Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Mos sf-36 сауалнамасы арқылы жоо студенттерінің omip сүру сапасын бағалау

Аңдатпа

SF-36 сауалнамасының көмегімен өмір сүру сапасын зерттеу халықаралық тәжірибеде жалпы халықтың, сондай-ақ жекелеген әлеуметтік топтардың денсаулық жағдайын бағалаудың жоғары ақпараттық, сезімтал жэне үнемді әдісі болып табылады. Әдіс адамның тіршілік әрекетінің сипаттамасына сандық баға беруге мүмкіндік береді - оның физикалық. пси.хологиялық және әлеуметтік қызмет етуі.

Өмір сапасы - адамның субъективті қабылдауына негізделген физикалық, психологиялық. эмоциялық және элеуметтік қызметінің интегралдық сипаттамасы. Сауалнаманың сегіз шкаласы 2 көрсеткішті құрайды: денсаулықтың психологиялық компонент! жәнс дснсаулықтың физикалық компонент!. Келесі көрсеткіштер бағаланады: физикалық қызмет көрсетуі. рөлдік қызмет көрсетуі, ауру карқындылығы, жалпы денсаулығы, өмір сүру бейімділігі. әлеуметтәк қызмст көрсетуі, эмоциялық қызмет көрсетуі және психологиялық денсаулығы.

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оңтүстік жәнс Солтүстік Қазақстаннан студенттерді оқыту үрдісінде. М. Қозыбаев студенттердің әртүрлі пси.хоәлеуметтік тәуелділікке бейімделуінің таралуы мен сапасы анықталды. MOS SF-36 сауалнамасы бойынша. «физикалық қызмет корсету (PF)» көрсеткіші жоғары болды, ең аз шамасы сауалнаманың «рөлдік эмоциялық қызмет көрсетуі (RE)» шкаласы бойынша анықталды.

Kipicne

¥лт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі. Денсаулық жеке адамның ғана емес сонымен қатар барлық қоғамның негізгі құндылықтарының бірі болып табылады.

Қазіргі таңдағы білім алушы жастардың бойындағы психоәлеуметтік тәуелділіктен (ғаламторға, есірткіге, құмар ойындарына және т.б.) арылтудың жолдарын қарастыру. Соңғы жылдарда есірткі тәуелділік емінде көрнекті қозғалыс болды. Бүгінде Қазақстанда ресми дерек бойынша, есірткі тұтынушы ретінде тіркелген 48000 адам есепте тұр. Алайда, ресми емес дерек көздері бойынша, олардың саны 350000- нан асып жығылады, дейді мамандар. Сондай-ақ, есірткіге тәуелділердің 27%- ын 12-6 жастағылар құраса, 42%-нан астамы 17-26 жас арасындағылар, яғни жастар [2]-

Б¥¥-ның жариялаған мәліметтері бойынша, осы кезде дүниежүзінде есірткінің әр түрін, атап айтқанда марихуана, героин, кокаин, опиум және тагы да басқа түрлерін пайдаланатын 200 миллионная артық нашақор бар. Алаңдататын мәселе, есірткі пайдаланатындардың жастарының томен болуы мен жастар мен жасөспірімдердің есірткіге бейім болуы болып табылады. Мәліметтер бойынша, әртүрлі елдерде пайдаланатын есірткі мөлшері өсіп, расында есірткі мафиясы жаңа құрамдар шығаруда. Күн сайын әртүрлі химиялық құрамдарды пайдалану арқылы есірткінің жаңа жасанды түрлері психотроптық дәрі атауымен есірткі нарығында таралуда. Олардың кейбіреулерінің зияны бұрыннан танымал табиғи есірткілермен салыстырғанда күштілеу әрі көптеген мәселелер тудырады. Жасанды есірткіге тәуелді адамдарды емдеу де қиындау. Есірткі мафиялары «олар есірткі емес, қиындық тудырмайды» деген үгіттерімен адамдарды пайдалануға тартады.

Мсщсатъг. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің Оңтүстік және Солтүстік Қазақстан студенттерінің жоғарғы оқу орнындағы оқыту процесі барысында әр түрлі психоәлеуметтік тәуелділіктерге бейімделуінің студенттер арасында таралуын және сапасын анықтау.

Зерттеу әдістері: Сауалнама зерттелушілердің тіршілік әрекеттерінің олардың денсаулығы мен көңіл күйіне әсерін зерттеуге бағытталған. Сауалнама адам денсаулығының жай-күйіне эсер ететін адам өмірінің барлық аспектілерімен қанағаттанудың жалпы эл-ауқатын жэне қанағаттану дэрежесін көрсетеді.

Жастардың өмір сапасын зерттеу нэтижелерін анықтауда MOS-SF-36 сауалнамасын қолдандық. Сауалнама адам денсаулығының жай-күйіне эсер ететін адам өмірінің барлық аспектілерімен қанағаттанудың жалпы эл-ауқатын жэне қанағаттану дэрежесін көрсетеді. SF-36 құрамында сегіз разрядқа бөлінген: физикалық қызмет көрсетуі, рөлдік (физикалық) қызмет көрсетуі, ауру қарқындылығы, жалпы денсаулығы, өмір сүру бейімділігі, әлеуметтэк қызмет көрсетуі, эмоцпялық қызмет көрсетуі жэне психологиялық денсаулығы жайындағы көрсеткіштері көрсетілген. Әр шкала бойынша көрсеткіш индикатордың мэні (0-ден 100-ге дейін) соғұрлым жоғары болған сайын, таңдалған масштабтағы балл жаксы болады. Олардың ішінде екі параметр қалыптасады: денсаулықтың психологиялық жэне физикалық компоненттері. Осылайша, MOS-SF-36 сауалнамасы сенімді құрал болып табылады. Ол жастардың денсаулығының психологиялық құрамдас бөлігі жэне олардың өмір сүру сапасын анықтауға мүмкіндік береді (Кесте 1)

Кесте 1 MOS SF- 36 сауалнамасына сэйкес студенттердің өмір сапасын бағалау

Көрсеткіш (балл)

Солтүстік

Оңтүстік

Нақтылық

қыздар

ұлдар

қыздар

үлдар

1

2

3

4

5

6

7

Физикалық қызмет көрсетуі (PF)

25,17+0,4

27,99+0,3

27,23+0,4

29,01+0,2

Ж

*

Рөлдік (физикалық) қызмет көрсетуі (RP)

6,44+0,2

6,05+0,1

5,41+0,1

5,61+0,1

ж

*

Ауырсыну қарқынды- лығы (BP)

8,52+0,3

9,20+0,2

8,76+0,2

8,79+0,1

н/д

н/д

Жалпы денсаулығы (GH)

18,89+0,2

17,87+0,2

18,14+0,2

19,22+0,2

*

*

Өмір сүру белсенділігі (VT)

16,24+0,4

16,98+0,3

16,29+0,3

17,2+0,3

н/д

н/д

Әлеуметтік қызмет көрсету (SF)

8,22+0,2

8,31+0,2

8,69+0,1

8,49+0,1

*

н/д

Рөлдік эмоциялық қызмет көрсетуі (RE)

4,65+0,1

4,7+0,1

4,14+0,1

4,08+0,1

*

*

Психологиялық денсаулығы (MH)

20,12+0,5

21,1+0,3

20,51+0,4

21,47+0,3

н/д

н/д

Студенттердің өмір сапасын анықтау барысында жүргізілген MOS SF-36 сауалнамасы бойынша физикалық қызмет (Physical Functioning — PF) көрсеткіші анықталды. Бұл физикалық қызмет көрсету студенттердің белсенділігін өлшейді (өзін- өзі қамтамасыз ету, жаяу жүру, баспалдақпен көтерілу, ауыр жүкті алып жүру, маңызды физикалық күш салу), күнделікті жаттығулардың денсаулығымен шектелмейтін көлемін көрсетеді. Осы зерттеу барысында Солтүстік Қазақстан облысының студенттерінің қыз балаларындағы көрсеткішінен (25,17±0,4) байқалды, ал Оңтүстік Қазақстан облысының студенттерінің қыз балаларында бүл көрсеткіш (27,23±0,4) құрады. Солтүстік аймақтың қыз балаларының Оңтүстік аймақ қыз балаларына қарағанда физикалық қызмет көрстеу белсенділіктері төмендеу болды (Сурет 1).

Ал Солтүстік Қазақстан облысының ұл балаларының физикалық қызмет көрсету көрсеткіші бойынша (27,99±0,3) құраса, Оңтүстік Қазақстан облысының ұл балаларының көрсеткіші Солтүстіктің ұл балаларының көрсеткішімен салыстырғанда олардың күнделікті жаттығулармен шектелмейтіндігін көрсетеді, яғни (29,01±0,2) құрады (сурет 3.1).

Рөлдік (физикалық) қызмет көрсетуі (Role-Physical Functioning RP) - физикалық жағдайдың күнделікті рөлдік әрекетгерге әсері (жұмыс, күнделікті міндеттер). Бүл шкала бойынша томен көрсеткіштер Оңтүстік Қазақстан облысының студенттерінің қыз балаларында (5,41±0,1) құраса, ұл балаларында (5,61±0,1) қүрады, яғни студенттердің күнделікті әрекеттерінің физикалық жағдайы бойынша айтарлықтай шектелгенін көрсетеді.

Ал Солтүстік Қазақстан облысының қыз балалары (6,44±0,2) мен үл балаларындағы (6,05±0,1) көрсеткіштер Оңтүстік аймақ студенттеріне қарағанда жоғары нәтиже берді. Осы көрсетілген көрсеткіштердегі мәндер неғұрлым төмен болса, физикалық денсаулығының жай- күйі күнделікті қызметті шектейді (Сурет 2).

Ауырсынудың қарқындылығы (Bodily pain - BP) және оның күнделікті қызметпен айналысу қабілетіне әсері, оның үй ішінде және үйден тыс жұмысы. Бұл шкаладағы томен мәндер бұл студенттердің ауырсыну белсенділігін айтарлықтай шектейді (Сурет 3).

Бұл шкаладағы студенттердің деңгей көрсеткіштері Солтүстік Қазақстан облысының қыз балаларында (8,52±0,3) құрады. Оңтүстік Қазақстан олысының қыз балаларындағы көрсеткіші (8,76±0,2) құрады. Екі аймақтың да қыз балаларының көрсеткіштері қанағаттандырарлық. Олардың күнделікті қызметпен айналысу

қабілеттері және ауырсыну белсенділіктері бір-біріне үқсас екендігі байқалды. Ауырсыну белсенділігі бойынша Солтүстік аймақтың үл балаларының көрсеткіші Оңтүстіктің ұл балаларының көрсеткішіне қарағанда әлдеқайда жоғары болды, (9,20±0,2). Ал Оңтүстіктің ұл балаларындағы бүл көрсеткіш (8,79±0,1) олардың ауырсыну қарқындылығы жоғарыда айтып өткеніміздей айтарлықтай шектеулі екендігі көрсетілген (Сурет 3).

Жалпы денсаулық (General Health - GH) - бүл студенттердің қазіргі жағдайы мен келешектегі емделу жағдайын бағалау болып табылады. Бұл шкаладағы көрсеткіш неғұрлым томен болса, денсаулық деңгейі төменірек болғаны. Біз осы MOS SF-36 сауалнамасы бойынша Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан облыстарының студенттерінің жалпы денсаулығы туралы көрсеткіштерін анықтадық. Байқағанымыздай мұндағы көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысының студенттерінің қыз балаларындағы көрсеткіші (18,89±0,2) көрсетсе, Оңтүстік Қазақстан облысының қыз балаларда бүл көрсеткіш (18,14±0,2) құрады, яғни екі аймақтың қыз балаларының денсаулық деңгейлері 0,75-ке ғана айырмашылық байқалды.Екі аймақтың да қыз балаларының жалпы денсаулықтары жақсы екендігі байқалды. Ал екі аймақтың ұл балаларының жалпы денсаулықтарының деңгейіне тоқталатын болсақ, Солтүстік аймақтың ұл балаларының көрсеткіші (17,87±0,2) Оңтүстік аймақтың үл балаларының көрсеткішіне (19,22±0,2) қарағанда жалпы денсаулық деңгейлері томен екендігін анықтадық. Біздің ойымызша, студенттердің жалпы денсаулығы жағынан Солтүстік аймақ ұл балаларының Оңтүстік аймақтың ұл балаларымен салыстырғанда осынша айырмашылықтың болуы ауа райында, яғни күн көзінің аз түсуі мен жауын - шашынның көп болуында деп ойлаймыз (Сурет 4).

Өмір сүру белсенділігі (Vitality - VT) күшке және қуатқа толы сезім, немесе керісінше, әлсіздік. Төменгі көрсеткіштер студенттің шаршағанын, өмірлік белсенділігінің төмендеуін көрсетеді. Өмір сүру белсенділігі шкаласы бойынша орташа деңгеймен алғанда Оңтүстік Қазақстан облысының ұл балаларында «өмірлік белсенділік» (VT) шкаласы көрсеткіштері жоғары болды, (17,2±0,3). Ал Солтүстік Қазақстан облысының ұл балаларының көрсеткіштері Оңтүстіктің үл балаларының көрсеткіштеріне қарағанада 0,22-ге аз нәтиже (16,98±0,3) көрсетті. Яғни, өмір сүру

белсенділіктері темен, олардың шаршағандығын көрсетеді. Ал қыз балалардың өмір СҮРУ белсенділігі бойынша көрсеткен көрсеткіштері жағынан Солтүстіктің қыз балаларында (16,24±0,4) болса, Оңтүстіктің қыз балаларында бүл көрсеткіш (16,29±0,3) қүрады. Өмір сүру белсенділігі жағынан екі аймақтың қыз балаларынан айтарлықтай өзгешелік байқалмады. Бірақ, екі жақтың да қыз балаларынан әлсіздік пен шаршаңқылық басым екендігі анықталды (Сурет 5).

Әлеуметтік қызмет көрсету (Social Functioning - SF) физикалық немесе эмоционалды күйде әлеуметтік белсенділікті шектейді. Бұл шкала студенттердің әлеуметтік белсенділік деңгейі қаншалықты қанағаттанғанын және олардың жай-күйі бойынша қаншалықты қанағаттандырылатынын көрсетеді.

Әлеуметтік белсенділік - бүл әрбір адамның жекетұлғалық мінездемесімен, қоршаған өмірге қарым-қатынасымен және оны өзгертуге әрқашан даярлығымен сипатталатын интеграцияланған сапалар жүйесі. Нақ осы әлеуметтік позициясы оның өзіне, адамдарға, қоғам мен оның нормаларына, ережелері мен талаптарына деген қарым- қатынастық жүйесін айқындайды.

Бұл шкала бойынша студенттер арасындағы анықталған нәтиже Оңтүстік Қазақсан облысының қыз балаларының көрсеткіші (8,69±0,1) Солтүстік аймақтың қыз балаларының көрсеткішіне (8,22±0,2) қарағанда әлдеқайда басымырақ нәтиже көрсетті. Ал үл балалар арасындағы көрсеткіштер айтарлықтай жоғары емес, Солтүстіктің үл балаларында (8,31±0,2) көрсетсе, Оңтүстіктің үл балаларында (8,49±0,1) көрсетті (Сурет 6).

Рөлдік эмоциялық қызмет көрсетуі (Role- Emotional - RE) эмоциялық жағдайдың жүмысқа немесе басқа да күнделікті іс-әрекеттерге кедергі келтіретін дәрежесін (соның ішінде үлкен уақыттық шығындар, жұмыс көлемінің төмендеуі, оның сапасының төмендеуі және т.б.) бағалауды қамтиды. Бұл шкаладағы төмен көрсеткіштер эмоционалдық жағдайдың нашарлауына байланысты күнделікті жұмыстың орындалуына шектеу ретінде түсіндіріледі. Сауалнама нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысының студенттерінің қыз балаларындағы көрсеткіші (4,62±0,1) құраса, үл балаларындағы көрсеткіші (4,7±0,1) қүрайды. Ал Оңтүстік Қазақстан облысынан келген студенттерінің қыз балаларындағы көрсеткіші (4,14±0,1) көрсетсе, үл балаларында (4,08±0,1) көрсетті Көріп отырғанымыздай, Солтүстік және Оңтүстік аймақ студенттерінің рөлдік эмоциялық қызмет көрсетудегі көрсеткіштері қанағаттандырарлықтай деңгейде, бір-бірімен жобалас нәтиже көрсетілген. Екі аймақтың да студенттерінің эмоционалдық жағдайлары мен күнделікті жүмысты орындауларында кедергінің болмауын көрсетеді (Сурет 7).

Психологиялық денсаулық (Mental Health - MH) - депрессия, көңіл- күй, оң эмоциялардың жалпы көрсеткішінің көңіл- күйін сипаттайды. Осы көрсеткіштің мәндері неғұрлым жоғары болса, студент өзінен соңғы айларда тыныштықты сезінгендігі. Төмен көрсеткіштері депрессиялық, алаңдаушылық, психикалық аурудың болуын көрсетеді. Студенттрден алынған MOS SF-36 сауалнамасы бойынша, олардың психологиялық денсаулығы жайындағы көрсеткіштері Солтүстік Қазақстан облысының қыз балаларында (20,12±0,5) көрсетсе, үл балаларында (21,1±0,3) көрсетті. Ал Оңтүстік Қазақстан облысынан келген студенттредің қыз балаларындағы көрсеткіші (20,51±0,4) қүраса, үл балаларының көрсеткіші (21,47±0,3) деген ең жоғарғы көрсеткішке ие болды. Солтүстік және Оңтүстік аймақтың ұл балаларының көрсеткіштерінде сәл ғана айырмашылық бар. Қыз балалар арасында да дәл солай. Салыстыра келсек, екі аймақтың да студенттерінің көрсеткен көрсеткіштері жақсы. Яғни, оларда депрессиялық алаңдаушылық және психикалық аурулардың томен деңгейде екенін көрсетеді (Сурет 8).

Сурет 8 Психологиялық денсаулық (MH) шкаласы

М. Қозыбаев атындагы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің Оңтүстік және Солтүстік Қазақстан студенттерінің жоғарғы оқу орнындағы оқыту процесі барысында әр түрлі психоәлеуметтік тәуелділіктерге бейімделуінің студенттер арасында таралуы және сапасы анықталды. Студентерден алынған MOS SF-36 сауалнамасы бойынша, «физикалық қызмет көрсету (PF)» шкаласының мәні ең жоғары болды; ең аз мәндер сауалнаманың «рөлдік эмоциялық қызмет көрсетуі (RE)» шкаласы бойынша анықталды.

Қорытындылай келе, зерттеудің мақсаты жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсау үрдістері мен сипаттамалары арасындағы өзара қатынасты орнату болып табылады. Алынған нәтижелерді университеттерде профилактикалық және тәрбие жұмысында ескеру қажет. Психоәлеуметтік тәуелділіктерге бейім адамдарды анықтау әдістемесі, психологтардың, оқытушылардың, нашақорлықтың алдын-алу және түзелуімен айналысатын барлық мамандардың жүмысында білім беру жүйесінде кеңінен қолданылуы мүмкін.

 

Әдебиет:

  1. ¥лт Қазақстан Республикасының Президент! Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2014.
  2. Өмешүлы Ә. Салауатты өмір - денсаулық кепілі //Мектептегі психология. №4. - Алматы: Алматыкітап, 2016. - Б. 11-12.
  3. Ордабеков С. Студенттердің жоғарғы оқу орнына бейімделуі. //Денсаулық журналы. Алматы, 2012-№3-Б. 2-3.
  4. Қайырова Ж.А. Мінез-қүлық ауыгқушылығының себептері//Білім беру жүйесіндегі этнопедагогика. № 6. - Алматы: Мектеп, 2005 - Б. 46-52.
  5. Әлімова М. Денсаулық - бастыбайлық //Егемен Қазақстан. № 4. - Астана:Аруна, 2002. - Б. 1-2.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.