Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Цифрлық білімдік ортада студенттердің оқу мотивациясының қалыптасу ерекшеліктері

Мақала мазмұны цифрлық технологиялардың қарқынды дамуына байланысты студенттердің оқу мотивациясының қалыптасу деңгейін салыстырмалы түрде талдауға бағытталған. Цифрландыру үдерісі адами капиталдың дамуын көздей отырып, студенттерді жоғары оқу орындарында қашықтықтан жəне дəстүрлі формада оқытуға мүмкіндік береді. Соңғы тəжірибелер көрсеткендей, республика бойынша студенттердің 75 % цифрлық құралдарды пайдалану іскерлігін меңгерген, алайда онлайн білім алуға деген оқу мотивациялары төмен деңгейде. Зерттеу жұмысы аясында дəстүрлі формада оқитын жəне қашықтықтан онлайн білім алатын студенттердің оқу мотивациясы деңгейінің өзгеру ерекшеліктері салыстырмалы тұрғыда талданды. Арнайы психодиагностикалық əдістердің көмегімен күндізгі бөлім мен қашықтықтан оқитын студенттердің жетістікке жету жəне сəтсіздіктен қашу мотивациясының қалыптасу ерекшеліктері бойынша нəтижелер алынды. Жоғары оқу орнының 125 студентінен алынған зерттеу нəтижелері қашықтықтан білім алуда студенттердің оқу мотивациясының бірқатар себептерге байланысты өзгеретіндігін көрсетті. Мақалада цифрлық орта жағдайында студенттердің оқу мотивациясының қалыптасуына ықпал ететін педагогикалық жəне психологиялық факторларға сипаттама беріліп, алынған зерттеу нəтижелерінің сандық жəне сапалық талдауы ұсынылған.

Кіріспе

Ғaлaмдық кeңістіктe цифрлық тeхнологиялaрдың қaрқынды дaмуы кeз кeлгeн eлдің білім бeру сaлaсынa ықпaл eтіп, aдaми кaпитaлдың сaпaсын aрттыру бaғытындaғы кəсіби мaмaн дaярлaу жүйeсінe жaңa тaлaптaр қойып отыр. Цифрлық білім беру: оқу орнын басқарудың ақпараттық жүйелері; цифрлық білім беру мазмұны; білім берудің жеке траекториясы мен тұлғаның цифрлық сауаттылық деңгейін қамтиды. Білім алушылардың жеке бейімділік, мобильділік пен еркіндік негізінде үздіксіз түрде білімін жетілдіруіне мүмкіндік береді; виртуальды кітапхана мен виртуальды зертхана жұмысын ұйымдастырып, білім беру ұйымдары арасындағы жеңіл коллаборация мүмкіндігін туғызады. Цифрлық кеңістік адамзаттың индустриалды даму сатысынан жаңа өркениеттік бейнесіне өту сəтінің динамикалық қалыптасу кезеңіндегі мəдени-əлеуметтік болмысы ретінде оқытушылар мен білім алушылардың өзара əрекеттестігін оңтайландырып, оқу-тəрбие үдерісін басқарудың мобильді құрылымын қалыптастырады. Бүгінгі күнде, еліміздегі жоғары оқу орындары ақпараттық жағынан құзыретті, цифрлық ресурстарды өзінің кəсіби іс əрекетінде тиімді пайдалана алатын болашақ мамандарды даярлауды көздейтін цифрлық білімдік ортаға айналды. Əлeмдік дeңгeйдeгі цифрлық дəуір, біздің eліміздe дe мeмлeкeттік сaясaтты жүргізудің бaсты дaму жоспaрынa цифрлaндыруды eнгізудің қaжeт eкeндігін көрсeтті. Осығaн орaй, 2017 жылы Қaзaқстaндa 5 нeгізгі бaғытты іскe aсырaтын «Цифрлық Қaзaқстaн» мeмлeкeттік бaғдaрлaмaсы қабылданып, осы заң шеңберінде aқпaрaттық-коммуникaциялық тeхнологиялaр сaлaсындaғы жeкe тұлғaлaрдың aқпaрaттық қaуіпсіздігін қaмтaмaсыз eту, мeктeптeр мeн кəсіптік білім бeрeтін оқу орындaрындa цифрлық құзыреттілікті aрттыру жəнe aдaми кaпитaлды дaмыту көздeлді.

Жоғары оқу орны студенттерінің кəсіби іс-əрекет сaлaсынa сəйкес білім, іскерлік, дaғдыны меңгеруі жəне сол əрекет тəсілдерін өмірде тəжірибелік, теориялық міндеттерді шешу кезінде пaйдaлaнa aлу қaбілетінің болуы маңызды шарт. Студeнттерден нeгізгі құзырeттіліктeр ретінде күтілeтін нəтижeлeр қaтaрынa: функционaлдық сaуaттылығы мeн кeз кeлгeн мəсeлeні дұрыс шeшe білу қaсиeті; тaлдaу жұмыстaрын өз бeтімeн орындaй aлуы; aтқaрылaтын қызмeтінe қaрaй мaқсaт қоя білуі; қызмeтін жоспaрлaй aлуы; əрeкeтін жинaқтaй aлуы; жұмыстaрын қорытып, сaлыстырып, дəлeлдeуі; өзін-өзі aдeквaтты бaғалaуы; мeңгeргeн білік, іскерлік, дағдысын тəжірибeдe қолдaнa aлуы жəнe т.б. жaтaды.

Цифрлық білім қазіргі заманғы кəсіби маман даярлаудың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған сандық түрде ұсынылған графикалық, мəтіндік, сандық, тілдік, музыкалық, бейне-фото жəне басқа да мəліметтен тұратын ақпарат көзі саналады. Цифрлық ортадағы білім беру ресурстарына: мультимедиалық дыбысталған презентациялар, сандық форматқа айналдырылған мəтіндер, интерактивті тапсырмалар мен белгілі бір тақырып бойынша тестілеу бағдарламасы, мəтіндік, цифрлық түрдегі оқу материалдары жəне т.б жатқызуға болады.

Цифрландыру білім алушылардың ХХІ ғасырдағы қоғамға қажетті маңызды сапалары мен іскерліктерінің қалыптасуына: цифрлық ресурстарды пайдалана алу іскерлігі, ақпараттық жағынан сауатты болу, жаһандық деңгейде ойлана алу, ара қашықтыққа қарамай кез келген елдегі түрлі іс- шаралар мен ғылыми семинарға қатысу, үздіксіз түрде өздігінен білімін жетілдіру жəне шығармашылық міндеттерді орындау т.б. жағдай жасайды. Цифрлық білімдік ортаның артықшылықтарымен қатар, өзіндік кемшіліктері де жоқ емес. Цифрлық мүмкіндіктер белгілі бір деңгейде адамның коммуникативтік сөйлеу қабілеттерінің төмендеуіне, тұлғааралық қарым- қатынастың түрлі əлеуметтік желілердегі виртуальды байланысқа ауысуына, эмоционалды көңіл- күйді түрлі белгілер арқылы білдіруге, студенттің көлемді ақпараттарды қабылдау қабілеті мен əлеуметтік дағдыларының бұзылуына, экранға деген тəуелділіктің қалыптасуы, тұлғаның ақпараттық қауіпсіздігінің сақталмауы, манипуляцияға тап болуы жəне т.б. алып келуі мүмкін.

Цифрлық білімдік орта мүмкіндіктері мен цифрлық ресурстардың қарқынды дамуы студенттерді қашықтықтан немесе аралас формада оқытуға жағдай жасайды. Қашықтықтан онлайн оқытудың дидактикасы студенттердің белсенділігіне, ішкі мотивациясына жəне қажетті білімді алуға деген саналы ұмтылысына бағдарланады, сол арқылы студенттердің ақыл-ой жəне тұлғалық жағынан даму деңгейлері анықталады. Қашықтықтан оқыту технологиясы негізінде білім алу өзіндік менеджмент дағдыларын меңгермеген, ақыл-ой еңбегі мəдениетін қалыптастырмаған, өзін-өзі реттеу жəне бақылау іскерліктерін игермеген студенттер үшін қиындық туғызады. Сондықтан да, тұрақты, ішкі мотивациясының қалыптасуы студенттердің оқу іс-əрекетінің нəтижелі орындалуына септігін тигізеді.

Цифрлық білімдік ортада кəсіби маман даярлаудың педагогикалық жəне психологиялық аспектілерін зерттеумен айналысқан ғалымдар мотивацияның қалыптасуына ерекше назар аударады. Ю.А. Дубровская [1] студенттерді онлайн оқытуда педагогикалық жағынан сүйемелдеу мəселесін зерттесе, Е.Г. Жданова [2] қашықтықтан оқыту технологиясында студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын айқындайды. Оқу іс-əрекетінің қозғаушы күші танымдық қажеттіліктер, мақсат, қызығушылық, ұмтылыс, идеалдар, ұмтылыстарды қамтитын мотивтер жүйесі болып табылады. Оқу іс-əрекетінде студенттердің белсенділігіне ішкі, сыртқы жəне тұлғалық факторлар əсерін тигізеді. Оқу мотивациясының ішкі көздеріне тұлғаның танымдық жəне əлеуметтік қажеттіліктері кіреді. Ал, сыртқы əсерлеріне оқу іс-əрекетіндегі талаптар, күтілулер жəне сыртқы мүмкіндіктер жатады. Студенттердің белсенділігіне ықпал ететін тұлғалық факторларға оқу іс-əрекетін белсендіретін жеке қызығушылықтар, қажеттіліктер, ұстанымдар, стереотиптер, өзін-өзі дамыту мен жетілдіру т.б атап өтуге болады.

  • .Б. Новикова [3] қашықтықтан оқыту жəне жобалау əдістері негізінде студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруды зерделейді. Оның зерттеулерінде мотивтердің екі түрлі сапасы қарастырылады: мазмұндық жəне динамикалық. Мазмұндық сапасы оқу іс-əрекетінің сипатына байланысты болады (саналылық, өз бетімен іздену, əрекеттілік, бірнеше пəндерге ынталану дəрежесі т.б). Ал, динамикалық сапасы жеке тұлғаның психофизиологиялық ерекшеліктеріне тəуелді болады (мотивтің тұрақтылығы, мотивтің көріну деңгейі, бір мотивтен екіншісіне ауысу дəрежесі, мотивтердің эмоциялық көрінісі жəне т.б).

Шетелдік ғaлым A.К. Мaрковaның ғылыми-зерттеу жұмыстaрындa тұлғaның кəсіптік іс- əрекетінің нəтижелі орындaлуынa, қaрым-қaтынaс мəдениетінің дaмуынa жəне стрестік жaғдaйлaрғa тұрaқты болуынa септігін тигізетін мотивaциялық, еріктік жəне эмоциялық ерекшеліктері aтaлып өтіледі:

  • мaмaнның кəсіби мотиві, мaқсaт-міндеттері, қaжеттілігі, қызығушылығы, тұлғaaрaлық қaрым- қaтынaсты орнaтуы, құндылық бaғдaры, өмірлік принциптері;
  • жоғaры нəтижелерге кəсіби тaлaптaну, кəсіптік өзін-өзі aнықтaу жəне бaғaлaу, өзіндік сaнa;
  • мaмaнның эмоциялық қaлпы, психикaлық күйлері, сезімдері, стреске төзімділігі;
  • мaмaнның кəсіби міндеттері мен қызметтері, өз еңбегінің нəтижесіне қaнaғaттaнуы;
  • кəсіби қaбілеттер, білім мен іскерлікті aрттыру, кəсіптік көтерілуге дaйын болу;
  • шығaрмaшылық ойлaу, тəжірибені aрттыру, кəсіби құзыреттілікті жоғaрылaту [4; 29].

Педагогика жəне психология ғылымдарында мотивтерді, мотивацияны жəне тұлғаның бағыттылығын зерделеуге арналған бірқатар тұжырымдамалар мен теориялар белгілі. Дж.Келли, Д.Макклелланд жəне т.б шетелдік ғалымдардың көзқарасы бойынша, мотивацияның қалыптасуына қоғамдық даму факторлары емес, туғаннан пайда болатын түрткілер маңызды деп есептелінеді. Оқу мотивациясы белгілі бір оқу іс-əрекетіне негізделген мотивацияның ерекше түрі ретінде қарастырылады. Жетістікке жету жəне сəтсіздіктен қашу мотивтері оқу сапасына əсерін тигізіп, оқу іс-əрекетін орындауға деген студенттердің белсенділігін өзгертеді [5; 296].

Ресейлік ғалымдардың зерттеулерінде (И.Л. Аристова, Т.О. Гордеева, Э.В. Синицына) мотивтер саналы қажеттілік, тұлғаның іс-əрекетімен байланысты құбылыс ретінде қарастырылып, оған əсер ететін биологиялық жəне əлеуметтік даму себептері талданады. Зерттеушілердің жұмыстарына сүйенсек, оқу мотивациясының қалыптасуына септігін тигізетін бірнеше маңызды факторларды атап өтуге болады. Атап айтқанда: білім беру жүйесінің жалпы сипаты; білім беру ұйымындағы педагогикалық үдерістің ұйымдастырылу деңгейі; студенттің жеке басына қатысты ерекшеліктер (жынысы, жасы, ақыл-ой даму деңгейі мен қабілеттері, өзін-өзі бағалауы, өзге қатарластарымен бірлесіп əрекет ете алуы мен қарым-қатынас құра білу іскерлігі т.б.); оқытушының тұлғалық ерекшеліктері жəне оның білім алушыларға, педагогикалық іс-əрекетке деген қатынасы; оқу пəнінің өзіндік ерекшеліктері жəне т.б. [6].

Отандық ғалым П.Б. Сейітқазының [7] зерттеуінде цифрлық білімдік орта жеке тұлғалардың: функционaлдық сaуaттылығы мeн кeз кeлгeн мəсeлeні дұрыс шeшe білу қaсиeтін; индуктивті жəне дедуктивті тaлдaу жұмыстaрын өз бeтімeн орындaй aлуын; aтқaрылaтын қызмeтінe қaрaй мaқсaт қоя білуін; қызмeтін өз бетімен жоспaрлaй aлуын; орындаған жұмыстaрын қорытып, сaлыстырып, дəлeлдeуін; өзін-өзі aдeквaтты бaғалaуын; мeңгeргeн білік, іскерлік, дағдысын тəжірибeдe қолдaнa aлуын жəнe т.б. талап етеді деп көрсетілген. Ал, А.Ташетов [8] цифрлық технологиялар негізінде оқыту болашақ педагог мамандардың сыни ойлауын дамытуды, цифрлық сауаттылығын арттыруды қажет ететіндігін алға тартады.

Студенттердің оқу іс-əрекетінің субъектісі ретінде қалыптасуы оның ішкі жəне тұрақты мотивінсіз жүзеге аспайды. Оқу іс-əрекетінің мотивациясын дамыту мəселесі педагогика ғылымы үшін жаңа тақырып емес, бірақ цифрлық білімдік ортаның қалыптасып, жаңа оқыту технологияларының тəжірибеге енуіне оқу мотивациясын қайта зерделеудің маңыздылығын айшықтайды. Қашықтықтан оқыту үдерісінде студенттер мақсатты түрде, белсенді, жауапты түрде əрекет етпейтін болса оқу іс-əрекеті нəтижесіз болады. Сондықтан да, біз цифрлық білімдік ортадағы студенттердің оқу мотивациясының қалыптасу ерекшеліктерін эмпирикалық əдістер негізінде анықтауды мақсат еттік.

Негізгі бөлім

Оқу мотивациясы іс-əрекетте қойылған мақсатқа жетудегі жетекші рөлді атқарады. Отандық зерттеу жұмыстарында қашықтықтан оқыту жүйесі қолданылғанымен, дəстүрлі жəне қашықтықтан оқыту формасындағы студенттердің мотивациялық ерекшеліктерін салыстырмалы талдауға бағытталған еңбектер кездеспейді. Біз жоғары оқу орны студенттерін негізгі нысанға ала отырып, қашықтықтан жəне күндізгі бөлімде оқитын студенттердің оқу мотивациясының (жетістікке жету жəне сəтсіздіктен қашу) деңгейлерін анықтап, салыстырмалы түрде талдауды көздедік. Зерттеу аясында тəжірибелік ізденістерді жүзеге асыру үдерісінде теориялық зерттеу əдістерін, яғни психологиялық, педагогикалық əдебиеттерге талдау, салыстыру, индуктивті-дедуктивті талдауды жүзеге асырдық. Сондай-ақ, эмпирикалық əдіс ретінде сауалнама, студенттердің оқу іс-əрекетінің нəтижесін сараптау əдістері қолданылды.

Ғылыми əдебиеттерге талдау, білім беру мен ғылымдағы цифрландырудың 4 түрлі трендтін анықтауға мүмкіндік берді: цифрлық құралдар мен технологияларды дəстүрлі оқыту бағдарламасы мен оқу пəндеріне ендіру (аралас оқыту); онлайн білім беруді дамыту; виртуальды білім беру ортасын құру; білім беру ұйымдарын басқару бағдарының өзгеруі. Осы трендтер қашықтықтан оқыту жүйесінде келесідей платформалар мен қосымшалар арқылы жүзеге асырылды:

  • Бейнелік платформалар (Microsoft Teams, Zoom, Skype, Webex, Google Meet жəне т.б);
  • Пошталық сервистер (Outlook, Gmail, Mail.ru жəне т.б.);
  • Жылдам хабар алмасуға арналған қосымшалар (Slack, What’s App, Telegram);
  • Оқытуды басқару жүйелері (Moodle, Platonus жəне т.б).

Студенттердің оқу мотивациясының қалыптасу деңгейін анықтау олардың білім, іскерлік жəне дағдысына қойылатын негізгі талаптармен байланысты болды. Студенттердің кəсіби білім мен біліктілік көрсеткіштері мынадай деңгейлер бойынша анықталады: білім-тaнысу — студeнттeр пəндeр бойыншa тeориялық білім aлaды, бірaқ өз білімін тəжірибeдe қолдaнуды білмeйді; білім- рeпродукция — студeнттeр aлғaн білімдeрімeн бөлісe aлaды, тaсымaлдaйды, бірaқ оны тəжірибeдe пaйдaлaну қиындық туындaтaды; білім-іскeрлік — студeнттeр қaжeтті білімді aлып, тəжірибeлік іскeрліктeрді дe мeңгeрeді, білім-тaсымaлдaу — студeнттeр өздігінeн білімін жeтілдірe aлaды жəнe оны тəжірибeдe қолдaнa aлaды [9].

Студенттердің мотивациялық компонентін анықтау үшін К.Замфирдің «Кəсіби іс-əрекет мотивациясын зерттеу» əдістемесі пайдаланылды. Бұл əдістеме кəсіби іс-əрекет мотивацияларын, оның ішінде педагогикалық іс-əрекет мотивацияларын диагностикалау үшін қолданылды. Тұлға үшін іс-əрекеттің өзі, жеке алғанда маңызды болған жағдайда мотивацияның ішкі типі туралы айтуға болады. К.Замфирдің əдістемесінде сыртқы мотивтердің өзі сыртқы оң жəне сыртқы теріс деп бөлінеді. Сыртқы оң мотивтер сыртқы теріс мотивтермен салыстырғанда барлық жағынан тиімді болып саналады. Əдістеме бойынша 7 түрлі кəсіби іс-əрекет мотивтері бес балдық шкаламен бағаланады. Алынған жауаптар əдістеменің кілтіне сəйкес ішкі мотивацияның (ІМ), сыртқы оң мотивацияның (СОМ) жəне сыртқы теріс мотивацияның (СТМ) көрсеткіштері есептелінеді [10].

Алынған нəтижелердің негізінде тұлғаның мотивациялық кешені анықталды. Мотивациялық кешен мотивацияның үш түрінен құралды: ІМ, СОМ жəне СТМ. Ең тиімді мотивациялық кешенге төмендегідей үйлесімділік типін жатқызуға болады: ІМ>СОМ>СТМ жəне ІМ=СОМ>СТМ. Ал, ең тиімсіз мотивациялық кешенге СТМ>СОМ>ІМ. Бұл кешендердің арасында тиімділік тұрғысынан аралық болатын басқа да мотивациялық кешендер болды. Əдістемені қолдану барысында мотивациялық кешеннің типін ғана емес, оның байқалу деңгейіне, мотивацияның бір түрінің екіншісінен қаншалықты басым екендігін анықтауға баса назар аударылды.

Сонымен қатар, студенттермен «Студенттің оқу үдерісін бағалауы» атты сауалнама жүргізілді. Сауалнама студенттердің ішкі мотивациялық ерекшеліктері, жетістікке жету жəне сəтсіздіктен қашу мотивацияларының көрсеткішін, өзін-өзі реттеу жəне бақылау дағдыларын анықтауға мүмкіндік берді. Сауалнама қашықтықтан оқытудың əртүрлі аспектілерін, яғни оқу-əдістемелік қамтамасыздандыру, техникалық сүйемелдеу, кері байланыс жəне т.б негізгі сұрақтарды қамтитын 50 сұрақтан құралды. Сауалнамаға жалпы саны педагогикалық бағыттағы мамандықтардың 125 студенті қатысты.

Зерттеу жұмыстары аясында студенттердің оқу үлгеріміне салыстырмалы талдау жасауды да мақсат еттік. Сондықтан да, қосымша білім алушылардың оқу іс-əрекетінің нəтижесін сараптау əдістері пайдаланылды.

Зерттеу базасы ретінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Қaзaқ инновaциялық гумaнитaрлық зaң университеті таңдалды. Зерттеуге алынған 125 студенттің 63 дəстүрлі (күндізгі) бөлімде, 62 қашықтықтан білім алады. Зерттеу жұмыстары кезінде кейбір əдістемелер «Zoom Video Communications» кoммуникaциялық бaғдaрлaмaсын қoлдaну негізінде oнлaйн түрде жүзеге асырылды.

Төмендегі 1-ші кестеде дəстүрлі бөлімде жəне қашықтықтан оқитын 2 курс студенттерінің оқу мотивтерінің қалыптасуының салыстырмалы кестесі көрсетілген.

Кесте 1

Дəстүрлі бөлімде жəне қашықтықтан оқитын студенттердің оқу мотивациясының салыстырмалы талдауы

Оқу мотивтері

Дəстүрлі бөлімде оқу (%)

Қашықтықтан білім алу (%)

1

Сəтсіздіктен қашу мотивациясы

6,1

15,2

2

Жетістікке жету мотивациясының анық көрінбеуі

52,6

47,4

3

Жетістікке жету мотивациясы

41,3

37,4

«Студенттің оқу үдерісін бағалауы» атты сауалнама нəтижелерін талдау біздерге студенттердің оқу мотивациясының қалыптасу ерекшеліктерінің бірнеше аспектілер бойынша талдауға жағдай жасады. Зерттеу жұмыстары бойынша анықталғандай, студенттердің оқу іс-əрекеті мотивациясының қалыптасу деңгейіне оқыту формасының дəстүрлі немесе қашықтықтан ұйымдастырылуы, сондай-ақ, студенттің тұлғалық бағыттылығы ықпалын тигізеді. Респонденттердің 44 % қашықтықтан оқыту жүйесін тиімді деп бағаласа, 43 % дəстүрлі формада білім алуды нəтижелі болады деп санайды. Ал, сауалнамаға қатысқан студенттердің 13 % аралас формада білім алуды құптайды, яғни дəріс пен теориялық сабақтарды онлайн, ал зертханалық жəне тəжірибелік сабақтарды оқытушымен тікелей қарым-қатынас жасай отырып, дəстүрлі формада оқу тиімді болады есептейді.

Алынған нəтижелерге сəйкес, қашықтықтан оқыту студенттердің өз бетімен ізденуіне, оқу тапсырмасын өздігінен орындауына негізделгендіктен онлайн оқитын студенттердің өзін-өзі бақылау жəне реттеу іскерліктері анық байқалды. Қашықтықтан оқыту жүйесінде оқытушылар студенттерге барлық дидактикалық оқу материалдарын техникалық құралдардың көмегін пайдалана отырып көрсетуге мүмкіндік алады. Осыған орай, қашықтықтан оқитын студенттердің сəтсіздіктен қашу мотивациясы 13,2 % нəтижені көрсетсе, дəстүрлі білім алатын студенттерде нəтиже 6,1 % болды. Қашықтықтан оқитын студенттердің 47,4 %-да жетістікке жету мотивациясының анық көрінбеуі анықталғанымен, 37,4 %-да жетістікке жету мотивациясы басым екендігін көрсетті. Салыстырмалы түрде қарағанда, күндізгі бөлімде оқитын студенттерден 41,3 %-нан жетістікке жету мотивациясы деңгейі алынды. Алынған нəтижелерді талдай келе, қашықтықтан онлайн оқитын студенттердің жетістікке жету мотивациясына қарағанда, сəтсіздіктен қашу мотивациясы жоғары екендігі анықталды.

Отандық жəне шетелдік педагогика мен психологияда қазіргі уақытта оқу іс-əрекетіндегі мотивацияны түрлі аспектіде қарастыруға бағытталған эксперименттік зерттеу жұмыстары бар. Бірақ, бұл бағытта ғалымдардың пікірі мен ойы үнемі бір жерден шыға бермейді жəне көбінесе қарама- қайшы сипатқа ие. Студенттердің оқу мотивациясының қалыптасуы көптеген психологиялық факторларға тəуелді келеді: олардың жеке даралық ерекшеліктеріне, референттік топтардың сипаттамаларына, студенттік ұжымның даму деңгейіне жəне т.б. Сонымен қатар, студенттердің мінез-құлық мотивациясы олардың құндылық бағдарының, ұстанымдарының, əлеуметтік орта көзқарастарының көрінісі болып табылады. Сол үшін де, білім алушының табысты оқу іс-əрекеттері олардың мотивтерінің күрделі құрылымына байланысты болып келеді.

Төмендегі 2-ші кестеде дəстүрлі (күндізгі) жəне қашықтықтан оқитын студенттердің оқу мотивациясы, жетістікке жету жəне өзін-өзі реттеу мотивациясының қалыптасу ерекшеліктерінің салыстырмалы талдауы берілген.

Кесте 2

Дəстүрлі жəне қашықтықтан оқитын студенттердің оқу мотивациясы мен жетістікке жету жəне өзін-өзі реттеу мотивациясының қалыптасу ерекшеліктері

Оқыту формасы

Оқу мотивациясы

Жетістікке жету мотивациясы

Өзін-өзі реттеу

Қашықтықтан оқитын студенттер

  • кəсіпті меңгеру;
  • диплом алу;
  • сəтсіздіктерден қашу;
  • кəсіптік мотивтер
  • жетістікке жетуге ұмтылудың төменгі көрсеткіші;
  • өздік жұмыстарды орындау мен еркін əрекет етудің жоғары көрсеткіші
  • «икемділік», «мобильдік» шкаласы бойынша жоғары көрсеткіш;
  • өзін-өзі бақылаудың жоғары деңгейі;
  • өзгелермен жабық түрде бəсекелестікке түсу;
  • жауаптылық сияқты тұлғалық сапалардың аса қатты көрінбеуі

Дəстүрлі формада оқитын студенттер

  • кəсіби білімдерді меңгеру мотиві,
  • танымдық жəне оқу- танымдық мотивтерінің жоғарғы деңгейі;
  • коммуникативті жəне əлеуметтік мотивтер
  • үнемі қозғалыста болу;
  • қорқыныш, үрейдің болмауы;
  • мақсаттарды айқын қою жəне өз-өзіне деген сенімділік;
  • статусқа бағдарлану,
  • табандылық жəне өз-өзін бақылауда ұстау
  • «икемділік», «мобильдік» шкаласы бойынша төмен көрсеткіш;
  • моделдеу;
  • нəтижелерді бағалау

Қашықтықтан оқитын студенттердің оқу мотивациясы дəстүрлі формада оқитын білім алушылардікімен салыстырғанда кəсіпті меңгеру, диплом алуға, өзін-өзі дəлелдеуге көбірек бағдарланады. Сəйкесінше, дəстүрлі формада оқытушылармен «субъект-субъект» қарым- қатынасында студенттердің оқу-танымдық мотивтері нəтижелі дамиды, сондай-ақ өзара тікелей əрекеттесу коммуникативтік жəне əлеуметтік мотивтерінің қалыптасуына оңтайлы мүмкіндіктер туындатады.

Оқу іс-əрекетін нəтижелі атқаруда жетістікке жету мотивациясы маңызды рөл атқарады. Қашықтықтан оқитын студенттерде жетістікке жетуге қарағанда, сəтсіздіктен қашу мотивациялары жоғары көркеткіштерге ие. Сəйкесінше, оларда өздік жұмыстарды орындау мен еркін əрекет етудің жоғары көрсеткіші байқалады. Ал, дəстүрлі формада білім алатын студенттердің мақсатты айқын қою, статусқа бағдарлану, табандылық көрсету сияқты негізгі тұлғалық сапалары қалыптасады.

Дəстүрлі формада оқитын студенттердің қашықтықтан оқитын студенттермен салыстырғандағы негізгі айырмашылығы өзін-өзі реттеу барысында анық байқалады. Онлайн оқитын студенттер «икемділік», «мобильдік» дəрежесі бойынша жоғары көрсеткішке ие, сондай-ақ оларда өзін-өзі бақылаудың жоғары деңгейі, өзгелермен жабық түрде бəсекелестікке түсу сияқты белгілер анықталды. Қашықтықтан оқитын студенттердің сыртқы жəне ішкі жағдайларға сəйкес жылдам икемделу, өзін-өзі реттеу көрсеткіштері жоғары. Онлайн оқыту студенттердің жетістікке жетуге деген мотивациясының қалыптасуына тиімді жағдай жасайды, алайда білім алушының жеке тұлғалық сапаларының дамуына əсерін тигізбейді.

Жетістікке жету мотивациясы бойынша дəстүрлі формада оқитын студенттерде: үнемі қозғалыста болу; мақсаттарды айқын қою жəне өз-өзіне деген сенімділік; статусқа бағдарлану, табандылық жəне өз-өзін бақылауда ұстау т.б байқалды. Ал, онлайн оқитын студенттерде өздік жұмыстарды орындау мен еркін əрекет ету дағдылары бойынша жоғары нəтижелер алынды.

Педагогикалық-психологиялық зерттеу материалдарын талдау кəсіби құзыретті маман тұлғасын даярлауда оқу мотивациясының жетекші рөл атқаратындығын көрсетті. Қазіргі цифрлық білімдік ортада қашықтықтан оқыту технологиясын тиімді пайдалану алдыңғы қатарға шығып отыр. Сондықтан да, дəстүрлі формада білім алатын студенттер мен қашықтықтан оқитын студенттердің мотивациялық ерекшеліктерін салыстырмалы талдау онлайн оқыту жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Эмпирикалық зерттеу нəтижелері дəстүрлі жəне қашықтықтан білім алатын студенттердің мотивациясының қалыптасуында бірқатар айырмашылықтар болатындығын көрсетті.

Қорытынды

Цифрлық білімдік ортада студенттердің мотивациялық ерекшеліктерін анықтауға бағытталған зерттеу нəтижелерін сандық жəне сапалық жағынан талдау төмендегідей қорытындылар жасауға мүмкіндік берді:

 Қашықтықтан онлайн білім алатын студенттер мен дəстүрлі формада оқитын студенттердің оқу мотивациясында бірқатар айырмашылықтар болады. Қашықтықтан оқитын студенттердің мотивациясының құрылымында диплом алу жəне кəсіпті меңгеруге бағытталған мотивтер жетекші мəнге ие болады. Сондай-ақ, онлайн оқитын студенттердің танымдық жəне оқу-танымдық мотивтері дəстүрлі бөлімдегілермен салыстырғанда төмен нəтижелерді көрсетеді.

 Қашықтықтан оқыту жүйесінде студенттердің жетістікке жету мотивациясы төмендейді, сəйкесінше, сəтсіздіктен қашу мотивациясы жоғарылайды. Онлайн білім алу студенттердің тайм- менеджментті игеруін, соңғы нəтижеге қарай бағдарлануын талап етеді. Оқу үдерісін ұйымдастыру формалары студенттердің оқу іс-əрекеті мотивациясының қалыптасуына маңызды себеп-салдарлық рөлді атқарады. Бұл, өз кезегінде болашақ мамандардың ішкі мотивация басымдықтарын анықтауында көрініс табады.

 Қашықтықтан оқитын студенттердің дəстүрлі бөлімдегі студенттерге қарағанда тағы бір маңызды айырмашылығы олардың «мобильділігі». Онлайн оқитын студенттерде сыртқы жəне ішкі жағдайларға сəйкес жылдам икемделу, өзін-өзі реттеу көрсеткіштері жоғары. Сондай-ақ, олардың мотивациясы бəсекелестікке ұмтылуға негізделген. Аталған мотивация негізінен əлеуметтік өзара əрекеттестік нəтижесінде қалыптасады. Қашықтықтан оқитын студенттердің жетістікке жетуде маңызды болып саналатын тұлғалық сапалары төмен деңгейде қалыптасады. Ең негізгісі, қашықтықтан оқитын студенттерде тапсырманы өз бетімен орындау мен еркін əрекет ету жəне өзін- өзі бақылау жоғары деңгейде жүзеге асады.

 Цифрлық білімдік ортада студенттердің оқу мотивациясын арттыруда: оқу үдерісінің жүйелі, сапалы ұйымдастырылуы, пəндерді оқытуда жаңа цифрлық технология мүмкіндіктерінің кеңінен қолданылуы, оқытушылардың студенттерге деген жағымды қатынасы, арадағы коммуникативтік қарым-қатынас мəдениетінің сақталуы, студенттердің қызығушылықтары мен ұмтылыстарына, бастамаларына қолдау көрсету т.б тиімді болады жəне оң нəтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Əдебиеттер тізімі

  1. Дубровская Ю.А. Педагогическое сопровождение самообразования студентов в условиях дистанционного обучения: автореф. дис канд. пед. наук: 13.00.01 — «Общая педагогика, история педагогики и образования» / Ю.А. Дубровская. —СПб., 2005. — 18 с.
  2. Жданова Е.Г. Педагогические условия формирования умений самостоятельной деятельности студентов образовательных учреждений СПО средствами дистанционного обучения: автореф. дис канд. пед. наук: 13.00.01 – «Общая педагогика, история педагогики и образования» / Е.Г. Жданова. — Воронеж, 2007. — 199 с.
  3. Новикова Э.Б. Организация самостоятельной работы студентов на основе дистанционного обучения и метода проектов: автореф. дис канд. пед. наук: 13.00.08 – «Теория и методика профессионального образования» / Э.Б. Новикова. —М., 2009. — 21 с.
  4. Маркова А.К. Психология профессионализма / А.К. Маркова. — М.: Междунар. гуманит. фонд «Знание», 1996. — 308 с.
  5. Uddin М.А. Distance education in Russia: development and implementation of distance education program at the Moscow State University of Psychology and Education (MSUPE) / М.А. Uddin, В.В. Aysmontas // Психология образования в XXI веке: теория и практика. — Волгоград, 2011. — С. 296–299.
  6. Аристова И.Л. Общая психология: мотивация, эмоция, воля / И.Л. Аристова. — Владивосток: Дальневост. гос. ун-т, 2003. — 104 с.
  7. Sеytkаzy P.B., Аkеshovа M.M., Tаshеtov А.А. Formаtion of profеssionаl compеtеncе of thе futurе spеciаlists through informаtion-tеlеcommunicаtion tеchnologiеs // Materials of the 8th International Scientific and Practical Conference «Education: Traditions and Innovations». — Prague, 2015. — P. 459–461.
  8. Rakisheva G. Tools of Adaptation in the Context of Globalization of Future Teachers: Transcultural Competence / G. Rakisheva, A. Abdirkenova, A. Abibulayeva, P. Seiitkazy, A. Tazhetov // Entomology and Applied Science Letters. — India, 2018. — Vol. 5, Issue 3. — Р. 106–112.
  9. Ильин Е.П. Мотивация и мотивы / Е.П. Ильин. — СПб.: Питер, 2008. — 512 с.
  10. Ушамирская Г.Ф. Интернационализация социальных ролей учащейся и студенческой молодежи / Г.Ф. Ушамирская. — Волгоград: Изд-во ВолгГУ, 2002. — 170 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.