Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігш экономикалық талдау

Андатпа

Мақалада шаруашылық жүргізуші субъектінің тиімді қызметін негіздеу үшін экономикалық талдау рөлінің жоғарылауы және бухгалтерлік есепті талдау қаэеттілігі қарастырылады. Сонымен қатар, экономикалық талдау арқылы кәсіпорынның жүмысын болашақта жаөсарту мақсатында оның өткен жэне ағымдағы қызметінің жағымды және жағымсыз жақтары анықталады. Жаңа жағдайда өндіріс тиімділігін анықтаушы көрсеткіштерді талдаудың маңыздылығы жоғарылауда, олар: еңбек өнімділігі, өндіріс корларын пайдалану, өнімнің өзіндік күны. пайда. рентабельділік. Мақалада экономикалық талдаудың мәні анықталған, оны жүргізу қажеттілігі негізделген, негізгі құралдарға салынтан салымдардың, олардыңпайдаланылуы мен қайта өндірісінің тиімділігін талдау кезінде қажетті маңызды қағидалар анықталған, негізгі құралдарды пайдалану тиімділігі талдантан, негізгі қорларды пайдалануды талдаудың мақсаты анықталған, негізгі қүраддардың құрамы. құрылымы мен серпініне талдау жүргізілген, негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін шаралар кешені ұсынылған.

Kipicne

Соңғы уақытта шаруашылық субъектінің тиімді қызметін негіздеуде бухгалтерлік есепті талдау және экономикалық талдау қажеттілігі көрініс табады.

Қазірде кәсіпорындар нарықта өздерінің өндірістік-сауда қызметін бәсекелестік жағдайда атқаруда. Бәсеке деп шаруашылық субъектілердің сайысқа түсуі, олардың дербес іс-әрекеттері олардың әрбіреуінің мүмкіндігін шектейді, нарықта түтынушыға қажетгі тауарлар мен қызметтердің айналыс шарттарына эсер етеді. Нарықтық реттеушілер бэсекемен қосарлана отырып шаруашылық етудің бірыңғай механизмін құрайды, ол өз кезегінде өндірушіні (сатушы) тұтынушының (сатып-алушы) мүддесі мен талабын ескеруге мәжбүрлейді. Кэсіпорындар бір-бірімен тұтынушы үшін күресте бэсекелестікке түседі, өз кезегінде жеңілгені банкроттыққа үшырайды. Бапнкроттыққа ұшырамау үшін кэсіпорын эрдайым нарықтағы жағдайды байқап, өзінің жоғары бэсекелстігін қамтамасыз етуі тиіс. Нарықты зерттеу жэне бэсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету қүралдарының бірі шаруашылық субъект қызметін экономикалық талдау болып табылады [1].

Талдау әдістері

Зерттеу барысында біріңғай өндірістік-сауда процесіндегі қаржылық ресурстардың қозғалысы мен қаржылық қатынастарды ғылыми-негізделген талдау жүргізу, талданған нэтижені жинақтау, қорытындылау әдістері қолданылған. Мұндай талдау жүргізу кэсіпорын қызметінің оң жэне отеріс жақтарын айқындау үшін ғана емес, сонымен қатар оның қызметін болашақта жақсарту үшін қажет. Қазіргі уақытта өндіріс тиімділігін анықтаушы көрсеткіштерді талдаудың маңызы артуда, яғни еңбек өнімділігін, өндіріс қорларын пайдалану, өнімнің өзіндік құны, пайда жэне тиімділік.

Зерттеу нәтижелері

Негізгі құралдардың қалыптасуы үшін эрі меншікті, эрі қарыз қаражаттары пайдаланылады.

Негізгі қорларды қалыптастыру кезінде негізгі құралдар мен ұзақ мерзімді инвестициялардың құрылымы, серпіні мен пайдалану тиімділігіне баға беруге мүмкіндік беретін аналитикалық міндеттер шешілуі тиіс. Қабылданушы басқарушылық шешімдердің мазмұны, басқарудың нақты қажеттіліктері аталған міндеттерді таңдау және олардың жиынтығын қалыптастыру үшін қажетті анықтаушы факторлар болып табылады.

Кәсіпорынның негізгі құралдарға салынған салымдардың, олардың пайдаланылуын және қайта өндірісінің тиімділігін талдау кезінде келесі ережелерді ескеру қажет:

  • Бірнеше жылдар бойы негізгі құралдардың функционалдық пайдалылығы сақталады ма;
  • Негізгі құралдардың жаңару кезі олардың құндық ауысуы кезімен сәйкес келеді ме;
  • Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігі, олардың өндірістік процесте қатысуы.

Негізгі қорлар келесі топтарға бөлінеді:

  1. Өнеркәсіптік-өндірістік;
  2. Өндірістік емес;
  3. Өндірістік емес қажеттілігі бар қорлар.

Негізгі қорлар өндірістік процесте тікелей қатысады. Негізгі қор көлемі, олардың жаңаруы мен модернизациясы, пайдаланылу дәрежесіне өнімнің көлемі мен сапасы, кәсіпорынның пайдасы мен рентабельділігі тікелей байланысты. Нарықтық экономика жағдайында өндірістік қорларды рационалды пайдалану өндіріс рентабельділігі көрсеткішін жоғарылатады. Кәсіпорын үшін артық, жүмыс істемейтін құрал- жабдықтың бар болуы пайдасыз болып келеді. Негізгі қорларды пайдалануды талдау өндіріс тиімділігін жоғарылату және халық қажеттілігін толығымен қанағаттандыру бойынша атқарылатын жүмыстар, қызметтердің сапасын ары қарай жақсарту мақсатында жүзеге асырылады. Осыған байланысты талдаудың басты мақсаттары келесідей:

  • кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлармен қамтамасыз етілу дәрежесін зерттеу;
  • негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігінн анықтау;
  • оларды пайдалануға эсер етуші себептер мен факторларды анықтау;
  • олардың өнім өндірісіне эсерін зерттеу;
  • қор қайтарымдылықты жоғарылату резервтерін анықтау.

Сонымен, кэсіпорынның негізгі қорлары зерттеу үшін «бай негіз» болып табылады [2].

Кэсіпорын қызметін талдаудың негізгі қайнар көзі бухгалтерлік баланс жэне баланс көрсеткіштерін толықтырушы мэліметтерден тұратын есептік құжаттар болып табылады.

Талдауды негізгі құралдар көлемі, құрылымы мен серпінінен, сонымен қатар кэсіпорынның өндірістік қуатын пайдаланудың тиімділігін зерттеуден басталады.

«Соната» ЖШС мэліметтері негізінде негізгі құралдар құрылымын қарастырамыз.

Кесте 1 Негізгі құралдар құрамы, құрылымы мен серпіні талдау

НҚ түрлері, мың теңге

Барлығы

Құрылымы %

Ауытқуы

2017 ж

2018 ж

2017 ж

2018 ж

Абсол.(+-)

Қатысты (0Zo)

І.Жер

54 980

54 980

25,4

19,8

-

-

2. Ғимарат

58 444

72 005

27,0

25,9

+24 600

+15,1

З.Автокөлік құралдары

47 405

67 279

21,9

24,2

+8 835

+51, 9

4.Машиналық құралдар

36 365

56 158

16,8

20,2

+19 793

+54,4

5.Басқа да негізгі қүралдар

4 821

27 590

8,8

9,9

+22 769

+572,3

Барлығы

216 459

278 012

100

100

+61 553

+28,4

Кестеде көрініп тұрғандай, «Соната» ЖШС негізгі құралдар қүрылымында келесі негізгі құралдар бар: жер, ғимарат, автокөлік құралдары және басқа да негізгі құралдар. Оның ішінде ең үлкен үлесті 2018 жылы ғимарат алады, олардың құны 72 005 мың тенгеге тең болған. Бүл 2017 жылмен қарағанда 15,1%-ға жоғары, үлесі 25,9%-ға тең болып, өткен жылмен салыстырғанда 1,1 пайыздық пунктке төмендеген. Негізгі құралдардың ішінде жердің қүны 54 980 мың тенгені құрып, екі жылдың ішінде өзгеріссіз қалған, ал үлесі 2018 жылы 5,6 пайыздық пунктке төмендеген. Автокөлік құралдарының құны 2017 жылы 47 405 мың теңгені құраған болса, 2018 жылы 51,9%-ға ұлғайып, 67 279 мың теңгеге тең болып қалыптасқан, оның үлес салмағы 21,8%-дан 24,2%-ға дейін жоғарылаған. Жалпы алғанда, 2017 жылы барлық негізгі құралдардың сомасы 216 459 мың теңгеге тең болса, 2018 жылы 61 553 мың теңгеге немесе 28,4%-ға ұлғайған. Яғни, 2018 жылы кәсіпорын негізгі құралдарды сатып алған.

Талдаудың басты міндеттерінің бірі - кәсіпорынның негізгі қорлармен қаншалықты қамтамасыз етілгендігін, кәсіпорынның өндірістік қуаттылығынығ пайдаланылу тиімділігін, негізгі қорларды пайдаланудың өнім көлемінің өзгерісіне қаншалықты эсер етуін анықтау, негізгі құралдардыпайдалану тиімділігін жоғарылатудың резервтерін анықтау [2].

Ең баста маңызды көрсеткіштердің бірі - негізгі құралдардың қор қайтарымдылығы, ол өнім (жалпы, тауарлық немесе өткізілмеген) құнының негізгі құралдардың орташа жылдық құнына қатысы ретінде анықталады.

Келесі көрсеткіш - қор сыйымдылық. Бұл қор қайтарымдылыққа қарама қайшы келетін көрсеткіш, яғни негігі құралдар құнының шығарылатын өнім көлеміне қатысы ретінде анықталады.

Кэсіпорын қызметінің тиімділігі көбіне еңбектің қормен жарақтандырылу деңгейімен анықталады, ол негізгі құралдар құнының жүмысшылар санына қатысы ретінде табылады. Бұл көрсеткіш эрдайым жоғарылауы тиіс, себебі оған техникалық жарақтандырылу, яғни еңбек өнімділігі тікелей байланысты. Бұл көрсеткіш бір жұмысшыға келетін шығарылған өнім көлемін көрсетеді.

Қор қайтарымдылық жэне қор сыйымдылық көрсеткіштері кэсіпорынның эрбір цехы бойынша негізгі құралдар қаншалықты тиімді пайдаланылып отырғанын көрсетеді. Қор қайтарымдылық барлық негізгі қорлар бойынша есептеледі. Қор қайтарымдылыққа бірінші деңгейлі келесі факторлар эсер етеді: негізгі қордың белсенді бөлігінің үлесі, негізгі қордың белсенді бөлігі үлесінің қор қайтарымдылығының өзгерісі [3].

Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының серпінін талдау кәсіпорынның барлық мүлігі немесе олардың бөлек түрлерінің абсолютті және қатысты өсуін немесе төмендеуін анықтауға мүмкіндік береді. Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін талдау 2 Кестеде берілген.

Кесте 2 2017-2018 жылдар аралығындағы негізгі құралдарды пайдаланудың
тиімділігін талдау

Көрсеткіштер

2017

2018

Ауытқуы

Абсолюттік

Қатысты %

1. Өткізуден түскен табыс (жұмыс, қызмет), мың теңге

273 173

318 055

+44 882

+16,4

2. Негізгі құралдардың орташа жылдық құны, мың теңге

216 459

278 012

+6 532

3,2

3. Қор қайтарымдылық (1/2)

1,26

1,14

-0,12

-0,9

4. Қор сыйымдылық (2/1)

0,79

0,87

+0,08

+1,1

Қорытынды

Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігі көрсеткіштерін есептеу нәтижесінде «Соната» ЖШС-де қор қайтарымдылық 0,12 теңгеге төмендеген, ал қор сыйымдылық көрсеткіші 0,79-дан 0,87-ге дейін, яғни 0,08 теңгеге жоғарылаған.

Қор қайтарымдылық негізгі құралдардың әрбір теңгесіне қанша дайын өнім келетінін көрсетеді, яғни қор қайтарымдылық көрсеткіші жоғары болған сайын кәсіпорын өзінің негізгі құралдарын тиімді пайдаланып келе жатқанын көрсетеді. Ал біздің қарастырып отырған кәсіпорынымызда қор қайтарымдылық көрсеткіші төмендеген, яғни «Соната» ЖШС басшылығына қолда бар құрал-жабдықты тиімсіз пайдаланудың себептерін анықтау орынды болып келеді. Ал бүл мәселеге уақытында назар аудармау болашақта кәсіпорынға едәуір шығын әкелуі мүмкін. Кәсіпорында негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін жоғарылату келешекте негізгі өндірістік құралдарды үнемдеуге, орындалып отырған жұмыс көлемін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Қор сыйымдылық көрсеткішінің жоғарылауы да кәсіпорын негізгі қорларының пайдалану тиімділігінің төмендеуін, оның өнім өндірісіндегі қуатылығының төмендеуін көрсетеді. Ал қарастырылып отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш 1,1%-ға ұлғайған.

Сонымен, қор қайтарымдылық көрсеткішінің жоғарылауы және қор сыйымдылық көрсеткішінің төмендеуі кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін жақсартуға мүммкіндік береді, ал зерттеліп отырған кәсіпорында осы мәселеге нақар аудару қажет.

Экономикалық қатынастар тәжірибесінде үйымға негізгі қүралдардыпайдалану тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін бірқатар шараларды бөліп шығаруға болады:

  • - ескірген машиналар мен құрал-жабдықтарды уақытылы жаңарту. Ол үшін негізгі құралдардың жағдайы мен оларды күту жағдайына уақытылы талдау жүргізу қажет. Бірақ-та, сонымен бірге, қолданыстағы құрал-жабдықты жаңаға ауыстыру әрдайым тиімді болып келе бермейді;
  • негізгі құралдарға жөндеу жүмыстарын жүргізу. Құрал-жабдықтардың уақытынан бүрын есептен шығарудың алдын-алуға және олардың қызметін ұзартуға жөндеу жүмыстары арқылы болады. Негізгі құралдарды қалыпты жағдайын ұстап түру мақсатында жоспарлы және күрделі жөндеу жүмыстарын жүргізу қажет. Негізгі қүралдардың функционалдық жағдайын ұстап тұрумен қатар, жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы құрал-жабдықтардың сыну немесе бос туру санын қысқартуға болады, ал мүның нәтижесінде өндіріс процесінің тоқтап тұруын немесе қолда бар өндіріс қуатының толық емес қолданылуын азайтуға болады;
  • шикізат құрамындаға пайдалы заттардың үлес салмағын жоғарылату арқылы өндірісте қолданылатын шикізат пен материалдардың сапасын ұлғайту. Өндіріс кезінде пайдаланылатын шикізат сапасының жақсы болуы есебінен өндірілген өнім сапасы үлғаяды, ал нәтижесінде негізгі қорларды пайдалану тиімділігін көрсететін қор қайтарымдылық көрсеткіші жоғарылайды [4];
  • негізгі қорлардың жағдайына уақытылы және жан-жақты бақылау жүргізу, әсіресе оларды пайдалану және күтуді қадағалау қажет. Бұл негізгі құралдарды пайдалану мерзімін үзартуға мүмкіндік береді;
  • өндірістің автоманттандыру деңгейін жоғарылату, технологиялық процеске прогрессий технологияларды енгізу;
  • қызмет көрсетуші персоналдың біліктілігін жоғарылату, әрдайым қызметкерлерді қайтадан квалификациялау және өндіріс пен енбекті ұйымдастыруды жетілдіру. Аталған шаралар жұмыс уақытының шығынын, жабдықтардың босқа тұруы мен сынып түруын төмендетуге мүмкіндік береді [5].

Кез келген кәсіпорынға негізгі қүралдардың тиімділігін жоғарылату бойынша шараларды іздестіру және әзірлеу маңызды міндеттердің бірі, себебі негізгі қүралдардың тозуын үнемді әрі заманауи жабдықтарға уақытылы жаңарту, жеделдетілген амортизация, жабдықтардың жұмыс істеу дәрежесі, сапалы шикізатты қолдану тиімді қызметтің міндетті шарты болып табылады.

 

Әдебиет:

  1. Тулешова Г.К. Финансовый учет и отчетность в соответствий с международными стандартами. Учебное пособие. Алматы. 2005. - 51-56 с.
  2. Дюсембаев К.Ш.. Егембердиева С.К.. Дюсембаева З.К. Аудит и анализ финансовой отчетности- Алматы: «Қаржа-қаражат». - 1998. - С. 101.
  3. Вуд Ф. Бухгалтерский учет для предпринимателей. Пятое изд-е. Пер. с англ. В 4 частях. - M.: Изд-во «X.V.C». - 2008’ - С. 29.
  4. Бухорбаева А.Т. Направления повышения эффективности использования основных фондов на автотранспортном предприятии / А.Т. Бухорбаева // Молодой ученый. - 2016. - № 13. - С. 385-388.
  5. Киндеева О. А. Оценка эффективности использования основных средств и мероприятия по ее повышению//Молодой ученый. - 2018,- №29,- С. 58-61.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.