Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Құрылыстық терминологияның ерекшеліктері

Андатпа

Мақала қазақ терминологиясының ғылыми- теориялық нсгізін қалыптастыру мәселелеріне қатысты дереккөздер, аталым әдіс-тәсілдері, термин жасаушы элементтер жайында жазылған. Сәулет-құрылыс саласындағы терминдердің терминдік мазмұны, сыртқы тұлғасы терминологиялық теориясына сәйкес нақтыланады. Тсрминжасамның ерекпіеліктері ономосиологиялық тұрғыдан қарастырылып, сәулет-құрылыс саласының негізгі сипаттамалары, өзіндік белгілері, ұстанымдары жан-жақты көрсетіледі.

Құрылыс саласы әркез экономиканы дамытудың локомотиві болып отырған. Құрылыс саласының ерекшелігі сол, бүл сала қоғамдық өмірдің барлық салаларын қозғайды. Құрылыс саласының даму деңгейіне қарап ел экономикасының ұтқырлығына, халықтың әл-ауқатына, инновациялардың дамуына баға береді.

Бүгінде Қазақстанда құрылыс индустриясының 700 астам кәсіпорны қызмет етеді. Кейінгі жылдары құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялар өндірісінің өсуі байқалуда. Қүрылыс көлемдері үлғайған сайын, салынып жатқан тұрғын үй мен өзге құрылыс нысандарының сапасына қатысты талаптар күшейген сайын, экологиялық талаптар күшейген сайын, сондай-ақ бәсекелестік күшейген сайын құрылысшылар ең ілгері технологиялар мен құрылыс материалдарын қолданып отыруға мәжбүр. Қазіргі уақытта құрылыс саласында бүрын қолданылмаған гипсокартон; левкас; алинекс; ыстыққа шыдамды желім; суға шыдамды желім және т.б. тәрізді жаңадан шыққан материалдар қолданылуда.

Сэулет-құрылыс индустриясының инновациялары тілдің лексикалық аясында оның жаңа терминдермен баюы арқылы байқалып отырады. Сәулет- құрылыс саласы, өзін адам тудырып және дамытып отырған өзге кез келген білімі саласы тәрізді терминологиялық базасыз, яғни осы білім саласының болмысын бірдей түсіну үшін, осы білімдерді тасымалдауыштардың өзара қатынасуы үшін және саланы одан әрі дамыту үшін қажет болатын негізсіз мүмкін емес. Термин және оның анықтамасы оның өзі білдіретін болмыспен қоса дамып отырады, тек оның кейбір негізгі ұғымдары ғана сақталып қалады.

Айта кететін нәрсе, сәулет-құрылыс саласындағы терминдердің пайда болуының әрекеттегі процестері кейінгі уақытта ақпараттық жарылыс сипатына ие болған. Мысалы, бір ғана ҚР «Қазақстан Pecnyбликасындағы сәулет, қала салу және құрылыс қызметі туралы» заңының өзінде [1] негізгі 62 ұғым берілген, мүнысы сәулет-құрылыс саласының сан-алуандығын сипаттайды.

Сәулет-құрылыс терминдері құрылыс процесінің, сәулеттік конструкциялардың, не инновациялық құрылыс материалдарының ерекшеліктерін білдіретін терминдерді ғана емес, сонымен қатар антропогендік эсер етулер, техногендік эсер етулер, техногендік апаттар, экологиялық апаттар жэне т.б. терминдерді біріктіруде.

Жекелеген саланың жаңа терминдерінің жандандырылған түрде пай да болуы - бұл уақыт талабы, ғылыми-техникалық прогрестің көрсеткіші жэне идеологиялық жэне мэдени көзқарастың артуы. Мысалы, орыс тілінде авиацияның пайда болуы мен дамуы кезеңінде мынаадй сөздер пайда болды: ұшақ, ұшқыш, жерге қону, ауа шұңқыры жэне т.б. Радионың пайда болуы мынадай сөздердің туындауына себеп болды: радиоқабылдағыш, радиокедергі, радиолау жэне т.б. Атом энергиясының пайда болуы өзімен мынадай жаңа терминдерді экелді: атомоход, залалсыздандыру жэне т.б.

Сонымен бірге, құрылыс терминологиясының сөздіктерін зерттеу бізді мынадай қорытындығы экелді: қазіргі уақытта сөздіктердің сөздік күрамына жаңа емес, алайда сэулет-құрылыс құжаттарында кеңінен қолданылып жүрген терминдер енгізілмейді. Мұндай терминдерге мыналарды жатқызуға болады: құм блогы; көбіктік блок; жыртық кірпіш; сплитерлі кірпіш; сайдинг; кеспе тас; пішімделген төсем; металлы шифер; металлы пішім; иілгіш жабынқыш; гипсокартон; алинекс; левкас; төсеме бояу жэне т.б.

Бұл терминдердің тілімізде кеңінен қолданылуына қарамастан, олардың ғылыми анықтамасы берілмеген. Қазіргі кезде қазақстандық жағдайларға бейімделген отандық технологиялар пайда бола бастады. Алайда, жаңа нормалар шыққан сэттен бастап біршама уақыттың өткеніне қарамастан елімізде сэулет- құрылыс процесінің түрлі жақтарын сипаттайтын терминология элі де қалыптаспаған.

Бұл жағдайда, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік терминологиялық жұмыстың концепциясында көрсетілгендей «ұлттық терминологияны реттеу, жүйеге келтіру жэне дамытудың маңызы ерекше» [2]. Соған орай осы мақалада қазіргі сэулет-құрылыс терминдеріне тэн жалпы сипаттамалар берілуде жэне сэулет-құрылыс саласының терминдерін зерттеу олардың мынадай ерекше қасиеттерін бөліп көрсетуге негіз болып отыр:

Сэулет-құрылыс саласы терминдерінің синонимдігі. Айта кететіні, қазіргі уақытта терминнің синонимсіздігі туралы аксиома қабылданған. Мысалы,

Комиссаров В. H терминге қойылатын негізгі талаптардың ішінен мынаны көрсетуде [3]:

  • термин дәл болуы тиіс, яғни оның сол ғылым мен техника саласындағы ұғымдар жүйесінде сол терминмен көрсетілген орынды белгілейтін логикалық анықтамасының сұлбасы болуы мүмкін қатаң белгіленген мағынасы болуы тиіс;
  • термин бір мағыналы болуы тиіс, және бүл тұрғыда ол мән-мәтінге тәуелсіз болуы тиіс;
  • әр ұғымға тек бір ғана термин сәйкес келіп отыруы тиіс (синоним- терминдер болмау үшін).

Терминнің мұндай анықтамаларына ғалымдардың мынадай тұжырымдамаларын жатқызуға болады: «Терминдер әрдайым бір мағыналы болуы тиіс» [4,176]; «Термин полисематикалық, амонимдік, синонимдік болмауы тиіс» [5, 2326; 6,66].

Алайда, біздің зерттеуіміздің нәтижелері бойынша анықталғандай, сәулет- құрылыс терминдеріне синонимия тән болып келеді. Мұндай терминдерге мыналарды жатқызуға болады: кеспе тас - тротуарлық тас; бу радиаторы - батарея; оқшаулағыш таспа - жабысқақ таспа; кабельдік галерея - кабельдік камера; кафель - қыш - қыш тақта; сайдинг - қаптағыш панель - қорғағыш- декоративті тақта.

Терминдердің синонимиясы түрлі терминдерді түрлі құрылыс, энергетика, газ, мұнай және атом өнеркәсібі салаларында бірдей ұғымдарды белгілеу үшін қолданудың тарихи түрде қалыптасқан дәстүрдің нәтижесі ретінде туындауы мүмкін. Терминологияда синонимдердің бірге орын алуына терминтанушылар дәстүрлі түрде жағымсыз бага беруде: Л.Л. Кутина синонимия ның кез келген терминдік жүйеге оның құрылу кезеңінде ерекше тән болып келетіндігі туралы айту дегенмен де оны «жағымсыз фактілерге» жатқызуда [7 ].

Терминология саласындағы кейінгі зерттеулер терминнің тілде сөз тәрізді қызмет етіп және дамып отыратындығын растауда, мұнысы оның мағынасының өзгеруі, тарылуы, кеңеюі арқылы; жаңа мағыналарының туындауы және т.б. арқылы іске асырылып отырады. Біздің ойымызша, терминдердің синонимиясына жағымсыз құбылыс деп баға берген дүрыс емес, ол керісінше, ғылыми тілдің кеңдігін, оны одан әрі жетілдірудің мүмкіндіктерін білдіреді, себебі эр термин өзінің жаңа мағынасын шығарып отыруы мүмкін және сол арқылы терминнің ұғымдары мен мағыналарының саралап жіктелуіне ықпал етіп отыруы мүмкін. Біз С.В. Гриневтің ізімен [ 8] терминологиялық синонимияны «бір мағыналық» ретінде қарастыруды ұсынамыз.

Сәулет-құрылыс терминдерін зерттеу барысында анықталғаны, қызмет ету барысында олар қосалқы тілдің шеңберінен тыс шығып отырады және синонимдермен толықтырылып отыруы мүмкін, кейінгілерін де аталмыш терминдерден бөлек түрде қарастыруға болмайды. Себебі бұл синоним сөздер - терминдердің тілде орын алуының нәтижесі болып табылады, сол себептен олар сәулет-құрылыстық терминдік жүйенің өзіндік бөлігі болып табылады. Осыған орай, сәулет-құрылыс саласының терминдерін өздерін дәстүрлі түрле терминдерге жатқызуға болмайтын сөздермен үйлесімде қарастырып отыру қажет. Мұндай терминдерге кәсіби сөздер, стилистикалық таңбаланған сөздер, айқын байқалатын коннотативтік реңі бар лексемалар, окказионализмдер, қарапайым сөздер мен сөз тіркестері жатады. С.В. Гринев [8] мұндай сөйлемдік конструкцияларға арнап «термин алды» деген атауды енгізді - яғни бұл терминдер ретінде негізгі талаптарға жеткілікті дәрежеде сай келмейтін терминдердің модельдері.

  1. Негіздердің қосылуымен түзілген және бірге не сызықша арқылы жазылатын күрделі терминдердің кең тобы: құрамдас терминдер, көп компоненттік терминдер. Л.В.Щерба қүрамдас терминдерді құрылымдық және семантикалық тұрғыдан ортақ болып келетін және мүшеленген терминделген номинацияны құрайтын сөздердің тіркестері ретінде сипаттады [9]. «Терминологиялық сөз тіркестері көмекші сөз не көмекші сөзсіз әдіспен байланысқан екі не одан көп сөздің семантикалық тұрғыдан біртұтас тіркестері болып табылады. Олар тұрақты және еркін тіркестер болуы мүмкін». Сөз тіркесін бір номинативтік терминологиялық бірлік ретінде қарастырудың критериі ретінде оны бір ұғымды атауға арнап қолдану қызмет етуі мүмкін.

Сәулет-құрылыс саласының күрделі терминдерін талдау ең жоғары меншікті салмаққа өздерінің құрамдас бөлігі сын есімдер болып табылатын терминдер ие болуда деген қорытынды жасауға негіз болды. Сын есімдер қазақ және орыс тілдерінде көп санды топты құрайды және терминдер жүйесінде ерекше орынға ие. Кез келген ғылыми мәтінде оларға ерекше рөл беріледі, себебі білімнің сол не өзге үзінді көріністеріне акцент жасау тиісті мағынасы бар лексикалық және морфологиялық бірліктерді - сын есімдер мен үстеулерді қолдануға ықпал етеді.

Сын есімдердің соңғы кезде жан-жақты зерттелгеніне қарамастан, осы уақытқа дейін құрылымы әртүрлі қүрамдас терминдердің басым көпшілігінің міндетті компонент! болып табылатын сын есімді зерттеуге арналған жүмыстар әлі де жеткіліксіз болуда.

Біз анықтаған сәулет-құрылыс саласының терминдерін келесі топтарға бөлуге болады:

  • сын есім + зат есімді қосу арқылы пайда болған: сәулет жұмыстары; жол құрылысы; темірбетонды конструкциялар; бекіткіш каркас; қаптағыш (қорғағыш, декоративті, қорғағыш-декоративті) панель; мердігерлік ұйым, құрылыс жүмыстары; құрылыс салудың шаруашылық әдісі және т.б.
  • күрделі объектіге ие: сәулет-құрылыс жұмыстары; апаттық-жөндеу жүмыстары; газдық дәнекерлеу машинасы; жол-монтаждау жұмыстары; ауа-газ қоспасы; бақ-саябақ өнері; құрылыс-техникалық құжаттар;
  • кесілген сын есімді: автожол жөндеу жұмыстары; темірбетон; техника- экономикалық көрсеткіш; электромонтаждау жүмыстары;
  • бір бөлігі символ болып келеді, оның айрықша белгісі «толықтай шарттылығы, жасанды қабылданғандығы және саналы түрде бекітілгендігі» болып табылады.

Мұндай терминдерге жататыны: Г-пішімді баған; D-пішімді сабы бар күрек; Z-пішімді шпунттық қада; қос N-пішімді торламасы бар ферма; П-пішімді пилон; құламасы S-пішімді шатыр; Т-пішімді баған; U-пішімді болат; Ү-пішімді құбыр; автокөлік жолдарының Ү-пішімді жанасуы; Х-пішімді түйіспелік қосылыс.

Келтірілген талдаудан көріп отырғанымыздай, сәулет-құрылыс саласының терминдері терминологиялық сөздіктерді құрастыру кезінде ескеріп отыруды қажет ететін бірқатар ерекше сипаттамаларға ие.

 

Әдебиег:

  1. Закон Республики Казахстан от 16 июля 2001 года № 242-П «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан» - Алматы: Юрист. 2010
  2. Концепция государственной терминологической работы в Республике Казахстан - Алматы: Юрист. 2010
  3. Комиссаров В. Н. Теория перевода - M.: Высшая школа, 1990
  4. Галкина-Федорук Е.М. Слово и понятие. M.. 1956
  5. Казанчян Л.О. Некоторые вопросы терминологии // Вести. Ереван, ун-та. 1971
  6. Андреев Н.А. К вопросу о структуре терминологических словосочетаний в современном французском языке. M.. 1969
  7. Кутина Л.Л. Языковые процессы, возникающие при становлении терминологической системы// Лингвистические проблемы научно- технической терминологии. - М: Наука, 1970. - 82-946
  8. Гринев С.В. Введение в терминоведение. - M.: Московский лицей. 1993.
  9. Щерба Л.В. Опыт общей теории лексикографии// Щерба Л.В. Языковая система и речевая деятельность. - Л., 1974. — 265-3046

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.