Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қытай тіліндегі идиомалық сөздердің ұлттық ерекшелігі жəне оны қазақ тілді аудиторияда оқыту əдістері

Идиома дегеніміз адамдар ұзақ уақыт бойы қолданып келген, мағынасы толық, құрылымы тұрақты, қысқаша формасымен қолданылатын тұрақты тіркестер. Əр ұлттың өзіндік ұлттық ерекшелігін, əдет- ғұрпын, өмір салты мен наным сенімінің көрінісін идиомалардан табуға болады. Соған орай белгілі бір тілдің идиомаларын оқыту арқылы сол ұлттың болмысымен де тереңірек танысуға болады. Яғни, идиомалар негізінен тарихтың өнімі болып табылады, олардың көпшілігі тарихи дəуірден бері қолданылып келеді. Қазіргі Қытай жазбаша жəне ауызекі тілдерінде кеңінен қолданылатын идиомалар — қытай тілінің алтын тірегі, сонымен қатар қытай мəдениетінің ерекшелігі. Бұл қытай тілінің лексикологиясында қысқа, қарапайым, экспрессивті жəне ерекше белгілері бар ерекше орын алатын тіл категориясы жəне де идиомалардың этимологиясы ежелгі Қытаймен тығыз байланысты. Идиомалардың тарихи сипатына байланысты ежелгі қытай тілдерінің грамматикалық ерекшеліктері сақталады. Идиоманы оқыту қытай тілін шет тілі ретінде үйренудегі маңызды қадам болып табылады. Мақалада идиомалардың қайнар көздері арқылы шығу тарихы мен ерекшелігін саралап, үздіксіз өзгерістен кейінгі бүгінгі таңдағы идиомалардың сипатына тоқталған. Автор мақалада қытай тілін шет тілі ретінде оқитын студенттерге идиомаларды оқыту барысындағы ерекшеліктері мен оқыту əдістемесін қарастырған. Қытай тілін шет тілі ретінде оқыту бойынша сарапшылар арасында қытай мəдениеті мен қытай тілін оқыту арасындағы байланыс туралы көптеген пікірлер бар. Алайда, идиомалар — бұл аталған екі аспектімен тікелей байланысты ерекше мəселе.

Кіріспе

Шет тілі ретіндегі қытай тілі — ана тілі басқа тілдер болып табылатын өзге елдердің, өзге халықтардың өкілдеріне бағытталған қытай тілін оқытуды меңзейді əрі бұл қытай тілін шет тілі ретінде үйренуді немесе екінші шет тілі ретінде үйренуді көрсетеді. Сондай-ақ жоғары оқу орындарындағы «қытайтанушы» жəне «қытай тілі» мамандықтарына қытай тілі мен əдебиеті, тарихы мен мəдениеті бойынша білім беретін, күнделікті жұмыс тілі — қытай тілі болып табылатын оқытушылардың, жəне олар дайындайтын аудармашы, туризм жəне халықаралық қатынастар мамандықтарының студенттеріне арналған пəн. Міне осы мамандық студенттеріне қытай тілін шет тілі ретінде үйрету кезінде идиомаларды дұрыс оқытудың маңызы ерекше.

  1. Қытай тіліндегі идиомалардың анықтамасы

«Идиома дегеніміз мазмұны бүтін, құрылымы берік, тарихи қалыптасқан тұрақты сөз тіркестері. Бұл жеке сөзден үлкен, бірақ грамматикалық қызметі тұрғысынан жеке сөзбен бірдей тілдік бірлік. Ол лексиканың ішіндегі ең шымыр, ең өткір жəне ең жанды бөлігі. Оның құрамындағы компоненттерді қалай болса солай орнын ауыстырып немесе өзгертіп қолдануға болмайды» [1; 5]. Қытайдың ұзына тарихы бойындағы сан алуан оқиғалар, діни трактаттар мен іс-шаралар, мəдени құбылыстар қытай тіліндегі идиомаларды сан жағынан байыта түскені белгілі.

  1. Қытай тіліндегі идиомалардың қайнар көзі

Қытай тіліндегі идиомалардың көпшілігі мынадай алты қайнардан бастау алған деуге болады:

  1. Мифтік аңыздар. Осы арада негізінен ежелгі Цин дəуірінің кейбір мифологиялық аңыздары меңзеледі. Бұл аңыздардың көпшілігі мифтер негізінде қайта жаңғыртылған, əрі олардың бəрі философиялық мағынаға бай болып келеді. Мысалы: 掩耳盗铃 (құлақты басып тұрып қоңырау ұрлау — өзімнен басқа ешкім білмейді деп жамандық жасау), 画蛇添足(жыланның суретін салғанда оған аяқ сызу — артық қылам деп тыртық қылу) т.б. толып жатқан идиомалар осы топқа жатады.

Хат-хабарларға арналған автор. E-mail: ainurbai-67@mail.ru

  1. Тарихи оқиғалар. Кейінгі адамдар тарихтағы нақты тұлғалар мен оқиғаларды өзек ете отырып, солар туралы сан алуан нақышты аңыздар тудырды. Осы аңыздардың тақырыбы мен өзегі немесе ондағы поэтикалық тармақтар мен ұтқыр сөйлемдер кейін келе идиомаларды тудыратын маңызды қайнар көздер болып қалды. Мысалы: 完璧归赵 (Бүлінбеген ақық білезікті Чжао еліне қайтару — алған затты бүлдірмей егесіне қайтару), 投笔从戎 (қаламды тастап, қолға қару алу — елге пайдалы іспен айналысу) т.б.
  2. Халық арасындағы дағдылы сөздер бастапқыда идиома ретінде ауызша туындаған шығар, кейін келе олар жаппай қолданылып жəне хатқа түскен болуы мүмкін. Мысалы: 威武不屈 (құдіреттің алдында бас имеу — қайсар, күшті, батыл), 满城风雨 (қала тола жел мен жаңбыр — ауыл арасын өсек-аяң кернеп кеткен) т.б.
  3. Шет тілдерінен алынады. Бұл түрдегі идиомалар салыстырмалы түрде сирек кездеседі жəне негізінен буддистік жазбалардың аудармасымен байланысты болып келеді. Мысалы: — 尘不染 (шаң тозаң жұқпаған — пəк, кіршіксіз), 现身说法 (өзі көндіру — өз ісімен үлгі болу) т.б.
  4. Қазіргі заманғы жаңалықтарға байланысты туындайды. Бірақ бұлардың түрлері тым аз, өйткені идиомалар тарихи сипатқа ие болғандықтан, жаңа шыққандары орнығып үлгермейді. Мысалы: –日三秋 (бір күн үш күз — көріспегенге бірер күн болғанмен үш жылдай болды, кездескеніне көп болмаса да қатты сағыну), — 字千金(бір əрібі мың алтын — құнды мақала, құнды шығарма) т.б.
  5. Кейінгі адамдардың күнделікті өмірден қорытқан ойларынан іріктеліп, ұшқырланып, ұтқырланып қалыптасады. Мысалы: 指桑骂槐 (тұт ағашын нұсқап тұрып, ясен ағашын янаттау — көріністе біреуді янаттаған болып, іс жүзінде басқа біреуді балағаттау), 另起炉灶 (басқа ошақ жасау — өз алдына түтін түтету) т.б.

Қорытып айтқанда, идиомалар ұзына тарих бойына адамдардың үздіксіз қолдану, жандандыру, бекіту, тұрақтандыру барысынан өтіп барып қалыптасады.

  1. Қытай тіліндегі идиомалардың сипаты

Идиоманың қалыптасу қайнары оның құрылымының тұрақты, бітімінің бүтін, архаикалық жəне қолданбалы сипаттамаларын белгілеп берді. Бұны қытай халқы ерекше мақтан тұтатын мəдени ландшафт деуге де болар еді. Сондықтан қытай тілін шет тілі ретінде үйрететін ұстаздар идиоманың құрылымы мен мазмұнын мұқият зерттеп, оны шынайы бағалай білулері керек, сондай-ақ шəкірттерге оны дұрыс қолданып, оның ойды бейнелеудегі ерекше рөлінен дұрыс пайдалану жолын үйрету керек.

Қытай тіліндегі идиомалар, əдетте, төрт иероглифті форматта болып келеді де, қысқа да тұжырымды, бай мағыналы, ұйқасты да ырғақты леппен айтылып, тыңдаушыға дəл де əсерлі сезім туғызады. Бұл əрине, қытай тілінің құрылымымен жəне ежелгі қытай тіліндегі бір буынды жеке сөздермен тығыз байланысты. Төрт таңбалы (иероглиф) емес идиомалар саны өте аз. «2000 жылы ҚХР Сычуан өлкесінің Чэңду қаласындағы «Сычуан сөздік» баспасынан жарық көрген «қытай идиомаларының түсіндірме сөздігінде» барлығы 14243 идиома енгізілген, олардың 97 пайызынан астамы төрт таңбадан тұратын идиомалар болса, қалған 3 пайызға таяуы бес жəне алты таңбадан тұратын идиомалар» [2; 3]. Демек қытай тіліндегі идиомалар негізінен төрт таңбалы болып келеді деп айтуға болады.

Қытай тіліндегі идиомалардың ерекшелігі:

(1) Құрылымы

Идиома дегеніміз адамдар ұзақ уақыт бойы қолданып келген, мағынасы толық, құрылымы тұрақты, формасы қысқа жəне бөліп-жармай қолданылатын тұрақты тіркестер. Оның басты-басты бес түрлі ерекшелігі бар, бірінші: тарихилығы. Яғни идиомалар — бұл негізінен тарихтың өнімі, олардың көпшілігі тарихтан бері қолданылып, жалғасып келеді. Сондықтан «олардың көпшілігі ежелгі оқиғалар, тарихи тұлғалар, аңыздар мен ертегілер бейнеленеді жəне ежелгі қытай тілінің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық құбылыстарын сақтайды» [3; 51]; екінші: мағынасының тұтастығы, көптеген идиомалардың шығу тегі мен келу қайнары бар, олар оқиғалар мен оқиғаларды толық баяндайды, сондықтан идиомаларды қолданудан бұрын немесе біреуге үйретуден бұрын оның жалпы мазмұны мен тереңде жатқан мағынасын түсініп алу керек; үшінші, құрылымы тұрақты болады. Идиомалардың құрамындағы сөздер реті жағынан, морфемалық сипаты мен иероглифтер саны жағынан тұрақты болады, олардың орнын немесе санын келсе-келмес өзгертуге болмайды; төртінші: өзіндік ырғақтық, үндестікке ие. Қытай тілі — тональды тіл. Ондағы идиомаларда тілдің осы мүмкіндігі баса көрсетіледі; бесінші: формасының тұтастығы, идиомалардың көпшілігі төрт иероглифті немесе қос төрт (2*4=8) таңбалы болып келеді, бұның өзі олардың қолдану барысындағы реттілік, жинақылық қасиетін көрсетіп береді.

(2) Ойды бейнелеуі

Идиомалардың ойды бейнелеудегі мына үш түрлі рөлін оның басты ерекшелігі ретінде сипаттауға болады: қысқа əрі нұсқа. Идиомалық тіркестердің мазмұны өте бай. Тек төрт таңбадан құралғанымен, олар күрделі ой-пікірлерді жанды да образды түрде жеткізе алады. Олар қарым- қатынас барысында ойды шымыр, жинақы жеткізумен бірге, тарихи жəне мəдени ақпараттарды да жеткізе алады; ойды ретті де жинақы жеткізеді. Ол төрт иероглифтен құрам тапқан тұрақты тіркес ретінде қытай тілінің əріне əр, нəріне нəр қосып отырған құбылыс. Демек қытай тіліндегі идиомалар сөз-сөйлемдерді жымдастырып, шығарманың жан бітіріп, өлеңдей өрнектеп жібереді. Жанды да образды. Көптеген идиомалар стилистикалық тəсілдерді қолдану арқылы қалыптасады, сондықтан олар қолдану барысында өте өнімді стилистикалық эффекттер тудырады. Идиомаларды орнымен шебер қолданушының сөзін естігенде немесе шығармасын оқығанда, оның адамға берер əсері ұшан- теңіз деуге болады.

Əдістер мен материалдар

Жоғарыда сипатталған ерекшеліктерімен, құнды қасиеттерімен идиомалар қытайдың тілінің ғана емес, тұтас дəстүрлі мəдениеттің жауһары болып есептеледі. Сондықтан қытай идиомаларын дұрыс қолдану жəне дұрыс түсініп, дұрыс аудару, бұл — қытай тілін шет тілі ретінде меңгергісі келетін адамның алдынан атойлап шығатын басты қиындық болып табылады. Өйткені идиомаларды қолданбай сөйлейтін қарапайым қытайлықты табуға болар, бірақ идиомаларды қолданбайтын қытай зиялысын, əсіресе қытай қаламгерін табу мүмкін емес. Ендеше, қытай тілін оқытуда да оқытушының алдынан шығатын қиындықтың бірі осы идиомалар десек, еш қателеспейміз. Сондықтан мен өзімнің ұзақ жылдық оқыту тəжірибеме сүйене отырып, идиомалық сөздерді оқытудың төмендегідей əдістемелерін ұсынбақпын:

  1. Қызығушылық туғызу

Қытай халқында «қызығушылық — ең жақсы ұстаз» деген мəтел бар. Осы тұрғыдан келгенде, оқытушы ең əуелі қандай пəнге болса да оқушының қызығушылығын оятып алу керек. Бұған қытай тіліндегі идиомалардың өз ерекшелігі толық мүмкіндік береді. Атап айтқанда, қытай тіліндегі басым көп санды идиомалардың шығу тарихы, қызықты аңыздары бар. Мəселен, «守株待兔»、»自相矛 盾»、 «掩耳盗铃»、»请君入瓮» т.б. сияқты идиомалардың бəрінің əсерлі аңыздары, қызықты əңгімелері кездеседі. Сондықтан қытай тілін үйрене бастағанына көп уақыт болмаған шетелдік студенттерге қытай тілін оқыту кезінде біз алдымен идиомалардың шығу тарихына қатысты аңыз- əңгімелерді басшылыққа алуымыз керек [4; 122]. Яғни аңыз-əңгімелерді тыңдату, қайталап өздеріне айтқызу арқылы шəкірттердің идиомаларды оқуға деген қызығушылығын оятуға қол жеткізе аламыз. Ал қытай тілін тереңірек меңгерген студенттерге аңыз-əңгімелерді оқыту, айтқызу, тіпті сахналату арқылы олардың идиомалардың қыр-сырын, құдіретін сезінуіне жол ашуға болады. Бұл өз кезегінде студенттердің ауызекі сөйлеу деңгейін көтеріп, қытай тарихы мен мəдениетіне қатысты білімдерін кеңейтіп қана қоймайды, сонымен қатар саналы-санасыз түрде аңыз-əңгімелердің өзегі болған идиомаларды меңгеріп алады.

  1. Грамматикалық тұрғыдан түсіндіру

Қазіргі қытай тіліндегі идиомалардың этимологиясы ежелгі қытай тілімен тығыз байланысты. Идиомалардың тарихи сипатына байланысты көне қытай тілінің грамматикалық ерекшеліктері идиомаларда сақталған [5; 32]. Сондықтан шетелдіктерге қытай тіліндегі идиомаларды оқытуда салыстырмалы түрде икемді əдіс қолданған жөн. Атап айтқанда, ырықсыз етістердің қолданылуы (敬而远之), зат есімдердің есімше ретінде қолданылуы (莫名其妙), зат есімдердің пысықтауыш болып келуі (半途而废), етістіктердің зат есім ретінде қолданылуы (得不偿失), сын есімдердің зат есім ретінде қолданылуы (无微不至) деген секілді грамматикалық құбылыстарды дұрыстап түсіндіре білудің маңызы зор.

  1. Семантикалық тұрғыдан түсіндіру

Идиомалардың семантикасы мен олардың қолдануы бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан олар симметриялы байланыста болады. Идиомалардың қолданылуы туралы шəкірттерге дұрыс түсінік берілуі керек, əйтпесе студенттер олардың мағынасын дəл жəне толық түсінбей қалуы əбден мүмкін. Сондай-ақ олар өздерінің ана тілдерінің əсерімен идиомаларды қате қолдануы да ғажап емес. Семантикалық тұрғыдан түсіндіру қытай тілін дұрыстап үйретудің басты тəсілі. Сондықтан аудиториялық сабақ кезінде біз идиомалардың күрделілік деңгейін мұқият анықтап алып, талғамалы түрде түсіндіруіміз керек. Оқыту кезінде алдымен идиомалардағы əрбір қытай иероглифінің мағынасын нақты түсіндіруге көңіл бөлген жөн. Кейбір идиомалардың мағынасы қарапайым болып келеді. Ал күрделі идиомалардың құрамдас бөліктерінің (компонент) мағынасын жеке-жеке түсіндіргеннен кейін, идиоманың толық мағынасы бірден анық болады.

  1. Артқы көрінісі бойынша түсіндіру

Қытай тілін екінші тілі ретінде оқитын студенттер үшін, тіл үйрену өзге де əлеуметтік-мəдени білімдерді игерумен теңдей деңгейде жүзеге аспайды. Қытай тілін шет тілі ретінде оқытатын мамандар арасында қытай мəдениеті мен қытай тілін оқытудың байланысы туралы көптеген ұқсамайтын пікірлер бар. Бұл арада біз олардың арасындағы қатынасты талқылауға кіріскелі отырған жоқпыз. Дегенмен, идиомаларды оқыту — аталған екі аспектіге тікелей қатысты ерекше мəселе. Идиомалардың нақты мағынасы ондағы иероглифтердің тура мағынасына сəйкес келмесе де, ол метафоралар мен сөз мағыналарына негізделген кеңейтулер арқылы жаңа мағына тудырады. Қытай тілінің идиомаларында қытай халқының бай мəдениеті, қытай халқының ұлттық психологиясы, дəстүрлі таным-түсініктері, ойлау жүйесі мен эстетикалық талғамдарын қамтылып жатады [6; 383]. Шетелдік студенттердің өз елдеріндегі əлеуметтік жəне мəдени ортасы, өмір сүру дағдысы, олардың ұлттық, тарихи ерекшеліктері, саяси жүйесі мен діни нанымдары, ой-саналары ұқсамайтын болғандықтан, олар идиомалар құрамындағы иероглифтердің тура мағынасы мен беретін нақты мағынасын оңай шатастырып алады. Сондықтан оқытушылар сөздік қорды молайту, идиомадағы тірек сөздерді түсіндіру, оларға қатысты аңыздар мен оқиғаларды əңгімелеу, қытайдың діні мен мəдениетін таныстыру, өз елі мен қытайдың ой-пікіріне салыстырма жасау арқылы студенттердің дұрыс түсінігін қалыптастыру бəрінен де маңызды. Жер жүзіндегі қандай ел, қандай халық болмасын, бəрінің тілінде белгілі шамада идиома сөздер бар, бірақ барлық тілдегі идиомалар мағыналық жəне мəдени түсінік тұрғысынан бір-біріне сəйкес келе бермейді. Сондықтан оқытушы өз елінің тіліндегі идиомалар мен қытай идиомаларындағы мазмұндық сəйкестіктерді өзара салыстырып, тəржімалап түсіндіріп отыру қажет. Қытай тіліндегі идиомалардың қазақ, орыс жəне басқа тілдердегі идиомалармен мазмұндық жақтан сəйкес келетіндері аз емес. Осындай идиомалардың көмегімен студенттер өздерінің тілдеріндегі идиомалардың мазмұнын байланыстырып, ішкі түйсіктерін іске қоса алады.

  1. Контекске қарай түсіндіру

Кез келген тілдің қолданылуы оқшау жағдайда өмір сүрмейді, есесіне ол белгілі бір контексте жүзеге асырылады. Сондықтан оқытушы идиомаларды прагматикалық түрде үйрету əдісін қолданады. Ең əуелі, адамдар қалыптасқан тілдік функциялар мен мағыналық «ұяшыққа» əбден дағдыланып алады. Содан кейін барып оларды талдайды жəне қорытындылайды, тұрақты немесе жартылай тұрақты тілдік дайын материалдардан грамматикалық түсінікке ие болады. Бұл «ұяшық» тілді меңгеруде жəне тілді қолдануда өте маңызды рөл атқарады, əрі ол «тілдік орта мен əлеуметтік əдеттердің шектеуіне ұшырайтындықтан оның белгілі бір өлшем-нормалары да болады» [7; 152]. Сонымен бірге, «мəтінде бірнеше прагматикалық функциялар бар, олар мағыналар мен функциялардың жиынтығы» [8; 55]. Біз сабақ барысында көптеген контекстерді əзірлеп, сол контекстерді мысал ретінде алып, сол мысалдар арқылы сөздің мəнін ашып, мағынасын түсіндіреміз, ең соңында идиомалық тіркестердің грамматикалық функцияларын көрсетіп бере аламыз. Мысалы: «她正聚精会神的学习汉语» (ол бар зейінімен қытай тілін үйреніп отыр) деген сөйлемдегі «聚精会神» деген «зейінді шоғырландыру» дегенді білдіреді. Шəкірттерге осы бір «зейінді шоғырландыру» деген қарекетті жасатып көру керек. Міне осы қарекеттен кейін барып, студенттің миына «聚精会神» деген тіркес өшпестей болып орнығып қалады. Сондай-ақ ол идиоманы студент əсте қате қолданбайтын болады.

Нəтижелер жəне оларды талқылау

Тəжірибе барысында басты проблемалардың, идиомалардың анықтамасына, оқулықтарға жəне осы тараптағы сөздіктерге қатысты екендігі анықталды. Оқулықтарға қатысты, шетелдіктердің қытай тілін екінші шет тілі ретінде үйренуіне арналған он шақты оқулықтағы идиомаларға сараптама жасалды. Осы сараптамалық мəліметтердің арқасында біз шетелдіктерге арналған қытай тілі оқулықтарындағы идиомаларды оқытудың проблемаларын анық байқай аламыз: Бір типтегі оқулықтарда кездесетін идиомалар саны жағынан əртүрлі; кейбір оқулықтарда салыстырмалы түрде идиомалар қалай болса солай беріле салған, əрі қайталау жиілігі өте төмен. Кейбір оқулықтарда марғау (пассив) əрі өте сирек қолданылатын идиомалар енгізілген; шетелдіктердің қытай тілін үйренуіне арналған оқулықтардың бəз біреуіне енгізілген идиомалар үйренушінің деңгейіне сəйкес келмейді; ал тағы біраз оқулықтар бұқаралық ақпарат құралдарынан, тіпті өмірден алшақ жатыр.

Қытай тілін жəне ондағы идиомаларды шет тілі ретінде оқытып жүрген өз тəжірибем негізінде, сондай-ақ қытай тіліндегі осы құбылысты зерттеп жүрген маман ретінде айтарым, тілді енді бастап үйренушілерге идиомалар оқытылмауы керек. Есесіне оларға қытай тіліндегі идиомалар туралы танымдық дəріс оқылуы керек. Өйткені шетелдік студенттерде қытай тіліндегі идиомалардың мазмұнын семантикалық тұрғыда түсінуде үлкен айырмашылықтар болғандықтан, идиомаларды бірден игеріп кету қиынға соғады. Қытай тілін шет тілі ретінде оқыту кезінде идиомаларды үйрету міндеттерін əртүрлі курстарда жəне қытай тілінің деңгейлеріне қарай орналастыруға болады.

Алайда көптеген жылдардан бері, ҚХР-дың өзінде идиомаларды зерттеу негізінен қытай тілін зерттеумен, қытай тілін шет тілі ретінде оқытумен немесе қытай мен шетелдік идиомаларды салыстыра қарастырумен, мəдениеттің идиомаларға тигізетін əсерін зерттеумен байланыстырылып келді. Есесіне оқытушылар нені, қалай үйретуі керек, қайткенде оқыту өнімділігін арттыруға болады деген мəселелер теориялық тұрғыдан қарастырылмады. Сондықтан, қытай тілін шет тілі ретінде оқыту тұрғысынан идиомаларды үйретудің əдістемесін қайта қарастырған жөн деп есептейміз. Шетелдік студенттердің қытай идиомаларын қолданудағы семантикалық жəне грамматикалық қателіктеріне ғылыми талдау жасап, соның негізінде, ілгеріде жіберілген қателіктердің себебін анықтауға болады. Біздің өлі түрде «төпештеп» үйретуіміз студенттердің тілді дұрыс меңгеріп шығуына керісінше кесірін тигізеді. Сондықтан, қытай тілін оқытуда идиомаға қатысты проблемалар аз емес.

Қорытынды

Қорытындылай келе айтарымыз, идиомалардың ойды бейнелеу қуаты өте күшті, мазмұны бай, құрылымы көркем, ырғақты да нақышты болғандықтан, сөйлеуші мен жазушы өз ойын жанды да жинақы, əсерлі жеткізу үшін оны жиі қолданады. Ал қытай тілін шет тілі ретінде үйренуші шетелдік тұлға, егер осы қытай тіліндегі идиомалық сөздердің мəні мен мағынасына, оның өз тіліне аударылуына жеткілікті мəн бермейтін болса, ол ертеңгі күні бұл кемшіліктің зардабын ұзақ уақыт тартатын болады. Сондықтан, біздің еліміздегі жоғары оқу орындарының басты мақсаты, қай сала болмасын, бəсекеге қабілетті мамандар дайындау болғандықтан, біздің білім беру үдерісінде «ұсақ- түйек» мəселе болмауға тиіс. Құдды сол сияқты қытай тілін шет тілі ретінде оқыту үдерісінде, қытай тіліндегі идиомаларды үйрету мəселесіне де жеткілікті мəн берілуге тиіс.

Өйткені идиомаларды дұрыстап оқыту қытай тілін шет тілі ретінде үйретудегі маңызды өткел болып есептеледі. Бір қызығы қытай тілін оқитын студенттердің қызығушылық танытатыны да осы идиомалар, əрі олардың алдынан шығатын да үлкен қиыншылық та осы идиомалар екенін жасырмаймыз. Егерде қай елде болмасын, қытай тілі мен қытайтанушы мамандарды дайындау бөлімдерінде, идиомаларды оқыту жұмысы дұрыс жолға қойылатын болса, бұл өз кезегінде шəкірттердің оқуға деген құштарлығын оятып, білуге деген талабын қанағаттандырып қана қоймай, сонымен бірге олардың қытай тілі деңгейін айтарлықтай жақсартады деп толық сеніммен айта аламыз.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Li Xinwu. Idiom story (李新武.成语故事). — Beijing: People ' s Literature Press, 2010. — 140 p.
  2. Song Yong-Pei editor-in-chief. Dictionary of Chinese idioms (宋永培主编.汉语成语词典). — Chengdu: Sichuan dictionary Press, 2000. — 1128 p.
  3. Su Xinchun.Cultural linguistics tutorial (苏新春.文化语言学教程). — Beijing: Foreign Language Teaching and research press, 2011. — 264 p.
  4. Yang Defeng. Chinese and cultural communication (杨德峰.汉语与文化交际). — Beijing: Peking University Press, 1999. — 214 p.
  5. Abidenkyzy А.A. Comparative Study of Chinese and Kazakh Idioms: masters dissertation, 2012. — Xinjiang University, Urumqi, 2012. — 32 p.
  6. Shen Xiaolong. Chinese and Chinese culture (申小龙.汉语与中国文化). — Shanghai: Fudan University Press, 2008. — 484 p.
  7. Zhao Huixia. Language and cultural interpretation (赵惠霞.语言与文化阐释). — Xi'an: Xi'an publishing house, 2008. — 224 p.
  8. Shen Xiaolong. Cultural interpretation of language (申小龙. 语言的文化阐释). — Shanghai: knowledge Press, 1992. — 364 p.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.