Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жастардың түлғалық сана-сезімін қалыптастыруда «өзін-өзі тану» курсының алатын орны

Жеке тұлғаның ішкі жан дүниесіне жақындығымен ерекшеленетін “Өзін-өзі тану” пәні мазмұнды болып, сезімталдыққа тәрбиелеуі үшін онда көркем әдебиеттің, өнердің туындыларынан үзінділер дүрыс іріктеліп алынуы талап етіледі. әдеби материалдардың дәріс мазмұнымен үйлесімді ұйымдастырылуы нәтижесінде студенттің ішкі жан дүниесін қозғауға, ойын тербеуге мүмкіндік молаяды. Әдеби шығармалар табиғи және әлеуметтік әлемнің мәнді сипаттарын ашады, құбылыстар мен оқиғаларды типтендіреді. Дүрыс таңдалған әдеби кейіпкер баяндалып отырған құбылыстарды жан-жақты танытуға көмектеседі. Шығарманы талдау кезінде мәні терең қанатты сөздерді, ұлағатты сөз қалдырған тарихи тұлғалардың ой-пікірлерін, мақал-мәтелдерді де орынды пайдаланып отырған абзал. Студенттердің атақты ойшылдар, жазушылар мен ақындардың шығармаларынан алынған мәтіндермен жүмыс істеуі де олардың шығармашылық белсенділіктерін арттырып, жан тебренерлік сезімдерін тудыруына әкеледі және де руханилық, біртұтастық, дамытушылық, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына мүмкіндік туғызушылық, өз өмірлік ұстанымдарын жүзеге асыруына қажетті жағдай қалыптастыратыны даусыз.

Студенттерге адамзаттық мәні зор мәселелерді эмоционалдық-көркемдік бояуымен ұтымды етіп жеткізу үшін бейнелі салыстыруларды қолданып отырудың маңызы зор, өйткені өнер - ассоциацияның мықты тірегі. Қазіргі кезде дәрістерде жеке компьютерлердің, дыбыстық таспалардың, теледидардың, түрлі компьютерлік бағдарламалардың (Power Point) кең қолданылып келе жатқаны қуантады. Техникалық қүралдарды пайдаланудағы басты мақсат - оқу үрдісінің әсерлілігін арттыру, пәнді оқыту сапасын көтеру. Оқытудың техникалық құралдарын (ОТҚ) қолдану үстінде студеттің есту мен көру қызметін белсендіру арқылы оқу материалын есте сақтау қабілеті де шыңдала түседі. “Өзін-өзі тану” курсының жаңадан қалыптасып келе жатқандығын ескерсек, уақыт өте келе бүл пәнді оқытудың өзіндік ерекшелігіне сәйкес әлі де көптеген әдістердің өмірге келетіні сөзсіз. Сол әдістер арқылы студенттердің тек теориялық білімдерін ғана жетілдірмей, түрлі өмірлік жағдайларда да ол әдістерді тиімді қолдана білуге машықтандыру.

«Өзін-өзі тану» курсы студенттердің ойлау қабілетін оятуды коздей отырып, қазіргі таңда қолданылып жүрген дәріс-диалог оқыту үрдісінің шығармашылық бағытын өрістетудің басты шарты болып табылады. Диалог - студенттердің дәріс кезіндегі танымдық әрекетін белсендіре түсетін, ойлауына кең мүмкіндік беретін, оқытушы мен студенттердің ақиқатты бірлесе іздеуіне жол ашатын тілдесім түрі болғандықтан, қомақты проблемалық сұрақ қойып, соның негізінде проблемалық жағдаят туындатады да, аудиторияны сол сұрақтың шешімін табуға жұмылдырады. Мұндай сұрақтар бойынша кейде дәріс жүріп жатқан сол сәтте-ақ студенттердің өз пікірін бірден айтуы талап етілсе, кейде бұл сұрақтың жауабын өздік жұмыстарды орындау барысында шешуге тапсырма етіп беріліп, жастардың оны дәйекті және дәлелді талқылауына қалдыруға болады.

Кез келген дәрістің қортындысы рөлін атқаратын логикалық түйіні болуы тиіс. Дәріскер сабақта тек өзі ғана ой жинақтауымен шектелмей, студенттердің сүрақ қоюына да уақыт қалдыруы керек. Сол қойылған сұрақтарды талқылауға өздерінің де қатысуын талап етеді.

“Өзін-өзі тану” пәнінде семинар ұйымдастыру әдістемесі басқа да гуманитарлық пәндерде жүргізілетін семинар сабақтарын дайындау мен өткізудің әдістемесіне сай, оқу-тәрбие процесінің жалпы мақсатымен, заңдылықтарымен ұштасып жатады. Сонымен қатар өзін-өзі тану бойынша семинар жүргізудің өзіндік ерекшелігі де бар. Ол, ең алдымен, бұл пәннің жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделіп құрылуымен байланысты болады. Сондықтан да семинардың негізгі мақсатында студентке тек қана жаңа білім қорын беру көзделмейді, ең бастысы, студентті өз ортасы арқылы өзін-өзі бағалай білуге баулуға, шығармашылық ойлауға төселдіруге, қарым-қатынас мәдениетін меңгертуге басымдылық беріледі, талқылауға қойылатын мәселенің мазмүнын меңгеру үшін өзгелермен пікір алмасуға өз бетімен дайындық жүргізуі болып саналады.

Өзін-өзі тану бойынша семинар өткізу тәжірбиесі көрсетіп отырғандай, қарастырылатын теориялық қағидаттарды қызықты деректермен, мысалдармен , өмірлік мәні зор көрнекіліктермен, ғылым мен өнер саласындағы соңғы жетістіктермен сабақтастыруға айрықша назар аударылуы тиіс. Семинар үстінде шығармашылық пікірталастар, қызықты ой тартыстарын құра білген тиімді.

«Ойталқы» - оқу үрдісінің тиімділігін арттыратын, қойылған мәселенің шешімін бірлесе іздеудегі студенттердің белсенділігін күшейтетін әдіс. Сонымен бірге студенттен жеке-дара, өзіндік ізденісті талап етеді, әрқайсысының да өзіндік ой-пікірін қысылмай айтуға деген мүдделігін туғызады. Пікірталастар барынша тілектестік және әдептілік сипатта өтуі тиіс. Пікірталас әдебі оған қатысушылардың өз пікірін білдірудегі табандылығына, ой сабақтастырудағы тапқырлығына, әркімнің өз сөзіне үлкен жауапкершілікпен қарауына байланысты анықталады. Бұл, әсіресе, бір-біріне ескерту жасау үстінде, қарамаа қарсы пікірлер туындаған жағдайлардан жол тауып шыға алуынан айқын көрініс табады. Мүнда пікірталасқа қатысушылардың өз ойын терең мазмұнды әрі айшықты етіп айта алуы, ұғымдарды дәл қолдана білуі, сыни пікір айтуда қарсыласының сөзін бүрмаламай, оған сыйластықпен қарауы да шешуші мәнге ие болады. Кеңейтілген семинар-әңгімеде алдын ала мұқият ойластырылған нақты сұрақтарды айқындау арқылы өмірлік маңызды мәселелерді талқылауды ұйымдастыруға көп студенттерді тарта отырып, олардың пікірін, идеяларын жинақтап, жүйелеуге, әр түрлі пікірлерді өзара салыстыру нәтижесінде жастардың өзіндік көзқарастарын еркін білдіруіне мүмкіндік берілсе, “дөңгелек үстел” семинарына шақырылған маман-ғалымдар, өнер адамдары, қоғамдық ұйым өкілдері, мемлекеттік ұйым мүшелерімен студенттер ақпарат алмасады, олармен пікір таластыруға, өз сөзін дәлелдеуге, айтылған ойларға талдау жасауға үйренеді. Жастардың мәселені белсенді талқылауына, өздігінен шығармашылық ойлауына түрткі жасалынады және талқыланатын мәселені өмір тәжірбиесімен байланыстыруына мүмкіндік береді. “Дөңгелек үстелдің” ең ұтымды жағы болып, онда күрделі де өзекті мәселелерге қатысты білікті мамандардың пікірлерін біліп қана қоймай, студенттердің де өздігінен ой қорытып, жеке пікірін білдіріп, ой толғанысын ортаға салуына мүмкіндік туындауында. Бұл студенттердің өзіндік сана сезімдерінің қалыптасуына көп эсер етеді.

“Шағын полемикалық топтар” семинар сабақтары студенттердің алған білімдері мен қалыптасқан көзқарастарының негізінде ақиқат шындықты іздеп, шешуі қиын мэселелердің тетігін табу қабілеттерін тексеруге, күрделі тақырыптарда ой таластыру дағдыларының қалыптасуына жол ашады. Бірі мэселенің мэнін ашып, өз ұсыныстарын білдіріп жатса, ал екіншісі оларға қарсы дэйектер келтіріп, оппонент ретінде өзіндік көзқарастарын білдіреді, соның негізінде бірлесе отырып қалыптасқан жағдаяттан шығудың бірнеше жолдары ұсынылып, соңында тиімді бір шешімге келу мүмкіндігі туындайды. Семинардың сэтті шығуы, негізінен, бүкіл жүмыстың режиссері қызметін атқаратын жетекшінің білімділігі мен құзіреттілігіне, оның жүмыс үстінде жағымды психологиялық ахуал қалыптастыра алуына, семинар мүшелерінің ашық-жарқын көңілмен еркін сөйлесуіне мүмкіндік туғыза біліуіне, пікірталас эдебінің қатаң сақталуын қамтамасыз етуіне байланысты болады.

Өзін-өзі тану - өзін, өз бойындағы қабілеттердің ішкі элеуетін, өзінің дара тұлғалық, интеллектуалдық жэне мінез-құлық ерекшеліктерін, өзге адамдармен қатынас дәрежесін тану деген сөз. Өзін-өзі танудағы жеке тұлға өз танымының негізгі субъектісіне айналады, мұнда эр адам өзіне таным нысаны ретінде қарайды. Өзінің жан элеміне үңілу “Мен кіммін?”, «Мен жэне басқа адамдар», «Мен жэне қоршаған элем», «Менің бқл өмірдегі орным» жэне осындай т.б. эр адамды толғандыратын сүрақтар төңірегінде өзімен-өзі диалог қүру нэтижесінде жүзеге асады. Студенттің өзін-өзі тану дэрежесі эрекет үстінде шынайы көрініс табатын, түйсіну немесе түрлі өмірлік жағдаяттардағы рефлексия кезінде айқын аңғарылатын, өзіндік тапсырмаларды шешуде нақтылана түсетін білім мен эрекеттің бірлігінен көрінеді. Осы орайда «Психологияны оқытудың эдістемесі» еңбегінің авторы В.Я.Лядус адамның психологиялық таным қабілеттері мен эрекет ету қабілеттерінің бірлігі оның өзгелерді тану қабілеті мен өзін-өзі тану қабілетінің бірлігін жүзеге асыру мақсатын көздей отырып қалыптасатынын атап көрсетеді. Осы пайымдаманы басшылыққа ала отырып Б.Бадмаев «Өзін-өзі тану» пэнін эдістемелік жағынан қамтамасыз етуде психологиядағы затты танудың мынадай жолдарын ұстануға болатыны туралы ой қорытады: танушы мен танылушы арасындағы диалогтің таусылмайтыны секілді адам өзін-өзі тану барысында да оның өзінің ішкі элемімен жүргізетін диалог ешқашан толастамайды; өзін жэне өзгелерді эдеби шығармалар арқылы тану кезінде адам символдар элеміне «ауысады», сол жағдаяттарды өз басынан өткеріп отырғандай күй кешеді, бейнелі айшықты ойлауға дағдыланады; өзінің ішкі ойын, пікірін, эрекетін, болмысымен қалпын түсіндіруі негізінде жүзеге асатын өзіндік Әрекеті үстінде жеке тұлғаның өзін-өзі жэне өзгелерді тануға деген құлшынысы арта түседі. Мүнда студенттердің қалыптасуының сапалық деңгейін, әрекет мотивтерін, қажеттіктерін, қызығушылықтарын, құндылық бағдарларын анықтауға мүмкіндік беретін диагностикалық әдістердің (түрлі сипаттағы тестілер, портфолио әдісі) маңызы үлкен.

Белсенді оқыту әдістері ешкімді де танымдық әрекеттен тыс қалдырмайтындай оқу үрдісін ұйымдастыруға жол ашады. Студенттерді оқу үрдісіне тартуға белсенді оқыту технологиясының мынадай ерекшеліктері себеп болады: студентті белсенді ойлау мен әрекетке тартуға оңтайлылығы; студенттердің эмоциялық күйін арттыруға және сабаққа шығармашылық сипат дарытуға ыңғайлылығы; студенттердің өзара және оқытушымен бірлескен әрекетін жүзеге асыруға бағытталатындығын; ұжымдық күшті қалыптастыруға бейімділігі.

Іскерлік ойын - ойын тәсілімен кәсіби немесе өзге де қызметтердің моделі түріндегі үқсас имитациялық жағдаяттар тудырып, белгілі бір қағидалар негізінде студенттің өмірлік дағдыларын шыңдау әдісі. Белсенді оқыту технологиясы бойынша оған қатысушы студентке шынайы өмірмен барабар жағдаяттар үстінде белгілі бір шиленісті мәселеден жол тауып шығу тапсырылады да, оларды дүрыс ұйымдастырудың шарттары мен ережелері туралы мағлүмат беріледі. Бұл студенттің ойына салмақ түсіре отырып, дүрыс жолды таңдауына еркіндік береді.

Пікірталас - студенттердің өзара пікір алмаса отырып топтық міндеттерді үтымды әрі нәтижелі шешуіне мүмкіндік туғызатын бірлескен ұжымдық әрекет түрін ұйымдастыру әдісі. Пікірталасқа қатысушылар белгіленген мәселе төңірігінде өз пікірлерін қорғауға ұмтылады, соның нәтижесінде студенттер бір- біріне логикалық тұжырымдары, өзіндік көзқарастары арқылы эсер етеді, жаңа пікірлер қалыптасады, ой-өрістері кеңейеді. Пікірталас, студенттерді өзара қарым- қатынас жасауға үйретуді көздейді, студенттердің мэдени дүниетанымының, жалпы дамуының деңгейін, олардың ақыл-ой дәрежесін, тапқырлығы мен тыңдау мэдениетін, пікірталас ережелерін сақтау эдебін, жолдастарына интеллектуалдық жэне эмоциялық тұрғыдан ықпал ету қабілетін болжауға да мүмкіндік береді. Пікірталас барысында студенттің өмір шындығын тереңдей тануына, оның өзіне беймэлім сырларын түсінуіне жол ашатын психологиялық ахуалды, эмоциялық көңіл күйді басынан өткеруі нэтижесінде алған білімдерін өзінің жүрегінен, ақыл сүзгісінен өткізіп, өзіндік ой-пікірін өзгелермен ашық та еркін бөлісуіне қажетті алғышарттар жасалады. Мұнда студенттердің белсенділігі артады, олар танымдық эрекеттің субъектісіне айналады. Пікірталас әдісі мынадай міндеттерді шешуге көмектеседі:

  1. қатысушыларды шынайы жағдаяттарға талдау жасауға, сондай-ақ маңызды мен қосалқыны бір-бірінен айыра білуге, өзекті мәселені анықтауға үйретеді;

э) тыңдауға дағдыландырады жэне өзгелермен өзара эрекет етуге үйретеді;

  1. ең қабілетті деген адамның өзі жеке шеше алмайтын мэсеселерден құралған аса күрделі жағдаяттарды модельдеуге төселдіреді; мүндағы басты талап - шешім жасуда көпшіліктің шешуші рөл атқаратынын көрсетеді;
  2. көптеген мэселелерді шешудің бірнеше жолдары бар екенін нақты жағдаяттар арқылы танытады.

Американдық психолог А. Осборн үсынған “Ойға шабуыл”(1941ж.) - күрделі мэселелердің шешімін бірлесе іздеу жолымен студенттердің ойлау қабілеттерін белсендіру эдісі. Оқу процесіндегі “ойға шабуыл” ешкімнің мэжбүрлеуінсіз, құрамында өз еріктерімен біріккен 5-6 студент бар топтар арасында жүреді. Мұнда ешқандай сын, өзін-өзі сынау болмайды, ең тосын, тіпті шындыққа еш жанаспайтын идеяның өзі де қабылданып, топтық сараптаудан өтеді. Оған қатысушылардың әрқайсысының нақты қызметі болады: топбасшы, жаңашыл, консерватор, конформист, насихатшы, талдаушы және т.б; талқылау барысында әркім өзінің қызметіне сәйкес өз пікірін білдіріп отыруы қажет. Ton іштей бірнеше шағын топтарға бөлінеді. Рейтинг жолымен курс мазмүнындағы күрделі де өзекті тақырып таңдалады. Шағын топтар бірлесе отырып мәселені шешеді, содан кейін сол ойларын жалпы топ алдында талқылауға үсынады (эр топтан әр түрлі рөл-қызметтің өкілдері сөйлейді). Барлық жүмыс өте жылдам әрі ұйымдасқан түрде атқарылады. Бұл әдіс тек қана қарым-қатынас мәдениетіне үйретіп қоймайды, сонымен қатар жастардың шығармашылық әлеуетін ашады, ойлаудағы таптаурын пен біртектіліктен арылтады.

Белсенді оқыту технологиясының жоғарыда айтылған әдістерінің өзіндік артықшылары мол: оларды дүрыс әрі максатты түрде қолдану арқылы оқытудың дамытушылық қызметін арттыруға болады, студенттерді іздендіруге мол мүмкіндік береді, студент пен оқытушыны жағымды эмоциялық күйге бөлейді.

Қақтығыстар мен нақты жағдаяттарды талдау әдістері негізінен кейс-әдістің (“case” ағылшын тілінен аударғанда - жагдай дегенді білдіреді) түрлі атаулары болып табылады. Ол - күнделікті өмірде, кәсіби тәжірбиеде кездесетін түрлі жағдаяттарда шешім жасауға негізделген пікірталас сипатындағы оқыту әдісі. Нақты жағдаяттарға талдау жасауға шығармашылықпен келу қажет. Әдетте жағдаяттар үш түрге жіктеліп беріледі: таныс жағдаят - оны шешуде ұқсас үлгілерді басшылыққа алуға болады. Сондықтан олардың шешімі де, әдісі де стандартты болып келеді; ұқсас жағдаят - дәлме-дәл бірдей болмағанмен, көп ұқсас белгілері бар, түпкі негізі де ортақ болып келетін жағдаяттарды өзара салыстыра отырып, нақ осы жағдаятқа қажетті ең оңтайлы шешімді таба білу де студенттер үшін үлкен сын: бейтаныс жағдаят - бұрын-соңды өмір тәжірбиесінде мүлдем кездеспеген жаңа жағдаятты басқа бір құбылыспен салыстыруға болмайды, бірақ шешілмейтін мәселе жоқ екендігін ескеріп, оның жолын табуға ұмтылу қажет. Мұндай жағдаяттарды талдауда студенттер өзіндік ізденіс жасап, біршама қиыншылықтарды бастан кешіреді. Асылы, оқу процесінде студенттерге таныс, шынайы өміріне жақын, бүрын кездескенмен, білімі мен білігінің кемдігінен шеше алмаған жағдаяттарды таңдаған жөн. Оқу тәжірбиесі ойдан шығарылған, жасанды жағдаяттардың студенттер тарапынан дұрыс қабылданбайтынын көрсетіп отыр.

Кейде жағдаяттарды қосалқы ақпараттармен толықтырып, күрделендіруге де тура келеді. Осындай тапсырмалар арқылы көп ақпараттың ішінен студенттердің өзіне ең қажеттісін іріктеп алуына, өз шешімін жасауына мүмкін беріледі. Жаңа жағдаяттарды ұсынғанда студенттер оны шешудің әлденеше нұсқасын табуы да мүмкін және олардың бәрін де дүрыс ой-пікірлер кездесуі ғажап емес. Бұл жағдайда оқытушы мен студенттер бірлесе отырып нұсқалардың ішіндегі ең ұтымдысы, тиімдісі қайсысы екенін анықтауы көп нәтижеге жеткізеді, сол арқылы студенттер тиімді шешімді бірлесе іздеп табу кезінде шығармашылықпен әрекет ететін болады. Жеке тұлғалық қатынас тұрғысынан алғанда нақты жағдаяттарды талдау әдісі әлеуметтік сезімталдықты тәрбиелеудің де құралы болып саналады. Ол сезімталдық біздің жастарға әсіресе қазіргі заманның қиын қыстау шытырман қүбылыстарына дүрыс баға беруіне көмектеседі.

«Өзін-өзі тану» курсының мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтарды танытуға бағытталып, студенттердің басқа адамдармен өзара әрекетке түсу қабілетін шыңдайды, жеке тқлғалық және кәсіби сапаларын дамытып, жетілдіреді. Алдағы өмірінде кездесетін сан алуан жағдаяттардан өздігінен жол тауап шығуына қажетті білім, білік, дағдыларын меңгеруіне қолайлы шарт жасап, жағдай туғызады және кәсіби қызметінде бәсекеге қабілеттілік деңгейін жетілдіреді. Ең бастысы, әр жастың өзіне деген сенімін арттырады. «Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады», деп атақты философ Л.Фейербах айтқандай, жастарға бағыт беруші рөлін атқарады.

 

Әдебиет:

  1. 1. Жоғары оқу орындарында өзін-өзі тану пәнін оқыту әдістемесі:Мұғалімдерге арн. оқу- әдіст.құрал. - Алматы: «Бөбек» ҰҒПББСО, 2007.
  2. 2. Өзін-өзі тану: Оқытушыларға арн.әдіст.құрал. Қурастырушылар:Нұркссва С.С.. Hypoe ко в С.Ж. - Алматы: «Бөбек» ¥ҒПББСО,2007.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.