысты өз еңбектерінде орыс əдебиетіндегі ұлттық ерекшелікті христиандық православтық мəдениетпен байланыстыра зерттеген.

В.Н. Захаровтың «Тарихи поэтика мəселелері» кітабының ерекше назар аударатын, негізгі тоқталған мəселесі — «этнопоэтика». В.Н. Захаров белгілі бір əдебиеттің ұлттық ерекшелігін, əлемдік көркемдік үдерістегі орнын зерттеуі тиіс поэтиканы осылай атауды ұсынады, ол əдебиетті ұлттық етіп көрсететін не екеніне жауап беру керек деген ой айтады. «Тарихи поэтика мəселелері. Этнологиялық аспектілер» кітабында тарихи поэтиканың фабула, сюжет, жанр, хронотоп, образ, символ, фантастика, дəстүр, мəтін сияқты категорияларын түсіндіруге ұлттық акцент беріледі. В.Н. Захаров орыс əдебиеті этнопоэтикасының православиелік аспектілеріне тоқталады. Орыс ақын- жазушыларының өз оқырмандарына не айтқылары келгендерін түсіну үшін православиені білу қажет деп көрсетеді.

Ғалым О.В. Зыряновтың «Қазіргі поэтиканың проблемалық-əдіснамалық өрісі» атты мақаласында этнопоэтиканың ғылыми бағыт ретінде қалыптасуының негізгі кезеңдері қарастырылады, орыстың ұлттық сипатының, орыс дүниетанымының, əлемнің ұлттық бейнесінің проблемаларына арналған мəдениет философиясы саласындағы этнологиялық зерттеулердің рөлі нақтыланады. Д.С. Лихачев енгізген «əдеби трансплантация» мəселесін П. Катениннің Жуковскиймен баллада жанрының орысша нұсқасы туралы полемикасы материалдарынан іздестіреді. В.А. Захаровтың жұмысына сүйене отырып, «этнопоэтика» терминінің негіздемесі келтірілген. О.В. Зырянов аталған мақалада тек ресми-терминологиялық қана емес, тарихи поэтика, орыс жəне басқа да ұлттық əдебиеттердің тарихы бойынша ғылыми зерттеулерді айтарлықтай ілгерілетуге мүмкіндік беретін нақты əдіснамалық аударманы қарастырған. О.В. Зырянов «этнопоэтика» терминін екі принциптің органикалық байланысында қарастырады: олардың бірі этномəдени тəртіптің негізінде (ұлттық рухани-діни дəстүрдің аксиологиялық негіздері), ал екіншісі тарихи жəне онтологиялық поэтика саласына тікелей енетін нақты филологиялық категорияларға сүйенеді.

Орыс əдебиетінде жазушылар христиандық-діни дəстүрді классикалық əдебиеттану əзірлеген жанрлық аксиология, мотивтік жəне концепт-талдау, интертекстуалды тəсіл сияқты əмбебап əдістер мен тəсілдер контекстінде түсіндіреді. Басқаша айтқанда, этнопоэтика тарихи поэтиканың терең, онтологиялық негіздерінде қарастырылуы керек.

Соңғы уақытта жаһандану үдерісінде ұлттық ерекшелік мəселелеріне қоғамның қызығушылығы едəуір өсті, əртүрлі халықтардың мəдениеті арқылы, оның ішінде көркем əдебиеті арқылы əлемнің ұлттық бейнесін зерттеуге ерекше ұмтылыс пайда болды. Əлемнің ұлттық бейнесі ғылымда этнопоэтиканың категориясы ретінде қарастырылады. Бұл ретте, əлемнің ұлттық бейнесі қазіргі əдебиеттануда əлі жеткілікті зерттелмеген, сондықтан бұл тақырыпқа тоқталу өзекті болып табылады. Əлемнің ұлттық бейнесіне арналған əдебиеттану жұмыстары көп емес. Солардың бірі ретінде орыс əдебиеті жəне христиан діні туралы зерттеуші В.Н. Захаровтың еңбектерін атап өту қажет.

Əлемнің ұлттық бейнесін зерттеуге Г.Д. Гачевтің еңбектері арналған. Ғалым 1960–2007 жылдар аралығында ұлттық менталдылықты талдауға арналған «Əлемнің ұлттық бейнелері» атты көп томдық сериясын жарыққа шығарды. Ол кез келген ұлттық ағзаны тұтастық ретінде көруге мүмкіндік беретін əдіснаманы жасады. Ұлттық Космо-Психо-Логос ұғымын енгізіп, адамдар мен табиғаттың бірлігі, ұлттық сипаты мен ойлау тəсіліне үңілді. Ұлттық ғарышты сипаттай отырып, ол Сократқа дейінгі философияда дамыған төрт элементтің табиғи философиялық тілін қолданды: «жер», «су», «ауа», «от». Ұлттық мəдениеттердегі кеңістік пен уақыт арақатынасы, ерлер мен əйелдер, өсімдіктер мен жануарлар бейнесі, дінді сезінуі бойынша айырмашылықтарын анықтады. Өз уақытында Г. Гачевтің «Əлемнің ұлттық бейнелері» монографиясы ерекше маңызға ие болды, оған табиғаттың (Ғарыш) үшбірлігі, халық жанының (Психея) қоймасы жəне оның ақыл-ойының логикасы (Логос) сияқты табиғи-материалдық жəне рухани факторлардың органикалық үйлесімі ретінде ұсынылған категориялар енгізілген.

Ол əлемнің ұлттық бейнесін «координаттар торы» деп атайды. Оның пайымдауынша, «координат торы» əлемді ғарыш сияқты қабылдайды. Əлемнің ұлттық бейнесін ол өте кең түрде түсіндіреді. Зерттеушінің пікірінше, оны саналы түрде түсіндіруге келмейді, өйткені оның басым бөлігі мифопоэтика саласында жəне көркем образ бен мотивтерде бейсаналы тұрғыда беріледі. Гачевтің пікірінше, ұлттық құндылықтардың, бағыттардың, рəміздердің, архетиптердің негізгі қоры əлемнің ұлттық бейнесінде көрініс табады.

Зерттеуші А.Ф. Кофманның да бұл тақырыпқа арналған жұмыстары бар. Əдебиеттанушы латынамерикандық əлем бейнесін зерттеу мақсатында қырыққа жуық əртүрлі мəтіндерді талдайды. «Латынамерикандық əлемнің көркем бейнесі» кітабында А.Ф. Кофман латынамерикандық мəдениетінің өзіндік ерекшелігін танытатын мотивтердің, бейнелердің тұрақталған жүйесін көрсетеді.

Сонымен қатар, əлемнің ұлттық бейнесінің тақырыбын толығымен ашатын жұмыстардың бірі — С.В. Шешунованың «Орыс əдебиетіндегі əлемнің ұлттық бейнесі» атты докторлық диссертациясы. Зерттеуші бұл ұғымға мынадай анықтама береді: «Əлемнің ұлттық бейнесі көп деңгейлі көркемдік құрылым ретінде анықталады — этномəдени ерекшелігі бар əдеби мəтіннің өзара əрекеттесетін компоненттерінің жиынтығы. Бұл компоненттер бейнелі түрде, мəтіннің сюжеттік-композициялық жəне кеңістіктік-уақыттық ұйымдастырылуында көрініс табады». [3; 37]. Ғалым П.И. Мельников- Печерский, А.И. Солженицын, И.С. Шмелев сияқты жазушылардың шығармашығы негізінде əртүрлі православтық, мифологиялық жəне фольклорлық бейнелер мен мотивтерді талдайды жəне орыс əдебиетіндегі христиан мəдениеті мен халық шығармашылығының бірлігі туралы қорытындыға келеді. Өзінің алдындағы идеяларды дамыта келіп, С.В. Шешунова докторлық диссертациясы аясында əлемнің ұлттық бейнесін көп деңгейлі көркемдік құрылым, этномəдени ерекшелігі бар əдеби мəтіннің компоненттерінің өзара əрекеттесу кешені ретінде анықтайды.

Жоғарыда аталған зерттеу материалдары əртүрлі халықтардың əлемнің ұлттық келбетін бейнелейтін əр кезеңдегі этнограф-жазушылардың, саяхатшылардың, ағартушылардың жұмыстарына негізделген.

Біздің отандық əдебиеттануда этнологиялық зерттеулер көп жүргізілсе де, «этнопоэтика» термині тек кейінгі кезде қолға алына бастағаны анық. Этнопоэтиканы ғылыми бағыт ретінде арнайы зерттеп жүрген ғалымдардың бірі — З.П. Табакова. Оның осы тақырыпқа арналған бірнеше ғылыми мақалалары мен зерттеу еңбектері бар. Зерттеуші этнопоэтиканы лингвомəдениеттану, этнолингвистика, лингвопоэтика қиылысында пайда болған лингвистикалық бағытқа жатқызады. Ғалым этнопоэтиканың лингвистикадағы дербес бағыт ретіндегі негіздемесін келтіреді. Этнопоэтиканы қарастыру барысында лингвопоэтика, лингвомəдениеттану, концепт, этнопоэтизм, əлемнің тілдік бейнесі сияқты ұғымдарға тоқталады. Этнопоэтикалық талдау нəтижелері полиэтникалық аймақтарда тұратын ақындардың шығармашылығында айқын көрінеді деген ой айтады. Зерттеуші этнопоэтикалық талдау принциптері ана тілінің психикалық компонентін де, кез келген өзара əрекеттесетін тілдерді де зерттеу үшін қолданылады деген тұжырым жасайды.

Орыс тілді поэзияда қазақ тіліндегі ұлттық этномəдениеттік мағынасы бар сөздерді пайдалану екі ұлттық лингвомəдениеттің — орыс жəне қазақ тілдерінің өзара əрекеттесуін көрсететінін айтады. «Халықтың мəдениеті тілінен көрініс береді. Тіл мен мəдениеттің арасында параллелизм бар, сондықтан мəдениеттердің өзара енуі тілдердің өзара əрекеттесуіне əкеледі. Байланыс қостілділігі жағдайында тілдер мен мəдениеттердің тоғысу өрісі қалыптасады. Екі мəдениеттің тоғысындағы туған тұлға этнос мəдениетінің əсерінен қалыптасады, бірақ басқа халықтың мəдениетінің де белгілі бір əсерін сезінеді. Əртүрлі этностардың мəдениеттерінің өзара əрекеттесуі əлемнің тілдік бейнесі мен субъективті модальділік тұрғысынан поэтикалық мəтінді талдау үдерісінде көрінеді. Болмысты нағыз ұлттық жəне эстетикалық қабылдау сөздің поэтикасы арқылы танылады» [4; 202].

Қазіргі этнопоэтиканың проблемалық-əдіснамалық өрісін белгілеу тұрғысынан этнопоэтика мен имагологияның, этнопоэтика мен компаративистиканың контактология жəне константология сияқты ішкі бөлімдерінің, этнопоэтика мен діни филология немесе онтологиялық поэтиканың өзара қарым- қатынасы аса маңызды мəнге ие болады. Этнопоэтиканың имагологиялық аспектілері этнопоэтикадағы ұлттық бейнелер мен этникалық стереотиптер, олардың қоғамға əсері, əдеби туындыда берілуі туралы зерттейді. Əлемнің ұлттық бейнесінің мəні, өздеріңіз білетіндей, салыстыру негізінде танылады. Осы тұста имагология аясына немесе «өзге» (шетелдіктер мен бұратаналар) бейнелерді — өзге этномəдени жəне этноконфессиялық əлем өкілдерін рецепциялау мен репрезентациялау саласына шығу толықтай заңдылық болып табылады. Этнопоэтика мен имагологияның байланысы туралы қарастырған кезде ұлттық мəдениеттегі «бөтен» образдарды қабылдау (рецепция) жəне қайталау (репрезентация) туралы айтамыз. Əдебиеттегі бейнелерді зерттейтін əдебиеттанудағы компаративті имагология сияқты зерттеу бағыттары осы ұғыммен байланысты. Имагология саласында ұлттық бейнелерді, имидждер мен стереотиптерді бөліп көрсету керек. Қазіргі имагология образдарды əртүрлі қасиеттерімен қайта жаңғыртуды зерттейді.

Əдебиет — бұл халықтың жан дүниесін немесе ұлттық психиканы бейнелеудің ең керемет жəне шынайы түрі. Осы тұрғыдан алған кезде діни филология аясында да этнопоэтикалық зерттеулер жүргізуімізге болады. Сонымен қатар этнопоэтиканың өңіртану мен геопоэтика сияқты өзара жақын пəндермен байланысын ескеру қажет.

Қорытынды

Этнопоэтика — өзара байланысқан əдіснамалық тəсілдердің тұтас жүйесі. Бұл жүйеге дəстүрлі компаративистиканы енгізсек, əдеби трансплантация, ұлттық мəдениеттің негізгі ұғымдары, концептілері туралы айтуымызға болады. Бұл жерде этнопоэтика көбірек этнолингвистика жəне фольклористикамен тығыз байланысты болып табылады. Этноэтиканы этнология, антропология, фольклор, стилистика, лингвистика немесе əдебиеттің қосалқы саласы ретінде қарастыруға болады. Этнопоэтика өзінің пəні мен əдіснамасына байланысты аударманың маңызды саласы болып табылады.

Қорыта айтар болсақ, поэтиканың этномəдени компоненті, əлемнің ұлттық бейнесі туралы айтқан кезде этнопоэтиканы зерттеу пəні ретінде қарастырсақ, фольклорлық жəне ұлттық-архетиптік бастауларды, рухани негіздерді ғылыми талдауда этнопоэтика зерттеу əдіснамасы да бола алады. Бұл бағыттағы ғылыми ізденістер келешекте əлі де зерттеуді қажет етеді.

Əдебиеттер тізімі

  1. Given, L. M. (Eds.). (2008). The Sage encyclopedia of qualitative research methods. Encyclopedia of qualitative research methods. (Vol. 1 & 2. pp. 1072). Los Angeles, CA: SAGE Publications.
  2. Захаров В.Н. Русская литература и христианство [Электронный ресурс] / В.Н. Захаров // Проблемы исторической поэтики: сб. науч. тр. Вып. 3. — Петрозаводск: Изд-во ПетрГУ, 1994. — С. 5–11. — Режим доступа: https://poetica.pro/journal/article.php? id=2370.
  3. Шешунова С.В. Национальный образ мира в русской литературе (П.И. Мельников-Печерский, И.С. Шмелев, А.И. Солженицын): автореф. дис д-ра филол. наук: спец. 10.01.01 — «Русская литература» / Светлана Всеволодовна Шешунова. — Дубна, 2006. — 42 с.
  4. Табакова З.П. Этнопоэтика: предмет исследования и этнопоэтический анализ / З.П. Табакова // Вестн. Челяб. гос. унта. — Сер. Филология. Искусствоведение. — 2014. — № 7 (336). — Вып. 89. — С. 198–206.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.