Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстанның қалалық кеңістігі: қалыптасу және даму ерекшеліктері мен факторлары

Мақалада отандық урбандалудың тарихтағы маңызды мәселелері мен кезеңі — жаңа уақытта Қазақстанда қалалық кеңістіктің қалыптасуы мен дамуы қарастырылған. Қала елді мекеннің жаңа фо- рмасының көрінісі ретінде, тұрғындарды қоныстандырудың жаңа кеңістіктік ұйымдастырылуын, оның сандық және сапалық құрамының өзгеруін айқындайды. Қалада адамдар өмір сүріп қана қоймай, әр түрлі қызметтермен айналысады, сондай-ақ, әлеуметтік, саяси, экономикалық негізде қоғамның жаңа құрылымын жасайды, олардың арасындағы терең айырмашылықтар мен қарама- қайшылықтарды, қарым-қатынастың жаңа түрін қалыптастырады. Бұл жаңа қатынастар қала ішіндегі қоныстану жүйесінде көрініс табады, әртүрлі әлеуметтік айырмашылықтар мен жеке адамдар мен қоғамдастықтар арасындағы қарама-қайшылықтарды, сондай-ақ олардың біртұтас қалалық кеңістік шеңберіндегі бірлестігін көрсететін қала мен тұтастай қоғамның жаңа нысанын жасайды. Қала жағдайындағы тұрғын үй, мешіт не шіркеу, мектеп, базар, кәсіпорын адам өндірісіне қажетті қызметтің кеңістігін білдіреді. Зерттеу Қазақстанның қалалық ландшафтын зерделеуге және оның өңірлік ерекшеліктерін анықтауға, сондай-ақ қаралып отырған кезеңдегі елдің қалалық кеңістігінің өзгеруі мен трансформациясына әсер еткен факторларды айқындауға бағытталған.

Кіріспе

«Қазақстанда төңкеріске дейін қандай да бір сәулет және құрылыс өнері ескерткішінің болу мүмкіндігі мүлдем жоққа шығарылды және ғалымдар монументальды мәдениет ескерткіштері болу болжамынсыз, таза далалық көшпелі тұрмыс орын алғанына сенімді болды» [1: 5]. Бірақ Қазақстанда көне қалалардың қиранды орындары, ирригациялық жүйелер орны, көне көмбелер көшпелі, егінші, қалалық мәдениеттің қатар дамығанын дәлелдейді. Қазақстан территориясындағы қалалардың тарихы ерте сақ заманынан бастап, ортағасырлық қалалар тарихымен жалғасып жатты. Табиғи және климаттық жағдайына орай қалалық кеңістіктің қалыптасуы мен дамуының өзіндік ерекшеліктері бар.

Қазақстанның қала кеңістігінің өзіндік ерекшелігі, қайталанбайтын және өте қызықты өңірлік сипаттамалары бар. Қазақстанның оңтүстік қалалары ежелден бері дәстүрлі түрде сауда-әкімшілік, қолөнер, мәдени өзара байланыстар орталықтары болды. Елдің солтүстік қалалары кейінірек ресейдің отаршылдық пен капиталдың енуімен осындай орталықтарға айналды.

Мақаланың мақсаты Қазақстанның қалалық ландшафтын зерттеу және оның өңірлік ерекшеліктерін анықтау, сондай-ақ елдің қалалық кеңістігін жаңа уақытта өзгертуге және трансформациялауға әсер еткен факторларды анықтау болып табылады.

Зерттеу әдістері

Қалалар тарихын, оның кеңістігін зерттеудің әдеттегі тарихи еңбектерден өзіндік ерекшелігі, ең алдымен қала құрылысының жоспары, баспаналар мен кәсіпорындар салу мен олардың дамуы, көлік коммуникациясы, абаттандыру сияқты мәселелерді зерттеуді қажет етуінде. Біздің ойымызша, ХІХ және ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы қалалар тарихын зерделеуде Л. Берг ғылыми айналымға енгізген мәдени ландшафт [2: 471] әдісін қолдану орынды деген пікірдеміз. Өйткені, адамның өмір сүру қызметі ландшафт арқылы, адамдардың өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі әрекеттерімен анықталады. Ал қажеттіліктердің барлық дерлік биологиялық, әлеуметтік қанағаттандырылуы, ландшафтың табиғи емес, жасанды жүйені құратын мәдени ландшафт талабына бейімделген өмір сүру жағдайымен байланысты жүреді. Бұл тұрғыдан алғанда қаланың негізделуімен ландшафтың табиғи және мәдени әлеуеті қалыптасып, ландшафтық процестер кеңістік пен уақыт деңгейінде өзгеріске түседі.

Өзгерістер өз кезегінде өркениеттің қажеттіліктеріне бейімделуі немесе экологиялық проблемалардың туындауына соқтыруы мүмкін. Яғни, қала адамның тіршілік қызмет аренасы ретінде, мәдени дамуға үлкен әсер ете алады. Әрі ландшафт қала құрылысына қажетті жолдар, тұрғын үй, ғимараттар, өзге де құрылыстар салудағы кеңістік ресурсы және ауа, су, топырақ сынды табиғи ресурс көзі болып табылады. Кірпішке арналған саз, цементке арналған құм, металл, ағаш, мұнай, газ, басқа кен және металл емес материалдар мен энергия қала құрылысы жүйелерін құру үшін ландшафттан алынады. Сондай-ақ, ландшафт — өндірістік, инфрақұрылымдық объектілердің материалдық негізі. Оның аумақтық үлгісі қала тарихының, қала құрылысы композициясының ерекшелігін бере алады. Нақтылы бір табиғи және климат жағдайларында құрылып, дамыған қала кеңістігінің қандай болса да, оның тек өзіне ғана тән өзгешелігі, соған қарай тиісінше келбеті болады, сондықтан да қазақстандық қалалар кеңістігінің қалыптасу барысын зерделеуде салыстырмалы анализ жиі қолданысқа түсті.

Нәтижелері мен оларды талқылау

Қазақстанның XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қалалардың қалыптасуы мен дамуы капиталистік қатынастардың енуімен тығыз байланыста жүріп жатты. Бұрын қолөнер-сауда және саяси-діни орталықтары болып келген оңтүстіктегі көне қалалар қайта даму айналымына қосылса, батыс, шығыс, орталық және солтүстік аудандарындағы бекініс болып бекігендері қалаға айналып, жаңа қалаларды түзе бастады.

Бұл кезеңдегі қалалар туралы мәліметтер қалалардың және оларға қарасты облыстардың гербтарын бекіту заң жинақтарында, аз санды кеңестік кезеңге дейінгі очерктік еңбектерде, шолуларда, мемуарлық естеліктерде кездеседі, әрі қалалардың статусы, географиялық орналасуы, тұрғындары, саудасы, тасымалдың керуеннен бөлек су жолы мен темір жолдары жөнінде кейбір статистикалық мәліметтер берумен шектеледі. Сондықтан олар деректер беретін еңбектер ретінде қарастырылады.

Қазақстан қалалары туралы алғашқы еңбектер ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында анықтамалар түрінде жарық көріп [3], 1950-жылдардан қолға алына басталды. Әрбір қаланың бекініс ретінде негізделуі, біртіндеп экономикалық-әлеуметтік қатынастардың дамуы, тұрғындарының саны, ұлттық және әлеуметтік құрамы, абаттандырылуы, мәдениет пен білім ошақтары т.б. белгілі ― бір құрылымдық және хронологиялық жүйе бойынша баяндала бастады. Мұрағаттық құжаттар және жарияланған еңбектердегі статистикалық мәліметтер мен деректер пайдаланылып, ғылыми түрде айналымға енді. Атап алғанда, А.А. Горячева өзінің бұл кезеңдегі еңбектерінде Верныйда капиталистік қатынастардың дамуының баяу жүруінің басты себептерінің бірі ретінде теміржол байланысының жоқтығын атаған [4].

Географ Г.Е. Москалевтің еңбектерінде сауда капиталының Орал қаласындағы өнеркәсіпке енуі және оның қала халқының әлеуметтік-кәсіптік құрамына ықпалы туралы мәселе көтерді [5]. Сауда капиталының өнеркәсіптік капиталға айналуы тұрғысынан алғанда бұл айқындауды қажет ететін мәселе. Өйткені қазақстандық зерттеушілердің көпшілігі капитал сауда-өсімқорлық дәрежеде қалды, өнеркәсіптікке өте алмады деп есептейді.

К.М. Туманшин Орал мен Петропавлда, Орынбор–Ташкент бағытында темір жолдың салынуы бұл аймақтардағы капиталистік қатынастардың таралуына және жалпы экономикалық дамудың өзгерістерге ұшырауына тиімді ықпал еткенін жазды [6]. 1960–80 жылдарда қалалар тарихын зерттеуде Верный, Орал, Риддер, Жамбыл, Семей мен Шығыс Қазақстан қалаларының, Шымкенттің, Ақмоланың қалыптасуы мен дамуы, шаруашылығы, саудасы, мәдени өмірі т.б туралы мәселелерге назар аударыла бастады.

Ж. Қасымбаев Батыс Сібір мен оған іргелес Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарындағы қалалар тарихын зерттеушілер назар аудара бермейтін Ертіс өзені пароходы байланысының рөліне тоқталды [7]. Қалаларды ретроспективалық қана емес, перспективалық тұрғыдан да зерттеу қажет деп санасақ, автордың Қазақстандағы су жолдарының, соның ішінде Ертіс пароходының тарихын арнайы зерттеуді қажеттігі мәселесі әлі өзекті болып қалып отыр. Сондай-ақ, Ж. Қасымбаев қазақстандық тарихнамада сирек, тіпті ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы тарихқа тән зерттеулерде мүлде арнайы сөз етілмеген автомобиль компаниялары туралы мәселені көтереді [8]. Ол 1914 жылы Зайсанда Шығыс Қазақстанда бірінші автомобиль компаниясының құрылғандығын, оның мақсаты жүк және жолаушы таситын автомобиль қозғалысын дұрыс пайдалану, құрлықтағы қатынас пен тасымалдың басты түрі негізінен атқа тіркеу арқылы болып отырған кезеңде оның үлкен маңызы болғанын көрсеткен.

ХІХ ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдың басындағы қазақстандық қалалардың ішінен тарихы біршама жақсы зерттелгендерінің қатарына Алматы, Орал, Семей, Ақмола, Петропавл, Тараз қалаларын жатқызуға болады. Дегенмен, еліміздің шығыс, батыс, орталық және солтүстік бөліктеріндегі ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы қалалар тарихының біршама жақсы зерттелгенімен, оңтүстік қалаларды тереңірек зерттеу қажеттілігі өзекті. Біз зерттеп отырған кезеңдегі қалалар тарихы туралы зерттеулердің ішінде деректік негізі, жүйелі жазылуы мен маңызды тұжырымдары бойынша Э.И. Герасимованың [9], Х. Мухаметовтің [10], Ж.Қ. Қасымбаевтың [11], Г.А. Алпыспаеваның [12] еңбектерін ерекше атауымыз қажет.

Жалпы қалалар тарихына арналған еңбектердегі басты кемшілік методологиялық ұстанымдардан туындаған деп ойлаймыз. Осы мәселе қазақстандық қалалар тарихының бір сарынды, бір қаланың тарихын баяндаудың, құрылымының, кейде мазмұндық бағытының екіншілерімен ұқсастығын көрсетеді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қала тарихы туралы жазылған Г.А. Алпыспаеваның [13], З.Г. Сактаганова, К.К. Абдрахманованың [14], Е.А.Жалмағамбетовтің [15] және М.А. Терентьевтің [16] еңбектерін ерекше атап өтуге болады. Басқа да қалалар тарихын осы тұрғыда қайта пайымдау, жазылмағандарын жаңа тарихи көзқарас бағытында зерттеу қажет екендігі айқындалады деп санаймыз.

Еліміздегі қалалардың бекініс ретінде салынуы және кейін қала статусын алуы бойынша Н.В. Турчаниновтың «Города Азиатской России» мақаласынан кездестіреміз [17: 347].

Кесте 1

Қазақстан қалалары (қаланың құрылу және мәртебесін алу кезеңдері) [17; 347]

Елді мекен атауы

Салынға н жылы

Қала атануы

Елді мекен атауы

Салын ған жылы

Қала атануы

Елді мекен атауы

Салын ған жылы

Қала атануы

XVII

XIX

XIX

Уральск

1613–22

1775

Кокчетав

1824

1895

Красноводск

1716

1869

Гурьев

1615–20

1865

Каркаралинск

1824

1896

Копал

1847

1854

XVIII

Кокпекты

1827

1854

Перовск

1853*

1853*

Акмолинск

1830

1862

Казалинск

1853*

1854*

Омск

1716

1804

Тургай

1845

1868

Верный

1854*

1870

Семипалатинск

1718

1782

Иргиз

1845

1868

Лепсинск

1855*

1883

Усть- каменогорск

1719

1868

Атбасар

1846

1891

Жаркент

1882*

1882*

Павлодар

1720

1861

Зайсан

1868

1871

Чимкент

1864*

1864*

Илек

1731

-

Актюбинск

1869

1878

Аулие-ата

1864*

1864*

Петропавловск

1752

1807

Кустанай

1879

1880

Туркестан

1864*

1864*

Лбищенск

соңы

1900

Темир

1879

1897

Ташкент

1865*

1865*

Урбандалу, болмаса қала түзілу процесін қоғамның аумақтық ұйымдастырылуының белгілі бір тарихи кезеңінің көрінісі деп қабылдауға болады. Оның ХІХ ғасыр және ХХ ғасырдың басындағы көрінісі, Қазақстанның осы кезеңдегі Ресейдің капиталистік қатынастары негізіндегі экономикалық ықпалына белсенді түрде тартылуымен, экономикалық және әлеуметтік өмірдің шоғырлануына әкелетін өндіріс пен қоныстандырудың орын алуы. Дәл осы кезеңдегі қалалық кеңістікте өнеркәсіптің жаңа формалары — зауыттар мен фабрикалар қалыптасты.

1878 жылғы 5 маусымдағы № 58684 заңға сәйкес қырық алты губерния мен облыс, оның ішінде: Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария, Торғай, Орал облыстарының елтаңбалары бекітілді [18: 7]. Бірінші суретте сол кездегі бекітілген елтаңбалар берілген [19; 57, 62–66], (сурет 1).

Сурет 1. Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария, Торғай және Орал облыстарының елтаңбалары

Қала тұрғындардың жаңа қызмет түрлерін ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар жаңа типтегі адам — қала тұрғынын жасап шығарады. Қала өз тұрғынына өндірістік қызметтің бұрын таныс емес түрлерін игеру — еңбек операцияларын бөлу, мамандану талаптарын қояды. Олардың арасындағы байланыс тауар-ақша қатынастары негізінде жүзеге асады. Адам қалалық ортада әрі өндіруші, әрі тұтынушы ретінде көптеген рольдерге түседі.

Кесте 2

Қала халқының саны [17; 351–353]

Облыс және қала атаулары

1897 ж. (санақ бойынша)

1911 жылға қарай

ер

әйел

барлығы

ер

әйел

барлығы

1

2

3

4

5

6

7

Орал облысы

Уральск (обл. орт)

19.024

17.442

36.466

23.270

22.294

45.564

Гурьев

4.819

4.503

9.322

5.324

5.117

10.441

Илек

3.484

3.670

7.154

4.636

4.815

9.451

Лбищенек

-

-

-

2.393

2.421

4.814

Темир

358

258

616

1.157

1.069

2.226

1

2

3

4

5

6

7

Калмыков

967

957

1.924

-

-

-

Барлығы

28.652

26.830

55.482

36.780

35.716

72.496

Торғай облысы

Кустанай

7.106

7.169

14.275

13.040

12.180

25.220

Актобе

1.514

1.303

2.817

5.628

5.088

10.716

Торгай

531

365

896

911

746

1.657

Ыргыз

928

614

1.542

744

578

1.322

Барлығы

10.079

9.451

19.530

20.323

18.592

38.915

Ақмола облысы

Омск (обл.орт.)

20.084

17.292

37.376

66.895

60.970

127.865

Петропавл

10.095

9.593

19.688

21.504

21.744

43.248

Акмола

5.075

4.613

9.688

6.964

6.878

13.812

Кокшетау

2.576

2.386

4.962

2.426

2.348

4.774

Атбасар

1.553

1.485

3.038

1.521

1.452

2.973

Барлығы

39.383

35.369

74.752

99.310

93.392

192.702

Семей облысы

Семей (обл.орт.)

14.119

12.127

26.246

16.923

17.440

34.363

Оскемен

4.552

4.169

8.721

6.700

6.464

13.164

Павлодар

4.173

3.565

7.738

5.438

4.111

9.549

Зайсан

2.810

1.592

4.402

3.167

1.975

5.142

Каркаралы

2.477

1.974

4.451

1.347

1.248

2.595

Кокпекты

1.492

1.438

2.930

912

767

1.679

Барлығы

29.623

24.865

54.488

34.487

32.005

66.492

Сырдария облысы

Ташкент (обл.орт.)

88.214

67.459

155.673

128.242

106.047

234.289

Туркестан

6.037

5.216

11.253

10.657

9.048

19.705

Аулиеата

6.940

4.782

11.722

10.605

8.702

19.307

Шымкент

6.185

5.009

11.194

8.519

7.192

15.711

Казалы

4.303

3.282

7.585

8.493

7.386

15.879

Перовск

3.122

1.936

5.058

6.612

5.144

11.756

Петро-Александровск

2.458

653

3.111

1.538

1.082

2.620

Барлығы

117.259

88.337

205.596

174.666

144.601

319.267

Жетісу облысы

Верный (обл.орт.)

12.344

10.400

22.744

18.768

16.690

35.458

Жаркент

9.342

6.752

16.094

14.096

11.244

25.340

Пишпек

3.826

2.789

6.615

7.880

6.413

14.293

Пржевальск

4.677

3.431

8.108

7.996

5.804

13.800

Лепси

1.693

1.537

3.230

4.643

3.578

8.401

Копал

3.409

2.774

6.183

1.982

1.118

3.100

Барлығы

35.291

27.683

62.974

55.365

45.027

100.392

1909 жылғы 21 сәуірдегі № 51751 заңға сәйкес қалалардың, атап айтсақ, Сырдария облысына қарасты: Ташкент, Әулиеата, Шымкент, Перовск, Казалинск, Петро-Александровск, Түркістан қалаларының елтаңбалары бекіген [20; 271], (сурет 2).

Бұдан мына заңды құбылысты байқауға болады — қалалар мен облыстардың елтаңбалары осы елді мекендерде немесе аймақтарда өндірістің негізгі бағыттарын, халықтың негізгі қызметін, географиялық, табиғи-климаттық жағдайларға тән белгілерді, тіпті осы жерлердің тұрғындарының конфессиялық байланысын көрсетеді. Сондай-ақ, суреттерде империялық әсер мен империялық атрибутикасының болуы айқын көрінеді.

Сурет 2. Ташкент, Перовск, Қазалы, Петро-Александровск, Түркістан қалаларының елтаңбалары

Қалалық процестердің даму заңдылықтары, оны жабық жүйе ретінде, тек қаланың өзін ғана емес, сонымен қатар оның жалпы бүкіл қоғамның даму процестеріне әсер етуші жүйе ретіндегі әрекетін сипаттайды. Бұл жүйе өз кезегінде жаңа қажеттіліктерді талап етеді, адам оларды қанағаттандырудың мүмкіндіктерін іздей отырып, жаңа өнімдерді, сонымен бірге жаңа байланыс, коммуникация жолдарын да іздеп табады. Сауда, өндірістің дамуы көлік тасымалының керуен жолымен қатар, су жолы және темір жолына қосылуды туындатты. Темір жол да, су жолы да тек тауар ғана емес, адам тасымалы, шаруалардың қоныстануымен байланысты жүрді (сурет 3).

Сурет 3. Ресей империясындағы темір жол карталары [21–22]

Қалаларға теміржолдың тартылуы, кеме жолдарының түсуі сауда-экономикалық қатынастарда елеулі рөл атқарды, оның салыстырмалы түрде тезірек дамуына ықпал етті [23].

Біз зерттеп отырған кезеңдегі қалалар әлеуетін олардың өндірістік-сауда орталығы болуымен қатар, әр қаланың белгілі бір еңбек бөлінісіне түскенін қала елтаңбаларынан байқаймыз. Орал қаласы балық, астық; Гурьев қаласы балық, уылдырық; Семей қаласы астық; Петропавл қаласы астық пен май; Қостанай қаласы астық; Павлодар қаласы тұз, көмір; Ақмола қаласы май; барлық қалалар мал және мал өнімдерін айналымға түсірді. Мысалы, Орал қаласы өндірістік–сауда орталығы ретінде Орал-Покров темір жол бағытын салғанда өсті. Орал қаласы қазақ даласынан Ресейдің еуропалық бөлігіне тауар таситын жол болды. Орал қаласындағы ең ірі өндірістің бірі — бидай ұнтақтайтын және ағаш кесумен айналысатын Орал сауда-өндірістік қоғамы болды. 1903 жылы Орал қаласында 6 сабын жасайтын завод, 8 бумен және 5 аттың көмегімен жұмыс істейтін диірмен, екі табиғи минерал суын шығаратын мекеме, 1 сыра жасайтын, 1 шарап жасайтын заводтар, 12 қыш шеберханасы, 12 кірпіш заводы және 45 ұстахана болды [24; 313]. Орал ежелден сауда капиталының шығысқа қарай жылжуында маңызды роль атқарды. Орта Азиядан шығып Қоңыраттан, Хиуадан, Бұхардан тауарлар жеткізетін керуен жолдарының бірі дәл осы Орал жерінде аяқталды. Мұнымен қатар мұнда Орал облысы мен оның айналасындағы аудандардың ауылшаруашылық және балық өнімдері шоғырланды [9; 12]. Астық саудасының дамуына теміржолдың салынуы және Орал қаласының қазақ даласындағы астықты бөлігінің ортасында орналасуы ықпал етті және қалаға Ресейдің өзінен төрт бағытта — Самара, Бузлук, Орынбор және Чижин сауда жолдарының бағыттары келіп жатты. Гурьев (бүгінгі Атырау) қаласы балық пен уылдырықтарды көп көлемде шығарды. «Балық пен оның өнімдерін кемелер арқылы Астраханға, одан ары қарай патша сарайы мен Ресейдің орталық губернияларының базарларына, ал уылдырықтар көп көлемде шетелдерге жіберіліп отырылды» [10; 18].

«Семей Қытайдан, Жетісудан, сондай-ақ Орта Азия мен Моңғолиядан сауда керуендерінің өтіп отыратын керуен сауда орталығына айналды» [8; 78]. Өнеркәсіппен салыстырғанда Семейдегі сауданың гүлденуі оның тиімді географиялық орналасуынан болды. Шығыс Қазақстанның экономикалық өрлеуінде, Өскемен, Аягөз, Зайсан, Семей, Павлодардың Батыс Сібірмен сауда байланысының нығаюында Ертіс су жолы ерекше орын алды. «Кереку мен Семей қалаларындағы өңдеу өнеркәсібінің жетекші салаларының бірі ұн тартатын диірмендер болды» [8; 10].

«Петропавл қаласы шетелдік капиталдың Қазақстанға енуінің тірек орындарының бірі болды, мұнда ағылшын және американдық фирмалардың өкілдері пайда болды және Батыс-Сібір мен Орал темір жолдарының басқа да бекеттері сияқты тауарларды сыртқа шығару мен сырттан тасу жөніндегі орыс-герман-нидерланды, орыс-бельгия-француз, орыс-австрия-венгр теміржол одақтарына қосылды. Соның нәтижесінде мал шаруашылығы өнімдері Америкаға, Бельгияға, Парижге, Венаға және Берлинге жіберіліп отырды. Ал ортаазиялық сауда ХІХ ғасырдың 60-жылдарының соңында Ертістегі су жолының дамуы, әсіресе 1880–1888 жылдары Закаспий теміржолының салынуынан бастап қысқара бастады» [6; 32].

ХХ ғасырдың басындағы қала саудасында мал шаруашылығы өнімдерімен қатар, егін шаруашылығы, яғни астық пен май жөнелту кеңінен жүрді. «Әсіресе, майды экспорттауда Петропавл қаласы Қазақстан ғана емес, Сібір көлемінде де ірі орталықтың бірі болды, оны негізінен Петербург, Мәскеу, Рига, Одесса, Владивосток қалаларына, Батыс Еуропа мемлекеттерінің ішінде Англияға, кейде Германия мен Данияға жөнелтіп отырды. Петропавл қаласындағы сауданың дамуы Ресейдің орталық аудандарының тарапынан қазақстандық мал мен оның өнімдеріне сұраныстың өсуімен байланысты жүрді» [6; 51]. ХХ ғасырдың екінші онжылдығының басында жәрмеңкелер тұрақты саудаға орын берді. Өлкедегі ең ірі тұрақты сауда орталығының бірі Петропавлда болды. «Сауда айналымының көлемі бойынша бірінші орында қоймалар, одан кейін дүкендер, дүңгіршектер мен кеңселер алды, жалпы қаланың саудалық өмірінде фирмалардың, сауда үйлерінің, серіктестіктер мен акционерлік қоғамдардың, соның ішінде шетелдік фирмалардың рөлі үлкен болды. Шетелдіктердің арасынан американдық, ағылшындық және неміс фирмалары қалада сауда қызметін кең түрде дамытты. Американдық және батыс еуропалық капиталистер дала саудасының тиімділігін түсініп қазақ жеріне енуін күшейтті» [6].

«Қостанай жәрмеңкелерінде мал мен оның өнімдері Ресей губернияларына ғана емес, Германия, Австрия–Венгрия сияқты елдерге де көптеп жеткізіліп отырды. Мал мен мал өнімдерінен кейінгі орында астық саудасы тұрды. Бұл сала Қостанайда тек ХХ ғасырдың басында Челябинск—Троицк— Қостанай темір жол тармағының салынуымен ерекше дамуға ие болды. Өнеркәсіп орындарының жетекші түрі жел, су, жылқы және бу двигательдері арқылы жұмыс істейтін диірмендер болды [11; 10].

«Ақмола қаласында 1913 жылы 9 кірпіш зауыты, 4 қыш құмыра шеберханасы, 2 механикалық диірмен, 21 ұстахана, 2 тері өңдеу, 2 ішек тазарту, сондай-ақ май шыжғыратын, жүн жуатын — барлығы 208 жұмысшысы бар 40 кәсіпорын болды» [12; 55]. Қала транзиттік және жергілікті сауданың дамуында маңызды орын алды. Ақмолада кеден болмағандықтан және гильдиялық салық төленбегендіктен Петропавл мен Омбыға қарағанда тауарды сату мен сатып алу тиімдірек болды, өйткені, сауда жолының қысқаруы капиталдың айналымын тездетіп, пайданы көбейтті. Ал, көшпенділермен тікелей, делдалдарсыз сауда жүргізу, яғни сауданың кең көлем алуына мүмкіндік берді. Ташкенттегі жәрмеңкенің ашылуы Ақмоланың Ресейдің ортаазиялық мемлекеттермен транзиттік саудасындағы басты орталықтардың бірі ретіндегі жағдайын нығайта түсті. Мұнда керуендер жабдықталып, солтүстіктегі Петропавлға арбамен, оңтүстіктегі Ташкент, Бұқара, Қоқан, Түркістан және басқа да қалаларға түйемен жөнелтіліп отырды. Ақмола мен оның оязы керуендер үшін басты көлік дайындап беретін орынға айналды. Сол үшін тұрғындары арнайы түйелер өсіріп, тасымал кәсібімен айналысты [12].

Шетелдік капиталдың жергілікті халықты езуі Верныйда ағылшын–француз және американдық капитал басым болып отырған Орыс-Азиялық және Сібірлік банктердің бөлімшелерінің ашылуымен күшейе түсті. Ол банктер мұнда ең алдымен ауылшаруашылық шикізаттарын, негізінен мал өнімдерін шығарумен айналысты. Жетісудағы жүн мен теріні дайындаумен француз фирмалары, ішек дайындаумен неміс фирмалары айналысты. Қалада Мәскеу, Петербург, Томск қалаларының ірі сауда фирмаларының өкілдері жұмыс жасады [25].

Төңкеріске дейін Верныйдағы барлық кәсіпорындарда 365 адам қызмет етті. Қаладағы спирт- арақ зауытында 10 адам, сыра қайнату зауытында 40 адам, екі диірменде 35 адам жұмыс істеді. Қаладағы басты кәсіпорын 1875 жылы негізделген Гавриловтың және 1900 жылы іске қосылған Кадкиннің темекі фабрикалары болды. Олар кейін кеңейтіліп, қайта жабдықталды, бірақ қолөнер өндірісінің орындары болып қалды. 1913 жылы олар 79,3 млн. тал папирос дайындады. Темекі бұйымдары негізінен Жетісу облысының және шағын бөлігі Сібір қалалары мен Ресейдің еуропалық бөлігіне өткізілді [25: 19] деп көрсетеді қала тарихына еңбегін арнаған С.Жүсіпбеков. Бұл жерде бір айта кететін жайт, Оңтүстік Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі тарихын зерттеген, Т. Төлебаевтың еңбегінде 1892 жылы Верныйда 3 темекі фабрикасы, осы фабриканың үшіншісінің ағайынды Романенковтарға тиеселі болғандығы және ХХ ғасырдың басында папирос түтікшесін жасайтын да «Ф. Пестов пен А. Родионов» достастығына тән кәсіпорынның өмір сүргендігін нақты мұрағаттық деректер бойынша жан-жақты баяндалған [26: 33]. Оның үстіне Т.Ә. Төлебаевтың кітабында

Верныйдағы алғашқы темекі фабрикасын ашқан И.В. Кузнецов деген көпес екендігі, 1872 жылы онда 1 шебер, 10 жұмысшы жұмыс істеп, 1175 рубльдік 76 пуд темекі өндіргені көрсетілген. Ол сондай-ақ, темекі бұйымдарының С. Жүсіпбеков көрсеткен аймақтарымен қатар, Қытай жеріне де, дәлірек айтқанда, Құлжаға, Шәуешекке де шығарылып отырғанын көрсетеді.

XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бастапқы кезінде Қазақстан экономикасының біршама көтерілуіне құрылыс ісінің едәуір дамуы сай келеді. Қазақстандағы капиталистік қарым- қатынастардың даму процесі қалалардың өсуімен, қоныстардың жаңа типтері — өнеркәсіп орындарының қасындағы жұмысшы поселкаларының кейін қала болып кеткен сауда-қолөнершілер қыстақтарының көптеген қоныс аударушылар деревняларымен, жаңа ауылдардың пайда болуымен қатар жүрді.

Қазақстан территориясының жаратылыс-климат жағдайының бірыңғай болмауы құрылысқа жұмсалатын материалдардың, конструкциялардың және тұрғын үйлер мен басқа құрылыстар салуда пайдаланылатын жобалау тәсілдерінің әртүрлі болуына себепші болды. Құрылыс ісінің көп ғасырлық тәжірибесі бар Қазақстанның оңтүстік аудандарында негізгі құрылыс материалы шөгінді сұр балшық болды. Бұл балшықты соқпа қабырғаларды тұрғызуда, сазбалшық немесе шикі кірпіш құюда қолданды. Шикі кірпіштерді күн көзіне кептірді. Одан басқа бұл балшықтан күйдірген кірпіш, көзе, сырлы жұқа қыштар жасалды. «Соқпа қабырғалар мен шикі кірпіштен тұрғызған қабырғаларды жауын-шашынның әсерінен сақтау үшін сыртын балшықпен сылау керек болды. Күйдірілген кірпіштен қаланған қабырғалар көбінесе сыланбады, өйткені бұл материал өзінен-өзі жергілікті климаттың әсеріне төзімді, жақсы төтеп беретін еді» [27; 151]. Конструкцияның аса көп тараған түрі мұнда күмбездеп жабу болды. Аумағы жағынан шағын болып келетін құрылыстар, мәселен, діни үйлер, әртүрлі күмбез қалыбында жабылып келді.

Оңтүстікке қарағанда құрылыс ici ағаштан, тастан, шикі кірпіштен және шымнан салынған солтүстік және солтүстік шығыс аудандарда білік салу конструкциялары барлық жерде қолданылды. Батыс Қазақстан құрылыс тасына бай келеді, мұнда сұрғылт, сарғыш және қызғылт сары реңі бар әкті қабыршақ тастардың көптеген кен орындары болды. Қабыршақ тастар салмағы жағынан жеңіл, қарапайым арамен кесуге ыңғайлы және көркемдеп оюдың әртүрлі әдістерімен өңдеуге көнді. Көптеген ғасырлар бойы жергілікті халық тұрғын үйден бастап үлкен құрылыстарға дейінгі үйлердің барлық түрін осы тастан салып келді. «Тастан үй қалаудың техникасы жоғары дәрежеде болды. Үйдің қабырғасын қалау ірі блоктардың екі қатарласып салынған жүйелері арқылы жүргізілді. Бұлардың аралығы ұсатылған тастармен толтырылып, оған балшық ерітіндісі құйылды. Мұндай әдісті қолдану тек үй тұрғызудың процестерін тездетіп қана қоймай, оның үстіне құрылыс материалдарын едәуір үнемдеді. Қабырғалардың сыртқы бетіндегі тас блоктар қадағалы түрде өңделіп, бір-біріне жақсы кіріктірілді, сөйтіп жіктері сәл ғана көрініп тұратын болды. Өңделіп қаланған тас блоктардың көлемі 20–дан 45 сантиметрге дейінгі биіктікте қырланатын болды, ал оның ұзындығы 30–дан 80 сантимерге жетті» [27; 159]. Төбесі жадағай, әдетте қабырғалары саманнан қаланатын тұрғын үйдің жергілікті түрлерімен қатар қиынды ағаштардан жасалған орыс қоныс аударушыларының үйлерін, украиндардың сылақ үйлерін және өзбектердің қышлақ үйлерін кездестіруге болады.

Қазақстанның қысы суық және ұзаққа созылатын батыс және солтүстік батыс аудандарында барлық элементтерін тұтас етіп орналастырумен көзге түсетін тұрғын үй құрылыстары болды. Шаруашылық үйлері мен мал қоралар, азық-түлік пен құрал-саймандар сақтауға арналған қоймалар үлкен бір құрылыс жүйесіне бірігіп, тұрғын үйге тікелей жалғасып жатты. Көптеген жағдайларда тұрғын үйге кіретін есік мал қорасының ауласы арқылы келетін болған. Климаты ыстық және құрғақ болып келетін Қазақстанның оңтүстік аудандарында тұрғын үй, әдетте шаруашылық жайларынан жеке салынды. Мұнда ашық аула, оның ішінде тұрғын үйден қашықтығы әртүрлі шаруашылық жайлары орналасты. Құрылыс соқпа саман қабырғалармен қоршалды. Мұның үстіне тұрғын үйлердің құрамында жаз уақыттарында қосымша пайдаланатын айван салынды.

Қазақстанның климатына қарай әр аймаққа тән болып келетін тұрғын үйдің екі тәсілі бүкіл территорияда кеңінен тарады. Көп тараған үй құрылыстарының бірі қоржын үй деп аталатын түрлері кездеседі. Оның орталығында әдетте ас үйі болды, екі жағында екі тұрғын үй болды. Бұлардың біреуінде үй іші адамдары тұрды, екінші жағы қонақтарға арналды. Пештің жылу тартатын көлемі үлкен және түтін жолының ұзын болуы арқасында жылуды ұзақ сақтады. Тұрғын үй әдетте оң жақта болды. Оңтүстік аудандарда ас үйдің орнына айван салынды.

Қазақ үйлерінің тұрпатына солтүстік аудандарда ерекше түр беретін ұзын және биік пеш үйді жылыту және ас дайындау үшін ғана емес, үйді ас үйден бөліп тұру қызметін атқарды. Қазақ үйлерінің екінші бір айрықша ерекшеліктері тұрғын бөлмелердің бүкіл қабырға бойына салынған аласа сәкілердің болуы [27]. Едендері ылай салынған жер болды. Терезелерінің көлемі шағын. Осыған қарай жарықтың таралу жолдарын ұлғайта түсу үшін терезенің ішкі жағындағы қабырғалары едәуір кең ойылды. Бұл үйлердің көпшілігінің төбесі жайпақ келетін және төмендегідей конструктивтік элементтерден тұрды, кептірілген қамыс жабылды. Содан кейін жылу сақтайтын материалдар пішен немесе ірі сабандар төселді. Жылу ұстайтын материалдардың үсті сабан туралған балшықпен екі қабат сыланатын болған. «Мұндай типті үйлер жергілікті кұрылыс материалдарының болуына, үй иесінің экономикалық мүмкіндіктеріне қарай күйдірілген кірпіштен, шикі кірпіштен қаланатын, ағаштан салынатын, сол сияқты саз балшықты қалың етіп сала отырып, жалпақ тастан да, кейде шымнан да қаланатын» [27: 71]. Қазақтардың көптеген тұрғын үйлері сыртынан қарағанда барынша қарапайымдылығымен, тіпті дөрекілігімен көзге түсетіндігіне қарамастан, олардың жеке элементтерін өңдеп жасауда барынша мұқият бапталып істелген элементтері жиі кездесетін болған.

Қала түзілу барысында табиғи кеңістіктен қала ішіндегі жасанды кеңістікке енетін ғимараттың бірі арнайы жабдықталған үй–жайлар мешіт, шіркеу, ғибадатханалар болды. Қалалық жағдайлардың қарама-қайшылықты сипаты, қаланың бір уақытта діни төзімділікке және діни төзбеушілікке ықпал ететіндігінде көрінеді. Қалада қоғамның діни өміріндегі өзгерісі жүреді. Дін ғибадатханалар, тек діни және моральдық-нормативтік функцияларды ғана орындамайды. Ғибадатхана заңды орган рөлін атқарады, ол азаматтық хал актілеріне заңдылық береді, адамдардың азаматтығын, әлеуметтік және құқықтық кеңістіктегі бірлігін, олардың ортақ құқықтары мен міндеттерін белгілейді, адамның әлеуметтік жағдайына және оның әлеуметтік салмағына әсер етеді.

Қазақстанға ислам дінінің енуімен байланысты мешіт, медресе және мектеп сияқты үйлердің жаңа типтері пайда болды. Қазақстанның оңтүстік аудандарында ислам діні VIII—X ғасырларда, қалған аудандарында XIII—XIV ғасырларда орнығып тарады. Қазақтардың арасында ислам діні ықпалының одан әрі күшейе түсуі, Оңтүстік Қазақстанда Орта Азияның діни орталықтары арқылы және солтүстік және батыс бөліктерінде Волга татарларының діни орталықтары тарапынан тарап келді. Бұл жағдай өзіне тән архитектурасы бар географиялық екі ауданда тұрғызылған мешіттер мен медресе үйлерінің архитектуралық түрінде өз ізін қалдырды. Оңтүстік аудандарда мешіттер мен медреселердің ғимараттары жалпы ортаазиялық кескінде болды, ал солтүстік және батыс аудандарындағы мешіттер татарлардікіне ұқсады. Мешіттер мен шіркеулер әр қалада салынды.

Қала жағдайында тұрғын үй, мешіт не шіркеу, мектеп, базар, кәсіпорын адам өндірісіне қажетті кеңістікті білдіреді. Бұлардың жоспарын ұйымдастыруда Россияның қала салу тәжірибесі, сондай-ақ көптеген ғасырлар бойында жасалған жергілікті азиялық дәстүрлер де кеңінен қолданылды. Түзу және кең көшелері, арық жүйелері, көк жасыл ағаштары және басқа сыртқы көркемдік элементтері бар қалалар мен басқа да тұрақ қоныстардың жоспары жергілікті дәстүр мен Россияның қала салу мәдениетін орынды ұштастыру болып табылды [27].

Мұнымен бірге жеке меншік иелерінің мүдде үстемдігін көрсететін, әлеуметтік және ұлттық құрамы әртүрлі қоныстарды бейнелейтін қала және қала маңындағы басқа қоныс орындарының құрылысы архитектуралық жағынан біркелкі болмады және негізінен алғанда көпшілігі еңбекші жұртшылыққа жататын бір қабатты саман және ағаш үйлер болып келді. Құрылыстың осындай ала- құла жыпырлаған ұсақ-түйектерінің арасында қаланың қарама-қарсы шетіндегі бос алаңдарда шіркеудің қоңырау үйлері мен мешіттің минареттары биік көрінетін еді. Бұл осы кездегі архитектураның өркендеуіндегі екінші бір прогрестік құбылыс — қала типті мектептер, әкімшілік үйлері, сауда конторлары, магазиндер, сословиелік клубтар, фабрикалар мен заводтар, темір жол вокзалдары және сол сияқты үйлердің жаңа типтері пайда болуымен байланысты болды. Үйлердін осы көрсетілген типтерінің негізгі тұрғызушылары, орыс, қазақ және татар ауқаттылары болды. Бұл үйлердің архитектуралық жоба-жоспары сұраныс жасаушылардың тілегі мен талабына сай, XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы орыс архитектурасының әртүрлі ағымына еліктеді. Мысалы, әскери губернаторларының үйлері көбінесе орыс классицизмінің сарынын қолдана отырып салынды. Кейбір мектеп және темір жол вокзалдарының үйлері шығыс стилінде салынды, «модерн» стилінің тәсілдері мен формалары онша көп тарамады [28].

Егер Қазақстанның отарлық жағдайының арқасында қала құрылысында (әсіресе батыс және солтүстік қалаларда) ол кезде орыс архитектурасының әртүрлі стильдерінің тәсілдері мен формалары басым болып келсе, ал далалық аудандардың құрылыс ici өткендегі дәуірдің дәстүрлі тәсілдері мен жолдарын пайдалану негізінде жүргізілді. Осы дәуірде ормансыз аудандарда діни үйлерді — мазарлар мен мешіттерді салу ісін жаңадан қолға алумен байланысты Оңтүстік және Орталық Қазақстанда күйдірілген және шикі кірпіштен, ал Батыс Қазақстанда табиғи тастардан жасалған арка- күмбез конструкциялары техникасы жандана бастады. Алайда құрылыс ісінің жеке меншікті болуының салдарынан бұл кездегі үйлер шағын көлемді болды. Кейбір жағдайларда үйлер фундаментсіз салынды. Шаршы үйден күмбезді үйге көшу үйдің бұрыштарына сатылап салынған біліктердің дөрекі тәсілі арқылы істелді. Ал олардың үстіне қаланған қатарлардың бірте-бірте жалғасатын күмбездері келіп тірелетін еді.

Мұнымен бірге әсіресе, Орталық Қазақстанда үйлерді көркемдеп қаптау үшін терракот және сырлы тақташалар өндіру және оларды қолдану ici өркендей бастады. Ал тасқа оқ салу және қабырғаларға шимай салу техникасы Батыс Қазақстанда ерекше өркендеп кеңінен қолданылды. Батыс Қазақстанның құрылыс практикасының орынды жағы қабырғаны қалағанда оны екі қатар етіп олардың арасын құрылыс материалының қалдықтарымен толтыру болды. Бұл тәсіл үй тұрғызу процесін тездетіп қана қоймай, оның үстіне құрылыс материалдарын жұмсауда едәуір үнем жасады. Бұдан басқа XIX ғасырдың аяғына таман және XX ғасырдың басына таяу кездегі ескерткіштердің архитектурасында аумақты цоколь салу, жарты циркульді және оқ аркаларды, сына қиындарын пайдалану, кері өкше тәрізді қайырма имек классикалық ордерлер пішіндерін қолдану, өнеркәсіп бояуларын пайдалану байқалады. Бұл жағдай олардың сыртқы тұлғасына, құрылыстың бұрынғы монументальді үйлердің көркемдік бейнесіне ұқсайтын жаңа түрлер берді.

Сол кездің өзінде-ақ Қазақстанда тұңғыш рет қала құрылысында темір және шойын сияқты жаңа материалдар колданыла басталды. Бұлардан біліктер, арқалықтар, балкон қанаттары және сатылар жасалды және Қазақстандағы құрылыс өнерінің тәсілдері мен жолдарын сөзсіз байыта түсті. Бұл көрсетілген тәсілдер мен формалар ең алдымен ерте заманнан келе жатқан тұрақты құрылыс дәстүрі бар және үйді күйдірілген жәй кірпіштен, соқпа балшықтан салатын Оңтүстік және Орталық Қазақстан архитектурасының ескерткіштеріне тән болды. Батыс Казақстан (Маңғыстау, Үстірт, Ембі өзенінің аңғары) архитектуралық ескерткіштерінде біраз басқаша ерекшеліктер бар. Егер Оңтүстік Қазақстанда жарты конус тәрізді күмбездер басым болса, ал Батыс Қазақстанда бұлардың формасы әдетте дулыға тәрізді болды.

Осында біз баяндаған Қазақстан архитектурасының XIX ғасырдағы және XX ғасырдың бас кезіндегі қысқаша сипаттамасы өндіргіш күштерінің біраз дамуымен және қазақ халқының құрылыс өнері мәдениетінің өсуімен қатар, осы қаралып отырған дәуірде болған тарихи және мәдениеттегі өзгерістерді көрсететін құрылыс ici де көзге көрінерліктей дамығанын көрсетеді.

«Қалалар капитализмнің кеңейе дамуы кезеңінде қалалардың көшпелілермен жан-жақты қатынастарының нығаюында байланыстырушы звено болды» [8].

«Әртүрлі себептермен қалаларға қоныс тепкен қазақтардың саны ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап көбейе берді. Олар көбінесе қалалардағы кәсіпорындардан жұмыс іздеді, сөйтіп жұмысшылар қатарын толтырып отырды. Мұнымен қатар бұл кезде қала тұрғындарының саны егіншіліктен қол үзген, өзінің жұмыс күшін сатумен күн көретін қазақ жатақтарының есебінен де көбейіп отырды» [9]. Қала тұрғындарының бір бөлігі саудамен байланысты болды, сондықтан олардың біршама көпшілік бөлігін көпестер құрды. Бұл сауданың маңызды фактор болғандығын айқындайды.

Капиталистік қатынастар талабы, Ресейдің орталық аудандарындағы кәсіпорындарға шикізат қажет етті. Бұл біріншіден. Екіншіден, азды-көпті қаржысы бар көпестер баюдың жаңа көздерін іздестіріп, кәсіпорындар аша отырып, жеңіл жолмен, тез баюға ұмтылды. Өйткені, олар қазақ даласында арзан жұмыс күші, бай, әрі арзан шикізат көздері бар екенін жақсы сезінді. Міне, ең басты себептер осылар еді. Содан соң барып олар, көпестер, тиімді кәсіпорын ашуға болатын орын іздестірді. Оны тапқаннан кейін барып, үкімет орындарына өтініш жасады. Ондай өтініштер, өндірістің көлеміне, пайдалылығына қарай әртүрлі орындарда қарастырылды, содан соң барып, кәсіпорынды ашуға рұқсат берілетін болды. Бұл туралы Т.Ә. Төлебаев өзінің өңдеу өнеркәсібі тарихына арналған зерттеу еңбегінде сантонин өндірісі мысалында кең түрде дәлелдеген еді [29].

«Қаладағы өнеркәсіптің пайда болуына, көптеген жағдайлар әсер етті, соның ішінде батыстық капиталистік қатынастардың одан әрі дамуы, қазақ жеріндегі мал шаруашылығы мен егіншіліктің натуралдықтан тауарлы өндіріске айнала бастауы» ықпалды болды [29].

Қорытынды

XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап Қазақстанға Ресей капиталы белсенді түрде ене бастады, оның негізгі саласы пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу болды, олардың байлығы аймақтың жер қойнауымен, сондай-ақ ауылшаруашылық шикізатын өңдеу өнеркәсібі мен саудасымен ерекшеленді. Ресейлік капитал үшін қолайлы жағдайлар болды: бай жер қойнауы, жергілікті тұрғындардан ештеңе үшін жалға алынған немесе сатып алынған арзан жерлер, арзан шикізат, арзан, артық жұмыс күші. Қалалар метрополия орталығына немесе шетелге тауарлар мен пайдалы қазбаларды өткізу орталықтары ретінде әрекет етті.

XIX ғасырдың соңына қарай қазақстандық қалаларда ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу бойынша қолөнер, мануфактуралық және фабрикалық типтегі кәсіпорындар жұмыс істеді. Олар Ақмола, Семей, Петропавл, Орал, Орынборда қасапханалар, былғары, сабын қайнататын зауыттар, май диірмендері, ұн тартатын зауыттар болды. Шымкент пен Түркістанда мақта тазалау зауыттары жұмыс істеді. Верныйда темекі өнеркәсібінің екі кәсіпорны болды.

XIX ғасырдың екінші жартысында көлік және пошта байланысы дамыды, бұл қалалардың өсуі мен дамуының маңызды себебі болды. 1880 жылдардан бастап Ертіс, Балқаш, Іле арқылы тұрақты кеме қатынасын бастау әрекеттері жасалды. Орынбор-Ташкент және басқа да темір жолдар салынды. Транссібір магистралі маңызды рөл атқарды. XIX ғасырдың соңына қарай темір жолдар, су көлігі және почта-телеграф байланысы Қазақстанды Ресей, Сібір, Алтай, Орталық Азиямен байланыстырды.

Ресейдің Мемлекеттік банкінің Орал, Петропавл, Семей, Верный қалаларында өз бөлімшелері болған. Сонымен қатар Қазақстанда Сібір сауда банкінің 7 филиалы жұмыс істеген, екінші орында 5 бөлімшесі бар Ресейлік сауда-өнеркәсіп банкі болды.

Капиталистік қатынастар қалалық сауданың дамуына айтарлықтай әсер етті. Қала отырықшы және көшпелі халықтың орталығы және байланыс орны болды. Сауданың негізгі нысаны мал болды. Сонымен қатар, Қазақстаннан астық пен ұн шығарыла бастады. Нан саудасының ірі орталықтары Орал, Орынбор, Семей болды, онда нан Қостанай, Ақтөбе, Орал, Торғай уездерінен әкелінді. XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда жәрмеңкелік сауда кеңінен таралды. Жәрмеңкелік саудада уездік қалалар маңызды рөл атқарды.

Осылайша, қазақстандық қалалық кеңістікті қалыптастыруға және дамытуға капиталистік қатынастардың енуі, өнеркәсіптің, көліктің қалыптасуы және сауданың дамуы сияқты факторлар елеулі рөл атқарды. Көптеген қалалар сауда, басқалары өнеркәсіптік, кейбіреулері әкімшілік орталықтар ретінде қызмет етті. Барлық осы себептер мен факторлар қалалық сәулет өнеріне, қала құрылысын жоспарлауына, сонымен қатар қалалық ортаға әсер етті.

«Қазақстанның қалалық кеңістігі: қалыптасу және даму ерекшеліктері мен факторлары» мақаласы № AP08857378 гранттық жобасы аясында орындалған.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Маргулан А.Х. Из истории городов и строительного искусства древнего Казахстана / А.Х. Маргулан. — Алма-Ата: Издательство АН КазССР, 1950. — 122 с.
  2. Берг Л.С. Климат и жизнь / Л.С. Берг. — М.: Госиздат, 1922. — 196 c.
  3. Горький А.М. Доклад на I Всесоюзном съезде советских писателей / А.М. Горький. — М., 1934. — 13 с.
  4. Горячева А.А. Город Верный в конце ХІХ века // А.А. Горячева // Вопросы истории Казахстана. Ученые Записки Казах. гос. ун-та. — 1962. — Т. 53, Вып.9. — C. 150–186.
  5. Москалев Г.Е. Хозяйственный облик дореволюционного Яицка-Уральска / Г.Е. Москалев. — Уральск, 1956. — 48 с.
  6. Туманшин К.М. Основание и развитие Петропавловска и его уезда во второй половине ХVIII–первой половине ХІХ вв. // Ученые записки Кустанай. гос.пед. ин-та. — 1961. — Т.ҮІ. — С. 37–49.
  7. Касымбаев Ж.К. История города Семипалатинска (1718–1917 гг.) / Ж.К. Касымбаев. — Алматы: Изд-во «Өлке», 1998. — 276 с.
  8. Касымбаев Ж.К. Промышленность и транспорт в городах Восточного Казахстана (нач. ХХ в.) / Ж.К. Касымбаев. // Известия АН КазССР. Сер. ОН. — № 3. — Алма-Ата, 1986. — С. 41–49.
  9. Герасимова Э.И. История города Уральска в дореволюционный период (1613–1917 гг.) / Э.И. Герасимова. — Алма- Ата, 1965. — 30 с.
  10. Мухаметов Х. Дворцовые рыбные промыслы на Яике / Х. Мухаметов. // Вестн. АН КазССР. — Алма-Ата, 1972. — № 7. — С. 32–34.
  11. Касымбаев Ж.К. Города Восточного Казахстана в 1861–1917 гг. (социально-экономический аспект) / Ж.К. Касымба- ев. — Алматы, 1990. — 184 с.
  12. Алпыспаева Г.А. Астана в новое и новейшее время / Г.А. Алпыспаева. — Астана, 2008. — 276 с.
  13. Алпыспаева Г.А. Культурное пространство Акмолы, Целинограда, Астаны: история становления и развития / Г.А. Алпыспаева, Ш.Н. Саяхимова, Р.О. Туксаитова. — Астана, 2016. — 206 с.
  14. Сактаганова З.Г. Повседневная жизнь городов Центрального Казахстана в 1945–1953 гг. / З.Г. Сактаганова, К.К. Абдрахманова. — Караганда, 2010. — 251 с.
  15. Жалмагамбетов Е.А. Қызылорда қаласының астаналық кезеңіндегі күнделікті өмірі (1925–1929 жж) / Е.А. Жалмагамбетов. — Алматы: 2014. — 160 б.
  16. Терентьев М.А. История завоевания Средней Азии. — Т.1. / М.А. Терентьев. — СПб., 1906. — 510 с.
  17. Турчанинов Н.В. Города Азиатской России / Н.В. Турчанинов // Азиатская Россия. — 1914. — Т.1. — С. 285–361.
  18. Гербы городов, губерний, областей и посадов Российской империи, внесенные в Полное собрание законов с 1649 по 1900 год/ Сост. П.П. фон-Винклер / П.П.фон-Винклер. — СПб., 1899. — 576 с.
  19. Полное собрание законов Российской империи. — Собрание второе. — Т. LIII. — 1878. — От № 58674–59182. — СПб., 1880. — Л. 57, 62–66.
  20. Полное собрание законов Российской империи. — Собрание третье. — Т. XXIX. — 1909. — От № 31330–32882 и доп. — СПб., 1912. — Л. 5–12.
  21. История железнодорожного транспорта России. — Т. 1.— 1836–1917. — СПб., 1994. — 336 с.
  22. Сибирь и Великая Сибирская железная дорога / М-во фин. Деп. торговли и мануфактур. — 2-е изд., испр. и доп. — СПб.: Типография И.А. Ефрона, 1896. — 2. — VIII. — 283 с.
  23. Исингарин Н. История железных дорог Казахстана, 1904–2011 / Н. Исингарин. — Алматы, 2011. — 768 с.
  24. Россия. Полное географическое описание нашего отечества. Настольная и дорожная книга для русских людей / под ред. П.П. Семенова. — Т.18. Киргизский край. — СПб.: Издание А.Ф. Девриена, 1903. — 479 с.
  25. Духин Я.К. Очерк экономического развития Кустаная в последней четверти ХІХ в.–начале ХХ в. / Я.К. Духин // Проблемы истории русско-казахских взаимосвязей в ХVIII–начале ХХ веков. — Алма-Ата, 1980. — С. 76–79.
  26. Дубицкий А. Где течет Ишим. Из истории Целинограда и целинного края / А. Дубицкий. — Алма-Ата: Казахстан, 1965. — 326 с.
  27. Марғұлан Ә. Қазақстан архитектурасы / Ә. Марғұлан, Т. Бәсенов, М. Меңдіғұлов. — Алматы: 1959. — 210 б.
  28. Чекаева Р.У. Региональные особенности архитектуры Северного Казахстана / Р.У. Чекаева, В.В. Ревтова. — Астана: ТОО «Мастер По», 2017. — 87 с.
  29. Төлебаев Т.Ә. Қазақстандағы капитализм: өткені мен бүгіні (тарихнамалық аспект) / Т.Ә. Төлебаев. — Алматы: Қазақ университеті, 2014. — 250 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.