Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тәуелсіздік қүндылықтары: рухани жаңғыру - ұлттық кодыңды сақтау

Ацдатпа

Бұл ғылыми мақалада рухани жаңғыру, ұлттық кодымызды сақтау мәселесі қарастырылады. Үлттық код дегеніміз қазак халқының жаратылысы, табиғаты, рухани бітімі, өмір салты екендігі және ұлттык қүндылық белгілері айтылады. Адами қасиеттерді, рухани ерекшеліктерді жаңғырту, заманның ағымына сай өзгеру - жеке адамның ғана емес тұгастай қоғамның міндеті екендігі сөз болады. Ұлттық бірегейлікті сақтау. ұлттық сана, қазақстандық прагматизм мәселелері нақты ойлар арқылы жүйеленіп беріледі.

Kipicne

Жаңғырған қоғамның өзінің тамыры, тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу, - деген біздің Елбасының сүбелі сөзі қазіргі таңда жаһандану үрдісінде дер кезінде айтылған және көтерілген өзекті мәселе... Әрбір үлттың өзіндік үлттық кодын сақтай отырып, адам баласына ғана тән адами қасиеттерді, рухани ерекшеліктерді жаңғырту, заманның ағымына сай өзгеру - жеке адамның ғана емес тұтастай қоғамның міндеті. Қоғамдағы саналы әрбір адам әлемдік өркениетте өз орнын жоғалтып алмайтын, өзгелерден өзін қор санамайтын, бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Ал, бәсекеге қабілеттілік қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың бәсекелік қабілетін арттырып, табысқа жетуге мүмкіндік алып, әрекет етуі... «Бәсекелік қабілет дегеніміз - ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін», - деп айтылған пікірден экономикалық бәсекелістікпен қатар рухани құндылықтарды бойына сіңіру арқылы, сапалы ұлт болып қалыптасудағы бәсекелестікке төтеп беру, адами құндылықтарды дамыту, қоғамның әрбір мүшесінің мәдени, рухани байлығын дамыту әлдеқайда күрделі екендігі ақиқат...

Зерттеу нәтижесі

Адамның жан - жақты дамуы - қоғамдық мәдениет байлығын игеру нәтижесінде қоғамның әрбір мүшесінің еңбегі жинақы іске, игілікті әрекетке, ал адам іскер және шығармашыл жеке адамға айналып отырса ғана ізгілікке қол жеткізеді, соның нәтижесінде рухани жаңғыруға бағытталамыз, тіліміз бен әдебиетімізді жаңғыртамыз, дәстүрімізді дамытамыз... Бұл адамды тар өрісті еңбек функциясына басыбайлы, біржақты «жарым - жарты» ететін әлеуметтік еңбек бөлінісін жойғанда ғана мүмкін болады. Бұл - бір адамның бойына бүкіл және әртүрлі еңбек функцияларын, мамандықтарын және т.б. өзіне - өзін қабыстырып жинау арқылы емес адамнан жоғары тұрған дербес әкімшілік бақылаушы, бөліп тұрушы және т.б. функцияларды қажет етпейтін шын мәнісіндегі адамның жан - жақтылығын, адами сапаны дамыту арқылы іске асырылады. Адам еңбек процесінде бүл функцияларды өзінің жинақы әрекетіне айналдырып, жан - жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады. Жаңа кезең жай сегіз қырлылықты емес, адам дамуының тұтастығын, үйлесімділігін талап етеді. Рухани жаңғырудың қоғам дамуының кейбір принциптері әрбір жеке адамды толық және еркін жетілдіру болып табылады. Жан - жақты жетілген адамды қалыптастыру ғасырлар бойы өзекті мәселе болып келеді.

Яғни ешкімнің бүйрығынсыз шығармашыл, үйлесімділікте, тұтастықта толық және еркін дамитын адамды қалыптастыру арқылы рухани жаңғыра аламыз, бүл процесс әр кезеңде үлкен қажеттілік туғызып отырған.

Философия ғылымдарының докторы А. Нысанбаев өзінің «Тәуелсіздік Қазақстан философиясы» атты еңбегінде: «Халықтың өзіндік санасы мәдени және тарихи тамырдан ажырауы мүмкін емес және оның үстіне, ол жаңашылдық даму үдерісіне бойлаған берік мәдени дәстүрге сүйенбей дамуы мүмкін емес, сонымен қатар дәстүрді ескермеген қандай да бір мәдени жаңалық болуы да мүмкін емес», - деп көрсетеді.

Біздің пікірімізше де, халықтық сана мен дәстүрді бойына сіңірген тұлға тәрбиелегенде ғана адамзаттың рухани биіктерге өрлеуіне ықпал жасайтын, Қазақстанның болашағының жарқын болуына еңбек ететін рухани жаңғырған ұлттық тұлғаны қалыптастыра аламыз. Үлттық тұлғаның қалыптасуы рухани жаңғыруға бағдар болады.

«Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді үзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн»,- деген Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың сөзі, айтқан пікірлері еліміздің ертеңгі болашағына бағдар жасауы [1; 13].

Сонымен, халық руханиятының және даналығының бастауларын бойына қалыптастырған, «Жеті атасын білетін ер мен жеті ғасыр тарихын білетін елді», мәдениеті жоғары деңгейде дамыған ұлттық мемлекетті басқаратын, отанын сүйетін, оның дамып қалыптасуына өз ерік - жігерін қосатын ұрпақ тәрбиелеу, ұлттық тұлға қалыптастыру өзектілігін арттыруда, күннен - күнге беки түсуде.

«Отансыз адам - қай жерде жүрсе де бейшара адам. Өзіңнің еліңе, Отаныңа, жеріңе, ата - бабаңның төккен қаны мен теріне адал болуың керек. Қайда жүрсе де, не істесе де қазағын - елін ойлап, осыны көркейтсем, кіндік қаным тамған елім аман болып, оның дәрежесі жоғары болса, қай мемлекетке барсам да мені сыйлайды деген түсінікте болу керек», - деген Нурсултан Әбішұлы Назарбаевтың жүрек жарды сөзінен де халқымыздың рухани құндылықтарының, даналық тамырларының тамыры тереңде жатқандығын байыптаймыз. Рухани жаңғыру - ертеңіміздің, жарқын болашағымыздың баянды болуының негізі.

Халық руханиятының және даналығының бастауларын бойына қалыптастырған, «Жеті атасын білетін ер мен жеті ғасыр тарихын білетін елді», мәдениеті жоғары деңгейде дамыған, ата - бабаның төккен қаны мен теріне адал, ұлттық мемлекетті басқара алатын, оның дамып қалыптасуына өз ерік жігерін қосатын, қасаң қағидаларды өзгертуге, жаңғыртуға икемді, туған жерін сүйетін оны көздің қарашығындай сақтайтын ұрпақ тәрбиелеу заман талабы, сондықтан осының негізінде, толыққанды жаңғырамыз, Қазақстандық прагматизмді қалыптастыра аламыз. «Прагматизм - өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз», - дейді Елбасымыз. Төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп көрсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін байқаймыз. Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемдеп, әрі орынды жумсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанған екен. Қазақстанның Тұңғыш Президент! - Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында да туған жерге қатысты «Туған жер», «Қазақстанның қасиетті рухани қундылықтары - Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Қазақстандағы 100 жаңа есім», ұлттық бірегейлікті сақтау атты бағдарламаларын ұсынды.

«Туган жер» - «Туған Ел» бағдарламасы кіші отанның жаңғыруы арқылы жалпыұлттық патриотизмнің қалыптасуына бағытталады. Ол өлкетану, өлкетанулық муражайлар жүйесін дамытуға негізделіп, білім беру жүйесінде орта мектептердің бағдарламаларында туған өлкені зерттеуден бастау алады. Әрбір мекен өзінің қаһармандары мен тарихи орындарына бай. Сол себептен әрбір аймақта аймақтық тарихты оқытуды, мәдени жэне тарихи ескерткіштерді және жергілікті ауқымдағы мәдени нысандарды қайта қалпына келтіруді ұйымдастырып, осы бағытта көптеген жүмыстарды атқару міндеттері тұр.

Ұлттық бірегейлікті сақтау, ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Қазір салтанат қурып тұрған жаңғыру үлгілерінің қандай қатері болуы мүмкін? Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгісін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ретінде қарастыруда болып отыр. Алайда, өмірдің өзі бұл пайымның түбірімен қате екенін көрсетіп берді. Ic жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда. Ұлттық салт - дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Үшінші мыңжылдық қоғам мен мемлекеттің дамуының басты тетігі әрине - Білім, дегенмен тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы болары анық. Сондықтан дәстүрге тағзым етуге, әдебиетіміз бен тілімізді қурметтеуге бағытталған білім бергенде ғана біз дамимыз, мәңгілік Ел боламыз. Бізге Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні ауадай қажет, себебі бұлар біздің рухани мәдениетіміздің түпқазығы, тамырымыздың негізі.

Әрине, білімнің салтанаты жалпыға ортақ болуға тиіс. Оның айқын да, бұлтартпас себептері де бар. Біз технологиялық революцияның беталысына қарасақ, таяу онжылдық уақытта қазіргі кәсіптердің жартысы жойылып кеткелі тұр. Экономиканың кәсіптік сипаты бүрын - соңды ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген. Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең - ақ ескіге айналатын, жаңалығы желмен жарысқан, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық.

Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек. Үшіншіден, бұл - өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі. Азиядағы екі ұлы держава - Жапония мен Қытайдың бүгінгі келбеті - осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланудың нағыз үлгісі.

VI - VII ғасырлар - ерте орта ғасыр кезеңі. Бұл уақытта Еуразия құрлығында ғылымға «Орхон - Енисей жазулары» деген атаумен танылған көне түркілердің руникалық жазуы пайда болып, қолданылды. Бұл адамзат тарихындағы ең көне әліпбилердің бірі ретінде белгілі. V - XV ғасырларда түркі тілі Еуразия құрлығының аса ауқымды бөлігінде ұлтаралық қатынас тілі болды. Мәселен, Алтын Орданың бүкіл ресми құжаттары мен халықаралық хат - хабарлары негізінен ортағасырлық түркі тілінде жазылып келді. Халқымыз Ислам дінін қабылдаған соң руникалық жазулар біртіндеп ысырылып, араб тілі мен араб әліпбиі тарала бастады. X ғасырдан XX ғасырға дейін, 900 жыл бойы Қазақстан аумағында араб әліпбиі қолданылды. 1929 жылғы 7 тамызда KCPO Орталық Атқару Комитеті мен KCPO Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби - «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды. Осылайша, қазақ тілінің эліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді. «Мен 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан - 2050» Стратегиясында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдедім. Бұл - сол кезден барлық салаларда біз латын қарпіне көшуді бастаймыз деген сөз. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліп- биімен басып шығара бастауға тиіспіз», - деген Елбасымыздың сөзі берген тапсырмаларын орындау мақсатында латын әліпбиіне көшу жүмыстары атқарылып, жан - жақты талдануда.

Ал, латын әліпбиіне көшу - тілдік ерекшелігімізді сақтау, әлемдік интеграция, ақпарат алу мүмкіндігіміздің артуы. Біріншіден, қазақтың артикуляциялық (айтылым) базасын жаңғыртып, сақтап қаламыз. Басқаша айтқанда, сырттан келген сөздерді бүрынғыша сындырып жазып, қазақи болмысымызға тән қалыптастырамыз.

Екіншіден, жаһандық өркениетке ілесе алатын боламыз. Бүл іске тілтанушы ғалымдар бүрыннан дайындықпен келе жатыр. Өйткені латын жазуы ағылшын тілі сияқты әлемге кең тараған әліпби екені белгілі. Дегенмен, қазақ әліпбиін 2025 жылға қарай біртіндеп латын қарпіне көшіру мәселесін жүзеге асыруда мақсатты нәтижеге жету үшін, ең алдымен, латын әліпбиін меңгерту әдістемесі жасалуы керек деп есептейміз.

Қорытынды

Адам баласы - шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер - әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір - бақи түратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт - дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу - шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени - генетикалық кодтың негізі ретінде қарау керек екендігін көрсетеді. Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тоза- тын ұлан - ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер үрпағын, бізді қорғады.Сондықган тілімізді, әдебиетімізді жаңғыртып, салт - дәстүрімізді, құндылықтарымызды сақтап жаңғыруымыз керек. Тәуелсіздік құндылықтары - рухани жаңғыру мен ұлттық кодыңды сақтау. Ал, рухани құндылықтар арқылы жетілу, жаңғыру, даму - дамудың ең бір төте жолы болып табылады.

 

Әдебиет:

  1. Назарбаев Н.Ә. Рухани жаңғыру, болашакка бағдар. - « Егемен Қазақстан» газеті. 2017, 12 сәуір.
  2. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «Қазакстан жолы - 2050: бір максат. бір мүдде. бір болашак». 2014 жыл17 қаңтар.
  3. Нысанбаев А. Адамға карай бет бұрсақ. (Ежелгі Грек философиясы туралы ой толғаулар). - Алматы: Қазак университет, 1997. - 15.3 б.
  4. Әбдіқадырова Т. Алаш және ұлт қайратксрлері. - Тараз, 2017. - 304 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.