Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Отандық зерттеушілердің еңбектеріндегі Батыс Қазақстанның ғұрыптық ескерткіштері

Мақала Отандық ғалымдардың еңбектеріндегі Арал-Каспий өңіріндегі тарихи-мəдени, ғұрыптық орындардың зерттелуіне арналған. Батыс Қазақстан, Маңғыстау түбегі мен Үстірт жазығын, Солтүстік Арал маңы мен Каспий маңын қамтитын Арал-Каспий өңірі Еуразия даласы халықтарының этно-мəдени орталығы. Батыс Қазақстанның сəулет ескерткіштері ежелгі кезеңнен- ақ саяхатшылар мен зерттеушілердің назарын аударып келеді. Арал-Каспий аумағында болған ортағасырлық зерттеушілердің еңбектерінде осы аумақтағы ғұрыптық ескерткіштерге ерекше назар аударылған. XVIII ғасырдың басында Ресей империясы мен Батыс Еуропа зерттеушілері еңбектерінде аталмыш аймақтың тарихи-мəдени ескерткіштері маңызды орынға ие бола бастады. Олардың қатарында П.И. Рычков, П.С. Паллас, И.П. Фальк, С.Г. Гмелин, Н.П. Рычков сынды зерттеушілерді атап айтуға болады. ХХ ғ. 40–50 жж. аталған аумақтың мемориалдық жəне ғұрыптық ескерткіштерін зерттеумен қазақтың белгілі ғалымдары айналыса бастады. Қазақтың белгілі сəулетшілері Т.Қ. Бəсенов жəне М.М. Меңдіқұлов Батыс Қазақстан аумағындағы Ұшқын ата, Сисем ата, Шопан ата, Масат ата сынды ғұрыптық ескерткіштерді зерттеумен айналысты. Ескерткіштанушы, ғалым С.Е. Əжіғалидің негізгі ғылыми еңбектері Арал-Каспий маңы өңірінің, Батыс Қазақстан облысының дəстүрі мен мəдениетін, этнографиясы мен архитектуралық ескерткіштерін зерттеуге арналды. Мақалада осы аталған ғалымдардың негізгі зерттеу жұмыстары, Арал-Каспий өңірінің ғұрыптық орындарын зерттеуге қосқан үлестері, ғылыми жаңалықтары атап көрсетілген.

Кіріспе

Батыс Қазақстан территориясы ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан ежелгі материалдық жəне рухани мəдениеттер тоғысқан мекен. Онда қазақ халқының бай əрі тарихы терең ескерткіштері пайда болған. Бұл жерді тарихи-мəдени жəне көне өркениеттер ошағы десек те болады. Бұл аумақтың тарихы мен мəдениетін зерттеу оның көне тарихтан сыр шертетін тарихи- мəдени ескерткіштерін зерделеусіз мүмкін емес.

Батыс Қазақстанның географиялық шекарасы Каспий маңы ойпатының солтүстік жəне солтүстік-шығыс бөлігін, Оралдың далалық зонасы, Жем алқабы, Үстірттің батыс жартысы жəне Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының бөлігі болып табылатын Маңғыстау түбегін қамтиды [1; 6].

Батыс Қазақстанның сəулет ескерткіштері ежелгі кезеңнен-ақ саяхатшылар мен зерттеушілердің назарын аударып келеді. Алтын Ордада ислам дінінің қабылдануы мен орнығуы кезеңінде Батыс Қазақстанда жəне оған іргелес облыстарда мемориалдық жəне діни құрылыстың айтарлықтай өсуі байқалады. Арал-Каспий аумағында болған ортағасырлық зерттеушілердің еңбектерінде осы аумақтағы ғұрыптық ескерткіштерге: мешіттер, мавзолейлер, сағанатамдар, сандықтастар, құлпытастарға, т.б. ерекше назар аударылған. Оған дəлел ретінде, 922 жылы Үстірт аумағында болған араб дипломаты Ахмед ибн Фадланды атауға болады. Ол оғыздарды жерлеу рəсімін сипаттап, кесенелер сияқты құрылыстар туралы айтады [2].

Қазақстанның Арал-Каспий аймағының кең территориясын зерттеуге деген қызығушылық Ресей империясы мен Батыс Еуропа зерттеушілері тарапынан XVIII ғасырдың басында едəуір күшейді. Батыс Қазақстандағы ежелгі ескерткіштерді ғылыми есепке алудың басталуы XVIII ғасырдың II-ші жартысына жатады. Жəне ол іс жүзінде қазақ даласын зерттеумен айналысқан орыс зерттеушілерінің еңбектерінде баяндалған. П.И. Рычков, П.С. Паллас, И.П. Фальк, С.Г. Гмелин,

*Хат-хабарларға арналған автор. E-mail: kalyshamanzol@gmail.com, (А.Б. Қалыш) Н.П. Рычков сынды зерттеушілер осы кезеңде Батыс Қазақстан территориясын зерттеуге үлкен үлес қосты [3; 15].

Батыс Қазақстан ескерткіштері туралы құнды мəліметтер кешені А.С. Левшиннің «Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей...» атты еңбегінде келтірілген. Ол Арал- Каспий аймағының солтүстігінде орналасқан нақты құрылымдар туралы мəліметтер береді [4; 25–33]. Белгілі отандық этнограф Х.Арғынбаев ХХ ғасырдың 60–70 жылдардың аяғында Маңғыстауда жəне оған іргелес аумақтарда экспедициялық зерттеулер жүргізді. 1987 жылы жарық көрген «Қазақ халқының қолөнері» кітабында батыс қазақтарының тас өңдеу өнеріне байланысты «Тас өңдеу» атты арнайы бөлімін арнады [5; 105–120].

Батыс Қазақстанда археологиялық-этнографиялық зерттеудің басталуы 1926 жылы Руденконың басшылығымен жүргізілген КСРО Ғылым академиясының Қазақстан экспедициясының антропологиялық отрядының зерттеу жұмысы болды [3;18, 19].

ХХ ғасырдың 40–50 жж. аталған аумақтың мемориалдық жəне ғұрыптық ескерткіштерін зерттеумен қазақтың белгілі сəулетшілері Т.Қ. Бəсенов жəне М.М. Меңдіқұлов айналысты. Маңғыстау мен Үстірт ескерткіштері туралы деректер М.М. Меңдіқұловтың еңбектерінде көрсетілген. Ол алғашқылардың бірі болып Батыс Қазақстан аумағындағы Ұшқын ата, Сейсен ата, Шопан ата, Масат ата сынды ғұрыптық ескерткіштерді зерттеумен айналысты. 1956 жылы М. Меңдіқұловтың «Памятники архитектуры полуострова Мангышлака и Западного Устюрта» атты кітабы жарық көрді. Жоғарыда аталған ғұрыптық ескерткіштер туралы толыққанды ақпарат осы еңбекте сипатталды. Оған қосымша, Иманбай, Айтман, Сенеке сынды мавзолейлер туралы деректер де келтірілген [6; 22–29].

Тақырыпты зерттеу барысында Арал-Каспий өңірін зерттеумен айналысқан шетелдік жəне отандық ғалымдардың ғылыми еңбектері басшылыққа алынды. Олардың ой тұжырымдары мен пікірлері бағыт-бағдарлық, теориялық жəне методологиялық негіз ретінде қолданылып, қажетті тұстарда кеңінен пайдаланылды. Тақырыптың нəтижесіне жету үшін жалпы ғылыми жинақтау, жүйелеу, салыстырмалы талдау сияқты əдістер кеңінен қолданылды. Аталған əдістер қарастырылып отырған тақырыпты толыққанды ашуға мол мүмкіндіктер береді.

Негізгі бөлім

М.М. Меңдіқұлов зерттеулеріндегі Арал-Каспий
маңындағы ғұрыптық ескерткіштер

1987 жылы М.М. Меңдіқұловтың Арал-Каспий маңы ескерткіштерін зерттеуі негізінде «Памятники народного зодчества Западного Казахстана» атты кітабы жарық көрді. Ол ХХ ғ. 50–70 жылдары жиналған экспедициялық материалдар, сонымен қатар жалпы Қазақстан аумағында жəне көршілес облыстарда сəулет өнерінің дамуын ұзақ мерзімді зерттеу негізінде жазылған. Автор Батыс Қазақстан сəулетін Арал-Каспий далаларының халықтық сəулет өнерінің ұзақ даму жолының көрінісі ретінде қарастырған. Кітапта тұңғыш рет Батыс Қазақстан жерасты мешіттері, сондай-ақ олардың айналасында пайда болған қорымдар туралы материалдар жарияланды. Бұл аймақтағы күмбезді жəне күмбезсіз кесенелер мен басқа да əр түрлі қабір тастары егжей-тегжейлі қарастырылған [1; 3, 4].

М.М. Меңдіқұлов зерттеулерінің көп бөлігі Батыс Қазақстандағы қорымдар мен жерасты мешіттерін зерттеуге арналған. Каспий маңындағы Қарақұм шөлінің, Ембі аңғарының, Үстірттің жəне Маңғыстаудың шөлді аймақтары сан алуан құлпытастарға толы. Олардың едəуір бөлігі ата- баба зираттарында — ұсақ жəне ірі қорымдарда шоғырланған. Жем, Үстірт жəне Маңғыстау аумағында оннан астам жерасты мешіттері табылды [1; 8]. Ғалымның еңбегінде осы аймақтағы бірнеше ғұрыптық орындардың типологиялық ерекшеліктері, жалпы сипаттамасы мен ареалы көрсетілген.

Маңғышлақтан Хорезмге дейінгі ескі керуен жолының бойында орналасқан қорымдар сол аумақтағы ең көне ескерткіштер болып табылады. Оңтүстік-батыс бөлігінде жерасты мешіті мен Шопан ата мазары (сурет 1), сондай-ақ X-XIII ғасырларда осы жерде өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалары салған ең көне құлпытастар бар [7; 57]. Бұл аумақтағы қарабайыр қоршаулар, сағана- тамдар, құлпытастар мен қойтастар, ауа райының əсерінен көп жағдайда пішінсіз қирандыларға айналып кеткендігі атап көрсетілген.

Сурет 1. Шопан ата жерасты мешіті [8; 228]

Ғалымның еңбегінде Шопан ата мешіт-мазары аймақтың діни орталығына айналу мақсатында салынғандығы айтылады. Оған дəлел ретінде бөлменің үш негізгі топқа бөлінген құрамын атап өтеді. Бөлменің орталық бөлігінде қонақ бөлмесі іспетті жасақталған төртбұрышты зал орналасқан. Орталық залдың оңтүстік-батысында көлбеу орналасқан баспалдақ жоғарғы қабаттағы құлшылық бөлмесі мен екі жерлеу орнынан тұратын қабірлер бөлмесіне апарады. Орталық залдың оңтүстік жəне батыс қабырғаларының бүкіл ені зиярат етушілерге арналған екі кең бөлмеге бөлінген. Ыдыс-аяқтар: самаурындар, шəйнектер, құмған жəне басқа да тұрмыстық ыдыстар солтүстік қабырға бойына орналастырылған. Ауа райының əсерінен мешіттің солтүстік қабырғасы қатты зақымданған. Бұл мешіт-мазардың нақты мерзімі туралы дəйекті ақпараттар жоқ, себебі белгілі жазба деректерде Шопан ата атауы кездеспейді [1; 8, 9].

Маңғыстау түбегінің орталық бөлігінде, Қандыбас мекенінен батысқа қарай 5 км жерде орналасқан Қараман ата қорымы туралы деректерді де М.Меңдіқұлов зерттеулерінен кездестіруге болады. Онда қорымның батыс бөлігіне жақын жерде Қараман ата жерасты мешіті, түрікмен құлпытастары мен тозығы жеткен алты қырлы кесене бар деп көрсетіледі. Қорымның солтүстік- шығыс жəне орталық бөліктерін ХІІІ–ХХ ғасырдың басында орнатылған көптеген күмбезді жəне күмбезсіз кесенелер алып жатыр деген де дерек кездеседі [1; 14, 16].

Ғалымның еңбегінде Форт-Шевченко қаласынан шығысқа қарай 30 км жерде орналасқан Ханга- баба қорымы туралы да деректер кездеседі. ХІХ ғасырдың елуінші жылдарында осы қорымға барған Т.Г. Шевченко оның орталық бөлігінің жалпы көрінісінің сызбасын жасаған (сурет 2). 1870 жылы Маңғыстауға барлау жүргізген полковник Н.П. Ломакин Ханга-баба қорымында бірнеше бор таулар мен кен орындары бар екендігін жəне қабырға қалдықтары сақталған үлкен түркімен мешіті болғандығын жазады [9; 3–42].

Ескі Бейнеу — Жем өзенінің төменгі ағысына апаратын ежелгі керуен жолында орналасқан бірнеше шопандар үйінен тұратын шағын қалашық. Ғалым сол аумақтың тұрғындары мен ежелгі қорымның шығу тегіне тікелей байланысты бұлақ жайында бірнеше аңыз-əңгімелерді қарастырады. Каспийдің батпақты шөлін кесіп өткеннен кейін саяхатшылар осы бұлаққа тоқтап, шөлдерін қандырып, демалатын болған екен. Мүмкін бұл жерде керуен сарай да болған болуы мүмкін деген деректер кездеседі, бірақ оның іздері табылмаған [1; 16].

Сурет 2. Ханга-баба [10, с. 25]

Халық аңызы мен жазбаша деректерге қарағанда орта ғасырлар бойы мұнда оғыздар, қыпшақтар, ноғайлар, башқұрттар, түркімендер жəне қазақтардың тайпалық топтары жəне XVIII ғасырдың үшінші жартысында қалмақтар кезекпен көшіп-қонып жүрген (Мендикулов, 1956). Осы мəліметке сүйене отырып ғалым Бейнеу қорымының ең ежелгі құлпытастарын оғыз-қыпшақ жəне қыпшақ-ноғай тайпалары салуы мүмкін деген қорытындыға келеді. Қорымдардың қирап кетуіне байланысты олардың салыну уақыты мен этникасын анықтау мүмкін болмаған.

Батыс Үстірт аумағында Шақпақ ата жерасты мешіті сияқты халық аңыздарында қыпшақ- ноғайлы кезеңімен байланыстырылатын ежелгі ескерткіштер бар (сурет 3). Қорымның оңтүстік-батыс бөлігінде жерасты мешіті жəне Шақпақ ата мен оның қызының қабірі орналасқан. Олар тау массивіне ойылып, саңылаулармен байланысқан шағын камера болды [6; 11].

Сурет 3. Шақпақ ата жерасты мешіті [8; 233]

Атақты сəулетші олардың ішіндегі ең маңыздысы ретінде Үстірттің батыс жартасынан шығысқа қарай орналасқан Сейсен ата қорымын атап өтеді [6; 11]. Бұл қорым туралы алғаш рет 1825– 1826 жылдары полковник Берг басқарған алғашқы орыс əскери барлау экспедициясының есебінде айтылады. Қысқаша жазбада қорым туралы: «Бұл бірнеше конус тəрізді тастан жəне топырақтан жасалған қоршаулардан тұратын қасиетті зират, бірақ олардың ежелгі тарихы туралы мəлімет жоқ жəне олардың тұтастығына қарап, оларды түрікмендерге немесе осында келген алғашқы қырғыздарға тиесілі деп айтуға болады» [11; 190–192]. Алайда, М.М. Меңдіқұлов зерттеулері нəтижесінде жинақтаған материалдар негізінде зиратты шамамен XIV-XVI ғасырларға жатқызуға болады.

М.М. Меңдіқұлов Батыс Қазақстанның күмбезді кесенелерінің басым бөлігін алып жатқан шағын өлшемді бір камералы құрылымдарды зерттеп, оларды екі негізгі түрге бөледі: Сырдария аңғарының құрылыс дəстүрімен байланысты конус-пирамидалы күмбездер; кейінірек қыпшақ-қазақ кезеңінде пайда болған дулыға тəрізді күмбездері бар кесене. Бұл ескерткіштердің хронологиялық шеңбері XI-ХХ ғасырдың басына жатқызылады [6; 38].

Сонымен бірге, ғалым ескерткіштерді келесідей негізгі кезеңдерге бөліп қарастырады. Бірінші кезең (XI-XIII ғасырдың бірінші жартысы), оғыз-қыпшақ тайпалары саз-кірпішті қабір тастарын тұрғыза бастаған кезең. Екінші кезең (XIV-XVI ғғ.) бұл кезеңде күйдірілген кірпіш жəне жергілікті ұлутастар құрылысқа кеңірек енгізіліп, Хорезм сəулетінің əсері байқала бастайды. Үшінші кезеңде (XVII-XVIII ғғ.) облыстағы қолайсыз əскери-саяси ахуалдың нəтижесінде құрылыс белсенділігінің төмендеуі байқалды, Сырдария аңғарының бір мезгілде салынған ғимараттарына ұқсас кішігірім кірпіштен салынған кесенелер пайда бола бастады. Төртінші кезеңде (XVIII ғасырдың соңы — XIX ғасырдың 1-ші жартысы) тас кесенелер салына бастады, оның архитектурасында дулыға тəрізді күмбездер пайда болды. Бесінші кезең (ХІХ ғасырдың 2-жартысы — ХХ ғасырдың басы) Қазақстанның Ресейге толық қосылғаннан кейін көршілес аймақтармен мəдени-экономикалық байланыстарының нығаюына байланысты мемориалдық құрылыстардың барлық типтерінің жаппай салынуымен ерекшеленді. Дəл осы кезеңде ескерткіштерді Қазақстанның басқа аймақтарындағы жəне Орта Азиядағы ескерткіштерден даралап тұратын архитектуралық ерекшеліктері дами түсті [1; 57–61].

Ғалым еңбегінің бір бөлімі қабір ескерткіштерінің кіші формаларына арналады. Ол мемориалдық құрылымдардың ең көп таралған түрі болып табылады. Олардың жасалуында керемет сəндік-қолданбалы өнер көрініс табады. М. Меңдіқұлов оларды негізгі төрт түрге бөлуге болатындығын көрсетеді: үштастар, құлпытастар, қойтастар жəне сағаналар. Олар жеке немесе бір- бірімен əр түрлі комбинацияларда орнатылып, көбінесе көркем мəнерлі ансамбльдер құрайтындығын атап айтады.

Арал-Каспий маңындағы тарихи-мəдени
ескерткіштер Т.Қ. Бəсеновтың еңбектерінде

Сəулетші Т.Қ. Бəсеновтің «Архитектурные памятники в районе Сам» еңбегі Батыс Қазақстанның ғұрыптық жəне діни ескерткіштерін зерттеуде үлкен маңызға ие. Үстірттегі Сам ескерткіштері Батыс Қазақстан облысының мемориалдық жəне діни нысандарын зерттеуде ерекше орын алады. Бұл ескерткіштер ғасырлар бойғы қазақ халқының декоративті-көркемдік мəдениетінің тарихынан сыр шертеді.

Жұмыс аймақтың сипаттамалары мен архитектурасы туралы мəліметтерді қамтиды. Бəсенов өз зерттеуінің негізгі нысаны ретінде Көп там, Сүндет, Артық, Омар-Тұр, сондай-ақ Сам аймағында таралған басқа да кесенелерді алды. Кесене салуда қолданылатын тастар, сондай-ақ қабір тастары- кұлыптастар туралы мəліметтер бар. Т.К. Басенов Жем өзенінің жағасынан бастап Байғанин ауданының орталығынан (Жар-Қамыс ауылы) алыс емес жерде, Сам құмы жəне одан тыс жерлерге дейін бірқатар ескерткіштерді зерттеумен айналысты. Құрылымдар, архитектуралық-құрылыс техникасы жəне олардың декоративті-көркемдік жобасы, онда кездесетін ою-өрнектер туралы деректер де келтірілген [12; 63].

Зерттеу барысында ғалым Байғанин ауданының бұрынғы орталығынан (Жарқамыс ауылы) алыс емес Жем өзенінің жағасынан бастап, Сам құмына жəне одан тысқары жерлердегі бірқатар ескерткіштерді аралап, қарап шыққан. Аталған аумақтағы ескерткіштердің құрылымдары, архитектуралық-құрылыс техникасы жəне олардың декоративті-көркемдік бейнесі, қабырға материалдары бірдей болып шыққандықтан барлық ескерткіштерді Үстірттегі Сам ескерткіштері деп атады.

Ғалымның зертеуінде Көп там анықтамасы — «көп үйлер» дегенді білдіретіндігі жəне оның бірнеше құрылыстың қирандылары екендігі жазылған. Көп там қирандылары туралы А.И. Левшин өз зерттеуінде айтып кеткенімен, толық сипаттама мен зерттеу материалдары көрсетілмеген. Еңбекте аталмыш қирандылар Сам құмынан 10 км жəне керуен жолынан 8 км қашықтықта орналасқан шағын ойпаттың айналасында топтасып орналасқан, ал ойпаттың орталығында қирандылардың ең үлкені орналасқан деген дерек келтірілген [12; 23, 24].

Сурет 4. Омар-Тұр күмбезтамы [13; 228]

Т.Қ. Бəсенов келтірген деректер негізінде Көп там қирандыларының шынымен де бекіністердің қалдықтары екендігіне көз жеткізуге болады. Олардың орталық құрылымы бекініс мұнараларымен жəне ғимараттар тізбегімен қоршалған, олар «қарауылдар» деп аталатын керуен жолының бойындағы қирандыларды білдіреді. Осы құрылыстың салыну мерзімі туралы нақты дерек келтірілмеген.

Жем өзенінің сол жағалауында, Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Жарқамыс ауылынан 35 км жерде Дəуімшар қорымы туралы деректерді де ғалымның еңбегінен кездестіруге болады. Халық аңыздары бойынша, қалмақтармен шайқаста қаза тапқандар осында жерленген. Мырза-Мұрын кесенесі — бұл қорымдағы жеті кесененің бірі, оның үшеуі аталған ескерткішпен бір мерзімде салынған; қалғаны ежелгі ғимараттарға жатады (XVI ғ.). Бұл кесене басқа ескерткіштерге қарағанда анағұрлым бай безендірілген, оның сəулеті өзінің көркемдік əрленуімен ерекшеленеді. Онда «1299 жылы Əжімұрат ағамыз 70 күнде салды, 2000 рубль ақша, ешкі мен сиыр жұмсалды» деген жазу бар [12; 25, 26].

Сонымен бірге, еңбекте Жемнің сол жағалауында, Дəуімшар қорымынан 30 км қашықтықта Сүндет кесенесі де қарастырылады (сурет 5). Бұл кесене оның қарама-қарсы бөлігінде орналасқан Шерқаламен (жартас қала) бірге жалпы ансамбль құрап тұр. Кесене ғимараты сегіз қырлы, шеңбері 7 м, ғимараттың жалпы биіктігі 7,86 м. Кесененің нақты салынған жылы анықталмаған, себебі оның мерзімі қашап жазылған соңғы екі саны өшіп қалған екен. Т.Қ. Бəсенов кесенені алғашқы екі пішінге қарап, шамамен XIX ғасырдың екінші жартысында салынған деген мəлімет береді [12; 29].

Көп там қирандысынан 7 км жерде, одан сəл оңтүстік-батыста Көп шейіт деп аталатын қорым- зират бар. Халықтың ұғымы мен дəстүрінде бұл термин (шейіттер) Отанды қорғауда қаза тапқандарға қатысты қалыптасқан. Молдалар бұл сөздің мағынасын кəпірлермен соғыста қаза тапқандарға бағыттап, сөздің мағынасын өзгертуге тырысқан. Ғалым шамасы, мұнда жоңғарлардың қалмақтармен соғыста қаза тапқандар жерленген деген дерек келтіреді. Сонымен бірге, сол аймақтағы Артық кесенесінің салыну тарихының Көп шейіт қорымының тарихымен ешқандай байланысы жоқ екендігі туралы ақпарат бар. Бəсенов зерттеуінде кесененің қорымнан əлдеқайда кешірек, дəлірек айтқанда, ХІХ ғасырдың соңғы онжылдығында салынғандығы жəне оны шебер Ділмағамбет Есембетов салғандығы жайында мəлімет бар [12; 30].

Сурет 5. Сүндет кесенесі [14; 115]

Т.Қ. Бəсенов осы аумақтағы кесенелерді зерттей келе, оның шығу тарихын жəне таралау аймағын қарастырады. Кесенелерді феодалдар, жартылай феодалдар салғандығын, ал ортаңғы таптың адамдары өздерінің туыстарының қабірінің үстіне құлпытастар қойғаны туралы дерек келтіреді. Құлпытастың кесенелерде қойылуы да кездесетіндігі айтылады. Мұндай ескерткіш-тастарды орнату салыстырмалы түрде арзан жəне қарапайым халыққа қолжетімді болғандықтан кеңінен таралған деген болжам айтылады. Қазақстанда мұндай ескерткіштер бүкіл аумаққа шашыраңқы болып келеді жəне тұтас архитектуралық топты құраған.

С.Е. Əжіғалидың зерттеулеріндегі Арал-Каспий маңындағы қасиетті нысандар

С.Е. Əжіғалиды Батыс Қазақстан облысының ескерткіштерін зерттеуде үлкен маңызға ие ғалым деп атауға болады. С. Əжіғалидің негізгі ғылыми еңбектері Арал-Каспий маңы өңірінің, Батыс Қазақстан облысының дəстүрі мен мəдениетін, этнографиясы мен архитектуралық ескерткіштерін зерттеуге арналған.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе өңірін зерттеуді негізгі бағыты ретінде таңдаған Серік Əжіғали осы аумақтағы мыңдаған ескерткіштерді зерттеп, ғылыми айналымға енгізді. 1978– 1998 жылдары тұңғыш рет ең ірі Арал-Каспий аймағының: Маңғыстау, Үстірт, Солтүстік Арал мен Каспий маңы аймағының бірқатар ерекше архитектуралық кешендерінің тарихи-мəдени ескерткіштеріне кешенді зерттеу жүргізді [15; 60]. Ғалымның ұзақ мерзімді зерттеулері негізінде «Архитектура кочевников — феномен истории и культуры Евразии (памятники Арало-Каспийского региона)» кітабы жарияланды. Бұл кітап Батыс Қазақстан аумағының тарихи-мəдени ескерткіштерін зерттеудегі маңызды дереккөз ретінде қалыптасты. Онда аталған аумақтағы кешендер мен олардың жалпы сипаттамасы, ескерткіштердің типологиялық классификациясы, жерлеу культі, түрлі ғұрыптар, құлпытас-қойтас жүйесі, дəстүрлі архитектура ескерткіштері, т.б. сынды маңызды мəселелер қарастырылған [3; 654].

Ғалымның зерттеулерінің көп бөлігі Қазақстанның Арал-Каспий аймағындағы тарихи жəне мəдени ескерткіштерді, мемориалдық жəне діни орындарды зерттеуге бағытталған. Осыған орай зерттеушінің бірнеше еңбектері жарық көрді. Олардың ішінде: «Очерк культурного наследия АралоКаспийского региона» [16], екі бөлімнен тұратын «Очерк истории изучении памятников народного зодчества, «древностей и развалин» Арало-Каспийского региона в досоветский период (до середины ХІХ в.)» [17; 108–127, 18; 88–106] сынды жарияланымдарын атауға болады.

Ғалым аталмыш аумақты зерттеу барысында ғұрыптық ескерткіштерге жалпы сипаттама бере отырып, Маңғыстау пен Үстірт аумағындағы қорымдар мен мешіттер, кесенелер, сағанатамдар, құлпытастар, сандықтастар, жəне олардың негізгі типологиялық ерекшеліктеріне баса назар аударды. С.Е. Əжіғали Арал-Каспийдің жерлеу жəне табыну кешендерін хронологиялық негізге сəйкес үш үлкен топқа бөліп қарастырады: 1) ортағасырлық, Оғыз-Қыпшақ кезеңінен бастау алады (Шопан ата, Шақпақ ата, Қараман ата, Балғасын); 2) кейінгі ортағасырлық XIV ғ. (Кенді баба, Үштам, Масат ата, маңғыстаулық Қошқарата, үстірттік Қошқар ата, Сисем ата, Абат-Байтақ, Қарасақал, т.б.); 3) жаңа уақытта қалыптасқан кешендер — XVIII-XIX ғғ. (Қарашық, Қызылсу, Сағындық, Бейсембай, Алып ана, Дəуімшар, Нұрманбет, Дəуіт ата, Қарабас əулие, Хан моласы жəне т.б.) [3; 34].

Сурет 6. Абат-Байтақ кесенесі [Авторлардың суреті]

Сонымен бірге, ғалымның ең басты зерттеу нысаны ретінде Арал-Каспий теңізінің ғұрыптық ескерткіштер кешенінің пайда болуында үлкен маңызы бар Батыс Қазақстанның жерлеу жəне ғұрыптық архитектурасының кіші нысандарын атауға болады. Кіші нысандар ретінде құлпытастар мен сандықтастар баса назарға алынып, олардың типологиялық ерекшеліктері ажыратылды. Аймақтың ежелгі көшпелі, жылқы өсіруші халықтары арасындағы жылқының ғұрыптық рөлі көрсетіледі. Қазақтардың жəне басқа көшпелі халықтардың жылқы малымен байланысты ғұрыптық салт-дəстүрлері зерттеледі. Құлпытастар, сандықтастар мен қойтастар генезисіндегі жылқы малының рөлі толығымен көрсетілді.

Осы аумақтағы ерте орта ғасырдағы «жылқы қорымдарына» мынадай негізгі үрдістер тəн екендігін атап көрсетеді: 1. Жылқының көліктік қызметіне мəн беру тұрғысынан рəсім мазмұнын «рационализациялау» — аттарды ауыздықтау, ат əбзелдерімен көму; 2. Қорымдарды композициялық жоспарлау бойынша мамандандыру — жылқы иесінің жəне жылқының бағдарына мəн бере отырып, жылқыны адамды жерлеуден бөлу; 3. Жылқылардың бөліктерін жерлеу: тұлыптары, терілері мен аяқ- қолдарын қабірдің үстіне жерлеу, яғни pars pro toto принципін дамыту [3; 418].

С. Əжіғали «Жылқы қорымдары» деп аталатын ескерткіштердің бұл өлкеде біздің дəуірімізге дейінгі IV жəне ІІІ мыңжылдықтарда тарала бастағанын айтады. Батыс Қазақстанда «жылқы қорымдары» біздің дəуірімізге дейінгі ІІ мыңжылдықтың ортасынан бастап анықталған. К.Ф. Смирнов оларды тұқымның ықпалды өкілдеріне тиесілі жылқылар ретінде қарастырады [19; 46, 3; 413, 414].

Ғалым ғұрыптық ескерткіштерді зерттеудегі жылқы малының маңызын көрсете отырып, сол аумақта кең таралған атқазықтар туралы да қарастырады. Батыс Қазақстанның оғыз-қыпшақ ортасы үшін ағаштан жасалған атқазықтар жерлеу мен құрбандық шалу рəсіміне тəн құбылыс болған. Осы өңірдегі қазақтардың атқазықтарының ресми прототиптері жылқыны құрбандыққа шалудың ежелгі дəстүрін паш ететін ғұрыптық негіз деп санайды [1, 3; 414].

Сонымен бірге, Батыс Қазақстанның тарихи-мəдени ескерткіштерінде: кесенелер, сағанатамдар, сандықтастар, сондай-ақ петроглифтерінің сюжеттік суреттерінде жылқы бейнесінің басымдылығы терең символикалық сипатқа ие екендігін атап көрсетеді.

Сурет 7. Сисем ата [8; 236]

«Маңғыстау мен Үстірт ескерткіштері» кітап-альбомының жарық көруі С.Е. Əжіғалидың осы аймақты зерттеу бойынша ең үлкен жетістігі болды [20; 504]. Ол өзінің көп жылдық жұмысы барысында теориялық жəне практикалық зерттеулердің негізгі нəтижелерін ұсынды. Ғалым көптеген жылдар бойы мемориалдық жəне діни ескерткіштердің типологиясын зерттеумен айналысты. Оны көшпенділердің мемориалдық жəне діни ескерткіштерін зерттеудің негізі деп санауға болады. Зерттеуші олардың барлығын екі үлкен бөлікке: ғұрыптық жəне мемориалдық ескерткіштер деп бөлуді ұсынды. Ол алғашқы топқа мешіттер мен əр түрлі ғибадат орындарын жатқызса, екіншісіне (ең кең таралған) — мемориалдық ескерткіштерді (жерлеу орындары, қабірлер) жатқызды [20; 142, 148].

Ғалымның зерттеуінде кесенелер жалпы композициялық жəне жоспарлау сипаттамалары бойынша екі үлкен категорияға бөлінді: бір камералы жəне көп камералы. Əрі қарай типология жоспарлау құрылымының ерекшеліктеріне жəне негізгі сəулетті ерекшеліктеріне, көлемдер жиынтығының сапалық жəне сандық талдауларына негізделген. Жіктеудің негізгі нысандарының ерекшеліктері, ең алдымен, қолданылатын құрылыс материалының табиғатымен байланыстырылды [3; 224].

С.Е. Əжіғали Маңғыстау мен Үстірттің халықтық сəулет ескерткіштерін зерттеуде бұрынғы зерттеушілердің зерттеулеріне көп көңіл бөле отырып, бұл салада өзіндік тарих пен дəстүр қалыптасқандығын атап көрсетеді. Ғалым мемориалдық-діни кешендерді зерттеп, талдау жасай отырып, «қорым», «зират», «əулие», «қасиетті орын», «ғибадат ететін орын» сияқты анықтамаларға байланысты өз көзқарасын ұсынады [21; 315]. Сонымен бірге, ол Үстірттің солтүстік-батыс бөлігінде қалыптасқан сирек кездесетін жəне адамдар ерекше табынатын тұрғын үй кешендерінің болғандығын баса назарға алды. Зерттеудің тағы бір нысаны ретінде мешіттерге де ерекше назар аударады. Қарастырылып отырған аумақта мешіттердің көптеп таралуын мұсылман культінің таралуымен байланыстыра отырып, өзіндік зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеуші ортағасырлық Маңғыстаудың Қазақстанның басқа көшпелі аймақтарымен салыстырғанда көп мөлшерде исламдануына назар аударады жəне мешіттерді ірі рулар мен мал өсіретін халықтың үнемі баратын жері екендігін атап өтеді [15; 61, 62].

Қорытынды

Байқап отырғанымыздай Арал-Каспий өңірінің тарихи-мəдени, ғұрыптық ескерткіштері қазақ халқының көшпелі мəдениетінің айқын дəлелі. Бұл аймақтың материалдық, рухани жəне табиғи мұралары бір-бірімен тығыз байланысты жəне халықтың күнделікті өмірінің, ғұрыптық жəне діни тəжірибесінің маңызды бөлігіне айналған. Жоғарыда атап өтілген отандық ғалымдар Батыс Қазақстан аумағының сəулет ескерткіштерін, мемориалды-ғұрыптық орындарын зерттеумен 1940– 1950 жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін айналысып келеді. Олардың ұзақ мерзімді зерттеулерінің нəтижелері ауқымды басылымдарда жарық көріп, сол аумақтың тарихи-мəдени ескерткіштерін зерделеуде үлкен маңызға ие болып отыр.

Бүгінде еліміздің тарихы, этнографиясы, көне мұралары, тарихи орындары мен ескерткіштері тиісті дəрежеде зерттеу маңызды міндеттердің бірі. Қазақстанның көне мəдениетінің мұрагері ретінде, тарихи-мəдени саланы толық көрсететін айрықша ескерткіштерді кешенді зерттеу, қорғау, қайта қалпына келтіру жəне болашақ ұрпаққа насихаттаудың маңызы зор. Аймақты зерттеудегі басты мақсат тарихи-мəдени ескерткіштерді ғылыми айналымға енгізу арқылы оның тарихи маңызын арттыру, ұзақ мерзімге сақтап қалу. Сонымен бірге, Арал-Каспий жəне Солтүстік Үстірт маңында көп зерттелмеген нысандарды көпшілік назарына ұсыну. Ғұрыптық ескерткіштердің қазақ тарихында алатын орны ерекше, сол себепті осы аймақтағы ғұрыптық орындарды зерттеу кезек күттірмейтін мəселе. Осы орайда, Қазақстанның тарихи-мəдени ескерткіштерін, мемориалды жəне діни кешендерін зерттеуде М.М. Меңдіқұлов, Т.Қ. Бəсенов, С.Е. Əжіғали сынды ғалымдардың еңбектері ғылыми жəне қоғамдық ортада үлкен мəнге ие болды. Олар ашқан жаңалықтар аймақтың тарихи- мəдени мұрасын одан əрі игеруде: ескерткіштерді қорғау, жаңғырту мен пайдалану, туризмді дамыту жəне т.б. іс жүзінде қолданылуда. Дəл сол себепті қазақ халқының халықтық сəулетшілігі мен этнографиясын, мəдениетін, ескерткіштерін зерттеуде үлкен үлес қосқан отандық ғалымдарымыздың еңбектерін зерделеу маңызды əрі өзекті.

Əдебиеттер тізімі

  1. Мендикулов М.М. Памятники народного зодчества Западного Казахстана / М.М. Мендикулов. — Алма-Ата: Өнер, 1987. — 160 с., ил.
  2. Ковалевский А.П. Книга Ахмеда ибн-Фадлана о его путешествии на Волгу в 921–922 гг. Ст/, пер/ и коммент/ / А.П. Ковалевский. — Харьков: Харьк. гос. ун-т, 1956. — 343 с.
  3. Ажигали С.Е. Архитектура кочевников — феномен истории и культуры Евразии (памятники Арало-Каспийского региона) / С.Е. Ажигали. — Алматы: Ғылым, 2002. — 654 с.
  4. Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей / А.И. Левшин. — Ч. І. Изв. географ. — СПб.: Типогр. К. Кария, 1832. — ХІІ+264 с.
  5. Арғынбаев Х.А. Қазақ халқының қолөнері: Ғылыми-зерттеу еңбек / Х.А. Арғынбаев. — Алматы: Өнер, 1987. — 128 б.
  6. Мендикулов М.М. Памятники архитектуры полуострова Мангышлак и Западного Устюрта / М.М. Мендикулов. — Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1956. — 43 с. ил.
  7. Кастанье И.А. Надгробные сооружения киргизских степей / И.А. Кастанье // Тр. Оренбург. учен. архив. комис. — Вып. 26. — Оренбург: Типогр. Тургай. обл. прав., 1911. — 102, VII, VIII с. [28] л., ил.
  8. Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. — Астана: Фолиант, 2017. — 496 б.
  9. Ломакин Н.П. О полуострове Мангышлак и путях оттуда в разные пункты Закаспийского края / Н.П. Ломакин // Записки Кавказского отдела Русского географического общества. — 1873. — Кн. VIII. — С. 1–42.
  10. Шевченко — художник: альбом на 5-ти языках / авт. тексту та упорядник В.І. Касіян. — Киів: Мистецтво, 1963. — 45 с.
  11. Eiclıvald E. Alte Qeographle des Caspischen Meeres, des Caukasus und des Sfldlichen Russlands: nach griechischen, römischen und anderen Quellen / E. Eiclıvald. — Berlin: Morin, 1838. — Р. 189–201.
  12. Басенов Т.К. Архитектурные памятники в районе Сам / Т.К. Басенов. — Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1947. — 42 с., ил.
  13. Құлбаев Н.А. Арал-Каспий аралығы тарихи-мəдени ескерткіштердегі араб графикалы мəтіндердің анықтамалығы. 1- том / Н.А. Құлбаев. — Алматы: Бабамұра-М, 2015. — 228 б., 32 фотосурет.
  14. Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары. — Астана: Фолиант, 2017. — 504 б.
  15. Ахметова Ш.К. Памятники Арало-Каспия в исследованиях С.Е. Ажигали / Ш.К. Ахметова, И.В. Толпеко // Вестн. Ом. ун-та. Сер. Исторические науки. — 2018. — № 2 (18). — С. 60–64.
  16. Ажигали С.Е. Очерк культурного наследия Арало-Каспийского региона [Электронный ресурс] / С.Е. Ажигали // Электронный научный альманах «Пространство и время». — Т. 5. — Вып. 1. — Ч. 2. — 2014.
  17. Ажигали С.Е. Очерк истории изучения памятников народного зодчества, «древностей и развалин» Арало-Каспийского региона в досоветский период (до середины XIX в.). Ч. 1. От ранних сведений о памятниках кочевого Арало-Каспия до экспедиции Я.П. Гавердовского 1803–1804 гг. / С.Е. Ажигали // Пространство и время. — 2017. — № 2–4 (28–30). — С. 108– 127.
  18. Ажигали С.Е. Очерк истории изучения памятников народного зодчества, «древностей и развалин» АралоКаспийского региона в досоветский период (до середины XIX в.). — Ч. 2. От дипломатической миссии А.Ф. Негро 1820– 1821 гг. до образования Русского Географического общества / С.Е. Ажигали // Пространство и время. — 2018. — № 1, 2 (31, 32). — С. 88–106.
  19. Смирнов К.Ф. Археологические данные о древних всадниках Поволжско-Уральских степей / К.Ф. Смирнов // Сов. археол. — 1961. — № 1. — С. 46–72.
  20. Əжіғали С.Е. Маңғыстау мен Үстірт ескерткіштері: кітап-альбом / С.Е. Əжіғали. — Алматы: Өнер, 2014. — 504 б.
  21. Ажигали С.Е. Памятники мемориально-культовой архитектуры Западно-Казахстанской области / С.Е. Ажигали // Вопросы истории и археологии Западного Казахстана: сб. науч. ст. — Вып. 4. — Уральск, 2005. — С. 313–322.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.