Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Техникалық мамандықтарда пәндерді көптілділікте оқыту мәселелері

Андатпа

Бүгінгі күні кәсіби іс халықаралық сипат алуда. Шет тілде тілдесу болашақ маманның кәсіби ісінде маңызды компонентке айналуда және нақты кәсіби. іскерлік. ғылыми салалар мен жағдайларда өзектілік алып жатыр. Зерттеудің мақсаты көптілді білім беру жағдайындағы студенттерді оқытудың әдіснамалық сүрақтарын қарастыру қажсттілігі. Қойылтан мақсатттарды орындау үшін келесі зерттеу әдістері қолданылды: теориялық - философиялық. психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдіснамалық әдебиеттерді зерттсу және талдау. эмпирикалық - педагогикалық бақылау, студенттік жүмыстарды талдау. педагогикалық тәжірибе мсн жаппай педагогикалық тәжірибе, әңгімелесу, сауалнама жүргізу: зерттсу нәтижелерін статистикалық өндеу, оларды педагогикалық талдау, тәжірибе-іздестірушілік жұмысты өткізу. Тәжірибелік маңыздылық техникалық мамандықтар студенттері үшін IT пәндерін оқытуда тиімді болатын көптілді білім беру әдіснамасын дайындауға негізделеді. Қарастырылған әдіснама көптілді білім беру жағдайындағы техникалық мамандықтар студенттеріне IT пәндерін тиімді оқытуға мүмкіндік береді.

Қазіргі заманғы жағдайларда кәсіби әрекет интернационалдық сипатқа ие болуда. Шет тілді қарым-қатынас болашақ кәсіби маман ісінің елеулі құрамдас бөлігі болып және нақты кәсіби, іскерлік, ғылыми салалар мен жағдайларда маңыздылыққа ие болып жатыр.

Шет тілді білу болашақ мамандардың кәсіби ісінің әр түрлі көрінісін жүзеге асыруға мүмкіндік береді: жаңа тенденциялармен, дереккөздермен, сәйкес саладаға зерттеулермен уақытылы танысу, сыни ұғыну және мәдениеттерді салыстыру, шетелдік әріптестермен байланыс орнату, конференцияларға қатысу, ғылыми жұмыстарды, баяндаманың тезистерін және т.б. жазу арқылы маманның кәсіби құзыретінің дәрежесін арттыруға жағдай жасайды.

Шет тілін болашақ маманның кәсіби бағытының қалыптасу құралы ретінде қарастыра отырып, кәсіби бағытталған тіл мәліметін зерттеу кезінде студенттің арнайы білім алу талпынысы мен оның тілді меңгеру жетістігі екі жақты байланыс орнататынын айта кеткен жөн. Тілдік емес ЖОО-да шет тілін кәсіби және әлеуметтік бағыттың тиімді құралы деп санауға болады. Берілген мүмкіндікті жүзеге асыру үшін келесі шарттарды орындау қажет:

  • шет тілде сөйлеу әрекетінің мақсатын айқын анықтау;
  • бүл саланың әлеуметтік және кәсіби бағыты;
  • жеке есептерді шығарған кездегі студенттердің қанағаттануы;
  • білім алушыларда жеке есептерді шығаруға шығармашылық тұрғыдан келуді қалыптастыру;
  • оқу ұжымында жайлы психологиялық ахуалдың болуы [1, б. 3-6].

Бұл шарттарда «Тілдердің үшбірліктігі» жобасын іске асыру үшін нормативті-құқықтық, теория-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік қамсыздандыру сұрақтарын шешуді талап етеді.

Шет тілдегі мамандандыру курсын ғылыми-әдістемелік қамсыздандыруды қалыптастыру мәселелерін шешу үшін келесі аспектілер қатарын қарастыру қажет.

Пэнді таңдау. Шет тілінде оқытылатын пәнді таңдау кезіндегі негізгі белгілер: берілген пәнді шет тілінде оқытудың логикалық қажеттілігі, тақырыптар, ағылшын тіліндегі әдебиеттердің жеткіліктігі.

Екінші аспект мақсатты аудиториямен байланысты. Оқушылардың жалпы дайындық деңгейін, пәннің ерекшеліктерін және студенттер тарапынан берілген курсқа потенциалдық қызығушылығын ескеру өте маңызды.

Тілді меңгеру деңгейі. Бұл сұрақтағы негізгі мәселе: оқытушының шет тілін жалпы және мамандығы бойынша білуі; студенттердің тілдік дайындық деңгейі және мамандық бойынша тілдің қолдану тәжірибесі.

Туған тілге деген дағдылық, сөйлеу еркіндігінің шектеулілігі, туған емес тілге ауысу мен кенеттен суырып-салма алмасудың қиындығы, студенттер мен оқытушының дайындық деңгейінің әр түрлілігі, түсінудің төмендеуі, ақпараттың бұрмалану қаупі, тілді қолдану қажеттілігінің болмауы - бұның барлығы оқыту үрдісінің тежегіш факторлары [2].

Үрдістің уйымдастырушылъщ бөлімі іріктеп алынған уақытша жоғары шығындарды және әдістемелік мәліметтерді уақытылы дайындауды, студенттер жүмысын нақты регламенттеуді, сөздік пен жүмыс және қайталауды тудыруы мүмкін.

Бағытталған мамандықтардың ерекшелік есебі келесі бағыттар бойынша өткізілуі тиіс: арнайы мәтіндермен жүмыс, ауызша тілді дамытуға арналған арнайы тақырыптарды зерттеу, тиісті мамандық бойынша минимум сөздікті зерттеу, оқушылардың лексикалық және грамматикалық ақпаратты жандандыру үшін оқытушылардың оқу құралын жасау [3, б. 165].

Көрсетілген мәселелерге қарамастан, ағылшын тілінде оқыту студенттерде шетелдік коммуникативтік құзыретті, сондай-ақ, ағылшын тілін оқу, ғылыми және кәсіби әрекетті, ары қарай магистратура мен докторантура және берілген аймақта ғылыми зетттеулер қалыптастыру қажет.

Соңғы уақытта қарқынды дамып келе жатқан интеграциялық процестер, кәсіби және академиялық алмасудың өсуі, халықаралық қарым-қатынастың тереңдеуі шет тілде білім беруді ілгерілемелі дамуға ынталандырды.

Көптілді білім берудің негізгі мақсаты мәдениаралық-коммуникативтік құзыретті қалыптастыру. Мәдениаралық-коммуникативтік қүзыреттің құрылымы білім беру құзыретінің сипаты мен сәйкес мәдениет жайлы білімді қосатын күрделі жеке бас оқытуды, бұл білімдерді тәжірибелік қолданудың ептілігі мен дағдыларын, сондай-ақ, бұл білімдерді, ептілік пен дағдыларды іске асыруға мүмкіндік беретін жеке бас қасиетінің жиынтығын, басқа мәдениет өкілдерімен қарым-қатынас кезінде қолданудың тәжірибесін қамтып көрсетеді.

Өкінішке орай, студенттердің көп бөлігі «шет тілі» пәнін жалпы орта білім беретін мектептерде, содан кейін, бірінші және екінші курстарда оқығаннан кейін, кәсіби есептер мен мақсаттарды шығаруға шет тілін еркін қолдануға дайын болмайды.

ЖОО-ғы тілдік білім беру мәселесі екі өзара тәуелді құрамдас бөліктен тұрады - мотивация мен әдіснама [4, б. 21-29].

Оқу ісіне қарай, ЖОО-ның білім беру жүйесінде кәсіби мотивация деп санаға эсер етіп, болашақ кэсіби ісін зерттеуге түрткі болатын жэне бағыттайтын факторлар мен процесстердің жиынтығы деп түсінеді [5, б. 14-15].

Студенттің мотивациялық ортасын қалыптастыру оқуда қажеттілікті дамыту жэне шет тілін игеру қажеттілігін түсіну, болашақ кэсіби ісіңде шет тілін қолдануға дайындықты қамтиды.

Шет тілін оқыту басқа да мамандандырылған жэне жаратылыстану-ғылыми пэндерімен бірігуді талап етеді. Негізгі мэселе, шет тілі оқытушылары мамандандырылған техникалық білімді меңгермеген, ал техникалық пэндердің оқытушылары сөйлеу шет тілін ғана біледі.

Осыған орай, көптілде оқытылатын топтарға оқу жоспарын құрған кезде келесі факторларды ескерген жөн: көптілде оқытылатын топтарда тілді оқыту үздіксіз барлық оқу мерзімі бойы іске асу керек; ағылшын тілінде оқытылатын пэндерді таңдау бітіруші кафедра меңгерушісінің келісімімен іске асу керек. Ағылшын тілі сабақтарында дұрыс ақпараттарды қолдану керек - эр түрлі техникалық эдебиеттер, тыңдаушыларға ынталандырушы эсер ететін жэне ағылшын тілін белсенді игеруге мүмкіндік беретін эр түрлі рөлдік ойындар мен жаттығулар.

Әр түрлі қолданбалы тақырыпты дүрыс ағылшын мэтінімен эрдайым жүмыс істеу техникалық ағылшын тілін егжей-тегжейлі меңгеруге жэне эр түрлі техникалық мэтіндерді еркін оқуға, екі жақты техникалық аудармамен айналысуға, өз мамандығыңның соңғы жаңалықтарымен түпнұсқа арқылы танысуға мүмкіндік береді.

Келесі маңызды құрамдас бөлік - ғылыми зерттеу ісімен байланысқан мэліметті зерттеу, нақтырақ айтсақ, шет тілді ғылыми мақалаларды оқу жэне талқылау. Ғылыми мэліметті зерттеудің негізгі мэселесінің бірі арнайы лексикаға көңіл белу, мазмұндаманың ғылыми стилі, ғылыми-зерттеу компонентін қалыптастырудағы алғашқы қадаммен ғылыми ойлауды қалыптастыратын ғылыми жұмысты дайындау талаптары болып табылады [4, б. 21-29]. Осылайша, маманды дайындаудың мақсаты кэсіби іс жайлы жалпы түсінікті, ойлауды жэне дүниетанымды қалыптастыру. Маман үшін пэндік жэне пэнаралық білім ғана емес, сондай-ақ, пэнүсті (біріктірілген) білімдер, іс-эрекет тэсілі мен ойлаумаңызды болып табылады, нақтырақ айтсақ, ақпаратпен жүмыс істеу, талдау, берілген мэліметтерді түсіну, өзіңе жаңа кэсіби мақсаттар мен міндеттер қою, есепті шығарудың жаңа жолдарын іздестіру, көпкэсіпті командада тиімді жүмыс істей алу, кэсіби істе жоғары нэтижелерге жету.

AKT құралдары - бұл бағдарламалық, бағдарлама-аппаратты жэне техникалық құралдар мен микропроцессорлық есептеу техникасы құралдарының негізінде жұмыс істейтін, сонымен қатар, заманауи құралдар мен ақпаратты тарату жүйелері, жиын бойынша ақпараттық алмасу, жинау, жинақтау, өңдеу, сақтау, өндіру, жеткізу арқылы операцияларды қамтамасыз ететін ақпараттық алмасу, ақпаратты қолдану, компьютерлік, сонымен қатар, жаһандық желілердің ақпараттық ресурстарына кіру мүмкіндігі бар құрылғылар.

AKT құралдары оқу процесінің барлық кезеңінде қолданылады: жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде, пысықтау, қайталау, бақылау кезінде. Сабақты тиімді өткізу үшін эр түрлі іс-эрекеттерді жасау қажет: сөздікпен, электронды оқулықтармен, кестелер мен сызбалармен, тесттармен, аудио-, визуалды құралдармен жұмыс істеу.

Жалпы және тілдік дайындықтың томен болуы, дәріс сағаттарының аз болуы, студенттердің мотивациясының жетіспеушілігі жағдайларында АКТ-ны қолдану білім беру мен оқытудың сапасын едәуір көтеруге мүмкіндік береді. Электронды құралдарды қолдану тілдік дайындық бойынша да, оқытылатын мамандық бойынша да өзіңнің оқыту траекторияңды құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, AKT көмегімен оқушы өзіне ыңғайлы уақытта және өзіне ыңғайлы жерде оқи алады. АКТ-ны қолданудың оңайлығы студенттердің көптілді оқыту кезіндегі мотивация деңгейін көтере алады.

Көптілді оқыту әдістемесі болжамдайды:

  • дәріс және зертханалық жұмыс сабақтарының мәліметтері студенттерге қолжетімді болуы қажет;
  • чат, форум, блог, вики сияқты құралдардың арқасында онлайн байланыс мүмкіндігі;
  • іздестіру әдетін, ақпаратты талдауды дамытатын, топта жүмыс істеуді, міндеттерді дүрыс бөлуді және қабылданған шешімдер үшін жауап беруді үйрететін жеке және топтық жобалар әзірленіп жатыр;
  • оқу процесін жеңіл әрі мазмұнды ететін аудио және видеодәрістер қолданылады.

Көптілді оқытудың дәріс сабақтарында қолдануға болатын АКТ-ның негізгі құралы презентация болып табылады. Слайдтардың оңай жаңартылатыны мен толықтырылатыны өте қолайлы. Презентация - басқару элементтері бар ақпаратты ұсыну түрі [6, б. 672]. Оның құрылымы күрделі және жеңіл болуы мүмкін, кез келген күрделі объектілерді (фото, сызба, кестелер, дыбыс, видео) орната алады.

Көрнекілік үшін IT пәндерін көптілде оқытуда талқылау кезінде презентацияны қолдануға болады, слайдтар оқушылардың туған тілінде де, шет тілінде де түсіндіріле алуы ауызша хабарламаны дәлелдеу мен түзетуге мүмкіндік береді.

Сабақтың басында мәтінде белгіленген немесе бөлек шығарылған түйінді сөздерге зейінаударуға болады. Бұл әдіс тілді жақсы білетіндер үшін қайталау мақсатында, бастапқы деңгей үшін таныс емес сөздерді зерттеу мен жаңа тақырыпты түсіну мақсатында қажет.

Бұл тақырыпты бекіту үшін өздік жүмыс ретінде студентке шағын баяндама немесе тақырапты да, тілдік шеберлікті де пысықтау мақсатында ағылшын тілінде хабарлама жазуды ұсыну.

Ақпарат бір мезгілде екі тілде: туған тілде және шет тілінде ұсынылған жағдайда мәліметгі дүрыс қабылдау үшін мәтінді салыстыру мүмкіндігін ескеру керек.

Мәтінде безендіру, тезистер түрінде орналастыру, кестелер немесе сызбалар оқушылардың зейінін тақырыптың түйінді сәттеріне бұруға мүмкіндік береді.

Көптілді оқыту үшін келесі презентацияларды қолдануға болады:

  • 2 тілдегі презентация, ішінде қосымша түйінді сөздерді белгіленген (бір түспен немесе шрифты сызып қою);
  • презентациядағы мәлімет ағылшын тілінде ауызша аудармамен, әрбір слайдты талқылаумен ұсынылуы мүмкін;
  • слайдтардағы ақпаратты ағылшын тілі басқа тілде дубляждалатын кесте түрінде жасауға болады.

Дәл қазір тақырыпты (барлық түрлерін) түсіну, түйінді сөздерді табу, принциптерді танып білу жаттығулары ерекше мағынаға ие болады.

Студент ақпарат көздерімен жүмыс машыгын пелену қажет - мәтіннің негізгі ойын, пікірдің логикалық негізін анықтау, ақпараттың әр түрлі түрлерін табу(схамалар, кестелермен жұмыс), бүл әдістерді ауызша түрде белсенді қылу. Сонымен қатар, жұмыстың қандай түрі - ауызша немесе жазбаша - басым болуы әр мамандыққа жеке сараланады.

 

Әдебиет:

  1. Рощина, Е.В. Функции иностранного языка как учебного предмета в системе обучения в университете /Е.В. Рощина // Иностранные языки на неспециальных факультетах: межвуз. сб. - Л.: Изд-во Ленингр. ун-та, 1978. -С. 3-6.
  2. Богуславская С.Б. От программы к аудитории: курсы специализации на английском языке для русскоязычных студентов // Междисциплинарный научный семинар НИУ ВШЭ «Преподавание и обучение на английском языке: ожидания, проблемы, потребности» (12-13 октября 2012 года, Пермь НИУ ВШЭ)
  3. Гальскова Н.Д. Современная методика обучения иностранному языку: Пособие для учителя. М: АРКТИ-Глосса. - 2000. - 165 с.
  4. Глебова Е.И. Интегративный подход к обучению иностранному языку в вузе. II международная конференция-форум «Языковое образование сегодня - векторы развития», Часть II (24-25 апреля 2011 г), Екатеринбурга. УГПУ, 2011. - С. 21-29.
  5. Окасов Б.К. Особенности мотивационного обеспечения образовательного процесса. Профессионал Казахстана, 2007. №5. -С. 14-15.
  6. Шафрин Ю.В. 2ч. Информационные технологии. M.: Бином. Лаборатория знаний, 2004. -672с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.