Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Саяси дискурстың лингвоаксиологиялық əлеуеті (қазақстандық интернет-түсіндірме материалдары негізінде)

Зерттеу нысанына қазақстандық саяси интернет-түсіндірмелер алынды. Оны таңдау əртүрлі жанрлардың пайда болуына ықпал еткен ақпараттық технологиялардың дамуымен негізделді жəне тіл мен адамның өзара байланысы лингвистикалық бағытта зерттелді. Зерттеудің мақсаты – лингвоаксиологиялық мəтін сөзжасамы аспектілерінде қазақстандық саяси интернет-түсіндірмелердің мəтін құрудағы құндылық факторын анықтау. Зерттеу пəні – интернет-түсіндірмелерде жүзеге асырылатын бастапқы мəтіннің құндылық əлеуеті мен виртуалды тілдік тұлғаның құндылық параметрлерінің арақатынасы. Бұл объектіні зерттеу үшін теориялық материалды жинау жəне контекстік талдау əдістері, салыстырмалы, жалпылау, сипаттау əдістері жəне деректерді сандық өңдеу əдісі қолданылды. Объектіні зерттеу формальды, мазмұндық жəне функционалдық жоспарларда қарастырылатын туынды мəтіндердің мəтін сөзжасамы жəне лингвоаксиологиялық талдау моделіне негізделді. Зерттеу нəтижелері қазақстандық интернет-түсіндірмелердің мəтіндері құндылық əлеуетімен басым екенін көрсетті. Қарапайым саяси дискурстың құндылық əлеуетінің деңгейі туынды мəтінді жасауда бастапқы мəтіннің қолданылатын кілтті сөздерінің санымен анықталды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы қазақстандық виртуалды кеңістікте интернет-түсіндірмелерді құрастыру мəтіндік қызметтің доминантын лингвоперсонологиялық жəне лингвоаксиологиялық ұғынудан көрінеді.

Кіріспе

Саяси дискурс əлеуметтік өнім болып табылады жəне осыған орай ол қарама-қарсы саяси, əлеуметтік, мəдени жəне лингвистикалық нысандарды өзара біріктіреді. Қазіргі жағдайда əлемдік саяси жəне лингвомəдени кеңістікке интеграцияланатын саяси дискурс, бір жағынан, өзінің этномəдени ерекшелігін сақтаса, екінші жағынан, жеке авторлық маркерлерді бойына жинақтайды.

Əдеби сипаттама

А.Н. Баранов, О.В. Михайлова, Г.А. Сатаров, Е.А. Шипованың еңбектерінде тіл бұқаралық қарым-қатынас құралдарының белсенді қызметі арқылы əлеуметтік биліктің көзі болып табылатын ықпал ету құралына айналады деп есептеледі [1; 5]. Тіл арқылы оның тұтынушысына ықпал етуге, оны категориялау құралы ретінде қолдануға, сонымен қатар саяси құбылыстарды түсініп, оны қажетті жəне тиімді түрде жұмсай алуға болады.

Б.А. Ахатованың түсінігінше, «саясат сөз арқылы қабылданады жəне түсіндіріледі, оның көмегімен саясаткерлер шынайы мақсаттарды хабардар етеді, жасырады, сендіреді, ұсынады, түсіндіреді, қажетінше қолданады жəне басқарады. Сондықтан кез келген сөз қандай да бір саяси жүк артады» [2]. Сондай-ақ саяси дискурсты зерделеу кезінде тілдің, сананың жəне қарым-қатынастың өзара байланысы; қатысушылардың ниеті, олардың мəртебелік-рөлдік қатынастары; құндылық бағдарлары; эмоционалдық жағдайы; мəдени ерекшеліктері жəне əлеуметтік-ситуациялық жəне коммуникативтік бағыттың көптеген басқа да сипаттамалары ескеріледі.

А.П. Чудиновтің айтуынша, «анда-санда болса да газет оқитын, радио немесе теледидарды көретін адам саяси қатысымның адресатына айналады» [3; 6]. Ғалым саяси қарым-қатынас тек ақпараттандырып қана қоймай, сонымен бірге оның адресатына эмоционалды түрде əсер ететінін, осылайша əлемнің саяси бейнесін адам санасында өзгертуге ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ А.П.Чудинов тілшілерді қызықтыратын негізгі зерттеу нысандарын – тіл, ойлау, саяси қызмет субъектілері арасындағы байланысты, қоғамның саяси жағдайын, саяси сөйлеу жанрларының

Хат-хабарларға арналған автор. E-mail: samal17.12@mail.ru мəселелерін (ұран, парақша, бағдарлама, газет мақаласы, митингідегі сөйлеу жəне т.б.) жəне саяси мəтіндердің жұмыс істеу ерекшеліктерін анықтайды.

Интернеттің пайда болуымен қарым-қатынастың жаңа тəсілдері де жүзеге аса бастады. Бұл əртүрлі саладағы жаһандық өзгерістерге əкелді. Ол ақпарат алу жолын ашып қана қоймай, тез жəне тиімді қатынас орнатуға ықпал етті. Интернет виртуалды кеңістікте уақыт пен пайдаланушылардың қалауына орай қатынас ортасын құрды. Виртуалды кеңістікте бүкіл қоғам өздерінің қажеттіліктерін ауызша жəне жазбаша байланыс формалары арқылы жүзеге асырады. Сонымен қатар ол ғалымдардың, соның ішінде тілшілердің зерттеу нысанына басқа бір қырдан қарауға мүмкіндік берді, жаңа ғылыми жаңалықтарды шешуде тың сұрақтардың пайда болуына əкелді.

Зерттеу нысаны: қазақстандық саяси интернет-түсіндірмелердің мəтіндері.

Осы интернет мəтіндерін көптеген отандық жəне шетелдік тілшілер белсенді түрде зерделеуде (Е.Н. Галичкина, Е.И. Горошко, О.В. Лутовинова, Л.Ю.Шипицина, И.Г. Сидорова, J.D. Bolter, S.C. Herring, D. Crystal, A. Derakhshan, S. Hasanabbasi, Н. Põlda жəне т.б.).

И.Г. Опарина қазіргі қоғамдағы интернет-байланыстың танымал болуының бірқатар дəлелдерін ұсынады: 1) интернеттің пайдалы техникалық жабдықталуы; 2) ерекше психологиялық қатпары бар пайдаланушылар; 3) қазіргі қоғамдағы тұлғааралық өзара алмасу ерекшелігі [4; 8].

С.И. Агагюлова өзіндік көзқарастары бар пайдаланушылардың метатілдік санасындағы «интернет» концептісі жайлы түрлі түсініктерін келтіреді: «Интернет – байланыс құралы»; «Интернет – ақпарат көзі»; «Интернет – бұл орын»; «Интернет – бұл қауымдастық», «Интернет – бұл ойын- сауық»; «интернет» ұғымын күнделікті түсінумен қатар, оны кəсіби тұрғыдан да таниды: «Интернет – бұл технология»; «Интернет – өмір салты»; «Интернет – бұл жұмыс орны»; «Интернет – шексіз мүмкіндіктер көзі»; «Интернет – бұл есірткі» [5; 12-13].

Жұмыста интернеттің коммуникативтік саласы қарым-қатынас кеңістігі ретінде сипатталады жəне зерделенеді, онда адамзат технологиялық мүмкіндіктер арқылы белсенді қарым-қатынасқа түседі, сөйлеу əрекеттерін жүзеге асыруға жағдай туғызады, коммуниканттардың эмоционалдық халін көрсететін жəне виртуалды шындықты жандандыратын жаңа форматтағы түрлі мəтіндерді жасайды.

Интернет байланысының жанрлары екі түрге бөлінеді: канондық жəне канондық емес. Бірінші түрге бұрын бар жəне интернет ортасына тəуелсіз жанрлар жатады, екінші түрге басқа жерде емес, интернет кеңістігінде пайда болған жанрлар енеді. Соңғысына чат, электрондық пошта, форум, блог, ойын порталы, əлеуметтік желі, ICQ кіреді [6; 214].

Е.И. Горошко мен Е.А. Жигалина гипержанрлар барын айтады. Оларға блог, сайт, электрондық кітапхана, əлеуметтік желіні жатқызады. Гипержанрдан басқа интернеттің өзіндік жанрларын да көрсетеді. Олар: форум, электрондық хат, хабарландыру тақталары, чат, жарнама баннерлері, вирту- алды конференция, автордың посты немесе жазбасы, хабар жəне түсіндірмелермен жедел алмасу бағдарламалары арқылы байланыс [7; 110-124].

Жұмыста зерттеуге қызығушылық тудырған жаңа мəтін форматы ретіндегі интернет- түсіндірмелердің мəтіндері алынды.

Интернет-түсіндірмелер Н.Б. Лебедева тұжырымына негізделген табиғи жазбаша сөйлеу жан- рында қарастырылады. Ғалым бұл құбылыстың басты белгілерін көрсеткен жəне оны «ауызша / жаз- баша сөйлеу» жəне «табиғи / жасанды сөйлеу» парадигмасы тұрғысында зерттеген [8; 15].

Тестілер интернет-түсіндірме мəтіндері секілді табиғи жазудың нəтижесі болып табылады. Олар əртүрлі субстраттарда ұсынылады жəне интернет-түсіндірмелерде кəсіби, қолма-қол түрде емес, жаз- баша форманың, табиғилықтың белгісі түрінде басым келеді [8].

Е.В. Холодковскаяның пікірінше, интернет-түсіндірме – мотивациялық объектіні бағалауға бағытталған мəлімдеме. Ол динамизммен, нақтылықпен, экспрессивтілікпен ерекшеленеді [9; 7]. Е.Ч. Дахалаеваның ойынша, интернет-түсіндірмелер микро-хабарламалар болып табылады [9].

Саяси мақалалардың берілген интернет-түсіндірме мəтіндерін талдау кезінде олардың қолма-қол шығарылғандығын аңғаруға болады. Себебі интернет-ресурстарды пайдаланатын кез келген адам интернет кеңістігінде қалаған пікірін қалдыра алады. Саяси мəселелер кəсіпқойлыққа қарамайды: ол жас не кəрі, ер не əйел адам, кəсібі жəне ұлты да əртүрлі болуы мүмкін.

Зерттеу пəні: интернет-түсіндірмелерде іске асырылатын бастапқы мəтіннің құндылық əлеуеті мен виртуалды тілдік тұлғаның құндылық параметрлерінің арақатынасы.

Зерттеу мақсаты – лингвоперсонологиялық жəне лингвоаксиологиялық аспектілерде қазақстандық саяси интернет-түсіндірмелердің мəтін сөзжасамы пайда болуының құндылық факто- рын анықтау.

Зерттеу міндеттері:

– бастапқы мəтінді туынды мəтінмен (интернет-түсіндірмемен) формальды, мазмұнды жəне функционалды тұрғыда салыстыру;

– интернет-түсіндірме мəтіндерінің пайда болуына ықпал еткен кілтті сөздер санын анықтау.

Зерттеу əдістері мен нəтижелері

Зерттеу барысында теориялық материалды жинау жəне контекстік талдау əдістері, салыстырма- лы, жалпылау, сипаттау əдістері мен деректерді сандық өңдеу əдісі пайдаланылды.

Лингвистикалық талдау материалы ретінде Nur.kz. жаңалықтар порталындағы «Қазақстандықтардың санасы қалай өзгереді» [10] деген саяси мақала алынды. Мақала төрт бағыттан тұратын азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасын əзірлеу мəселесіне арналады.

Материалды таңдау кезінде ең көп түсіндірме берілген саяси мақалаға назар аударылды, саяси мəселелерді қарастыратын мақала мəтіндерін интернет-түсіндірме мəтіндерімен салыстыра талдау жүргізілді. Алдымен, туынды мəтінде (интернет-түсіндірмеде) сақталған кілт сөздер мен формаға, одан кейін оның мазмұндық жағына көңіл бөлінді.

Саяси мəселенің оқырманы ретінде қатыса отырып, əлемнің тілдік бейнесінің бір бөлігі болып табылатын реципиенттің күнделікті санасы бастапқы мəтінге енгізілген белгілі бір құндылықтарға база назар аударады. Осылайша түсіндірме қалдыра отырып, оқырман тілдесімге қатысушы адамға айналады. Ол мəтінді қабылдау нəтижесінде назарын өзіне маңызды болып табылатын құндылық компоненттеріне бұрады. Бұл туынды мəтінді құруға түрткі болары анық. Құндылықтарды жүзеге асыру белгілі бір тілдік құралдар арқылы жүргізіледі. Олар кілтті сөздер ретінде көрінеді. М.В. Бецтің пайымынша, «тілдік тұлғаның мəтін сөзжасамы қызметін зерттеу оның əлемнің құндылық бейнесін қалпына келтіруге, бастапқы мəтін мен тілдік тұлғаның өзара байланысын анықтауға көмектеседі» [11; 60].

Материалды талдау, ең алдымен, мақаланың өзінде көрсетілгеннен бөлек интернет-түсіндірме мəтіндерінде де кілтті сөздерді анықтауға негізделді. «Мəтіннің кілт сөздері жеке адамның жұмыс жадына оның ұзақ мерзімді жадынан алынатын ассоциативті мəндердің құрылымдарымен байланы- сын жандандырады, содан кейін білімнің тұтас минималды бірлігі ретінде қызмет атқаратын интегративті кешендерді қалыптастыру процесінде қолданылады» [12; 125].

Қорытынды жəне талқылау

Сандық деректерді есептеу нəтижелері келесі кестеде келтірілген:

Кесте 1

Кілт сөздер

Түсіндірілген кілт сөздер саны

1

баға

18

2

шенеунік, билік

15

3

бензин

9

4

егіс жəне егін жинау

6

5

Ресей

5

6

мұнай

4

7

өнім

2

 

Жалпы

59

№1 кестеде бастапқы мəтіннің (саяси мақаланың) мазмұнынан туынды мəтінді (интернет- түсіндірмені) шығару үшін түсіндірмешілер таңдаған кілтті сөздердің тізімі берілді. Көпшілігі кілт сөз ретінде «баға», «Ресей», «шенеунік, билік», «егіс жəне егін жинау», «бензин», «мұнай», «өнім» сынды бірліктерді алған. Бұл көрсеткіш түсіндірмелердің бастапқы мəтінінде айтылған тақырып са- ласында жасалғанын, өз пікірлерін объективті түрде білдіргендігін көрсетеді.

Осы кілт сөздер бойынша бірнеше мысал келтірейік:

Алмаз 789. Бағаны көтеруге кім рұқсат берді? Энергетика министрлігі қандай дағдарысты күтуде? Баға көтерілді, яғни бірдеңе болған шығар! Қазірдің өзінде балалар бензин бағасының өсуі азық-түлік, тауарлар, қызметтер бағасының өсуі екенін түсінеді! Мырзалар, қандай шара қабылдап жатырсыңыздар? Оған кім жауап береді? Тағы да облыс əкімдері кінəлі ме? (Алмаз789 Кто разрешил поднять цену? Какой кризис ждёт Минэнерго? Цена поднялась, значит, уже что-то идет не так! Уже дети все понимают, что рост цен на бензин – это рост цен на продукты, товары, услуги! Ваши какие меры предприняты, господа? Кто за это отвечает? Опять акимы области виноваты?) [10]. Алмаз 789 атты түсіндірмеші риторикалық сұрақ түрінде кілт сөздерді қолдана отырып саяси мəселені түсіндіреді. Ол өзінің құндылықтар жүйесіне маңызды болып табылатын барлық қажетті сұрақтарды қозғайды. Оның мəтіні, негізінен, саяси мəселеге объективті көзқарасын білдіретін «баға», «бензин бағасының өсуі» сынды кілт сөздер негізінде жасалады. Интернет-түсіндірмешінің мəтінін бұлай беру оқитын материалдың негізгі идеясына ішінара сəйкес келеді. Бұл жағдайда «баға» кілтті сөзі Алмаз789 атты тілдік тұлғаның құндылық параметрін жеткізуге ықпал етеді. Түсіндірмеші бұл сөйлемде: «Қазірдің өзінде балалар бензин бағасының өсуін азық-түлік, тауарлар, қызметтер бағасының өсуі екенін түсінеді!» («Уже дети все понимают, что рост цен на бензин – это рост цен на продукты, товары, услуги!»), – деп, өзінің көзқарасын нақты білдіреді. Ол, ең алдымен, азық-түлік, тауарлар мен қызметтер бағасының өсуіне алаңдайды.

Азамат555. Енді азық-түлік бағасы, содан кейін жолаушылар тасымалы, кейін қызметтер көтеріледі, бұл билік мүлдем пайдасыз, 30 жыл бойы ұйықтап жатыр, ештеңеге жауап бергісі келмейді. Германия соғыс кезінде өзінің техникасына жанармай жетіспегендіктен жеңіліп қалды, КСРО мұнай бағасының төмендеуіне байланысты құлады (Азамат555. Теперь цены на продукты поднимутся, потом на пассажирские перевозки, потом на услуги, эта власть абсолютно бесполезная, спят вот уже 30 лет, ни за что не хотят отвечать. Германия когда-то проиграла войну из-за отсутствия топлива для своей техники, СССР развалился из-за снижения цен на нефть) [10]. Түсіндірмеде «баға» кілт ретінде сөзі қолданылған. Бұнда Азамат555 атты комментатор оны азық-түлік, тасымалдау жəне қызмет бағасының өсуімен байланыстырады жəне жағдайды тарихи мысалдармен пайымдап, ойын жалғастырады. Көріп отырғанымыздай, түсіндірмешінің құндылық параметрлері басты семантикалық жүк арқалаған кілт сөздер арқылы көрінеді. Осылайша интернет-комментатор əлемінің қарапайым бейнесі суреттеледі. Нақтыласақ, оның əлемдік қарапайым бейнесінде бензин бағасының өсуі салдарынан күтілетін нəтиже сипатталады. Сондай-ақ комментатордың əлемге деген көзқарасы бойынша мəселені шеше алмаған билікке деген теріс көзқарас қалыптасады. Ол барлық тарихи маңызы бар оқиғаларды көтерілген проблемаға тіреп, оны жаһандық деңгейге қарастырады.

Хотаббыч. 1948 жылғы 10 сəуірде КСРО Одағының Министрлер Кеңесі орта есеппен келесі тауарларға бірыңғай мемлекеттік бөлшек сауда бағаларын төмендетуге шешім қабылдады: «Москвич» жеңіл автокөлігіне 10%, мотоциклдерге 20%, велосипедтерге 20%, аңшылық мылтықтарға 15%, тігін машиналарына 10%, «Рекорд» жəне «Родина» радиоқабылдағыштарға 10%, динамикалық репродукторларға 20%, патефондарға 20%, баяндарға 10%, аккордеондарға 12%, «Москва» фотоаппараттарына 10%, театрлық бинокльдерге 10%, металдан жасалған қалта жəне қол сағаттарына 12%, зергерлік күміс жəне металл галантереяларына 20%, пластмассадан жасалған көптеген тұтынатын тауарларға 20%, папиростар, сигаралар мен сигареттерге 10%, парфюмерлік- косметикалық тауарларға 10%, примустар, керогаздар мен электрплиталарға 10%, арақ, ликер-арақ бұйымдары, шараптар мен алкогольсіз сусындарға 20%, қара уылдырыққа 10%, кета уылдырығына 20%, дəрумендерге 20% (Хотаббыч. 10 апреля 1948 года Совет Министров Союза ССР постановил снизить единые государственные розничные цены на следующие товары в среднем: автомобили легковые «Москвич» на 10%, мотоциклы на 20%, велосипеды на 20%, охотничьи ружья на 15%, швейные машины на 10%, радиоприемники «Рекорд» и «Родина» на 10%, репродукторы динамические на 20%, патефоны на 20%, баяны на 10%, аккордеоны на 12%, фотоаппараты «Москва» на 10%, бинокли театральные на 10%, часы металлические карманные и наручные на 12%, ювелирная серебряная и металлическая галантерея на 20%, ряд товаров широкого потребления из пластмасс на 20%, папиросы, сигары и сигареты на 10%, парфюмерно-косметические товары на 10%, примусы, керогазы и электроплитки на 10%, водка, ликероводочные изделия, вина, и безалкогольные напитки на 20%, икра черная на 10%, икра кетовая на 20%, витамины на 20%) [10]. Алдыңғы интернет- түсіндірмелердегідей, Хоттабыч атты комментатордың мəтіні де «баға» кілтті сөзі арқылы жасалады. Айырмашылығы: алдыңғы Алмаз789 жəне Азамат555 атты түсіндірмешілердің мəтіндері объективті түрде құрылған жəне мəтіндері мазмұндық (семантикалық) жағынан бастапқы материалдың негізгі идеясына сəйкес келеді. Ал Хоттабыч атты түсіндірмешінің мəтіні «баға» кілт сөзі арқылы жасалғанымен, семантикалық тұрғыдан жоғарыдағылармен сай келмейді. Онда саяси мақалада айтылғандай, бензиннің өсуі емес, пайыздық көрсеткішпен басқа тауарлар мен қызметтерде бұрын болған баға төмендеуі сипатталады. Осылайша бастапқы мəтін идеясынан алшақтап, əлемді өз көзқарасы бойынша пайымдайды.

Енді «шенеунік» кілтті сөзі қолданылған интернет-түсіндірме мəтіндерін қарастырайық.

Bova Елдегі шенеуніктердің бүкіл армиясын жұмыстан босату керек, өйткені елде бəрі күн сайын қымбаттап, қаржы жетіспеген кезде мемлекетке шенеуніктердің үлкен əскерін ұстаудың керегі шамалы! (Bova Целую армию чиновников в стране надо уволить с работы, потому что многочисленную армию чиновников государству безполезно соодержать в такое время, когда все дорожает с каждым днем и не хватает финансов в стране!). Интернет-түсіндірме мəтіндерін талдағанда бензин бағасының өсуіне себепші болған «шенеунік» кілт сөзі қолданылуы бойынша екінші орында тұр. Өйткені комментаторлар қарапайым халықтың өкілдері болғандықтан, халық атынан сөйлеп, олардың тілектерін білдіреді. Аталған жағдайда билік пен шенеуніктер болып жатқан барлық оқиғаларға кінəлі саналады. Bova деген лақап есімді комментатор өзінің мəтінін осы бағытта құрастырады. Ол барлық шенеуніктерді жұмыстан босатуды, осылайша бензинге ғана емес, басқа заттарға да бағаның өсу мəселесін тоқтатуды ұсынады. Көріп отырғанымыздай, түсіндірмеші əлемге деген өзінің қарапайым көзқарасын «шенеунік» кілт сөзі арқылы білдіреді, оны пайдасыз армия ретінде таниды.

Атинец99. Біздің елде кем дегенде бір құрылым тиімді жұмыс істей ме? Шенеуніктерді тыңдай қалсаң, барлығы шығынға бата жұмыс жасайды. Наурызда Энергетика министрлігі өкілінің сөйлеген сөзінде энергия өндірушілер өзіндік құннан төмен энергия босатқандықтан, өздеріне шығынға жұмыс істейді. Электр энергиясының бағасын көтеру керек деді. 1 сəуірден бастап көтерді. Енді мұнай жəне бензинмен байланысты барлық адамдар шығынмен жұмыс істейді, өйткені олар да өзіндік құннан төмен бағамен босатылады деп айтуда. Сұрақ. Егер энергетика, мұнай, автожанармай құю станцияларының иелері шығынға жұмыс істесе, онда топ менеджерлерге жоғары еңбекақы қайдан келеді? Егер бизнес тиімсіз болса, жыл соңында пайда қайдан келеді? Шындап келгенде, шығынға жұмыс істейтін кем дегенде бір кəсіпкерді көрсетіңізші. Егер пайда болмаса, салықты, қызметкерлерге еңбекақыны қалай төлейді? Сонда Қазақстанда кəсіпкерлер жоқ, тек еріктілер ғана ма. Біздің шенеуніктердің айтуынша, барлық ірі бизнестер үнемі шығынға ұшырайды. Елде тек шағын жəне орта бизнесте ғана кіріс бар ма сонда? Адамдарды күлдірмеңіздерші! Үкімет шенеуніктері бағаны көтеруді ғана емес, жұмыс істеуді қашан үйренеді? (Атинец99. У нас в стране хоть одна структура работает прибыльно? Как послушаешь наших чиновников, ну, прямо, все работают себе в убыток. В марте выступал представитель Минэнерго, который сказал, что производители энергии работают себе в убыток, т.к. отпускают энергию ниже себестоимости. Надо поднять цены на электроэнергию. С 1 апреля подняли. Теперь выступают и говорят, что все, кто связан с нефтью и бензином, также работают в убыток, т.к. отпускают ниже себестоимости. Вопрос: Откуда тогда такие бешенные з/п у топменеджеров, если, что энергетики, что нефтяники, что владельцы АЗС, работают в убыток? Если бизнес убыточен, откуда прибыль в конце года? Ну и, если честно, покажите хоть одного бизнесмена, который работает в убыток. Если нет прибыли, с чего будет платить налоги, з/п сотрудникам? Получается, что в Казахстане и бизнесменов тогда нет, одни волонтеры. Весь крупный бизнес, по словам наших чиновников, все время в убытке. Один малый и средний бизнес шикует в стране что ли? Не смешите уже людей! Когда уже чиновники из правительства научатся работать, а не просто цены поднимать?) Атинец99 атты лақап есімді комментатор «шенеунік» кілт сөзін қолдану арқылы өз ойын жеткізеді. Бұл интернет-түсіндірме мəтінін бейнелейтін жаңа ойдың қалыптасуына түрткі болған. Ол бензин бағасының өсуі туралы саяси мəселені электр энергиясының, мұнай жəне т.б. бағаның өсуімен байланыстырады. Бағаның өсуіне, оның түсінігінше, жұмыс істей алмайтын шенеуніктер кінəлі. Комментатор өзінің дəлелдерін белгілі бір дəрежеде оған өзекті болып табылатын жəне əлемнің жеке құндылық бейнесін қалыптастыратын өмірден түрлі мысалдар келтіру арқылы түсіндіреді. Бұл құндылықтарды өзектендіру тілдік құралдарды қолдану негізінде байланыс процесінде жүреді.

Қорытынды

Осылайша, лингвистикалық талдау кілт сөздердің қарапайым тілдік санасы пайда болатын комментаторлардың құндылық əлеуетін көрсететінін байқатты. Зерттеу нəтижелері туынды мəтіндерде қолданылатын кілт сөздердің сандық деректерін салыстыру арқылы интернет- түсіндірмелердің мəтін сөзжасамының құндылық факторы деңгейін анықтауға ықпал етті. Тізімдегі жетекші кілт сөздер (баға, Ресей, шенеунік, билік, егіс жəне егін жинау, бензин, мұнай, өнім) тілдік тұлға мəтінін өндірудің объективтілігімен қатар, субъективті жағын да көрсетеді.

Кілт сөздер арқылы түсіндірмешілер тек саяси көзқарасты ғана емес, сонымен бірге осы мəселені өзінің дүниетанымы бойынша ұсынуды, ел үшін жəне оның болашағы үшін тілек, ішкі тебіреністі де білдіреді.

Мақала ҚР БҒМ негізіндегі АР08053314 «Қоғам мен мемлекеттің жандандыру жағдайында ұлттық əлем бейнесі құндылықтарын қалыптастыру мəселесі (қазақстандық қарапайым саяси дискурсы материалдары негізінде)» жобасы шеңберінде орындалды.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Баранов А.Н. Политический дискурс: методы анализа тематической структуры и метафорики / А.Н. Баранов, О.В. Михайлова, Г.А. Сатаров, Е.А. Шипова. — М.: Фонд «ИНДЕМ», 2004. — 94 с.
  2. Ахатова Б.А. Политический дискурс и языковое сознание: моногр. / Б.А. Ахатова. — Алматы: Экономика, 2006. — 302 с.
  3. Чудинов А.П. Политическая лингвистика: учеб. пос. / А.П. Чудинов. — М.: Флинта; Наука, 2006. — 256 с.
  4. Опарина И.Г. Интернет в современном обществе (социально-философский анализ): автореф. дис. … канд. филоc. наук: спец. 09.00.11 — «Социальная философия» / И.Г. Опарина. — Красноярск, 2005. — 24 с.
  5. Агагюлова С.И. Концепт «Интернет» в обиходном и профессиональном языковом сознании: автореф. дис. … канд. филол. наук: спец. 10.02.19 — «Теория языка» / С.И. Агагюлова. — Волгоград, 2010. — 22 с.
  6. Северина Е.А. Жанры коммуникации в интернет-среде / Е.А. Северина // Вестн. МГЛУ. — 2013. — № 15 (675). — С. 206–215.
  7. Горошко Е.И. Новые тенденции в развитии интернет-лингвистики: общение от клавиатуры (звука) к экрану (звуку) / Е.И. Горошко // Верхневолж. филол. вестн. — Ярославль, 2016. — № 4. — С. 148–153.
  8. Лебедева Н.Б. Жанры естественной письменной русской речи: студенческое граффити, маргинальные страницы тетрадей, частная записка / Н.Б. Лебедева. — М.: Красанд, 2011. — 256 с.
  9. Холодковская Е.В. Особенности синтаксиса англоязычного интернет-комментария социальной сети Facebook / Е.В. Холодовская // Вестн. ВолГУ, 2014. — № 1. — С. 79–83.
  10. Сайт Nur.kz [Электронный ресурс]. — Режим доступа https://www.nur.kz/politics/kazakhstan-economy/1907061–200- tenge-za-litr-benzin-rezko-podorozhal-v-kazahstane/
  11. Бец М.В. Аксиологическая соотнесенность текста информационно-аналитической статьи и комментария в виртуальном пространстве Рунета: дис. … канд. филол. наук / М.В. Бец. — Кемерово, 2012. — 189 с.
  12. Залевская А.А. Психолингвистический подход к проблеме концепта / А.А. Залевская // Методологические проблемы когнитивной лингвистики: науч. изд.; под ред. И.А. Стернина. — Воронеж: ВГУ, 2001. — С. 36–44.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.