Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Еуропалық одақтың Орталық Азияға арналған жаңа стратегиясы: нормативті күштен орнықтылыққа ауысу

Жаңа стратегия орнықтылықты, өркендеуді жəне аймақтық ынтымақтастықты ілгерілетуге жаңа мəн береді. Орнықтылық осы стратегияның негізгі хабарламасы ретінде пайда болды. Орнықтылық мемлекеттер мен қоғамдардың реформа жасау қабілеті ретінде қабылданады, сол арқылы ішкі жəне сыртқы дағдарысқа қарсы тұра алады. Орнықтылық жоғарыдан төменге қарай либералды əлемнің институттарын құру дискурсынан төменнен жоғары қарай əлеуетті арттыруды қолдау көзқарасына ауысуды білдіреді. Бұл тұрғыда дайын шешімдерден гөрі тұрақтылық жергілікті ресурстар мен тəжірибені қайта бағыттайды, осылайша ынтымақтастық үшін жаңа негіз қалайды. Мақалада Еуропалық одақтың Орталық Азияға ұсынған жаңа ынтымақтастық үлгісі айтылған. Еуропалық одақтың Орталық Азияға қатысты жаңа стратегиясының қабылдануы ЕО-ның Орталық Азиядағы болмысын арттыруға тырысып жатқандығын көрсетеді. Нормалар мен құндылықтарды қайтадан алға тартумен қатар, ЕО-ның өзінің Орталық Азиядағы негізгі саяси, экономикалық жəне қауіпсіздік мүдделерін нақты шараларды ұсына отырып алға жылжыту ниетін білдіруде. ЕО осы соңғы мақсатқа қол жеткізуде Орталық Азияның демократиялық жəне экономикалық тұрғыдан дамуымен байланыстырады. Бұл демократия, адам құқықтары мен заңдылықты ұзақ мерзімді тұрақтылық пен қауіпсіздікке қол жеткізудің басты құрамдас бөлігі ретінде қарастырады жəне бұл ЕО-ның сыртқы саясатының нормативтік сипаты сабақтастығының дəлелі.

Кіріспе

Бүгінгі таңда Еуропалық одақ біртіндеп біртұтас актор ретінде ортақ сыртқы саясатты жүргізе бастады. ЕО-ның сыртқы саясат стратегиясы жаһандық сипатқа ие жəне бұл стратегияда Азия тұтастай алғанда маңызды орын алады. Бұл тұрғыда ЕО-ның Орталық Азиядағы саясаты айрықша назар аудартады. Еуропалық одақ жақында ғана аймақта белсенділік таныта бастады, содан бері оның мақсаттары мен Орталық Азия мемлекеттерімен ықпалдасу əдістері өзгеріске ұшырады.

ЕО үшін Орталық Азия елдерімен əріптестік қатынастарды дамытудың маңыздылығы келесідей факторлармен айқындалады:

  • аймақтың ЕО елдерінің энергия тасымалдаушылар импорты көлеміндегі елеулі үлесі;
  • Еуропа үшін аймақ елдері өнімді өткізудің жаңа нарықтары ретінде маңызды болып табылады;
  • аймақтың Еуропа мен Азия түйісінде стратегиялық географиялық орналасуы ЕО мен Орталық Азия елдерінің көлік жəне инфрақұрылым саласындағы мүдделерінің тоғысуын негіздейді;
  • ЕО-ның аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мүдделі болуы. Ауған факторы бұл тұрғыда ең маңызды болып табылады. ЕО үшін Орталық Азия елдерін Ауғанстанды тұрақтандыру процесіне белсенді қатыстыру маңызды.

Орталық Азия елдері мен ЕО арасындағы ынтымақтастық өзінің дамуында бірнеше кезеңдерден өтті. Егер 1990 жылдары сауда, энергетика, инвестициялар, демократиялық институттарды дамыту сияқты салаларға басымдық берілсе, 2001 жылдан кейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселелері де айрықша орын ала бастады. Орталық Азия елдері 2003 жылы қабылданған ЕО-ның қауіпсіздік стратегиясында атап өтілген болатын, алайда, тек 2007 жылы қабылданған стратегияда ғана аймаққа қатысты ЕО-ға мүше елдерінің ортақ сыртқы саяси стратегиялық желісі бекітілген болатын. Содан бері Орталық Азия мен Еуропа арасындағы қатынастар айтарлықтай жандана бастады жəне жоғары деңгейдегі кездесулердің қарқыны жоғары болды.

Стратегия энергетика, терроризмге қарсы күрес, шекараны қорғау, білім беру, заңнама мен құқықты дамыту, адам құқықтарын қорғау сияқты салалардағы ынтымақтастықты жалпы аймақтық жəне екіжақты деңгейде дамытуды көздеді. ЕО-мен ынтымақтастық Орталық Азия мемлекеттеріне аймақтық жəне ішкі саяси мəселелерді шешуге көмектесті [1]. Мазмұны бойынша ЕО білім беру, инвестициялар, экология, су проблемалары, қауіп-қатерлермен күрес секілді біздің алдымызда тұрған проблемаларды ескерді деп айтуға болады. Өзін «нормаларды таратушы» актор ретінде қарастыратын Еуропалық одақ демократиялық құндылықтарды ілгерілету ынтымақтастықты дамытудың қажеттi шарты екендігіне баса назар аударады. ЕО-ның батыс саяси мəдениетінің өлшемдеріне негізделген демократиялық құндылықтарды ендіру əрекеттері аймақ елдерінің əлеуметтік-экономикалық дамуының жəне саяси құрылымының, тарихи-мəдени жəне дəстүрлерінің ерекшеліктерін жеткілікті деңгейде түсінбеуімен сипатталады. Брюссель осы аймақ елдерінің саяси өміріне тек белгілі бір ықпал ету деңгейімен қанағаттанып, өзінің нормативтік күшінің шектеулерін мойындауға мəжбүр болды. Сондықтан 2019 жылы ЕО өз стратегиясын қайта жаңартты. Жаңа стратегия орнықтылықты, өркендеуді жəне аймақтық ынтымақтастықты ілгерілетуге жаңа мəн береді. Орнықтылық осы стратегияның негізгі хабарламасы ретінде пайда болды. Орнықтылық мемлекеттер мен қоғамдардың реформа жасау қабілеті ретінде қабылданады, сол арқылы ішкі жəне сыртқы дағдарысқа қарсы тұра алады. Орнықтылық жоғарыдан төменге қарай либералды əлемнің институттарын құру дискурсынан төменнен жоғары қарай əлеуетті арттыруды қолдау көзқарасына ауысуды білдіреді [2]. Бұл тұрғыда дайын шешімдерден гөрі тұрақтылық жергілікті ресурстар мен тəжірибені қайта бағыттайды, осылайша ынтымақтастық үшін жаңа негіз қалайды. Мақалада Еуропалық одақтың Орталық Азияға ұсынған жаңа ынтымақтастық үлгісі таныстырылған жəне оның қабылдануымен еуропалық саясаткерлердің көзқарасы қалай өзгеретіндігі жəне ЕО-ның аймақтағы əрекеттері Ресей мен Қытайдың ұстанымдарымен қалай байланысты болатындығына сараптама жасалған.

Əдістеме

Зерттеудің теориялық негізін халықаралық қатынастар теориясының неолиберализм парадигмасы құрайды. Неолиберализм парадигмасы Еуропалық одақтың құндылықтарға бағытталған көзқарасты дамытуға қатысты талпынысын түсіндіруге мүмкіндік береді. ЕО мен Орталық Азия елдерінің арасындағы қарым-қатынастардың мəні мен рөлін, даму қарқынын жан-жақты қарастыруға мүмкіндік туғызған аналитикалық тəсілді кеңінен пайдаланылды. Деңгейлік-секторлық тəсіл ЕО-ның Орталық Азияға арналған стратегиясында көрсетілген ықпалдастықтың əртүрлі салалардағы дамуын жəне ерекшелігін кешенді түрде зерттеуге, сондай-ақ, жаңа үрдістерді айқындауға мүмкіндік берді. Факторлық талдау əдісі Еуропалық одақтың, Еуропа елдерінің, аймақтағы аймақтық жəне жаһандық акторлардың сыртқы саясатын зерттеу үшін қолданылды. Авторлар өз жұмысында жалпы ғылыми жəне саяси талдау əдістерін, атап айтқанда, ЕО-ның ресми құжаттарын, еуропалық саяси қайраткерлердің сөйлеген сөздері мен мəлімдемелерін зерделеу үшін сапалы контент-талдау əдістерін қолданды.

Пікірсарап

Еуропалық одақтың сыртқы саясатына арналған академиялық зерттеулерде Еуропалық одақ пен оның саясаты «нормативті күш», яғни əскери құралдарға емес, ең алдымен құндылыққа сүйенетін актор ретінде қарастырылады. Осы тұжырымдаманың негізін қалаушы И.Маннерстің айтуынша, Еуропалық одақтың нормативтік күші идеялар мен пікірлердің көмегімен құрылады жəне халықаралық қатынастардың басқа қатысушыларының көзқарасында «норма» туралы идеяларды қалыптастыруға қабілетті [3]. И.Маннерс ЕО-ның бүгінде неге осындай күшке айналғанын бірнеше себептермен түсіндіреді. Бірінші себеп ретінде ЕО-ның ерекше тарихи тəжірибесін атайды, атап айтқанда мемлекеттер арасындағы өткен ғасырлардағы соғыстар мен негізінен Еуропа аумағында өрбіген дүниежүзілік соғыстар мұрасы. Екіншіден, бұл ЕО-ның саяси құрылымының ерекше аралас сипаты, яғни одақ органдарының сыртқы саясат саласында өкілеттіктерді шектейтін мемлекетаралық жəне ұлтүсті қатынастар жүйесі. Дəстүрлі құралдарды пайдаланудағы шектеулер Брюссельді ықпал етудің баламалы құралдарын іздеуге итермеледі. Үшінші себеп ретінде И. Маннерс Еуропалық одақтың саяси-құқықтық табиғатын, яғни барлық негіз құраушы құжаттарда бекітілген нормаларды атайды. Осы шарттардың ерекше сипатына байланысты ЕО мəнін «жоғарыдан» тұжырымдау қажеттігі туындағандықтан, ортақ құндылықтар барлық мүше-мемлекеттерде шоғырланды: ЕО өзгелерге үлгі болу арқылы өзінің нормативтік күшін нығайтуда [4].

Нормативтік күш тұжырымдамасын енгізу кезеңі еуропалық интеграцияның белсенді дамуымен жəне халықаралық жүйенің тұрақтылықтылығымен байланысты еді. 2000 жылдардың басында ол азаматтық (жұмсақ) күш тұжырымдамасын толықтыра отырып, жүзеге асырылды.

2016 жылғы Жаһандық стратегиясында ЕО орнықтылық тұжырымдамасын ұсынады, онда актордың «жұмсақ» күші ынталандырушы жəне кеңес беруші рөлінде жүзеге асырылу қарастырылған [5]. Еуропалық одақтың Жаһандық стратегиясына сəйкес орнықтылықтың артуы қоғамның тұрақтылығына жəне бейімділігіне ықпал етеді. Стратегия шынымен де орнықтылықты демократиямен байланыстырады: «орнықты қоғамның негізі орнықты мемлекеттің құрамдас бөлігі болып табылатын демократиямен, институттарға деген сеніммен жəне тұрақты дамумен байланысты» [6]. Орнықтылықтың трансформациялық үдеріс ретінде либералды стратегиямен тығыз байланысты екендігі анық. Осылайша, бұл ЕО-ның құқықтық тəртіп пен заңдылыққа негізделген тиімді басқаруды, демократияландыруды, модернизациялауды, еркін нарықты жəне т.б. сол сияқты жалпыға ортақ либералды құндылықтар туралы дискурсты жалғастыруда [7]. Сонымен қатар орнықтылық жаңа парадигма ретінде халықаралық қатынастарға анағұрлым прагматикалық көзқараспен қарауды көздейді. Еуропалық одақ құрылымдарының орнықтылық риторикасына жүгінуінің негізгі себептерінің бірі болып Еуропаның өз дəстүрлі құндылықтары аясындағы нормативті-сыртқы саяси платформасы жəне қазіргі кездегі қауіп-қатерлер сипатының өзгеруіне байланысты маңыздылығы артып келе жатқан күш көрсету ресурстары мен геосаяси факторлар арасындағы теңгерілімді сақтау қажеттілігі атап көрсетіледі. ЕО-ның Жаһандық стратегиясына сəйкес, бұл тек «жан-жақты ілгерілеуді» ғана емес, сонымен қатар еуропалық құндылықтар мен институттарды қорғауды болжайтын «принципиалды прагматизм» ұстанымын білдіреді [8]. Теориялық тұрғыдан алғанда, принципиалды прагматизм — жалпыадамзаттық құндылықтарды ескере отырып, прагматикалық көзқарасты ұстануды білдіреді. Бұндай прагматизм халықаралық қатынастар теориясы түсінігіндегі реализм немесе неореализм теорияларынан шығатын стратегия емес екенін ескеру маңызды. Бұл жалпыадамзаттық құндылықтарға қол жеткізуде реализм компонентін қосуды, басқаша айтқанда, «либералды идеялардың утопиялық құрауышынан бас тартуды немесе «еуропалық realpolitik» саясатын жүргізуді білдіреді [9]. Мұндай принципиалды прагматизм нормалар мəселесін күштер мен мүдделер алға жылжыған кезде ғана қозғауға болатындығын мойындайды [9].

Жалпы алғанда, орнықтылық пен нормативтік күштің арасындағы айырмашылық аталған интеграциялық бірлестіктің əріптес елдерге өз құндылықтарын шынайылылықты ескере отырып, таратуымен айқындалады. Орнықтылық ЕО құндылықтарды кез келген тəсілмен тарату жəне практикалық ынтымақтастықты дамыту бойынша мүше-мемлекеттері арасында орын алған қарама- қайшылықты еңсеруге мүмкіндік берді [10]. Кейбір сарапшылардың пікірінше, ЕО-ның орнықтылық стратегиясы арқылы мақсатты түрде серіктестердің трансформациясын өзге жолмен ынталандыруда [11].

Сонымен, либералды нормативтік күштің идеялары жəне мақсаты оның жаңа көзқарасында толығымен сақталған деуге болады. Жаңа көзқарастың ең маңызды айырмашылығы құндылықтарды тарату əдістерінде жатыр. Осыған байланысты кем дегенде үш аспектіге назар аудару қажет. Біріншіден, осы үдерістің нəтижесі үшін бар жауапкершілікті, оның ішінде өзгерістер ауыртпалығын, сəтсіздіктерді серіктес елдердің өздеріне жүктейді. ЕО өзгерістер бағыты мен ілгерілеушілік жылдамдығына баға береді, яғни тəлімгер əрі əріптес рөлін ғана ойнайды. Екіншіден, ЕО-ның орнықтылықты ынталандыру үдерісі технократиялық сипатқа ие. Бұл ЕО мен басқа халықаралық ұйымдар арасындағы үйлесімді қатынасты күшейтуге бағытталған. Үшіншіден, орнықтылық тұжырымдамасы төменнен жоғары қарай көзқарасты, яғни ынтымақтастықтың негіз құраушы бөлшегі ретінде азаматтық қоғамды қарастырады. Егер бұрын басты назар үкіметаралық диалогқа бөлінсе, енді ЕО құжаттарында мемлекеттермен, қоғамдық институттармен өзара əрекеттестікке бірдей назар аударыла бастады. Шын мəнінде Брюссель серіктес елдердің үкіметтерін демократияландыруға, жауапкершілікке халықаралық диалог арқылы ғана емес, сонымен қатар өз үкіметтерін тəртіпке келтіре алатын неолибералды азаматтарды қолдау арқылы шақыруға тырысуда [12].

2019 жылы Орталық Азияға арналған ЕО-ның жаңа стратегия бұған дəлел бола алады. Бір қарағанда, Еуропалық одақтың Орталық Азияға қатысты жаңа стратегиялық көзқарасы 2007 жылғы cтратегиядан айтарлықтай ерекшеленбейтін сияқты көрінуі мүмкін, алайда ЕО-ның қазіргі мүдделері тұрғысынан неғұрлым мұқият талдау айырмашылықтардың маңызды екенін көрсетеді. Бұл құжат ЕО-ның Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасты жаңа деңгейге шығару ниетін көрсетеді [13].

Стратегия жан-жақты ынтымақтастықты көздейді. Аймақтағы əрбір елдің даму ерекшелігін ескере отырып, ЕО тұрақтылық, өркендеу жəне ынтымақтастықты дамыту мақсатында Орталық Азия елдерімен екі жəне көпжақты ынтымақтастықты тереңдетуге ұмтылады. Сонымен қатар, ЕО Ауғанстандағы бейбітшілікке жəрдемдесу мақсатында Орталық Азия серіктестерімен ынтымақтастықты жандандыруға ұмтылады.

Жаңа стратегияда аймақтың орнықты жəне өзара байланысты экономикалық жəне саяси кеңістік ретінде дербес дамуына бағытталған ынтымақтастықтың мынадай бағыттары көзделген:

 Орнықтылық үшін серіктестік

 Өркендеу жолындағы серіктестік

 Бірлескен жұмысты жақсарту

Стратегияда ауқымды көлемге қарамастан, осы үш бағыт бойынша ынтымақтастықтың нақты нысандары белгіленген.

Орнықтылық үшін серіктестік аясында ЕО Орталық Азия елдерімен бірге əлеуметтік- экономикалық жəне қауіпсіздік проблемаларын шешуде ынтымақтасу жəне аймақ елдерінің реформалар жүргізу қабілеттілігін арттыру көзделген. Бұл ретте ЕО демократияны, адам құқықтары мен құқық үстемдігін ілгерілетуге жəрдемдесетін болады, климат жөніндегі Париж міндеттемелерін орындау жəне аймақтағы экологиялық проблемаларды шешу жөніндегі ынтымақтастықты жандандыратын болады.

Жеке тармақ шекаралық бақылау, көші-қон жəне ұтқырлық саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ қауіпсіздік саласындағы жалпы проблемаларды шешуге арналған. Реформа мен басқаруды, аралас қауіптерді жəне су мен қауіпсіздік арасындағы байланысты қоса алғанда қауіпсіздік саласының күн тəртібінде тұрған мəселелер бойынша практикалық ынтымақтастықты нығайту мақсатында ЕО қауіпсіздік жəне терроризмге қарсы күрес жөніндегі сарапшы лауазымын құрды [14].

Аймақтық қауіпсіздік мəселелерінің ішінде Ауғанстаннан есірткі трафигінің өсуіне қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты жалғастыру көзделді. ЕО киберқауіпсіздік жəне гибридті қауіптермен күрес саласында жинаған тəжірибесімен, білімімен бөлісуге дайын.

Стратегия Орталық Азиядағы трансұлттық қатерлердің алдын алу жəне оған қарсы тұру үшін ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық пен өзара əрекеттесуді жандандыруды көздейді.

Өркендеу жолындағы серіктестік төзімді жəне ашық инвестициялық ахуал мен бəсекеге қабілетті жеке секторға ықпал етеді. Мұнда жастарға баса назарын аудара отырып, біліктілікті арттыру, зерттеу жəне инновация саласындағы серіктестіктерді нығайту айқындалған. Құжатта ЕО Орталық Азия елдерінде реформалар мен экономикалық жаңғырту үдерісін жалғастыруға мүдделі жетекші донор жəне серіктес, жоғары сапалы инвестициялар мен заманауи технологиялар көзі ретінде қарастырылуы мүмкін екендігі атап көрсетілген.

ЕО Орталық Азия экономикалық дамудың жəне экономиканы əртараптандырудың жаңа үлгілеріне мұқтаж екеніне сенімді. Атап айтқанда, жеке секторды дамыту, инвестициялық ахуалды жақсарту, теңсіздікті азайту жəне жасыл жəне қалдықсыз экономикаға көшуді жеделдету басымдықтар ретінде көрсетілген. Осыған байланысты стратегияда бірқатар нақты бастамалар да бар. Осылайша, еуропалық комиссия аймақ елдерінде еуропалық сауда палаталарын құруға үлес қоса отырып, Орталық Азиядағы шағын жəне орта бизнеске көмек көрсетуді жоспарлап отыр.

Орталық Азия елдері арасындағы аймақтық ынтымақтастықты дамыту — ЕО жаңа стратегиясының тағы бір мақсаты болып табылады. Аймақішілік жəне аймақаралық сауда мен инвестицияларды дамыту бөлімінде ЕО аймақ елдері арасындағы аймақтық ынтымақтастықты кеңейтуге жəне олардың əлемдік сауда жүйесіне интеграциялануына ықпалдасатындығын көрсетті. Еуропалық одақ Орталық Азия аймағы елдерінің ықпалдастығы бəсекелестіктен гөрі белгілі бір ережелерге негізделген ынтымақтастықтың туындауына өз мүдделілігін білдіруде. Брюссель аймақ елдері осындай ынтымақтастықтың нысандарын өздері таңдайтынын жəне ЕО өзінің тəжірибесіне сүйене отырып, тек бұл үдерістерге қолдау көрсететіндігін атап өтті.

Осы бағыттың бір тармағы — тұрақты байланысты ілгерілету (тұрақты байланысқа жəрдемдесу). Осы саладағы нақты бастамаларға келсек, олардың ішінде энергетика саласындағы екіжақты диалогтарды күшейту, жаңартылатын энергия көздері саласына инвестицияларды тарту атап көрсетілген. Еуропалық бизнес аймақтағы сауда қатынастарын жаңа деңгейге шығару жолында ЕО мен Орталық Азия арасындағы көлік дəліздерінің дамуын ілгерілетуді көздеп отыр. Еуропа үшін Орталық Азияның транзиттік əлеуеті аса маңызды, өйткені болашақта ол оны ірі сауда серіктесі Қытаймен байланыстыра алады. Ал Орталық Азия елдерінің өздері əлемдік нарыққа шығуын жеңілдететін кез келген жаңа жобаларды ынта-жігермен қабылдауға дайын.

Орталық Азия елдерімен бірлескен жұмысты жетілдіру серіктестік архитектурасын нығайтуды, саяси диалогты күшейтуді жəне азаматтық қоғамның қатысуы үшін кеңістікті ашуды қамтиды. Бұл ретте ЕО аймақ пен оның азаматтары үшін серіктестіктің артықшылықтарын көрсету үшін «қоғамдық дипломатияны» күшейтеді. Басқаша айтқанда, еуропалықтар Орталық Азия елдерінде ақпараттық науқанды күшейтеді. ЕО мұндай жұмысты əлеуметтік желілер жəне басқа «жаңа коммуникациялық технологиялар» арқылы жүзеге асыруға ниетті.

Сонымен ЕО аймақтағы өзінің мүмкіндіктерін қайта бағалауда. ЕО-ның аймаққа қатысты стратегиясы Қытай мен Ресейдің көзқарасымен тоғысуда. Бірақ бұл проблемаларды еңсеруге болады. Бұл тұрғыда болса, ЕО «еуропалық стандарттармен» келістірілген, ережеге негізделген жəне басқа акторлармен өзара əрекеттесуді күшейтетін аймақтық ынтымақтастықтың түрін алға тартуда. ЕО аймақтағы бəсекелестікте өзінің басты артықшылығы саналатын жұмсақ күш құралдарын қолдануға үміттенеді.

Еуропалық одақтың өкілдері ЕО-ның аймақтағы қызметі саяси жəне геосаяси мақсаттармен айқындалмайтындығын, бəсекелесуші актор болғысы келмейтіндігін, керісінше, аймақ үшін сенімді жəне адал серіктес болуға ниетті екендігін атап өтеді [15]. ЕО барлық мүдделі мемлекеттермен, оның ішінде Қытай мен Ресеймен, аймақ мемлекеттерінің меншігі мен егемендігін құрметтей отырып, ынтымақтастық пен бірлескен іс-қимылдарға шақыруда.

Еуропалықтар өздерінің Орталық Азиядағы мүмкіндіктерінің шектеулі екендігін мойындағанымен, бұл аймақтағы неғұрлым белсенді еуропалық саясат Ресей, Қытай жəне АҚШ сияқты аймақтағы негізгі акторлардың арасындағы қатынастарға айтарлықтай геосаяси өзгерістер əкеледі.

Америка Құрама Штаттары, бір жағынан, Еуропамен бəсекелестікке түсе алады, ал екінші жағынан, энергетика саласындағы еуропалық саясатты қолдай отырып, Ресейдің ұстанымдарын əлсіретуі мүмкін жəне Еуропада американдық жеткізушілер үшін жаңа жол ашады.

Орталық Азиядағы саясаттың негізгі бағыттарын айқындап қойған жəне экономикалық ықпалдастығын күшейткен Қытай үшін аймақтағы Еуропа секілді тағы бір актордың белсенділгі үлкен қауіп төндірмейді, керісінше, еуропалықтардың аймақтық қауіпсіздікті нығайту жəне инфрақұрылым мен көлік жолдарын дамыту ниеттері Бейжіңнің сыртқы саяси мақсаттарына сай келеді.

Ресейлік сарапшылардың пікірінше, Орталық Азиядағы Еуропалық саясат Ресейдің энергетикалық нарықтардағы ұстанымдарын əлсіретіп қана қоймай, сонымен бірге Мəскеудің аймақтағы саяси жəне идеологиялық ықпалын біртіндеп əлсіретуі мүмкін. Ресей Орталық Азиядағы маңызды ойыншы болғанымен, ЕО-ның аймақтағы саясаты қазіргі таңда Қытай саясатымен үйлеседі [16].

Орталық Азия елдері мен ЕО арасындағы ынтымақтастықты одан əрі дамыту үшін кедергі болатын факторларды атап өткен жөн:

  • ЕО пен оның құрылымдарының Орталық Азиядағы түрлі жобалар бойынша шешімдерінің баяу қабылдануы. Сондықтан ЕО-ның Орталық Азия елдеріндегі қазіргі проблемаларға қатысты баяу əрекеті жəне оның аймақтағы қатысуының «байқалмауы»;
  • құрамындағы акторлардың əр түрлілігі ЕО-ның əлсіздігі əрі қуатына жатқызуға болады. Олар жаңа бастамаларды біртұтас актор ретінде алға жылжыта алады. Сонымен қатар, құрамындағы мемлекеттер əртүрлі салаларға жауапты. Бұл оған қосымша туындатуымен бірге маневр жасауға мүмкіндік бар;
  • Еуропалық одақ пен Еуропа елдерінің аймақтағы басқа акторлардан артта қалуы. Демек, еуропалық саясат Ресей, Қытай жəне АҚШ сияқты елдердің икемді саясатымен салыстырғанда əлсіз.

ЕО белсенді түрде əрекет жасау саясатына көшуі керек. Енді бұл шаралар əрдайым нақты жағдайларға ғана бейімделмей, стратегиялық сипатта болуы керек. Сарапшылар Еуропалық одақтың əлемнің басқа жетекші акторлары АҚШ жəне Қытаймен бірге сауда жасау үшін трансқұрлықтық көлік маршруттарын жетілдіру бойынша бірлесіп жұмыс жасауы қажеттігіне назар аударады. Жаңа трансқұрлықтық жолдар ынтымақтастық пен байланыстарға жаңа серпін беруі керек. Бұған Батыс Еуропа — Батыс Қытай көлік дəлізі жақсы мысал бола алады.

Орталық Азия мен Еуропалық одақ елдері өзара қарым-қатынаста мəдениет пен білім саласында нығайта түсетінін ұмытпаған жөн. Еуропалық одақтың Орталық Азиядағы білім беру бастамалары Қазақстанды Болон процесінің нормаларына жақындату үшін сəтті жұмыс істейтін бағдарламалар (TEMPUS, Erasmus жəне т.б.) шеңберінен шығуы керек. Еуропалық комиссия білім беру мен ғылыми зерттеулер саласындағы кең ауқымды ынтымақтастықты дамытуға тек стипендиялар мен жеке гранттарды ұсынумен шектелмей, еуропалық университеттердің қатысуын жеңілдете алады.

Екі тарап та Ауғанстанның болашақ дамуына жоғары қызығушылық танытуда. Сондықтан ЕО пен Орталық Азия арасындағы кездесулердің жəне аймақтық диалог бағдарламаларының тиісті форматтарына Ауғанстанды тарту, аймақтық жобаларды қолдау басымдықтардың бірі болып табылады. Осы бағытта BOMCA жəне CADAP бағдарламалары аясындағы ынтымақтастық кеңейеді деп күтілуде.

ЕО-мен ынтымақтастықты одан əрі дамыту мақсатында келесідей ұсыныстар жасауға болады:

  • қазақстандық институционалдық-құқықтық базаны, энергетикалық саланың нормативтік- құқықтық секторын, адам құқықтарын қорғаудың құқықтық тетіктерін жетілдіруде еуропалық тəжірибені пайдалану қажет;
  • киберқауіпсіздік саласында еуропалық елдермен ынтымақтастықты жандандыру, қауіпсіз сумен қамтамасыз ету бойынша «ЕО-ның су бастамасы» шеңберіндегі диалогты жалғастыру қажет;
  • ЕО өзінің стратегиясын басқа халықаралық акторлармен, атап айтқанда, НАТО жəне ЕҚЫҰ- мен тығыз үйлестіре алады.

Қорытынды

Еуропалық одақ өзін Орталық Азияның тұрақты, нормаларды құрметтейтін жəне өзара байланысқан аймаққа айналуына мүдделі болып отырған сенімді серіктес ретінде көрсеткісі келеді. ЕО-ның жаңа стратегиясы «Орталық Азиямен мықты, заманауи жəне жан-жақты серіктестік» құруға бағытталған. Жаңа стратегиядағы «орнықтылық», негізінен, дəстүрлі түрде қалыптасқан демократияны, адам құқықтарын, заңның үстемдігін жəне тиімді басқаруды дамытуға арналған қағидаттарға басымдық берілген.

Еуропалық одақтың Орталық Азияға қатысты жаңа стратегиясының қабылдануы ЕО-ның Орталық Азиядағы болмысын арттыруға тырысып жатқандығын көрсетеді. Нормалар мен құндылықтарды қайтадан алға тартумен қатар, ЕО-ның өзінің Орталық Азиядағы негізгі саяси, экономикалық жəне қауіпсіздік мүдделерін нақты шараларды ұсына отырып алға жылжыту ниетін білдіруде.

ЕО-ның Орталық Азияға арналған стратегиясында қауіпсіздік пен тұрақтылыққа басымдық берілген. ЕО осы соңғы мақсатқа қол жеткізуде Орталық Азияның демократиялық жəне экономикалық тұрғыдан дамуымен байланыстырады. Бұл демократия, адам құқықтары мен заңдылықты ұзақ мерзімді тұрақтылық пен қауіпсіздікке қол жеткізудің басты құрамдас бөлігі ретінде қарастырады жəне бұл ЕО-ның сыртқы саясатының нормативтік сипаты сабақтастығының дəлелі. Демек, ЕО білім беру мен жастарды қолдау саясатына инвестиция салу, аймақтық ынтымақтастық жəне экономикалық модернизация сияқты салаларда өзінің жағымды жақтарын нығайтатын болады деген сөз.

Қазақстан Еуропалық одақтың аймаққа деген қызығушылығының артуын ескере отырып, өзінің қуатты əріптесіне бағытталған ықпал етудің түрлі құралдары мен əдістерін пайдалануы тиіс. Еуропа елдерінде адам құқықтары мен негізгі бостандықтарды сақтау жəне қорғау бойынша айтарлықтай тəжірибе жинақталған. ЕО-мен ынтымақтастықты тереңдете отырып, Қазақстан адам құқықтарын қорғаудың құқықтық тетіктерінің үлгілерін зерттей алады, оларды өзінің құқықтық ортасына енгізе алады. Еуропа елдерімен технологиялық ынтымақтастықты жандандыру мақсатында Қазақстан көлік коммуникациялары, энергетика, қоршаған ортаны қорғау жəне денсаулық сақтау салаларында, сондай-ақ шағын жəне орта бизнесті дамыту мəселелерінде еуропалық озық технологияларды пайдалануда ынтымақтастық мəселелерін талқылауға бастамашылық ете алады. Қазақстан мен Орталық Азияның басқа да елдері үшін жаңартылатын энергия көздерінің еуропалық тəжірибесін зерделеу маңызды.

 

Пайдаланған əдебиеттер

  1. The EU and Central Asia: Strategy for New Partnership. Council of the European Union, Brussels, 31 May 2007. Retrieved from https://eeas.europa.eu/sites/eeas/files/st_10113_2007_init_en.pdf.
  2. Chandler D. International statebuilding and the ideology of resilience // Politics. — 2013. — 33 (4). — P. 276–286.
  3. Manners, I. The Normative Ethics of the European Union / I. Manners // International Affairs. — 2008. № 84 (1). — P. 45.
  4. Manners, I. Normative Power Europe: A Response to Thomas Diez / I. Manners // Millenium — Journal of International Studies. — 2006. № 35. — P. 178.
  5. Jonathan J. Varieties of Resilience: Studies in Governmentality. Cambridge: Cambridge University Press, 2018. — P. 135.
  6. Schmidt J. Intuitively neoliberal? Towards a critical understanding of resilience governance // European journal of international relations. — 2015. — 21 (2). — P. 416.
  7. Joseph J. Governing through Failure and Denial: The New Resilience Agenda // Millenium. Journal of International Studies. 2016. Vol. 44. No. 3. P. 370–390.
  8. A Global Strategy for the European Union’s Foreign And Security Policy. Shared Vision, Common Action: A Stronger Europe. June, 2016. Retrieved from https://eeas.europa.eu/archives/docs/ top_stories/pdf/eugs _ review_web.pdf.
  9. Biscop S. The EU global strategy: realpolitik with European characteristics // Security policy brief. — 2016. — no. 75, June. Brussels: Egmont — The Royal Institute for International Relations. — P.1–2.
  10. Snyder J., Vinjamuri L. Principled pragmatism and the logic of consequences // International Theory. 2012. Vol. 4. No. 3. P. 438.
  11. Павлова E. Нормативная сила: теория и современная практика России и ЕС / Е. Павлова, Т. Романова // Полис. — 2017. — № 1. — C. 162–176.
  12. Juncos A.E. Resilience as the new EU foreign policy paradigm: a pragmatist turn? // European Security. 2016. Vol. 26. No. 1. P. 13.
  13. Joseph J. Resilience as embedded neoliberalism: a governmentality approach // Resilience. 2013. Vol.1.No. 1. P. 47.
  14. Joint Communication to the European Parliament and the Council the EU and Central Asia: New Opportunities for a Stronger Partnership. Brussels, 15.5.2019 Join (2019) 9 final. Retrieved from https://eeas.europa.eu/sites/eeas/files/joint_communication_- _the_eu_and_central_asia_-_new_opportunities_for_a_stronger_partnership.pdf.
  15. ЕС собирается усилить свое присутствие в ЦА, чтобы содействовать борьбе с вызовами, которые стоят перед регионом [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://kursiv.kz/news/politika/2019–12/es-sobiraetsya-usilit-svoe-prisutstvie-v- centralnoy-azii.
  16. Сидоров И. Стратегия ЕС в Центральной Азии — 2019: цели, задачи и перспективы / И. Сидоров. [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://vpoanalytics.com/2017/07/26/strategiya-es-v-tsentralnoj-azii-2019-tseli-zadachi-i-perspektivy/.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.