Аңдатпа
Мақалада студенттердің өздік жұмысы болашақ мамандарды даярлау негізі ретінде қарастырылады. СӨЖ - оқу процесінің бір бөлігі. СӨЖ кәсіби білім мен дағдыларды қалыптастыруға зор ықпал етеді. Ол студенттердің жеке және ұжымдық жұмысы арқылы жүзеге асырылады. Дурыс ұйымдастыру арқылы бүл оқу әрекетінің түрі студенттердің танымдық және шығармашылық белсенділігін арттырады.
Қоғамдағы болып жатқан өзгерістер мен жаңа реформалар отандық білім беру жүйесіне жаңа міндеттер жүктейді. Олардың бірі - білім беру жүйсін дамытудың тұрақы механизмін құру.
Бүгінгі маман ЖОО-да алған білімін инновациялық технологияларға трансформациялап, командамен жүмыс істей алу, өз бетімен білім ала білу, біліктілігін арттыра білу қасиеттерге ие болулары тиіс. [1]. Осыған байланысты студенттерге тек кәсіби білімд беріп қана қоймай, сонымен қатар, олардың жеке- психологиялық мүмкіндіктерін де ескерген жөн. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін оқу процесінде студенттердің өздік жүмысына ерекше назар аудару қажет. Оның нәтижесі - бүгінгі қоғам мен өндіріске қажет белсенді тұлғаны даярлау.
Ең басты уәж факторы - болашақ кәсіби қызметке даярлау. СӨЖ белсендіруге бағытталған ішкі факторларға талдау жасайық. Олар:
- Орындауға ұсынылған тапсырманың пайдалылығы. Erep студент оның жасап жатқан жүмысының нәтижесі лекция курсында, лабораториялық сабақтарда ғылыми-зерттеу жұмыс жазуда қажет болатына сенімді боса, ол ұсынылған тапсырманы жоғары дәрежеде орындауға тырысады. Оны психологиялық тұрғыдан да даярлау қажет.
- Студенттің шығармашылық қабілеттерін әр түрлі акциялар, іс-шаралар, конференцияларға қатысу арқылы дамытуға болады.
- Интенсивті педагогиканы пайдалану арқылы оқу процесіне әр түрлі әдіс- тәсілдерді енгізу: ойын - тренингтер, жағдаяттарды шешу, компьютерлік технолотнялар.
- Пэн бойынша олимпиадалар, конкурстар, ғылыи-зерттеу іс-шаралар ұйымдастыру.
- Бағалау жүйесін түрлендіру (эр түрлі тестілер, дэстүрлі емес емтихан формалары).
- Студенттерді ынталандыру түрлерін қолдану (стипендиялар, қосымша үпайлар, бағаны көтеру/түсіру).
- Жеке жүмыс жасау.
- Оқытушының шығармашылығы.
- Циклдік оқыту («метод погружения»),
Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ) - өткен тақырыпты бекіту, қойылған мақсаттар мен міндеттерді жылдам шеше білуге бағытталған жеке жэне ұжымдық түрде орындалатын белсенді формалары. СӨЖ дайын ақпаратты қабылдау емес, ол дегеніміз - оны іздестіріп, шығармашылық түрде қабылдау. СӨЖ студенттерді болашақ қызметіне дайындауға бағытталған. [2].
СӨЖ екі түрі бар: оқытушының көмегімен орындалатын, оқытушының көмегісіз оындалатын.
СӨЖ - ұсынылған тақырыптарды оқытушы ұсынған оқу-эдістемелі эдебиеттерді пайдалану арқылы өз бетімен орындау. Басым бөлігін оқытушының көмегімен орындалатын жұмыс (СОӨЖ) алады. СОӨЖ аудиторлық сабақтар түрлеріне жатады жэне лекциялардың СОӨЖ-і мен практикалық сабақтардың СОӨЖ-і деп бөлінеді. Лекциялардың СОӨЖ-ін лектор ағымда қосымша теориялық білім беру жэне оқылған лекциялық материалды түсіндіру үшін өткізеді. Саны көп емес лекциялық ағымдарға білімдерін бағалау бойынша бақылау іс-шаралар өткізуге болады. Практикалық сабақтардың СОӨЖ-ін пэннің ерекшелігіне байланысты ағымдық оқу үлгерімін бағалау, СӨЖ-дің орындалуын бақылау жэне күрделі мэселелер немесе кез келген тақырыптар бойынша консультация беру мақсатында топтарда немесе топшаларда үйымдастырылады. СОӨЖ оқытушының белсенді жэне тікелей қатысуымен өткізіледі. СОӨЖ-дің екінші түрі материалды игеру барысында қиыншылық сезінетін студенттерге консультация беруді көздейді.
СӨЖ студенттерді өз-өзін дамыту, өз-өзін жетілдіру, өздігінен білім алуға үйретеді, алған білімнің сапсын, тереңдігі мен беріктілігін арттырады. СӨЖ оқу процесінің басқа да формаларымен үйлесімді болуы қажет: СӨЖ тапсырмаларды тақырыптарға сай беру, олардың орындалу мерзімі, орны, түрін нақты көрсету, бағалау критерийлерін эзірлеу жэне т.б.[3]
СӨЖ эдістемелік материалдармен толық қамтамасыз етілуі тиіс. Оның дэстүрлі емес формалары ретінде реферат жазу, шолу жасау, тест тапсырмаларын орындау, аударма жасау, презеньация жасау, жоба қорғау жэне т.б. үсынуға болады. Бақылау түрлері - ауызша немесе жазбаша.
СӨЖ нэтижелі болу үшін оқытушы:
- СӨЖ орындау бойынша эдістемелік нұсқауларды эзірлеп, эдеби көздерге шолу жасауы;
- СӨЖ тапсырмаларын орындау жэне оларды бағалауға қойылатын талаптарын эзірлеуі;
- СӨЖ тапсырмаларын дифференцияциялауы тиіс.
СӨЖ ұйымдастыру барысында оқытушы студенттердің оқулықпен жұмыс істей білу, ғылыми- зерттеу жүмыстармен айналыса білу қабілеттерін пэнге деген қызығушылықтарын, кэсіби қасиеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамытады.
СӨЖ мазмүны пэннің ОЖБ (силлабус) нақты көрсетіледі.
ЖОО жұмысының басты ұстанымдарының бірі - студенттердің жаңа білім алу барысында ғылыми және техникалық шығармашылығын, өздігінен белсенді шығармашылық әрекетін дамытуға бағытталуы. Бұл процесс бірінші курстан басталып, жүйелі түрде оқу процесі бойынша жүзеге асырылуы тиіс. Оның негізі математика, физика, химия, механика, биология және т.б. іргелі пәндерді игеруден басталады. Осы пәндердің негізін игеру СӨЖ жасауга трамплин болады, студеттердің болашақта бәсекеге қабілетті, зор сұраныс тудыратын маман болуларына ықпал етеді. [4].
Жоғары мектептің орта мектептен айырмашылығы СӨЖ көлемінің үлғаюлығында. СӨЖ-ді жүйелі ұйымастыру арқылы терең білім алу, өз бетімен ойлау және шешім қабылдау, шығармашалықпен жүмыс істеуге жол ашады. Жоғары оқу орнының негізгі мақсаты-студентке теориялық білім беріп қана қоймай, сол білімді өз бетімен ізденіп табу қабілетін, оқу әрекетін ғылыммен, кәсіби әрекетімен байланыстыра білу дағдысын қалыптастыру. Студенттің өз бетімен білім алу дағдысы-ең түпкі нәтижеге жету. Сол арқылы маман өмір бойы шығармашылықпен жұмыс істейді, ізденеді, білімін толықтырады. «Только в процессе самостоятельной работы студент овладевает знаниями, умениями и навыками, обогащает свою память, осмысливает понятия, проникает в суть явлений». [5]
Өз бетімен ізденуден туған тұжырымдар олардың түсініктерін кеңейтеді, өмірге, құбылысқа көзқарастарын қалыптастырады, шығармашлық-рухани танымдық қабілеттерін дамытады. Сондықтан да студенттің өздік жұмысы жоғары мектептегі оқу үрдісінің негізгі элементі болып саналады. [6] Осыған орай өздік жұмысты оқу әрекетінің ең жоғарғы формасы ретінде қарастыруымыз керек. Өйткені студенттің өздік жұмысы олардың танымдық әрекетінің ішкі сипатын: белсенділік деңгейін, жұмысының өнімділігін, өзінің өз бетімен жұмыс істей алу мүмкіндігін байқатады. Демек, өздік жұмыс танымдық міндеттерді шешуге қажетті білім, дағды, іскерлікті қалыптастырады. Осыған орай өздік жүмысты белгілі психолог-ғалым А.Н.Леонтьев студенттің оқу-танымдық әрекетін ұйымдастырудың амалы, жолы, тәсілі деп бағалайды. Осыған орай ЖОО-да өздік жүмысты дүрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Осыған орай ғалымдар 4 түрлі жағдайды атап көрсетеді:
- студент өз бетімен жұмыс істегісі келуі керек (қалау);
- студент өз бетімен жұмыс істей алуы керек (іскерлігі);
- өздік жұмыстың мазмүны студент үшін қиынырақ болуы керек (оптималды жүктеме);
- студентке өздік жұмыс жасау үшін қажетті барлық жағдайлар болу керек[7].
Оқу тапсырмасын өз бетімен орындау үшін тек білімнің болуы ғана жеткілікті емес. Студент қалыптасқан әрекеттік дағдылар мен ой әрекеті тәсілдерін жақсы меңгеруі керек.
СӨЖ студенттердің танымдық қабілетін де дамытады. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты болашақ мамандарды өздігінен жұмыс жасап, мобильді болуға үйрету де өзекті болып табылады.
СӨЖ ұйымдатыру негізгі нормативтік құжаттарға (жүмыс оқу бағдарлама, СӨЖ-ге арналған материалдар) сай жүргізіледі. [8].
СӨЖ жеке және үжымдық формаларда аудиторяда немесе аудиториядан тыс орындарда орындалады.
СӨЖ-ді ұйымдастыру барысында келесі үстанымдарды ескеру қажет:
- өздігінен жүмыс жасау ұстанымы;
- дамыту-шығармашылық бағыттағы усланы м;
- жеке білім бастамашылдық ұстанымы;
- кешендік үстаным;
- мақсатты жоспарлау ұстанымы;
- жеке - әрекеттік ұстаным,
СӨЖ-дің барлық түрлері дидактика ұстанымдарының талаптарына, оқытудың мақсаты мен міндеттеріне, студенттердің білім деңгейіне сай ойластырылып жоспарлануы тиіс. П.И Пидкасистый: «Генетической клеткой самостоятельных работ, их цементирующим ядром является познавательная задача, предлагаемая студенту в конкретной ситуации обучения (усвоения) и выступающая как предмет его деятельности»,-дейді [9].
Соңғы жылдары ҚР білім беру жүйесінде жалпы әлемдік жаһандық тенденциялар, жоғары технологияларды дамытуға бағытталған реформалық процестер жүріп жатыр. Оған дәлел ҚР білім беруді дамыту Стратегиясы, ҚР білім туралы Түжырымдама, ҚР білім туралы Заңы, жаңа формациядағы педагогтің жоғары педагогикалық білімі Түжырымдамасы және т.б. қүжаттардың қабылдануы.
Мемлекеттік бағдарламада бекітілген білім берудің басты мақсаты білім алу ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік және кәсіби қүзыреттілік. Бүл дегеніміз - әрбір ЖОО түлегі өз бетімен қажетті ақпаратты ала білуі, оны сұрыптай білуі, дүрыс пайдалана білуі тиіс. Осы талап мамандарды үш деңгейлі даярлау жүйесін әзірлеп оқу процесіне енгізуге итермеледі. Кредиттік оқыту технологиясына сай бүл жүйе үш сатыдан түрады: бакалавр - магистр - доктор.
Қазақстанда осы жүйені алғашқы рет енгізу СӨЖ рөлінің маңыздылығын анық көрсетті. Себебі болашақ маман өзін өзі дамытып, жетілдіре білуі қажет.
Кредиттік оқыту жүйесінің басты артықшылығының бірі - студенттерді өз бетімен жүмыс істеуге үйрету, олардың шығармашылық белсенділігін, уәждерін, қызығушылығын білім беру сапасын арттыру.
Студенттердің өз бетімен білім ала білу қабілеттері жылдар бойы қалыптасады. Бүл қасиет болашақ маман үшін өте маңызды, бүл - қоғамның талабы. СӨЖ болашақ маманды даярлау сапасын анықтайды. СӨЖ дүрыс ұйымдастыру жоғары мектептің оқу процесінде басты орын алады. Өздік жүмыс жасау барысында ғана студент өзіне қажетті білім ала алады, оның бойында кәсіби дағдылар қалыптасады, оны жады байып, терең ойлау қабілеті жетілдіріледі. СӨЖ арқылы ғылыми көзқарас қалыптасады, болашақ маманның танымдық, шығармашылық, кәсіби қабілеттері дамиды.
Осы бағытта ЖОО негізгі міндеті - СӨЖ-ді ұйымдастыруға үлкен жауапкершілікпен қарау, оның жүйелі түрде үйымдастырылыуын қатаң қадағалау. Себебі өз бетімен жұмыс істей алатын студент қана ертең кәсіби қызметте өз орнын таба алатын болады. Кредиттік оқыту жүйесін жүзеге асырудың ең басты мақсаты - СӨЖ тиімді және оңтайлы ұйымдастыру.
Өздік жүмыс дегеніміз - оқытушының тапсырмасын оның әдістемелік жетекшілігімен, бірақ қатысынсыз студенттердің орындайтын жоспарлы жүмысы. Біріншіден, өздік жүмыс зерттелетін жүмыстың, яғни игерілетін пәннің әдіснамалық негізін білуге, өз пікірін айтып, оны дәлелдей білуге, шығармашылық ойлау мәдениетінің қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Екіншіден, өздік жүмыс студенттердің білімін кеңейтеді, ғылыми әдебиеттерге теориялық талдау жасай білу іскерлігін қалыптастырады. Үшіншіден, студенттің өз бетімен жүмыс істеу мүмкіндіктерін, бейімділіктерін байқатады.
Өздік жүмыс- тек жекелеген пәнді меңгеру ғана емес, сонымен қатар өзіндегі жауапкершілікті сезіне білу, мәселе қою, оның шешімін іздестіру, кез келген жағдаяттан шығудың жолын табу, дербес жүмыс істеуге үйрену. Маманның бойында іргелі білім, кәсіби іскерлік пен дағды өздік жүмыс арқылы қалыптасады. Яғни өздік жұмысты орындау барысында студенттің бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:
- .Өзбетіндік. Бүл қасиет адамның өзіндік пікірінен, сенімі мен көзкарасынан, ойлай білу мәдениетінен, дүрыс шешім қабылдай білуінен, өз пікірінде қалу үстанымынан байқалады.
- .Белсенділік. Бүл қасиет студенттің ынта көрсетуінен, шығармашылық талпынысы мен қоршаған ортаға қызығушылығы, зейін қоя білуінен байқалады. Өздік жүмыс білікті маман дайындаудың, кәсіби қазақ тілін үйретудің тиімді жолдарының бірі болып табылады.
Қазақ тілін өздік жұмыс арқылы мамандыққа қатысты қатысымдық тұрғыдан оқытуда тәрбиелеп оқыту үстанымы, грамматикалық заңдылықтарды есте сақтауға, жазуға үйрету ұстанымдары, теорияны практикамен ұштастыру ұстанымын басшылыққа алып, өзіміздің тұрғымыздан оқытуды үйренушілердің өзіндік жеке қабілеттеріне сәйкес келтіру ұстанымын, оқытудың жағдаяттылық ұстанымын, жүйелілік және сатылылық ұстанымдары ұсынылады.
Литература:
- Гарунов М.Г. Самостоятельная работа студентов. - М.:3нанис. 1987. 34с.
- Давыдков. Самостоятельная работа студентов, и некоторые аспекты компьютеризации. - Минск, 1998. 200с.
- Кузьмина Н.В. Формирование педагогических способностей,- Л. Издательство ЛГУ. 1970.-94с.
- Пидкасистый П.И Организация учебно познавательной деятельности студентов. M.: Педагогическое общество Россия. 2005. 144с.
- Стрезиконин В.П. Организация процесса обучения в школе. - M.: Просвещение. 1968,- 245с.
- Этюды дидактики высшей школы./ Под общей ред. А.П. Чернышова. - M., 1994.-135с.
- Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. - M.. 1975.-304с.
- Попова В.И. Профессиональная педагогическая направленность деятельности студентов. - Оренбург. Издательство ОПТУ. 2002. 364с.
- Пидкасистый П.И. Процесс и структура самостоятельной деятельности учащихся в обучении: Дисс. ... док. пед. наук. -M.. 1973. -263 с.