Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тарих оқулықтарындағы иллюстративті материалдар: сипаттамасы және талдануы

Мақалада бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі тарихи жадты қалыптастыру, тарихи орындардың, оқиғалардың қаншалықты дәрежеде «естелік орынға» айналуы екені атап көрсетілген. ХХ ғасырдың ортасынан ХХІ ғасыр басындағы «Тарих» оқулықтарындағы қолданылған иллюстрациялық материалдарды талдауға баса назар аударылған. Мектептегі көрнекілік құралдардың сабақ барысында пайдаланылуына жалпы шолу ұсынылған. Автор ХХ ғасырдың 40 жылдарындағы «Тарих» пәнін мұрағат құжаттары негізінде оқыту тәжірибесін қарастырған. Сонымен қатар, аталған кезеңнің тарихы туралы оқулықтарда қолданылатын иллюстративті материалдар талданды, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары анықталды. Көрнекі материалдарды ұсынуда визуалды әдісті қолдану мысалдары қарастырылып, ХХ және ХХІ ғасырдың ортасындағы «Тарих» пәні бойынша оқулықтардағы иллюстрациялық материалдардың айырмашылығына назар аударылған.

Кіріспе

«Тарих» пәні оқулықтарындағы иллюстративті материалдарды сабақта «ХХ ғасырдың басындағы» тақырыптарды өту кезінде қолдану мен қазіргі таңдағы қолданыстағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырып, оған талдау жасай отырып, тарих сабағындағы көрнекі құралдардың маңыздылығын атап өту жұмыстың өзектілігі болып табылады. ХХ ғасырдың ортасы мен бүгінгі ХХІ ғасыр аралығындағы қоғамның заман ағымына қарай бір шама алға дамып, қарапайым көрнекі құралдардан бастап, электронды, сандық негізде қолданылатын иллюстративті материалдарды да атап өтуге болады. Оларды сабақ барысында қолданудың негізгі мақсаты, оқушы жадында тек ауызша емес, сонымен қатар визуалды да көрініс көрсете отырып, есте сақтау қабілеттерін арттырып, өз елінің, жерінің тарихына қызығушылықтарын оятып, оны жетік меңгеруге жол ашу. Бұл пікірімізді С.Қ. Шабажанованың сөзімен толықтырақ [1: 6]. Ол өз жұмысында балалардың ойлауы табиғатынан екі түрлі болып келетінін мұғалім қашанда білуі керектігін атап, оларға тоқталған. Біріншісі көрнекі құралдарға сүйене отыру арқылы қабылдаса, екіншісі ауызша тезірек қабылдайды деген ойларды айтып өтеді.

Жалпы көрнекіліктерге төмендегідей принциптер тән екенін көрсетуге болады [2: 6]: 1) ол

бағдарламаға сай жасалуы тиіс; 2) оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру керек; 3) ойлауға, берік есте сақтауға, шығармашылықпен жұмыс істеуге тартатын, шындыққа сай болулары тиіс; 4) оқушыларға эстетикалық тәрбие беруге көмектесуі тиіс; 5) оқушылардың белсенділігін арттыруы тиіс; 6) оқушылардың бойында білім алу құштарлығын оятуға тиіс; 7) оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне алғы шарт болуы тиіс.

Қарастырып отырғанымыздай, көрнекілік принциптерін атап өтіп, нақты осы бағытта қаншалықты жұмыс жасалуда екендігін көрсетуге болады. Көрнекіліктің негізі визуалды бейнелерден тұрады. Бүгінгі қоғамның негізі визуалды бейнелерге толы, ал оларды жан-жақты ашып көрсету оның бірден-бір қыры. Тарих пәні оқулықтарындағы иллюстративті материалдардың негізін суреттер құрайды. Солардың бірі ретінде фото құжаттарға тоқталсақ. Өзінің келтірілген түріне қарай құжаттар: вербальды (ресми шығарылған заң жинақтары мен бұйрықтарынан бастап, газет және журналдардағы мақалалар, статистикалық немесе архивтік құжаттардан жеке хат алмасулар мен күнделіктердің жазбаша, басылған немесе электрондық түрдегі барлық хабарламалар жатқызылады); визуалды (бұл кез келген динамикалық және статистикалық бейнелер — суреттер, плакаттар, жарнамалар); аудиолық (радио арқылы берілетін хабарламалар, радио-хабарландырулар, радио- сұхбат); аудиовизуалды (бейнефильмдер, телехабарлар, жарнамалар, телебағдарламалар және с.с.). Сондықтан да, суретті талдау әдісін (визуалды әдіс) құжаттарды талдау әдісінің тағы бір түрі ретінде атауға болады [3: 75–76].

Зерттеу әдістері

Зерттеу жұмысымыздың әдіснамалық негізі үш әдіс негізінде қарастырылды: а) саяси (ХХ ғасырдың ортасында «Тарих» пәнінде қандай иллюстрация қолданылды және неге? Сонымен қатар, ХХІ ғасыр бүгінгі таңдағы қолданылу барысындағы айырмашылық негізінде); ә) визуалды (иллюстративті бейнелерді, соның ішінде фото, кино-фоно құжаттарды талдау); б) тарихи танымдық. Тарихымыздың өткен беттерін бүгінгі жас буынға жаңаша түсіндіру арқылы жадында түсіндіру, сақтау. Жұмысымыздың негізгі дерек көзі ретінде Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архиві (ары қарай — ҚР ОМА), Талдықорған қаласының мемлекеттік архиві (ары қарай ТМА) материалдары пайдаланылды. Сонымен қатар, «Тарих» пәні аясындағы оқулықтар, газет, журнал беттердегі зерттеу мәселесі аясындағы мәліметтер қарастырылды.

Нәтижелері мен оларды талқылау

«Тарих» пәні оқулықтарындағы иллюстративті материалдардың қолдану барысын ХХ ғасырдың басындағы пайдалану мен қазіргі таңдағы қолданыстағы ерекшеліктері, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырып, оған талдау жасау барысында негізгі үш топқа бөліп қарастырсақ: 1) архив құжаттары; 2) «Тарих» пәні аясындағы мектеп оқулықтары; 3) қосымша материалдар (мысалы: диссертация, кітаптар, оқу құралдары, газет, журнал).

Қарастырып отырған мәселеміз бойынша архив құжаттары негізінде ҚР ОМА-ның 1692 — «Министерство просвещения Казахской ССР» (1937–1972 гг.) атты қорынан: «ҰОС жылдарындағы тарих пәнінің жүргізілу барысы негізіндегі әдістемелік жазба» [4: 65] атты тақырып негізінде жалпы «Тарих» пәнінің Ұлы Отан соғысы (ҰОС) жылдарында қалай жүргізілді, оның барысы және болашақта нені өзгерту қажет деген пікірлер осы істе қаралған. Келесі «Тарих пәні бойынша оқушылардың білімін қайталау және бекіту бойынша әдістемелік нұсқау» (1941 ж. 14 қараша) [5: 70] атты істе негізінен сабақ өту барысындағы қайталау, бір тарау аяғындағы және оқу жылының аяқталуы бойынша қорытынды негізінде аталып, «Тарих» пәнін қайталау және бекіту барысына тоқталған.

Сонымен қатар, «1941 ж. мектепте тарих пәнінің жүргізілуі бойынша (жоспар, баяндама) материалдар» [6: 70] атты істе «Тарих» пәнін оқыту барысында қандай иллюстративті материалдар қолданылады, оларға сипаттама беріліп, талдау жасалынған. «1970/1971 оқу жылы негізінде басылымнан шыққан оқулықтар» [7: 81] атты істе «Тарих» пәні ХХ ғасырдың 70 жылдары қандай авторлардың негізінде оқытылғаны барысы туралы айтылған.

Жұмыс аясында ТМА-ның «Ф. 882 (1944–1996 гг.) Областное управление образования

Талдыкорганской областной администрации» қорынан: «1948–1949 оқу жылы бойынша Талдықорған облысы мектептерінің есебі» [8: 161] атты істе мектептердің қорытынды есеп нәтижесінде «Тарих» пәнінің жүргізілу барысы, оқулықтардың жағдайы, көрнекілік құралдардың қолданылуы туралы айтылған. «1950–1951 оқу жылы бойынша Қарасай ауданы мұғалімдерінің тамыз жиналысы бойынша жоспарлары, баяндамалары» [9: 30] атты істе негізінде жалпы «Тарих» пәнінің жүргізілу барысы, сабақ жоспары, қолданылатын иллюстративті материалдары көрсетілген.

Сонымен қатар, «1957–1958 оқу жылы бойынша облыстық білім басқармасының есебі» [10: 185] атты істе «Тарих» пәнінің жүргізілу барысы ХХ ғасырдың 40-жылдарымен салыстырғанда біршама алға жылжып, оқулықтар, көрнекілік құралдардың жеткіліктігі, қол жетімділігі барысы туралы қарастырылған.

Әлеуметтік ғылымдарда жалпы визуалды құжаттарды, оның ішінде суреттерді қолдану ол ХХ ғасырдың 40 жылдарынан басталып, антропологиямен байланыстырған. Г. Бэйтсон және М. Мид алғашқылардың бірі болып этнографиялық фильмдерді пайдалана отырып, мәдени салада зерттеу жүргізген. Антропологиялық және әлеуметтік мектептерде визуалды зерттеудің жаңа толқыны ХХ ғасырдың 90 жылдарынан басталған. Э. Чаплиннің «Социология и визуальная репрезентация» [11: 85] атты еңбегі осы кезеңге тұспа-тұс келген. Баньоли жастардың бірегейлігін зерттей отырып, өзінің респонденттермен сұхбаты барысындағы суреттерді көрсеткен. Осы бағытты ары қарай өзінің бейне сұхбаттары барысында С. Пинк жалғастырды. Сонымен қатар, Ресейдің ХХ ғасырдағы мектеп оқулықтарындағы суреттің орны туралы Р.О. Абилова өзінің «Место фотографии в школьных учебниках по истории России XX века» [12: 55–60] еңбегінде атап өткен.

«Тарих» пәні аясындағы оқулықтар негізінде орта мектептің 5 сыныбынан 9 сынып аралығындағы оқулықтармен жұмыстар жүргізіліп, олардың ішіндегі иллюстративті материалдар аясында салыстырулар мен ерекшеліктер барысына тоқталдық. 5–сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» оқулығы, оның авторлары Б.Е. Көмеков, Т.С. Жұмағанбетов, К.С. Игілікова, Алматы, «Атамұра» баспасынан 2017 жылы басылып шыққан, барлығы 144 беттен тұрады [13]. Кітап 7 тарауға бөлінген, жалпы 53 тақырыпты қамтиды. Келесі 7(6)–сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» оқулығы, оның авторлары Н.С. Бакина, Н.Т. Жанақова, Алматы, «Атамұра» баспасынан 2017 жылы басылып шыққан, барлығы 240 беттен тұрады [14]. Кітап 3 бөлім, 9 тарауға бөлінген, жалпы 57 тақырыпты қамтиды. Тағы бір оқулығымыз 8(7)–сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы», оның авторлары З.Е. Қабылдинов, Ж.Н. Қалиев, А.Т. Бейсембаева, Алматы, «Атамұра» баспасынан 2018 жылы басылып шыққан, барлығы 208 беттен тұрады [15]. Кітап 6 бөлім, жалпы 54 тақырыпты қамтиды. Одан кейінгі оқулығымыз 8-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы», оның авторлары З.Е. Қабылдинов, А.Т. Қайыпбаева, Алматы, «Атамұра» баспасынан 2016 жылы басылып шыққан, барлығы 320 беттен тұрады [16]. Кітап 7 бөлім, жалпы 62 тақырыпты қамтиды. Мектеп оқушыларының 9-сыныбына арналған «Қазақстан тарихы» оқулығы, авторлары М. Қозыбаев, К. Нүрпейісов, Қ. Жүкешев Алматы, «Мектеп» баспасынан 2013 жылы басылып шыққан, барлығы 296 беттен тұрады [17]. Кітап 14 тарау, жалпы 63 тақырыпты қамтиды. Сонымен қатар, «Өлкетану» курсы аясында шығарылған «Өлкетану. Алматы облысы». Жалпы білім беретін мектептердің 5–7 сыныптарына арналған оқулық. Авторлары А. Қабдұлова, Э.Т. Досаева, Ә.А. Әуезова, Ж.А. Дихамбаева. Алматыда 2018 жылы басылып шыққан, 184 беттен тұратын [18] оқулықпен де жұмыс жүргізілді.

Қосымша тақырыбымыз аясында қарастырылған мәліметтер барысына тоқталсақ: Т. Тұрлығұлов [19] өзінің диссертацилық жұмысы барысында «Тарих» пәнін оқыту барысында көрнекілік құралдардың маңыздылығын көрсеткен. Б.К. Абдугулова [20] өзінің зерттеу жұмысы барысында «Тарих» пәні аясындағы дидактикалық негіздерін атап өткен. М.К. Алдабергенова [21] өзінің докторлық диссертациясында ортағасырлық Қазақстан тарихын оқыту барысында деректерді қолдануда карта, суреттер, кестелер мен жұмыс барысы туралы қарастырған.

Оқу құралдары туралы Ә. Бәкірованың «Көрнекі құралдарды жасау және пайдалану жолдары» [22] атты оқу құралы жалпы көрнекі құралдардың жасалу барысы, оны оқу барысында пайдалану, көрнекіліктерді жасауға бағытталған жұмыс. Т.Т. Тұрлығұлдың «Тарихты оқыту әдістемесі» [23] еңбегінде негізінде «Тарих» пәні аясындағы жүргізіліп жатқан әдіснама, әдістер, көрнекі құралдар, олардың сабақ барысындағы маңыздылығы туралы тоқталып өтілген.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда әлемдік деңгейде де білім беру барысы туралы аталып, талқылануда. Соның бірі ретінде Г. Гайдың «Culturally responsive teaching: Ideas, actions, and effects (Book Chapter)» атты 7 тараудан тұратын АҚШ-ның қалалық білім беру жолын сипаттап, талдап және ұсыныс ретінде берілген кітабын атап өтуге болады [24]. Келесі тағы бір жұмыс ол И. Ибрахим, И. Хидаят-Ур-Рехманның «COVID-19 crisis and the continuous use of virtual classes» атты мақаласы [25]. Бұл жұмыста жалпы бүгінгі күннің өзекті мәселесі «COVID-19» пандемиясы барысында әлемнің көп бөлігі виртуалды сабақ беруді қолға алып, қазіргі таңда өз нәтижелерін беріп жатқандығы барысына тоқталған. Ф.Х. Хернандез-Кардона, Х. Рубио-Кампилло, Р. Соспедра-Рока, Д. Инигуез-Грацияның «Illustration, re-enactment, citizenship and heritage of contemporary conflict: The case of the ebro (1938)» атты мақалаларында Барселона университетінің DIDPATRI тобының білім беру иллюстрацияларын қақтығыстары бойынша жасаған тәжірибелері арқылы «1938 жылғы Испаниядағы азамат соғысы» негізінде жасап көрсетіп, өткен тарихты қайта жаңғыртып, өткеннің визуалды қайта құрылуы арқылы, нәтижесінде өткен тарихты жетік меңгеруге болатындығын көрсетеді [26]. Яғни өткен тарихты қайта иллюстративті материалдар мен қазіргі заманауи технологияларды пайдалана отырып, жаңғырту және оны көрсету.

А.А. Бейсембаеваның «Көрнекілік принцип» атты мақаласы аясында иллюстративті материалдарды қолданудағы оқушылар үшін маңыздылығы аталып өтілген [1: 6–7]. Ал,

И. Сейтбекова [2: 7–8] көрнекі құралдардың принциптерін атап, көрнекілік құралдарды сабақ

барысында қолдану арқылы оқушы терең білім алуына септігін тигізеді деген пікірін атап өтті.

Зерттеліп отырған мәселеміздің негізгі мақсаты үш негізгі басымдыққа бағытталған: 1) көрнекілік құралдарға (иллюстративті материалдар) және визуалды бейнелерге жалпы тоқталу; 2) ХХ ғасырдың ортасында «Тарих» пәнінде және оқулықтарында иллюстративті материалдардың қолданылуы; 3) ХХІ ғасырдағы иллюстративті материалдардың пайдаланылуы.

Қазіргі қоғамда бірі көрнекілікті — «абстрактілі деңгейде және практикалық іс-әрекет» үдерісінде қарастырса (Н.А. Менчинская, П.А. Гальперин, Т.В. Кудрявцев, Л.В. Занков), екінші бір тобы көрнекілікті — «бейне» ұғымымен байланыстырады (Л.Н. Нуритдинова, Л.М. Фридман). К.З. Халықованың пікірінше, «Көрнекілікті — оқытудың ажырамайтын» бөлігі деп те атап өткен [1: 7].

Визуалды бейнелердің негізгісі, маңыздысы десе де болады, ол — сурет құжаттары. Өзінің түріне қарай сурет визуалды құжат түріне жатқызылады. Ол өзінің персонофикациясына қарай жеке және жеке емес деп бөлінеді. Ақпараттың деректік қоры бойынша суреттік құжат негізгі және қосымша болып қаралады. Әлеуметтік антропология — нақты тарихи жағдайларға қатысты, қоғамдық-мәдени өзгерістер заңдылықтарын талдау мәселесімен айналысатын теориялық зерттеудің бағыты [3: 75–79].

«Тарих» пәні оқулықтарындағы иллюстративті материалдардың қолдану барысы туралы 1934 жылдың 16 мамырында БКП (б) «КСРО мектептерінде азаматтық тарихты оқыту» атты тарихи қаулысы шықты [6: 38–40] Бұл қаулы негізінде, мұғалімдер оқу барысында тарихи оқиғаларды айту негізінде «тарихи-хронологиялық реттілікті сақтауларын, маңызды деп табылатын тарихи құбылыстарды, тарихи тұлғаларды, хронологиялық күндерді» міндетті түрде оқушылардың есінде қалу мақсатында бекіту керек деп айтқан. Егер осындай жағдайда сабақ оқытылса, онда курсты толық меңгеруіне болады деген ойларын білдірген. «Тарих» сабағын жүргізетін мұғалім алдында қол жетімділік, көрнекілік және тарихи материалдың нақтылығы барысы бойынша қамтамасыз ету мақсаты тұр деп белгілеген. Сондықтан да, «Тарих» пәнін оқыту барысында көрнекілік құралдарды пайдалану өз алдына үлкен маңыздылыққа ие деп көрсеткен. 9-ға жуық көрнекілік құралдарды көрсеткен, олар: 1) өткен тарих ескерткіштері; 2) заманауи өнер туындылары; 3) ХІХ-ХХ ғғ. суретшілерінің суреті; 3) портрет; 4) каррикатура; 5) КСРО тарихы мен БКП (б) тарихы бойынша кестелер қолдану; 6) қолдан жасалған көрнекі құралдар; 7) сынып тақтасын қолдану; 8) тарихи картамен жұмыс; 9) киноны көрсету барысында диапозитивтердің қолданылуы. Жоғарыда көрсетілген мәлімет негізінде көрнекілік құралдарды қолданудың негізгі маңыздылығы ол оқушыларға «Тарих» пәнін нақты, қызықты және түсінікті дәрежеде түсіндіруге өз септігін тигізетінін көрсетеді. Сондықтан да әр тарихшының мақсаты, ол жиналған тәжірибемізді осы сұрақ аясында қолдану және қаулыны орындау екендігін атап өткен. Жоғарыда көрсетілген мәселені атай отырып, сол ХХ ғасырдың 40 жылдарында тарих пәні оқулықтарында көрсетілген иллюстрацияға назар аударсақ.

1947 жылы басылып шыққан «ССРО тарихының» қысқаша курсы кітабында кейбір тақырыптарға иллюстрациялар берілген. Атап айтсақ, «Жаулап алушы моңғолдар және татар-моңғол зорлығы» атты 12-ші тақырыпқа иллюстрация берілген (сурет 1). Осы басылымдағы «Ленин өлді, бірақ оның ісі өлген жоқ» атты 61-ші тақырыпқа да иллюстрация енгізілген (сурет 2). Көріп отырғанымыздай, 1 және 2 суреттердегі иллюстрациялар ақ-қара бейнеде, сонымен қатар қолдан салынған бейне ретінде көрсетілген. Оқулықтағы негізгі иллюстрациялардың барлығы осылайша берілген, бүгінгімен салыстырғанда өте аз, көбіне тек картиналар ретінде сипатталған.

Сурет 1. «Жаулап алушы моңғолдар және татар-моңғол зорлығы» тақырыбындағы иллюстрация

Сурет 2. «Ленин өлді, бірақ оның ісі өлген жоқ» атты тақырыбына берілген иллюстрация.

Енді осылардың ішінде маңызды деп табылатын ол қолдан жасалған көрнекі құралдарына: кесте, альбом, кітап қиықтары, сызба, жоспар. Қолдан жасалған көрнекілік құралдарды пайдалану тәжірибесі бойынша А. Вагин өзінің «Преподавание истории в школе» журналының 1938 жылғы №9 санында жарияланған мақаласында кесте және альбомды сабақ барысында қолдану барысы туралы былай деген: «Таблицы включают в себя и иллюстративный материал — картинку, портрет, карикатуру, и хронологическую дату, и текст документа, и цитату из произведенеия классиков марксизма. Составления альбома сыграло пользу для всего класса. Тот, кто составлял материал для листа альбома, принужден был познакомиться поглубже со всей темой и основательно поработать над своей подтемой, принес пользу альбом и тем, кто писал его и кто художественно его оформлял. Третьим видом самодельных наглядных пособий являются схемы–планы. Схемы могут быть сделаны для самых различных целей». Тарихи картамен жұмыс барысы туралы Строганов «Преподавание истории в школе» журналының 1941 жылғы № 4 санында шыққан «О работе с исторической картой» деген мақаласында көрсеткен. Одан басқа И.М. Скрипкиннің «Об изложении материала и применении наглядных пособий» және «Преподавание истории в школе» журналының әр жылдардағы санына шыққан авторлардың мақаласын атап өтсек болады. Мурзаевтың «Искусство классной доски на уроках истории в школе» мақаласы (1938 жылғы № 1); О. Иванованың «Значение изобразительного искусства как средства наглядности» (1938 жылғы № 4); А. Вагиннің «О самодельных наглядных пособиях по истории» мақаласы (1938 жылғы № 9); Бастианиннің «Рисунки на доске на уроках истории» мақаласы (1941 жылғы № 1); Е. Кагаровтың «Графические иллюстрации в преподавании истории Древнего мира» (1941 жылғы № 3) мақаласы. Осы жарияланымдарда иллюстративті материалдардың «Тарих» сабағында қолдану барысы, маңыздылығы негізінде өзіндік ойлар мен тұжырымдар жасалған. Авторлардың ойынша, иллюстративті материалдарды сабақ барысында қолдану оқыту барысының белгілі бір нәтижеге жететіндігін көрсетеді.

Жоғарыда көрсетілген мәлімет негізінде көрнекілік құралдарды қолданудың негізгі маңыздылығы ол оқушыларға «Тарих» пәнін нақты, қызықты және түсінікті дәрежеде түсіндіруге өз септігін тигізетінін көрсетеді. Сондықтан да әр тарихшының мақсаты, ол жиналған тәжірибемізді осы сұрақ аясында қолдану болып табылады.

Келесі «Тарихта оқитындардың білімдерін қайталау және бекіту» атты тақырыптағы әдістемелік нұсқаулық аясында [5: 25–28] сабақ өту барысындағы қайталау, бір тарау аяғындағы және оқу жылының аяқталуы бойынша қорытынды негізінде аталып, «Тарих» пәнін қайталау және бекіту барысына тоқталған. Сонымен қатар, «Тарих» пәні аясындағы сағат санының қысқарып қалуына байланысты өткен тақырыпты қайталау барысының жүргізілуі маңызды деп атап айтылған. Оқулықтардың жетіспеушілігі көрініс тапса да, жылдан жылға республикада тарих пәнінің жүргізілуі өз маңыздылығын арттырып отыр деп көрсеткен. Оны мына жазбадан қарасақ болады: «Изучение постановки преподавания истории в школах республики убедительно показывает, что с каждым годом качество знаний учащихся повышается, несмотря на то, что в течение ряда лет встречались большие трудности из-за отсутствия учебников по истории, особенно в казахских школах». Сонымен қатар, сабақты қайталау барысында көрнекілік құралдарды қолдану маңызды болып табылатындығы көрсетілген. Оны мына келтірілген жазбадан оқысақ болады: «При повторении необходимо полностью использовать все имеющиеся наглядные пособия по истории: исторические карты, исторические картинки, схемы, диаграммы, таблицы, исторических дат, исторические документы и источники, музейные материалы, особенно синхронистическую таблицу».

«Талдықорған облысы мектептерінің есептері» деп аталатын материалда [8: 148–150] «Тарих» пәнінің жүргізілу барысындағы оқулықтардың жеткіліктігі, алайда иллюстративті материалдардың көптеген мектептерде жоқ екендігі атап өтілген: «Серьезным недостаткам в преподавании истории в школах области было то, что во многих школах почти отсуствуют учебные наглядные пособия по истории (исторические карты, альбомы, картины и т.д.)». Ал, кейбір мектептерде, алғашқы деректерді қолдана отырып, сабақтың жүргізілу барысы туралы көрсеткен: «В 8–10 классах использовались некоторые, доступные понимания для учащихся, первоисточники марксизма- ленинизма, как «Манифест Коммунистической партии», статьи из собраний и сочинений Ленина, Сталина, альбомы по истории СССР, исторические карты, хронологические таблицы». Ал «1950– 1951 оқу жылы бойынша Қарасай ауданы мұғалімдерінің тамыз жиналысы бойынша жоспарлары, баяндамалары» [9: 30] деп аталатын істе негізінде жалпы «Тарих» пәнінің жүргізілу барысы, сабақ жоспары, қолданылатын иллюстративті материалдары көрсетілген.

Сонымен қатар, «1957–1958 оқу жылы бойынша облыстық білім басқармасының есебі» [10: 110–115] атты істе негізінде жалпы «Тарих» пәнінің жүргізілу барысы, сабақ жоспары, қолданылатын иллюстративті материалдары көрсетілген. «Тарих» пәнінің жүргізілу барысындағы сапасының жоғарылауына мұғалімдер тарапынан КОКП-ның ХХ съезінде қабылданған құжаттардың маңызы көрсетілді. Мұғалімдердің идеялық–теориялық деңгейінің көтерілуіне әлем манифесі және кеңестік елдердегі коммунистік және жұмысшы партиялардың декларациялары әсер етті.

«Тарих» пәні аясындағы оқулықтардағы иллюстрацияларға тоқталмас бұрын, алдымен ХХ ғасырдың 70 жылдары мектепте «Тарих» пәнінен республикамызда қай авторлардың редакторлығымен оқу кітаптары оқытылды, соған тоқталып өтсек. Төмендегі авторлардың оқулықтары мектепте оқытылғандығын көруімізге болады [7: 37–40]:

5-сынып: Коровкин Ф.П. История древнего мира;

6-сынып: Агибалова Е.В. История средних веков;

7-сынып: Нечкина М.В. История СССР;

8-сынып: Ефимов А.В. Новая история. – Ч. І.; Федосов И.А. История СССР;

9-сынып: Хвостов В.М. и др. Новая истори. – Ч.ІІ; Фураев В.К. Новейшая история. – Ч. І; Ким М.П. и др. История ССС. 9–10 кл.; Федосов И.А. История СССР, период империализма.

10-сынып: Фураев В.К. Новейшая история. – Ч. ІІ.

Сонымен қатар, «Тарих» пәнінің жаңа оқулықтарына қосымша ретінде, әдістемелік басшылық негізіндегі оқыту құралдары да болған. Олар төмендегідей:

Коровкин Ф.П. и др. Методика обучения истории древнего мира и средних веков;

Ефимов А.В. и др. Методика преподавания новой истории, VІІІ кл./в 2 книгах.

Көріп отырғанымыздай, негізгі әдебиеттердің авторлары және тарихымыз КСРО тарихын оқуға бағытталған. Ол бүгінгі күні мәлім болып табылады. Ал олардың ішіндегі иллюстративті материалдар әрине де көбіне КСРО кезеңіне арналған.

ХХ ғасырдың 40 жылдары мен ХХІ ғасыр тарих пәні оқулығының басқы бетіндегі иллюстрациясын қарапайым мысал ретінде көрсетсек болады:

Мектеп оқулықтарының сыртқы мұқабаларына қарасақ КСРО кезеңіндегі шыққан басылымды көрсек, кітаптың алғашқы беті ешқандай иллюстрациясыз, бояусыз бір түсті сұр бейнеде шығарылған (сурет 3). Ал, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңінде шығарылған мектеп оқулықтарының басқы мұқабалары әр түрлі бейнеде көрсетіліп, басылған (сурет 4).

Сурет 3. 1947 жылы шыққан «ССРО тарихының» мұқабасы

Сурет 4. 2009 жылы шыққан «Қазақстан тарихының» мұқабасы

Сонымен қатар, үшінші және бесінші суреттерде көрсетілген «ССРО тарихы» және «СССР тарихы» оқулықтарының мұқабасын салыстырсақ, ХХ ғасырдың 40 жылдарында шыққан алғашқы басылым біртұтас сұр бейнеде берілсе, ал, 70 жылдары шығарылған оқулықтың мұқабасы сәл де болса өзге түспен беріліп, кеңестік заманның бейнесін беріп тұрғандай әсер береді

Сурет 5. «СССР тарихы». Авторы М.А. Федосов, 1969 ж.

ХХ ғасырдың аяғы және ХХІ ғасырдың басында «Тарих» пәні аясында көптеген оқулықтар жарық көрді. Оның негізі тәуелсіздігімізді жариялағаннан кейін өз еліміздің тарихын зерттеу, талдау жүргізу, оны терең меңгеру барысы негізі қолға алынды және көптеген еңбектер жазыла бастады. ХХІ ғасырдың басында мектепте «Тарих» пәніне арналған 5 сыныптан 9 сынып аралығындағы оқулықтармен жұмыстар жүргізіліп, олардың ішіндегі иллюстративті материалдар аясында салыстырулар мен ерекшеліктер барысын қарастырылды. Кеңестік кезеңдегі тарихи білім беру барысымен таныса отырып, тәуелсіздіктен кейінгі қазіргі таңдағы тарихи білім беру жүйесіндегі иллюстративті материалдардың берілу технологиясының қаншалықты өзгергендігін көрсетуге болады. Алайда жоғарыда атап өткеніміздей, негізгі көрнекілік құралдар сол кеңестік кезеңде де пайдаланылған. Ал бұның нәтижесі, екі кезеңде де бір көрнекілік құралдардың қолданылуы ол тарихи білім беру барысында өз маңыздылығына ие, сонымен қатар оқушылардың жадында белгілі бір оқиғаны, датаны, хронологиялық-кестесін жасауына өз сұранысын жоғалтпағандығын көрсетеді. ХХІ ғасырда сандық және электрондық иллюстрацияның пайда болуы, көптеген үрдістерді де жеңілдетуде. Соның ішінде, көлемдік көрнекілік қолданыс табуда. Ол ақиқат дүниенің көлемдік бейнесін көрсетіп, оған мыналар жатқызылады: фото-суреттер, диапозитив, дыбыссыз кино. Сонымен қатар, дыбысты құралдарда пайдалануда: оған аудио, белгілі бір оқиға негізіндегі авторлық болжамдар, кинолар, қысқа метражды, толық, үзінді. Тағы бір негізгі иллюстрацияның қолданыс аймағы әлеуметтік желілердегі тарихи каналдар аясындағы материалдарды сабақ барысында қолданудағы өзіндік ерекшеліктер. Алайда, барлық құжаттарды бірден талдамастан, сараламастан оқыту барысында қолдануға болмайды. Сондықтан да, «Тарих» пәні аясында иллюстративті материалдарды пайдалану маңыздылығы жоғары екендігін көруге болады.

Қорытынды

ХХ ғасырдың 40 жылдарындағы «ССРО тарихы» оқулығында иллюстративті материалдар тақырыптар барысында негізінен суреттерден тұрса, 70 жылдардағы СССР тарихы оқулығында суреттермен қоса, карта, таблица, қосымша схемалар көрсетілген. Ал қазіргі ХХІ ғасырдағы тарих пәні оқулықтарында өз кезеңіне сай иллюстративті материалдар түрлі-түсті түсте, карта, таблица, схема, қосымша тапсырмалар негізінде беріліп, оқушылардың қызығушылығн арттыруда. Қорыта келгенде, «Тарих» пәні оқулықтарындағы иллюстративті материалдардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары қарастырылып, оған талдау жасалынды. ХХ ғасырдың ортасы мен бүгінгі ХХІ ғасыр аралығындағы қоғамның заман ағымына қарай бір шама алға дамып, қарапайым көрнекі құралдардан бастап, электронды, сандық негізде қолданылатын иллюстративті материалдарды да көрсетіп өттік. Оларды сабақ барысында қолданудың негізгі мақсаты, оқушы жадында тек ауызша емес, сонымен қатар визуалды да көрініс көрсете отырып есте сақтау қабілеттерін арттыратындығын, өз елінің, жерінің тарихына қызығушылықтарын оятып, оны жетік меңгеруге бағытталатындығы аталды. «Тарих» пәні оқулықтарындағы иллюстративті материалдардың сабақ жүргізу барысында қолданудың маңыздылығын оқушы жадының қалыптасуына өз үлесін қосады.

Мақала «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қаржыландыратын 2020–2022 жж. арналған, ЖТН № A 08857194 «ХІХ–ХХ ғ.ғ. басындағы қазақстандық бейнелердің тарихы мен визуалды антропологиясы: эволюциясы мен субъектінің қалыптасуы» тақырыбындағы жоба бойынша даярланды.

Әдебиеттер тізімі

  1. Бейсембаева А.А. Көрнекілік принцип / А.А. Бейсембаева // Ата–ана және мектеп. — 2013. — № 1 (01). — Б. 7–8.
  2. Сейтбекова И. Көрнекі құралдардың оқыту процесінде қолданудың маңызы / И. Сейтбекова // Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері. — 2010. — № 2 (50). — Б. 6–7.
  3. Дягилева Н.С. Методологические основы применения визуального метода в социологических исследованиях / Н.С. Дягилева, Л.А. Журавлева // Вестн. Челяб. гос. ун-та. Сер. Философия. Социлогия. Культурология. — 2012. — № 4 (258). — С 75–79.
  4. ЦГА РК. — Ф .1692. — Оп. 1. — Д. 82. — Л. 65.
  5. ЦГА РК. — Ф. 1692. — Оп. 1. — Д. 516. — Л. 70.
  6. ЦГА РК. — Ф. 1692. — Оп. 1. — Д. 520. — Л. 70.
  7. ЦГА РК. — Ф. 1692. — Оп. 2. — Д. 2016. — Л. 81.
  8. ГАТ. — Ф. 882. — Д. 126. — Л. 161.
  9. ГАТ. — Ф. 882. — Д. 1. — Л. 30.
  10. ГАТ. — Ф. 882. — Д. 1. — Оп. 581. — Л. 185.
  11. Визуальная антропология: новые взгляды на социальную реальность: сб. науч. ст. / под ред. Е.Р. Ярской-Смирновой, П.В. Романова, В.Л. Круткина. — М.: Научная книга, 2007. — 85 с.
  12. Абилова Р.О. Место фотографии в школьных учебниках по истории России XX века / Школьный учебник истории: концептуальные и научно-методические проблемы: материалы Всерос. науч.-практ. конф., посвящ. 110-летию со дня рождения Е.И. Устюжанина и 80-летию со дня рождения К.Р. Синицыной. — Казань: Отечество, 2013. — С. 55–60.
  13. Көмеков Б.Е. Қазақстан тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 5–сыныбына арналған оқулық / Б.Е. Көмеков, Т.С. Жұмағанбетов, К.С. Игілікова. — Алматы, «Атамұра» 2017. — 144 б.
  14. Бакина Н.С. Қазақстан тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 7(6)–сыныбына арналған оқулық / Н.С. Бакина, Н.Т. Жанақова. — Алматы, «Атамұра» 2017. — 240 б.
  15. Қабылдинов З.Е. Қазақстан тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 8(7)–сыныбына арналған оқулық / З.Е. Қабылдинов, Ж.Н. Қалиев, А.Т. Бейсембаева. — Алматы, «Атамұра» 2018. — 208 б.
  16. Қабылдинов З.Е. Қазақстан тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 8–сыныбына арналған оқулық / З.Е. Қабылдинов, А.Т. Қайыпбаева. — Алматы, «Атамұра» 2016. — 320 б.
  17. Қозыбаев М. Қазақстан тарихы. 9-сынып / М. Қозыбаев, К. Нүрпейісов, Қ. Жүкешев. — Алматы, «Мектеп» 2013. — 296 б.
  18. Қабдұлова А. Өлкетану. Жалпы білім беретін мектептердің 5–7 сыныптарына арналған оқулық / А. Қабдұлова, Э.Т. Досаева, Ә.А. Әуезова, Ж.А. Дихамбаева. — Алматы, 2018. — 184 б.
  19. Тұрлығұл Т.Т. Қазақстан тарихы мектеп курсының және оны оқыту әдістемесі қалыптасуының ғылыми негіздері (1934–1997 жж.): пед. ғыл. д–ры ... дис: 13.00.02 — Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі / Т.Т. Тұрлығұл. — Алматы,1998. — 407 б.
  20. Абдугулова Б.К. Жалпы білім беретін мектепте Қазақстан тарихын оқытудың дидактикалық негіздері: пед. ғыл. докторы ... дис. 13.00.01 — Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі / Б.К. Абдугулова. — Алматы, 2004. — 299 б.
  21. Алдабергенова М.К. Ортағасырлық Қазақстан тарихын оқытуда тарихи деректердің қолданбалық бағдарлылығын дамыту (Оңтүстік Қазақстан қалалары материалдары бойынша): филос. докторы (PhD) ... дис. 6D011400 – Тарих / М.К. Алдабергенова. — Алматы, — 2016. — 164 б.
  22. Бәкірова Ә. Көрнекі құралдарды жасау және пайдалану жолдары. Оқу құралы / Ә. Бәкірова. — Алматы, — 1992. — 48 б.
  23. Тұрлығұл Т.Т. Тарихты оқыту әдістемесі / Т.Т. Тұрлығұл. — Алматы, 1998. — 320 б.
  24. Gay. G.Culturally responsive teaching: Ideas, actions, and effects (Book Chapter) [Electronic resource]. — Access mode: https://www.scopus.com/display/book.uri? sourceId.
  25. Ibrahim Y. COVID-19 crisis and the continuous use of virtual classes [Electronic resource] / Y. Ibrahim, I. Hidayat-Ur- Rehman // International Journal of Advanced and Applied Sciences. — 2021. — 8(4). — Р. 117–129. — Access mode: https://www.scopus.com/record/display.uri? eid=2-s2.0–85105828599&o.
  26. Hernàndez-Cardona F.X. (1938). Illustration, re-enactment, citizenship and heritage of contemporary conflict: The Case of the Ebro [Electronic resource] / F.X. Hernàndez-Cardona, X. Rubio-Campillo, R. Sospedra-Roca, D. Íñiguez-Gracia // Sustainability, 2021. — 13(6). — Access mode: https://www.scopus.com/sourceid/211002.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.