Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту жүмыстарының тиімдіжолдары

Аңдатпа

Мақалада мектеп оқушыларының жаңа сөздерді меңгерту жұмыстарының тиімді жолдарына қатысты мәселелер қарастырылады.Оқушылардың сөздік қорын молайту, жаңа сөздерді мсңгсрту, сөз мағынасын ұғындыру бағыттары, жаңа сөздерді меңгертудің тиімді жолдары бойынша ғалымдардың ұсыныстары сараланып беріледі. Жаңа сөзді түсініп, қолдана білуге, оқушының сөздік қорын байытуға. ойын анық жеткізуге жұмыс түрлеріайқындалады.Жаңа сөздерді деңгейлік тапсырмалар арқылы меңгертудің басты ерекшелігі.деңгейлік тапсырмалар жүйесі,оның маңызы көрсетіледі.

Сөз - тілдің «құрылыс материалы» болғандықтан, онсыз ешқандай тілдік қатысым әрекеті болмайды. Бұл - күрделі құбылыс. Сөзде қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстардың, іс-әрекеттердің, т.б. мағыналары бейнеленеді.

Сөздің осындай қызметтеріне орай адамзат сөздерді тіркестіріп, сөйлемдер арқылы ой-пікірлерін білдіре алады. Сөздер жеке тұрып қолданылмайды, олардың қызметі, мағынасы сөйлеуде және сөйлемде анық көрінеді.

Сондықтан, оқушылардың дұрыс сөйлеу, сөздерді орынды қолдануының барлығы оның сөздік қорының аз-көптігіне тікелей байланысты. Оқушылар сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын жете білген жағдайда ғана оны дұрыс қолдана алады. Ал бұл мектеп оқушыларының сөздік қорын байытуға арнайы жұмыстар жүргізуді талап етеді. Оқушылардың сөздік қорын молайту жүмыстарының тиімді жолдары деп С.Рахметова мынандай бағыттарды атап көрсетеді: «Мектепте сөздік жүмысы төрт бағытта жүргізіледі:

  1. Балалардың сөздігін байыту, яғни оқушыларға олар бұрынғы білмейтін жаңа сөздерді үйрету, олардың мағынасын түсіндіру;
  2. Сөздіктерін анықтау, яғни бұрыннан білетін сөздерінің мағына түсініктерін тереңдете түсу (мағыналарындағы түрлі айырмашылықтарды синонимдер, антонимдер арқылы көп мағыналы, басқа мәнділіктерді талдау арқылы т.б.).
  3. Сөздіктерін қолдануға мүмкіндік жасау, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, ыңғайына қарай көбірек қосып отыру;
  4. Әдеби тілге жатпайтын сөздерді түзету, сөздердің айтылуын дұрыстау;

Әрине бұл айтылған бағыттар бір-бірімен тығыз байланыста жүргізіледі» [1, 167-168 бб.].

Демек, жаңа сөздерді меңгерту, сөздік қорын молайту жүмыстары бірнеше бағыттардан тұрады және мүғалімнің арнайы дайындығын қажет етеді. Осы себептен мектеп оқушыларының сөздік қорын молайту мәселесінде мұғалімнің алдында сөздік қорды молайтуға арналған лексикалық негіздердің мағынасын қалай ашып, қандай амал-тәсілдерді қолдану қажет деген сияқты сұрақтар тууы орынды. Себебі дүрыс таңдалып алынған лексикалық амал-тәсілдер мен жаттығулар жүйесі-жемісті істің нәтижелі болуының кепілі.

Ғалым К.Аханов «Әрбір тілдің байлығы ондағы сөздердің санының молдығымен өлшенбейді, сонымен бірге ондағы сөздердің мағынасының кеңдігі, түрлі-түрлі мағынада қолдануға икемділігі, мәнерлеуші, бейнелеуші тәсілдерінің молдығымен де өлшенеді» [2, 81 б.]- деген болатын. Баланың сөздік қорын молайтуда ең бірінші сөз мағынасын түсінуіне бағыт беру керек.

Сонымен, мектеп оқушыларының сөздік қорын молайту, жаңа сөздерді меңгерту, сөз мағынасын ұғындыру мынандай бағыттарда жүргізіледі:

  1. Оқушыларға сөз мағынасын ұғындыруға арналған лексикалық жаттығулар проблемалық ахуал сипатында болуға тиісті;
  2. Оқушылардың өздері меңгерген сөз мағынасын қолдана алу дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыру керек.

Бүл амал-тәсілдер өзара бірлікте жүргізілуі тиіс, біреуі ескерілмей қалған жағдайда жұмыс нәтижелі болмайды.

Адамдар қандай сөз немесе сөйлем айтпасын, ол адамның ойымен тығыз байланысты. Себебі адам сөздің немесе сөйлемнің мағынасын біле отырып, ойланудың арқасында айтады, жүзеге асырады. Сөз мағынасын үғындыруға арналған лексикалық жаттығулар проблемалық ахуал сипатында болғаны дүрыс. Оқушыларға сөз ұғымын ұғындыру мақсатында түзілген лексикалық жаттығулар:

  1. оқушының белгілі бір мөлшерде білімі;

ә) өтілген тақырыптарға негізделуі

  1. жаңа білімді оқушылар игерген білімдері арқылы зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында тану мүмкіндіктері;
  2. оқушының жас ерекшеліктерін ескеру;
  3. проблемалық сипатта, проблемалық ситуация туғызатындай жағдай жасау

керек.

  1. Оқушылар меңгерген сөз мағынасын өз бетінше жүмыс істеу кезінде дұрыс қолдана алу дағдылары мен икемдерін қалыптастыру талаптарына сай болуы керек.

Оқушылар сөз үғымын игеру барысында:

  • ақыл-ой амалдарын меңгереді;
  • бір қубылысты екінші қүбылыспен байланыстыра салыстыру арқылы өз ойын дәлелдей алады;
  • олардың арасындағы үқсастықтар мен айырмашылықтарды көріп түсінеді, сол арқылы тіл заңдылықтарын меңгереді;
  • қуға, білуге деген түрткісі жегіледі, істеген ісіне қанағаттанады;
  • тілген материалдарды қолдана алуды үйренеді;
  • жаңа сабақты меңгереді;

Өз бетінше жүргізілген осындай жүмыстар нәтижесінде мынадай дағдылар мен икемділіктердің қалыптасуы жетіледі:

  • өз мағынасын дүрыс түсіну барысында сөздерді орынды қолданып, дүрыс сөйлеу дағдылары;
  • зі шешім қабылдау икемділігі;
  • ілімді көшіре алушылық икемділігі;

заттардың арасындағы байланыстар туралы түсініктерінің қалыптасу икемділігі.

Жаңа сөздерді меңгерту барысында иллюстрациялық суреттерді пайдалану да өзіндік нәтижесін береді. Сурет арқылы сөз, сөйлем қүрастыруға дағдыландыру - өте тиімді әдіс. Әсіресе әр тақырыпқа іріктеліп жинақталған, тақырыптың топтама суреттердің берері мол.

Сөз тілдік қүбылыстардың бәріне де тікелей қатысты. Оқыту процесінде оқушыларға сөздің мағынасын жете түсіндіру өте қажет. Әсіресе, бастауыш сыныпта оқушыға жаңа сөзді үйрету, мағынасымен таныстыру үшін, оларға қазақ тілінің белгілі бір шамадағы сөздік қорын меңгерту үшін, жаңа сөздерді сауатты жазуға, қорыта айтқанда жаңа сөзді дүрыс қолдануға дағдыландыру керек. Сөздерді меңгерткенде де олардың жеңіл-қиындығын да ескеру керек.

Оқушыларға жаңа сөздерді меңгертуде үсталатын тағы бір басты принцип - ол сөздердің күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.

Жаңа сөздерді жеке дара емес, белгілі бір жағдаға байланысты тақырып ішінде қолдануға мүмкіндік жасау керек.

Бүл ойға Ахмет Байтұрсыновтың тұжырымы дәлел бола алады: «Тіл дамыту мәселесі тек қана грамматика зандарына үйретіп, не болмаса, сөздерді балаға үйретіп қана емес, сөзді тіршілігінде көрсету барысында ғана шешуге болады» [3, 49 5.].

Профессор НОралбаева жаңа сөздерді меңгертудің тиімді жолдарын төмендегідей саралап көрсетеді:

  • жаңа сөздің мағынасын оқушыға анық түсіндіру;
  • жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз ету;
  • жаңа сөзді қолданыста меңгеру;
  • жаңа сөздің айтылуы мен жазылуын меңгерту;
  • сөздікпен жұмысқа үйрету.

Сондай-ақ лексикалық материалдарды оқушыға меңгерткенде ескеретін бір жайт - жеке сөз ешқашан өз бойындағы бар мүмкіншілікті толық бере алмайды. Лексикалық мағынасы бар сөздердің өзін бір мағынасымен шектеу қиын. Өйткені тіліміздегі сөздердің әрқайсысы алуан түрлі мағынаны береді.

Сөздердің тура және ауспалы мағынасын, көпмағыналы сөздерді, омоним, синоним, антоним сөздерді оқушыларға меңгерту - олардың тілінің қалыптасуына, ойын нақты, әрі көркем әсерлі жеткізулеріне, сөйлесу тілінде бірсөздің бірнеше қайталауын болдырмауға, нақтырақ айтқанда шешен сөйлеуге, ойын дәл жеткізуге ықпалын тигізеді.

Оқушыларға жаңа сөзді меңгертуде грамматикалық дағдыларды қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айта білу, сөз тіркестерін дұрыс құрастыра білу, жаңа сөздерді күнделікті қолдана білу, мағынасын меңгеру , жаңа сөздерді қатыстырып сөйлем құру қабілеттерін дамыту - жаңа сөздерді меңгертудің алғы шарттары болып табылады.

Құрғақ сөзді жаттай бергенше, сол сөздермен жазба жүмысын, жаттығулар жүргізген де оқушының есте сақтау қабілеті жақсы дамиды. Байланыстырып жаза білген оқушының жүйелі сөйлеу дағдысы да дүрыс қалыптасады.

Жаңа сөзді түсініп, қолдана білсе, оқушының соғұрлым сөздік қоры бай болып, ойын анық жеткізуге мүмкіндігі мол болады.

Ол үшін төмендегідей жүмыс түрлері жүргізілуі керек:

  • түсінуге қиын жекеленген сөздер, белгілі бір мәтінде кездесетін қиын сөздердің мағынасын түсіндіру;
  • қиын немесе жаңа сөздердің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз ету;
  • жаңа сөзді қолдану дағдысын қалыптастыру;
  • жаңа сөздің айтылуы мен жазылуын меңгерту;
  • сөздікпен жұмысқа үйрету.

Сөз мағынасын түсіндірудің ең бірінші тәсілі сөздік дәптерге қиын және жаңа сөздерді теріп жазып, оны үнемі оқып қайталап отырады, қатыстырып сөйлем құрайды немесе мәтін ішінде қолданып, мағынасын байланыстырады. Мұндай әрекет оқушының жаңа сөзді меңгеруіне, сөздің мағынасын және жазылуын еске сақтап отыруына мүмкіндік туғызады.

Жаңа сөзді меңгертудің енді бір тәсілі - заттың өзі немесе заттың суреті көрсетіледі және синоним сөздер пайдаланылады, кейде сипаттамалы түсіндіру тәсілі қолданылады.

Сабақта жаңа сөздерді жеке дара қолданып түсіндіргеннен гөрі мәтін ішінде қолданған орынды.

Жаңа сөздің мағынасын анықтап, оны басқа сөзбен ауыстыру, оның грамматикалық тұлғаларын ажырата білу жаттығуларын жүргізген де орынды. Ол оқушылардың ойын көркем сөзбен жеткізе білуге баулыйды.

Сондай-ақ жаңа сөздерді меңгерту барысында шешендік сөздерді оқып үйретудің де мәні зор, мақал-мәтел, өлең, жүмбақ, жаңылтпаш түрлерін де пайдалануға болады. Мысалы 5-6 сыныптарда ойын элементтеріне сүйенуге болады.

Ойын - жаттығулар да оқушылардың жаңа сөздерді толық меңгеруіне, алған білімдерін бекітулеріне септігін тигізеді. Сондай-ақ ойын жаттығулар арқылы оқушы өздігіне жүмыс істуге үйренеді, ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры байиды.

“Сөзтізбе”, ребус, жаңа сөзге қатысы бар сурет, аяқталмаған сөйлем, т.б. қатыстырып қолданатын әр түрлі ойын сабақтарды үйымдастыруға болады. Ойын элементтерін пайдалану әрі оқушыны сергітеді, ой-өрісін кеңейтеді, жаңа тақырыпты меңгеруіне де септігін тигізеді. Ойын тәсілдерінің тиімділігі жаңа сөздерді жеңіл меңгеруіне ықпал етеді.

Сөздік диктант - жаңа сөздерді оқушы есінде қалдырудың ең тиімді жолы. Оны төмендегідей тәсілдер арқылы жүргізген тиімді:

  1. .Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді.
  2. .Жаңа сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды, дәптерлеріне жазғызады.
  3. .Мәтін ішіне таныс емес сөздерді теріп жазғызады.
  4. .Тақтаға жаңа сөзді қолдана отырып сөйлем құрайды.
  5. .Жаңа сөздерді мағыналас сөздермен ауыстырады немесе антонимін табады.

Мұндай тәсілдерді қолдану оқушының есіне жаңа сөздерді сақтауын мүмкіндік береді.

Сонымен жаңа сөздерді оқушыға меңгерту дегеніміз - сөздердің лексикалық тұлғасының тізімін жалаң түрде үйрету ғана емес, сондай-ақ үйренген сөздерін сөйлем ішінде қолдана білу. Ол үшін үйге мынандай тапсырмалар беруге болады:

  1. Түбір күйінде берілген сөздермен сөйлем құрату;
  2. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жаздыру;
  3. Сұрақ-жауап арқылы сөйлем құрату;
  4. Орындары ауыстырылып қолданған сөздер арқылы сөйлем құрату;
  5. Оқыған мәтіннен жаңа сөздерді тауып, мағынасын түсінуіне ықпал жасау;
  6. Жаңа сөздерді пайдаланып, мәтін құрастыру;
  7. Сөйлемдерді мағынасына, мазмұнына сәйкес аяқтап жаздыру.

Жаңа сөздерді меңгерту үшін арнайы жаттығуларды орындатуға болады. Ондай жаттығулардың мақсаты: сөз мағыналарына талдау жүргізу; сол арқылы оқушының сөздік қорын байыту; оларға өз ойын жеткізуде дүрыс қолдану амалдарын меңгерту; жазбаша тілдік қатынасты игерту.

1-жаттығу. Берілген сөйлемдегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жаз. (Астына жаңа сөздер, яғни тірек сөздерді беруге болады).

Мысалы, бұйым -зат. Есік қаласының маңынан табылған алтын... маңызы ерекше.

2-жаттығу. Төмендегі сөздерді қатыстырып бірнеше сөз тіркесін құраңдар: бұйым, таңба, т.б. (сөздер сол уақытта өтілген тақырыппен тығыз байланысты болуы керек).

3-жаттығу тақтаға жазылған сөздерді мүқият оқы. Көшіріп, олар мен сөз тіркесін құрап жаз.

4-жаттығу. Тірек сөздерді пайдаланып сөйлем құра.

Бұл жаттығулардың ұтымдылығы: жаңа сөздердің мағынасын жете меңгере отырып, өз ойын нақты және дұрыс жеткізуге, жаңа сөздерді дүрыс, өз мағынасында қолдана білуге жаттығады. Сөздік қоры молаяды, меңгерген сөздердің белсенді сөздік қорға айналуын іске асырады.

Жаңа сөздердің, лексеманың есте сақталуын қамтамасыз ету, әр сабақ сайын олардың білім деңгейін тереңдету мақсатында сөздердің синонимдік қатары қоса беріліп, қолдану машығындағы айырмашылықтарын түсіндіру - оқушының ойын дәл, анық жеткізуіне, сөздерді тауып қолдана білуіне, мәдениетті сөйлеуіне, сөздік қорының толығуына тигізетін ықпалы мол.

Оқушыларға теориялық білім беруде көбінесе шешендік сөздер, нақыл сөздер, қанатты сөздер жеке дара жіктеліп оқушылардың талдауына ұсынылып отырылуы керек. Бұл жұмыс түрлері оқушылардың дипломатиялық іскерлік әрекеттерін, тұжырымды және шешен сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда ерекше роль атқарды.

Ал жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, айтыс сияқты тағылым түрлері оқушылардың сөздік қорын молайтуда, ойлау қабілетін дамытуда, байланыстырып мәдениетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда таптырмайтын дидактикалық материалдар бола алады. Шешендік сөздер, нақыл сөздер, қанатты сөздерде оқушыға таныс емес сөздер мол. Сондықтан осы аталған тағылым түрлерін әр пән мүғалімі өзінің күнтізбелік жоспарындағы сағаттар санына сәйкестеп жіктеп бөлгені дұрыс.

Ғылыми ізденіс барысында лингвистика саласындағы оқытудың деңгейлік жүйесі оқушыларға тілді меңгертудің негізгі тиімді жолы болып табылады. Деңгейлік саралау технологиясы - жеке тұлғаның дамуының ірге тасы, оқу әрекеті құрылымының жаңа тәсілі. Ол бастауыш сынып мүғалімдерінің жұмыстарына серпіліс, шығармашылық пен ізденісті талап етеді.

Деңгейлік саралау технологиясы оқушының да, мүғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Лексикалық тақырыпты оқытуда деңгейлік тапсырмалар маңызды рөл атқарады. Оқушының тақырыпты жете түсініп, терең меңгеруі үшін әр деңгейде берілетін тапсырмалар өзіндік мәнге иеЛапсырмалар жеңіл қарапайым түрде ұйымдастырылады да күрделене береді. Әр деңгейдегі тапсырмаларға қойылатын талаптардың да өзіндік айырмашылығы бар.Ф.Ш.Оразбаева, Н.Х.Шадиеваның деңгейлік тапсырмаларға байланысты, деңгейлік тапсырмалардың маңыздылығы, тиімділігі жайлы бірнеше еңбектері бар [4].

Жоғары да айтып өткеніміздей, жаңа сөзді таныстыру үшін ең алдымен оның мағынасын түсіндіріп, меңгерту қажет. Синоним, омоним, антонимдерді қолдану, мағынасын түсіндіру арқылы да белгілі нәтижеге қол жеткіземіз.

Лингвистер тілдік синонимдердің стильдік мәнінің ерекшелігін атап көрсетеді. Тілдің ойды жеткізудегі икемділігі, бейнелілігі мен мәнерлілігі синоним сөздерге байланысты деп анықтайды. «Бір ұғымды айтып, не жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді сүрыптап қолдану қажет. Бұл ретте тіліміздегі синонимдер мен оның варианттары көбірек пайдаланылады» [5], - дейді ғалымдар. Синонимдердің мағынасын ашу арқылы да оқушыларға жаңа сөздерді меңгертеміз.

Жаңа сөздерді деңгейлік тапсырмалар арқылы меңгертудің тиімді жақтары мыналар:

  • жаңа сөздерді тез меңгереді, әрі оқушы өздігінен жүмыс істеуге дағдыланады;
  • оқушының жеке қабілеті айқындалады;
  • іштей бір-біріне қалыспауға тырысады, сондықтан жаңа сөздерді де тез қабылдайды;
  • тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабілеті артады;
  • эр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады.

Сонымен, оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту, сөздік қорын байыту - тіл дамытудағы ең маңызды жұмыс. Сондықтан сабақты түрлендіріп отыру қажет. Ал бүл мүғалімнің шеберлігін қажет етеді, әрі мүғалімнің шығармашылықпен еңбек етуін талап етеді. Яғни бүл үрдіс арқылы оқушылардың тілін жетілдіруге жағдай жасалынады.

Сабақты түрлендіру олардың жаңа сабаққа, жаңалықты үйренуіне қызығушылығын арттырады.

Әдіскер ғалым К.Ақбаева шәкірттердің сөздік қорын молайту жөнінде тәжірибелі мүғалімдердің әр алуан әдістерінің қорытындысы ретінде қазіргі қазақ тілінің оқыту әдістемесі:

  1. сөздік жұмысын жүргізу арқылы тіл үстарту;
  2. мәтінді оқумен байланысты тіл ұстарту;
  3. көрнекі құралдар пайдалану арқылы тіл ұстарту деген әдістерге негізделетінін айтады [5].

Демек, жаңа сөздерді деңгейлік тапсырмалар арқылы меңгертудің басты ерекшелігі - білім беру, оқыту, үйрету процесін топтап, жіктеп бөледі. Әрбір деңгейдің өзінің лексика-грамматикалық минимумы болады. Деңгейлік тапсырмалар оқушының жаңа сөздерді тез меңгеруіне септігін тигізеді.. Оқулықтағы жаттығулар өтілген ереже бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жүмыстарына арналған тілдік, грамматикалық жүмыстар жүйесі. Деңгейлік тапсырмалар жүйесіне мәтіндер, кроссворд, қызықты грамматика, тестік сүрақтар, оқушыны ойландырып, іздендірілетін іскерлік ойындар мен тренингер жүйесі қамтылады. Оқытудың деңгейіне сәйкес, оқушыны дифференциалды оқытуға ыңғайлы, оқу бағдарламасы бойынша оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып, оқулыққа қосымша пайдалануға беріледі.

Бірінші деңгейдегі тапсырмалар бойынша жаттап алуға лайықты, өткен сабақтарда меңгерген білімдерін пысықтауға бағытталған болуы керек. Бірінші деңгейде жаттап алуға ыңғайлы қысқа, түсінуге қолайлы тапсырмалар беріледі.

Екінші деңгейде өткен тақырыпқа байланысты түрленген, ойлауды қажет ететін, оқушы өз бетімен жұмыс жасауға лайықты тапсырмалар беріледі. Оқушының сөйлеу тілін дамытуға арналған тапсырмалар беріледі. Тірек сөздер арқылы сөйлемдер жазады, екі бағандағы сөздерді сәйкестендіреді. Оқушының сөйлеу қабілетін жетілдіретін тапсырмалар беріледі.

Үшінші деңгейлік тапсырмаларда танымдық-іздену тапсырмалар орындау арқылы оқушы өз тұжырымын жасайды. Мұғалім нұсқаушы, бағыт беруші, кеңесуші ретінде болады. Оқушының өзі сөздіктерді пайдаланып, сөз мағыналарын талдауға, мәтінді оқып, сөз мағыналарын өз бетінше түсінуге машықтанады.Төртінші деңгейлік тапсырмаларды да беруге болады. Ол күрделі болады, жаңа сөздердің мағыналарына арнап мәтін құрастырады, жаңа сөздерді пайдаланып сөйлем қүрастырады, шығарма жазады.

Сонымен қортындылай келгенде, жаңа технологиялар арқылы шешендік өнерді меңгерту оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге дайындайтындығымен, сабақты өткізу барысында стратегиялардың барлығы үш кезең арқылы жүзеге асатын тиімділігімен, мүғалімнің сапалы сабақ өткізуіне мүмкіндік туғызуымен, оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерінің молдығымен, ғылыми- теориялық тұжырымдамаларының тереңдігімен тиімді. Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын ізденіп әзірлеу - ғалымдар мен тәжірибелі үстаздардың бірлесе отырып атқаратын ісі.

 

Әдебиет:

  1. Рахметова С. Тіл дамыту методикасының негіздері //Бастауыш класстарда қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1987, 187 б.
  2. Оразбаева Ф.Ш., Шадиева Н.Х.. Лексиканы орындауда қолданылатын деңгейлік тапсырмалар. Алматы, 2002.
  3. Шадиева Н.Лексиканы оқытуда қолданылатын деңгейлік тапсырмалар жүйесі // ‘’Ізденіс” журналы, №1, 2002.
  4. Шадиева, Л.Сұлтанбаева Қазақ тілі пәнінен 5- сыныпқа арналған деңгейлік бақылау жұмыстары мен тест тапсырмаларының жинағы. Алматы, 2000.
  5. Ақбаева К.Қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері. Алматы, 1997,126.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.