Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Экологиялық есептілік: қаржылық есептіліктегі маңызы мeн әдістемесі

Андатпа

Экономика мен қоғамның қазіргі замандағы даму сатысында ең аз зиянды әсерлердің аз болуын ескеретін немесе табиғи потенциалды жақсартуға апаратын шаруашылықты жүргізу әдістерін әзірлеу. оны қолдану шаруашылық етуші субъектілерден қоршаған ортаға әсерін бағалауды және табиғатты корғау шараларын жүрпзуді талап етеді. Қазіргі уақытта бухгалтерлік есеп пен бухгалтерлік (қаржылық) есептілікті реттеу кезінде. есептік терминология, есепті экологияландыру кешендік әдістемесі, бухгалтерлік (қаржылық) есептілікте экологиялық ақпаратты ашу талаптары түсініктемесінің бар болуымен қатар экологиялық аспектілер айтарлықтай жүйесіз айқындалады. Осыдан шаруашылық субъектілердің есептік процестерінің құрамдас бөлігі ретіндегі қаржылық-бухгалтерлік жүйенің экологиялық сұрақтарын қарастыру қажеттілігі пайда болады. Мақалада экологиялык қаржылық есептілікке түсінік берілген, экологиялық есептің негізгі аспектілері қарастырылған, экологиялық есепке анықтама берілген, экологиялық есептің құрамдас бөліктері анықталған, ISO 14001-ге жүгіне отырып экологиялық саясатты мазмүны зерттелген, қаржылық есептілік әлеуметтік факторларды ашудағы ролі зерделенген. Сонымен бірге GRI принципіне негізделген корпоративтік есептілік жүйесі қарастырылған.

Kipicne

Ғылыми зерттеулер мен практикалық тәжірибе, табиғатты қорғау қызметімен байланысты шығыстар мен міндеттемелер маңызды бола түскені соншалықты, оған жеткіліксіз назар аудару, қаржылық есеп пен есетілікте қалыптасатын кәсіпорын мен ұйымдардың қаржылық жағдайын қате бағалау тәеклін айтарлықтай арттыра түсетінін көрсетеді.

Бұл шаруашылық етуші үйымның экологиялық дәулеттілігін қалыптастыратын басқарушылық шешімдерді қабылдаудың объективтілігі мен тиімділігінде көрініс табады. Бұл тәуекел деңгейін, инвестициялық тартымдылықты, бәсекеге қабілеттілікті және жалпы кәсіпорын имиджін біршама өзгерте алады.

Талдау әдістері

Қазақстанның әлемдік нарыққа интеграциялану жағдайында және есеп жүргізу мен есептіліктің халықаралық стандартгарына өтуімен байланысты Қазақстанның көптеген кәсіпорындары экологиялық саясатты, оны іске асырудың кешенді бағдарламаларын әзірлеуді, қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жоспарлауды, қаржылық аспектілерді талдауды, экологиялық тексерістер жүргізуді қолданып жүр. Алайда, бүгінге дейін кәсіпорынның табиғатты пайдалану мен ттабиғатты қорғау қызметінің есебін жүргізудің барлық құрамын қамтыған стандарттар мен ережелер жасалмаған: экологиялық активтердің, экологиялық пассивтердің, экологиялық нәтижелердің бухгалтерлік есебі және олардың экологиялық есептілікте көрініс табуы.

Қазақстандық компаниялар үшін экологиялық есеп ұғымы таныс емес, ол әзірше отандық заңнамамен регламенттелмеген. Сонымен қатар, өндірістік объектілердің экологпялық қауіпсіздігін көтеру туралы талаптарды орындау кезінде, ұйымдар, жүзеге асыратын табиғатты қорғау шараларының қаржылық есебін тапсыру жөнінде тығырыққа тіреліп қалады.

Экологиялық есеп принциптері бүкіл әлемде белсенді даму үстінде. Қазақстандағы экологиялық есептің қазіргі кездегі жағдайын талдай келе, қазақстандық кәсіпорындар үшін капиталды бастапқы жинақтау сатысы, сондай-ақ экологиялық талаптар есебінсіз пайда алуға бейімделу тән екенін атай кеткен жөн. Алайда, қазіргі кезде де қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік реттеумен байланысты және экологиялық таза өнімді жөн көретін тұтынушылардың қысымымен өндірісті экологиялауға ықпал ететін бірнеше факторлар жұмыс істеуде.

Зерттеу нәтижелері

ҚР Қаржы министрлігі компанияларға экологиялық қызмет туралы ақпаратты ашу кезінде 1 Қаржылық есептің халықаралық стандартының (ҚЕХС 1) 39 тармағын қолдануды ұсынды. Ол, егер атқарушы орган оны экономикалық шешімдер қабылдау барысында мүдделі пайдаланушыларға пайдалы деп шешсе, қаржылық есепке ілесетін мәліметтерді корсетуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, бұл табиғатты қорғау шаралары туралы ақпаратқа тиесілі.

Табиғатты қорғау туралы есептілік ұйымның табиғатты қорғау туралы ақпаратын аша отырып, оның жылдық есебінде меншік иелеріне басшылықтың қызметін бағалауға көмектеседі, кең көлемді қоғамдық бақылауды қамтамасыз етеді, ұйымның оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.

Экологиялық қаржылық есептілік - бүл:

  • табиғатты қорғау қызметіне инвестициялар бойынша есептілік;
  • қоршаған ортаны қорғауға жалфирмалық шығыстар бойынша және олардың қызметінің қаржылық нәтижелеріне эсер ету деңгейі туралы есептілік;
  • қоршаған ортаны қорғау жэне оңтайлы табиғатты пайдалану саласында ғылыми зерттеулер мен эзірлемелерге жұмсалатын шығыстар бойынша есептілік;
  • табиғатты қорғау қызметін басқару жэне оны жоспарлау бойынша шығыстар жөніндегі есептілік;
  • зиян салдарларын жоюмен байланысты шығыстар жөніндегі есептілік;
  • ерікті немесе сот шешімімен өтелген шығыстар жөніндегі есептілік;
  • алдағы кезеңдерге арналған қоршаған ортаны қорғау саласындағы шаралардың қаржылық салдарлары бойынша есептілік.

«Табиғатты қорғау шаралары туралы қосымша ақпаратты ашып көрсету кезінде ұйымның қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі өткізілетін жэне жоспарланған шаралары, сол шаралардың есепті жылдағы пайдалылығы мен ұзақ мерзімді сипаттағы салымдар деңгейіне ықпалы, алдағы кезеңдерге арналған қаржылық зардаптардың сипаттамасы, табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін төлемдер, экологиялық төлемдер жэне табиғи ресурстар үшін төлемдер туралы, қоршаған ортаны қорғау бойынша ағымдағы шығыстар жэне олардың ұйым қызметінің қаржылық нэтижелеріне ықпал ету деңгейі туралы мэліметтер келтіріледі.

Нақты алғанда 1 ҚЕХС-да экологиялық есептің негізгі аспектілері жазылған [1]. Ол аспектілер кәсіпорын өткізетін табиғатты қорғау қызметі туралы ақпаратты қамтиды. Сөйтіп, заң тұрғысынан алғанда, экологиялық есептің мақсаты пайдаланушыға экологиялық қауіпсіздікке жүмсалған шығындар туралы объективті ақпарат беру болып табылады.

Қазіргі заманғы өнеркэсіптік кэсіпорындардың қоршаған ортаға эсері бір-бірте агрессиялық сипатқа айналып барады. Қазіргі кезде Қазақстанда табиғатты қорғау шараларына кететін шығындарды жэне тиімді табиғатты пайдалануды реттейтін, оларды есепте ашып көрсететін есеп, стандарт жоқ. Сонымен қатар, экологиялық қауіпсіздікке жұмсалатын шығындардың есебін жүргізу оларды бақылау мәселесі әлі де шешімін таппай келеді немесе дискуссиялық сипат алған жағдайда.

Экологиялық есеп - ақпаратты жинау, тіркеу және оны қорытындылау. Ол экологиялық шығындар мен экологиялық міндеттемелерді анықтау, бағалау, оны жоспарлау және болжамдау, оны бақылап, талдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді [2].

Ал, экологиялық міндеттемелер деп табиғи ресурстардың деградациясы мен қоршаған ортаның ластануын экономикалық бағалау деп түсіну керек.

Біздің ойымызша, жалпы кәсіпорындағы экологиялық есепке үш негізгі күрамдастар кіруі тиіс:

  • экологиялық шығындар мен міндеттемелердің есебін жүргізу;
  • экологиядық есептілік;
  • экологиялық аудит.

Сонымен, біздің ойымызша, кәсіпорын есептерінде (атап айтқанда ұсынылған экологиялық есепте) табиғатты қорғау шараларының шығындарын, табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдар ғана емес, сонымен қатар, өнеркәсіптік кәсіпорынның қоршаған ортаға келтірген зияны да көрсетілуі тиіс. Есепте ондай ақпаратты ашып көрсету пайдаланушыларға жалпы халық шаруашылығы үшін және бөлашақ ұрпақ үшін объектінің «зияндығы» туралы түсінік бере алады.

Қазіргі уақытта қазақстандық кәсіпорындар мен ұйымдардың экологиялық көрсеткіштер бойынша есептілігі негізінен статистикалық нысандармен шектелген. Экологиялық есептілік:

  1. Кәсіпорын шығындарының жалпы құрамынан табиғатты қорғау шараларына шығыстарды бөліп шығаруға;
  2. Кәсіпорын келтірген экономикалық зиянның жалпы шамасын бағалауға (ластағаны үшін төлем мен кредиторлық экологиялық берешектің жалпы шамасынан тұратын);
  3. Кәсіпорынның экологиялық қызметіне, экологиялық шаралардың қаржылық тарабы туралы бар ақпаратты қоса алғанда, оперативтік бақылауды толығырақ жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Үйымның қаржылық есебінде ұйымның экологиялық қызметі туралы ақпарат «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» аталған талаптарға сәйкес былайша ашып көрсетіледі [3]:

  • күрделі салымдар бойынша;
  • ағымдағы шығыстар бойынша;
  • бағалау міндеттемелері бойынша;
  • экологиялық қызметті қаржыландыру көздеру бойынша;
  • экологиялық қызмет туралы басқа да маңызды ақпарат бойынша.

Маңызды болған жағдайда аталған ақпарат,күрделі салымдар мен ағымдағы шығыстар, оларды жабу көздері, ұйымның активтері мен міндеттемелері туралы ақпаратты ашып көрсету мәселелерін реттейтін бухгалтерлік есеп жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарына қарай, ұйымның қаржылық есептілігінде ашып көрсетіледі(ҚР Қаржы минстрлігі хатының 2 тармағы).

Экологиялық қызметпен байланысты күрделі салымдар туралы ақпаратта мынадай мәліметтер болуы тиіс (ҚР Қаржы минстрлігі хатының 7 тармағы):

  • экологиялық қызметпен байланысты объектілерді сатып алу (қүру) (материалдық емес активтердің қозғалысы, НИОКР қорытындысы, негізгі топтар бойынша есепті жылдың ішіндегі негізгі қорлар қозғалысы туралы түсініктемеде);
  • өндірісті ұйымдастыру және технологияларды жетілдіру үшін, өндірістік (технологиялық) процесті қайта жаңғырту барысында өнім сапасын жақсарту үшін, экологиялық қауіпсіздікті көтеретін өндірістің жаңа технологияларын енгізу және игеру үшін негізгі қорларды қайта жаңғырту туралы (қайта салу, қайта жабдықтау және қайта жаңғырту нәтижесінде негізгі қорлардың құнының өзгеруі туралы түсініктемеде).

Экологиялық қызметпен байланысты объектілерді үстауға және пайдалануға кететін шығыстар туралы ақпарат Кірістер мен шығыстар туралы есептегі жеке «Экологиялық шаралар» бабында не болмаса сол Есепке Түсініктемеде, маңыздылығына қарай көрсетіге болады (ҚР Қаржы минстрлігі хатының 7 тармағы).

Ұйымның барлық бағалаушы міндеттемелері туралы ақпарат Бухгалтерлік балансқа Түсініктемеде және Кірістер мен шығыстар туралы есепте беріледі.

Өзге бағалау міндеттемелері ішінде ұйымның алдағы міндеттемелерімен байланыстыларын жеке көрсетеді (ҚР Қаржы минстрлігі хатының 13, 15 тармақтары):

  • негізгі қорлардың қауіпті және зиянды объектілерін өолданумен байланысты экологиялық жүйені қалпына келтурі бойынша (ондай бағалау міндеттемелері негізгі қорлардың бастапқы құнына қосылады);
  • қоршаған ортаға тигізген зиянды өтеуге талаптар бойынша (ондай бағалау міндеттемелері ұйымның басқа да шығыстарына жатқызылады).

Экологиялық қызметті жүзеге асыруға алынған қарыз қаражат туралы ақпарат, алынған қарыздар мен кредиттер бойынша міндеттемелердің орындалуымен байланысты шығыстар туралы ақпарат құрамында қосымша ашылады. Бухгалтерлік есептілікте, инвестициялық активтердің құнына кіргізілетін кредиторка төлеуге жататын пайыз сомасы туралы ақпаратты ашу кезінде, экологиялық қызметпен байланысты жобалар шеңберінде көрсетілген шығыстар туралы ақпарат қосымша ашылады (ҚР Қаржы минстрлігі хатының 18 тармағы).

Сөйтіп, ұйымның экологиялық қызметі туралы ақпараттың көп бөлігі Бухгалтерлік балансқа Түсініктемеде және Кірістер мен шығыстар туралы есепте жэне Кірістер мен шығыстар туралы есепке түсініктемеде беріледі. Қаржылық есепке қосымша жүретін қосымша ақпарат құрамына экологиялық қызмет туралы мынадай мэліметтер келтіріледі:

  • ұйым өткізетін жэне ұйымдастыратын негізгі шаралар тізбесі мен алдағы кезеңдерге арналған қаржылық зардаптардың сипаттамасы;
  • экологиялық ақпарат жүйесін қалыптастыратын ұйымның ішкі есептілігіндегі мэліметтер;
  • экологиялық қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін факторлар туралы ақпарат (жеке қаржылай қаражаттың жеткіліксіздігі, кредитер мен заемдар тарту мүмкіндігінің болмауы, инновациялардың жоғары құны, қоршаған ортаны ластау зардаптарын бағалаудың күрделілігі, т.б.);
  • басқа да ұйымның экологиялық қызметі туралы маңызды ақпарат.

Тек қана мемлекеттік саясаттың тиісті бағыттары ғана табиғатты қорғау шараларын өткізуге басты ынталандыру бола алады. Сондықтан да мемлекет саясаты экологиялық талаптарды жэне олардың орындалуын бақылауды қатайтуға бағытталуы тиіс.

«Эрнст энд Янг» компаниясы бүкіл элем бойынша 300 ұйым басшылары арасында сауалнама жүргізіп, оның қорытындысы сұралғандардың 94 пайызы ұлттық саясатты климаттың өзгеруіне ықпал ету саласындағы стратегияны қалыптастырудың маңызды факторы деп санайтынын көрсетті. Респонденттердің 81 пайызы, бүған қатысты ғаламдық немесе халықаралық саясаттың маңыздылығын мойындайды. Атап айтқанда, тұрақты даму саласындағы есептілікке, әлеуметтік есептілікке талаптар енгізу мәселесін мемлекеттік деңгейде талқылайды.

Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы (ӨКО) GRI принципіне негізделген корпоративтік есептілік жүйесін әзірлеудің бастамашысы болды. Соған байланысты GRI басшылығының есептің экологиялық құрамына қоятын талабын қарастыру өзекті болмақ [4].

Тұрақтылықтың экологиялық құрамдас бөлігі ұйымның тірі және өлі табиғи жүйелеріне әсерімен байланысты, экожүйесін, жерді, суды, ауаны қоса алғанда. GRI стандартынан алғанда экологиялық құрамдас бөлігі анықтамасы ИСО стандарттары ұғымына сәйкес келеді. CT PK ИСО 4050-2010 «Экологический менеджмент. Словарь ҚР CT мемлекеттік стандартына [5] сәйкес, экологиялық аспект дегеніміз - бүл қоршаған ортамен өзара байланыса алатын ұйым қызметінің немесе өнімінің ия болмаса қызметінің элементі.

Ал, GRI сәйкес есепте кіріс табиғи көрсеткіштермен қатар (шикізат, энергия, су), шығыс көрсеткіштер де (атмосфераға шығарылымдар, су объектілеріне лақтырылымдар, қалдықтар) көрініс табуы тиіс.

Экологиялық көрсеткіштер, сонымен қатар қызметтің экологиялық құрамдас бөлігінің нәтижелерін, биоәртүрлілікпен және нормативтік талаптарға сәйкестігімен байланысты қорытындыларды , сондай-ақ басқа да маңызды ақпаратты, мысалы, қоршаған ортамен байланысты шығыстарды көрсетуі тиіс.

Менеджмент саласында тәсіллдемелер туралы мәліметті экологиялық аспектілер бойынша корсету қажет: шикізат; энергия; су; биоәртүрлілік; шығарылымдар, лақтырылымдар, қалдықтар; өнім және қызмет көрсетулер; талаптарға сәйкестілік; көлік; және жалпы аспектілер.

«Мақсаттар мен нәтижелілік» бөлімінің атауы білдіріп тұрғандай, компания тұрақты даму саласында алдына қандай мақсат қоятынын, нәтижелілік көрсеткіштері қандай болу керектігін ашуды білдіреді.

ИСО стандарттарына қайта орала отырып, CT PK ИСО 14050-2010 «Экологический менеджмент. Словарь», Қолдану бойынша қойылатын талаптар мен басшылыққа алу» ҚР CT мемлекеттік стандартына сәйкес, компанияларда мақсатты және жоспарлы экологиялық көрсеткіштер болуы тиістігін атай кеткен жон.

Мақсатты экологиялық көрсеткіш - ұйым қол жеткізгісі келетін экологиялық саясаттан туындаған қоршаған орта жағдайының жалпы мақсатты көрсеткіші. Ол егер нақты болса, сандық мәнмен беріледі.

Жоспарлы экологиялық көрсеткіш - бүл мақсатты экологиялық көрсеткіштерден құралатын, мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу үшін белгіленіп, орындалуы тиіс, ұйымға немесе оның бөлімдеріне қойылатын,нақты болса сандық мәнде берілген, тиімділікке қатысты нақтыланып, тәптіштелген талап. Мүндай көрсеткіштерге ұмтылуды GRI бойынша есепте корсету керек деп санаймыз.

Өз қызметінде ИСО стандарттарын пайдаланатын компанияларға тұрақты даму саласындағы есепті жасау қиындық тудырмайды. ИСО стандарттары мен GRI стандартында қолданылатын терминдер, критерийлер үйлеседі. Айталық, нәтижелілік бөлігінде CT PK ISO 14001-2016 Экологиялық менеджмент жүйелері. Қолдану бойынша қойылатын талаптар мен басшылыққа алу-да» көрсетілген «экологиялық нәтижелілік», экологиялық мақсат», «экологиялық міндеттер» ұғымдары қолданылады.

GRI стандарты талаптарының логикасына қарай, әлеуметтік жауапты компания, ұйымның экологиялық аспектілерімен байланысты жалпы міндеттемелерін айқындайтын саясатқа ие болуы тиіс. Есепте сондай саясатқа сілтеме көрсету керек, оны ашық кіру үшін қайдан табуға болатынын көрсету қажет (мысалы, Интернеттегі құжатқа сілтеме бере отырып) [6].

ISO 14001-ге жүгіне отырып, экологиялық саясат дегеніміз - бүл ұйымның жоғарғы басшылығының экологиялық нәтижелілікке қатысты қызмет негізгі бағыттары мен ниеттері туралы ресми мәлімдемесі деп түсінеміз.

Ұйымдастырушылық жауапкершілік бөлімі, ұйымның экологиялық аспектілері үшін Компанияның жоғарғы басшылығынан кім жауапты екенін немесе жоғарғы басшылық арасында осы аспектілер үшін жауапкершілікті бөлуді ашуды көрсетеді.

Мониторинг және нәтижелер бойынша қабылданған әрекеттер бөлімі, экологиялық бақылаудың (ескертетін және одан кейінгі), экологиялық аудиттің, сертификациялаудың өз рәсімдерін суреттейді. Бұл жерде, стандартта, «кіріс» жеткізу монитрингіне ерекше назар аударылады.

Ең соңғы Қосымша контекстік ақпарат қосымша бөлімі. Біздің ойымызша, бүл бөлім тіпті де екінші дәрежелі емес, керісінше, негізгі мағыналық жүктемесі осы бөлімде. Стандартқа сәйкес қосымша маңызды ақпарат деп, мысалы, төмендегідей ақпаратты түсінеміз:

  • негізгі шешуші табыстар мен кемшіліктер;
  • негізгі операциялық экологиялық тәуекелдер және қоршаған ортамен байланысты мүмкіндіктер;
  • нәтижелілікті көтеру үшін есепті кезеңде қабылданған ұйымның жүйелері мен құрылымдарындағы айтарлықтай өзгерістер;
  • саясатты іске асыру немесе мақсаттарға жетуге арналған шешуші стратегиялар мен процедуралар.

Қорытынды

Тұрақты даму саласындағы есептілік корпоративтік есептіліктің құрамдас бөлігі болып табылады. Расында да, бүгінде «корпоративтік есептілік қаржылық есептілікпен шектелмейді, дегенмен қаржылық есеп, ақпаратты пайдаланушыларға компанияның ағымдағы жағдайын, оның қызметінің нәтижелілігін бағалауға мүмкіндік беріп, ерекше маңызды роль атқарады және атқара да бермек».

Қаржылық есептілік әлеуметтік факторларды ашуда маңызды роль атқарады.тұрақты даму саласындағы есептілікті жаңа ғана бастаған немесе бастағысы келетін компанияларға, біздің пікірімізше, қаржылық есепке экологиялық, әлеуметтік ақпаратқа қатысты қосымша ақпаратты кіргізген дүрыс болар еді. Қаржылық есептілік форматы, қаржылық есептілікке түсіндірме жазба форматы мүны істеуге мүмкіндік береді.

Айталық, экологиялық сипаттағы ақпараттың мысалын алайық, оны қоршаған ортаны ластайтын компанияның қаржылық есептерінде ашу қажет.

«КПМГ» халықаралық экологиялық аудит желісінің «КПМГ Болине» швед бөлімшесінің деректері бойынша корпорациялардың 69%-ы акционерлерге жылдық жоспарларын тапсырып, онда қызметіне бақылау жүргізіліп келе жатқан экологиялық аспектілерді көрсетеді.

Норвегияда зерттелетін компаниялардың 95 пайызы экологиялық мәселелерді қаржылық есептерінде көрсетеді. Жекелеген экологиялық баяндамаларды жыл сайын фирмалардың 23 пайызы дайындап отырады. Алайда, кейбір елдерде ғана есептілікте экологиялық ақпаратты міндетті көрсету талабы бар, мысалы, болгарияда «Бухгалтерлік есеп туралы» заңға сәйкес кәсіпорындар «Қоршаған ортаны қорғау: шығындар» есебін толтыруы тиіс.

 

Әдебиет:

  1. МСФО (IAS) 1 «Представление финансовой отчетности»: https://prolc.kz/articles /Hiezhdunarodnye-Standarty-finansovoy-otchetnosti/msfo-ias-l-predstavlenie-fmansovoy-Otchetnosti/ © prolc.kz.
  2. E.H. Мекебай. Қазақстан Республикасында экономика лык есеп пен есептілікті дамыту мәселелері // Халықаралық студенттік тылыми хабаршы. - 2015. - № 5. - С.5.
  3. ҚР Қаржы министрлігінің 2007 жылғы 28 ақпандағы №234-111 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» хаттарында («Казахстанская правда». 29.12.2014ж.).
  4. Е.В. Ильичева. Экологиялық есеп пен ессптіліктің қазіргі заманғы мәселелері және оның қалыптасу перспективалары (макала) // 8 Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция еңбектері «РФ қаржылық мәселелері және оны шешу жолдары: теория және тәжірибе» - 1 бөлім, СПб.: Политех.ун-т баспасы. - 2007. - С.75.
  5. CT PK ИСО 14050-2010 «Экологический менеджмент. Словарь» 15.10.2010 № 461 буйрықпен енгізілген.
  6. А.С. Тажибаева. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың ластауынан табиғатты қорғау қызметініц аймақтық экономикалық механизмі // Ұлттың ғылыми-ағартушылық әлеуеті және елдің бәсекеге қабілеттілігі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. М.Х. Дулати атындағы ТарГУ,-Тараз, 2008. - Б. 244-247.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.