Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сәулет-құрылыс саласының негізгі аспектілері

Андатпа

Мақала тіл білімінің терминология саласына арналган, оның тілдік табигатыныц ерекшеліктері, пайда болу негізі, терминнің лексика-грамматикалық зандылықтарға тәуелділігі баяндалады. Терминологияның ғылыми негіздемелері. қүрылымдық типтері. аталым түрлері сипатталып, сәулет-құрылыс саласындағы терминдердің негізгі аспектілері қарастырылған.

Жекелеген саланың ерекшелігін ашып көрсету барысында кейбір тілдік ерекшеліктерді ескеріп отыру қажет. Саладағы жаңа терминдердің пайда болып және қызмет ету процесін танып-білу үшін ең алдымен терминделген бірліктерді ерекше тіл белгілері ретінде көп аспектілі ретінде қарастырған маңызды. Терминологиялық міндеттерді өзінің метатіліне әрдайым қызығушылық танытып отыратын ғылым үшін қажетті болып табылады.

Айта кететін маңызды нәрсе, іс-жүзінде ғылыми-техникалық әдебиеттерде өте көптеген терминдер өздері тиесілі тар салаға байланысты ерекше, арнайы мағынаға ие болып отырады. Мұндай терминдердің нақты мағынасын мән- мәтіннің мағынасын талдау арқылы анықтауға болады.

Мысалы, filling терминінің мағынасы:

  • медицинада - пломба;
  • қүрылыстық терминология саласында - «топырақты төгу»;
  • таукен ісінде - «шой таспен толтыру»;
  • геологияда - «(жарықшаларды) толтыру»;
  • «гарнитура» - целлюлоза-қағаз өндірісінде.

Сәулет-құрылыс саласы тілінің өзіне тән қасиеттеріне оның ақпараттылығы (мазмұндылығы), қисындылығы (қатаң бірізділігі, негізгі идея мен детальдерінің арасындағы нақты байланыс), дәлдігі мен объективтілігі және осыдан туындап отыратын айқындылығы мен ұғынықтылығы. Белгілі бір тілге жататын мәтіндер мен құжаттар аталмыш қасиеттерге азды-көпті мөлшерде ие болып отыруы мүмкін. Алайда барлығында осы қатынас саласын қанағаттандыруға ықпал ететін тіл құралдарын басым түрде қолдану байқалуда.

Лексика саласында бүл ең алдымен терминологияны және былайша айтқанда арнайы лексиканы қолдану. Тілдегі терминдер белгілі бір терминологияның құрамында орын алады. Терминология дегеніміз бұл белгілі бір өндіріс, кәсіби еңбек, білім саласындағы терминдердің жиынтығы. Тілдің сөздік құрамының құрамдас бөлігі болып табылумен терминдер ерекше, көбінеки өте тар кәсіби не ғылыми қызметке тән болып келетін ұғымдар мен атауларды білдіреді.

Р.Ф. Пронинның анықтауынша термин дегеніміз бүл «техника мен ғылымның сол не өзге саласында арнайы, қатаң белгіленген мағынаға ие болатын сөз не сөз тіркесі» [1 , 86].

Осылайша, сәулет-құрылыс мәтіндеріндегі терминнің қызметі мен құжаттар іс-жүзіндегі нысандар мен құбылыстарды нақты және дәл білдіріп, мамандардың беріліп отырған ақпаратты бір мағынада түсінуін бекітеді.

Осыдан сөздердің осы түріне қойылып отырған бірқатар талаптар туындайды. В.Н.Комиссаров мынадай талаптарды көрсетуде [2]:

  1. Термин дәл болуы тиіс, яғни оның сол ғылым мен техника саласындағы ұғымдар жүйесінде сол терминмен көрсетілген орынды белгілейтін логикалық анықтамасының сүлбасы болуы мүмкін қатаң белгіленген мағынасы болуы тиіс;
  2. Термин бір мағыналы болуы тиіс, және бұл тұрғыда ол мән-мәтінге тәуелсіз болуы тиіс;
  3. Әр ұғымға тек бір ғана термин сәйкес келіп отыруы тиіс (синоним- терминдер болмау үшін).

Орыстың терминологиялық мектебінің негізін қалаушы Д.С.Лотте терминге келесі нормативтік талаптарды қоятын: жүйелілік, контекстіден тәуелсіз болуы, қысқа болу, абсолюттік немесе салыстырмалы бір мағыналылық, қарапайымдылығы мен түсініктілігі, енгізілу дәрежесі [3].

Нормативтік аспектіде терминнің контекстілік жылжымалдығы термин емес сөзге қарағанда мүмкін болмайды. Терминге қойылатын логикалық талап - бір терминдік жүйенің немесе терминологиялық өрістің (терминологиялық өріс түсінігін А.А. Реформаторский енгізген болатын) шектерінде оның мағынасының тұрақты болуы. Өріс дегеніміз - бүл терминнің ол соның ішінде өзіне тән барлық қасиеттерге не болатын өмір сүру саласы. А.А. Реформаторскийдің пікірінше, терминге бір мағыналылық тән, себебі ол белгілі бір терминдік жүйеде өмір сүреді және, соған сәйкес контекстіні қажет етпейді [4]. Алайда термин-сөз сол тілдің түрлі терминологияларына өзге түрдегі семантикалық мағынамен кіруі мүмкін, оны кейбір авторлар (атап айтқанда А.А. Реформаторский) салааралық омонимия ретінде қарастырады. А.И. Моисеевтың ізінше біз бүл құбылыс терминнің полисемиясына жатады деген пікірдеміз: «Көбінесе терминнің кең таралғандығы терминді ерекше қолданулардың жиынтығынан құралады, ал тар салада қолданылу ерекшілігі одан жоғала қоймайды» [3. 1246]

Сонымен, терминнің бір мағыналығының нормативтік талабына қарамастан ол белгілеуші фактор болып табылмайды.

Келесі бір талап - терминнің дәлдігі. Тіркелген мағына талабында (бір белгіге бір түсінік сәйкес келеді) білімнің сол саласының дамуының нақты бір кезеңіндегі белгілі терминдік жүйенің шектерінде терминнің шектелген, нақты тіркелген мазмүны болуы тиіс деген ереже берілген. Әдетте дәлдігі дефиниция көмегімен белгіленеді, соңғысы белгіленетін түсініктің барлық қажетті және жеткілікті қасиеттеріне ие болады және өздері бойынша бір түсінікті екіншісінен айыруға болатын қасиеттерді көрсетеді, себебі тілдік бірліктің, атап айтқанда, терминнің ішкі түрі оны құраушы морфемалардың этимологиясына да, лексикалық мағынасына да, мотивтелуіне де, солардың қосынды мағынасына да байланысты болмайды. Термин-сөздің ішкі түрі күрделі және көп қырлы категория болып келеді және, соған сәйкес ол сыйымды дефинициямен қамтылуы тиіс.

Дефиницияның болуы термин нормативтілігінің елеулі белгісі болып табылады, алайда терминде нақты дефиницияның болмауы - қалыптасып келе жатқан терминдік жүйенің жеткілікті мөлшерде таралған құбылысы. Соған сәйкес, қатаң түрдегі дефиницияның болуы - ол да терминнің қажетті, маңызды критериі, алайда ол белгілеуші болып табылмайды.

Терминологиялық нормаға сәйкес терминнің синонимдері болмауы тиіс, себебі синоним-терминдердің табиғаты өзге болып келеді және олар әдеби тілде орындалатын қызметтерден өзге қызметтерді орындайды. Сөйтсе де терминологияда синонимия бар. Бұл құбылыс «дублеттік» (бір заттың екінші данасы) деп аталады, себебі онда эмоциялық-экспрессивтік, стилистикалық немесе ерекше оппозициялар болмайды. Дублет-терминдердің қолданылуы сөйлеудің мазмүнына эсер етпейді, тікелей мотивацияға ие болмайды жэне нормативтілік түрғысынан алғанда терминдік жүйе үшін қажетсіз жэне зиянды қүбылыс болып табылады. Синонимия терминология үшін жагымсыз фактор болып табылмайды деген пікірдеміз. Синонимия ғылыми сөзді эртүрлі етеді, қайталануларды болдырмайды, стилистикалық кемшіліктерді жояды. Дүрыс түсінбеудің алдын алу үшін мэтінде қолданылып отырған терминдерді синонимдер ретінде түсіну қажет екендігін қосымша айтып кеткен жеткілікті болады.

Синонимия (дублеттілік) эсіресе өзінде аса дэл, семантикалық тұрғыдан анық болып келетін термин элі іріктеліп алынбаған қалыптасып келе жатқан жүйеге тэн болып келеді. Осылайша, терминологиялық синонимияны жоққа шығаратын нормативтік талапқа қарамастан, аталмыш құбылыс ғылыми тілде кеңінен ұсынылған. Жекелеген сөздіктер, мысалы, «Словарь архитектурно- строительных терминов» [5] өзінің синонимдік терминдерді келтіреді.

  1. Термин қысқа болуы тиіс. Жиі жағдайларда аталмыш талап дәлдік талабымен қарама-қайшы келіп жатады, бұл бұрынғыдан да күрделі терминдердің пайда болуына (гипсокартондық жұмыстар. монтаждау жұмыстары) немесе терминнің қысқаша нүсқаларының, б.а. терминделетін түсініктің қайталама белгілерінің, аббревиатуралардың (КЕМЕЛ, ФИФО, ЛИБОР, МИБИД) пайда болуына экеп соқтырады.
  2. Нормативтілігінің қосымша критериі болып терминнің құлаққа жағымды естілуі табылады: айтылуға ыңғайлы болуы жэне жагымсыз ассоциациялардың болмауы. Ізгілікті термин арнайы қолдану саласынан тыс жағдайдың өзінде жағымсыз ассоциацияларды тудырмауы тиіс. Алайда егер құлаққа жағымсыз болып естілетін термин енгізіліп қойған болса, оны алмастыру қиын болады.

Белгілі болғандай, «ізгілікті терминге» қойылатын барлық нормативтік талаптарды тәжірибеде орындау қиынға түседі, сондықтан міндетті критерийлер ретінде оның бір мағыналығы, қысқа болуы және орыс тілінің нормалары мен ережелеріне сәйкес келуі алға тартылады.

Алайда осы міндетті критерийлердің өзі де терминдік жүйелерді талдаудан өткізген кезде тым сирек кездеседі. Нақты терминдер көп мағыналы, жүйелі емес болып шығады. Тәжірибеден көруге болатындай, термин табиғи тілдік жүйеде дамып, соның заңдарын қабылдайды, лексикалық жүйенің серпініне енгізілген, синонимдерге толады, полисемияны дамытады.

Ізгілікті және нақты терминнің өзара қарама-қайшылықтары тілдік процестердің нормативтік аспектіге қарсы тұруының салдарынан орын алады. Тілдік потенциал, тілдік қабілет оның нормасына, стандартына қарағанда әлдеқайда күшті және кең болып келеді. Тілдік қабілет (тіпті жүзеге асырылмаған, кодталмаған) - үздіксіз, үдемелі өздігінен дамудың өрісі болып табылады.

В.В.Виноградовтың пікірінше, терминнің ерекшелігі сол - термин «логикалық белгілеудің құралы болып табылады» [6] және, соның салдары ретінде стилистикалық тұрғыдан бейтарап болып, қосымша коннотацияларға ие болмауы тиіс. Алайда бұл сауалға қатысты тіл білімінде бір жақты жауап жоқ. Лингвистердің бірі терминнің салыстырмалы түрдегі экспрессивтілігін мойындаса, енді бірі мойындамайды.

Басқа тілден енген терминнің экспрессивтілігіне келетін болсақ, бүл жерде терминделетін түсініктің кітаптығы, ғылымилығы маңызды критерий болып табылады. Басқа тілден енген сөздің әдетте, қосымша коннотациялары болмайды, себебі аталмыш термин мотивтелмеген, семантикасы бойынша анық болып келмейді және оның экспрессивтілігі қабылдаған тілдің тасымалдаушылары үшін жасырылған болып келеді. Зерттеуге арнап материалды іріктеу кезінде маңызды критерий болып келесі сауал табылады: терминдерге кәсіптілікті, әдетте, стилистикалық тұрғыдан таңбаланған, экспрессивтік сөздерді жатқызуға бола ма.

Кәсіптілік көбінесе номен (номенклатуралық немесе көрнекті түсініктер) болып табылады. Кейбір зерттеушілердің пікірінше: термин - тек бастапқы түсінік, ал көріністер - бұл терминдер емес, номендер [4]. Біздің болжауымыз бойынша мұндай айыру тиімсіз болып табылады. Номендер мен терминдердің арасында анық айырмашылық жоқ, алайда номендерде заттық жағы аса анығырақ түрде көрсетілген.

Лингвистердің бірі терминдер мен кәсіби лексиканы біріктірсе, енді біреулері - осы екі түсінікті бөледі. А.В. Барандеевтың пікірінше: терминдерді кәсіби сөздермен араластыруға болмайды, себебі кәсіби сөздер алдыңғыларына Караганда онша анық және экспрессивты емес және оларды метафорикалық ауыстыру нәтижесінде пайда болған терминдерден белу қажет. А.В.Барандеевтың пікірінше, кәсіби сөздер терминдердің стилистік синонимдері болып келеді, және, соған сәйкес терминтану үшін емес, стилистика үшін қызықтырарлық болып табылады.

Біздің пікірімізше, кәсіби сөздер термин немесе термин құрылудың үлгісі бола алмайды. Бұл пікірге Н.Л.Константинова қосылады. Оқулықтар мен ғылыми мақалалар бойынша серпінді аспектіде жүргізілген зерттеулер кәсіби, кодталмаған лексиканың кодталған терминтанудан 1A қатынасымен басым болып келетінін көрсетті (Константинованың бақылаулары бойынша). Энциклопедиялық және әмбебап сөздіктердің соңғы басылымдары өз қорына кодталмаған, кәсіби лексиканы енгізген. Кәсіби сөздер номинативтік қызмет атқарады және, соған сәйкес оларды термин ретінде санауға болады. С.А.Массина да сондай-ақ арнайы лексикаға «түрлі кәсіби және әлеуметтік топтарда қолданумен байланысты лексиканы» жатқызумен кәсіби сөздер мен терминдерді ортақ стратификациялық кеңістікте қарастырады.

Кәсіби сөздерді терминдердің қатарына егер олар қатаң түрдегі номинативтік қызметін атқаратын болса, арнайы сөздіктерде тіркелген болса жатқызуға болады. Кәсіби сөздердің терминдік жүйеге қабылданбау фактісі терминтануды кедейлетеді, ал кәсіби сөздерді терминдік жүйеге енгізу арнайы және жалпы әдеби лексиканың өзара тығыз байланысы мен өзара әркеттесуіне көз жеткізуге мүмкіндік береді, аталмыш өзара әрекеттесудің негізгі сәті болып сөздің мазмүндық жағы табылады.

Сонымен, терминология жалпы әдеби тілдің аранайы қолдынылымдағы қабаттарына ыдырайтын лексикасы болып табылады. Термин жалпы әдеби тілдің лексикалық жүйесінің толық қүқылы мүшесі ретінде жалпы қолданыстағы лексика бағынатын заңдарға бағынады.

  • Термин жалпы әдеби қолданыстағы сөздерге қарама-қайшы келмейді, лексикалық мағынасының ерекше түріне ие болмайды. Терминнің ерекшелігі оның арнайы салада қызмет етуі. Термин - бүл ерекше сөз немесе сөз тіркесі емес, ол небәрі оларды қолдану.
  • Термин дегеніміз - бұл сөз және оған тілдік қасиеттердің ешбірі бөтен болып табылмайды, бүл деген сөз: ол лексиканың барлық парадигматикалық, жүйелік қасиеттеріне ие болады, б.а. біз терминологиядағы синонимияны, полисемия, омонимия, антонимияны мойындаймыз.
  • Терминологиялық қолдану жоғарғы және төменгі қабатқа ие болуы мүмкін, б.а. ресми терминдер кәсіби сөздермен бірлескен түрде орын алады.
  • Номендер мен терминдердің арасында анық түрдегі айырмашылық жоқ.
  • Терминологияда нормативтік аспекті қажетті, алайда белгілеуші болып табылмайды, себебі нақты терминдер тәрізді, әдетте, өте оңды терминге қойылатын барлық қатаң талаптарға сәйкес келмейді.

 

Әдебиет:

  1. Пронина Р.Ф. Перевод английской научно-технической литературы,- M.Высшая школа, 1986
  2. Комиссаров В. Н. Теория перевода - М.: Высшая школа, 1990
  3. Лотте Д.С. Основы построения научно-технической терминология. M., 1961
  4. Реформатский А.А. Термин как член лексической системы языка // Проблемы структурной лингвистики. M., 1968
  5. Волошин В. Ф. Словарь архитектурно-строительных терминов /В. Ф. Волошин, Н. А. Зельтен. -Мнск, 1990.
  6. Виноградов В.С. Введение в переводоведение (общие и лексические вопросы). - M.: Издательство института общего среднего образования РАО, 2001

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.