Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мектепке бейімделмеудің психологиялық мшездемесі

Қазіргі таңда еркін, жеке тұлғаны қалыптастыру заман талабы. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2050» атты стратегиялық бағдарламасында халықтың білім алуымен жастардың тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Онда: «Біздің басты оң игіліктеріміздің ішінде - халқымыздың сапасы тұр. Біздің ғылым және шығармашылық әлеуметінің деңгейі жоғары білім өрісі биік халқымыз бар.... Біз қолымыздағы осындай баға жетпес капиталды жан-жақты дамытуға және оның дамуы үшін барған сайын жаңа әрі неғұрлым өркениетті жағдай туғызуға тиіспіз», - дейді [1].

Еліміздің егемендік алып, дербес даму жолына түсуі қоғам өмірінің барлық салаларында елеулі өзгерістер туғызып жатқаны баршаға мәлім. Қазіргі таңда ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне ерекше көңіл аудара отырып, сапалы білім беру талаптары қойылып отыр. Оның ішінде мектепте сапалы білім алу мектепалды дайындығына және балабақша мен бастауыш мектептің сабақтастығымен тығызбайланысты. Бүгінгі таңда мектепке дейінгі жэне бастауыш сыныпта оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты, мазмұны, әдіс - тәсілдері арасындағы сабақтастық сақталмай отырған жағдайлар байқалады. Соңғы жылдардағы халыққа білім беру ісіне байланысты жаңа өзгерістер мектеп өмірінде түбегейлі өзгерістерді тудырып отыр. Oh екі жылдық білім беру жүйесіне көшудегі алты жастан оқытуға қарсы көзқарастар да бүқаралық ақпарат құралдарында көп кездесіп келеді. Мектептегі баланың оқудағы қиындығын оның жасынан іздемеу керек, оның дене, психологиялық, әлеуметтік дайындығының дұрыс бағытта жүргізілмегендігінде. Біз пікірімізді психологтардың зерттеулерімен дәлелдеуді жөн көрдік. Бала дамуының жас кезеңдері оның мектепке бейімделуіне бірден - бір шарт бола алады.

Белгілі психолог Выготский Л.С. баланың жас кезеңдерін олардың басынан өтетін дағдарыстарына байланысты түсіндіреді. Соның ішінде жеті жастағы дағдарысты атай келе, баланың мектептегі оқуға 6,5 жаста баруын, 7 жастағы дағдарыс баланың мектепке бейімделуіне тиімді емес деген.7 жастағы дағдарыс дегеніміз баланың қатынас жүйесіндегі өзінің бұрын қабылдағанындағы өзгерістерге байланысты пайда болады. Божович Л.И. 7 жастағы дағдарысты «баланың әлеуметтік «Мен» дегенінің туу кезеңі. Мұндай өзінің құндылығын асыра бағалауы ішкі фактордың ықпалымен баланың ішкі позициясының өзгеруі» - деп түсіндіреді. Мұның өзі баланың жеке тұлғалық дамуына дайындық болып саналады[2].

Кулагина Л.Ю. «Возрастная психология» атты еңбегінде дағдарыс баланың 6 немесе 7 жасқа келгенінде емес, кейбір балаларда 6 жасында өтсе, екінші бірінде мектепке келген соң 8 жасында өтуі мүмкін және көпшілік балаларда мектептегі оқудың әсерінен барып көріне бастайды. Себебі бала мектептегі жаңа әлеуметтік жағдайға түсіп, бұрынғы ойынға байланысты құндылықтарынан айырылады. ¥зақ қызығып ойнайтын бала бірте-бірте ойыннан алшақтай бастайды. Өмірінің негізі ойын емес екендігін көпке дейін түсіне алмайды. Сонымен алты жастағы оқушының ішкі дүниесі сыртқы жағдаймен сәйкес келмеуі жеті жастағы дағдарысқа әкеліп соқтыруы мүмкін. Бүгінгі тәжірибе көрсетіп отырғандай алты жастағы бала қыркүйек айында сондай мақтанышпен мектепке келгеннен кейін, казан айында мектеп өмірінен қатты көңілі қалады. Erep балабақшада мектепалды дайындауда бала өздігімен өте алмаса, жеті жаста мектептегі оқу әрекетінің негізінде пайда болады. Сондықтан баланы мектепке алты жасында да, жеті жасында дадайын болуы мүмкін, тек екі буын арасындағы сабақтастық сақталған жағдайда гана. Мектепалды дайындаудың мақсаты: оқу әрекетін игертуде білуге құштарлық, қиялы кең, еркіндік жеке тұлғалық сапалар меңгеруі қажет[3].

6-7 жастан 10 жасқа дейінгі балалар кіші мектеп жасындағы балалар болып саналады. 6 жастан бастап бала ағзасында анатомиялық-физиологиялық пісіп- жетілу болады. Сондықтан 6-7 жастағы балалар өте шапшаң қозғалып, эмоционалдық қозғыштығы жоғары болады. Бір орында тұрақтап отыра алмайды, зейіні тұрақсыз, сабақ үстінде көп алаңдайды. Балалар сабақта 25-30 минуттан кейін шаршай бастайды.

1-сыныпқа келген бойда-ақ балалар жақсы үлгеретін және үлгермейтін болып бөлінеді. Бірақ, барлығында да мектепке бейімделу кезеңі ең қиын кезең болып саналады. Бұл кезең 4 аптадан 7 аптаға дейін созылады.

Бірінші сыныпқа келген балалардың қиыншылықтарының түрлеріне тоқталсақ:

І.Ақыл-ой кемістігі және психикалық дамуындатежелуі бар балалар;

2.0рталық жүйке жүйесіне зақым келген балалар;

З.Психологиялық бақылауы жоқ балалар;

4.Интеллектуалды-пассивті.

Ал, Ресей балалар психоневрологтары В.П. Петрунек және Л.Н. Таран мектепке қиыншылықпен енетін оқушыларды екіге бөледі:

І.Біріншілері тынымсыз, тез алаңдайды, бір нәрсеге ұзақ уақыт көңіл аударып тұрақтай алмайды, сұрақты соңына дейін тыңдап болмай жауап беруге асығады. Арифметикалық есептің жауабын немесе оқылған әңгіме мазмұнын ойланбай айта салады. Бұндай балалар бастаған ісін аяғына дейін аяқтамайды. Суретті аяқтамай салады, кез келген тапсырманы аяғына дейін орындамайды. Олар сабақ үстінде көп қозғалады, басқа балаларға көп кедергі келтіреді.

2.Екіншілері өздерін керісінше, жақсы ұстайды, бірақ, тым сылбыр. Олар мұғалімнің айтқанын орындауға тырысады, бірақ өздері еш нәрсеге қызығушылық, белсенділік танытпайды. Шектен тыс жай қозғалатын жүйке жүйесінің тез әлсіреуіне байланысты. Ақыл-ойға түскен кішкене ғана ауыртпалық бүндай балаларды қатты уайымға әкеп соқтырады. Мүғалім сабырлық танытып оқу материалын асықпай, жайлап түсіндірсе бала меңгере алады [4].

Баланың мектепке баруына байланысты болатын психологиялық өзгерістер жайлы айтатын болсақ, ондабаланың психикалық дамуының әрбір кезеңі оның іс- әрекетінің негізгі, жетекші түрімен сипатталады. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалық шақта ойын іс-әрекеті жетекші болады. Бұл жастағы балалар үйреніп, тіпті шамашарқынша еңбек етіп жүрсе де, олардың бүкіл болмысын анықтайтын шынайы стихия әр түрлі ойындар болып табылады. Ойын үстінде қоғамдық баға беруге тырысушылық пайда болады, қиял және символиканы пайдалана білуі дамиды. Осының бәрі баланың мектепке даярлығын сипаттайтын негізгі сәттер болып табылады [5].

М.Н. Лобанова бойынша бірінші сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың негізгі үш типі бар. Олар:

Олардың бірінші циыншылыгы жаңа мектеп режимі ерекшеліктеріне байланысты дер кезінде ояну және тұру керек, сабақты жіберуге болмайды, барлық сабақтарда тыныш отыру талап етіледі, үй тапсырмаларын орындау қажет және т. б. Тиісті дағдылар болмаса, балада әдеттен тыс шаршау, оқу жүмысын бүзу, режимді жіберіп қою пайда болады. Жеті жастағы балалардың көпшілігі психологиялық-физиологиялық жағына қажетті дағдыларды қалыптастыруға даяр болады. Тек қана мұғалім мен ата-аналар бала өміріне қойылатын жаңа талаптарды түсінікті де айқын өткізуі, олардың орындалуын әрдайым тексеріп, балалардың жеке-дара ерекшеліктерін есепке ала отырып, мадақтау мен жазалау шараларын қолданып отыруы қажет.

Бірінші сынып оқушылары бастан кешіретін циыншылыцтардъщ екінші типі мұғаліммен, сыныптағы жолдастарымен, отбасында болатын қарым- қатынастардың сипатынан туындайды. Балаға қарап жылы жүзбен жымиюдың аса маңызды әсері туралы И.М. Юсупов былай деді: педагогикалық қарым-қатынаста балаға қарап жымию баламен диалогтың ең қажетті құралы болып табылады. Тек қана оқу процесінде емес, жай қарым-қатынастарда да бастауыш сынып жастарындағы балалар мен жасөспірімдерді жылы жымиыспен ынталандырудың маңызы зор. Балаларға мүмкіндігінше жылы шырай таныта және мейірбан бола отырып, мүғалім қайткенмен беделді де қатал тәлімгер болып табылады, ол белгілі бір мінез-құлық ережелерін ұсынып, одан ауытқудың қандайын болса да тоқтатып отырады. Ол үнемі балалардың еңбегіне баға береді.

Бастауыш сынып жасындағы бала әр түрлі жағдайларды өз қиялында бейнелей алады. Мектепке барған алғашқы жылдарында балалар элі де үлкендер тарапынан қамқорлықты қажет етіп тұрса да, бірте-бірте ата-аналарынан өздерін алшақ үстайды.

Мысал үшін М.Н. Лобанованың мына бір оқиғасына ерекше тоқталып кетуге болады. Баланың мектепке баруымен оның отбасындағы жағдайы өзгереді. Оның жаңа міндеттері мен жаңа құқықтары пайда болады (мысалы, оқушыға үй тапсырмасы үшін ерекше орын жэне уақыт болу керек, оның күн режимімен санасу керек). Көпшілік отбасында баланың бүл құқықтары құрметпен қабылданып, толық қанағаттандыратынын тэжірибе көрсетіп отыр. Тіпті мынадай көрініс жиі байқалады, үлкендердің қарым-қатынасын жэне олардың “мектеп еңбектерінің” тілектерін дереу қанағаттандыруға дайын тұратындығын сезген кейбір балалар өздерінің жағдайын өктем пайдаланып, үйде өздері оқушылар- басшы тұлға болатын тэртіпті орната бастайды. Ал бұл енді оқушының ерекше өзімшілділігі пайда болуына экеліп соғуы мүмкін. Сондықтан үй ішінде бірінші сынып оқушысына көңіл бөлуді оған отбасының басқа мүшелерінің де маңызы еш кем емес мүдделері мен қамы-қаракеті бар екенін көрсетумен ұштастыру керек. Бала олармен санасып, үй іші істерінің жалпы ағымында өзінің мектептегі қақтығыстарын шамадан тыс корсете бермеуі керек.

Қиыншылыктароыц үшінгиі тшііи бірінші сыныптағы көптеген оқушылар оқу жылының ортасына таман сезіне бастайды. Алғашқы да олар сабақ басталардан көп бұрын мектепке қуана барды, кез-келген жаттығуларға ықыласпен кірісті, мұғалімнің берген бағасына мақтанышты, олардың білімді игеруге жалпы даярлықтары сезіліп тұрды. Бірақ бірінші сыныпта оқу процесі эдетте балалар белгілі бір даяр білім мен анықтамалар алып, оларды есте сақтап, қажетті жағдайларда қолданатындай етіп жасалған. Әдетте, бұл білімдерге деген қажеттілік арнайы қарастырылмаған. Әрине, мұндай жағдайларда баланың ақыл- ой ізденісінің өрісі тар, таным дербестігі айтарлықтай шектеулі болады. Осыған ұқсас сабақтарда оқу материалдарының өзіне ықылас нашар қалыптасады. Мектептің сыртқы атрибуттарына үйрену дэрежесіне қарай балада оқуға деген алғашқы құштарлық өте бастайды да осының нэтижесінде селқостық пен немқұрамдылыққа салынады. Мұғалімдер кейде материалға сырттай қызықты элемент енгізе отырып, оларды жеңуге тырысады. Бірақ бұл эдіс аз уақыт қана ықпал етеді [6].

Пэн бойынша дайындаудан оқи алатын, санай білетін, жаза алатын, бірақ сенсорлық тэжірибесі таяз, бақылай, салыстыра алмайтын, өзгерісті байқай білмейтін, зейіні тұрақсыз, бейнелі ойлауы томен, құрастыру тапсырмаларын орындай білмейтін, қарапайым шығармашылық тапсырмаларды орындай алмайтын балалар мектепке жіберіліп отыр. Осы тұста Л.С. Выготскийдің «Оқи білетін баладан оқи білмейтін баланың ақыл-ой дамуының айырмашылығы неде?» деген сұраққа жауабын еске түсіруге тура келді. ¥лы психолог былай деген: «Оқи алатын баланың оқи алмайтын баладан бір гана айырмашылыгы бар, ол сол бала, тек сауатты, бірақ ақыл-ойына ешнәрсе де қосылмайды».

Сол тәрізді осы кезеңдегі балалардың даралық ерекшелігіне және оның дамуына мән беріліп жағдай жасалуы қажет. Балабақшада әрбір баланың даралық ерекшелігі ойын әрекетінде, құрастыру, бейнелеу өнерінде ашылады. Ал бастауыш мектепте оқушылардың даралық ерекшелігі ашылуына еңбек, музыка, бейнелеу, дене шынықтыру пәндері берілсе, өкінішке орай оның орнына үлгере алмаған ана тілі, жазу, математика сабақтарын жүргізбесі бар ма?.

Алты жасар балаларды оқыту - оңай міндет емес. Ш.А. Амонашвилидің айтуынша, алты жастағы балаларды бірінші оқу жылында оқушы деп толық есептеуге болмайды, олар - енді ғана қалыптасып келе жатқан оқушылар.Алты жастағы балалардың жеті жастағы балалардан айырмашылыгы:

  • Біріншіден, зейіні тұрақсыз болғанымен, қабылдау қарқынды келеді;
  • Екіншіден, танымдық қабілеті жоғары;
  • Үшіншіден, ұйымдастырылған түрлі әрекеттерге белсенді.

Сондықтан оларға арналған оқыту үрдісінің өзіндік ерекшеліктері болуы шарт.

Білім мазмұнының көлемі шағын, құрылысы қарапайым болуымен қатар, білім беру мен тәрбиелеу баланың жеке тұлға ретінде дамуына бағдарлануы тиіс. Сондай-ақ оқыту үдерісіндегі түрлі әрекеттер ойынға негізделіп құрылуы қажет. Үлы педагог В.А. Сухомлинский «Баланың ақыл-ой дамуын, қызығушылығын, қабілетін, бейімін білмей оны тәрбиелеуге болмайды» - дейді. Алты жасар бала мен жеті жасар баланың тек жас айырмашылыгы ғана бөліп тұрған жоқ, олар физиологиялық, психологиялық, адамгершілік даму жағынан да ерекшеленеді. Оларды оқыту мен тәрбиелеу түрліше болуы керек. Баланың мектепке дайындығын қалай анықтауға болады? Бұл мәселеге байланысты бүгінгі күні қолданылып келе жатқан тәсілдер көп. Осыған дейін мектепке баратын балалардың жеке бас ерекшеліктерін зерттеу көбінесе, формальды түрде жүргізіліп келді. Әр баланың дамуы әр түрлі жолмен жүреді. Оқытудың басынан бастап балаларды бір-бірімен салыстырмау керек. Мүғалім бастапқы деңгейден әр баланың жалпы дамуын қадағалайды. Бұл баланың тұлғалық дамуына бөгет болып тұрған себептерді анықтауға және алдын алуға көмек жасайды.

Балалардың мектепке дайындығының маңызды бір көрсеткіші - олардың физиологиялық дамуы мен жалпы денсаулық жағдайы. Физиологиялық даму жағынан кейбір артта қалушылықтың объективтік көрсеткіштермен салыстырғанда, алты жасарлардың психологиялық, интелектуалдық, адамгершілік, әлеуметтік дамуы мектептегі оқуға тұтастай бөгет жасамайды, бірақ баланың физиологиялық жағынан дамуына көңіл бөлуге, дене бітімінің қисаюын, алыстан көрмеушілік, жалпақтабандылық сияқты аурулардың алдын алуға міндеттейді. Мектептегі жағдай алты жасар баланың жеке дамуына игі ықпал ететіндей гигиеналық талапқа сай болуы тиіс.

  • Баланың мектепке бейімделу нышандарын мынадан байқауға болады: Біріншіден-оқу үдерісіне қанағаттануы. Оган мектепке барған ұнайды, ол өзіне сенімсіздік танытпайды және қорықпайды.
  • Екіншіден - баланы бағдарламаны жеңіл меңгеруі үшін осы қиын кезде қолдау жасауы керек. Баланың баяулығын сынамауы керек. Erep мектеп қарапайым және бағдарламасы дәстүрлі болып, ал бала оқу кезінде қиналатын болса, онда оған қиын сәттерде көмек көрсетіп, баяулығын, білмейтіндігін сынау, сондай-ақ басқа балалармен салыстырмау қажет. Эр бала ерекше әрі әр түрлі.

К вопросу об использовании детских произведений
в процессе конструирования на занятиях изобразительной деятельности

  • Табысты бейімделудің келесі нышаны - баланың оқу тапсырмаларын оз бетімен орындау деңгейі, тапсырманы өзі орындай алмаса, улкендерден комек сұрауы. Көбінесе ата-аналар баласына соншалықты ынтамен «көмектеседі», кейде бұл қарсы нәтиже болуы мүмкін. Оқушы ата-анасымен немесе жақындарымен бірлесе сабаққа дайындалуға үйреніп алады. Мұндай жағдайда сіздің көрсететін көмегіңіздің шегін белгілеп алу қажет.
  • Баланың мектептегі ортасы толысымен қосылуының ең маңызды нышандарының бірі оның сыныптастарымен, мұғаліммен тұлғааралық қарым - қатынас жасаудағы қанағаттануы болып табылады. Осы кезеңде бірінші сынып оқушысы белсенді түрде қарым - қатынас жасайды, балалар ортасынан өз орнын іздейді, басқа балалармен серіктесуге үйренеді және өзіне көмектесуге қарсы болмайды [7].

Қорыта келе, баланың мектепке келуі оқушыдан оның айналасындағы барлық қатынасының қайта құрылуын талап етеді. Баланың жеке тұлғалық даму мәселелерінің сәтті шешім табылуының нәтижелі болуы, оқыту сапасын жоғарылату, балалардың мектепке дейінгі мекмедегі оқуға деген дайындық дәрежесін есепке алумен байланысты.Балада мектеп оқуына керекті компоненттердің бәрі де уақтылы қалыптастырып отырылуы керек. Әсіресе баланың оқу тапсырмасын қабылдай білу қасиетін, өйткені бұл қасиет баланың оқуға деген ынтасын көтеретін қасиет.Ал оқуға ынтасының көтерілуі баланын мектеп өміріне мейілінше аз уақытта бейімделіуіне көмегін тигізіп отырады.

 

Әдебиет:

  1. «Қазақстан - 2050» стратегиясы: Бір мақсат, бір мүдде. бір болашақ//Егеменді Қазакстан, 15 желтоқсан 2012 жыл.
  2. Жиенбаева С.Н. «Мектепке дейінгі жэне бастауыш білім беру сабақтастығының мәселелері». -№5(5) 2006., - Б. 3-6 - «Мектепке дейінігі білім».
  3. Кулагина Л.Ю. «Возрастная психология» M.1997. 1206.
  4. А.Исмагулова «Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделу мәселесі» -№9(75) 2014, - Б. 33-34. - «Мектеп психологиясы».
  5. Ф.Н. Жүмабекова «Мектепке дейінгі педагогика» - Астана: Фолиант. 2008. -1316.
  6. К.Кунаева «Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделу ксзеңінің ерекшеліктері». -№10(64) 2013., - Б. 40-41- «Мектеп психологиясы».
  7. «Алты жасар балалардың мектепке бейімделуі» //Білім шапағаты. 7 желтоқсан 2012 жыл.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.