Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ортағасырлардағы түркілердің соғдылықтармен мәдени-экономикалық байланысы (VI-VIII ғғ.)

Мақала ортағасырлар тарихына арналған. Ұлы Жібек жолы бойындағы әр кезеңде өмір сүрген әртүрлі көлемдегі мемлекеттер — әлемдік өркениет тарихындағы үлкен жетістіктерге жеткен мемлекеттік құрылымдарға кіреді. Керуен жолдарының тарамдалған жүйесі Атлант мұхитынан таспан елі астына дейін Еуропа мен Азияны басып өтіп, ерте дүние мен орта ғасыр дәуірінде сауда байланыстары мен Батыс пен Шығыс мәдениеттері арасындағы «тілдесуінің» басты құралы қызметін атқарды. Жолдың көп бөлігі Қазақстан мен Орта Азия арқылы өткен. Ұлы Жібек жолының пайда болған кезеңінен бастап, қазіргі Қазақ жері арқылы жүріп өткен сауда керуендері қалалық мәдениеттің дамуына үлкен әсер етті. Сол қалалар алғаш керуен–сарайдан, яғни демалыс орындарынан бастау алады деген бір пікірлер болса, екінші бір пікірлер қатарында, Түркі мемлекеттерінің тұсында Орталық Азиядан көшіп келіп, өзіндік қоныстарын тұрғызған халықтардың қоныс-тұрағы негізінде пайда болды деген түсінік қалыптасқан. Тарихи жолдың сауда барысындағы басты ақшалай–төлем бірлігі — жібек саудасына байланысты «Жібек жолы» атанғаны, кейіннен «Ұлы» сөзінің қосылуы, жолдың шексіз Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстырып жатуынан болды. Мақалада «Ұлы Жібек жолы» болып тарихқа енген осы сауда жүйесі бойындағы ірі қалалық мәдениеттер — қандай аралас мәдениеттер нәтижесінде болды деген сұраққа жауап ізделінген. Қазақстанның соңғы кезде жаңа заман тарихына көбірек көңіл аударумен ортағасырлық, атап айтсақ ерте ортағасырлардағы қазақ тарихының кейбір мәселелері жайлы зерттеулер азайып кетті. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін авторлар мақалада ерте ортағасырлардағы Жетісу және Оңтүстік Қазақстан жерінде өмір сүрген, сауда мен экономиканың басты орталықтары болған ірі қалалардың тарихына және зерттелу кезеңдеріне және сол қалаларда өмір сүрген соғдылық халықтардың түркілермен тікелей қатынасына тоқталып өткен. Сонымен қатар, ортағасырларды зерттеуші магистрант және докторанттар үшін көптеген мәліметтер береді.

Кіріспе

Соғд дегеніміз — саяси-географиялық мағынада, Зеравшан және Қашқадария өзендерінің бойлары айтылады. Тілдік жағынан үлкен 6 иелікке бөлінеді; Бұқара (Ань), Устуршан (Цао), Кеш (Ши), Шаш және Илек (Ши-Ло), Маймург (Ми), Самарқандтық Согд (Қан).

Соғды — қытай деректерінде — Ху деп аталады. Олардың диаспоралары және қала мемлекеттері Ұлы Жібек жолының бойында орналасып, сауда мен рухани өмірдегі кілтті орындарға ие бола бастады. Соғдылықтар, осы Жібек жолының бойында орналасқан барлық мемлекеттердің саяси және рухани өмірінде беделге ие болып отырған. Мысалға, алғашқы түркілер жайлы мәліметтерді Қытайға, Бумын қағанның (Тумэня) ордасында өкілетті елші қызметін атқарған, соғдылық Нахбанд (Ноканьто) берген.

Түркі қағанатындағы соғды диаспораларының басшыларына — түрік қағандары «елтебер» деген атақ беріп, арнайы саяси статуста ұстаған. Соғды диаспораларының тұрғындары мен түрік халықтары араласып, некелесіп, ортақ ұрпақтар келе бастаған болатын. Оған мысал ретінде көп деректерді келтіруге болады. Мысалға алсақ, Тегін атағын алған соғдылық Торуг-Шахтың баласы — Незук кейін қаған болып, Илби-Незук-Елтебер атағын алды [1: 8–9].

Зерттеу әдістері:

Бұл мақалада біз тарихи зерттеулерде көп қолданылатын — салыстырмалы-тарихи әдісті, уақыт бойынша жүйелейтін — мерзімдік әдісті және жалпы қорытынды шығаруға көмектесетін логикалық және жүйелілік әдістерді қолданамыз. Сонымен қатар, осы уақытқа дейінгі шыққан еңбектерге сараптама жасай отырып, талдау әдісін де пайдаланамыз.

Мәселенің зерттелуі

Алғашқы зерттеулер Кеңес үкіметі орнағаннан бастап жүргізіле бастады. Атап айтсақ, 1920 ж. бастап, Соғды диаспоралары және Түрік қағанаты жайлы сұрақтарды тарихшылар күн тәртібіне қойып, зерттеу жұмыстарын жүргізе бастаған еді. Алғашқылардың бірі болып бұл сұрақты — 1927 ж. В.В. Бартольд өз еңбегінде қарастырған еді [2: 55–66].

Археологиялық экспедияциялар әлі жүргізілмегендіктен, алғашқы зерттеулер тек — жазба деректерге сүйеніп жүргізілген еді. Ең алғашқы соғды диаспоралары жайлы дерек — мұсылман деректерінде шоғырланған және оның хронологиясы — б.д. VII ғ. сәйкес келеді. Ол шығармалар қатарына — Худуд ал-Әлем (әлем шекарасы) деген, авторы белгісіз шығарма мен XI ғ. ең көрнекті шығарма — Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» (түрік сөздігі) еңбегі жатады [3: 37–43]. Кейбір зерттеушілердің айтуынша — «Шығыс Түркістанға алғашқы соғды диаспоралары — б.д. І ғ. бастап салынды» десе [4: 23–27], Жетісудағы бұл уақыттың шеңберіне сай дерек жоқ. Сондықтан бұл еңбекте — Жетісу мен Шығыс Түркістандағы VI-VII ғғ. Соғды диаспоралары жайлы біраз мәліметтер келтіреміз.

Зерттеушілер келтірген тарихи болжам, яғни VI-VII ғғ. деген болжам археологиялық материалдармен дәлелденді. Ол археологиялық экспедицияны — КСРО Ғылым академиясы Н.Я. Марр атындағы Тіл және ойлау институты, Қазақ ССР-нің Ғылым академиясы және Эрмитаж ұйымдастырған еді. Жазба деректерді және қазба материалдарды қатар оқып, салыстыру арқылы соғды диаспоралары жайлы көптеген нақты мәліметтер ала аламыз. Соғды диаспоралары Жетісуға Ахеменидтер кезінде аяқ баса бастады десек (б.д.д. VI-IV ғғ.), оның кең қанат жайып, өркендеуі б.д. VI-VIII ғғ. болды [5: 5].

Бұл колониялар арқылы түріктерге батыстық (ирандық, грек-бактриялық) мәдениет қатты әсер етті деген концепсия ХХ ғ. 50–70 жж. өте басым болды. Бірақ кейінгі зерттеушілердің пікірінше, бұл мәдениет жүйелі түрде әсер еткен жоқ [6: 59]. Оған жалғыз мысал — «Аң стилінің» осы әсер етуден бұрын өмір сүре отырып, оның кейінгі кезеңдегі өз күшін сақтап қалуы еді. А.Н. Бернштамның айтуынша, Грек-бактриялық өнер Шығыс Түркістан, Солтүстік Үндістан және Соғды өнеріне қарама- қарсы Жетісу көшпенділерінің өнеріне органикалық түрде кірмеді. Көшпелілердің «аң стилі» батыс өнеріне еш жол бермеді [6: 50–60].

А. Македонский, Эфтидем жорықтары — Жетісуға терең ене алмағаны айдан анық. Жетісуға жетпеген мұндай жорықтан — Моңғолия, Алтай, Шығыс Түркістан қандай мәдени әсер ете алды деп ойлайсыздар? Археологиялық қазба жұмыстарынан табылған біраз батыс стиліндегі заттар — ол Жібек Жолының, сауданың нәтижесі.

Біздің жыл санауымыздың ІІ-ІІІ ғғ. жататын — Кенкөл және Берккариндік мола обаларынан және Тараз бен Қызыл өзен (Шу бойы) бойынан табылған жергілікті құмырадан өте өзгеше құмыралардың табылуына — әскери тұтқындардың әсері болғандығын айтқан зерттеушілер енді тікелей қазба жұмыстарының нәтижелеріне сүйене бастады [7: 11–12]. Тікелей Соғды өнерімен салыстыратын қазба материалдар ХХ ғасырдың 50–70 жылдары Тараз қаласындағы құрбандық шалатын жерінен табылды. Ыдыстың ұстағышы — авесталық Анахитке сай келеді, бірақ бояуы жоқ. Бұл нағыз соғды қолөнершілерінің заты және оның хронологиясы — VI ғасырға сай келеді. Жетісудан табылған саздан соғылған еркектің басы грек мүсіндері тәріздес және ол сурет — соғды монеталарындағы ер адамның басынан аумай, сәйкес келеді. Жетісудағы қазбадан шыққан — екі қабатты, төрт бөлмелі (1,5–2*6–8 м) үйлердің үстінен табылған жаппай көмілген зорастрилік обалардың табылуы, VI–VII ғғ. бұрынғы жергілікті қалалардың орнынан жаңа қалалар салына бастағанының куәсі бола аламыз [7: 13].

Бұл алғашқы соғды диаспораларының басы болатын. Шығыс Түркістанға да соғды диаспоралары шамамен осы мезгілде ене бастады. Сонымен қатар, бұл мәселені зерттеу барысында зерттеушілер қытай деректерін кеңінен қолдана бастады. Атап айтсақ, О. Смирнова өз еңбектерінде, Лоу-Ланьде табылған соғды құжаттары арқылы, бұл қаланың б.д. VII–VIII ғғ. өмір сүргенін айтып өтеді. Қытай дерегінде бұл қаладан V ғ. Шань-Шань билеушісі (439 ж) кіші інісін Тай-Яньға қызметке жіберді [8: 61–62]. Яғни, Шань-Шань (Лоу-Лань) V ғ. әлі күшті қамал еді. Олай болса, ол VI ғ. қарай әлсіреп, VII ғ. оны соғдылар келіп қайта жандандырған. Б.д. I–V ғғ. тән Лоу-Ланьнан, Талас бойынан табылған материалдарда соғды мәдениетінің белгісі жоқ. Осыған қарай отырып, өз еңбектерінде А. Маликов «тек үнділік және біраз греко-бактриялық әсер ғана бар. Ал бұл кезеңде (б.д. I-V ғғ.) Соғдыда мәдени даму өзгеше болатын (Кушандық дәуір) деп атап көрсетті [7: 15–16]. Сондықтан Жетісу мен Шығыс Түркістанда б.д. I–V ғғ. соғдылықтар бірен-саран болғанымен, жүйелі түрде отарлар салу әлі де іске аспаған болатын. Сондықтан Шығыс Түркістанда табылған соғды жазбалары тек сауда үшін пайдаланған қолхаттар ғана болып табылады. Ал «ескі, жүйелі соғды жазба хаттары» VI ғ. ары бармайды. Алғашқы Шығыс Түркістандағы соғды отарлары — Лоб-Нор аймағында болды [5: 154]. Қытай дерегінің б.д. I–III ғғ. жазбаларына үңілсек, Соғдылар жайлы, соғды мәдениеті, тілі, діні және өздері жайлы бір ауыз сөз жоқ [7: 15].

Батыс Түрік қағанаты Шығыс Түрік қағанатынан әлеуметтік–экономикалық өмірі жағынан өзгеше жағынан өзгеше болды. Шығыс қағанатта көшпелі мал шаруашылығы болса, мұнда жартылай көшпелі, жартылай отырықшы шаруашылық болды, яғни феодалдық қатынас дамыған мемлекет еді. Ерте ортағасырлық қалалық және жер өңдеу мәдениетіне — соғдылықтар әсер еткен еді. Соғдылықтардың жаппай көшуі VII–VII ғғ. сай келеді. К. Байпақов басшылық еткен археологиялық экспедициялар нәтижесінде біраз тұрақжайлар зерттелінді [8: 67–70]. Соғды қалалары — орталық үлкен бөліктен және тығыз қоршала салынған кіші қорғаннан (шахристан) тұрды. Оның сыртында рабат — қолөнершілер тұратын және сауда жәрмеңкелер өтетін жер болды. Қаланың сыртында егіншілік жер болды және ол да қоршалған еді. VII-VIII ғғ. Шу өзенінің бойында ғана 18 ірі қалалары мен көптеген ұсақ тұрақжайлар болды. Олардың негізін соғдылықтар, түркілер, сириялықтар, парсылар және т.б. еді [8: 72–76].

Қазақ ғалымдарының ішінде осы мәселе бойынша өз ойларын білдіргендердің қатарында У. Шалекенов бар. Өз еңбегінде, V ғ. бастап Қытай елшілері — Тун-Юань және Гао-Мин өз еңбектерінде Ферғана мен Шашқа бара жатқан жолдағы қалаларды суреттегенде соғды қалашықтары жайлы айтса, Сюань-Цзань Шу өңірін VII ғ. сипаттағанда, Қызыл өзен (Шу өзені) соғды қалалары жайлы айтады деп атап өтеді (630 ж. шамасында) [9: 36–37].

Тәуелсіздің алғаннан кейін осы мәселе тікелей зерттелмесе де, қосымша зерттеулер ретінде қорғалған диисертацияларды айта аламыз. Оның ішінде, М. Касеновтің «Талас өңірінің орта ғасырлық қалалары мен елді мекендерінің мәдениеті (ҮІ–ХІІІ ғғ.)» [10; 7–11] және М. Елеуовтің «Шу-Талас өңірлерінің ортағасырлық қалалар мен мекендері (ҮІ–ХІІІ ғғ.)» атты диссертацияларында осы өңірдегі ежелгі қалаларға сипаттама бергенде осы мәселе бойынша өзіндік ойларын айтып өткен [11: 5–8].

Осыған қарай отырып, біз соғды диаспораларының өмірін екі кезеңге бөлеміз: 1. IV–V ғғ. немесе әлсіз кезеңі; 2. VI—VII ғғ. немесе шарықтау кезеңі (соңғы кезең).

VII ғ. аяғына қарай екі мәдениеттің тығыз әсерінен араласу үрдісі көрініс бере бастайды. Тәуелсіздіктен кейін, бұл мәселе бойынша ғылыми еңбектер жазғандардың қатарында А. Махаева, А. Маликов, З. Жандарбеков, т.б. ғалымдар бар [5: 154].

Нәтижелер

Сонымен, Соғды сөзі әр деректерде әртүрлі түсініктермен кездеседі. Сондықтан, осы атаудың шығу тегіне тоқтала кетелік. Кей зерттеу еңбектерінде және жазба деректерінде, Сули, Согдак деген атауларды кездестіреміз. Енді осы сөздердің талдануына, зерттеушілердің еңбектеріне сүйене отырып, талдау жасап көрелік.

Соғды (Согдиана, Ху) еліне, әртүрлі тарихи кезеңдерде, сырттан әсер еткен мәдениеттің ықпалы күшті болды. Соғды жеріне — б.д.д. IV-III ғғ. Эллиндік мәдениет, б.д.д. III-I ғғ. грек-бактриялық мәдениет үлкен әсер етті. Ал жалпы соғдылықтардың ата-бабасы — парсылар деген және олар түркі тайпалары деген көзқарастар бар [12: 16]. Бүгінгі мақалада соғдылар — парсы тектес деген көзқарас тұрғысынан қаралуда. Парсы мемлекеті — Ахеменидтер кезінде Иран тайпалары Зеравшан өзені бойы мен Хорезм аймағына дейін келген еді. Бұл Дарий патша (б.д.д. 522–486) тұсында болған еді. Дарий патша өз жазбасында — соғдылықтар жайлы айтады [12: 45–58]. Бірақ бұл аймаққа Иран тайпасының қалай келгені жайлы нақты деректер жоқ. Соғдылықтар қәзіргі әдебиеттерде — Ирандық (парсылық) мәдениеттің Орта Азиядағы көрнекті өкілі ретінде қарастырылады. Бұған ешқандай талас тууы мүмкін емес секілді. Бірақ жалпы қарастырғалы отырған мәселе — соғдылықтар мен түркілердің мәдени қатынасын қарастыра отырып, түркілердің соғдылармен қарым — қатынасқа түспестен бұрын өз мәдениеті болғанын дәлелдеу. Жалпы, Қытай деректеріне сүйенсек, соғдылықтарды Қаңлылардың (Кан-гха, Кангюй) бір бұтағы ретінде қарастыра отырып, соғды жерін «кіші иеліктерге» кіргізеді [2: 87–96].

Ол иеліктер — Сусе (Шахрисябз), Фумо (Зеравшан аймағы), Юни (Қатта-Қорған маңы), Ги (Ташкент), Юегянь (Бұхара және Хорезмнің солт. жағы). Осыған қарасақ, Фумо (Фулу) иелігіне — Соғды жері кіреді. Сондықтан, жоғарыда айтылған Соғдылардың — парсылықтар ма, әлде қаңлылардың бір бұтағы ма...? Бұл әлі анықтауды қажет ететін мәселе.

Б.д.д. II ғ. аяғы — б.д. I ғ. — осы аймақтағы сақ тайпаларының (юечжилер) белсенді әскери қимылдары болды. Б.д. I ғ. — Соғды жері Парфяндардың қоластына еніп, Парфяндар Орта Азиядағы беделді орындардың бірін иеленуші мемлекетке айналды [8: 17–18].

Б.д. I ғ. аяғы — II ғ. басында, Соғды жері күшейген Кушан мемлекеті құрамына өтті. Осы мемлекет кезінде, Соғды территориясына буддизм кеңінен тарап, қала мәдениеті көркейе түсті (25 қала болды — авторлар) [13: 145–150].

Б.д. III ғ. I — жартысында Соғды жерінде — Сасанидтер билігі күшейіп, б.д. III ғ. 2— жартысында, Бұхараның бір бөлігін, Бактрияны түгелімен жаулап алып, қала мәдениеті біраз күйреді (17 қала қалды — авторлар) [13: 153]. Міне осы кезде қаладан кеткен Соғды көпестері мен қолөнершілерінің — Жетісу, Шығыс Түркістанға келіп, қала өміріне араласқаны белгілі (алғашқы Соғды диаспоралары — авторлар).

Б.д. ІV — V ғғ. Тохаристан Бактрия және Соғды өңірі қайта гүлденіп, шаруашылық қалыпты жағдайға түсті. Бірақ б.д. V ғ. осы өңірдегі Сасанидтік Иран мен көшпелі Эфталиттер соғысы үлкен шығын әкелді. Нәтижесінде б.д. V ғ. Соғды жері — Эфталиттер құрамына кірді. Шаруашылық қайтадан күйреп, үлкен дағдарысқа әкеліп соқты. Б.д. V ғ. — Мерв және Амудария бойындағы күрес жайлы араб авторы Табари біраз мәліметтер келтіреді [14: 83].

Б.д. VI ғ. бұл өңірде түркі тайпаларының ықпалы күшейіп, 563–567 жылдары Түркі тайпаларының соққысынан — Эфталиттер мемлекеті құлап, Соғды жері Түркі қағанатына тәуелді болды.

Деректер бойынша талдау. Сонымен, Соғды этимологиясы — кей деректерде (араб, парсы) бұл сөздермен — Соғды диаспораларының мағынасы берілсе, кей деректерде (Қытай) — Соғды жерінің өз атауы беріледі. Ал, көне түрік жазбаларында бұл екі терминге нақты анықтама берілген: Sogd — Соғды жерінің өзі болса (метрополия), ал Sogdyk (согдук) — Соғды диаспораларының (Жетісу, Қырым, Арал маңы) атауы болды [15: 13–18].

Түрік руникалық жазба ескерткіштеріндегі, Алты шуб Согдак (alty cub sogdak) деген түсінік — Соғды диаспораларының түсінігі болып табылады деген ой қалыптасқан (алты округтік соғды отарлары) [15: 85–86].

Соғды отарлары Селенга өзенінің бойында да болғаны белгілі (Байбалық қаласы) Жетісу мен Талас бойындағы соғдылар жайлы алғашқы деректер 568 жылға сай келеді. Одан кейінгі ірі дерек — 629 жылға сай келеді. Бұл шығарманың авторы, Жетісу мен Шу өзендерінің бойымен өткен, буддист Сюань Цзань еді.

«Қытай авторының Сули (согдак) деген елі — Соғды жерінің өзі емес. 658 жылғы Қытай деректерінде, Ну(ч)кет қаласы Су-И округінің орталық құрамында деп атап көрсетеді. Сондықтан, Кангюй қаласынан (ең шеткі шекаралық қала — авторлар) 17–19 шақырым жерде, Соғды жері басталады. Олай болса, Сули жері, отарлары атауы» — дей келе, «сауда жолының тек экономикалық- мәдени қарым-қатынасқа ғана әсер еткен жоқ, сонымен қатар әртүрлі соғыстардың тұтануына әсер етті. Байлық көзін иеленгісі келген билеушілердің қырқысы 641–642 жж. Батыс Түрік қағанатын іштей ыдыратып, 706 жылы құрылған Түргеш қағанатын кұлатып, 709–714 жж. Түргеш-Шығыс Түрік қағанаты соғысына әкелді» деген қорытынды жасаған Зуев, қытай деректеріне сүйене отырып, «Темір Қақпа, Сули, Тарбак» деген түркі руникалық жазба деректеріндегі терминдердің қайта қаралу қажеттілігін айта отырып, көне түркілердің арасына Манихейлік ілімнің таралу тарихына тоқталады [7: 178–185].

Басқа да Қытай-Түрік қатынасы жайлы іргелі зерттеулер жүргізген, көбіне қытай тіліндегі деректермен жұмыс жасаған автор еңбегіне тоқтала кетсек. Өз еңбегінде Қытай-Түркі байланысы жайлы жаза келе, өте құнды мәліметтер береді.

Мұқан қаған о дүниеге аттанған соң (572 ж.) орнына билікке келген кіші інісі Таспар кезінде де қытай билеушілері түркілермен құдалық қарым-қатынас орнатып, жыл сайын оларға жүз мың орам торғын-торқа беріп тұрды. Патшалық астанада тұратын туцзюелер де аса құрметпен күтімге алынды, кигендері әсем киім, жегендері ет болды, мұндайлардың саны әрқашан мыңдап саналатын [2: 122].

Вэй әулеті тек түріктерге алым-салық төлеумен ғана шектелмеді, өз астанасында тұрған түріктерді де бағып-асырауды өз мойнына алған. Вэй патшалығы сияқты Ци патшалығы да Мұқан қаған тұсындағыдай туцзюелер шауып-тонап кетпесін деп өз қазыналарын сарқып, соларды бағып келді [3: 122].

Талқылау

Сонымен, Согд диаспорасы — ұсақ автономиялық мемлекеттік құрылымдардан тұратын аймақ болған (Самарқанттық Соғды, Бұхаралық Соғды, Қаршын Соғдысы деген ірі иеліктері бар).

Енді, VI-VIII ғғ. Соғды иелігінің тұрғындары мен түркілердің тікелей қарым-қатынасының мәдени қырын ашып көрсетуге тырысалық. VI-VIII ғғ. жалпы сипаттама бере кетсек, бұл кезеңде феодалдық жер иелену құрылысы дамыған болатын және тайпааралық қақтығыстар жиі болып тұрған еді. Қала мәдениеті қайта дамыған кезең болды. Б.д. III-ғ ға дейінгі төрт бұрышты кірпіштердің орнына, енді көлемді және өте сапалы тік төрт бұрышты кірпіштер келді. Ірі қалалар енді қамалдарға айналды (Ақ-қала, Хазарек-депе және т.б.). Археологиялық зерттеулер нәтижесінде, VI ғ. бастап, Соғдылардың арасына аң түрінде жасалған асханалық ыдыстар, жануарлардың басына сайкестендіріліп жасалған табақтар, кеселер, ыдыс ұстағыштары (қабан, жолбарыс, бұқа) кеңінен таралып, әйел бейнесіндегі фигуралар, әшекей дүниелер жасалынды (балбалтас тәріздес — авторлар) [6: 90–95]. Қару жарақтардың көптеп табылуы, әсіресе өткір ұштар ұшбұрышты ұшы бар жебелердің көптеп табылуын — зерттеушілер (А. Бурханов, А.М. Беленицкий) бұл өңірге түркілердің ықпалынан зор болғанын айтады [9: 150].

Бұхара оазисінен табылған, VI-VIII ғғ. тиісті керамиканың Сырдария және Жетысу жеріндегі VVI ғғ. керамикаға қатты ұқсауын зерттеушілер — хеонит-эфталиттер мен түркілердің өзара әсерінен болғанын, оның Соғды жеріне таралуына түркі қала мәдениетінің өкілдері әсер еткенін жоққа шығармайды [2: 70–71].

Жалпы Соғды жеріндегі жергілікті мәдениет (мүмкін парсылық?) б.д.д. уақытта пайда болды десек те, б.д.д. І ғ. — б.д. V ғғ. аралығындағы греко-эллиндік мәдениетке көшпенділердің (cақ, юэчжи) ұдайы түрде әсер етуінен бұл жергілікті мәдениет өзгеріске түскені анық. Ал б.д. VІ-VІІ ғғ. Соғды-Түрік-Түргеш қатынастарынан кейін, бұл мәдениет нағыз иран—түркілік араласқан мәдениетке айналуы ғажап емес-ті. Ал, кейін бұл өңір мәдениеті — VІІІ ғ. тағы өзгеріске түсті (арабтық — түркілік — авторлар) [2: 102].

Г. Вамбери — Наршахидің «История Бухары» еңбегін талдаған зерттеуші. Соның мына келтірген үзіндісі өте қызығарлық нәрсе — Елдер жан–жақтан бұл жерге келді де, бұл жер гүлденіп кетті (Бұхара аймағына — авторлар). Олар — Түркістан өңірінен келіп жатты... ол елдерге бұл жер ұнап, сол жерге қоныстана бастады. Алғаш олар шатырда, жиналмалы үйде (?) тұрды. Кейін олар қосыла отырып, үлкен үйлер салды. Адамдар көбейе түсті... олар өз араларынан басшы тағайындады. Оның аты — Абруй (Абырой — авторлар) еді... оның қысымына шыдамаған ел — Түркістанға қайта қашып, сол жерде — «Талас-қала» деген қала салды. Оны олар Жамукат (Хамукат -?) деп атады. Бұхарадағы қалған басқа адамдар — үлкен адамдарын жіберіп «Абруйдан қорғаса» деген тілек айтты. Енді олар бірігіп, түркі патшасы — Қара-Чуринге (Қара—шор) келіп көмек сұрады. Ал ол патша өз баласы — Шари-Кишварды Бұқараға жіберді... Шари Кишвар — Абруйды ұстап алып, өлтіреді де, Бұхарадан қашқан елдерді қайта шақырады. Олар қайтып келіп, бай адамдардың тобына айналды. Қаладан қаша алмаған адамдар олдардың құлына айналды. Шери Кишвар өзі басшы болды... деген деректер кездеседі [6: 67–70].

Міне осы дерек айналымға енгелі зерттеушілер бұл деректің — «олар сол жерде «Талас — қала» деген қала салды» деген жолдарынан бастап қана зерттей бастады. Мысалға, академик В. Бартольд бұл қаланы — «Талас өзенінен солтүстікке қарайғы жердегі жазықтықта орналасты. Ал Жамун (Хамун) — бұл Соғды билеушілерінің сол жердегі титулы» дейді [2: 22]. Бірақ, деректің бас жағына назар аударсақ, Елдер жан–жақтан келді. Жер гүлденді. Олар Түркістан өңірінен келіп жатты... бұл жер ұнады... қоныстанды... жиналмалы үйде тұрды... деген жолдарға қарасақ, Бұхараға және Бұхаралық Соғды аймағына келіп қоныс тепкендердің көпшілігін Түркістаннан келген түркі халықтары екенін және олардың тек көшіп келіп қана қоймай, «олардың сол жерді гүлдендіргенін, бірігіп үй салғандарын, қоныстанғанын» көре аламыз, яғни Соғдыларға да біздің (түркілердің — авторлар) өзіндік қала мәдениетінің ықпалын көруге болады және отырықшылық мәдениет түркілерде де дамығанын айта аламыз.

Қытайдың дерегінде, Соғды жері — Қан деген атау алады (Самарқанттық Қан) және ондағы билеушілердің билігі — «әкеден — балаға» қалдырылуы (VIII ғ. дейін — авторлар), ал кейінгі билік ағадан — ініге өтуі көбірек байқалады» деп атап көрсетеді [2: 29–30].

Әкеден балаға қалдырылуы — бұл Соғды жеріндегі билеуші түркі әулеттерінің іс–қимылы болуы мүмкін. Жалпы Соғды жерінде — VI-VIII ғ. арасында 13 ірі билеуші — Маликтер билеген және шамамен — 9-ы Самарқанттың Соғды әулетінің өкілдері. Сондықтан кейінгі кездері соғды- түрік қатынасын айтқанда, түркілерді осы Самарқант ихшидімен қатынасына көбірек көңіл бөлінеді.

XX ғ. II жартысынан басталған археологиялық деректерге сүйенсек — VI ғ. аяғы мен VII ғ. өзінде-ақ түркілер мен Соғдылардың ақшалай сауда жасағанын көре аламыз. Бұған басты себеп болған, Соғды отарындағы қолөнершілердің Түргеш қағанатының билеушісіне теңге (монета) тиын соғып беруі еді, яғни соғдылықтар мен түркілердің қарым–қатынасында осы «теңгелер» үлкен орын алды. Негізінен, бұндай теңгелердің соғылуы — Түргеш қағанатында көп байқалады. Соғдылықтардың соққан теңгесінде соғды жазуымен жазылған, Түргеш қағанының есімдері кездеседі. Бұл Соғды жазуы бар теңгелермен — Шығыс Түркістан, Жетісу және Мауреннахрдағы Соғды диаспораларында және Соғдының өз жерінде еркін сауда жасауға мүмкіндік берілсе, ал Түргеш қағанының есімі — билеушінің қол астындағы халыққа символ ретінде және теңгенің кімге жататынын көрсететін еді [4: 7–9].

Экономикалық байланыс халықаралық қатынастарға да әсер еткені айқын. 566 ж (567) — Түркі қағанаты өзінің шарықтау кезеңінде, Сасанидтік Иранның басшысы Хұсырау I шахқа елшілік жіберген еді. Осы жолы Соғды саудагері Маниах бастаған бір топ адам шах сарайына келіп, Иран арқылы еркін сауда жолын сұрады. Иран шахы Түркілер мен Соғдылардың қарым-қатынасын біле отырып, жауабын тез берген жоқ. Сол кезде қашқын Катульфаның ақылымен, шах, елшілердің көзінше сыйлыққа әкелген жібекті жағып жібереді де, бұл жолы саудагерлер құры қолы қайтты. Артынша Батыс Түрік қағанаты екінші рет елшілік жіберіп, ол да сәтсіз болды. Тіпті кейбір әдебиеттерде — «елшілерді улап тастаған» делінеді [5: 150].

Осыдан кейін Түркі-Иран қатынасы өте шиеленісіп кетті. Бұл соғды сауда жолына өз әсерін тигізген еді. Енді соғды саудагерлері бастарын қауіпке тіге отырып, Батыс Түрік қағанатының рұқсатымен Византияға аттанды. Оның басында — саудагер Маниах тұрған еді. Иран жерінен өту өте қауіпті болғандықтан, солтүстік Каспий жағалаулары арқылы, Кавказ тауы арқылы — 568 ж. елшілер Константинопольге келді. Соғды саудагерлерінің бұл жолы жолдары болды. Византия императоры олардың ұсынысын қабыл алды. Себебі, түркілердің жібегі емес олардың әскери күші қызықтырды [6: 87–89].

Оны (түркілерді — авторлар) Византия өз жауларына қарсы пайдалануды көздеді. Жауы әрине — Сасанидтік Иран еді. Маниах өзімен бірге, Византия елшісі — Земарх Киликиецті (шығыс мәселесі жөніндегі император кеңесшісі — авторлар) алып қайтты. Енді, түп деректерге көз жүгіртсек төмендегідей деректер кездеседі. Негізінен, Юстианның билігінің 4–жылында Византияға Түріктерден елшілік келді... Түріктер бұл кезде, өзінің барлық күшінде еді... Эфталиттерге бодан болған Согдиаттар енді, Түріктердің қоластына қарады. Өз ханы Дизавулдан Парсыларға елші жіберуді сұрайды... Маниах бастаған бірнеше түріктер Римге келеді... Патшаға әкелген сыйлықтарды беріп, Маниах өз ойын жеткізеді.. Патша сақ жазуымен жазылған хатты оқып шығып, жылы қабылдады... Сұрақ-жауап біткеннен соң, елшілер қолдарын жоғары көтеріп тұрып, қатты дауыстап ант берді... Византия патшасы Шығыс қалаларының қолбасшысы Зимарх Киликийцті Маниахпен қосып, түркі еліне жібереді... Август айында аттанады.. (б.д. 568 ж. — авторлар). Олар түркі еліне келгенде, түркілер оларға темір сатып алуды ұсынады... Зимарх Эктаг тауындағы қаған ордасына келеді... Қаған шатыр ішінде отырады, ал ол шатыр алтын дөңгелекті арба үстінде болды... Парсы елшісін қабылдағаннан кейін, Римдіктермен дос екенін айтып, Зимархты еліне босатады [7: 274]. Земарх — хан ордасына келіп «тазалаудан» өткені тарихи еңбектерде белгілі жайт.

Жалпы, жәрмеңкелерде — көшпенділер — ат, қой, түйе, ірі қара әкелсе, соғдылықтар — базарға ерекше маталар, балық өнімдерін, бұғы-марал терілерін, қымбат тастар әкеліп сатқан [8: 19–22]. Түркілердің арасындағы соғды диаспораларының саудадағы орны ерекше болған. Көшпенділер малдарын өздерінің көшіп–қону жүйесі арқылы Қытай шекарасына дейін барып, сол жерде малын сатып, оны жібекке айырбастап соғдылардың шығыс Түркістан және Жетісудағы диаспораларына жеткізіп отырған.

Ол жерде жібектер мына керуен жолдары арқылы жүрген: Шығыс Түркістан — Алмалық — Суяб — Талас — Исфиджаб — Шаш — Самарқант — Бұхара — Шарджуй — Мерв — Таяу Шығыс — Константинополь. Сюань– Цзань атап көрсеткендей — Суяб, Исфиджаб қалалары — соғды-түрік экономикалық қатынасының негізгі орталықтары еді [6: 71–83]. Қытай дерегіне үңілсек, Қан әулеті — Соғды жерінде билікте болды. Оның ең үлкені — Самарқант Қаны. Ол Юе-Чжи үйінің бір ұрпағы. Олардың билеушілері — Чаову (Жа-бу, Жабғу) титулын иеленді дейді [6: 71–83].

Бұл жерден көріп отырғанымыздай Соғды жері түркілердің автономиялық ауданы болып қана қойған жоқ, сонымен қатар экономикалық өмірде басты роль ойнады. Содан соң, осы жолдар арқылы Соғдылықтардың шығу тегі жайлы пікірді қайта қарастырудың қажеттілігін түсінеміз.

VI–VIII ғғ. Орта Азиядағы егіншілік аймақтағы әлеуметтік—экономикалық өзгерістер нәтижесінде, қысымға ұшыраған (VII ғ. басы) Соғды көпестері, диханшылары Түркістанға келіп қала тұрғызды (Хамукет-Талас), жергілікті халықтың әдеп-салттарын, киімін қабылдады және жергілікті билеушілерге теңге соқты. Соғдылар соққан ақшалардың өзі — Түркі халықтарына кең тарады (теңгенің құрамы — күміс (70–80 %) және мыс (20–30 %) — авторлар). Ондай алғашқы теңгелерді зерттеушілер 741 ж. билікке келген Сулу-қағанның баласы — Мохэ Дагань тұсында шығара бастады дейді [10: 15–27]. Мохэ Дагань 740–742 жж. «өзіне тән монеталарды шығарды және алғашқы түріктік соғды теңгелері осы кезеңге жатты» деген қорытынды жасай аламыз.

Қорытынды

Соғды диаспоралары өзімен бірге жаңа көркемдік мәдениет ала келді де, қолөнер мен сауда өмірінде басты орындарға ие бола бастады. Мысалы, үй ішінің гректік көркемдеуге ұқсастырып салу (Тараз қаласының қазбасы), Сасанидтік көркемдеу, яғни нүктелер арқылы шеңбер салу (Тола өзені (Моңғолияда), шеңбердің ішіне тау арқарын бейнелеу (Алтай және Тоқмақ) [13: 46].

Осыған қарап, соғды диаспораларын екі ұлы мәдениеттің (Иран және Түркі) ортасындағы көпір ретінде қарастыруға болады. Жоғарыда айтылғандар арқылы біз мынаны көре аламыз: VII ғ. Соғды диаспоралары Түркі қағанатының экономикалық өмірінде басты орында болды.

Соғды диаспоралары Шу мен Талас бойы арқылы Солтүстік Тянь-Шаньнан өтіп, Шығыс Түркістанға дейін созылып жатты. Жетісудағы жергілікті қала өкілдері мен саудагерлері Мауреннахрлық Батыс Түрік қағанатына ұлы қоныс аударуына қатысты. Оның басты себебі, Аброй билігі тым қатал болған соң соғды декхандары мен саудагерлері Тараз бен Түркістанға келіп, Хамукат қаласын тұрғызып, сонда өмір сүрді.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Махаева А.Ш. Көне түріктердің рухани мәдениеті: оқулық / А.Ш. Махаева. — Алматы, 2000. — 95 б.
  2. Бартольд В.В. Сочинения / В.В. Бартольд. — М., 1963–1964. — 250 с.
  3. Махмуд Қашқари. Түбі бір түркі тілі (Дивани–лұғат–түрік) / ауд. А. Егеубай. — Алматы, 1993. — 87 б.
  4. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі: оқулық / Ғ. Айдаров. — Алматы, 1996. — 56 б.
  5. Сарсенбаев А.Б. Жетісудағы Соғды диаспоралары / А.Б. Сарсенбаев // ҚазМУ хабаршысы. Тарих сериясы. — 2004. — № 1. — Б. 156–157.
  6. Бернштам А.Н. Согдийская колонизация / А.Н. Бернштам // КСИИМК АН СССР. — Вып. VI. — 1940. — С. 40–70.
  7. Маликов А.М. Тюрки в среднеазиатском междуречье в VI–VIII вв. (по археологическим и письменным источникам) / А.М. Маликов. — Самарканд, 2000. — 22 с.
  8. Байпаков К. Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлық тарихының кейбір мәселесі / К. Байпаков // Қазақстан тарихы. — 1995. — № 1. — Б. 60–70.
  9. Шалекенұлы У.Х. Қазақ ежелден көшпенді ме? / У.Х. Шалекенұлы // Зерде. — 1991. — № 12. — Б. 30–40.
  10. Касенов М. Талас өңірінің орта ғасырлық қалалары мен елді мекендерінің мәдениеті (ҮІ–ХІІІ ғғ.) / М. Касенов. — Алматы, 1995. — 25 б.
  11. Елеуов М. Шу—Талас өңірлерінің ортағасырлық қалалар мен мекендері (ҮІ–ХІІІ ғғ.) / М. Елеуов. — Алматы, 1999. — 25 б.
  12. Каришева Ф.М. История и культура древней Согды (VI–V вв. до н.э.— V–VІ вв. н.э.) / Ф. Каришева. — Ташкент, 1987. — 250 с.
  13. Массон М.Е. Средневековые торговые пути из Мерва в Хорезм и в Мавреннахр / М.Е. Массон. — Ашхабад, 1966. — 128 с.
  14. Волин С.С. Сведения арабских источников о долине реки Талас и смежных районах // Тр. ИИАЭ АН КазССР. — Т.8. / С.С. Волин. — М., 1960. — С. 80–85.
  15. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности / С.Е. Малов. — М., 1951. — 105 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.