Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тарихи кезеңдер бейнелері мeн суретшінің шеберлік деңгей өлшемдері

Аңдатпа

Бүл мақалада бейнелеу өнерінде тарихи оқиғалар бейнеленген шығармалардың ерекшеліктері мен суретшінің шеберлік деңгейін анықтау. оның ішінде өнер сынына қатысты мәселелер қарастырылады. Суретпгінің шеберлік деңгейін анықтау. өнер сыншысының жаңа туындымен қарым - қатынастағы көркемдік - талдаушылық қызметімен сипатталады. Суретші шеберлігі оның білімінің деңгейіне. шығармашылық әрекеттер мен тәжірибелік қызметтің іскерлігі мен дағдысына тікелей байланысты болады. Шығармашылық шеберлік суретшінің жаңа туынды жасау іс - әрекеттерін жоспарлау. қүрастыру, үйлестірумен байланысты сипатталады. Сондай - ақ. мақалада өнер сыншысының қызметі үлкен екі бағытты қамтитындыты: біріншіден - «шығарманың көркемдік ерекшеліктерін талдау» болса, екіншіден - «суретшінің шығармашылық қызметін бағалау» болып анықталатындығы айтылады. Шығармашылық шеберлік суретшінің жаңа туынды жасау іс - әрекетгерін жоспарлау, қүрастыру, үйлестірумен байланысты қарастырылады. Сонымен қатар. «шығармашылық қызмет», «шеберлік» «тарихи бейне» - үғымдарына сипаттама беріледі. Кейбір картина белгілі бір тарихи дәуірдің тынысы мен келбетін білдірсе. Қазақстан бейнелеу өнерінде бір картина, белгілі бір тарихи кезенді бейнелеген шытарма ретінде халыкка кеңінен танымал екендігі. қарастырылады.

Kipicne

Қазақ бейнелеу өнерінде тарихи оқиғалар бейнеленген шығармалар болғанымен, белгілі бір тарихи дәуір оқиғаларын бір картинаға сыйғызып бейнелеген қартиналар сирек кездеседі. Тарихи бейне тарихта болғанадамдар мен құбылыстар дың көркем образдары арқылы жасалған бейнелер жүйесінен құралады. Көркем образдармен жасалған бейне тарихи оқиғаны бейнелеу композиция, жарық пен көлеңке, перспектива заңдылықтарына сай жүзеге асырылады. Тарихибейне - тарихи оқиға көріністері бейнеленген шығарма. Тарихи бейне тарихи кезеңнің көріністерін бейнелейді. Кейбір картина белгілі бір тарихи дәуірдің тынысы мен келбетін білдіреді. Бұларда уақыт пен кеңістік белгілері, тұрмыстық көріністер, киім үлгілері молынан мағлұмат береді. Күн мезгілдері, территория мен өлке тынысынан белгі беріледі.Осылардың барлығы жинала келе, сол бір кезеңнің шынайы көркем образын қалыптастырады [1, 38 - 40 6].

Зерттеу әдістері

Тарихи кезеңді бейнелеуде маңызды орын алатын костюм. Костюмді бейнелеуде ұлттық сипатының берілуі маңызды көрсеткіш ретінде танылады. Костюмге қарап, суретшінің қай мезгілді, қай елді суреттеп отырғаны анық байқалады. Сонымен, тарихи шығармадағы маңызды көрініс арнаулы костюм және мамандық костюмінің бейнеленуі айқын эсер береді. Бұл оқиғаның сипатын, ел тарихындағы орнынтанып, тарихи сана қалыптастыруға ықпал етеді. Бір елдің тарихында бірнеше тарихи кезеңдер болса, сол тарихи кезең қазақ бейнелеу өнерінде де, бірнеше көркемдік, танымдық, тарихи - элеуметтік кезеңдерге бөліп бейнеленген шығармалар жеткілікті болып саналады.

Суретші әрбір тарихи оқиғаны символ түрінде алып, белгілі бір композициялық құрылымға біріктіреді. ¥лы даланың кеңес дәуіріндегі тарихи кезеңдері қазақ бейнелеу өнерінде әртүрлі кезеңге бөлініп бейнеленген. Кеңес дәуіріндегі қазақ бейнелеу өнері шығармаларының мазмүнын сараптау нәтижесі бізге, оларды колхоздастыру, ¥лы Отан соғысы, соғыстан соңғы халық шаруашылығын қалпына келтіру, тың жерді игеру, космос дәуірі, ірі өнеркәсіптің дамуы кезеңдеріне бөлуге болатынын көрсетті [2,85 - 88 6].

Қазақстан бейнелеу өнерінде бір картина, белгілі бір тарихи кезеңді бейнелеген шығарма ретінде халыққа кеңінен танымал болғандары бар. Тәжірибеде бүл картина сол тарихи кезеңнің символы іспетті қабылданатын болған. Мысалы, суретші Алексей Степановтың «Жерпланетасынанкелгенадам» атты кескіндеме картинасы «Космос» кезеңінің басталғанын білдіретін символ ретінде танылады. Бұл картинаны көргенде космос корабльдері, тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин еске түседі. Картина мазмұны «Космос» дәуірінің бейнелік көрінісін білдіреді.

Картина тұтастай алып қарағанда «Космос» дәуірінің логотипі іспетті қабылданады. Логотип белгілі құбылысты, көріністер жинақтарын елестететін суретретінде қабылданады. Космосты насихаттайды, сол туралы ақпараттар береді. Жаңа бір тарихи дәуірдің басталғандығынан хабардар етеді. Адам мен космос дәуірінің ара қатынасы мәдениетінің жаңа сипатын көрсетеді. Суретші А. Степановтың «Жер планетасынан келген адам» атты картинасы қазақ бейнелеу өнеріндегі жарқын беттерін ашатын картина. Картинаның идеялық мазмүны- ұлы даладағы соны жаңалық космосты бейнелеу болып табылады.

Картина форматы квадрат көрінісіне ұқсас болып көрінеді. Бұл композицияға нақты бір жинақылықты бергендей эсер етеді. Квадрат форма ішінде шар пішінді жер шарының көрінісі елес береді. Осы көріністің алдында скафандр киген адам - космонавт бейнесі көрініс тапқан. Космонавт киген киім, пішіндері шағын формалар үндестігімен құрамдалған. Күн мен түн, аспан мен жер көріністері белгілі тұтастықты білдіреді. Дүниенің кезекпен келуін осы бірліктердің кезектесуі аңғартып тұрғандай.

Шығарманың түстер бірлестігінің шешімі - суық жэне жылы түстердің бірлігінен құрамдалатын аралас колоритке негізделген. Бояулар үндестігін бұлайша көрсету, өмір шындығын шынайы бейнелеуге негізделгенін көрсетеді. Бояулар үндестігі салтанатты, белгілі бір жеңісті пашеткендей эсер береді. Картинаны орындау техникасы майлы бояумен кенеп бетіне салынған суретекендігін білдіреді.

Жербетіндегі адамның басқа бір планетаға сапар шегуін суретшінің жаңалық ретінде үсынуы, суреттегі планета көрінісінің бір жағының күн сэулесінің түсіп тұрған келбетінің бейнеленуімен, біржағының түн көрінісінің берілуі, суретшінің бір соны шешімі ретінде қабылданады. Қазақ бейнелеу өнеріне жаңа бір композициялық шешім эдісінің келгенін аңғартады.

Осындай эдіспен Қазақстанның халық суретшісі ӘбілханҚастеевтің «Колхоз тойы» атты кескіндемелік картинасында қазақ даласындағы «Колхоздастыру» кезеңі суреттелген. Қарағандылық суретші В. Крыловтың «Шахтерлерді майданға шығарып салу» атты картинасында «ҮлыОтан» соғысының басталу кезеңі суреттелген.

Соғыстан кейінгі жылдардағы халықтың жағдайы Қазақстанның халық суретшісі Қанапия Телжановтың «Ата - баба жерінде» атты кескіндемелік шығармасында көрініс тапқан. Шығарманың басты идеясы - тың жерді игеру болып анықталған. Суретші А. Евсеевтің «Шымкент фосфор зауыты» атты картинасы Қазақстандағы ірі өнеркэсіп орындарының даму кезеңдерін суреттейтін көркем шығарма ретінде танылады. Суретшінің шеберлік деңгейі - өнер сынына қатысты өнертанымдық мәселенің бірі. Суретшінің шеберлік деңгейі туралы академиялық білімдер болғанымен, оның өлшемдері, көрсеткіштері әліде толық анықтауды қажет етеді. Өнер шеберінің шығармашылық еңбегін оқып үйренуде, суретшінің шығармашылық деңгей көрсеткіштерінің қажеттігі мен оның тәжірибеде болмауы біздің, зерттеу проблемамызды «Суретшінің шеберлік денгейін анықтау өлшемдері», - деп алуға мүмкіндік туғызды.

Суретшінің шеберлік деңгейін анықтау - өнертанымдық мәселе, оның ішінде өнер сынына қатысты мәселе. Суретшінің шеберлік деңгейін анықтау, өнер сыншысының жаңа туындысымен қарым - қатынастағы көркемдік - талдаушылық қызметі. Өнер сыншысының қызметі үлкен екі бағытты қамтиды. Олар, біріншіден - «Шығарманың көркемдік ерекшеліктерін талдау» болса, екінші бағыты - «Суретшінің шығармашылық қызметін бағалау» болып анықталады.

«Шығармашылық қызмет» - жаңа туынды жасауға бағытталған іс - әрекеттердің жүйесі болып табылады. «Шеберлік» - өнер шеберінің шығармашылық жұмысты орындаудың басынан аяғына дейін кезең, кезеңдерге бөліп орындау нәтижесімен сипатталады. Суретші шеберлігі оның білімінің деңгейіне, шығармашылық әрекеттер мен тәжірибелік қызметтің іскерлігі мен дағдысына тікелей байланысты болады. Шығармашылық шеберлік суретшінің жаңа туынды жасау іс - әрекеттерін жоспарлау, құрастыру, үйлестірумен байланысты сипатталады [3,45 - 87 б.].

Зерттеу нәтижелері

Өнертанымдық әдебиеттер мен суретшілердің шығармашылық қызметін сараптау нәтижелері, суретшінің шығармашылық қызметін мынандай бағыттарға бөліп қарастыруға болатынын көрсетті:

Бірінші бағыт - өзінің шығармасында қандайда бір жаңашылдық көрсету - суретшінің басты шеберлік өлшемінің бірі болып табылады. Жаңашылдық картина форматына, идеясына, композициясына, колоритіне, орындау техникасы сияқты бағыттардың біріне айналуы мүмкін.Жаңашылдық көркемдік ерекшеліктердің біріне байланысты айқындалады.

Екінші бағыт - суретшінің қандайда бір материалды өңдеуі шебердің орындаушылық іс - әрекеттерімен сипатталады. Материалды өңдеу технологиясы бойынша жаңа бағыттар анықталады.

Үшінші бағыт бойынша - шебердің шеберлік өлшемдерінің бірі ретінде туындының даралық сипаты ескеріледі. Мысалы мұндай шығарма қатарына суретші Алексей Степановтың «Жер планетасынан келген адам» - атты шығармасын айтуға болады.

Төртінші бағыт бойынша - дайын шығармашылық жұмыстың ел ішіндегі, шет елдердегі көрмелерге қатысуы қажетті көркемдік деңгейді білдіретін өлшем ретінде алынады. Суретшінің шығармашылығы кейде ел ішінде танымал болуы, кейбірі алыс шетелде, кейбірі жақын шетелде танымал болады.

Бесінші бағыт мазмүны бойынша - шығармашылық шеберлік өлшемінің бірі - оның белгілі территорияда, өлкеде, ел ішінде танымал болуы маңызды көрсеткіш ретінде тануға болады.Мысалы, суретші Ерболат Төлепбай шығармалары әлемнің жүз отыз еліне танымал болуын айтуға болады.

Алтыншы бағыт - өнер адамын шығармашылық шеберлікке апаратын бірден - бір жолы - белгілі қоғамдағы көкейкесті проблемаға суретшінің алғашқылардың бірі болып үн қосуымен, өз пікірін шығармашылығы арқылы көрсетуімен байланысты.Мүндай шығармашылық қызмет қатарына суретшінің «Қазақ елі», «Үлы

дала», «Ел тұтқалары» т.б. тақырыптар бойынша жазылған шығармалар мысал бола алады.

Жетінші бағыт - туындының идеялық мазмұнын анықтау шебердің шығармашылық деңгейіне баға беретін өлшем бірлігі ретінде танылады.Шығарманың идеялық мазмүны көркемдік ерекшелік болып анықталады.

Сегізінші бағыт - суретшінің шеберлік деңгейін көрсететін өлшемнің бірі - сюжет табу мен композиция құрау. Сюжет табу шығарманың көкейкесті мәселелерімен байланысты болуымен сипатталатын өлшем. Бұл көрсеткіштер шығарманың композициялық құрылымын анықтауға ықпал етеді.

Тоғызыншы бағыт - композицияның қызғылықты, тартымды болуы, қайталаулардың аз болып, көріністердің әсемдігі мен тартымдылығы суреткер шеберлігін айқындайтын өлшем бірлігі ретінде танылады.

Оныншы бағыт - кескіндемелік шығарманың колориттік шешімін табу суретшіден түстерді қабылдау, шығарма мазмұнына сай, бояу таңдаудан асқан шеберлікті талап ететін қызмет түрі. Картина түстерінің байлығы мен олардың қайталанбастығы суретші шеберлігінің бір ерекше бағытын анықтайтын өлшем.

Oh бірінші бағыт - суретші шығарма тақырыбын анықтаумен байланысты - бейнелеу өнері шеберінің шығармашылық стилі анықталады. Бұл да бір - суретшінің шеберлік деңгейін көрсететін өлшем болып табылады.

Oh екінші бағыт - материалды көркем өңдеу, тақырып анықтау, шығарма қүрылымын табу, түстік үйлесімділікті табу іс - әрекеттерінің бір бағытта, яғни тұтастықта шешілуі шебердің ерекше де жоғары деңгейін анықтайды.

Oh үшінші бағыт - жоғары орындаушылық шеберліктің өлшемдері болып - шығарма идеясы, шығарма колориті, орындаушылығы, тұтастығы, қайталанбастығы, жаңашылдығы, эксклюзивтілігі сияқты ерекше белгілермен өлшенуі тиіс болады.

Он төртінші бағыт - суретші шығармаларында ұлттық көркемдік дәстүрдің жалғастығының сақталуы.

Қазіргі өнертанудың заманауи талаптарын ескеріп, өнерді талдау тәжірибесін сараптау нәтижелері, бейнелеу өнерінің шеберлерінің жаңа туындыларын бағалауда қолдануға болатын мына өлшемдер ұсынылады.

Бірінші өлшем - суретшінің өз шығармасында қандайда бір жаңашылдықты көрсетуі;

Екінші өлшем - шебердің бейнелеу материалын қолдану барысында жаңа технологияны қолдануы;

Үшінші өлшем - суреткер туындысындағы шығармашылық даралықтың болуы;

Төртінші өлшем - суретші туындысының алыс немесе жақын шетел көркемөнер көрмелеріне қатысқандығы.

Бесінші өлшем - шебердің белгілі территорияда, елде танымал болуы.

Алтыншы өлшем - суреткер ретінде елдегі, қоғамдағы көкейкесті мәселелерге дер кезінде өз шығармашылығы арқылы үн қосуы.

Жетінші өлшем - туындының идеялық мазмұнын анықтау шеберлігі.

Сегізінші өлшем - туындының сюжетін табу, композициясын құрастыруы.

Тоғызыншы өлшем - композицияның қызғылықты, тартымды болуы, қайталаудың болмауы.

Оныншы өлшем - картинадағы түстер, байлығы мен идеялық мазмұнның түстер үндестігі арқылы ашылуы.

Oh бірінші өлшем - суретшінің шығармашылық стилінің болуы.

Oh екінші өлшем - картина жазу барысында немесе мүсін жасауда шығармашылық бағыттағы проблемаларды кешенді түрде шеше білуі.

Oh үшінші өлшем - тұтастық, қайталанбастық, даралық, жаңашылдық өлшемдерінің бір шығармада тұтастай көрінуі.

Oh төртінші өлшем - ұлттық көркемдік шығармашылық дәстүрдің сақталуы, шығарманы ұлттық рухани құндылық ретінде бағалау қажеттігі.

Қорыта айтқанда, көрсетілген он торт бағыт суретшінің шығармашылық қызметінің бағыттарын көрсетуге ұмтылыс жасалды. Бұл аталған бағыттар бірінің қызмет шеңберін, екіншілерінің қайталамайтын болғандықтан, оларды суретші шығармашылық шеберлік деңгейін көрсететін өлшем бірліктері ретінде алуға болады.

Суретшінің шеберлік деңгейін анықтауға қажетті көрсеткіштерінің болуы, суретшілер шығармаларына шынайы талдау жасауға, көркемдік құндылық тұрғысынан толықтай бағалауға мүмкіндік беретіндігі анықталды.

Қорытынды

Tapихи кезеңді бейнелейтін шығармалар - қазақ бейнелеу өнері дамуының ерекше бір тақырыбы мен бағытын анықтайды.Тарихи кезеңді шығармалар сол тарихи кезең оқиғалары мен ерекше тарихи құбылыстарды композиция, түстану, перспектива құбылыстары арқылы бейнелеу жолымен сипатталады. «Космос» тақырыбы қазақ бейнелеу өнерінде өткен XX ғысырдың алпысыншы жылдарынан бастау алған ғарыш суреттерімен көрініс табады. «¥лы Отан соғысы», «Тың жерді игеру» тақырыптарықазақ бейнелеу өнерінің өзіндік ерекшелігін анықтайтын тақырыптар ретінде танылады.

Қазақ бейнелеу өнерінде әрбір тарихи кезеңді бейнелейтін тарихи тақырыптарға арналған картиналар бейнеленген тарихи жанр дамыған. Олар қазіргі кезде әрбір тарихи кезеңге сай қалыптасып, даму үстінде. Қазақ бейнелеу өнері шеберлерінің тарих тақырыбына қалам тартпағандары жоқ. Олардың арасында суретшілер Ә. Қастеев, Қ. Телжанов, В. Крылов, А. Степанов, И. Әубакиров, С. Евсеевтарды ерекше атауга болады [4,253 -255 б]. Бұлар тарихи бейне тақырыбына калам тартуда өзіндік жаңашылдығымен ерекшеленетін шығармалар болып табылады.

 

Эдебиет:

  1. Изобразительное искусство Казахстана. Альбом. Москва.: Советский художник,- 1973. С. - 278 с илл.
  2. Өнерліөлкесуретшілері.Алматы. Эффект ЖШС, 2008. - 200 б. илл.
  3. Ералин Қ. Өнертанымдықдаярлық. А. Ясауиунив - теті, Түркістан, 2015. - 89 б.
  4. ОңтүстікҚазақстан. Шығармашылзиялылар. Алматы, «Нұрлыәлем», 2001. - 320 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.