Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ хандығы дәуіріндегі әйелдердің қоғамдық-саяси рөлі (ХV-ХІХ ғғ.)

Қазақ хандығы — ұлттық мемлекетінің бастауы. Қазақ қоғамы тарихын зерттеп, зерделеуде әртүрлі тақырыптар мен мәселелер жан-жақты, әлеуметтік, саяси, экономикалық, рухани мәдениет пен ұлттық идеология да қамтылуы тиіс. Тарих өткеннен алатын тәлім мен өнегенің қайнар көзі. Қазақ қауымының әлеуметтік өмір тіршілігінде әртүрлі әлеуметтік топ өкілдері тарихына талдау жасалатын болса, соның ішінде әйел заты тарихына қатысты ізденістер өз алдына өзекті болып табылады. Қазақ әлеуметтік пен мәдениетін осы күнге шейін көбінесе патриархалдық сипатта болған деген тарихи баға беріліп келгенімен, ол әлеуметтік қатынастардың патриархалдық әрі матриархалдық сипаты қатар екені нақты көрініс табады. Қазақ қоғамындағы әлеуметтік жауапкершілік жүгін ер адам мен әйел адам қатар көтергенін дала заңдары аясындағы әдет құқығы негіздерінен байқауға болады. Қазақ қоғамында отбасы институтының өте тұрақты болуы да ұлттық құндылықтардың баяндылығының нәтижесі. Ер адам жерді қорғайды, әйел адам — ұлтты қорғайды, өйткені әйел адамның ана ретіндегі тәрбиесі баланың тіл байлығын, дүниетанымдық құндылықтарын, өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруға ерекше әсер етеді. Ұлттың қан тазалығы да қазақ халқының жеті ата ұлттық берік ұстанымдары мен отбасылық дәстүрлеріне тікелей байланысты. Әлеуметтік тұрғыдан тарихтағы әйел заты құбылысын танып-білу, бағалау өте маңызды, себебі оның бір қыры ұлттық код мәселелеріне қатысты болса, екінші жағынан ұлттық рухани болмысы мен өркениеттік негіздеріне байланысты. Мақалада Қазақ хандығы тұсында қоғамдық өмірдегі тарихи мысалдар негізінде әйел тұлғалардың әлеуметтік-саяси өмірі туралы зерттеу ұсынылған.

Кіріспе

Қазақ халқының «Алып туса — анадан» деген даналық қағидасына орай, қазақ тарихындағы кез келген хан, сұлтан, би, батыр, шешен, абыздың өзі әке тәрбиесі мен ана тәрбиесін қатар көрген, бір ананың баласы ретінде жарық дүниеге келгені белгілі. Ендеше тарихи тұлға өзінің шығу тегі жағынан екі жұртқа ортақ, өз жұрты мен нағашы жұртының өкілі екені белгілі. Сондықтан, қазақ әйелдерінің қоғамдық-саяси өмірде үлкен рөлге ие болған әлеуметтік топ өкілі деп білу қажет. Қазақ хандығының дәуіріндегі ең қызықты, әрі күрделі тақырыптардың бірі — қазақ хандарының ханымдары, хан- аналары, батыр, билердің жарлары, олардың қоғамдық өмірдегі рөлі. Ендеше, осы мақалада Қазақ хандығы тұсындағы әйелдердің өмір жолдарына шолу жасалған. Қазақ халқының ескідегі ата-бабалар тарихы қоғамдық өмірде ер адам мен әйел заты арасындағы қарым-қатынастарды дәстүр негізіне айналдырған. Қазақ тарихнамасындағы әйел феномені жайлы, қоғамдық және саяси, діни, мәдени өмірдегі рөлі туралы халық ауыз әңгімелері көп. Сонау Ұмай ана, Тұмар ханымнан бастап, Зарина, Теркен хатун, Айша бибі, Бегім ана, Тайдула сияқты аналарымыздың рөлін тізе беруге болады.

Алайда, Қазақ хандығы дәуіріндегі әйелдердің өмірбаяндары, қоғам алдындағы рөлі, саяси ықпалдары жайлы зерттеулер егжей-тегжейлі зерттеулерді талап етеді. Далалық өркениет бірегейлігін сақтай отырып, ислам өркениетін қабылдаған біз сияқты халықтың өткенінде алыс- жақын ағайын халықтар мен көршілерге қарағанда біздегі әйелдердің өзіндік ерекешелікке ие қоғамы, қоғамдық қатынастары, отбасылық жағдаяты, саяси мәселелердегі орны мен ықпалы болғаны шындық. Яғни, бүгінгі тарих ғылымының алдында Қазақ хандығының құрылған кезеңінен бастап, ХІХ ғасырдағы хандық биліктің жойылу уақытына дейін қазақ аналарының, әйелдерінің орнын зерттеп, зерделеу міндеті тұр. Олардың әлеуметтік мәртебесін, қоғамдық-саяси өмірдегі рөлдерін аталмыш мақалада бағалауға тырысатын боламыз.

*Хат-хабарларға арналған автор. E-mail: gulmi877@mail.ru (Г.К. Уалиева)

Методология және зерттеу әдістері

XV-XIX ғасырлардағы Қазақ хандығы, әйел, ана құқығы, тұлғатану мәселесімен шұғылданатын ғалымдардың, зерттеушілердің еңбектерін қарастыру барысында және оларды сараптап отырып, талдау жасау кезінде, авторлар: тарихи-объективтік, логикалық, жүйелілік, салыстырмалы талдау т.б. әдістерді пайдаланды. Сондай-ақ тарихи тұлғаны зерттеудегі жүйелеу, талдау, салыстыру әдістері қолданылды. Қазақ хандығының құрылғанынан бастап, ХІХ ғасырдағы хандық жойылуының уақытына дейін қазақ тарихындағы аналардың, әйелдердің мұралары арқылы тарихи оқиға мен тұлғаның рөлі туралы жазып қалдырған әдіс-тәсілі бүгінгі ұлттық тарихта тұлғаларға баға берудің тұжырымдасы ретінде қарауға болады. Бұл зерттеуге деректік негіз болатын мәліметтердің жиыны негізінен қазақ шежірелері арқылы түзілген ақпараттар болып табылады, оның ішінде төре шежіре деректері мен қожалардың насаб-намалары, қазақ ата-тектері туралы қолжазбаларда да айтылады.

Талқылау

Гуманитарлық ғылымдарда адамзат тарихындағы әйел адамдардың орны, құқығы, әлеуметтік статусы жайлы ғылыми ізденістер тоқтаған емес. Мысалы, терминологиялық тұрғыда, қазақ тілінде ханым, ханша, бейіс, бегім, бекзат, бикеш, бәйбіше, елті (бақсы әйел немесе бақсы әйелі ма), бибі, бойжеткен сұлу ұғымдары бар. Бұлардың барлығы жас ерекшеліктерін ғана емес, олардың қоғамдағы әлеуметтік сипатын ерекшелейді.

Ханның әйелін ханым деген,

Ханның ұлын ханзада деген,

Ханның қызын ханша, ханшайым деген.

Бидің әйелін бибі деген,

Бидің ұлын бейіс (бейсі) деген,

Бидің қызын бике деген.

Бектің әйелін бегім деген,

Бектің ұлын бекзада деген,

Бектің қызын бекзат деген.

Байдың әйелін бәйбіше деген,

Байдың ұлын мырза деген,

Байдың қызын бикеш деген.

Қарапайым адамның әйелі — қатын,

Ұлы — атпал,

Қызы — бойжеткен.

Бірақ, Түрік қағанаты кезінде қатын ең жоғары әйел мәртебесі болған, кейін ескірген.

Батыс елдері тарихында әйел адамдар абсолюттік монархияларда билік көкжиегіне жеткенімен, гуманистік Еуропа үшін әйел құқығы өткен ғасырдың басына дейін күрделі тақырып болғаны анық. Бірақ, біздің тарих, біздің қоғам ерекше екенін ескеріп, Шығыс өркениетіне, көшпелі өркениетке негізделген өз зерттеулерімізді ортаға шығарғанымыз жөн.

Анаға деген құрмет қазақ тарихының барлық дәуірінде сақталынып келді. Біз оны хандық дәуір деп аталатын — XV-XVIII ғасырлардағы тарихымыздан анық байқаймыз. Үш жарым ғасырдан астам уақытқа созылған хандық дәуірде ел есінде небір аяулы аналарымыз бен әжелелеріміздің есімдері мәңгіге сақталып қалды. Тарихымыздың хандық дәуірінде өмір сүрген асыл Аналарымыздың есімдері тарихи санамызда мәңгіге сақталып, олар мынадай дерек түрлерінде көріністер береді:

  1. жазба дерек мәліметтерінде;
  2. ауыз әдебиетінің үлгілерінде;
  3. материалдық ескерткіш түрлерінде;
  4. ру-тайпа атаулары мен ру-тайпа ұрандарында кездеседі [1; 52]

Біз тарихи деректерге тоқтала отыра, Қазақ хандығы дәуіріндегі әйелдердің рөлін егжей- тегжейлі зерделеу үшін төмендегідей хронологияны басшылыққа алғанымыз дұрыс. Бірінші кезең: Қазақ хандығының құрылуы және өркендеуі (ХVІ-ХVІІІ ғғ) тұсындағы әйел-аналардың, ханымдардың рөлі. Осы кезеңдегі әйелдердің құқықтары, қоғамдық өмірдегі белсенділігі, діни- мәдени саладағы ықпалдары, дипломатиялық міндеттері жайлы баға беру. Мысалы, хан-аналардың Жағанбике, Айымбикелердің, мәдени өмірдегі Қарашаш сұлудың, дипломатиялық қарым-қатынаста маңызды рөл атқарған хан қыздарының (Сүзге ханым мысалында), Жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыста көзге түскен батыр қыздар өмірлері. Сондай-ақ, заңдар жинағы болған Қасым ханның қасқа жолы мен Есім ханның ескі жолы, Жеті Жарғыдағы әйел мәртебесіне шолу жасау.

Екінші кезең: Қазақ хандығының Ресейге қосылуы мен хандық биліктің жойылу кезеңі (ХҮІІІ — ХІХ ғғ). Кіші жүз ханымы, хан-анасы Бопай, ұлт-азаттық көтеріліс жетекшісі Сапура Мәтенқызы (Көктемір әулие), Орта жүз ханымы Айғаным, Кенесары көтерілісіндегі әйел-қыздардың рөлі, Бөкей Ордасының ханымы — Фатима.

Ескере кететін жәйт кей қазақ руларының ұрандары тіпті бастауы әйел адамдардың атымен аталатын жағдайлар да бар. Мысалы, Кіші жүз, кете руының аталуы — Кетебике деген арудың құрметіне аталған деседі [2; 109]. Сондай-ақ, алтын руын да осыған қосуға болады. Кіші жүз Байұлы арасында шеркеш руының қаракемпір деп аталатын тармағы да бар. Бұл деректерде Қазақ қоғамында әйел кісінің ерекше орынға ие болғанын айшықтай түседі [3; 394].

Қазақ халқының шежіре тарқату дәстүрінде гендерлік жағынан тарихқа қатысты мәліметтер көбінесе ер кіндікті адамдардың ата-тектерін өрбітумен қатар әйел заты туралы да айтуды ұмытпаған. Ескі заманда көшпелілердің дәстүрлі әлеуметтік-шаруашылық қатынастары, институттары патриархалдық сипатта дамумен тікелей байланысты болған соң, ер адам туралы мағлұматтар артық айтылады [4; 134].

Қазан төңкерісіне дейінгі аралықта көшпелі қазақ қоғамының саяси-құқықтық өмірінде әйел құқы мәселесі туралы орыс зерттеушілері ой білдірді. Негізгі қазақ өміріндегі әйел құқықтары жайлы алғашқы жүйелі деректерді Ресей зерттеушілерінің еңбектерінен табамыз. Қазақ халқының құқықтық болмысы ХІХ ғасырдың екінші жартысында егжей-тегжейлі зерттеле бастады. Зерттеу еңбектерінің алғашқысы — А. Левшиннің 1832 жылы жарық көрген монографиясы. Бұл еңбек өз кезегінде қазақ дәстүрін зерттеудің тамаша үлгісі бола білді. Аталмыш еңбектегі аса құнды деректер: құдалық, қалыңмал, үйлену ғұрыптары, жаназа, Жеті жарғы, әйел құқы және т.б. [5; 3].

ХІХ ғасырдың 60–70 жылдарында жазылған Ф. Лазаренский, Ы. Алтынсариннің еңбектері де әйел құқығын айқын көруге жол ашады. Бұл еңбектерде қазақтың өте көне әдеттері мен тұрмыс- тіршілігі бейнеленеді [5; 5].

Алайда, аталмыш зерттеулердің басым көпшілігі шариғаттың қазақ әдет-ғұрпының қайнар көзі болғанын, негізгі рөл атқарғанын жоққа шығарады. Олар әдеттің ежелден келе жатқанын, атадан- балаға фольклормен жеткен дегеннен әрі аса алмайды. Алайда, қазіргі замандағы зерттеушілер жаңа пікір ұсынуда.

Қазақ хандығының алғаш құрылуындағы ерекше көзге түсетін әйелдер мен олардың құқықтарына тоқталып көрейік. Қадырғали Жалаиридің еңбегіне сілтеме бере отырып, тарих ғылымының докторы, профессор Берекет Кәрібаев Қазақ хандығындағы сегіз хан-ананың атын атайды. Жағанбегім — Жәнібек ханның әйелі, Қасым ханның анасы, Ханық сұлтан ханым — Хақназар ханның анасы, Қасым ханның әйелі, Абайхан бегім — Шығай ханның анасы, Байым бике — Ондан сұлтан мен Сейітқұл сұлтанның анасы, Жақсым бике — Тәуке мен Есім хандардың анасы, Дадым ханым — Бұрындық ханның қызы, Шығай ханның әйелі, Әли сұлтанның, Ыбырайым сұлтанның анасы, Алтын ханым — Ораз Мұхаммед ханның анасы, Сүйім ханым — Қожық сұлтанның анасы. Ғалымның пікірінше осы тізімге Қасым ханның тағы бір әйелі Сұлтан Нигар ханымды қосуға болады. Ол — Моғолстан мен Қазақ хандығы арасындағы дипломатиялық байланыста ерекше рөл атқарған. Дипломатиялық міндет жайлы сөз қозғалғанда қазақтың «қыз ел мен елдің көпірі» деген аталы сөзі еске оралады. Михр сұлтан ханым — Бұрындық ханның қызы, Шайбанилерге келін болған. Бұлдыр ханым — Қасым ханның қызы, Ноғайлының әмірі Шайхы Мамайдың жары. Шешек ханым — Әдік сұлтанның қызы, Рашид сұлтанның (Моғолстан) жары. Сүзге ханым — Шығай ханның қызы, Көшім ханның жары [6].

Қол бастаған батыр, билердің де әйелдері мен қыздарының аттары қазақ қоғамында мәдени және діни салаларда, жауынгерлік оқиғаларда қалыс қалмайды. Қарашаш сұлу — Жиренше шешеннің жары, қазақ ауыз әдебиетінде адал, айлакер, ақылды, қанағатшыл кейпінде сипатталады. Алайда, ауыз әдебиеттен басқа тарихи еңбектерде деректердің аздығына байланысты Жиренше мен Қарашаштың өмір сүруі тарихта бұлыңғыр дүние. Дей тұрғанмен, сол кездің әйел-ана тұлғасын ашушы феномен екенін ұмытпауымыз керек.

Жаған бегім — Жәнібек ханның жары, Қасым ханның анасы. Жаған бегім туралы тарихи дерек тым аз. Халық ауызында қалған мәліметтің өзі Қасым ханның анасы еді дегеннен ары аспайды. Алайда, Жаған бегім — Қазақ хандығындағы ханым, бегім, хан-ана титулдарын иемденген алғашқы әйелдердің бірі. Сондықтан Қазақ хандығындағы әйел адамдардың тізімін бастауға құқылы.

Сүзге ханым — орыс-қазақ қарым-қатынасының басындағы ерекше тұлғалардың бірі. Сібір жері — Ресей мемлекетінің әрдайым стратегиялық маңызы бар, халықаралық державалардың мүдделері тоғысқан жер екені анық. Осы кенге толы жерді жаулау ХVІ ғасырларда Мәскеу үшін маңызды қадам болды. Сібір хандығын — Шыңғыс әулеті басқарып келген, Алтын Ордадан қалған алып мемлекеттің бірі. Хандықтың соңғы ханы Көшім — орыс тарихнамасындағы маңызды тұлға. Ермактың жаулау оқиғасынан кейін, Ресей тарихшылары, жазушылары Сібір тарихы туралы ауқымды еңбектер жазғаны белгілі. Сүзге ханым — осы Көшім ханның әйелі, қазақтың 9-шы ханы Шығайдың қызы [6]. Алайда, кейбір шежірелік деректер бойынша Сүзге арғын Сүйіндік бидің қызы екені белгілі. Сүзгенің толық есімі — Сүзгінші. Ол Сүйіндіктің ұлы Суғыншының қарындасы деген пікірлер де бар.

Шыңғыс тұқымынан шыққан билеушілердің бір-бірінен қыз алысып, қыз берісуі сол кездегі мемлекеттердің арақатынасының нығаюына септігін тигізетінін ескерсек, Қазақ хандығы мен Сібір хандығының арасының нығаюына қандай салым қосқанын пайымдай беруге болады. Сүзге ханым жайлы ауқымды еңбек атақты орыс драматургы П. Ершовтың 1839 жылы жазылған белгілі поэмасы «Сузге».

Аталмыш дастан орыс-сібір қарым-қатынасын, Сібірді игерудегі орыс саясатын айшықтаған көркем шығарма. «Но на всей земле сибирской, нет прекраснее Сузгуна», — деп жырланады дастанда, деректерде Көшім хан өзінің сүйікті жарына қала салдырады, аталмыш қала «Сузге Тура» деп аталып, әлі күнге дейін орны қалған. Кейін Сібірді жаулау соғысы басталып, хандықтың Ермак әскерінен жеңілгені белгілі. Ол оқиға жырда былай бейнеленеді:

Толқынымен Ертістің жағаласып,

Кеме кетті, қалды әне жаға қашық.

Кеме жүзіп барады сан ұрпақты

Қырғынынан Ермактың ала қашып!

Кеме кетті жетелеп ілгері үміт

Сырғи берді сағыммен бірге жүзіп.

Ұзатып сап көзімен қимай, қимай

Сүзге ханым қол бұлғап тұрды егіліп... [7; 6].

Сібір хандығының жеңіліске ұшырағаннан соң кезек хандық орталығына келетіні анық. Жырдан түсінгеніміз ханым ел астанасында регент болып қалады. Ермак сарбаздары қаланы қоршауға алады. Осы жерде Сүзге ханым қайтыс болады.

Қазақ хандығының тарихындағы әйел-ананың феноменін Бопайдан көруге болады. Бопай (Бәтима) Сүйіндікқызы — шамамен 1690 жылы дүниеге келген, 1780 жылы Елек өзені бойында қайтыс болған. Әбілхайыр ханның ел басқару ісіне араласқаны ханымның 1731 жылғы 22 қарашада орыс патшайымы Анна Иоановнаға, 1748 жылы 5 қазанда Елизавета Петровнаға жазған хаттарынан аңғаруға болады. Сондай-ақ патша сарайының әкімшілігіндегі беделді тұлғаларға жазған хаттарынан оның қаншалықты деңгейде беделі барын аңғару қиын емес [8; 3].

Канцлер А.П. Бестужев-Рюминнің Бопайға арнайы хат жазып, патшайым атынан сыйлық жолдауы — ханым саясатының жеңісі еді. Бопайдың зеректігі мен тапқырлығы жөнінде ағылшын суретшісі Джон Кэстлдің, Әбілқайыр ордасында болған орыс шенеуніктерінің жазбаларында біршама деректер келтіріледі. Бопай Елекке құятын Жосалы өзенінің жоғарғы жағындағы қорымда жерленген. Қазақ жеріне жан-жақтан қалмақтар мен жоңғарлардың шабуылы кезінде, Әбілқайыр хан қай елден көмек сұрауды ойлағанда, қасында отырған жан жары Бопай ханым Ресей елімен достық қарым- қатынаста болуды, олардан қару алуды сұрастыру жөнінде бағыт берген ханым болатын. Тарихта еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктен Бопай ханым ел есінде қалған. Бір сөзбен айтқанда, біз оқыған құжаттар мен зерттеулер Бопай ханымның соңғы үш ғасыр көлеміндегі Қазақстандағы билікке араласқан қайраткер қазақ әйелдерінің арасында көшбастаушы болғандығына көз жеткізуге болады. Көне тарихтың тасқа түскен жазулары осылай дейді. Олай болса, бірінші кезекте Бопай ханымның шыққан тегіне назар аударайық. Ә. Атшыбаевтың «Кіші жүз шежіресінде» адай Табынай батырдың қызы делінсе, қайсыбір авторлар Еділ қалмақтарына қарсы жорықтарда қолбасшылығымен танылған Сүйіндік батырдың қызы, – дейді [9; 4].

Ресей билеушісі Елизавета патшайымның алдында зор сый-құрметке ие болғандығына куә ретінде мына бір хатқа назар аударғымыз келеді. «Аса құрметті бәйбіше Пупай ханшаға, Сіздің күйеу балаңыз Жәнібек сұлтан арқылы ұлы мәртебелі тақсыр императордың атына жіберген хабарламаңызды алдық. Сіздің хатыңыздың мағынасын императордың ұлылығына жеткіздім. Сіздің күйеу балаңыз Жәнібек сұлтан старшынымен ұлы императорға кіргізілді. Император сіздің тілегіңізді қабылдады. Сізге, сұлтандарға, билерге, старшындарға, күллі қырғыз-қайсақтарға өтініштеріңіздің қабылданғаны туралы жарлық қабылданып жіберілді. Сіздердің алдағы жылдарда бізге адалдықтарыңызға сенім білдіреміз, сізге жалақы ретінде императордың атынан зерлі жібек беріледі. Императордың ұлылығы атынан канцлер, толық құпия кеңесші, сенатор және кавалеръ. Түп нұсқасына қол қойған: Графъ Алексей Бестюжев Рюмин. Мәскеуден. 1749 жыл 2 мамыр» (Б. Нәсеновтың аудармасы). Осы орайда дәлел әрі дәйек ретінде айрықша тоқтала кететін жағдай сол, Әбілхайыр хан қазасынан кейін Бопайдың інісі Мырзатай батыр Барақ пен оның қасындағылардан кек алуға белсене қатысқандығы. Осыншалықты жақын туыс болмаса мұндай оқиғаға қатыспауы да мүмкін емес пе? Адай Мырзатай батыр Әбілхайыр ханның қастандықпен өлтірілгендігі туралы Орынбор әкімшілігіне бірнеше хаттар да жолдаған. Орыс ғалымы И.В. Ерофеевтың мынадай жазбасы көп шындықты айғақтайды: «Информацию Мырзатая об убийстве султаном Ералы батыра Сырымбе- та, как о заверщающей акцию кровной мести семейства покойного хана, полностью подтвердил и уточнил три года спустя сам Нуралы сообщивший о поступке своего брата в личной письме к А.И. Тевкелеву от 3 января 1753 года». Одан әрі Нұралы: «Султан Ералы совершил ночью с дружиной своих батыров военный набег в ставку фамильного врага, где убил батыра Сырымбета и его жену, а семью Барака и все имение служителей служанок и верблюдов их… в добычу получил. Через одну дочь… всех трех злодеев» [9; 5]. Бопай ханым жайлы ғылыми ортаға енбеген жарық көрмеген құжаттар әлі көп-ақ, алдағы зерттеу жұмыстарымызда Бопай ханымның сирек кездесетін хаттарының бірін жариялауға тырысатын боламыз.

Айғаным ханым Сарғалдаққызы (1783—1853 ж.ж) — XIX ғасырдағы қазақ әйелдерінен шыққан қоғам қайраткері. Абылай ханның келіні, Уәли ханның әйелі, Шоқан Уәлихановтың әжесі. Қазақ хандығының Ресейге қосылу жылдарынан кейінгі орыс-қазақ қатынасында, елдің ішкі саясатында, сол кезеңнің мәдени, тұрмыс жағдайында аты ерекше аталатын әйелдердің бірі. Оның билік жүргізу тарихы ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарындағы өзгеше құбылыс. Айғаным салдырған мектеп-медреселер, мешіттер мен басқа да мәдени орталықтармен қоса, Уәли ханның өлімінен кейінгі Қазақ хандығының жағдайындағы ханымның орны әлі де зерттеулерді талап етіп тұр. Азия тарихын терең зерттеген саяхатшы Семенов Тянь-Шаньский дала ханшасы Айғанымның білімі мен талғамына Ресей патшасы І Александрдың таң-тамаша қалғанын жазады. Аса көрнекті академик, археолог Әлкей Марғұлан Айғаным жазған хаттардың, құжаттардың саны бірнеше жүзге жеткенін және олардың көпшілігі жеке адамдардың қолында сақталуы мүмкін деген болжамын айтып кеткен.

Қорытынды

Қорыта айтқанда, Қазақ хандығы туралы толыққанды ұғымды қалыптастыруда хан ордасында елдік деңгейдегі кеңесімен тарихта қалған — ханымдар мен ханшалар, би мен батырлардың аналары мен асыл жарлары туралы тарихи мағлұматтарды терең зерделеудің маңызы өте зор. Мұндай тұлғалардың қоғамдық-саяси қызметтері мен тарихтағы орнын анықтап, тиісінше баға беріп, ұрпақтарға аманат ретінде жеткізу — біздің алға қойған мақсатымыздың бірі болып табылады.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Кәрібаев Б. Қазақ хандығы дәуіріндегі ханымдар / Б. Кәрібаев // Қазақ хандығы тұсындағы ханымдар мен арулар: Халық. ғыл.-тәжіриб. конф. мат-ры. — Астана: Форма Плюс, 2015. — 304 б.
  2. Маданов Х. Кіші жүз шежіресі / Маданов Х. — Алматы: Атамұра, 1993. — 169 б.
  3. Арғынбаев Х. Қазақ шежіресі хақында / Х. Арғынбаев, М. Мұқанов, В. Востров. — Алматы: Атамұра, 2000. — 464 б.
  4. Алпысбес М. Ұлт шежіресіндегі айтулы ел аналары мен ханымдар / М. Алпысбес // Қазақ хандығы тұсындағы ханымдар мен арулар: Халық. ғыл.-тәжіриб. конф. мат-ры. — Астана: Форма Плюс, 2015. — 304 б.
  5. Қазиев О. Көшпелі қазақ өркениетіндегі әйел құқығының мәртебесі (XVIII-XX ғғ. бас кезеңі): заң ғыл. канд автореф. / О. Қазиев. — Алматы. 2005. — 30 б.
  6. Сиязбаев Н. Қазақ ханымдары. [Электрондық ресурс]. / Н. Сиязбаев. — Қолжетімділік тәртібі: Qasym.kz.
  7. Ершов П.П. Сузге: художественная литература / П.П. Ершов. — М.: Директ-Медиа, 2012. — 41 с.
  8. Ерофеева И.В. Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик / И.В. Ерофеева. — Алматы: Санат, 1999. — 334 с.
  9. Жаулин К. Бопай ханым — саяси мемлекеттік қайраткер / К. Жаулин // Әбілқайыр хан мен Бопай ханымның өмір жолы және ұлт тарихындағы орны: Халық. ғыл.-тәжіриб. конф. мат-ры. — Ақтау. 2018. – Б. 3–6.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.