Аңдатпа
Макала мэдениет және өнер саласына сыртық көздерден қаражат тартуға бағытталған қызметгерді зертгеуге арналған. Нарық заманында мәдениет және өнер саласының жаңғыру мәселелері апіылады. Фандрайзигке анықтама беріліп, оның елдің мэдени мүрасын сақтап қалу ісінде алатын орны, міндетгері мен мақсаттары талқыланады. Фандрайзинггің түрлері және кезеңдері қарастырылады. Бұқара халыққа өнердің жетістіктерін жеткізу үшін фандрайзинг мамандарын кеңінен даярлау ісін жолға қою негізделеді. Фандрайзинтің оң нәтижелін қарастыра келе. оны әрімен қарай зерттеу және енгізу ұсынылады.
Kipicne
XX ғасыр аяғында Евразия құрлығында ірі тарихи өзгеріс орын алды. Кеңес Одағының ыдырауы оның қүрамында болып келген мемлекеттердің ішкі және сыртқы саясатына, экономикасына, әлеуметтік саласына тың өзгерістер алып келді. Бүл мәдениеттің дамуындағы маңызды кезең болып табылады. Алдыңғы орынға экономиканы қойған ел басқарушылары, мемлекетте ірі реформалар жүргізуге кірісті. Мұндай реформаларды мэдениет саласы да басынан кешті.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың: «Мыңжылдық қазақ мәдениеті жас елдің тәуелсіздігінің сенімді тірегіне айналды», - деген сөзін басшылыққа ала отырып, мемлекеттің мәдени саясаты қазақ халқының аса бай мұрасын іздеумен қоса, оның дәстүрлері мен ғұрыптарын жандандыруды да қамтыды - олар елдің күнделікті өмірін рухани тұрғыда байытып, біздің өткенімізді қазіргі кезеңмен және болашақпен жалғауға тиісті еді [1; 84].
Мәдениет үйымдары арасында Тәуелсіздіктің алғашқы он жылында ірі өзгерістер байқала бастады. Қалыптасқан жаңа жағдайда нарықтық қатынастарға икемделе алған ұйымдар ғана өз жүмыстарын жалғастыра алды. Қаржыландыруы жағынан мүндай үйымдар бюджеттік, шаруашылық есепке көшірілген және кәсіпкерлік болып бөлініп келді. Бюджеттік ұйымдар қаржыны толыққанды мемлекет есебінен алып, өз жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік алса, коммерциялық емес үйымдар, шаруашылық қызметі нәтижесінде түскен қаржы мен демеушілер көмегімен жұмыс атқарды. Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 16 қаңтарындағы № 142-II
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңына сәйкес коммерциялық емес ұйым (КЕ¥) деп негізгі мақсаты ретінде табыс алуды және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлуді көздемейтін заңды тұлға болып табылады. Коммерциялық ұйымдар (кәсіпкерлік) Қазақстан нарығындағы мәдениет саласына күмәнмен қарап, ол салаға қаржы құюға асықпады. Әрине шетел тәжірибесіне сүйенсек, арт-индустрия саласы ең ұтымды салалардың бірі. Оған қызығушылықтың пайда болуының бірден-бір себебі мәдени тауар өндіру барысында көп қаржының жүмсалмауы, көбіне мәдени тауарды өндіру барысында оның бірден тұтынылуы. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек мәдени өндіріс әлемдік ақша айналымының 1,3 трлн, құрайды. Бір ғана Еуропаның шекарасында 588 млрд. еуроға тең қаржы өндіріледі екен. Бұл салада еңбек етіп жүрген жүмыс күшінің өзі әлдеқандай. Яғни, жүмыссыздықпен күресудің бір құралы.
Қысқаша мысалдың өзі ғана бүл саланың болашағы зор екенін көрсетуде. Тек білікті мамандардың жетіспеуі, бүл салаға бөлінген қаржының мардымсыздығы, елімізді бүл кошке ілестіре алмай келеді. Егін екпей оны орып алу мүмкін емес, міне сондықтан да мәдениет пен өнер ұйымдары мемлекет қаржысына қарап қана қоймай қаржыландырудың жаңа жолдарын қарастырған жөн. Бұл манда мәдени ұйымдардың фандрайзингті қолданып, өз істерін дөңгелеткендері жөн. Әрине, ол үлкен жүмыс, әрі білікті мамандардың араласуын қажет етеді. Ендеше, осы фандрайзингтің қандай мағына беретінің, әрі оның неліктен онер саласына әкелер пайдасы зор екендігін талқылап кетейік.
Мақаланың төңірегінде зерттеу жүргізу барысында алдымен сипаттамалық әдіс қолдану таңдалынып, мәдениет саласына енген берік экономикалық жаңа ұғымның маңыздылығын анықтау барысында статистикалық әдіс те пайдаланылды.
Ағылшынның «fundraising» сөзінің орыс тіліндегі дәл баламасы жоқ. Сондықтан осы ағылшын сөзін «фандрайзинг» немесе «фандрейзинг» деп әркім өзіне ұнағанына қарай орыс әріптерімен жазады. Одан мағынасы өзгермейді: әңгіме коммерциялық емес жобаларға ресурстар тарту жөніндегі қызмет туралы болып отыр [2; 22].
Фандрайзинг - қайырымдылық үйымының өз бағдарламаларын іске асыру және мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті ресурстар алуға бағытталған қызметі. Ресурстар тартумен айналысатын адамды «фандрайзер» деп атайды. Ал, қолдау алатын ұйымдарды донорлар деп атаймыз.
Фандрайзинг тек ақша ғана емес, достарды, байланыстарды, БАҚ-тың қолдауын және т.т. тарту. Нарықтық экономикаға толыққанды көшкен экономиканың барлық салалары, нарықтың заңдарына сәйкес қызмет атқаруы тиіс. Біле-білсеніздер нарықтың негізгі механизмдері ол сүраныс, үсыныс, баға және бәсеке. Адам Смиттің 1767 жылы жарық көрген «Халықтар байлығының табиғаты мен пайда болу себептерінің зерттелуі» еңбегінде «Көрінбейтін қол» концепциясы үсынылып, тауардың нарықтағы сүраныс пен ұсыныс арқасында өз бағасын тауып, тұтынушалыр қажеттігін өтейтіні кеңінен сипатталған. Сол заманнан бері нарықтық экономиканың да келбеті өзгеріп, сол заңдылықтардың, яғни үсыныс пен сүраныстың ара қатынасын қалыпты үстау үшін мемлекеттің де белсенді араласу қажеттігі туындады. Аралас экономика деген жаңа ұғым дүниеге келіп, әр аймақта оның өзіндік табысты модельдері қалыптасты.
Мәдениет саласы аралас экономиканың озық модельдерін зерттеу арқылы ең үздігін пайдаланып, трансформациядан өтуі тиіс. Заман өзгерген сайын түтынушы қажеттілігі де өзгеруде. Маркетингтік зерттеулер барысында ең жиі және сәтті қолданатын қару ол - тактика. Ол дегеніміз түтынушының (көрерменнің) қашан театрға не галереяға келетіні күтіп отырмай, оның қажеттігін өтеу үшін көрермен алдына бару, яғни өнерді күрделі трансформациядан өткізу. Мәселен, өнер тарихына үнілетін болсақ кезіңде классикалық театрлар мюзик - холл, варьете, кабаре, мюзикл, рок - опера тектес ойын - сауық орындары мен онер жанрлары түтынушының сүранысынан туындап, мол қаржы табуға, әрі сапалы қойылымдардың қойылуына мүмкіндік тугызды. Эрине, онер тек қаржы табуға көзделмеген деп айтар өнер жанашырлары табылатыны сөзсіз, алайда кез - келген өнер қаражат есебінен дамиды, өйткені сол декорациялар, костюмдер, гастрөлдер мол қаражатты қажет етеді. Сондықтан қаражат табу үшін, біріншіден, фандрайзингті қолдану қажет, екіншіден нарықта маркетингтік зерттеулер жүргізген абзал.
Өнер саласы қазіргі уақытта пайда табудан гөрі шығынға үшырап жатқан баршаға мәлім. Қолға алынып жатқан проектілердің тек 50 % ғана өз көрерменің тауып, табыс табуда. Осыған орай фандрайзингтің маңызы өсуде. Фандрайзингтің негізгі мацсаттары мынадай:
© Қаржы жинау;
Z Ұйымға жаңа серіктестер мен достарды табу;
Z Өзін жайлы ашық жариялап, мақсаттарынмен таныстыру;
Фандрайзингтіік стратегиялардыц мацызды аспектілері болып:
© Бизнес - жоспар әзірлеу;
Y Демеушіге ұсыныс жазу;
Y Болашақта ықтимал демеушілерді анықтау үшін проектінің мақсатты аудиториясын анықтау;
© Серіктестермен екі жаққа да тиімді болар қарым - қатынас орнату;
Y Проектілерді дүрыс аяқтау (болашақ үзақ мерзімді ынтымақтастық орнату үшін серіктестермен проекті аяқталғаннан кейін де жұмыс атқару) [3].
ТМД аумағында фандрайзинг үғымы кең таралмаған. Көбіне ол филантропия және әлеуметтік проектілерді қамтиды. Бірақ, коммерциялық проектілерді қаржыландыру үшін демеушілерді іздеу, оның ішінде бартер жағдайындағы демеушілік те фандрайзинг деп түсіндіріледі. Проектілер білім беру саласын, қоғамның рухани жэне мәдени ортасын қолдау үшін қажет. Міне сондықтан, фандрайзигпен білім беру үйымдары (университеттер, колледждер, мектептер), денсаулық сақтау үйымдары (ауруханалар, госпитальдар), мәдениет үйымдары (мүражайлар, театрлар, кітапханалар, галереялар), діни топтар, қорлар айналысады. Мысалы, қазір көптеген кітапханаларда фандрайзинг қызметі қолданылып, өз жемісін беруде. Соған орай, фандрайзинг түсінігі, фандрайзингтің негізгі кезеңдері, жобаға қойылатын талаптар, жобалаудың дайындық кезеңі, жобаның құрамдас бөліктері жэне фандрайзинг әдістері мен қаржы көздерін таңдау тақырыптары туралы көп айтылуда.
Ендігі уақытга фандрайзигке толығырақ тоқталып кетейік. Фандрайзинг ішкі және сыртық болуы мүмкін.
Ішкі фандрайзинг - қаржыны іздестіру жүмыстарын әзірлеу мен іске асыруды ұйымның қызметкерлері дербес жүргізеді.
Сыртқы фандрайзинг - қаржыны іздестіру үрдісіне кәсіби маманның тартылуы.
Әрине қазіргі уақытта жоғары оқу орындарында мәдениет саласына ауадай қажет менеджерлерді даярлау ісі қолға алынды. Арт - менеджер мамандығына қызығушылық білдіріп жатқан мектеп түлектері де аз емес. Болашақ мамандығы ретінде қарастырылып келе жатқан мамандықтардың бірі ретінде арт-менеджмент фандрайзингтің келесі әдістерін қолданады:
Телефандрайзинг (telefundraising) - болашақ донарлар мен жәрдемшілерге телефон немесе факс арқылы хабарласу;
Пошталық фандрайзинг (mail fundraising) - болашақ донарлар мен жәрдемшілерге пошта арқылы хабарласу;
Жеке фандрайзинг (individual fundraising) - болашақ донарлар мен жәрдемшілерге жеке әңгіме барысында ұсыныс жасау;
Солофандрайзинг (solo fundraising) - танымал адамдардың қолдау көрсетуі;
Уақиғалық фандрайзинг (events fundraising) - түрлі іс-шараларды өткізу (аукцион, корме, лотерея, презентация, түскі ас жэне т.б.) [4].
Бұл эрине фандрайзингттік эдістердің тек бір тобы ғана, жаңа буын менеджерлері заман талабына, экономикалық ахуалға сай инновациялық эдістерді дүниеге экелуі тиіс. Ал ол үшін элемдегі бар тэжірибені зерттеп, қолданысқа енгізуі керек. Фандрайзингтің толық циклы мынадай кезеңдерден тұрады:
S Мэселені талдау;
- Идея;
- Мақсатты топтың сипаттамасы;
- Мақсаттар мен міндеттерді анықтау;
S Механизмдер мен инструменттерді анықтау;
S Смета эзірлеу, қолда бар жэне қажетті ресурстарды талдау;
- Әлеуетті донорларды іздеу жэне іріктеу;
- Фандрайзинг шарасын, акцияларын өткізу;
- S Алынған нэтижелерді талдау, сабақтар алу;
- Донорларға алғыс білдіру [2].
Фандрайзинг түрлі қайнар көздерден қаражат тарту жэне жүмылдыру жолдары. Бір қарағанда оның инвестор іздестіруден айырмашылығы байқалмайды. Негізгі ерекшелігі, инвесторды негізгі қор қүру үшін, ұзақ мерзімге тартады жэне де инвестициядан түсетін пайданы ұзақ мерзімге жоспарлайды. Ал фандрайзингте қаржыны негізгі қор құру үшін емес, жобалар мен бағдарламаларды іске асыру үшін жұмылдырады. Осыған орай фандрайзингтің мэдениет саласына тэн технология екенін анық анғарамыз.
Жүмысты дүрыс ұйымдастырған кезде фандрайзинг циклы үздіксіз болады: бір іс-шараның нэтижелерін бағалау мен өңдеу бірқалыпты жаңа іс-шараны жоспарлауға және жетілдіруге ауысып отырады. Басты мақсат қаражат табу болғандықтан осы қаражатгардың түріне де тоқталып кетейік. Қаражаттардың негізгі көздерінің қысқаша сипаттамалары мынадай:
Y Қорлар - коммерциялық емес жобаларға конкурстық негізде қаражат бөлетін ұйымдар. Оңайлату үшін мұнда мемлекеттік жэне коммерциялық құрылымдардың гранттық бағдарламаларын да жатқызуға болады. Біз үшін қордың ақшаны қайдан алғанын білу тіптен маңызды емес, тек қордың оны бізге бергісі келетіні ғана маңызды.
S Мемлекеттік ұйымдар (конкурстық бағдарламалардан басқасы). Мұндай ұйымдардың қаражаттарының көзі түрлі деңгейдегі - республикадан жергілікті деңгейге дейінгі бюджеттер болып табылады. Басқаша айтқанда, бүл сіз бен біздің салығымыздың ақшасы. Мәдениет, жастар ісі және т.т. жөніндегі мүмкін болған барлық комитеттерді де осы топқа жатқызуға болады.
Г Коммерциялық ұйымдар. Мұнда пайда табу үшін жүмыс істейтін заңды тұлғаларды меңзеп отырмыз. Олардың ақшасы - сол біз айтып отырған пайдасы. Заң бойынша, оның бір бөлігі қайырымдылыққа бағытталуы тиіс. Алайда, шынайы өмірде компаниялар ҮЕ¥ - дарды қолдауға, жарнама бюджетіне жэне маркетингке шығындай алады.
Z Жеке тұлғалар. Бүл сіз бен біз секілді қарапайым адамдар. Яғни, өз қаражатының бір бөлігін ізгі іске беруге дайын адамдар [2].
Фандрейзингтің сәтті өтуі жобаның, бағдарламаның немесе мәдениет ұйымының тартымдылығына байланысты. Кейбір үйымдар фандрейзингті іске асыратын арнайы бөлімшелерді құрады. Себебі, фирманың (ұйымның) қаржылық дамуы оның бет - бейнесінің қалыптасуы мен дамуына бағынышты. Мәселен, П.И. Чайковский атындагы академиялық опера жэне балет театрында фандрайзингпен - «Даму қызметі» айналысады. Фирманың бет - бейнесі іскерлі стильге, ақпараттық - рэсімдік дизайнға ғана байланысты емес, ол корпоративтік мэдениетті қалыптастыруға, ұжымның, оның ішіндегі техникалық ұжымның (билет сатушы, күзетші, еден жуушы жэне т.б.) жүріс- тұрысына да тэуелді. Өнердегі жобаға қаржы бөлуші тұлғалар тек қана қоғам тарапынан қолдауға ие, жоғары корпоративтік мэдениетті көресете білген ұйымдармен ғана қарым - қатынасқа барады. Бұл жағынан мэдениет ұйымдары өте тиімді мүмкіндіктерге ие.
Мэселені жақсы түсіну үшін музейлерде фандрейзингті жүргізу кезеңдеріне көз шалайық (Кесте 1).
Кесте 1 Фандрейзинг кезеңдері
Фандрейзинг кезецдері |
Кезец цурылымы |
Жоспарлау |
Қаржыны тартуға қатысты мазмұнды бағдарлама эзірлеу. Алдағы кезеңде мэдениет ұйымының шығындарын анықтау. Фандрейзинг түрлерін анықтау. |
Іске асыру |
Фандрейзингті іске асыру эдістерін таңдау. Фандрейзингті жүзеге асыру ісінде жауаптыларды анықтау. Фандрейзингті іске асыруға қаржы белу. |
Бақылау |
Фандрейзингті іске асыру процесіне бақылау орнату. Орын алған өзгерістерге байланысты жоспарларға түзету жасау. |
Талдау |
Жоспарлау кезеңінің тиімділіген анықтау. Іске асыру кезеңінің тиімділігін талдау. Қорытынды нэтижелердің тиімділігіне бага беру. |
Жоғарыда көріп тұрғанымыздай, жүмыстың барысы жоспарлаудан басталады. Болашақ серіктестерді анықтау, оларды өз жобаларынызға тарту үшін толық негізделген жоспар эзірлеу шарт. Барысында фандрайзигтің түрін таңдап, оны іске асырудың эдістерін қолға алу қажет. Бұл істермен арнайы жинақталған топ айналысқаны жөн. Толық циклды үрдісті бақылауда ұстау да маңызды шара. Нэтижесінде фандрайзигтің қорытындысын шығарып, бизнес субъектілері арасындағы қатынасты одан эрі дамыту мэселелерін талқылаған жөн.
Фандрейзинг 3 негізгі сүраққа жауап беруі керек. Біріншіден, компания мақсаттары объективті қажеттіліктерге қаншалықты сэйкес келгендігі (қойылған мақсаттардың тиімділігі) [5]. Екіншіден, алынған нәтижелердің қойылған мақсаттарға қаншалықты сай келгендігі (кампания тиімділігі). Үшіншідіен, осы нәтижені алу үшін жұмсалған қаражат пен уақыттың қаншалықты тиімді болғандығы. Mi не, жүргізілген талдаулардың барлығы болашақ жобалардың сәтті өтілуіне сенімділікті арттырады.
Мәдениет және өнер саласы ұйымдарын басқару процесінде менеджердің басынан кешетін қиыншылықтарының бірі - қаржының жетіспеуі немесе тапшылығы. Өз біліктілігі арқасында жоғарыда келтірілген әдістерді жетік меңгерген түлға, өнердің қай саласында болмасын өзін еркін сезінеді. Өйткені инновациялық жобалар жасау арқылы, болашақ серіктестерді жылдам анықтап, олармен жұмыс жасауға толықтай әзір.
Литература:
- Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік дэуірі. - Астана. 2017. - 508 б.
- «Бастамашы топтан кәсіби ұйымға» (қүралы). «СПИД Фонд Восток-Запад». - Алматы. 2013. - 94 6.
- https://dic.acadentic.ni/dic.nsf/rawiki/399143
- http://www.financialguide.ra/encyclopedia/fundraising
- Тульчинский Г. Л., Шекова Е. Л. Менеджмент в сфере культуры: Учебное пособие. 4-е изд., испр. и доп. - СПб.: Издательство «Лань»; «Издательство ПЛАНЕТА МУЗЫКИ». 2009. - 528 с.