Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасында халық табыстарын зерттеуде эконометрикалық әдістерді қолдану

Аңдатпа

Мақсаты: Қазақстан Республикасы бойынша статистикалық мәліметтерді зерделеу негізінде халықтың ақшалай табыстары мен халықтың ақшалай шығыстары арасындағы өзара байланысты айқындау, сол арқылы оның халықтың өмір сүру деңгейіне әсерін айқындау.

Әдісі. Зерттеу жұмыстары барысында нәтижелі көрсеткішке соңғы он жыл деректерін пайдала отырып, корреляциялық регрессиялық талдау әдістері және мәліметтерді талдау кезінде Excel бағдарламасы пайдаланылған.

Қорытынды: 2010–2020 жылдар аралығындағы еліміздің статистикалық мәліметтерін өңдеу арқылы халықтың атаулы ақшалай табыстары және халықтың ақшалай шығыстары арасындағы байланыс зерттелді. Тұжырым бойынша халықтың табысы өскен сайын шығыстары да өседі. Осы тұжырым эконометрикалық әдістерінің бірі — корреляциялық регрессиялық талдау барысында дәлелденді. Халықтың ақшалай табыстары мен халықтың ақшалай шығыстары арасындағы байланысты зерттеу барысында олардың тығыздық көрсеткіштері, яғни атап айтсақ, детерминация және сызықтық корреляция коэффициенттері анықталды. Сонымен қатар, авторлар бақылау санын өсіру арқылы талдау нәтижелерін дәлірек анықтады және де Excel бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалану арқылы зерттеу нәтижесін, құрған модельдің сапасына, нақтылығына көз жеткізді.

Тұжырымдама: Сонымен, халықтың әлеуметтік жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерді зерттеу барысында статистикалық әдістерді қолдану арқылы табыстар өскен сайын халықтың шығыстары өсетіні дәлелденді. Бұл дегеніміз көптеген мәселелерді шешуге, халықтың әл ауқатылығын арттыруға, денсаулығына дұрыс қарауға мүмкіндік тудыратын фактор десек қателеспейміз, яғни осылардың барлығы халықтың өмір сүру сапасының артуына, оның деңгейінің жақсаруына себеп болатынына көзіміз жетіп отыр.

Кіріспе

Әл-ауқат — бұл отбасының, жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың, таптың және тұтастай алғанда халықтың өмірлік қажеттіліктермен (рухани, материалдық, әлеуметтік) қамтамасыз етілуі. Әл– ауқаттың негізгі элементі — халықтың табысын саралау және деңгейі.

Халықтың әл-ауқатының деңгейі елдегі және өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға, мемлекеттік әлеуметтік саясат стратегиясына, қоғам ресурстарын бөлудегі әлеуметтік әділеттілік қағидаттарына және қиын өмірлік жағдайдағы халықты мемлекеттік қолдаудың тиімді тетіктеріне, экономикалық әл-ауқатқа қол жеткізудегі отбасының жеке белсенділігіне негізделген әлеуметтік қолдау шараларының жүйесіне байланысты.

Халықтың тұрмыс деңгейі ең төмен күнкөріс деңгейімен және тұтыну бюджетімен, жалақы деңгейімен, әлеуметтік инфрақұрылымның дамуымен, кірістерді реттеу жөніндегі мемлекеттік саясатпен және басқа да факторлармен салыстырғанда табыс деңгейімен айқындалады. Әлеуметтік дамудың әртүрлі деңгейлері әлеуметтік теңсіздіктің, байлар мен кедейлердің пайда болуының, қоғамның стратификациясының, оның стратификациясының негізі болып табылады (страта — табысы, күші, білімі, беделі бірдей адамдарды қамтитын қабат). Табыстарды бөлудегі теңсіздіктің көрінісі — кедейлік, ол арқылы әлеуметтік ерекшелік, қоғамдық өмірден кету деп түсініледі.

*Хат-хабарларға арналған автор. E-mail: marhabat77@mail.ru

Халықтың өмір сүру деңгейін талдау үшін бірқатар статистикалық көрсеткіштер есептелді, оларды есептеу және бағалауда біздің еліміз бойынша соңғы жылдар бойынша зерттелді. Сонымен қатар, халықтың ақшалай табысының құрылымы зерделенді. Атаулы және нақты табыстар арасындағы айырмашылық қарастырылды.

Халықтың нақты кірістерін біртіндеп ұлғайту, олардың халықтың әртүрлі санаттары арасындағы шамадан тыс саралануын азайту негізінде халықтың әл-ауқатын арттыру және тиісті әлеуметтік қамсыздандыру әлеуметтік дамудың стратегиялық мақсаты болып табылады [https://stat.gov.kz].

Гипотеза. Халық табысының ұлғаюы халықтың шығыстарының артуына әкеледі, нәтижесінде халықтың әл-ауқаты жоғарылайды.

Осы тұжырымдаманы дәлелдеу үшін біз соңғы он жыл аралығындағы деректерге регрессиялық талдау жүргіздік.

Біздің зерттеуіміздің мақсаты халықтың ақшалай шығыстары мен ақшалай табыстар арасындағы өзара байланысты анықтау, сонымен бірге халықтың табыстылық көрсеткіштерінің халықтың өмір сүру деңгейіне әсерін анықтау болды.

Әдебиеттерге шолу

Осы тақырыпқа байланысты Е.Н. Гришина, И.П. Лаптева, Л.Н. Трусованың жұмыстарында үй шаруашылықтары мүшелерінің ақшалай табыстары мен шығыстар құрылымына қарай медициналық тауарлар мен қызметтерге жеке қаражатын жұмсауға қатысты мінез-құлық үлгілерін анықтау болып табылады. Зерттеу уақыт қатарларын эконометрикалық (корреляциялық-регрессиялық) талдауды қолдану арқылы жүргізілген. Нәтижесінде үй шаруашылықтары табыстары мөлшерінің медициналық тауарлар мен гигиеналық заттарға (үй шаруашылықтары табыстары деңгейіне байланысты сипаты бойынша дамитын) шығыстарының үлесіне елеулі әсері, сондай-ақ үй шаруашылықтары табыстарының деңгейіне тәуелділігі анықталған (Гришина және т.б., 2019).

С.Ш. Аслаева, А.Ш Гайсин., А.Г. Каримовтың зерттеу жұмысында логикалық, салыстырмалы, экономикалық-математикалық талдау, эконометрикалық модельдеу әдістері арқылы эмпирикалық мәліметтер базасында жұмыс істейтін тұрғындарының өмір сүру деңгейі мен сапасы мәселелерін әлеуметтік материалдары зерттелінген. Эконометриялық модельдеу негізінде сауалнамалаушыларды сипаттайтын регрессорлардың мәндері бойынша респонденттердің табысы төмен топқа түсу ықтималдығы бағаланған (Аслаева және т.б., 2021).

С.В. Севрюкова, О.Н. Коростелева «Халықтың ақшалай табысын қалыптастыру өмір сүру деңгейін реттеудің әлеуметтік-экономикалық аспектісі ретінде» мақаласында халықтың өмір сүру деңгейі, азаматтардың табысы туралы негізгі ұғымдарды көрсеткен. Статистикалық талдау және ұзақ кезеңдегі халықтың табыс деңгейін бағалау жүргізілген. Негізгі нақты табыстардың өмір сүру сапасы мен деңгейіне әсері қарастырылған, үй шаруашылықтарының табыстарын қалыптастыру тәртібін анықтайтын факторлар тобы анықталған (Севрюкова және т.б., 2019).

Әдістері

Корреляциялы-регрессиялық талдау регрессияның теңдеуі түрінде (нәтижелі белгінің бір немесе бірнеше белгі-факторларға байланыстылығын жуықтап көрсететін корреляциялық байланыстың теңдеуі) статистикалық модельді құру мен талдаудан тұрады.

Алдын-ала теориялық талдауда біз фактор ретінде таңдап алатын белгі мен белгі-сандардың арасында себепті байланыстың бар екендігін дәлелдеу керек, сонымен қатар бұл тура немесе кері, тік сызықты немесе өте күрделі байланыстың қайсысы екендігін бекіту керек.

Корреляцияның жазықтықта нүктелерді сызықшалармен қосып, өсудің (төмендеудің) қандайда бір тенденциясымен сынық сызықты аламыз.

Бұл сызықтың сынықтары белгіге, x белгісінен басқа, басқа да факторлардың әсерін көрсетеді. Басқа факторлардың әсерінен құтылу (жою) үшін, y-тің x-ке функционалды байланысын ұйғаруда есептелген айнымалы орта шамаларды (yx) табуға регрессияның алынған қисық сызықты түзету қажет. Бұл үшін байланыстың теориялық формасын бекіту керек, яғни функцияның зерттеліп отырған байланыстың сипатын жақсы бейнелейтін белгілі бір түрін таңдап алу керек (Флоренс, 2007).

Байланыстың формасын таңдау корреляциялық-регрессиялық талдауда маңызы зор.

Байланыстың формасын ең алдымен қарастырылып отырған байланыстың мазмұнын (құрамын) сапалы талдаумен анықтайды.

Нәтижелері

Зерттеудің негізгі әдісі бір факторлы сызықтық корреляциялық-регрессиялық талдау болды, оның көмегімен 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңдегі халықтың ақшалай табыстары мен шығыстары туралы статистикалық деректер өңделді.

Үй шаруашылығының тұрмыс деңгейін зерттеуде негізге алатын әдістемелік құжаттар 1-кестеде келтірілді.

Жұмыстың атауы

Бектілген күні және тіркелген номері

Халықаралық стандарттары

1

Тұрмыс деңгейін зерттеу бойынша үй шаруашылықтарын іріктемені құру әдістемесі

№ 202 14.12.2015

-

2

Тұрмыс деңгейінің болжамды көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемесі

№ 185 24.11.2017

-

3

Халықтың атаулы ақшалай табыстарын есептеу (бағалау) әдістемесі

№ 214

21.09.2016

-

4

Тұрмыс сапасы индексін есептеу әдістемесі

№ 260 9.11.2016

«Жақсы өмір индексі» әдістемесі, ЭЫДҰ

5

Тұрмыс деңгейін бағалау бойынша үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу нәтижелері бойынша табыстарды есептеу әдістемесі

№ 55 31.03.2017

-

6

Тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарының іріктемелі зерттеуін ұйымдастыру және өткізу әдістемесі

№ 31 02.07.2020

-

7

Кедейшілікті өлшеу бойынша басшылық

2017

-

Ескерту: (OECD Better Life Index // en.wikipredia.org, Уровень жизни населения в Казахстане 2016–2020.https://stat.gov.kz) дереккөздер негізінде автормен жасақталған

Кесте 1. Үй шаруашылығының тұрмыс деңгейін зерттеуде негізге алатын нормативтік құжаттар

Бірінші суреттегі бірінші көрсеткіш — халықтың атаулы ақшалай табыстары — халықтың ағымдағы тұтынуына, өндірістік қызметіне және жинақтауға жұмсалған ақша қаражаттары. Бұл көрсеткішті есептеу үшін халықтың атаулы ақшалай табыстарын есептеу (бағалау) әдістемесі «Мемлекеттік сатистика туралы» ҚР Заңына сәйкес өңделінген және ол халықтың атаулы ақшалай табысының жалпы көлемін анықтайды (кесте 2).

ECONOMY Series. № 2(106)/2022

323

Кесте 2. Халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарын есептеудің негізгі кезеңдері

Көрсеткішер

Түсініктеме

Формула

1

2

3

жалдану бойын- ша жұмыстан

түскен атаулы

ақшалай табыс- тарды есептеу;

барлық жалдамалы қызметкерлер- дің жалақы қоры туралы деректерді қамтиды.

мұндағы:

  • жалдамалы жұмыспен қамтылған тұлға- лардың жалақы қоры;
  • жалдамалы жұмыспен қамтылған тұлға- лар саны;
  • жалдамалы жұмыспен қамтылған тұлға- лардың орташа айлық атаулы жалақысы.

еңбек ақыны жасыруға жете есептеу коэффи- циентін есептеу

жыл сайын жалпы ішкі өнімді қа- лыптастыру кезінде жылдық дерек- тер (есепті жылда өткен жылға) негізінде табыстарды есептеу әдісімен жүзеге асырылады.

мұндағы:

ЕТҚ — жалдамалы жұмыспен қамтылғандардың

жылдық еңбекақы төлеу қоры;

– Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша жете есептеудің орташа өлшемді сомасы;

өз бетінше жұмыспен қам- тылудан түскен атаулы ақшалай табыстарды есептеу;

кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар, жеке тұлғалардың ауыл шаруашылығы өнімдерін сатудан түскен табыстар жөніндегі дерек- терді қамтиды.

мұндағы:

— өз бетінше жұмыспен қамтылған халықтың ақшалай табысы; — өз бетінше жұмыспен

қамтылған халық саны;

— өз бетінше жұмыспен қамтылған халықтың орташа айлық ақшалай табысы.

халыққа төлен- ген ағымдағы трансферттерді есептеу

төленген зейнетақылардың, шәкір- тақылардың, атаулы әлеуметтік жә- не тұрғын үй көмегінің, мемлекет- тік жәрдемақылардың, өтемақылық төлемдердің сомаларын қамтиды.

-

халықтың өзге де ақшалай та- быстарын есеп- теу

ақшалай табыстардың келесі: жеке меншіктен, тұрғын үйді жалға беру- ден, лотереядан, ойынханалардан, викториналардан ұтыстар, мұрагер- ліктен түскен табыстар және тағы басқа табыстар түрлерін есепке ала- ды. Деректер тұрмыс деңгейі бойын- ша үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу негізінде қалыптастырыла- ды.

 

жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарды есептеу;

Орташа статистикалық табысты сипаттайды

мұндағы:

— есепті кезеңдегі ХААТ-ың жалпы со- масы;

– есепті кезеңдегі елдегі халықтың саны.

атаулы және нақты ақшалай табыстар индек- стерін есептеу

Атаулы ақшалай табыстардың индексі базистік кезеңмен салыс- тырғанда есепті кезеңдегі атаулы ақшалай табыстардың өзгерісін сипаттайды

мұндағы:

  • атаулы ақшалай табыстардың индексі;
  • есепті кезеңдегі жан басына шаққандағы ор- таша атаулы ақшалай табыс;
  • базистік кезеңдегі жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыс

Нақты көріністе жан басына шақ- қандағы атаулы ақшалай табыс

 

1

2

3

 

көрсеткішін есептеу тұтыну баға- лары индексінің көмегімен жүргі- зіледі

мұндағы:

— нақты ақшалай табыстардың индексі; –

есепті кезеңдегі атаулы ақшалай табыстардың индек- сі;

– есепті кезеңдегі тұтыну бағаларының индексі.

Ескерту: («Об утверждении Методики по расчету (оценке) номинальных денежных доходов населения» Приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 21 сентября 2016 года № 214. // adilet.zan.kz) дереккөздер негізінде автормен жасақталған

Берілген әдістемені Қазақстан Республикасы және аймақтары бойынша халықтың атаулы ақшалай табыстарын есептеу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика бойынша комитеті және оның территориялық органдары қолданады.

Бірінші суреттегі екінші көрсеткішке тоқталатын болсақ, халықтың тұтынуға қолданылған табыстары тұтыну шығындары (өндірістік қызметке күрделі салымдарсыз және жинақ) және өз өндірісінің өнімдерін табиғи нысанда тұтынудың және трансферттердің құнынан (ақшалай өлшемде) тұрады. Халықтың әл-ауқатының материалдық деңгейін шынайы көрсету үшін халықтың ақшалай табыстарын олардың шығындары арқылы бағалау қолданылады.

Халықтың тұтынуға пайдаланылған табыстары үй шаруашылықтарын тұрмыс деңгейі бойынша іріктеп зерттеудің қорытындысы бойынша есептеледі. Бұл зерттеу тұрмыс деңгейін бағалау бойынша үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу нәтижелері бойынша табыстарды есептеу әдістемесі негізінде жүзеге асырылады. Берілген әдістеме халықтың өмір сүру деңгейі туралы алғашқы статистикалық деректерді алу мақсатында мемлекеттік статистика органдарының тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу рәсімдері алгоритмдерінің жиынтығын айқындайды. Зерттеу барлық облыстарда, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында жүргізілген және таңдалынған үй шаруашылықтарының өз еркімен қатысу қағидасымен жасалған. Алғашқы статистикалық мәліметтерді жинауды автоматтандыру мақсатында жеке сауалнама компьютерлік жүйесі қолданылады. Осы компьютерлік жүйені қолдана отырып зерттеу үй шаруашылықтарына сауалнама жүргізу және портативті есептеу құрылғысына электронды түрде мәліметтерді енгізу арқылы жүзеге асырылады. Халыққа сауалнама жүргізу арнайы дайындалған интервьюерлердің үй шаруашылықтарына баруы және респонденттердің статистикалық нысандарды өз бетінше толтыруы арқылы сұхбат жүргізу әдісімен жүзеге асырылады.

Бірінші суреттегі соңғы көрсеткіш — үй шаруашылықтарының ақшалай табыстары — үй шаруашылықтарының мүшелері жалақы, кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс, әлеуметтік төлемдер (зейнетақылар, стипендиялар, жәрдемақылар және басқа да төлемдер), пайыздар, дивидендтер және меншіктен түсетін басқа да кірістер, өзге де ақшалай түсімдер түрінде алған ақшалай қаражат сомалары.

Халықтың ақшалай табыстары үй шаруашылықтарын іріктеп зерттеу нәтижелері бойынша есептеледі (сурет 2):

ECONOMY Series. № 2(106)/2022

325

Осы көрсеткішті халықтың ақшалай шығындарына әсер етуші көрсеткіш ретінде қарастырамыз.

Бұл талдауда регрессияның эмпирикалық сызығының графигіне сүйенуге болады. x-тің өзгеруімен y-тің өзгеруінің сипатына байланысты байланыс сызықты және сызықты емес болатынын біз білеміз.

Ең кіші квадраттар әдісі барлық алынған нәтижелерге барынша сәйкес келетін регрессия сызығын математикалық анықтайды. Оның мәні мынада: бүкіл жеке шамалардың таңдап алынған сызықтан тігінен ауытқуларының квадраттарының сомасы нүктелер арасынан жүргізіле алатын кез келген сызықтан тігінен ауытқулардың квадраттарының сомасынан кем болуы керек. Осы талапқа жауап беретін регрессия теңдігін а және b параметрлерін анықтай отырып, келесі теңдік жүйесінен

326

Вестник Карагандинского университета

ECONOMY Series. № 2(106)/2022

327

Ескерту: (Уровень жизни населения в Казахстане 2016–2020.https://stat.gov.kz) дереккөз мәлімттері негізінде автормен жасақталған және өңделген.

Сонымен, жоғарыдағы талдау нәтижесінен көріп отырғандай, табыстар 1 теңгеге өссе, шығындар 0,453 теңгеге өседі. Екі көрсеткіштің арасындағы тікелей тәуелділік бар, ол толық емес, дегенімен айқын анықталған, функционалдыға жақын. Көрсеткіштер арасындағы байланысты көрнекі түрде графиктен көруге болады (Корчуганова, 2016).

Excel бағдарламасын пайдалану арқылы біз осы көрсеткіштер арасындағы байланысты анықтау үшін корреляциялық және регрессиялық талдау жүргіздік. Нәтижелерін мына кестеден көруге болады (кесте 4).

Регрессиялық статистика

Көптік R

0,99733041

R-квадрат

0,994667946

Нормаланған R-квадрат

0,994075495

Стандарттық қате

865,5118966

Жиын саны

11

Ескерту: автормен Excel бағдарламасында мәліметтерді талдау арқылы өңделген

Кесте 4. Регрессиялық статистика

Кесте бойынша келесі қорытынды жасауға болады: атаулы табыстар мен шығындар арасында тығыз байланыс, яғни детерминация коэффициенті 0,9947 тең, біз осы коэффиценті алдыңғы графиктен де көре аламыз.

Дисперсиялық талдаудың мақсаты — орташа (топтар немесе айнымалылар үшін) айырмашылықтың статистикалық маңыздылығын тексеру. Бұл тексеру дисперсияны талдау арқылы, яғни жалпы дисперсияны (вариацияны) бөліктерге бөлу арқылы жүзеге асырылады, олардың біреуі кездейсоқ қателікке (яғни топ ішіндегі өзгергіштікке) байланысты, ал екіншісі орташа мәндердің айырмашылығымен байланысты. Содан кейін дисперсияның соңғы компоненті орташа мәндер арасындағы айырмашылықтың статистикалық маңыздылығын талдау үшін қолданылады. Егер бұл айырмашылық маңызды болса, нөлдік гипотеза қабылданбайды және орташалар арасындағы айырмашылықтың болуы туралы балама гипотеза қабылданады (Греене, 2017). Сонымен қатар, Excel бағдарламасының көмегімен дисперсиялық талдау нәтижелері берілген (кесте 5, 6).

328

Вестник Карагандинского университета

Кесте 5. Дисперсиялық талдау

 

df

SS

MS

F

маңыздылығы F

Регрессия

1

1257685815

1257685815

1678,904833

1,53022E-11

Қалдық

9

6741997,588

749110,8431

   

Барлығы

10

1264427813

     

Ескерту: автормен Excel бағдарламасында мәліметтерді талдау арқыл ы өңделген

Әсер етуші фактордың дисперсиялық талдаудағы үлесі — 99.47 % (1257685815), басқа да факторлардың әсері 6741997,588, үлесі — 0,53 %.

Кесте 6. Теңдеу параметрлері мен маңыздылық көрсеткіштері

 

коэффициенттер

Стандарттық қате

t-статистика

P-мәні

Төменгі 95 %

Жоғарғы 95 %

Y-қиылсуы

8136,242

842,435

9,658

4,77669E-06

6230,52

10041,96

X 1 айнымалысы

0,4532

0,011

40,974

1,53022E-11

0,43

0,478

Ескерту: автормен Excel бағдарламасында мәліметтерді талдау арқылы өңделген

Талқылау

Үй шаруашылықтары табыстарын зерттеу үшін келесі көрсеткіштер пайдаланылды: халықтың жан басына шаққандағы атаулы және нақты ақшалай табыстар; халықтың тұтынуға қолданылған табыстары және халықтың ақшалай табыстары.

Оның ішінде халықтың ақшалай табыстары әсер етуші фактор ретінде қарастырылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы Қазақстан Республикасының 2010–2020 жылдар аралығында халықтың ақшалай табысы мен шығындары арасындағы байланыс корреляциялық, регрессиялық талдау әдістері арқылы өңделді, сонымен қатар, Excel бағдарламасының «графиктер», «мәліметтерді талдау» сияқты мүмкіндіктері қолданылды.

Халықтың ақшалай шығыстары және халықтың атаулы ақшалай табыстары арасындағы байланыс зерттеліп, табыстар өскен сайын, шығындардың өсетіні және көрсеткіштер арасындағы байланыстың тығыздығы анықталды

Ғылыми маңыздылығы — құрылған модельдің адекваттылығы, мәнділігі Фишер және Стьюдент тесттері арқылы бағалануы. Зерттеу нәтижесінде қарастырылған модель шынайылыққа жақын.

Тұжырымдама

Регрессиялық талдау зерттелетін сипаттамалар арасындағы рөлдерді нақты бөледі. Корреляциялық талдау зерттеліп отырған мәліметтер арасында байланыс бар ма деген сұраққа жауап берді. Регрессиялық талдаудың мақсаты көрсеткіштер арасындағы байланыс қандай? Ол неге әсер етеді? деген күрделі сұрақтарға жауап береді. Анықталған байланыстың себептілік механизмін анықтау туралы айтпаймыз, яғни «неге байланыс бар?». Бұл қазірдің өзінде зерттелетін процестің физикалық (немесе әлеуметтік) табиғатын анықтауға қатысты арнайы зерттеу мәселесі болып саналады.

Табыс ұлғайған сайын халықтың шығындары да өседі, соған байланысты халықтың әл-ауқаты жақсарады.

Әдебиеттер тізімі

Об утверждении Методики по расчету (оценке) номинальных денежных доходов населения. Приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 21 сентября 2016 года № 214 [Электронный ресурс]. Режим доступа: //adilet.zan.kz.

Об утверждении Методики расчета доходов по результатам выборочного обследования домашних хозяйств по оценке уровня жизни. Приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 31 марта 2017 года № 55 [Электронный ресурс]. Режим доступа: //adilet.zan.kz.

Baltagi B.H. Econometrics / B.H. Baltagi // Springer Science & Business Media, 2011. — 425 P.

Florens J.P. Econometric modeling and inference / J.P. Florens, V. Marimoutou, A. Peguin-Feissolle, J. Perktold, M. Carrasco // Cambridge University Press, 2007. — 520 P.

Francis X. Diebold. Econometrics / X. Francis // University of Pennsylvania, 2019. — 215 P.

Greene W.H. Econometric Analysis / W.H. Greene // Hardcover. — Pearson, 2017. — 1176 P.

James H.S. Introduction to Econometrics. — Fourth edition / H.S. James, M.W. Watson // Pearson, 2019. — 805 Р. Jeffrey M. Wooldridge. Introductory Econometrics: A Modern Approach. — Sixth Edition / M. Jeffrey Wooldridge // Southwestern, 2020. — 115 P.

OECD Better Life Index. Retrieved from en.wikipredia.org

Sendhil Mullainathan. Machine learning: An applied econometric approach / Sendhil Mullainathan, Jann Spiess // Journal of Economic Perspectives, 2017. –– No. 31. — P. 87–106.

Аслаева С.Ш. Эконометрический анализ факторов бедности работающего населения. [Текст] / С.Ш. Аслаева, А.Ш. Гайсин, А.Г. Каримов // Азимут научных исследований: экономика и управление. — 2021. — Т. 10. № 2(35). — С. 12–15.

Гришина Е.Н. Денежные доходы как основной индикатор уровня жизни населения России. [Текст] / Е.Н. Гришина, И.П. Лаптева, Л.Н. Трусова // Statistics and Economics. — 2019. — Т. 16, № 3. — С. 15–23.

Корчуганова М.А. Лабораторный практикум по дисциплине «Эконометрика»: учеб. пос. / М.А. Корчуганова. — Томск: Изд-во Том. политех. ун-та, 2016. — 91с.

Севрюкова С.В. Формирование денежных доходов населения как социально-экономический аспект регулирования уровня жизни [Текст] / С.В. Севрюкова, О.Н. Коростелева // Науч.-метод. электрон. журн. «Концепт». — 2017. — № 11 (ноябрь). — С. 25–29.

Уровень жизни населения в Казахстане 2016–2020 [Электронный ресурс]. Режим доступа: https://stat.gov.kz

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.