Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

ТМД шеңберіндегі экономикалық ынтымақтастықтың нормативті-құқықтық негізінің қалыптасуы: мəселелері жəне болашағы

Мақалада КСРО-ның құлауынан кейінгі саяси-экономикалық маңызды үрдістерге, соның ішінде ТМД-ның құрылтай құжаттарына талдау жасалған. Авторлар ТМД-ның құрылуының алғашқы жылдарындағы Достастық шеңберіндегі экономикалық ынтымақтастықтың мəселелерін жəне оның маңыздылығын қарастырған. Сонымен қатар, мақалада ТМД-ның құрылтай құжаттарында анықталған экономикалық ынтымақтастықтың негізгі принциптерін, мемлекеттердің ұстанымдары зерттелген. Авторлардың пікірінше, ТМД-ның алғашқы кезеңінде қалыптасқан құрылтай құжаттары болашақта ТМД шеңберіндегі экономикалық қатынастардың дамуына жəне қазіргі кезеңдегі Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына өзіндік ықпалын тигізеді.

Кіріспе

ХХ ғ. 90-жылдарының басында Кеңес Одағының ыдырауына алып келген үрдістер бұрынғы КСРО республикаларының жаңа жəне сапалы халықаралық деңгейдегі өзара интеграциялануы объективті қажетті үрдістің бастамасына айналды. Бұл үрдістердің қорытындысы — жаңа аймақтық халықаралық ұйым Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы болды (ТМД). ТМД-ның мүше- мемлекеттері Достастықтың шеңберінде мемлекетаралық қатынастардың əртүрлі салалары — саяси, экономикалық, мəдени жəне т.б. бойынша ынтымақтастықты орнатуды қарастырды. Бірақ, ТМД аясындағы экономикалық қатынастар айтарлықтай өзіндік маңызға ие болды.

Қазіргі кезеңдегі жаһандану үрдісі жəне əлемдік еңбек нарығы мен капиталдың қалыптасуы мемлекеттердің бір-бірінен оқшауланбай, керісінше, бір-бірімен тығыз ынтымақтастықты дамытуға мəжбүрлеп отыр. Халықаралық қатынастардың интенсификациясы жəне жаһандануы əртүрлі аймақтық жəне халықаралық ұйымдардың шеңберінде экономикалық қатынастарды дамыту бойынша белсенділікті талап етеді.

ТМД мемлекеттерінің экономикалық ынтымақтастығының басты мақсаты — ортақ стратегиялық жəне ағымдағы қызығушылықтарға қол жеткізу үшін мемлекетаралық еңбектің бөлінуін, өндірістің кооперациялануын жəне өзара тиімді сауданың артықшылықтарын қолдану болып саналады. Сондықтан, ТМД — бұл бұрынғы КСРО республикаларына əртүрлі салалар бойынша бұрыннан тарихи қалыптасқан тығыз өзара байланыстарын сақтап қалуға жəне оларды дамытуға мүмкіндік берген əмбебап ұйым болып табылады. Аймақтық жəне халықаралық мəселелерді шешуге бағытталған бірлескен тəсілдерді іздеу жəне саяси кең диалог үшін ТМД механизмдерінің қажетті болғандығын өткен жылдар дəлелдеп берді. Сондықтан, қазіргі кезеңдегі ТМД шеңберіндегі экономикалық ынтымақтастықтың дамуын зерттеу барысында Достастықтың құрылу жылдарында қалыптасқан құжаттарды зерттеудің жəне оларға талдау жасаудың маңызы үлкен.

Зерттеу əдісі

Тақырыпты зерттеу барысында жалпы ғылыми әдістердің (диалектикалық, салыстыру, талдау, синтез) және танымның жеке ғылыми әдістері (формальды—заң, құрылымдық—функционалдық) кешені құрайды. ТМД елдері арасындағы байланыстарды дамытудағы экономикалық интеграцияның алатын орнын анықтау және бастапқы кезеңдегі Достастық аясында қалыптасқан келісімшарттардың,

*Хат-хабарларға арналған автор. E-mail: serstam@mail.ru (С.Б. Стамбулов) құрылтай құжаттарының маңыздылығын анықтау үшін тарихи-жүйелілік және салыстырмалы сараптау әдістері қолданылды. Интернет желілерінен алынған материалдардағы интеграциялық үрдістердің көпжақты ынтымақтастықтағы мәнін көрсету үшін бақылау әдісі пайдаланылды.

Негізгі бөлім

Қазіргі экономиканың жаһандануы жағдайында аймақтандыру үрдістері жүріп, географиялық жақын орналасқан мемлекеттерде интеграцияланған экономикалық жүйелер қалыптасқаны белгілі. Мұның мысалы ретінде Еуропалық одақты атап көрсетуге болады. ТМД мемлекеттерінің геосаяси жағдайына жəне КСРО құрамында ұзақ уақыт бойы қатаң шаруашылық-экономикалық байланыстар ықпалында өмір сүргендігіне байланысты Достастықтың шеңберінде экономикалық интеграцияны қалыптастыру жəне дамыту үшін объективті негіз болды.

Тəуелсіз мемлекеттердің халықаралық бірлестігі ретінде ТМД КСРО-ның құлауының нəтижесінде тарихи күрделі кезеңде қалыптасты. Əрине, орталықтандырылған Кеңес Одағының құлауының кері салдары ретінде жаңадан құрылған тəуелсіз мемлекеттердің арасындағы мемлекетаралық деңгейдегі экономикалық қатынастарды реттейтін құқықтық «вакуумның» пайда болғандығын атап көрсетуге болады. Бұл өз кезегінде тарихи ұзақ мерзімде қалыптасқан экономикалық байланыстардың əлсіреуі мен қысқаруына алып келіп, КСРО-ның бұрынғы одақтас республикалардың əрқайсысының экономикасына кері əсерін тигізді.

Осындай себептерге байланысты 1991 ж. 8 желтоқсанда Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы жəне Украина мемлекет басшылары КСРО-ны құрған мемлекеттер ретінде Беловежде «Тəуелсіз мемлекеттер достастығын құру жөніндегі Келісімшартқа» [1] қол қойды жəне бұл Келісімшарт КСРО-ның халықаралық құқық субъектісі ретінде өмір сүруінің тоқталатындығын мəлімдеді. Осымен бірге, аталған келісімшарттың негізінде (4-ші бап) тараптар Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрып, оның шеңберінде саясат, экономика, мəдениет, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, ғылым, сауда салалары бойынша ынтымақтастықты дамытатындығын мəлімдеді.

Осымен бірге, ТМД-ны құру жөніндегі Келісімшартта экономикалық ынтымақтастықтың аспектілеріне үлкен мəн берілгендігін көруімізге болады. Мұның дəлелі ретінде құжатта көрсетілген ТМД-ның мақсаты мен принциптері көрсетілген бөлімде орын алған келесі экономикалық мəселелерді келтіре аламыз:

  • саясат, экономика, гуманитарлық, мəдени жəне басқа салалар бойынша бірігіп жұмыс жасау;
  • барлық жағынан экономиканы реттеу жəне əлеуметтік дамытуды мүше мемлекеттердің жалпы экономикалық аумағында іске асыру;
  • адам құқықтарын жəне еркіндіктерін қорғау;
  • мүше мемлекеттер арасында бірігіп қимыл жасау, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жаппай жəне толық қарусыздануды іске асыру;
  • экономикалық одақ құру, мүше мемлекеттер арасындағы экономикалық саясат айырмашылықтарын жою [1].

Өзіміз көріп отырғанымыздай, «Тəуелсіз мемлекеттер достастығын құру жөніндегі Келісімшарт» КСРО құлағаннан кейін ТМД шеңберіндегі экономикалық ынтымақтастықты қалыптастыру, экономикалық байланыстардың аспектілеріне жəне оларды болашақта дамытуға үлкен мəн берілген.

Əрине, КСРО құлағаннан кейінгі «құқықтық вакуумды» толтыруға тек қана жоғарыда аталған КСРО-ның бұрынғы үш республикасы емес, сонымен бірге басқа да тəуелсіз мемлекеттер ұмтылыс жасады. Атап айтқанда, 1991 ж. 21 желтоқсанда Алматыда өткен кездесудің барысында «ТМД құру жөніндегі Келісімшарттың хаттамасына» [2] қол қойылды жəне бұл хаттамада Əзербайжан, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тəжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, кейінірек Грузия мемлекеттерінің тең құқылы негізде Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығын құратындығы мəлімденген.

Осылайша, Алматы қаласында посткеңестік кеңістіктің 11 мемлекетінің басшылары маңызды стратегиялық шешім қабылдаған болатын. Осы кездесудің нəтижесінде Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығының Алматылық Декларациясына [3] қол қойылды жəне бұл құжатты қабылдаудың бірден бір себебі КСРО-ның əлеуметтік-саяси жəне экономикалық үрдістері себеп болды. Декларацияда интеграциялық сипаттағы маңызды принциптер, атап айтқанда ортақ экономикалық кеңістікті жəне жалпыеуропалық, еуразиялық нарықты қалыптастыру мен дамыту принциптері бекітілген болатын.

Негізінен бұл принциптер «ТМД құру жөніндегі Келісімшартта» да көрсетілген. Дəлірек айтқанда, «ТМД құру жөніндегі Келісімшарттың» 7-ші бабына сəйкес ТМД-ға мүше мемлекеттерінің ортақ қызметтері ретінде ортақ экономикалық кеңістікті, жалпыеуропалық жəне еуразиялық нарықты қалыптастыру мен дамыту, осымен қатар кедендік саясат, транспорт пен байланыс салалары бойынша өзара ынтымақтастықты дамыту атап көрсетілген [1]. Яғни, Алматы Декларациясында «ТМД құру жөніндегі Келісімшартта» бекітілген формулалардың қайталанып тұрғандығын көруімізге болады. Дегенмен, посткеңестік кеңістіктегі халықаралық құқықтың тəуелсіз субъектілерінің құрылуы барысында Алматы кездесуі маңызды болды, себебі осы кездесудің нəтижесінде КСРО-ның бұрынғы республикаларының тəуелсіз мемлекеттер ретінде қайта құрылу үрдісі аяқталған болатын.

Осылайша, халықаралық құқық пен саясаттың субъектілері ретінде бұрынғы одақтас республикалардың тарихи қалыптасқан шаруашылық-экономикалық байланыстардың дамуын сақтау жəне оны дамудың жаңа деңгейіне шығарудың объективті қажеттілігін мойындағанын көре аламыз. 1993 ж. 22 қаңтарда Минскіде ТМД жоғарғы органы — Мемлекет басшыларының кеңесінде маңызды құжат «ТМД-ның Жарғысы» [4] қабылданды жəне бұл құжатқа Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық келісімшарт ретінде қарап, барлық мүше-мемлекеттердің міндетті түрде ратификациялауын жəне БҰҰ Жарғысының 102-ші бабына сəйкес БҰҰ Хатшылығында тіркелуін қарастырған болатын.

ТМД Жарғысы Достастықтың мақсаттары ретінде мыналарды бекіткен:

  • саяси, экономикалық, экологиялық, гуманитарлық, мəдени жəне т.б. салалар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру;
  • ортақ экономикалық кеңістік шеңберінде мүше-мемлекеттердің экономикалық жəне əлеуметтік жағынан жан-жақты дамуы, мемлекетаралық кооперация жəне интеграция;
  • жалпыға ортақ халықаралық құқық принциптері мен нормаларына жəне ЕҚЫК құжаттарына сəйкес адамның құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету;
  • халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мүше-мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық;
  • мүше-мемлекеттер азаматтарының Достастықта еркін араласуына, байланыс орнатуына ықпал ету;
  • құқықтық қатынастар салалары бойынша өзара көмек жəне ынтымақтастық;
  • Достастық мемлекеттері арасындағы шиеленістерді бейбіт жолмен шешу (2-ші бап);

ТМД Жарғысына сəйкес ортақ координацияланған институттар арқылы жүзеге асырылатын Достастықтың мүше-мемлекеттерінің ортақ қызметіне келесілер кірген:

  • адам құқықтарын қамтамасыз ету;
  • сыртқы саясат қызметін координациялау;
  • ортақ экономикалық кеңістікті, жалпыеуропалық жəне еуразиялық нарықтарды, кедендік саясатты қалыптастыру жəне дамыту бойынша ынтымақтастық;
  • транспорт жəне байланыс жүйелерін дамыту бойынша ынтымақтастық;
  • денсаулық жəне қоршаған ортаны қорғау;
  • əлеуметтік жəне миграциялық саясат мəселелері;
  • ұйымдасқан қылмыспен күрес [4].

Атап айту қажет, ТМД жарғысының аталған бабы көп жағдайларда Минск келісімшартын қайталайды, дегенмен бірқатар қосымшаларға ие. Жарғыдағы аталған ынтымақтастық салаларының тізімі ашық жəне бұл тізімді мүше-мемлекеттердің келісімі арқылы болашақта толықтырылу мүмкіндігі қарастырылған.

ТМД Жарғысына сəйкес, Достастықтың мақсаттарының кең жəне ынтымақтастықтың барлық маңызды салаларын қамтитындығын көруімізге болады.

Экономика саласындағы ынтымақтастық бойынша ТМД-ның құрылтай құжаттарында мүше- мемлекеттердің ортақ экономикалық кеңістікті қалыптастыруға деген ұмтылысы мəлімденген. Осы мақсатқа жету үшін Минск келісімшартында сыртқы саяси қызметті координациялау, ортақ экономикалық кеңістікті қалыптастыру мен дамыту, кедендік саясат пен транспорт жəне байланыс жүйесін дамыту қарастырылған.

Жоғарыда қарастырылған ТМД-ның «құрылтай құжаттарына» сəйкес Достастық шеңберіндегі ынтымақтастық салаларының ауқымды екендігін көре аламыз. Біздің ойымызша, бұл заңдылық, себебі ұзақ жылдар бойы бір мемлекеттің шеңберінде өмір сүру бұрынғы КСРО мемлекеттерін, қазіргі кезеңдегі тəуелсіз мемлекеттерді өзара тəуелді етті. КСРО құрамында көптеген жылдар бойы қалыптасқан байланыстарды сақтап қалу посткеңестік кеңістіктегі барлық мемлекеттердің мүдделері мен қызығушылықтары үшін маңызды болды.

ТМД Жарғысында Достастықтың басым мақсаттарының бірі ретінде ортақ экономикалық кеңістік шеңберінде мүше мемлекеттердің экономикалық жəне əлеуметтік жан-жақты даму жолы арқылы экономика саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру, осымен қатар мемлекетаралық кооперация мен интеграцияға деген ұмтылыс мəлімденген.

Дегенмен, өзіміз көріп отырғанымыздай, ТДМ-ның құрылтай құжаттарында ынтымақтастықтың негізгі бағыттары жалпылама түрінде анықталған. Сондықтан, экономикалық ынтымақтастыққа қатысты нақты іс-əрекеттерді қамтитын құжаттарды қабылдауға тура келген.

Əрине, ТМД мүше-мемлекеттері əлемдік қауымдастықтың белсенді қатысушылары ретінде өзара қатынастарда халықаралық құқықтық жалпыға танымал əрі ортақ принциптерін басшылыққа алынады. ТМД-ның құрылтай құжаттарын талдау барысында оларда осындай принциптердің орын алғандығын анықтауға болады. ТМД құру жөніндегі Келісімшарттың өзінде-ақ мүше-мемлекеттер өзара ынтымақтастықты өзара мойындау жəне мемлекеттік егемендікті құрметтеу, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, бір-біріне қарсы күш немесе экономикалық қысым көрсетпеу, сонымен қоса халықаралық құқықтық жалпыға танымал жəне ортақ принциптері негізінде дамытатындығын жариялаған.

Сонымен қатар, ТМД мемлекеттері БҰҰ Жарғысының жəне Хельсинкі Қорытынды актісінің мақсаттары мен принциптерін басшылыққа алған. Осылайша, ТМД мемлекеттерінің өздерінің ынтымақтастықтарын реттеу барысында «jus cogens» императивті принциптерінің маңыздылығын атап өту қажет.

Алматы Декларациясында Достастыққа мүше мемлекеттер егемендік пен теңдікті өзара мойындау мен құрметтеудің негізінде өзара ынтымақтастық жүзеге асырылатын демократиялық- құқықтық мемлекет құруға деген ұмтылысы мəлімделген [3].

ТМД мемлекеттерінің өзара қатынастарының принциптері ТМД Жарғысының 3-ші бабында бекітілген. Мұнда «Достастықтың мақсатына жету үшін мүше-мемлекеттер халықаралық құқықтың жəне Хельсинки Қорытынды актінің жалпыға ортақ принциптерін басшылыққа ала отырып, келесі принциптерге сəйкес өздерінің ынтымақтастығын құрады» [4] деп көрсетілген жəне одан əрі 14 принциптер көрсетілген. Осы көрсетілген принциптердің 10-ы қазіргі халықаралық құқықтың бəріне ортақ принциптері болып табылады. Осылайша, ТМД мүше-мемлекеттерінің халықаралық құқықтық дəстүрлі принциптерінен басқа Достастық мемлекеттері үшін ынтымақтастықтың жаңа принципін де бекіткенін байқаймыз. Сондықтан, ТМД Жарғысының, соның ішінде жалпыға ортақ халықаралық құқықтың принциптерін қарастырмай, ТМД-ның заңды принциптерін қарастырған жөн деп санаймыз.

ТМД Жарғысында бекітілген 7-ші принцип — мемлекетаралық қатынастардағы халықаралық құқықтың үстемдігі принципі болып табылады. «Jus cogens» принциптері арасында мұндай принцип жоқ, бірақ, бұл мемлекетаралық қатынастардағы халықаралық құқықтың үстемдігін білдірмейді. Бұл принцип интеграциялық үрдістерде қатысты. Мұнан басқа, ТМД барлық мүше-мемлекеттерінің Конституцияларында халықаралық қатынастардағы халықаралық құқықтық приматы бекітілген [4].

Тоғызыншы принцип — саяси, діни сеніміне, тіліне, этникалық шығу тегіне, нəсіліне қарамастан адам құқығын қамтамасыз ету принципі. Бұл принциптің ТМД-ның көпконфессионалды жəне полиэтникалық мемлекеттері үшін маңызы жоғары болды.

Он бірінші принцип — бір-бірінің мүдделерін, қызығушылықтарын ескеру, ынтымақтастықтың барлық салалары бойынша өзара көмек көрсету. Бұл принцип халықаралық құқықтың принципі емес. Бірақта, ТМД Жарғысында мұндай принципті бекіткен Достастықтың мемлекеттері өзара ерекше достық қатынастарды дамытуға ұмтылғандығын көре аламыз.

ТМД Жарғысындағы он екінші принцип ретінде Достастықтың мүше-мемлекеттері халқының өмірін жақсарту үшін қолайлы жағдайларды құру жəне олардың саяси, экономикалық жəне əлеуметтік прогресін қамтамасыз ету бекітілген. Бұл принциптің негізінде ТМД мемлекеттерінің не мақсатта күш жұмылдырғандығын көруімізге болады.

Он үшінші принцип — өзара тиімді экономикалық жəне ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту, интеграциялық үрдістерді кеңейту болып саналады. Бұл принципті халықаралық экономикалық құқық принципі деп санауға болады. Дегенмен, біздің ойымызша, бұл принциптің ТМД Жарғысында бекітілуі Достастық шеңберіндегі экономика саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсетеді.

Соңғы, он төртінші принцип — өзара құрметтеу, мəдени мұраларды сақтау жəне мəдени айырбасқа негізделген халықтардың рухани жағынан бірігу принципі болып табылады. Бұл принцип те жалпыға ортақ халықаралық құқықтың принципіне жатпайды, дегенмен, рухани жəне мəдени құндылықтарды сақтау қажеттілік болып саналады.

Осылайша, ТМД Жарғысында халықаралық құқықтың принциптерінен басқа жаңа принциптерді де бекіткендігін көре аламыз жəне бұл принциптер Достастық мемлекеттері арасындағы қатынастарға тəн болды. Осы принциптер мүше-мемлекеттер ынтымақтастықтығының жаңа деңгейге шығуын жəне ондағы бекітілген мақсаттарға жетуді қамтамасыз етіп берді.

Осымен бірге, ТМД Жарғысы мүше-мемлекеттер ынтымақтастығының ұйымдастырушылық- құқықтық механизмін де анықтап берді. ТМД Жарғысының 6-шы бөлімінде Достастықтың органдары туралы қарастырылған.

ТМД шеңберіндегі экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін барлық қажетті органдардың — заң шығарушы, атқарушы жəне сот органдарының құрылуы қарастырылған.

Заң шығарушы органға Парламентаралық Ассамблеяны жатқызуға болады жəне бұл орган ұсыныстар ретіндегі үлгілік актілерді өңдеумен айналысады. Бұл органның қызметі Достастық мемлекеттерінің заңнамаларын гармонизациялауға бағытталған.

ТМД-ның атқарушы органдары қатарына Мемлекет басшыларының кеңесі, Үкімет басшыларының кеңесі, Экономикалық кеңес жатады. Мемлекет басшыларының кеңесі ТМД-ның жоғарғы органы ретінде ортақ мүдде, соның ішінде экономика саласындағы ынтымақтастық мəселелеріне қатысты сұрақтарды талқылайды жəне шешеді. Үкімет басшыларының кеңесі экономикалық, əлеуметтік жəне басқада салалар бойынша мүше-мемлекеттердің атқарушы билігі арасындағы ынтымақтастықты координациялайды. Аталған екі кеңесті де ортақ компетенциялы органдар категориясына жатқызуға болады.

ТМД-ның Сот органы ретінде ТМД Экономикалық соты қызмет атқарады жəне бұл орган ТМД шеңберіндегі экономикалық міндеттерді орындау мақсатында əрекет етеді. Осымен бірге, ТМД Экономикалық соты экономикалық міндеттерді орындау барысында туындайтын шиеленістерді шешумен де айналысады. ТМД шеңберіндегі экономикалық ынтымақтастық мəселелерімен салааралық ынтымақтастық органдарының да айналысатындығын атап өту қажет. Бірақ, бұл органдардың шешімдері тек қана ұсыныс сипатына ие. Дегенмен, бұл органдар ТМД шеңберіндегі экономикалық қатынастардың дамуында, осымен бірге КСРО республикаларын біріктіретін байланыстардың үзілмеуі жəне экономиканың толық қирап қалмауында маңызды рөл атқарады.

ТМД кеңістігіндегі экономика саласындағы интеграциялық үрдістердің дамуында ТМД-ның мемлекетаралық жəне үкіметаралық органдарының маңызы ерекше. Атап айтқанда, ТМД мемлекеттерінің кедендік қызметі басшыларының кеңесі белсенді рөл атқарады. ТМД мемлекет жəне үкімет басшыларының бекіткен құжаттары келісілген принциптердің негізінде кедендік заңнамаларды унификациялау жəне кеден істерін ұйымдастырудың, шекаралардағы тауарларды рəсімдеу барысындағы кеден мəселелерін шешудің негізін жасап берді.

Электр энергиясының ортақ нарығын қалыптастыруда ТМД-ның Электроэнергетикалық кеңесі маңызды рөл атқарады. Бұл кеңестің шеңберінде ТМД мемлекеттері энергетика саласындағы өзара келісілген саясатты жүргізу бойынша қажетті келісімшарттар өңделіп, қабылданған болатын. Мысал ретінде, 1998 ж. 25 қарашада қол қойылған «ТМД мемлекеттерінің электроэнергетикалық жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі Келісімшартты» [5] атап көрсетуге болады.

Осымен қатар, ТМД мүше-мемлекеттері арасындағы экономикалық интеграцияның дамуында айтарлықтай маңызды рөл атқаратын транспорт саласындағы ТМД-ның координациялау органдарының белсенді қызметін атап өту қажет. Солардың қатарында Координациялық транспорттық кеңесі, Теміржол транспорты кеңесі, Мемлекеттік автотранспорттық əкімшілік кеңесі бар. Бұл органдардың қызметінің басым бағыттары өзара келісілген транспорттық саясатты жүргізу болып саналады. Достастықтың шеңберіндегі əлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау үшін ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитеті қызмет жасайды. Осы аталған барлық ТМД органдарының қызметі посткеңестік кеңістіктегі тауарлар мен қызметтердің ортақ нарығын құруда жəне ТМД мемлекеттерінің экономика секторының жұмыс жасауы барысында маңызды рөл атқарады. Сондықтан, ТМД шеңберіндегі мемлекетаралық ынтымақтастықтың ұйымдастырушылық қызметі қалыптасқан деген тұжырым шығаруға негіз бар.

Достастықтың шеңберіндегі экономикалық ынтымақтастықтың дамуында ТМД-ның негізгі атқарушы органы Экономикалық кеңестің маңызы бар. Бұл орган ТМД шеңберінде қабылданған келісімшарттардың, осымен қатар Мемлекет басшыларының кеңесі мен Үкімет басшылары кеңесінің еркін сауда зонасының қалыптасуы жəне оның қызметі жөніндегі шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Экономикалық кеңестің негізгі функциялары ретінде сауда операциялары бойынша өзара есептер мен төлем жүйесін құру жөнінде ұсыныстар беру жəне ТМД мүше-мемлекеттерінің əлемдік шаруашылық жүйесіне енуіне ықпал ету жүктелген. Осымен қатар, ТМД Экономикалық кеңесі экономикалық сипаттағы мəселелер бойынша құжаттардың жобасын жəне ұсыныстарын өңдейді жəне оларды Мемлекет басшыларының кеңесіне талқылауға ұсынады, өзара қызығушылық танытатын экономика саласындағы мəселелер бойынша кеңестер жүргізеді.

Əрине, ТМД үшін қажетті органдарды қарастырған ТМД Жарғысы бұл органдардың тарабынан қабылданатын қажетті нормативті актілердің қабылдауын регламенттеуі тиіс еді. Бірақ, мұл мəселе жеткілікті түрде реттелмеген жəне бұл Достастықтың жұмыс істеуі үрдісінде белгілі бір қиындықтар туғызады.

ТМД Жарғысында актілердің түрі ретінде — 26-шы, 28 жəне 36 баптарында ұсыныстар жөнінде атап көрсетілген. Бірақ, аталған баптардың ешқайсысында актілердің маңызы жəне құқықтық формасына анықтама берілмеген жəне мұның өзі Жарғының құрылтай акт ретіндегі тиімділігін түсіріп отыр. ТМД Жарғысына сəйкес, Мемлекет басшыларының кеңесі жəне Үкімет басшыларының кеңесі шешім қабылдайды, бірақ қандай формада шешім қабылдайтындығы көрсетілмеген. Біздің ойымызша, ТМД-ның аталған органдары өзінің мазмұны жағынан əртүрлі мəселелер бойынша шешім қабылдайтын болғандықтан шешім қабылдау формасының анық болуы маңызды болып саналады [4].

Қорытынды

ТМД-ның құрылтай актілерінде мүше-мемлекеттер экономикалық ынтымақтастықтың негізін, мақсатын, принциптерін жəне ұйымдастырушылық-құқықтық механизмдерін бекіткендігін анықтауға болады. ТМД құру жөніндегі Келісімшарт жəне Алматы Декларациясы экономикалық қатынастардың мақсаттары мен принциптерін қамтыған жəне бұл екі құжат бір-бірін толықтырады. ТМД Жарғысы жоғарыда аталған екі құрылтай құжатта бекітілген мақсаттар мен принциптерді қайталай отырып, оларды айтарлықтай жеткілікті түрде дамытады. Экономикалық ынтымақтастық мəселесі бойынша ТМД Жарғысы кешенді сипатқа ие жəне ынтымақтастықтың белгіленген мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырудың ұйымдастырушылық-құқықтық механизмдерін қарастырады. Сондықтан, аталған мақаланың шеңберінде қарастырылған ТМД-ның құрылтай құжаттары Достастықтың аясындағы экономикалық ынтымақтастықтың қалыптасуы мен дамуының алғышарттарын жасап берді деген тұжырым шығаруға болады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Соглашение о создании Содружества Независимых Государств (г. Минск, 8 декабря 1991 г.) [Электронный ресурс] — Режим доступа: https://cis.minsk.by/page/176.
  2. Протокол к Соглашению о создании Содружества Независимых Государств, подписанному 8 декабря 1991 г. в г. Минске Республикой Беларусь, Российской Федерацией, Украиной. [Электронный ресурс] — Режим доступа: https://online.zakon.kz/document/? doc_id=1006941.
  3. Алма-Атинская Декларация (г. Алма-Ата, 21 декабря 1991 г.). [Электронный ресурс] — Режим доступа: https://cis.minsk.by/page/178.
  4. Устав Содружества Независимых Государств (г. Минск, 22 января 1993 г.). [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://cis.minsk.by/page/180.
  5. Соглашение о транзите электрической энергии и мощности государств-участников Содружества Независимых Государств. [Электронный ресурс] — Режим доступа: https://adilet.zan.kz/rus/docs/P010001214_/links.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.