Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорларының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы идеяларын іске асыруға қосқан үлесі

Мақалада Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің тәуелсіздік алған жылдардан бері ел тарихын қайта жаңғыртуға бағытталған жұмыстары сараланған. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көтерілген мәселелерге байланысты ел архивтерінің қосқан үлесі зерттелген. Мемлекеттік тұрғыдан архив ісін жаңғыртуға байланысты қабылданған бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы баяндалған. Авторлар Қазақстан архивтерінің тәуелсіздік алған жылдардан бергі атқарған іс-шараларын саралап, кезең-кезең бойынша жіктеп қарастырған. Мысалы, 1990 жылдар мен 2000 жылдар аралығында республикалық архив қорларындағы сақтау бірліктері, қабылдап алынған істердің жай-күйіне тоқталған. Аталмыш күндерді атап өту барысында ел архивтерінің атқарған істері, өткізген көрмелері, жинастырған құжаттарының сипаттамасы баяндалған. Облыстық архивтердің Қазақстан тарихының «ақтаңдақ» беттерін ашу мақсатында ХХ ғасырдың нәубетті жылдарында шетел асып кеткен қазақтар туралы, аштық, қуғын- сүргін қасіретіне арналған құжаттарды жинақтап, Бас архив қорына тапсыруы, осы құжаттар негізінде «Алаш-Мирас» деп аталған ғылыми альманахтар шығаруы өте ауқымды істердің бірі болып саналады. 1995 жылы еліміздің архив ісіне 200 жыл толуына байланысты өткізілген халықаралық конференция жұмыстарының да хаттамаларына көз жүгіртіп, сараланған. Бұл конференцияға ТМД елдерінің архив басқармаларының өкілдері келіп қатысқан. Бұдан өзге, ТМД елдерінің барша архив мекемелері жұмылып кіріскен, Ұлы Жеңістің 50 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан және із- түзсіз жоғалып кеткен жауынгерлерді іздестіру мақсатында Қазақстанның әр облысынан майданға аттанған азаматтардың тізімін жасау сынды ауқымды шара жүргізілген. Осы жұмыстың нәтижесінде әр облыстың «Еске алу кітабы» шығарылған. Архивтердің осы бағытта жүргізген іздестіру жұмыстары мәселелеріне авторлар тереңінен тоқталуға тырысқан. 1997 жылы «Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылында» ел архивтері ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін кезінде жазықсыз атылған асыл азаматтарды ақтау мақсатында архивтердің шаң басқан сөрелеріндегі құжаттарды көтеріп, осынау бір игі іске қомақты үлестерін қосқаны белгілі. 1998 жылы «Ұлттық архив туралы заңның» бекітілуі ел архивистері үшін бұл жылдың ерекшелігін айқындай түсті. Осы жылы бір жағынан «Халықтар бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп жарияланғандықтан, ғылыми-теориялық конференцияларды, архив материалдарын негізінде жарияланған отан тарихына қатысты іргелі еңбектер, ғылыми мақалалар кеңінен жарық көрді. Авторлар 2000 жылдары қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, «Мәдени мұра», «Халық тарих толқынында», «Архив–2025» сынды бағдарламалар негізінде атқарылған кешенді зерттеу жұмыстарының нәтижесін зерделеуге тырысқан.

Кіріспе

2017 жылғы 12 сәуірде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жарық көргені баршамызға белгілі. Мақала қоғам өміріне тың серпілістер әкеліп, жаңа бастамаларға мұрындық болды. Елбасы көтерген негізгі көкейкесті мәселелерді қоғам қайраткерлері талқылап, сол идеяларды жүзеге асыруға жаппай ат салысты.

Елбасы өзі атап өткеніндей, «Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес» [1]. Бұл бағытта тәуелсіздік алған кезеңнен бері бірнеше ауқымды мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, біраз шаралар жүргізілді. «Рухани жаңғыру» — «Мәдени мұра», «Халық тарих толқынында» бағдарламаларының жалғасы.

Біз мақаламызда ел архивтерінің осы жоғарыда аталған бағдарламалар қабылданбай тұрған кезінде–ақ, тарихымызға үлес қосар қомақты іс-шаралар жүргізгендігі туралы баяндамақпыз.

*Хат-хабарларға арналған автор. E-mail: guldena_82@mail.ru

Мақаланың мақсаты — тәуелсіздік алған жылдардан бергі ел архивтерінің қоғам санасын рухани жаңғыртуға қосқан еңбегін, үлесін зерттеп, саралау.

Мақсатқа жету үшін алдымызға мынадай міндет қойдық: ел архивтерінің атқарған іс- шараларын кезең–кезең бойынша жіктеп қарастыру, зерттеу, зерделеу.

Мақаланың өзектілігі: тәуелсіздік жылдарында ел тарихының «ақтаңдақ» беттерінің сырын ашуға үлес қосқан архившілердің, тарихшы-зерттеуші мамандардың еңбегіне баға беру бүгінгі күн талабындағы мәселелердің бірі болып саналады. Мемлекет тарапынан қабылданған бағдарламалардың ұлттық тарихымызды ұлықтап, кем-кетігін толтырып, ұлттық санамызға сілкініс жасап, жас ұрпаққа шынайы тарихымызды ұсыну мақсатына жету үшін қолайлы сәттер туғызғаны шындық. Тарихшы қауым осы бағдарламалар негізінде іргелі тарихи еңбектерді дүниеге әкелері сөзсіз.

Зерттеу әдістері

Әрбір тарихшының архив материалдарымен жұмыс істеу барысында қиындық туғызатын басты мәселесі бұл — зерттеудің нақты жолын анықтау болып табылады. Іздеген материалдың барлығы архивте әрқашан жинақталып тұрмайды. Сондықтан да, зерттеуші іздеу жұмыстарын түбегейлі жүргізуі қажет. Осы орайды, біз ең алдымен архивтік эвристика әдісін қолдандық.

Архивтік эвристика әдісі бұл – архивтегі іздеу жұмыстары ғылыми тұрғыда дәлелденген, бір мақсатқа жетуге бағытталған, жоспарлы түрде жүргізу жұмыстары. Мақаланы жазу барысында, тақырыпқа орай құжаттарды ең алдымен архивтік эвристика әдісі арқылы іздестіру жұмыстарын жүргіздік, яғни тақырыпқа байланысты архив қорларында кездесетін барлық материалдарды сараладық.

Келесі қолданған әдісіміз — атрибуция әдісі, яғни табылған құжаттардың түпнұсқалығы, шыққан жері мен уақыты, авторлары туралы анықтау жұмыстарын жүргізу. Атрибуциясыз құжатты дұрыс түсініп, бағалап, қолдануға болмайды. Сонымен қатар, артибуция әдісі нақты есімдер, ұйымдар, баспалар туралы анықтама жүргізумен тығыз байланысты. Архивте іздеу жұмыстарын жүргізу — зерттеушіден тарихи терең білімді қажет ететін күрделі процесс.

Жазба жүргізу әдісі — мәтінмен, баспасөз материалдарымен, әдебиеттермен, кітаптармен жұмыс жүргізгенде қажетті әдістердің бірі. Мақала жазу барысында анықтамалықтар, арнайы әдебиеттердегі материалдарды оқу барысында үнемі керекті жерлерін (жоспары, мазмұны, құрылымы, терминдер мен ұғымдарын) конспектіге түсіре отырып, жазба жүргізу әдісін үнемі қолдандық.

Талқылау

Ұмытшақтықтан, ессіздіктен асқан жаман нәрсе жоқ. Егер балалар өзінің ата-анасын ұмытса, балалық кездегі достарын, туған ауылын, оқыған мектебін білмесе, бұл бақытсыздық емей немене? Адамдардың жады да архив сияқты барлығын жинап, ұзақ уақытқа сақтайды да, керек езінде еске түсіріп, жаңғыртып отырады. Адамзат тарихы тарихи дәуір мен адамзат ұрпағының сабақтастығына негізделген.

Өткен кезеңді зерттеуде құжат көздерінің рөлі мен маңызы зор екені даусыз. Адамзаттың үздік ойшылдары мұны ерте бастан–ақ түсінген. Мемлекеттік архив – тарихи білімдердің нағыз сарқылмас қоймасы. Архивтің көнені жаңғыртып, адамзаттың рухани көкжиегін кеңейтудегі үлесі зор екені бұған дейін де жазылып келді, әлі де жазылуда. Бұл мақаланы жазу барысында Қазақстан Республикасы архивтерінің тәуелсіздік алған жылдардан бері рухани сілкініс жасау мақсатында жүргізген игі іс-шараларына кеңінен тоқталуға тырысып, саралап көрдік.

  1. .ҚР ҰА қорларының 1990 жылдардағы рухани жаңғыру бағытында жүргізген жұмыстары:

Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві қорларында тәуелсіздік алған жылдардан бері архив мекемелерінің жүргізген жұмыстары жайлы деректер сақталған. Мысалы: 1992 жылғы Қазақстан Республикасындағы архив ісінің даму жоспарына көз жүгіртсек, мұнда мына мәселелерге басты назарда ұсталғанын байқаймыз: 1992 жылы республика архив мекемелерінің басты міндеті құжаттарды сақтауды қамтамасыз етуге арналған жұмыстар кешенін жүргізу, бұрынғы партиялық архивтерден келіп түскен құжаттарды мемлекеттік архив құжаттарын сақтау талабына сай рәсімдеуден өткізу, мемлекеттік архивтерде микрофотолар жасау үшін зертханалар ашу т.б. мәселелер болғанын байқаймыз [2].

Жалпы, республиканың 1992 жылғы архив ісі жұмыстарының нәтижелеріне тоқталатын болсақ, республикадағы архив мекемелері 150 сақтау бірлігі бар істерді қабылдаған, оның ішінде 9,3 мың ғылыми-техникалық және аудиовизуалдық құжаттар болып табылады, мемлекеттік сақтауға тапсыру үшін 265 мың іс дайындалған. Республиканың архив қорының мұншалықты ұлғаюын партиялық архивтердің Бас архивке берілуімен байланыстырамыз, осыған орай ақпарат қоры да молайды, ұйымдардағы партиялық құжаттарды әрі қарай демократияландыру мүмкіндігі туындады, ғылыми айналымға бұрын беймәлім болған құжаттар кешені енді.

Ұлттық архив қорында Алматы қаласындағы ОМА–нан алдырылған, 1992 жылы Тәуелсіздік күніне орай дайындалған «Біздің Отанымыз — Қазақстан» атты тақырыптық-экспозициялық сипаттағы фотоқұжаттар көрмесінің мазмұны жайлы мәлімет сақталған. Ол «Қазақ мемлекеттілігінің қайнар көзі», «Өлкені отарлау және халықтардың республиканың экономикасы мен мәдениетінің дамуындағы өзара қарым–қатынасы», «Тоталитаризм дәуіріндегі халықтардың қоныс аударуы мен олардың достығының қалыптасуы» атты 3 бөлімнен тұратын фотоқұжаттық көрме өткізілген [3]. Мұндай көрме Кеңес Үкіметі жылдарындағы бұрмаланған тарихымыздың «ақтаңдақ» беттерін ашуға тырысқан іс-шаралар болды десек қателеспейміз. Өшкенімізді жаңғыртып, өткенімізді білуге құмартқан, шынайы тарихқа сусап отырған еліміз үшін мұндай көрмелер ұйымдастыру — рухани жаңғыртудың бір бөлшегі іспеттес.

1992 жылы қыркүйек айында Алматы қаласында шетел қазақтарының Конгресі ұйымдастырылды. Осы іс–шараға ат салысу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Бас архив мекемесі де қажетті нұсқаулықтар алды. Бас архив осы мәселе бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында, арнайы айдармен мақалалар дайындау үшін қажетті құжаттарды іздестіруге кірісті.

Бұл құжаттар 1916 жылғы көтеріліс кезінде, ұжымдастыру науқанында, 1920 жылдардағы аштық уақытында, Азамат соғысы және Ұлы Отан соғысы кезінде Қытай, Иран, Ауғанстан және тағы басқа шет мемлекеттерге ауып кеткен қазақтар туралы баяндайтын құжаттар болуы тиіс еді. Осы табылған құжаттардың негізінде жинақ шығару көзделді [4].

Республиканың облыстық, қалалық, аудандық деңгейіндегі барлық архив мекемелері деректер табу мақсатында көптеген жұмыс атқарып, нәтижесінде ХХ ғасырдағы нәубет кезеңдерінде шетел асып кеткен қандастарымыз туралы құжаттар Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Жезқазған, Қостанай, Көкшетау, Торғай, Шығыс Қазақстан, Талдықорған, Маңғыстау, Павлодар, Семей облыстық архивтерінен табылып, Бас архив мекемесіне жіберілген. Осы құжаттарға көз жүгіртіп отырып, байқағанымыз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Әлем қазақтарының алғашқы құрылтайын, шетел қазақтарының Конгресін ұйымдастыру ісінде республика архивтерінің қосқан үлесі зор.

1993 жылдың екінші жартысында Қазақстан тарихының ақтаңдақ беттерін ашатын, архив құжаттарын жариялау мақсатында «Алаш—Мирас», («Народное наследие») журналын басып шығару көзделді. Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жезқазған, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Семей, Торғай, Шымкент облыстарынан келіп түскен істер тізімдемесінде, тәркілеу, аштық, «Кіші Қазан» саясаты кезіндегі зобалаңға ұшыраған қазақтар туралы көптеген деректер берілген [5].

1994 жылы да жалғасын тапқан «Алаш—Мирас» журналында Т.Рысқұловтың 100 жылдығына орай, өмірі мен қайраткерлігі туралы Оңтүстік Қазақстан облысы архивінен құнды құжаттар жарияланған. Бұл әрине, Т. Рысқұловты зерттеушілер үшін таптырмас мүмкіндік болды [6]. Ақтөбе облысы архив басқармасынан 1918 жылғы Азамат соғысы кезіндегі Ақтөбе майданы, ақ гвардияшылдармен соғыс кезінде қолға түскен тұтқын контрреволюционерлер мен қара жүздіктер туралы мәлімет беретін құнды құжаттарды берген [7]. Солтүстік Қазақстан облысы архивтер басқармасынан «1920 жылдардағы Қазақстандағы казачество» атты материал тіркелген [8]. Мұнда, сол кезеңдегі Қазақстанның солтүстік, солтүстік-шығыс, солтүстік-батыс өңірлерінде орналасқан казак поселкелерінің тарихы туралы құнды материалдар кездеседі. Солтүстік Қазақстан облысының Мемлекеттік архиві өз қорларынан табылған Ақмола губерндік Кеңесінің атқару комитетінің 1921 жылы қаңтарда жүргізген аймақтағы шіркеулер мен мешіттердің, құлшылық үйлерінің алғашқы тізімін көрсеткен. Петропавл қаласындағы мешіттердің іс-әрекеті туралы деректер берілген [9].

Қостанай облыстық архивтер мен құжаттар басқармасы өз қорларынан аймақта жүргізілген «Әскери коммунизм» саясаты туралы табылған деректерді және 1920–1922 жылдары Қостанай губерниясында болған аштықтың себептері мен салдарлары туралы архив қорларынан табылған құжаттарды жіберген [10]. Міне, осы аталған барлық құжаттардағы мәліметтер «Алаш-Мирас» альманахында жарық көрді.

1995 жылы 25–29 қыркүйекте Алматы қаласында Қазақстандағы архив ісінің 200 жылдығына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілген. Аталмыш конференцияның ұйымдастырылуы мен өткізілуіне байланысты құжаттар ҚР ҰА қорында сақталған [11].

Мұнда осы конференцияның бағдарламасы, президиум мүшелерінің тізімі (президиумда Польша, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Татарстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан мемлекеттерінің архив басқармаларынан өкілдер келіп қатысқан) және осы конференцияның жүргізілу барысы туралы хаттамасы, қазақстандық ғалымдардың мақалалар мәтіні берілген.

1995 жылы республика архивтері Ұлы Отан соғысында Отанын қорғау жолында құрбан болып және мүлде жоғалып кеткен жандарды «Еске алу кітабын» дайындау үшін облыс–облыстардан майданға аттанған жауынгерлер туралы материалдар жинау ісімен айналысты. Бұл туралы ақпарат ҚР ҰА қорында сақталған [12].

Бұл іс-шара Ұлы Жеңістің 50 жылдығы қарсаңында барлық Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде жүргізілді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1991 жылы 28–мамырдағы № 338 «О дополнительных мерах по увековечению памяти советских граждан, погибших при защите Родины в предвоенные годы и в годы Великой Отечественной войны, а также выполнявших свой интернациональный долг» деген қаулысы шыққан. Республикада құжаттарды, мәліметтерді іздестіру жұмыстары жүргізілді. Әрине, мұнда соғысқа дейінгі, соғыс кезіндегі құжаттар сақталған архив мекемелері үлкен роль ойнайды.

Қазақстанның барлық облыстарының архивистері бұл жұмысқа белсене кірісіп, жергілікті әскери комиссариаттармен, ардагерлер кеңесімен тығыз қарым-қатынас орнатты. Әскери комиссариаттың, әскери госпитальдардың, баспасөз құралдарының қорларымен, шаруашылық кітаптарындағы барлық мәліметтер қарастырылды. Осы жұмыстардың нәтижесінде әр облыстың «Еске алу кітабы» шығарылды.

Іздестіру топтарының құрамында болған архивистер жақын шетелдердің мемлекеттік архивтерінде де іздеу жұмыстарын жалғастырды: Санкт-Петербург, Минск, Подольск, Витебск, Рига және Қырым, Донецк, Курск, Орлов, Смоленск, Новгород облыстарында болды. Жұмыс барысында құрбан болғандар мен жоғалып кеткендердің тізімі құрастырылды. Бұл тізім үнемі «Индустриальная Караганда», «Целиноградская правда», «Знамя труда», «Семей таңы» және басқа да көптеген облыстық газеттердің бетіне жарияланып отырды. Архивистер тарихи анықтамалар, алғышарттар, аннотациялар жазды.

Ұлы Жеңістің 50 жылдығы қарсаңында ел архивистері қыруар жұмыс атқарды. Осы тақырыпқа байланысты облыстық және аймақтық ғылыми-практикалық конференциялардың ұйымдастырылуына, баяндамалар, фотоқұжаттық көрмелер әзірлеуге ат салысты.

1996 жылы Қазақстан Республикасы Архивтер мен құжаттар бас басқармасы Қазақстан Республикасының ерекше айтулы күндерінің күнтізбесін жасады [13].

Мұндай күнтізбелер жасауда архив құжаттары мақсатты түрде пайдаланылды. Республиканың барлық облыстық мәселелері жинақтаған Қазақстан тарихының маңызды оқиғаларын бейнелейтін, республиканың қоғамдық, саяси, мәдени өмірінен хабардар ететін, қоғам, ғылым, мәдениет, өнер, спорт қайраткерлері туралы мәліметтерді топтастырып, күнтізбе жасалынды. Мұндай күнтізбе Қазақстан тарихының нақты бір мәселесін зерттеумен айналысатын зерттеушілер үшін жұмыстарын жоспарлап, құжаттарды жариялауда көп көмегін тигізді.

Сонымен қатар ҚР ҰА қорында 1996 жылы ұлы ақын Ж. Жабаевтың 150 жылдығын атап өтуге байланысты іс-шараны дайындауға қатысты құжаттар сақталған [14].

1997 жылы Президент жарлығымен «Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп жарияланды. Ел тарихының қасіретті беттерінің бірі — ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы саяси қуғын-сүргін екені белгілі. Сол кезеңде халқымыздың басым бөлігі қасаң да қатаң мемлекеттік саясаттың құрбанына айналды. Тарихшылардың мәліметі бойынша, 1937–1938 жылдары кеңестік Қазақстанда 118 мың адам сотталған. Олардың 25 мыңына ату жазасы кесілген. Міне, тарихымыздың ақтаңдақ тұстарын айқындап, жазықсыз жазаланып, зұлматты жылдары саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған асыл азаматтарымызды ақтап, жыл сайын оларды еске алу дәстүрін енгізу — Елбасымыздың сарабдал саясатының бір көрінісі екені анық. Әрине, халық бұл бастаманы ыстық ықыласпен қарсы алды.

Қазақ халқының даму тарихының елеулі кезеңдерінің бірі болған саяси қуғын-сүргін кезеңін кейінгі ұрпаққа бүкпесіз, бояусыз шынайы түрде жеткізіп, өмірде кедір-бұдырсыз, теп-тегіс болмайтын нақты мысалдармен өлке тарихына ұсынып, оны толықтыра түсу ғалымдардың міндеті.

1998 жылы 22 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві және Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Архивтер: Халық бірлігі мен ұлттық тарихы жылы» атты ғылыми-теориялық конференция өткізді.

Архивистер үшін де бұл жыл ерекше болды. Қазақстанның мемлекетік архив қызметі өз жұмыстарын әрі қарай дамытып, жалғастыру үшін «Ұлттық архив қоры мен архив туралы» Заңның бекітілуі мемлекеттілік атрибутын әрі қарай толықтыра түсті.

Халықтар бірлігі мен Ұлттық тарих жылындағы архивистердің заңды қабылдаудағы еңбектері орасан зор. Бұл жыл көп ұлтты мемлекеттің дамуы мен қалыптасу тарихын зерттеу мәселелерінде архивтердегі ретроспективті құжаттардың маңыздылығын тағы да дәлелдей түсті.

Қазақстанның мемлекеттік архив қызметінің тарихында тұңғыш рет архив мекемелері «Халықтар бірлігі мен ұлттық тарих жылын» өткізудің негізгі іс-шаралар жоспарын орындауға кеңінен қатысты.

Архивистер Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігімен, Білім және ғылым министрлігінің Ғылым академиясы, т.б. ведомоствалық мекемелерімен бірлесе отырып, архив құжаттары жарияланымын халықаралық ғылыми «Отан тарихы» журналы беттеріне шығару; «История Казахстан: литературная хроника» кітаптар сериясын; «Алаш Орда» құжаттар жинағын; «Академик К.И. Сатпаев»; «Тоталитаризм и национальная интеллигенция Казахстана»; «Эпистолярное наследие казахской элиты XVII–XIX вв.» жинақтарын жарыққа шығаруға ат салысты.

Ел архивистері тарихи білімді насихаттау бағытында тек іргелі басылымдарды жариялауға ғана қатысып қоймай, сонымен бірге, республикалық, облыстық, аудандық, ғылыми-практикалық конференциялар, көрмелер, дәрістер, экскурссиялар, ЖОО-мен, ұлттық-мәдени орталықтармен, қоғамдық ұйымдармен басқа да мекемелермен бірлесіп жұмыс атқарды.

  1. . ҚР ҰА қорларының 2000 жылдары рухани жаңғыру бағытында жүргізген жұмыстары:

Ұлттық архив қорлары төл тарихымызды қайта жаңғырту мақсатында тәуелсіздігіміздің екінші онжылдығында да көптеген іс-шаралар атқарды. 2004–2006 жылдары «Мәдени мұра» атты мемлекеттік бағдарламаның қабылдануы, архивтанушылар мен тарихшыларға тың серпіліс әкелді. «Мәдени мұра» бағдарламасының басты мақсаты — рухани және білім беру саласын дамыту, елдің мәдени, мұрағаттық мұрасының сақталуы мен тиімді пайдалануын қамтамасыз ету.

«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында мәдениетіміз бен төл тарихымыз ғылыми құндылығы жоғары жәдігерлермен байытылды. Ресей Федерациясының Астрахань, Орынбор, Уфа, Қазан, Омбы, Москва, Санкт-Петербург, Томск, Саратов және т.б қалаларында, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Қытай, Иран, Египет, Түркия, АҚШ, Франция және басқа да елдердің мұрағаттарында қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне қатысты сан мыңдаған құнды жәдігерлер сақталғаны белгілі. Оларды отандық мұрағат және кітапхана қорларына алдыру өзекті мәселеге айналып, осы бағытта архившілер мен тарихшылардың іссапарларының нәтижесінде шет мемлекеттерде сақталған қазақ тарихына қатысты құнды жәдігерлердің көшірмелері әкелінді. Қазіргі уақытта осы көшірмелерді біртіндеп жариялап, ғылыми айналымға енгізу мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

2006 жылы 19 шілдеде Қазақстан Рсепубликасы Үкіметінің № 692 қаулысымен елордамыз Астанадан Қазақстан Республикасының Ұлттық архивін ашуға қол қойылып, архивтің әсем ғимаратының ашылу салтанаты сол жылдың 14 желтоқсанында өтті. Бұл архив қорларында тәуелсіздік кезеңінің құнды құжаттары сақталуда.

2007 жылдан бастап, Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві халықаралық «ЕВРАЗИКА» қауымдастығына мүше болғаннан бері, алыс-жақын шетелдік архивтермен ынтымақтастық байланыс жолға қойылды. Еліміздің көрнекті тарихшы ғалымдары шетел архивтерінде ғылыми ізденістерін жасауға мүмкіндік алды.

Еліміздегі архив ісін әрі қарай өркендету мақсатында қабылданған тағы бір маңызды мемлекеттік бағдарламалардың бірі – 2018 жылы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласындағы «Архив-2025» бағдарламасы болып табылады. Өз кезегінде бұл бағдарлама «Мәдени мұра» бағдарламасының жалғасы десек те болады.

2019 жылы осы бағдарламаның аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві директорының орынбасары Тұрсынгүл Құсайынова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғылыми-зерттеу тобымен бірлесіп шетел архивтері мен кітапханаларында, ғылыми орталықтарда археографиялық жұмыстар жүргізу, елімізге қатысты бірегей құжаттарды іздестіру мақсатында ұйымдастырылған «Шетелдік архивтердегі археографиялық жұмыстар және Ұлы даланың тарихы мен мәдениеті туралы қорлар (анықтау, талдау, цифрландыру)» жобасы бойынша Ресейдің Мәскеу және Санкт-Петербург, Қазан, Омск, Орынбор, Астрахань және т.б. қалаларының архивтерінде зерттеу жұмыстарын жүргізді. Осы іссапар нәтижесінде табылған қазақ тарихына қатысты құнды деректер Ұлттық архивтің «Шетел мемлекеттерінің архивтері, кітапханалары және ғылыми мекемелерінен алынған құжаттар көшірмелерінің коллекциясы» деп аталатын № 83 қорын толықтырды. Қорда қазақтардың тұрмысы, ислам дінін ұстануы, қазақтарды отарлау саясаты, күштеп отырықшыландыру шаралары, әскери линиялардың салынуы, орыс зерттеушілерінің қазақ даласы туралы мәліметтері сынды тарихи құжаттар топтастырылған.

2021 жылы 11 маусымда ҚР Президенті Қ.–Ж.К. Тоқаевтың жарлығымен «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтауға» қатысты ҚР Президенті әкімшілігінің саяси қуғын-сүргінге қатысты архив құжаттарын, фото және бейнематериалдарды көрнекі көрсету тапсырмасына сәйкес ҚР ҰА дайындаған электронды құжаттық көрмесі «Аштық алапаты» деп аталған бейнеролик арқылы ұсынылды.

Осы бағыттағы іс-шараларды атқару барысында ҚР ҰА директоры С. Нұрланова 01.06.2021 жылы «Хабар» телеарнасындағы «Бүгін» бағдарламасына 1931–33 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық туралы «Ел тарихындағы ең азалы кезең» деп аталған тақырыптық түсірілімге қатысты. Ел президенті Қ.–Ж.К. Тоқаевтың жарлығымен құрылған Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшелері – еліміздің белгілі тарихшы ғалымдары қатысып, қуғын–сүргін құрбандарын ақтау, нәубетке қатысты тың мәлімет беретін архив құжаттарын құпиясыздандыру қажеттілігіне тоқталды.

Өткен 2021 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің құрылғанына 15 жыл толды. Қастерлі тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келген бұл айтулы күнді атап өту үшін ҚР ҰА «Тәуелсіздік және Елбасы: жасампаздықтың жаңа тарихы» атты Халықаралық ғылыми- практикалық конференция ұйымдастырып, өткізді.

«Abai.TV» телеарнасында осы мерейтойға орай ҚР ҰА жұмысынан хабар беретін «Архивтегі аманат» бағдарламасы жарық көріп, көрермендердің назарына ұсынылды.

Сонымен қатар архив қорларында сақталған көрнекті ғалымдарымыздың жеке тектік қорларындағы материалдармен де жұмыс жасалуда: атап айтсақ, 2021 жылы 27 тамызда Ақселеу Сейдімбектің жеке тектік қорындағы материалдарына сүйене отырып, «Ақселеудің асыл мұрасы» атты құжаттар жинағының тұсаукесері өткізілді.

Қорытынды

Мақалада біз Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің тарихи санасын сілкінтіп, рухани жаңғыртып, тарихтағы «ақтаңдақтарды» зерделеу бағытында атқарған жұмыстарын кезең кезең бойынша саралауға тырыстық. Әрине, архивтерде сақталатын ақпараттар — мемлекеттің қоғамдық—саяси, экономикалық—мәдени дамуында ерекше орын алатын ұлттық стратегиялық байлық болып есептеледі.

Сонымен бірге, архив ісінің әр кезеңдердегі өсіп—өркендеу ерекшеліктері мен қоғамдағы орнын зерделеудің тарихи сананы қалыптастыруға тигізер ықпалын қоса айтуымыз керек. Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві қорларындағы тәуелсіздік тарихы мәселелерін жүйелі түрде зерттеудің архив ісінің де, тарих ғылымының да дамуына қосар үлесі мол. Сондықтан да, бұл бағыттағы игі істер әлі де жалғасады, келешек ұрпаққа аманат етіп қалдырар асыл мұрамыз тың деректермен толығады деп кәміл сенеміз.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» / Н.Ә. Назарбаев // «Егемен Қазақстан. — 2017. — 12 сәуір.
  2. НА РК. — Ф. 41. — Оп. 1. — Д. 34. — Л. 2.
  3. НА РК. — Ф. 47. — Оп. 1. — Д. 36. — Л. 10.
  4. НА РК. — Ф. 41. — Оп. 1. — Д. 74. — Л. 2.
  5. НА РК. — Ф. 41. — Оп. 1. — Д. 74. — Л. 12.
  6. НА РК. — Ф. 41. — Оп. 1. — Д. 123. — Л. 17–38.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.