Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Солтүстік қазақстан облысының саяси өмірін жандандыруға бағытталған мемлекет және үкімет шаралары

Аңдатпа

Бұл жүмыс Солтүстік Қазақстан облысының тәуелсіздік жылдарындағы саяси, әлеуметтік - экономикалық дамуы туралы мәліметтер мен зерттеу еңбектерінің нәтижесі болып табылады. Ғылыми зерттеудің нәтижесінде облыстың тәуелсіздік жылдарындағы жастар саясаты, экономиканың жан - жақты дамуы, жұмыссыздық, сынды өткір әлеуметтік және саяси мәселелер талқыланып, аталған еңбекте көрініс тапты. Аталған жұмыстың нақтылығын көрсету, статистикалық мәліметтермен дәлелдеу мақсатында кестелер қолданылған. Қазіргі танда мемлекетте жастар арасындағы жұмыссыздықты жою үшін көптеген бағдарламалар ұйымдастырылуда. Атап айтатын болсақ, «Дипломмен ауылға», «Жасыл ел» және «Даму» тағы да басқа жобалар. «Дипломмен ауылға» бағдарламасының негізгі мақсаты - жас мамандарды жұмыспен қамту болса, екінші мақсаты ауылды дамыту болып табылады. «Жасыл ел» бағдарламасындағы негізгі мақсат - табиғатты қорғау болып табылады. Бұл жоба негізінен экономикалық жоба. Нақты айтқанда қаланы көркейтіп, экологиялық таза аймаққа айналдыру үшін қурылды және де бұл жобаға студенттер ғана қатыса алады. Бүгінгі танда бұл жобалардың барлығы да өз нэтижелерін беруде. Сонымен қатар қарқынды дамып жатқан жобалардың бірі «Даму» болып табылады. Аталған жобаның мақсаты - халықты жұмыспен қамтумен қатар, әр түрлі мамандыққа баулу. Бүл жобада жас шамасы шектелмеген. яғни кез - келген адам белгілі бір мамандықты меңгеріп. ары қарай жумыс жасай алады. Бүгінгі күнде еліміз техника мамандарына зэру екені белгілі. Бул мэселеге байланысты мемлекетімізде техникалық мамандықтарға көптеп көңіл бөлініп жатыр. Мысалы. «Даму» бағдарламасында оқытылатын мамандықтардың басым бөлігі техникалық мамандықтар. Еліміздің болашағы - білімді жастардың қолында. Мемлекет тарапынан әлі де көптеген жақсы жобалар ұйымдастырылады деген ойдамын.

Kipicne

Бүгінгі таңда тәуелсіз Қазақстан Республикасының даму барысында Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік - экономикалық өркендеу қарқыны жайында сөз етер болсақ елбасының мына бір пікірлері еркісіз ойға келеді: «Солтүстік Қазақстан облысы әлеуметтік - экономикалық даму қарқыны жөнінен қазір еліміздің озық өңірлерінің қатарында. Мұнда жүзеге асырылуы тиіс экономикалық өсімді және халықтың тұрмыс деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін шаралар қолданылуда. Солтүстік Қазақстанның кәсіпорындарында өнеркәсіпті облыстың аршынды дамуын қамтамасыз ететін деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін әулет бар» [1]. Сөзіміз дәлелді болуы үшін облыстың әлеуметтік экономпкалық даму қарқыны мемлекеттің стратегиялық бағыт бағдарламаларына сай жүзеге асырылуда. Бұл бағытта облыс әкімшілігі аймақтың агроөнеркәсіп саласына негізделген ерекшелігін ескере отырып, өлкенің экономикалық және әлеуметтік әлеуетін осы тұрғыда негіздей білді. Экономика саласына тоқталатын болсақ, еліміздің Президент! Нурсултан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» узақ мерзімді Стратегиясында өңірлердің және бүтіндей республиканың дамуының басты бағдарлары айқындалған. Агроөнеркәсіп кешені облыс экономикасының аса маңызды саласы болып табылады, оның облыс экономикасындағы үлес салмағы - 25 %. Облысымыз ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп қатар дамитын өңір болғандықтан, бул екі саланың жағдайы жалпы экономиканың өсіміне айтарлықтай эсер етеді. Ол облыс экономикасының төрттен бір бөлігін құрайды. Экспортты эртараптандырудың жэне тұрғындарды жумыспен қамтуды арттырудың негізі ретінде агроөнеркэсіп кешенін интенсивті дамыту облыстың негізгі басымдылықтарының бірі болып табылады [2].

Зерттеу әдістері

Зерттеу жумыстарының барысында Солтүстік Қазақстан облысында жергілікті мемлекеттік басқару облыс, аудандар жэне облыстық маңызы бар қала деңгейінде көрсетілген жергілікті өкілетті жэне атқарушы органдармен жүзеге асырылып отыр.

Жергілікті мемлекеттік басқару Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік жэне өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 23 қаңтардан 2001 жылының № 148 - П Заңына сэйкес жүзеге асырылады.

Әкімшілік - аумақтық бірліктер. 2010 жылдың 1 қаңтарына Солтүстік Қазақстанның экімшілік - аумақтық бөлінуі: 13 аудан мен 5 қала (1 - облыстық бағыныстағы, 4 - аудандық бағыныстағы), 204 ауылдық жэне селолық округ [3,36-п.]. 2013 жылғы 1 қаңтарға ауылдық (селолық) округтардың саны 202 бірлікті құрады [4].

Жалпы алғанда экімдер сайлауын енгізудің бірегей мақсаты, ол барынша елдегі мемлекеттік басқарудың ашық, тиімді жэне оңтайлы моделін қалыптастыру болып есептеледі.

Ауылдық округтерінің экімдерін сайлауды өткізу жэне ұйымдастыру тэртібі еліміздің, яғни Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сэуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген елдегі аудандық маңызы бар ауылдық округтері, қалалары, ауылдық округтің қүрамына кірмейтін ауылдар мен кенттері экімдерінің сайлауын өткізу ережесімен шектеледі [2].

Солтүстік Қазақстан облысында аудандық маңызы бар ауылдық округтер, қала экімдерінің сайлауы 2013 жылдың 7 тамызында өткізілді. Аудандық сайлау комиссияларының үсынған мэліметтеріне сүйенсек, дауыстарды есептеу нэтижесі бойынша экімдер сайлауы аудандық маңызы бар 190 ауылдық округте жэне 4 қалада өтті.

Жергілікті өзін - өзі басқаруды дамытудың тұжырымдамасын іске асыру барысында қабылданған, ҚР 2013 жылдың 13 маусымдағы Заңын жэне «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті басқарудың өзін - өзі дамытудағы мэселелеріне өзгерістер мен толықтырулардың енуі туралы», «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату бойынша мэселелеріне өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі туралы», ҚР 2013 жылғы 13 маусымдағы Заңын іске асыру аясында жергілікті өзін - өзі басқаруды дамыту мақсатында жергілікті деңгейдегі мемлекеттік басқаруды дамыту жумыстары жүргізілуде [5].

Жалпы алғанда, қабылданған Заңдардың ережелері келесі міндеттерді шешуге бағытталған:

  • жиындар мен жиналыстар арқылы азаматтардың конституциялық құқығын жүзеге асыру, тұрғындардың еркін қалауын білдіру нәтижесінде жергілікті өзін - өзі басқаруды іске асыра білу;
  • ауылдық округ құрамына кірмейтін аудандар мәслихаттарымен аудандық маңызы бар ауылдардың, қалалардың, кентгердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды өткізу;
  • тұрғындардың сапалы санитарлық жағдайын, тұрғын үй-коммуналдық қызметті алуына, басқарушылық шешімдерді қабылдауға қатысу жолымен қоғамдық тәртіпті жақсартуға қызығушылығын арттыру;
  • елдегі маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджеттік қаражаттарды игеру мониторингісіне жергілікті тұрғындардың қатысуы;
  • оларға қаржылық қаражат беру, коммуналдық меншік жолымен жергілікті маңыздылығы бар өзекті проблемаларды шешуде төменгі деңгейдегі әкімдердің дербестігін кезең - кезеңмен арттыру [6].

Осы шаралардың барлығы жергілікті өзін - өзі басқаруды дамытуға, жер - жерлерде өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған. Енді осы алға қойылған іс - шараларға жету жолын талдайтын болсақ, әлеуметгік маңызы бар қызметгерді көрсету сапасына халықтың қанағаттану деңгейі көрсетілген әлеуметтік маңызы бар қызметтердің жалпы саны бойынша түтынушы толтырған қызмет көрсету карточкасының саны бойынша анықталатын болады. Электронды мемлекеттік қызметтер бойынша қызмет алушылардан пікір сүрастыру «Электронды үкіметтің өңірлік шлюзі» ақпараттық жүйесінің көмегімен жүргізіледі, олардың «Электронды үкімет порталы» арқылы мемлекеттік қызмет алуы кезінде автоматты түрде пікір сұрастыру нысаны шығады, мәліметтер де қызмет көрсетушіге де қолжетімді және қанағаттандырылудың жалпы есебінен енгізіледі.

Облыстық Мемлекеттік қызмет корсету сапасын арттыру жоспарлары жыл сайын әзірленетін болады және осы жоспарларды іске асыру тексерілетін болады. Жоспарлар мемлекеттік қызметтерді 100 пайыз регламенттеуге, мемлекеттік қызмет корсету мерзімдерін бүзу және оларды ұсынуға шағымдар санын төмендетуге бағдарланатын болады.

Азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік электронды қызметтерге қолжетімділігін арттырудың арқасында Халқымызға қызмет корсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтер саны жоғарылайтын болады (қызметтерді ХҚКО көшіру жөніндегі ұсыныстар жоғары тұрған мемлекеттік органдарға жолданылатын болады).

Электронды форматта мемлекеттік қызметтерді ұсыну ұйымдастырылады. Міндетті автоматтандырылуы тиіс қызметтердің тізбесі ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 19 қазандағы № 1080 қаулысымен бекітілген. Электрондық форматтағы мемлекеттік қызметтерге тұрғындардың Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік қызметтер порталы арқылы және электрондық үкіметтің веб - порталы арқылы қол жеткізуіне болады.

Облыстық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бағытталған ішкі бизнес - үдерістерін автоматтандыру ведомстволық ақпараттық қызметтерді енгізу есебінен қамтамасыз етіледі. Қызметтің бизнес - үдерісінің автоматтандырылуын қамтамасыз ететін жүйенің болмағаны жағдайда «Өңірлік шлюз «электрондық үкімет» шлюзының кіші жүйесі» АЖ шеңберінде іске асырылатын облыстық мемлекеттік органдар қызметкерлерінің автоматтандырылған жұмыс орындары енгізіледі, бұл:

  • «электронды үкімет» шлюзына қосылған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінен ақпараттар алуды;
  • «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық қызметтерді ұсынуды;
  • ХҚКО ЫАЖ мониторингілеу кіші жүйесіне мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен мемлекеттік органдардағы өтінімдерің өту мәртебесін тапсыруды;
  • Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ХҚКО ЫАЖ мемлекеттік қызмет көрсетуге қабылданған халық өтінімдерін кызмет көрсететін мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіне беруді (аталған тетік ХҚКО - дан MO - ға өтінімге қосымша ұсынылатын пакетін құжаттарды курьер арқылы берудің күшін жоймайды) қамтамасыз етеді.

Облыстың саяси жүйесінде өз орны бар ол - облыстың жастар саясаты. Бірінші тараушада біз облыстағы жүргізіліп жатқан жастар саясатының оң нәтижелері мен проблемаларына тоқталған болатынбыз. Жалпы соңғы жылдары облыс тармағындағы жастар саясаты жөніндегі жастар орталықтары мен кеңестерінің жүмыстары белсенді түрде өрбуде. Мемлекетіміз ауыл жастарын қолдау мақсатында қолайлы жағдай жасап, «Дипломмен - ауылға!» жобасы аясында 2015 жылы 321 жас маманымыз жалпы сомасы 44,5 миллион теңге болатын жәрдемақыға ие болды. Бұл кезеңде 157 маманға 415,3 миллион теңге несие тапсырылды [7].

Былтыр жүмыс берушілердің белсенді қолдауымен «Жастар практикасы» жобасы шеңберінде 352 жас маман «Жастар практикасынан» өтті. «Жасыл ел» бағдарламасы төңірегінде жүмыспен 323 адам қамтылды. Жастарды еңбекке орнықтыру мақсатындағы мемлекеттегі қолдау шаралары нәтижесінде өңірімізде жүмыссыз жастар деңгейі 2015 жылдың қорытындысы бойынша 2,9 % болды [2].

Облысымызда қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қызметті қолдау қалыпты өмірдің айтарлықтай маңызды бөлігіне айналды. Былтырғы жылы облыстың ішкі істер органдары аудан әкімдерімен біріге отырып, ауылдық жерлерде тұрғындардың 1025 жиынын өткізді, оларда қоғамдық малды бағуды ұйымдастыруға, азаматтардың құқық тәртібін қорғауға, «Сақшы» отрядын құруға қатысты мәселелер қаралды.

Нәтижесінде облыста мал үрлау оқиғасы 44 пайызға қысқарды, оларды ашу көрсеткіші 13 пайызға өсті. Көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда тәртіп орнату жөніндегі жұмыстар жандана бастады. Облыс орталығында үш ауысымдық патрульдеу енгізілді.

Облыс аумағында 158 бейнебақылау қондырғысы (облыс орталығында - 74, аумақтық бөлімшелерде - 84) жүмыс істейді. Олардың көмегімен 282 қылмыс ашылып, 13 мыңнан астам құқық бүзушылық анықталып отыр.

Тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың нәтижесінде кісі өлтіру саны 19,5 пайызға (ашылуы 96,7 %); тонау 17,5 пайызға (ашылуы 81,2 %); бопсалаушылық 51,6 пайызға (ашылуы 100 %); бөтен адамның мүлкін ұрлау 12,9 пайызға (ашылуы 71,4 %); зорлау 19,2 пайызға (ашылуы 100 %); бүзақылық 5,8 пайызға (ашылуы 100 %) қысқарды [8].

Жастар саясатын іске асыруға бағытталған қаржының жалпы алғандағы көлемі 2014 жылы - кемінде 111,6 млн. теңгені құраса, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға бағытталған жалпы сома кемінде 34,3 млн. теңгені құрады. Жастармен мекен - жайлық жүмысты қамтамасыз ету мақсатында жүмыс орны және оқу бойынша өңірімізде жастар істерінің барлық түрлері бойынша 31 комитет өз қызметін жүзеге асырып отыр (24 оқу орнында және 7 кәсіпорында).

Облыста жастар бастамасымен 14 орталықтар қүрылып қазіргі таңда жұмыс істеуде. 2014 жылы Жастар бастамасының орталығына жастар санынан 774 адам шағымданды. Талдау көрсетіп отырғандай, өтініштердің негізгі сипаттамасы жас отбасыларды қолдау бойынша тұрғын үймен қамтамасыз ету, жүмысқа орналасу, бос уақыт, юрист, психолог пен мемлекеттік бағдарламалардың консультативтік көмегін құрады. Ағымдағы жылы «Жастар тәжірибесі» жобасы аясында 67,1 млн. теңге жалпы сомасында 350 жас маман жүмысқа орналастырылды. Аудан әкімдерінің айтылған қажеттіліктері бойынша әлеуметтік қолдау шараларымен 314 маман қамтылды. Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен жеңілдік несиелеуге 386,9 млн. теңге бөлінді, аудандық бюджеттен көтерме жәрдемақыға 38,0 млн. теңге бөлінді.

«Жасыл ел» бағдарламасы аясында жазғы кезеңде оқу мекемелерінің 323 студенті мен жүмыссыз жастар жүмысқа орналастырылды. Бағдарлама қатысушылары облыстың 12 мемлекеттік орман мекемелерінде жүмыс істеді. Бюджеттен еңбекақыға 9,5 млн. теңге бөлінген. Жобаны игеру 100 % құрады. Өткізілген жұмыстың нәтижесі бойынша ағымдағы жылы «Жасыл ел» қатысушыларымен 5 873 көшет отырғызылды, 600 гектар жер өңделді, сондай - ақ 57 гектар Петропавл қаласында, 543 гектар облыс аудандарында. Мамандардың бес жылда әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік құралдар көлемі 1 млрд. 615 млн. теңгені құрады, сондай - ақ көтерме жәрдемақыны көрсетуге 242 млн. теңге мен тұрғын үйді алуға бюджеттік несиелеу үшін 1 млрд. 373 млн. теңге бөлінді [2].

2014 жылы барлығы 10 мың іс - шара өткізілді, жастармен қамтуы 300 мыңнан астам адамды құрады.

2016 жылдың қаңтар - қыркүйек кезеңі аралығында тіркелген жастар үйымы 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 бірлікке көбейді және 65 бірлікті құрады (2013 жылы - 62 бірлік).

2013 -2015 жылдар аралығында облысымызда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 40 жоба іске асырылды, қаржыландырудың жалпы бөлінген сомасы 51566,0 мың теңгені қүрады. 2016 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы 15 жобаны іске асыруға бөлінген сома 20583,0 мың теңгені құрады [2].

Сонымен қатар, жастарға қолдау корсету үшін облысымызда жастар істері жөніндегі Кеңестер жүмыс істейді. 2015 жылы барлық деңгейдегі әкімдер жанындағы жастар істері жөніндегі Кеңестердің 40 отырысы өткізілді. Облыстық деңгейде Кеңестің 2 отырысы өткізілді. 2016 жылдың басынан бері жастар істері жөніндегі Кеңестің 16 отырысы өткізілді, соның ішінде 1 - уі - облыстық, 1 - уі - қалалық, 14 - і аудандық.

Зерттеу нәтижесі

Облысымызда жастарды жүмысқа орналастыру мәселелері бойынша белсенді жүмыс жүргізілуде. 2013 жылдың қараша айында облысымызда 14 жастар бастамалар орталығы құрылды. Олардың қызметінің негізгі бағыттарының бірі жүмысқа орналасуға көмек корсету болып табылады. 2015 жылы жастар бастамалары орталығына жастардың арасынан 1644 адам хабарласты. 2015 жылдың басынан бері «Жастар бастамалары орталығы» KMM 306 адам хабарласты, оның 165 жүмысқа орналастырылды.

Талдау көрсеткендей, өтініштердің негізгі сипаты жүмысқа орналасу, баспанамен қамтамасыз ету, бос уақытты үйымдастыру, психологтың және заңгердің консультациялық көмегі және жас отбасыларға қолдау корсету жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар төңірегінде болды.

«Дипломмен - ауылға!», «Жастар тәжірибесі», «Жасыл Ел» және т.б. сынды бағдарламалар табысты іске асырылуда.

2013 - 2015 жылдар аралығында «Дипломмен - ауылға!» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 134,7 млн. теңге сомасына 1007 жас маман көтерме жәрдемақысын алды, 1337,9 млн. теңге сомасына 540 маманға кредит ұсынылды (1 Кесте).

2016 жылы «Дипломмен - ауылға!» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 36,8 млн. теңге сомасына 248 жас маман көтерме жәрдемақысын алды, 264,4 млн. теңге сомасына 99 маманға кредит ұсынылды.

Кесте 1 «Дипломмен - ауылға!» бағдарламасы

№ р/с

Жыл

Мамандар саны, адам.

Котерме жәрдемақы, млн. тенге

Баспана алуга берілген кредиттер саны

Кредитке бөлінген сома млн. тенге

1.

2013

375

45,4

222

536,4

2.

2014

311

40,3

161

386,2

3.

2015

321

44,5

157

415,3

Дереккөз: Солтүстік Қазақстан облысының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасы.

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында 2013-2015 жылдар аралығында жүмыс берушілердің белсенді қолдауының арқасында «жастар тәжірибесіне» 1997 адам жолданды, қаржыландырудың жалпы сомасы 251,38 млн. теңгені құрады (2 Кесте).

Кесте 2 «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы

№ р/с

Жыл

Жүмысқа орналасқандар саны, адам.

Қаржыландыру көлемі, млн. тенге

1

2013

1058

129,76

2

2014

587

71,618

3

2015

352

50,006

Дереккөз: Солтүстік Қазақстан облысының 2016-2020 жылдарға арналған аумағымызды дамыту бағдарламасы

Жыл сайын өңірімізде «Жасыл Ел» бағдарламасы табысты іске асырылуда. 2013— 2015 жылдар аралығында аталған бағдарламаны іске асыру аясында 974 адам жүмысқа орналастырылды. Оларға жалақы төлеу үшін облыстық бюджеттен 28,5 млн. теңге бөлінді (3 Кесте).

Кесте 3 «Жасыл Ел» бағдарламасы

№ р/с

Жыл

Жауынгерлер саны, адам

Қаржыландыру көлемі, млн. тенге

1

2013

328

9,5

2

2014

323

9,5

3

2015

323

9,5

Дереккөз: Солтүстік Қазақстан облысының 2016-2020 жылдарға арналған өңірді дамыту бағдарламасы.

Жастарды жұмысқа орналастырудың мемлекеттік қолдау көрсету шаралары нәтижесінде өңірімізде жастар өкілдері арасында жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі байқалуда. 2013 жылдың қорытындысы бойынша СҚО бойынша жұмыссыз жастардың деңгейі 7,6% - ды құрады, бұл республикалық (5,5% деңгейден 2,1 пунктке жоғары болды, ал 2015 жылдың қорытындысы бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,9% - ды құрады, ол жалпы республикалық (4,3%) көрсеткіштен 1,4 пайыздық пунктке томен.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 15-28 жас аралығындағы жалпы жастар санындағы NEET үлесі 2013 жылы - 9,9% - ды, 2015 жылы - 10,3% - ды құрады, айырмашылық 0,4 пайыздық пунктті құрайды. 2014 жылы статистикалық мәліметтерге сәйкес 15-28 жас аралығындағы жалпы жастар санындағы NEET үлесі - 7,9% - ды құрады. 2016 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 7,2% - ға тең [9].

Жыл сайын жастар үшін маңызды Солтүстік Қазақстан облысының жастар форумы, көше субмәдениеті фестивалін, «Жастар ауылы» жастар лагерін, облыс әкімі кубогы үшін қазақ және орыс тілдерінде KTK ойыны секілді әлеуметтік - маңызды жобаларды өткізу дәстүрге айналды.

2013 жылы алдын ала жұмыс жүргізілді. Соның нәтижесінде 27 колледжде комитеттер құрылды, колледж басшылығы мен ЖІК (жастар істері комитеті) белсенділерінің қатысуымен кездесу мен семинарлар өткізілді. 2015 жылдың қорытындысы бойынша адрестік жұмысты қамтамасыз ету мақсатында жастармен жұмыс және оқу орны бойынша облысымызда әр түрдегі 31 жастар істері комитеті жұмыс істеуде (24 - оқу орындарында және 7 - уі - кәсіпорындарда). ЖІК қүру бойынша осыған сәйкес жұмыс ірі өндірістік ұжымдарда да жүргізілуде.

Қорытынды

Қорытындылай келе, облыстағы саяси өзгерістерге сипаттама берілді, халыққа мемлекеттік қызмет корсету деңгейі, сапасы талқыланды, облыстағы жастар саясатына талдау жасалып, кемшілікті тұстары анықталып оларды шешу мақсатында жүргізіліп жатқан мемлекеттік іс - шаралар беріліп, олардың орындалуының нәтижелері бағаланды. Барлық нәтижелер факті түрінде статистикалық мәліметтермен нақтыланды. Жалпы қол жеткізген нәтижелер аз емес, бұл жүргізіліп жатқан реформалардың маңыздылығы мен табыстылығын көрсетіп отыр. Бұл ретте жұмысты одан әрі жетілдіріп, белсенді, тұрақты даму және белгіленген міндеттердің орындалуы талап етілуде. Дегенмен, әлі де атқарылар істер алда.

 

Әдебиет:

  1. Қазақстан Рсспубликасының Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жоддауы. - «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім. реформалар, даму». - Астана. 2015.
  2. «Солтүстік Қазақстан облысы». -Астана //«Фолиант». 2015.
  3. СҚММ. 703-қ..1-о..55-іс, 36-п.
  4. ҚР президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекетгік жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы/Avww.akorda.kz.
  5. 2016-2020 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының аумағын дамыту 6aTnap.Ta\racb[//ucbp.sko.go\.kz.
  6. Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты - www.akorda.kz.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.