Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Адами қасиеттерді білдіретін фразеологизмдердің бағалауыш мəні

Қазақ фразеологизмдері — ұлттық менталитетті, адамгершілік қасиеттерді, сана-сезімді, эмоцияны, мінез-құлықты сипаттауда актив қолданылатын тілдік бірлік. Қазіргі тіл білімінде фразеологизмдерді антропоцентристік бағытта зерттеу өзекті болып табылады. Мақалада фразеологиялық бірліктердің экспрессивтік жəне прагматикалық қызметі мен бағалауыш мəні, семантикалық өрісі, тематикалық топтары жөніндегі ғылыми пікірлер сараланып, адами қасиеттерді білдіретін фразеологизмдердің бағалауыш мəніне талдау жасалған. Авторлар адамның жеке қасиеттерін, мінез бітістерін, іс- əрекеттерін, бет-келбетін, дене бітімін бейнелеп, сипаттап, экспрессивті-эмоционалды тұрғыда бағалайтын сапалық-бағалауыш семантикасы бар фразеологизмдер екендігіне назар аудара отырып, тілдегі адам бойындағы жағымды-жағымсыз қасиеттерді білдіретін фразеологизмдерді оң, теріс жəне бейтарап бағалауыш мəніне қарай үш топқа топтастырған жəне оларды іштей семантикалық кіші топтарға жіктеген. Зерттеу нəтижесі бойынша қазақ тілінде адами қасиеттерді сипаттауда теріс бағалауыш мəнге қарағанда, оң бағалауыш мəнде жұмсалатын фразеологизмдердің санының артық, ал бейтарап бағалауыш мəндегі фразеологизмдердің аз екендігін анықтаған. Бейтарап бағалауыш мəнді фразеологизмдердің нақты оң не теріс бағалауыш мəні мəтін арқылы анықталатындығын дəлелдеген.

Кіріспе

ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында тіл білімі антропоцентристік бағыттағы ғылыми ізденістермен толыға бастады. Тіл мен адам арасындағы байланысты анықтау тілші ғалымдардың зерттеу нысанына айналды. Тілді адамның санасы, болмысы жəне рухани өмірлік əрекетімен тығыз байланыста зерттеу — қазақ тіл біліміндегі ең басты мəселелердің бірі. «Тіл білімінде қазақ ұлтының таным парасатын, ой-қиялмен жаңа ғасыр табалдырығында тұрған жас буын, келер ұрпақ алдында ұлттық мəдени ерекшеліктерін өзі жасаған тілі арқылы зерделеу — ең маңызды мəселе», — деген ғалым Г. Смағұлова [1; 5].

Тіл адамның рухани өмірімен, ойлау қабілетімен, санасымен тығыз байланысты. Тіл — ұлттың жаны. Ұлттың рухани болмысы, жан дүниесі, сана-сезімі, əдет-ғұрыпы, салт-дəстүрі, құндылықтары, менталитеті, танымы тілінде көрініс табады. Адамдар қарым-қатынас жасау барысында бір-бірінің рухани əлемін, ішкі жан дүниесі мен сезімін, бойындағы қасиеттерін, мінез-құлқын танып, біледі.

Адам баласына əртүрлі адами, тұлғалық, психикалық қасиеттер тəн. Ол қасиеттер өмір жолында жас ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, дамиды. Түрлі қасиеттердің қалыптасуына отбасындағы тəрбие мен сыртқы ортаның əсері зор. Психологияда нəрестелік шақтан бастап мінез қалыптаса бастайды деген түсінік бар. «Мінез — көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар жеке адамды əр қырынан көрсететін қасиет» [2; 384] деген анықтамаға сүйенсек, адамның мінезінен бойындағы қасиеттері көрінеді. Ал ол қасиеттердің ішінде ген арқылы берілетін де, туа қалыптасатын да, жүре қалыптасатын да түрлері бар. Адами қасиеттер əлеуметтік ортада адамның өзін-өзі ұстауынан, қимыл-əрекетінен, сөйлеген сөзінен көрінеді. Адам сол жеке басына тəн қасиеттерімен өзгелерден дараланып тұрады. Əрекеттеріне қарап, біз адамға іштей баға береміз. Белгілі бір істе біреудің тиянақтылығын жоғары бағаласақ, біреудің алғырлығын бағалаймыз. Тілде айтушының, тыңдаушының мұндай қасиеттерді бағалап, сипаттап жеткізуі лексикалық қордағы оң жəне теріс бағалауыш мəнде жұмсалатын, көбінесе экспрессивті сипат алатын сөздер мен тұрақты тіркестердің үлесіне тең.

Əлемде адамға, оның рухани өміріне, адамгершілік құндылықтар жүйесіне деген қызығушылықтың артуы адамның моральдық-этикалық əлеуетін, мəдениеттегі жəне тілдегі адам

Хат-хабарларға арналған автор. E-mail: elvira-2210@mail.ru феноменін терең зерттеуді басты міндет ретінде алға тартты. Сонымен қатар, жеке тұлғаның адами қасиеттерін сипаттайтын фразеологиялық бірліктер қазақ тіл білімінде сипаттама түрде де, салыстырмалы түрде де түбегейлі зерттелмеді. Сондықтан əлемінің тілдік бейнесі туралы зерттеулер жанданды.

Зерттеудің деректері мен əдістері

Фразеологияны зерттеу əлемнің тілдік бейнесі идеясымен тығыз байланысты. Фразеосемантикалық өріс əлемнің тілдік бейнесінің бөлігі ретінде соңғы жылдары көптеген зерттеушілердің назарын аударды. Фразеологиялық өрісті құрылымдау негізінде фразеологияны зерттеуді көптеген ғалымдар (З.Д. Попова, И.А. Стернин, Н.Ф. Алефиренко, Е.И. Зиновьев жəне т.б.) ең танымал əдістердің бірі ретінде ұсынады. Фразеологияны мұндай зерттеудің лингвистика үшін маңызы зор, өйткені ол фразеологиялық бірліктердің тілдік табиғатын тереңірек білуге, өрістегі парадигматикалық қатынастарды анықтауға, əлемнің фразеологиялық бейнесін құруға ықпал етеді. Себебі, тіл — ұлт мəдениетінің қазынасы, ал фразеологизмдер — семантикасынан ұлттың мəдени болмысы мен ойлау жүйесін, қоршаған дүниені қабылдаудағы ұлттың менталдық ерекшелігін, халықтың салт-дəстүрін айқын аңғаруға болатын тілдік бірлік.

Қазақ тілінің фразеология саласының жан-жақты зерттелуіне қарамастан, фразеологизмдердің мəн-мағыналары, фразеологиялық бірліктердің тілдік мəні, жіктелуі жəне белгілері мен қызметтері туралы сұрақтар бүгінде даулы болып қала береді. Фразеология мəселелерінің ішінде фразеологизмдердің семантикалық өрісі мен бағалауыш мəнін анықтау шешімін таппаған мəселе. Дəл осы себептен аталған тіл саласын зерттеу өзекті болып табылады.

Тұрақты тіркестермен, фразеологизмдермен, идиомалармен, мақал-мəтелдермен, яғни халық даналығы тікелей шоғырланған тіл қабатымен ұлтқа тəн қасиеттер бағаланады. Зерттеудің негізгі мақсаты — адами қасиеттерді білдіретін фразеологизмдердің бағалауыш мəнін талдау жəне семантикалық топтарға жіктеу.

Зерттеу барысында фразеологизмдердің мағыналарын анықтау үшін фразеологиялық сөздік басшылыққа алынып, сипаттама əдісі, семантикалық, контекстік талдау əдістері қолданылды. Талдау жұмысында 192 фразеологизм мен олардың синонимдері, варианттары қолданылды.

Фразеологизмдер — адамның ойлау жүйесінің тілдегі ең көрнекті көрінісі, тілдің ең жарқын, мəдени маңызды құрамдас бөлігі, тілдің ерекшеліктерін ғана емес, сонымен бірге оны қолданушы халықтың дүниетанымын, ақыл-ойы мен менталитетін де тұжырымдай алады.

Ғалым Ғ. Əнестің: «Мəдени-тілдік ұжымның (халықтың, ұлттың, этностың) байырғы дүниетанымы, дүниетүйсігі, салт-дəстүрі жеке сөздерге қарағанда фразеологизмдерде молырақ қордаланған. Сондықтан фразеологизмдердің этномəдениеттің қоймасы, этномəдениетті сақтаушы жəне бүгінгі заманға жеткізуші (трансляциялаушы) қызметтері көрер көзге ұрып тұрады. Халықтың байырғы күнтізбе жүйесі, уақыт пен кеңістік өлшемдері, халық астрономиясы, халықтық юриспруденциясы, дəстүрлі мəдениет институттары т.б. қатысты ұғымдар, тірлікте болмағанмен тілде сақталған мифологиялық, этнографиялық көнеліктер көбіне фразеологиялық тіркестер құрамында кездеседі» [3; 10] деген пікірінен фразеологизмдердің басқа тілдік бірліктерден ерекшелігін аңғауға болады.

Фразеологизмдер қазақ лексикасының ең өнімді бай қабатын құрайды. Олар басқа тілдік бірліктерден «мағына тұтастығы», «тіркес тиянақтылығы», образдылығы мен экспрессивтілігі жағынан ерекшеленетін, көркем əдебиет тілінің қажеттілігін өтеуде халықтың эстетикалық талғамын танытатын ең күшті тілдік құралдардың бірі болып есептеледі. Тілдің əдебилік сипаттарының бірін, əдеби тілдің даму кезеңдерінің көркемдік ерекшеліктерінің бірін фразеологизмдер танытады. Фразеологизмдер көркем шығармада образ жасауда, кейіпкерге мінездеме беруде, белгілі бір оқиғаны қорытындылауда, т.б жұмсалады. Олар — тілдің сөздік қорының айшықты да, мəнерлі де бай саласының бірі. Бұлар өзінің бейнелілік, əсерлілік, экспрессивті-эмоциялық, суреттеме қасиетімен көзге түседі. Тілімізде фразеологизмдер мəтіндегі астарлы ойды түйіндеп жеткізетін жəне стильдік қызметі мен экспрессивті-эмоционалды мəні де ерекше көрініп тұратын тіркестер болып табылады.

Қазақ тілі фразеологиясының өрістеп дамуына өзіндік үлес қосқан ғалымдар қатарында І. Кеңесбаев, Ə. Болғанбаев, Т. Сайрамбаев, А. Ысқақов, Ғ. Қалиев, Ə. Қайдаров, Н. Уəлиев, Г. Смағұлова, Р.А. Авакова, Б. Қасым, Г. Қосымова, А. Байтелиев сынды есімдерді атауға болады. Олар фразеологизмдердің табиғатын зерттеп, олардың тілдік бірліктерден айырмашылығын айқындап, қолданылу ерекшеліктерін талдап, стильдік, эмоционалдық-экспрессивтік мəні турасында ғылыми тұжырымдар жасаған.

Тұрақты сөз тіркестерінің эмоционалды мəн беруі туралы ғалым Ө. Айтбаев: «Қандай тілде болмасын фразеологиялық единицалар астарлы, образды мағынада қолданылады. Олардың қай- қайсысында да мəнерлеп, бейнелеп айту қызметі күшті. Кейбір жеке сөздердегі тəрізді, тұрақты сөз тіркестерінде де эмоциональдық-экспрессивтік бояу мол. Көбіне осы өзгешелік басым. Яғни фразеологизмдердің көпшілігі айрықша образды, экспрессивті қызмет атқарады. Экспрессивтік- эмоциональдық бояуы бұрыннан бойында бар фразеологиялық единицалар көркем қолданылып, сөйлеушінің адамзат, құбылыс турасындағы өз көзқарасын мəлім етеді. Экспрессивті тұрақты тіркестер сезімге айрықша əсер етеді» [4; 23], — деп жазады.

Фразеологизмдер көркем əдебиетте эмоционалды-экспрессивті əрі прагматикалық қызмет атқарады. Профессор Г.С. Қосымова: «Поэтикалық тіркестерде адамның түр-тұрпатын, ішкі дүниесін, затты, құбылысты ерекше түрлендіріп, жұтындырып, құлпыртып бейнелейтін бөлекше қуат-нəр болады», — дей отырып, поэтикалық фразеологизмдер эпитеттерден, метафоралық тіркестерден, теңеулерден жасалатынын айтады жəне мұндай фразеологизмдер көріктеуші бейнелі тəсіл, көркемдік нəр беру, эмоциялық уыттылық таныту үшін алынатыны, олардың əрқайсысының астарында жасырын қосымша мағына жəне прагматикалық бағдар жататынын тұжырымдайды [5; 30].

Қазіргі тіл білімінде фразеологизмдерді антропоцентристік бағытта зерттеу өзекті болып отыр. Ол турасында Н.Ф. Алефиренко: «Фразеологизмдерде «этнотілдік сананы білдірудің» өзекті құралы ретінде анық көрінетін антропоцентристік бағыт байқалады, себебі фразеологизмдер арқылы тіл адамдар арасындағы қарым-қатынасты жəне адамның əртүрлі шындыққа қатынасын сипаттайды, бағалайды, эспрессивті түрде көрсетеді» [6; 148] деген пікір білдіреді.

Адамның жеке қасиеттерін, мінез бітістерін, іс-əрекеттерін, бет-келбетін, дене бітімін бейнелеп, сипаттап, экспрессивті-эмоционалдық тұрғыда бағалайтын фразеологизмдердің бірі — сапалық- бағалауыш семантикасы бар фразеологизмдер. Орыс жəне түркі тіл білімінде «адамның сапалық жəне бағалауыш сипаттамасы» фразеосемантикалық өрісіне арналған бірнеше зерттеу еңбектері бар. Н.Л. Гоголицына, Ю.П. Солодуб, Е.Ф. Арсентьева, А.Э. Чумакаев, Д.Б. Байсултанов, Э.В. Эрдниева, Л.К. Байрамова, Ф.С. Сафиуллина, П.С. Эстебесовалардың еңбектерін атауға болады.

Д.Б. Байсултанов қазіргі шешен тіліндегі адамның интеллектуалдық қасиеттерін білдіретін фразеологизмдердің семантикалық микроөрісін қарастыра келе, оларды бірнеше фразеосемантикалық топтарға топтастырған [7; 149].

П.С. Эстебесова қырғыз жəне түрік тілдеріндегі адамның сыртқы келбетін сипаттайтын фразеологизмдерді салыстырмалы түрде қарастыра келе, оларды бірнеше семантикалық топтарға жіктейді. Ғалым адамның сыртқы келбетін сипаттайтын фразеологизмдерден адамның ішкі күйін, мінезін, қасиетін түсінуге болады деген қорытындыға келеді [8; 66].

Э.В. Эрдниева орыс, ағылшын, қалмақ тілдеріндегі адамның моральдық қасиеттерін білдіретін фразеологизмдерді салғастырмалы түрде қарастыра келе: «Проведенный анализ показал, что большая часть фразеологизмов, выражающих моральные качества человека, имеет сравнение с животными, птицами, их повадками. Образы животных во многих языках широко используются для полной и выразительной характеристики человека. Наиболее частотные образы животных и птиц приобретают ярко выраженное значение и становятся символами (в русском языке: заяц трусливый, лиса хитрая, баран глупый, сова мудрая). Носители разных языков могут по-разному воспринимать образ того или иного животного. Обычно это связано с поверьями, представлениями народа, суевериями», деп, адам қасиеттерін білдіретін фразеологизмдерде ұлттық-мəдени ерекшеліктің бар екендігін, олар арқылы халықтың менталитеті мен рухани мəдениеті көрінеді деген қорытынды жасайды [9; 80].

И.А. Волошкина француз тілі материалдары негізінде «адамның мінез-құлқы» фразеосемантикалық өрісін қарастыра келе, зерттеу нəтижесінде «адамның мінез-құлқы» фразеологиялық өрісін модельдеуге негіз болған характерологиялық фразеологияның үлкен қабатын анықтап, «Фразеосемантикалық өріс — француз тілінің лексика жəне фразеология саласымен тығыз байланысты динамикалық, дамушы жүйе. Өріс мазмұнын комплексті талдау француз ФБ-нің ұлттық- мəдени ерекшеліктерінің көріну механизмін байқауға, олардың пайда болу көздерін ашуға, олардың негізін құрайтын ассоциациялары мен образдарды анықтауға, фразеологизмдердің дискурсивті- когнигивті сипаттамаларын анықтауға, ФБ-нің семантикалық, стилистикалық жəне грамматикалық қасиеттерінің өзара əрекеттесуін сипаттауға, құрылымдық өріс шеңберіндегі олардың семантикалық қатынастарын жəне олардың əлемнің тілдік бейнесіне əсерін анықтауға мүмкіндік берді» [10; 6] деген қорытынды жасайды.

Ə. Қайдар қазақ тілінің сөз байлығын құрайтын фразеологизмдердің басым бөлігін адамға жəне оның ерекшеліктеріне қатысты фразеологизмдер алатындығын айтады. Ғалым: «Человек, находящийся в центре всех явлений и жизни на земле, немало усилий прилагает и к познанию собственной персоны, оценке своих поступков, индивидуальных особенностей и т.д. Результаты этой познавательной и характерологической деятельности человека и общества получили отражение в большом количестве ФЕ. Этот класс в научной литературе рассматривается в нескольких подгруппах, составляющих своего рода микросистему внутри данного класса» дей келе, адамды сипаттайтын фразеологизмдерді: 1) мінез сапалары мен сипатын білдіретін; 2) сыртқы бейнесін сипаттайтын фазеологизмдер деп топтастырады. Бірінші топқа адалдық, шыншылдық, сенімділік, тəуекелшілдік, қырсықтық, жауапкершілік, қарапайымдылық, жалқаулық, сөзшеңдік, мылжыңдық сынды қасиеттерді білдіретін фразеологизмдерді топтастырса, екінші топқа адамның бет əлпеті мен сырт бейнесіне қатысты фразеологизмдерді жатқызады [11; 380].

Нəтижелер мен олардың талқылануы

«Тілде адамға қатысты фразеологизмдерді бірнеше тақырыптық топтарға бөлуге болады. Адамның мінез-құлқын, сырт бейнесі мен ішкі дүниесін, қадір-қасиетін, қимыл-қозғалысын сипаттауда фразеологизмдердің маңызы зор. Адами қасиеттерді, мəселен адалдық-арамдық, қарапайымдылық-тəкаппарлық, сабырлылық-сабырсыздық, кішіпейілдік, ақылдылық-ақымақтық, сыпайылық-дөрекілік, намысқойлық-намыссыздық, жомарттық-сараңдық, қызғаншақтық, мақтаншықтық т.б. жағымды-жағымсыз қасиеттерді сипаттауда тілде алуан түрлі фразеологизмдер қолданылады» [12; 21].

Адамның қасиеттерін сипаттауда фразеологизмдер сапалық-бағалауыш мəнге ие. Тілдегі адами қасиеттерді білдіретін фразеологизмдерді тақырыптық топтарға жіктеу барысында, олардың бағалауыш мəніне қарай үш топқа жіктедік:

  1. Адамның жағымсыз қасиеттерін білдіретін фразеологизмдер. Бұл топқа теріс бағалауыш мəнге ие фразеологизмдер кіреді. Фразеологизмдерді кіші фразеосемантикалық топтарға жіктеу, оладың фразеологиялық сөздікте берілген мəн-мағыналары негізінде жүзеге асырылды: 1) мақтаншақтық (бос кеуде, мақтанның құлы, тонына сыймайды); 2) қанағатсыздық (дүниеге көзі тоймаған / дүниеге тоймаған); 3) сабырсыздық (тақат таба алмау); 4) қорқақтық (қоян жүрек/су жүрек); 5) қулық, айлакерлік, зымияндық (алпыс екі [алпыс алты] айлалы, əккі [кəнігі] жау, басқан ізіне шөп шықпайды, бит ішіне қан құяды, жылан жүрісті, қырқылжың түлкідей, тақыр жерден шөп шығарған); 6) топастық, ақымақтық, ессіздік (көк ми [көк милық], қасаң ми, қас [қаса] надан, қу бас); 7) надандық (көр [көн] кеуде / көкірегі бітеу [саңырау] / көр көкірек, ойсыз құлақ); 8) сыр сақтай алмайтын адам, сөзшеңдік (аузы ашық, аузың желдей еседі, көк малта, қу таңдай); 9) мылжыңдық (қызыл [көбік] ауыз [езу]); 10) сараңдық (бейілі арам [тар, қара], деген сараң бай, қатты кісі, қу бастан қуырдақ ет алды, сүйек бермес, сынық ине, сыдырым таспа бермейді, шық бермес Шығайбай / шық татырмас, тас болу); 11) жалқаулық (бұрау [бұта, шөп] басын да сындырмайды, көк [кер] жалқау, құр нан соғар); 12) өтірікші, тиянақсыз (екі сөзді кісі, су жұқпас / қара судан қаймақ алады, су құйды өтірікші); 12) мейірімсіздік, қатыгездік (жүрегі қара, көн көңілді, Қара байдай қаныпезер [сараң], қара жүрек, тас бауыр [бүйрек], тас жүрек, тас көңіл [мейір]); 13) зорлықшылдық, озбырлық (қанды балақ); 14) зұлымдық тұзақ үзген / тұзақ үзген ала аяқ); 15) тəкаппарлық, менмендік (зор кеуде [көкірек], кеудесі жоғары, көңілі көкте, басы жерде, менмен кеуде, паң кісі, үзеңгі бауы алты қабат екен, хан көкірек адам); 16) салақтық, олақтық (кең балақ, жалпы етек, қазанына қаспақ қатқан / қазанының қаспағы бес елі, майлы қолтық, салпы етек); 17) қырсықтық (кер табан, сиыр тектес, теріс азу, тоңмойын, іштен қара [қыңыр] туған); 18) ашушаңдық (кірпігінен қырау тамған, қаңтардағы бурадай, тауаны тар, терісі тар); 19) тентектік, бұзықтық (қазанбұзар қырыс / қазанбұзар, үй тентек); 20) арамдық (қан-жыны араласқан, қаны бұзық [қара], қара көңіл, қу бастан қуырдақ ет алды, пейілі [бейілі] бұзық [жаман], іші арам); 21) ұрысқақтық, бетпақтық (қас жүзі қара, мінезі шайпау [шəлкес]); 22) ашкөздік (қызыл көрген құзғындай [қарғадай, бүркіттей]); 23) пəлеқорлық, даукестік (пəлеқор [жанжал] көз [-ді]); 24) қызғаншақтық (пейілі [бейілі] тар [тарылды], тұз арамы, ішіне қыл [шынашақ] айналмайды, іші жарыла жаздады, іші тар); 25) сылбырлық (су мұрын);
  2. Адамның жағымды қасиеттерін білдіретін фразеологизмдер. Бұл топқа оң бағалауыш мəнге ие фразеологизмдер кіреді: 1) сыпайылық, кішіпейілдік (бетегеден биік, жусаннан аласа / бетегеден аласа, қойдан жуас, екі қолын қусырды, жүзі [өңі] сынық, сынық жан [кісі]); 2) өжеттік (бет жүзіне қарамай / бет-жүзі бар демеді / бет жүзің демеді, бетің бар, жүзің бар демеді/бет-жүзің бар демеді, бөрі бет батылдық, арыстан жүректі, жүрегінде [көкірегінде] оты бар, от жүрек); 3) алғырлық (жібек баулы қырандай, көзінен оты жанған / көзінің оты бар, көңіл (-і) жүйрік, қауға тиген өрттей); 4) əділдік (Наушаруандай əділ, қара қылды қақ жарған / қара қылды қырыққа бөлген); 5) шыншылдық (тура тілді); 6) инабаттылық, ұяңдық, ибалылық (бетінен иманы (ұяты) тамған, иманы бетінде үзіліп тұр, иман жүзді, иман (-ы) бар [жоқ], иманды адам [кісі], пердесі жыртылмаған); 7) шеберлік (бит қабығынан биялай тоқыған); 8) əдептілік (адал сүт емген, мінезі майдай [сынық, текті], тойған қозыдай); 9) тазалық (көкірегі таза); 10) шыдамдылық (ақпан соқса өлмейтін, тоқпан соқса өлмейтін; дəті берік); 11) мықтылық, күштілік (алапаты асқардай, алты басты айдаһар, қайраты қара тастай, нар атандай / нар еді / нарға жүгін салғысыз, тепсе темір үзеді [сындырады]); 12) батырлық, батылдық (жүрегінің түгі бар [шыққан], жүрек жұтқан, көз жоқ [көзсіз] батыр, көкжал бөрі, қас [қаса] батыр, қасқыр жүректі, мыңға жалғыз болмайтын, өр жігіт, сайып қыран, бөрі бет батылдық); 13) өткірлік, шешендік (алмас тілді, аузы епті, аузымен құс [құс құйрығын] тістеген / аузымен құс ілген, аузының желі бар, ауыздыға сөз, аттыға [аяқтыға] жол бермейді / аттыға сөз, жаяуға жол бермейді (көкбет, долы, ешкімнің айтқанына көнбейтін адам жайында да айтылады), буынсыз [сүйексіз] тіл, қаламы өткір, орақ ауыз [ауызды] / от ауыз [ауызды] / от тісті [тілді], орақ ауызды [тісті], өткір тіл [-ді], су [судай] жорға / су төгілмес [суырдан су төгілмес] жорға, су жұқпас шешен, топ жарған шешен / топтан озған ділмар; топтан торай шалдырмас [бермейтін], тілге жүйрік, тілге ұста, тілі мірдің оғындай / тілі өткір [зəрдей, удай]); 14) ақылдылық (алтын басты еркек [əйел], өресі биік [жоғары, төмен], іші — алтын, сырты — күміс); 15) айбарлылық, қуаттылық (атан жілік, арқар мүйіз); 16) сырға берік, сөзшең емес (аузы ауыр / аузына берік [ие], сырға берік); 17) жомарттық (қолы ашық [жазық], пейілі кең, дүниеге кең); 19) тиянақтылық (ісіне мығым); 20) тұрақтылық, уəдеге беріктік (екі сөз жоқ); 21) төзімділік (жаны сірі / жаны сіріден жаралған екен / жаны сіріден берік екен / жаны сірідей / жаны темірден жаралған; жылқы мінезді, көк желке, қайыспас қайсар, табаны алты қарыс); 22) қайраттылық (жараған бурадай / жараған бурадай қылшылдайды, қылыштай [қылыштың жүзіндей] қылшылдаған); 21) мейірімділік (жүзі [өңі] жылы, жылы жүрек); 22) бауырмалдық, кеңкейілділік (кең қолтық, кең есік); 23) байқампаздық, аңғарғыштық (қабақ танығыш); 24) ептілік (қолы жүйрік); 25) адалдық (ешкімнің ала жібін аттамау, судан тұнық, сүттен ақ); 26) талаптылық, пысықтық (талағының [талағында] биті бар, талабы таудай); 27) тапқырлық (тоғыз қырлы, тоқсан [бір] сырлы); 28) турашылдық (тік сөзді); 29) сабырлылық (етінен ет кесіп алып жатса да мыңқ етпеу / етінен ет кесіп алып жатса да былқ етпеу).
  3. Адам бойындағы екіжақты қасиеттерді сипаттайтын фразеологизмдер. Бұл топқа бейтарап мəнді фразеологизмдер кіреді, яғни мұндай фразеологизмдердің нақты оң не теріс бағалауыш мəні жоқ. 1) аңқаулық (бала мінез, мəми [мəби] ауыз); 2) жуастық, момындық (қой аузынан шөп алмайды / қойдай жуас / қойдан қоңыр / қойдан қоңыр, жылқыдан торы / қой мінез; салпаң құлақ; тойған қозыдай);

Бейтарап мəнді фразеологизмдердің тілде нақты оң не теріс мəнде жұмсалуы контексте анықталады. Мысалы, Жазаң сенің — қойдан қоңыр мінезің, Əлдекімге артық болдың бір өзің. Өмірге сен өгей болып туғансың, Туған күні-ақ жаспен бетті жуғансың (С. Бегалин) деген өлең жолдарында қойдан қоңыр мінез теріс мəнде, адамға берілген жаза ретінде жұмсалған.

Қорытынды

Адами қасиеттерді білдіретін фразеологизмдерді топтау барысында байқағанымыз, қазақ тілінде теріс бағалауыш мəнді фразеологизмдерге қарағанда оң бағалауыш мəндегі фразеологизмдер көп. Сонымен қатар адам бойындағы қасиеттердің фразеологизмдер арқылы берілуі де əрқилы. Мəселен, фразеологизмдерде өжеттік, батырлық, батылдық, шешендік, төзімділік, мықтылық, күштілік, инабаттылық, кішіпейілділік қасиеттер молынан көрініс тапса, тиянақтылық, тұрақтылық, бауырмалдық, байқампаздық, тапқырлық, турашылдық қасиеттер бірлі-екілі ғана фразеологизмдермен беріледі. Сондай-ақ, қанағатсыздық, сабырсыздық, қорқақтық, мылжыңдық, ашкөздік қасиеттерге қарағанда, тəкаппарлық, менмендік, қырсықтық, арамдық, қулық, сараңдық, мейірімсіздік, қызғаншақтық қасиеттерді бейнелейтін теріс бағалауыш мəндегі фразеологизмдер мол.

Əлемнің тілдік бейнесін қалыптастыруда фразеология саласының үлесі зор. Фразеологизмдердің семантикасынан ұлттың мəдени болмысы мен ойлау жүйесін, қоршаған дүниені қабылдаудағы ұлттың менталдық ерекшелігін, қазақ халқының салт-дəстүрін айқын аңғаруға болады. Тілдік деректерден түйгеніміз, адами қасиеттерді беруде тіліміздің сөздік қабатын құрайтын фразеологизмдердің алар орны орасан. Олар адам бойындағы жағымды-жағымсыз қасиеттерді көркем, бейнелі түрде жеткізеді, əрі олардың экспрессивті-эмоционалдық мəні жоғары. Тілде адами қасиеттерді беруде фразеологизмдердің қолданысының өзіндік орны, маңызы бар. Талдау барысында байқағанымыздай, фразеологизмдер адам бойындағы қасиеттерді бейнелеуде оң, теріс жəне бейтарап бағалауыш мəнге ие. Оң бағалауыш мəнде жұмсалатын өжеттік, батырлық, батылдық, шешендік, төзімділік, мықтылық, күштілік, инабаттылық, кішіпейілділік сынды қасиеттерді білдіретін фразеологизмдер мен теріс бағалауыш мəнде жұмсалатын тəкаппарлық, менмендік, қырсықтық, арамдық, қулық, сараңдық, мейірімсіздік, қызғаншақтық қасиеттерді бейнелейтін фразеологизмдердің үлесі зор. Ал тиянақтылық, тұрақтылық, бауырмалдық, байқампаздық, тапқырлық, турашылдық сияқты жағымды қасиеттер мен қанағатсыздық, сабырсыздық, қорқақтық, мылжыңдық, ашкөздік сынды қасиеттерді білдіретін оң жəне теріс бағалауыш мəнді фразеологизмдердің саны аз. Бейтарап бағалауыш мəнді фразеологизмдер тілде тіпті аз мөлшерде кездеседі, ал олардың нақты оң не теріс бағалауыш мəнде жұмсалуы контекске қатысты.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мəдени аспектілері / Г. Смағұлова. — Алматы: Ғылым, 1998. — 193 б.
  2. Психология: Энциклопедиялық сөздік / Бас. ред. Б.Ө. Жақып. — Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011. — 624 б.
  3. Фразеологиялық сөздік / І. Кеңесбаев. — Алматы: Арыс, 2007. — 800 б.
  4. Айтбаев Ө. Қазақ тіл білімінің мəселелері / Ө. Айтбаев. — Алматы: Арыс, 2007. — 23 б.
  5. Қосымова Г. Қазақ эпосындағы тұрақты сөз тіркестері / Г. Қосымова. — Алматы: Рауан, 1997. — 80 б.
  6. Алефиренко Н.Ф. Фразеология в свете современных лингвистических парадигм / Н.Ф. Алефиренко. — М.: Элпис, 2008. — 271 с.
  7. Байсултанов Д.Б. Экспрессивно-стилистическая характеристика фразеологизмов в чеченском языке: дис д-ра филол. наук: 10.02.09 – «Кавказские языки» / Дауд Бобаевич Байсултанов. — Лейден, 2006. — 495 с.
  8. Эстебесова П.С. Анималистические фразеологизмы, выражающие внешнее качество человека, кыргызского и турецкого языков / П.С. Эстебесова // Науч. журн. «Апробация». — 2016. — № 3 (42). — С. 63–66.
  9. Эрдниева Э.В. Функционирование фразеологизмов-сравнений, выражающих качества человека, в разных языках / Э.В. Эрдниева // Вестн. Калмыц. ун-та. — 2016. — № 3 (31). — С. 77–80.
  10. Волошкина И.А. Фразеосемантическое поле «характер человека»: на материале французского языка: автореф. дис канд. филол. наук: 10.02.05 – «Романские языки» / Инесса Анатольевна Волошкина. — Белгород, 2009. — 22 с.
  11. Қайдар Ə. Ғылымдағы ғұмыр. Мақалалар, баяндамалар жинағы. — 1-т. / жауапты ред. Ə.Ə Өтебаева. — Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2014. — 520 б.
  12. Ажарбекова Э.Н., Мажитаева Ш. Адами қасиеттердің фразеологизмдер арқылы берілуі / Образование и наука ХХІ века: материалы XIV Междунар. науч.-теор. конф. (15–22 октября 2018 года). — Т.V. — София: БялГРАД-БГ ОДД. — 2018. — С. 19–23.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.