Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Е. Букетовтің «Жас қаныш» деректi хикаятының көркемдiгi

Андатпа

Макала «Жас Қаныш» повесі мысалында Е.Букетовтің эдеби мурасын зерделеуге арналады. Мақаланың мақсаты - аталмыш шығарманың тілдік ерекшеліктері мен жазу стилін анықтау болып табылады. Зерттеудің нәтижелері эдеби мұраларды зерттеу барысында галымдармен, студентгермен пайдаланылуы мүмкін.

Әдеби шығарманың мәні оны оқу, түсіну үстінде ашылып, оқырманға жаңа көркем дүниені тарту етеді. Әдеби туындының идеясы мен мазмүны, образдары оқырмандарға ықпал жасайды, ойландырады, тағылым береді.

Қаламгер Е.Букетовтің өткен дәуірдің 1950-інші жылдарынан бастап, әдебиетке, әдеби сынға батыл қадамдар жасап, ой-пікірін жұртшылықтың назарына ұсынып отырғаны белгілі. Жалпы, әдебиеттің өркендеуі, жазушылық шеберлік, жетілу, стильді қалыптастыру сияқты мәселелер төңірегінде ой қозғау көркем туындылардың сапасын жоғарылатуға септігін тигізеді.

Қаламгер әдеби қызметінің бір қыры ретінде, 1955-1957 жылдары республика театрларында жүріп жатқан пьесалар туралы мақалалар жазады. Олар қазақ сахнасында сомдалған Шоқанның, әнші Майраның, Тоқаш Бокиннің бейнелеріне байланысты еді. Сыншы-қаламгер қазақ, орыс сахналарында жүріп жатқан туындылардың жетістік-кемшілігін саралап, толымды пікір, әділ сын айтып отырады. Мәселен, «Орыс сахнасындағы Тоқаш Бокин туралы пьеса» деген мақаласында: «Тоқаш Бокин (артист Б.Костин) - төңкерісшіл-болыиевик, ондағы ержүректілік үлкен сезіммен, терең лиризммен астасып жатыр. Күрескердің бойындағы күш-жігер алдағы күнге деген сеніммен, қанаушыларға деген жеккөрушілікпен астасып жатыр. Осы сипат Тоқаштың бойындағы дара ұлттық психологиясын, дала батырының психологиясын ашады. Тоқаш - кедей отбасынан шыққан, кездейсоқ жағдаймен гимназияға ілігеді. Сөйтіп, өзінің ынта- ұмтылысының арқасында орнықты білім алады. Ол халқының езгіде отырған тағдырына жаны ашиды, осы жолда күреске шығады» (газет матер).

Зерттеуші Е.Ысмайылов: ”Сын әдебиет туралы жұртшылықтың пікірін дамытуға мүрындық болуға тиіс. Сын қызу пікір алысуды, айтысты өрбітіп, жазушы-ақынға да, оқырмандарға да ой тудырып, делбесін қоздырып, желпіндіріп отыратын пәрменді, алғыр болғаны мақүл” [2, 17-6], - дейді. Е.Букетовтің жарық көрген сын-мақалалары әдеби процесте қозғау туғызып, көркем туындылардың сын-кемшілігін түзеп, жетілдіруге ықпалын тигізді. Мәселен, жоғарыда аталған “Орыс сахнасындағы Тоқаш Бокин туралы пьеса” деп аталатын мақаласында, оның негізгі жетістігі - идеясының толыққандылығында дей келе, орыс драма театрларының актерлері қазақтың сахнадағы бейнесін сомдауда жеткілікті тәжірибелері жоқ екендігін айтады. Сөйтіп, сахна туындысының сапасы мен көркемдігінің өсе түсуіне мақалалары арқылы эсер етеді. Қаламгердің осы секілді мақала-очерктері, театр, сахна, көркем туындылар жөніндегі еңбектері эдеби- эстетикалық дүниетанымының тереңдігін эрі қазақ халқының тұлғаларына деген ықылас-ілтипатын байқатады.

Көркем эдебиет өткеніне қайырылмай, өзінің бүгінгі жеткен шығармашылық жетістігін, биігін өткенмен салыстырмай, қоғамы мен ортасында өткен дүбірлі оқиғалар мен көрнекті тұлғаларды бейнелемей тұра алмайды. Бұл ретте, суреткер өзінің көркемдік таным-қабілетін жүмсай отырып, дэуір рухын, өмір болмысын танытатын шығармалар тудырды. Бұл мэселеде көрнекті орынды ғұмырнамалық-өмірбаяндық туындылар алады. Зерттеуші Л.Гинзбург: “Естелік, өмірбаяндық эдебиет адам туралы тікелей эңгіме (прямой разговор) жүргізеді” [13,137-6], - дейді. Зерттеуші XIX ғасырдағы орыс эдебиетіндегі ғұмырнамалық жанрдың дамуы туралы айта отырып, оның бүрыннан, бар екенін, ал айда, бертінде ғана жаңа бағыт ала бастағанын айтады. Ал, зерттеуші С.Розанова: “Тарихи-эдеби жэне өмірбаяндық мэліметтерге жанама құжат ретінде қызмет еткен естеліктер, енді сөз өнерінің дербес жанры ретінде, жеке тұлғаны танып- білуде эдебиеттің өзіне ықпал етті” [ 4, 249-6], - деп көрсетеді.

Қазіргі эдебиетте тарихи тұлғаны таныту, оның өмір кезеңін, айналасын, жеке мінез-болмысын суреттеуге деген қызығушылық өсті. Оған себеп-ел болып, еңсемізді тіктеп, дербестік алғаннан кейінгі кезеңде, тарихқа қайта үңіліп, бар- жоғымызды түгендедік, ақтаңдақтар ақиқаты ашылып, көмескі дүниелер айқындалды. Әдебиеттің түрлі жанрларында шынайы адам болмысын жасау өрістеп, эсіресе, бұл мемуарлық- өмірбаяндық, публицистикалық салада белең алды.

Қоғам ілгерілеген сайын ұлттар мэдениетінің байланысы артып, бір-біріне жақындауы дамыды. Бұл эдеби процесте, оның ішінде прозада айқын байқалды. Прозаның ішкі жанрлық белгілері артып, ұлттық дәстүрлі формалары байыды. Бұл өзгерістер эсіресе, повестей байқалды. Осы жанр табиғаты туралы аз-кем айта кетсек, Белинский “повесть дегеніміз шағын көлемді жанр” деген. Әрине, повестің романға жақын келетін тұстары бар. Екеуі де қаһарманның сипатын, қоршаған орта мен адам, қоғам арасындағы қарым-қатынасты эпикалық тұрғыда кең суреттейді. Алайда, роман мен повесть арасында айырма бар. Романға қарағанда хикаятта қамтылатын материал көлемі шагын болады. Сөйте тұра, повеете көтерілетін мәселе барлық қырынан дерлік мұқият қарастырылып, мейілінше айқын көрсетіледі. Сонымен бірге, хикаятта автордың өзі бейнелеп отырған құбылыстарға, кейіпкерлерге деген көзқарасы анағұрлым айқын сезіледі де, онда субъективтік элемент басым болады. Белинскийдің пікірін кеңейте түссек, “драмаға да, романға да жетпейтін оқиғалар мен тіршіліктің кейбір сәттерін хикаят өзінің тар шеңберіне сыйғыза алады. Өзінің шағындығымен және өмір құбылысын тез игеретін сипатымен повесть бір құбылыстан екіншісіне ауысып, өмірдің ұсақ-түйегі арқылы өмір ұлылығының беттерін ашады” [15,59-6].

«Көркем шығармашылықтың екі нысан тұтастығынан туатын бір ғана пәні бар: белгілі қоғамдық орта және сол ортада өмір кешуші адам. Көркем шығарма адам арқылы қоғам тынысын, оның ішкі сыр-сипатын, әлеуметтік бетін танытады. Қоғамдық түрлі құбылыстар арқылы адам жаратылысының сан салалы жүмбақ тылсымдарын ашады. Материалдық дүниенің санадағы сәулелену процесін көрсетеді. Суреткер барлық күш-жігерін, шеберлігін бір ғана мақсатқа - адам жүрегінің сырын, адам жанының шындығын танытуға жүмылдырады. Көркем шығарманың әрбір жалқы, сыңар деталіне дейін адам өмірімен тығыз байланысты. Суреткер өз шығармаларында не жайлы, қандай өмір шындығы жайлы ой толғағанда да, басты шындықты адам образы арқылы ғана ашып береді, тек сол арқылы ғана бейнелеп отырған дәуір тынысын таныта алады»[6,185]. Қаламгер Е. Букетовтің “Жас Қаныш” деректі хиқаяты - белгілі тұлға Қаныш Сәтбаевтың балалық, жастық кезеңдерін қамтитын шығарма. Хиқаяттың алғашқы тарауынан-ақ, қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы мол көрініс береді.”Аттың жалы түйенің қомында”деп аталатын алғашқы тараудың өзі-ақ таза қазақы болмыс пен дүниетанымнан хабардар етеді.

Қаныштың өмірге келуі, ат қойылуы былайша суреттеледі: ’’Доңыз жылында, яки, жаңа есеппен 1899 жылдың наурыз айында, яки марттың 31 жүлдызында, жаратқан ием Имантай деген пендесіне үл береді. Нәрестенің есімін Ғабдул-Ғани қойдық. Құдай-тағалам бергеннен жазбасын. Аллахуәкбәр. Әумин!” Имантай ақсақал бүл сөздерді жай қағазға емес, қүран кітабы мүқабасының астар бетіне жазып қойғанында мән бар: ол кезде бір жерге түртіп қою қалыпта жоқ, әрі киелі кітапқа жазылған сөз сол киелі кітаппен бірге сақталып, бірге жасамақ. Жарықтық әулие кісі екен, Имекеңнің сол ықтияттығының арқасында біз бүгін болашақ үлы ғалымның нақ қай күні туғанын нақтылы біліп отырмыз” [1, 3 -6].

Халқымыздың тұрмыс-тіршілігіндегі көптеген құбылыстар олардың санасында сіңісті болып, күнделікті өмірінде қолданыс тапты. Жас сәби өмірге келгеннен бастап, оған есім беру,осыған қатысты түрлі ырым-дәстүрлерді орындау қажет болған. «Жас Қаныш» еңбегінде халықтың осы дәстүрі егжей- тегжейлі баяндалады.

Қазақ халық әдебиетінің мүралары мен этнографиясын зерттеген Ә.Диваев, XIX ғасырдың соңғы ширегінде қазақ ауылдарын аралап, өлең-жырлары мен салт- дәстүрлерін жинап, зерттейді, діни наным-сенімдеріне назар аударады. Зерттеуші кісі есімдеріне байланысты туған аңыздарға да тоқталып, “Туркестанские ведомстидің ”1916 жылғы 206 санында ”К вопросу о наречении имен у киргизов” деген мақаласын жариялап, қазақ халқының адамға қоятын есімдерін басқа түркі тілдес халықтардың есімдерімен салыстыра келе, ат қою ерекшеліктеріне, кейде ер адам есімдерінің (Үлтуған, Үлболсын, Үлмекен т.б) әйел адамдарға қойылу себептеріне талдау жасайды. Тіпті “Жалпы біздің көшпенділер жаңа туған нәрестелеріне есім қоюға мән бермей, қалай болса солай қарайды,-деп, оған дәлел ретінде өте бір қолайсыз есімдерді келтіреді” [7, 28-6]. Зерттеушінің бұл пікірі халқымыздың ұзақ күткен сәби өмірге келгенде, оған “көз тимесін,” “жасы ұзақ болсын” деген ырыммен қосалқы, қарапайым, дөрекі есімдерді беруіне байланысты айтылған.

Қаламгер Е.Букетов балаға ат қоюдың мәнісін негізді түрде түсіндіріп: “қазақ балаға ат қоюда ешқашан немқұрайды қарамаған. Керісінше, бүл рәсімге ерте дайындалған, той-томалақ жасалып, ат қойған адамға сый көрсетілген. Әдетте, мүның бәрін молда атқарған, араб есімдері қойылған,”-деп бұл рәсімнің жағымды мәнін ашып, “Ғабдул-Ғани есімі таза араб сөзінен құралған. “Ғабдул” - “қүдайдың қүлы”, “Ғани” - “бай, дәулетті” деген сөз деп ұғындырады [1, 4-6].

Көркем әдебиет адамның мінез-тұлғасын, өзіне ғана тән қайталанбас болмысын суреттейді. Оның ішінде өмірбаяндық дерекке қүрылған туындыларда кейіпкер бейнесін беруде оның өткені,өмір сүрген ортасы мен жеке мінез-қүлқына тән сипаттар жиналып, естелік-әңгімелер жинақталып, сарапталады. Осы тұрғыдан келгенде, адам тағдырын, дара тұлғаның әлеуметтік ортадағы өмірін көрсетуге хикаят жанры аса қолайлы. Букетов шығармасын “Жас Қаныш”деп атауының өзі кейіпкердің белгілі бір өмір кезеңін нақты алып дамыта суреттеуіне негіз болған.

Жалпы “Жас Қаныш” деректі хикаятымен танысуда С. Бегалиннің “Шоқан асулары” шығармасы еске түседі. Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Сапарғали Бегалиннің “Шоқан асулары” хиқаятында халқымыздың жарқын тұлғасы, Шоқан Уәлихановтың балалық шағы, кадет корпусында оқыған шәкірт кезі, ғалым-саяхатшылығы суреттеледі. Кітап “Бала Шоқан” ,” Ғалым Шоқан” деген екі бөлімнен тұрады. Ал”Жас Қаныш” хиқаятының алғашқы тарауы “Аттың жалы, түйенің қомында” деп аталса, екінші тарауы “Бір ғылым болып іңкәрі” деп аталады. Бірінші бөлімдегі айырма “Шоқан асулары” хиқаятында бала Шоқанның бала кездегі іс - әрекеті, мінез-құлқы, айналасымен қарым - қатынасы, қызығушылығы кең түрде әсерлі суреттеледі. Ал,”Жас Қанышта” бірініші тарау негізінен қазақ халқының сахаралық тұрмыс-тынысын, әдет-ғұрпын бейнелеуге арналған да, Қанышқа қатысты балалық шақтағы деректерінің тұйықталып қалғаны Қаныштың немере ағасы Әкімтайдың:”...сондағы бала Қаныштан мынадай дана Қаныш болып шығатынын білсем, басқан ізін, аузынан шыққан сөзін жадымда тоқи беретін едім” деген өкініш сипатындағы бір ауыз сөзінен байқалады. Оның есесіне екі шығармада да бір әулеттің орныққан дәстүрі, кісі күтуі, қазақы ғұрып -салтты сақтауы, ұрпақ тәрбиесі, ата салты қызықты суреттеледі. Мәселен жасы жетіге толған Қанышқа лайықталған ер-әбзелдерімен бәсіре құнан берілсе, Шоқан да жолға шыққанда құнанын дайындатып мінеді. Мұның өзі қазақ отбасында ер баланы ерекше қадірлеп, ат жалын тартқан азамат болуға балап,әспеттеген жоралғысын көрсетеді.

“Жас Қаныш” хиқаятының алғашқы тарауында көші-қон, үй тігу, ерулік беру, диқаншылық кәсіпке ден қою, саятшылық секілді этнографиялық көрініс мол. Мәселен, құс баптап, құс салу Ақтана бүркітке қатысты былайша суреттеледі: ’’Жемсауды тазартуға келгенде, балалар қатты қиналады. Ол үшін құстыратын затты (көбінесе сыртына май ораған шөкімдей таза киіз) ителгінің кішкентай аузына зорлап тығу керек болады. Құстың дөңгелек көздері жасаурап, қатты қипаланады, тіпті ол жылап отырғандай болады. Балалардың да көңілі босап, бір-бірінен теріс айналады” [1, 436-6].

Зерттеуші С.Мұқанов қазақ халқының ертедегі қоғамдық өмірі, шаруашылық жайы, аңшылығы туралы айта келе: “Қыран құстардың ішінде қазақ халқы қадірлейтіні - бүркіт. Ол ұясын ең биік ағаштың басына, тау шыңдарының ең биік төбесіне, жел мен аяздың ең күшті өтіне салады. Сондықтан да бүркіттің балапандары жүмыртқа күйінде де, жүмыртқаны жарып шыққаннан кейінгі балапан күйінде де, желге, ыстық пен суыққа шынығып, сомдалып өседі” [8, 89 - 6], - дейді. Міне, осындай қыран құсты бабына келтіріп, аңға салу - үлкен өнер. Құс баптаудың шығармада орын алуы, оған балалардың араласуы - өнер мирастығын дәлелдейді.

Шығарманың Қаныштың әкесі Имантайға арналған тарауынан оның көзі ашық, көкірегі сара, сөзге би, тілге бай адам болғанын аңдаймыз. Е.Букетовтің хикаятында да Имантайдың салауатты, бес уақыт намаз оқып, ораза тұтқан көшел жан екендігі, кенжесі Қанышқа аса ықыласты болғандығы айтылады. Қаламгер Имантай ақсақалдың Абайды көріп, өлеңдерін жадында тұтқандығы, Шоқан мен Абай өнегесін еске алғандығын баяндайтын тұсы, Құнанбайдың Абайдан үміт күтіп, айналасына соны аңдата білген кемеңгерлігімен байланыстырады.

Қаныш ағасы Бөкештің қыстың ұзақ кештерінде мақамдап, Қозы Көрпеш пен Баян сүлудың, Қыз Жібек пен Төлегеннің, Ләйлі мен Мәжнүннің қиссаларын оқығанда, қатты қызығып, сондай кітап оқитын шақты аңсайды. Шындығында да, сол балалық арман-аңсардың уақыт өте ақиқатқа айналатынын, ақыл-парасат әлеміне бастап апаратынын кім болжаған.

Қаламгер Е.Букетовтің стиліне тән еркін лирикалық-публицистикалық сарын “Жас Қаныш” хикаятында да көрініс береді. Белгілі тұлғаның жастық кезеңіне бойлай отырып, халқының өмір-салтынан бір сәт те көз жазбайды. Керісінше, автор Қаныштың ер жетіп, дүниетанымының қалыптасуына ықпал еткен өмір құбылыстарын неғұрлым тәптіштей суреттеп, ашып отырады.

Әдеби туындының әрбір мәнді элементі оның көркем тұтас дүние болып қалыптасуына ықпал етеді. Erep шығарма мазмұнының бас-аяғы жинақы, үйлес болса, бүл тұтастық-үйлесімділікті әу бастан-ақ байқайсыз. Шығарманың идеялық айқындылығы, кейіпкер бейнесінің кеңдігі, дәуір келбеті бірігіп, шығарма болмысын жасайды. Кейіпкердің әу бастағы ерекшелігі, ортасынан озған даралығы - оның болмысын ірілендіре түседі. Қаламгер Е.Букетов Қаныштың өзгеден ерек табиғатын бірте-бірте ашады. Көзі қарақты әке тәлімімен сауатын алдымен мұсылманша ашқан Қаныш, одан соң орыс мектебіне барады. Екі оқуды тел меңгерген Қаныш оқу, іздену соңына түседі.

“Адамтану” пәні саналатын әдебиеттің міндеті - адам болмысының сан қилы табиғатын, іс-әрекеті мен мінез-сипатын ашу. Көркем әдебиеттің қүрылымында адамдардың-кейіпкерлердің алуан түрлі портреті жасалады. Осы тұста әдеби портрет мәселесі туралы ой қозғай кетейік. Портрет - бүл адамтанудың арнаулы бір саласы. Ол нақты бір индивидум бейнесімен тікелей байланысты. Бейнелеу өнері саласындағы портреттің ролін айқындай келе, зерттеуші М.В.Алпатов былай деп жазады: “Портреттің тарихы-бүл адамзат тарихының бір бөлігі, оның қоғамдық дамуының, оның табиғатқа қатынасының бір бөлігі. Портрет басқа да өнердің түрлері сияқты, тек адам арқылы жасалмайды, ол адамның қолы арқылы жасалып, тек сырт көріністі ғана емес, сонымен бірге, адам-жасаушының ішкі әлемін де бейнелейді” [9, 6-6]. Сонымен, портрет көркемөнерде тікелей адамға бағыттала отырып, ерекше орынды иеленеді. Адам бейнесін, портретін жасауға деген талпыныс сонау фольклор мұраларынан да байқалған. Мәселен, эпостық жырларда батырлардың “қабағынан қар жауған, кірпігіне мұз қатқан” кейпі берілсе, қыздардың бетінің ақтығы мен қызылы “қара жерге жауған қар мен ақ тауықтың қанына” теңелген. Тіпті жүрген жері жамандыққа толы жалмауыз кемпірдің өзі әдеби портрет сөз арқылы автордың идеясын, концепциясын ашады. Портреттің көркем шығармада алатын орны айырықша. Ол пейзаж, сюжет, диалог, монолог секілді көркемдік құралдардың бірі болып табылады. Портрет ең алдымен көркем туындыдағы адам болмысын, мінез-сипатын ашады. Суреткер кейіпкерінің түрін, киім киісін ғана емес, ішкі жан-дүниесін, мінез-қүлқын да ашады. Сондықтан, портрет біржақты болудан арылып, әлеуметтік-өмірбаяндық және психологиялық жағынан толыға түседі. Басқаша айтқанда, портрет-мінездеме портрет-өмірбаянға, портрет- тағдырға айналады. Әдеби портретте нақты адамның көркем бейнесі жасалып, өзіндік ерекшелігі айқындалады. Сонымен, портрет-бүл адамды бейнелей отырып, бір мезгілде оған бага беру, оның өмірі мен қызметіне тікелей авторлық мінездеме беру. Кейіпкерінің ерекше бір өзіндік қасиетін байқаған автор оның жеке ерекшелігін, адамдық сипатын ашады. Әдеби портреттер ұнамды,ұнамсыз немесе аралас сипатта келуі мүмкін. Олардың көркем шығармадағы мінезі, кемелденуі түрлі іс-әрекеттер арқылы көрсетіледі. Осы ретте, “Жас Қаныш” хикаятында ешқандай жағымсыз болмыстағы кейіпкерлерді кездестірмейсіз. Тіпті, кей көркем туындыларда жағымсыз сипатта келетін молданың өзі шығармадағы Қанышпен арада болған диалогында дін қағидаларына сауатты, мінезді адам етіп көрсетіледі. Мысал келтірейік:

  • Қаныш,-деді молда қатқыл үнмен. Бала оң қолының алақанын көкірегіне басып, ілтипатпен басын иеді, - Сен мұсылмансың ба ?
  • Әлхамдилолла, мүсылманмын.
  • Мұсылман екеніңе шәгім бар.
  • Шәгіңізге шәхитім бар.
  • Қандай шәхитің ?
  • Құдай - біреу, Мухаммед - оның елшісі.
  • Қай кезден мұсылмансың ?
  • Әлмисақтан.
  • Әлмисақтың мәнісі не ?
  • Адам жаратылғаннан бері.
  • Иман деген не ?
  • Иман дегеніміз алланың бірлігіне, Мухамедтің әулиелігіне күмәнсіз шын берілгендік.
  • Кімнің кулысың ?
  • Бір алланың кулымын [1, 88-6].

Қаныштың иманшартты жаттап өскен сұңғылалығы кейінгі оқу-іздену жолында жалғасын табады.

Зерттеуші Canap Байжан-Атаның “Қаныш Сәтбаевтың бір хаты төңірегінде” мақаласында: “...ең бастысы Қаныштың қиялға құлаш сермеген өршіл талабы, сұңғыла зердесі, қиыннан қисын тауып, алған бетінен қайтпайтын алғырлығы мен талмас жігері ғой. Ол ешқашан ешкімді өгейсімейді, жатсынбайды, бәрімен де үйірсек, бәрімен де шүйіркелесе араласып, тілін таба біледі. Жатпай-тұрмай ширыға шарқ үрып, жүмыс істейді” [10, 216-6], - деген пікіріндегі Қаныштың бойындағы қасиеттер, жас кезінен-ақ сіңісті болған.

Қаныштың жастық шағы 1916 жылғы “прием”, төңкеріс кезеңінде өтеді. Ол Керекуде оқып, Баянауыл болысында судия болып істегенде, әйелдер тағдырына ара түсіп, қалың мал қүрбаны болғандарды құтқарады. Болашақ ғалым- қайраткерлердің батыл іс-әрекеттері хикаятта шынайы көрініс тапқан. Қаныш кеңес заңымен тоқалдыққа сатылып, күні зар-мүңмен өтіп жатқандарды арашалап алады. Ел ішіндегі өзгерістерге сергек қарап, алды-артын бағамдай бастайды. Сібір технологиялық институтына оқуға түсіп, білім жолына бет бүрады.

Өмірбаяндық шығармалардың негізгі ерекшелігі - өткенді еске түсіруден, өткенге жүгінуден тұрады. Хикаяттың басты мақсаты жас Қаныштың өмір жолын, қалыптасуын көрсетуден тұратындықтан, үлкен, келелі оқиғалар, үзақ шежіре, естеліктер жоққа тән. Оның орнына тартымды баяндау, әсерлі суреттеу мол. Ел бағына туған азаматтың туған өлкесі, қанаттанған ортасы жатық, бейнелі беріледі. Осы тұста қаламгердің стиліне сай өрнекті тіл, сәтті құрылған ой жүйесі көзге түседі. Солардың бірі көркем шғармадағы табиғат суретін кестелеуінен байқалады.

¥шы-қиырсыз, ұлан-ғайыр кең даланы өз игілігіне айналдырып, өз мүддесімен бауырластыруды көздеген халық арманы бүкіл адамзат ұрпағының дүниетану құлшынысымен барынша үндесіп жатыр. Бағзы заманалар бойы көшпелі қыр қазақтары өткен ауыр да азапты ұзақ жол, шексіз сапарлар сияқты, табиғат тану жүлгесі де қиын кезеңдерді бастан кешірген. Бұл халық шығармаларында тұрақты көрініс тапқан. Мәселен, батырлар жырында дала суреті, от көсеген ыстық күндер мен тас-түнек түндер суреттеледі. Батырдың өзі де азаматтық, адамгершілік қасиетке ие, қажыр-қайраты мол тұлға. Өз халқының ерлік, ептілік, мықтылық, төзімділік сияқты үлгілерді бір басына мол жинаған.

Эпоста шексіз әлем тынысы мен тұтастық сезімі үндес жырланған. Жаратылыс құбылысы батырлар басына түскен ауыртпалықпен мейілінше туыстас. Жау жеңіліп, талқандалған соң-ақ, түн де сейіліп, күннің көзі көрінеді. Кәдімгі жанды тіршілік болмысында берілетін, адамның арманымен сабақтас табиғат құбылысының, осы бауырластық қатынасының айырықша мәні бар. Эпикалық кейіпкер игілігі ұшан-теңіз, ол табиғат-ана құдіретімен бірлесіп, жүптастық тапқан. Күннің көзі күллі тіршілік тынысының бастауы ретінде беріледі. Алпамыс батыр өзегі кеберсіп, тамыры тартылған бүлақта көктем тасқынындай сылдырлап су аққан кезде туыпты. Баянның Қозыға деген махаббат- мейірімі, көз жасы жаратылыс иесін де жібіткен. Өлім дегеніңіз әдетте, батар күнмен жарыса жетеді. ¥ясына қонақтап бара жатқан күнмен Төлегеннің ақырғы демі біткен. Көктем тек тірілер үшін туады. Қайғы-қасірет қара бүлтпен салыстырылып, зүлымдық атаулы түн түнегіне баланған.

Жалпы, халқымыздың табиғатты сезіну қабілеті жете дамыған. Қоршаған орта, орта құбылысы адамдар тұрмысымен, әдемілік ұғымымен барынша тығыз байланысты. Адамзат пен табиғат арасындағы байланыстардың көркемөнер түрлерінде бейнелер арқылы жүзеге асып жататыны, бүл орайда символдың орны өзгеше болатыны белгілі. Өйткені, символдық бейнелер жүйесінде ұлттың бірнеше ғасырлар бойында қалыптасқан наным-сенімдері, ой-сезімдері, тұтас көрінеді. Көркем шығармалардағы символдық бейнелер қатарында дала, тау, көл, тұлпар тағы басқалары жатады. Дала-көркем туындыларға өзек болатын кеңдіктің, тау-биіктіктің өлшемі. “Жас Қаныш” хикаятында жаратылыс, дала бейнесі мейілінше мол беріледі. Тіпті шығармадағы тұтас тарау дала төсінде жылдың төрт маусымын өткерген халықтың тұрмыс-тіршілігін суреттейді. Шығармада Қаныштың ауылдасы, бала күнгі досы Көшектің: - Бері қара, Қаныш.

Біреулер сені ғылымның жолын қуам деп, диуана болып кетіпті деседі. Сен дала кезіп, алтын мен күміс іздеп жүр деседі. Тапқан бірдемең бар ма ?-дейтіні бар [7, 92-6]. Осы сауалдың астарында қыр қазағының таза, балаң болмысы, өзіне бейтаныс дүниені білуге деген құштарлық, соны білмек үшін өз танымына жақын диуана, алтын - күміс сөздерін қолдануы көрінеді. Халқымыз ертеден “алтын, күміс тас екен, арпа-бидай ас екен” деп, нанның қасиетін жоғары қойса да, өзіне аса қадірлі жанды “алтыннан ардақты, күмістен салмақты” деп әспеттеген. Ендеше, шығармадағы алтын мен күміс іздеп дала кезген Қаныштың әрекетінен дала қойнауының байлығын білдіру де байқалады. Қазақ халқының тарихында, фольклорында бақсы мен диуана бейнесі біршама берілген.

Зерттеуші Б.Майтанов “Адамның сырт сипатына деген тосын әуестік - ықылым заманнан келе жатқан әдет, жұртшылық таныс, жақын, бөтен кісілердің өзінен олардың рухани адамгершілік болмысын іздестіре қарап, кейде күткен шындығына көзі жетсе, кейде үзе-кесіп пікір түюден бойын аулақ үстайды. Адам кескінін характер табиғатына сүрлеу салар керуен басы есебінде қабылдай түрып, біз жекелеген жандардың барша бітім-жаратылысы хақындағы ұғым- түсініктеріміздің неғұрлым толық, көз жұмбайсыз шығуына ұмтыламыз. Осы тілек пішіндеме межесіне алынған кейіпкерге байланысты қаламгер позициясына айқын жол сілтейді [27,143-6]. Ендеше қаламгер Е.Букетов жас Қаныштың болмысын беруде өзінің суреткерлік деңгейін таныта алған.

Прозалық шығарма тілінде қайталанып келетін ырғақты жолдар болады. Эрине, ырғақ сөзінің поэзияға тән екені белгілі, алайда оның прозаға да бөтен еместігі туралы өткен ғасырдың 1920 жылдары зерттеуші Л.И.Тимофеев жазған еді. Прозаның ырғақты көптүрлілігі тілдің табиғи ырғағына жақындап қана қоймайды, ол тілдің ажырамайтын ырғақты-бейнелі қозғалысын тудырып, көркем мәтін тілінің мәнерлілігін жасайды. Әрбір көркем туындының ырғақты келуі- автордың шығармашылық ерекшелігіне де байланысты. Е.Букетов халқымыздың қанатты сөздері мен мақал-мәтелдерін, дәстүрлі сөз қолданыстарын тартымды пайдалана алған. Мәселен, “...сондағы бала Қаныштан, мынадай дана Қаныш болып шығатынын білсем, басқан ізін, аузынан шыққан сөзін жадымда тоқи беретін едім”. Берілген сөйлемдегі “бала-дана”, “ізі-сөзі” сөздерінің ырғағы өлең жолдарындай естіледі. Аңсарлы, аздап өкініші бар сөйлем, интонациясы да әсерлі. Сол сияқты “қазақтың аяқты малы - жүрмелі байлығы - ұшпалы бақыт есепті” деген сөйлем ырғағы жағынан алдыңғы сөйлемдей әсерлі болмағанымен, баяны аз тірліктің аумалы-төкпелі әрі өтпелі сәтін берудегі мағына астары байқалады. “Жүрмелі байлық пен ұшпалы бақыт дегеннің өзі өтпелі, ғапыл, бүгін бар, ертең жоқ дегенді білдіреді. ¥шқан құс пен жүгірген аң секілді, мал да бір жүттық. Дала райын бағып өскен қазақтың бар дәулеті - малы болғандықтан, оны қадірлеп, бағып-қаққан. Сонымен бірге, “қалың малды осы үйге келген адамның құны демей, жақын-жуық жандардың бір-біріне беретін сыйы деу керек” деген әуезді- ырғақты сөйлем парасатты ой, байламды-кесімді пікір айтатын шешендік тұжырымға келеді. Ал, “сыр мен сымбаты келіскен” деген жолдар көркем туындының ішкі мағынасы да, сыртқы формасы да бірдей тартымды екендігін дәлелдеп тұр. “ Сыр мен сымбат” деп қосарлана қолданылатын мәндес сөздердің өзі құлаққа жағымды естіледі. Бұл тіркес те әуезді-ырғақтылығымен шығармаға шырай беріп тұр.

Мәтін талдауда психолингвистикалық, прагматикалық, коммуникативті және жанрлық-стильдік мәселелері назарға алынады. Мәтін бір жағынан тілдік қызметтің нәтижесі, сондықтан ол өзінің болмысы жағынан қозғалысты болып келеді. Олай дейтініміз мәтіннің қозғалмалылығы, біріншіден, ол басқалармен тілдік, сөйлеу процесінің нәтижесінде туып, тыңдаушы үшін де, сөйлеуші үшін де белгілі бір қабылдау, жеткізу әрекетін көрсетеді. Осылайша, мәтіннің тууы мен қабылдануы - мәтін болмысының екі жағы. Бүл процестер көп аспектілі, автор мен оқырман арасындағы мәтіндік қатынас, яғни мәтіннің тууы, жасалуы, мазмүн- идеясының айқындалуы, кейіпкерлер жүйесінің орнығып, стилінің қалыптасуы жүзеге асқанда ғана тұтас мәтін туады. Автор мәтінді - көркем шығарманы тудыру үстінде оның жалпы концепциясын жасап, ондағы идея мен мақсатты айқындайды.

Көркем мәтін тіліндегі бейнелі сөз шығарманың идеялық мазмүнын ашуға, жеткізуге қызмет етеді. Хикаят тілінде біршама тұрақты тіркестер кездеседі. Солардың кейбіреуін атай кетсек “қазақтың өлгенде көрген бір қуанышы”, “көппен көрген ұлы той”, “қас пен көздің арасында”, “алланың құлы,” “тірліктің тұтқасы - әйел”, “кітап - ойдың ордасы” тағы басқа. Тіліміздегі фразеологиялық (тұрақты) тіркестер - лексиканың бедерлі, экспрессивті-эмоциялық әсері мол саласының бірі бола отырып, көркем шығармада әр түрлі қырынан пайдаланатыны белгілі. Бұл ретте, зерттеуші Х.Қожахметова фразеологиялық тіркестердің көркем шығармада қолданылуы оның идеялық мазмұнын тереңдетіп, көркемдік қасиетін байыта түсетінін айта келіп, еңбегінде М.Әуезов, С.Мұқанов, Е.Мүсірепов, Ғ.Мұстафиндердің шығармаларында кездесетін фразеологиялық тіркестердің семантикалық топтары, кейбір грамматикалық ерекшелігі мен стилистикалық құрамына талдау береді. Зерттеуші еңбегінде фразеологиялық тіркестердің мынадай стилистикалық топтарын атайды: ауызекі сөйлеу тілі, қарапайым, фольклорлық, кітаби-жазба фразеологиялар [11, 5-6]. Жоғарыда келтірілген фразеологиялардың екеуі - “алланың қүлы”, “қас пен көздің арасында” фольклорлық фразеологияға жатады. Фольклордағы көркемдеу тәсілінің жиі кездесетін бүл түрі - суреттелетін құбылысты адамның ой-сезіміне тез эсер ету үшін өте үлкейтіп, не өте кішірейтіп эсірелей суреттейді. Көркем шығарма тілінде де осы міндетті атқарып тұр. Ал, “қазақтың өлгенде көрген бір қуанышы” мен “көппен көрген ұлы той”, “тірліктің тұтқасы - эйел”, “кітап - ойдың ордасы” тіркестері қалыпты, жазба тілде кездесетін фразеологияларға жатады. Қаламгер шығарма болмысына сай оқиғаны ұғымды, нэрлі баяндау аясында өзінің халқымыздың дэстүрлі сөз қолданыстарына, бейнелі айшықтауларына жетік екенін аңғартады.

Көркем шығармашылық үнемі қозғалыс, даму үстіндегі күрделі процесс. Бұл процесте эрбір шынайы жаңашылдық өзінің соны қасиетін сақтап, кейінгі дамуға үлкен ықпал жасайды. Осы орайда белгілі шығармашылық жетістіктердің жаңашылдығы мен дэстүрлік сипатқа ие болған көркемдігі эдеби дамуда тұтастай жаңа серпіліс тудырады.

Көркем шығармадағы тұлға табиғаты арқылы, ең алдымен, қоғамдық проблема, ондағы ахуал бейнеленеді. Қаламгер Е.Букетов элеуметтік болмысты көркем шындықпен егіз өрістетіп отырған. Болашақ тұлғаның жастық шағынан суыртпақтап сыр тарта отырып, жас Қаныштың белгілі бір өмір кезеңінен қызғылықты, шағын шығарма жасаған. Қазақ халқының этнографиясын, салт- дэстүрін жас кейіпкерінің өсіп, таным-түсінігінің қалыптасуымен сабақтастыра отырып, бала Қаныштың дара Қанышқа айналу, кемелдік сатыға ұмтылу кезеңімен ұштастырған. Қандай да бір көркем туындыдан біз болмыстың шынайылығын танимыз. Себебі, шығармада өмір, тірлік бейнеленіп, ақиқатты сол қалпында суреттемесе де, қоғам өзгерісі, адамның болмыс-бітімі, мінез-сипаты көрініс береді. Ал, өмірбаяндық-деректік негізі мол туындыда бұл тіпті де терең байқалады. Қаламгер Е.Букетовтің “Жас Қаныш” хикаятында осындай ақиқаты, иланымы мол шынайы шығарманың табиғаты танылады.

 

Әдебиет:

  1. Букетов Е. Жас Қаныш // - Алматы: Қазақстан. 1999.-170 б.
  2. Ысмайылов Е. Сын мен шығарма // -Алматы: ҚМКӘБ. 1960. -377 б.
  3. Гинзбург Л. О психологической прозе // -Ленинград: Ленинградское отделение. 1971,- С. 287
  4. Розанова С. Издаются мемуары // Вопросы литературы. 1976,- №8.
  5. Хасенов М. Қазақ совет прозасының қалыптасуы кітапта: Жанр және шеберлік // - Алматы: Ғылым. 1968. -348 б.
  6. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. Лекциялар курсы // -Алматы: Қазак университет!. 2003.-284 б.
  7. Диваев Ә. Тарту // Халық қазынасының қамқоры (Алғы сөз). // -Алматы: Ана тілі. 1992. -256 б.
  8. Мұқанов С. Қазақ қауымы: (Тарихтық және этнографиялық шолу) // -Алматы: Ана тілі, 1995. -304 б.
  9. Алпатов М. Очерки по истории портрета // -Москва. 1937.
  10. Canap Байжан-Ата. Откеннен - мурагат. оркенге - улагат // -Алматы: Қазақстан. 1998. - 480 б.
  11. Қожахметов X. Фразеологизмдердің көркем әдебиетге қолданылуы // -Алматы: Жазушы. 1972.-178 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.