Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Солтүстік-қазақстан облысы қызылжар ауданының старица вишневская көлінің зоопланктондардың тyp құрамы

Аңдатпа

Зертгеу жұмыс Старица көліндегі су қоймасындағы балық қорының көрсеткіштерінің бірі ретінде зоопланктонның түрлер құрамын зерттеуге арналған. Зоопланктонның түрлері, сандык және сапалық қүрамы бойынша материаддарды іріктеу және зерттеу жоғары сапалы қүрал - Апштейн ауы, гидробиологиялық ау көмегімен жүргізілді. Cy организмдерінің түрлік құрамын анықтау зертханада әр түрлі сериялы микроскоптардың көмегімен жүргізілді: МВС-10, MCX-200 және МСХ-300.

Зоопланктонның түрлерін анықтау барысында келесі нәтиже анықталды: бүтақмүртшалы шаян тәрізділердің 9 түрі, ескек аяқты шаян тәрізділердің 3 түрі және бакалшакты шаяндардың 1 түрі. Сандык жағынан ол келесідей көрінеді: бүтақмүртшалы шаян тәрізділер - 69%, ескек аяқты шаян тәрізділер - 23% және аз мөлшерде - коловраткалар - 8%. Зерттелген су қоймасындағы ең көп таралған түрлер - Polyphemus pediculus - 37% дейін. Simocephalus vetulus 22,2%. Түрлердің молдығы бойынша 93,5% Polyphemus pediculus. түрлерінің саны 110040 дана/м3 құрайды, сондықтан ол басым түрлерге жатқызуға болады, ал қалған барлық (12 түр) аз немесе сирек кездеседі. Старица көліндегі зоопланктонның зерттелген түрлерінің құрамы су қоймасын ортадан жоғары қоректенуге мүмкіндік береді және балық өсіруге ұсынуы мүмкін.

Kipicne

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының сулы экожүйелері және олардағы балықтың тамақтану базасы ретінде өмір сүретін гидробионттар туралы білмеуі - бүгінгі күннің өте өзекті тақырыбы.

Зерттеу нысаны - Старица Вишневская көлі болып табылады, өйткені осында зоопланктонның негізгі топтарының түрлер құрамы нашар зерттелген. Есіл өзеніндегі көктемгі су тасқыны және осы су қоймасының деңгейінің едәуір жоғарылауы су организмдерінің өмір сүру жағдайының жақсаруына, демек зоопланктонның сапалық және сандық құрамының өзгеруіне әкелді, бұл оны зерттеуді қажет етеді.

Старица көлі Қызылжар ауданы Вишневка ауылының солтүстік жағында орналасқан. Cy қоймасы Есіл өзенінің ағысында орналасқан және көлемі жағынан шағын су қоймасы болып табылады (1-Сурет).

Сурет 1 Старица Вишневская (ғарыштық түсіру суреті, 2018 ж.)

Көлдің пішіні иректі, таға тәрізді, ені 30 м, орташа - 20 м, ұзындығы бірнеше шақырым. Көлдің максималды тереңдігі - 13 м, орташа - 3 м. Зерттелетін аймақтың ауданы - 3,28 км2. Жағалаудағы топырақ тұнба түрінде болады. Судың түсі ашық-сары. Судың иісін гүлді өсімдіктер жасайды, ол ерекше және өте жағымды. Өсімдіктің қатты және жұмсақ өсімдіктердің жалпы ауданы 30% құрайды, оның түрлер құрамы бұл су қоймасын эвтрофикалық ретінде анықтайды, тұздылығы 572 мг/дм3, яғни, орташа кермек, судың рН-ы 6,2, сондықтан ортаның белсенді реакциясы бейтарап деп санауға болады [1].

Зерттеу әдістері

Келесі гидробиологиялық зерттеулер өткізілді:

  • Вегетация кезеңінде суды іріктеу станцияларының орналасуын анықтау, яғни көктемнен бастап (мүз ерігеннен кейін) және қоңыр күзге дейін;
  • Зоопланктонның массасын анықтау үшін Апштейн ауы мен гидрологиялық ау, ал бентос үшін қырғыш қолданылды;
  • Богоров камерасын қолдана отырып камералды өңдеу кезінде зоопланктонның әр түрінің бірлігінде (дана/м3) көптігі анықталды. Жалпы биомасса (1 г/м3) торзионды таразы қолданып өлшеу арқылы анықталды;
  • Зертханада ағзаларды идентификациялау МБС-10, МСХ-200 және MCX- 300 микроскоптарының көмегімен жүргізілді [2].

Зоопланктонның қорекпен қамтамасыз етілуін зерттеумен қатар, су қоймасының ауданын, оның тереңдігін, тұнба шөгінділерінің табиғаты мен қалыңдығын және қатты және жұмсақ сулы өсімдіктердің өсу жылдамдығын анықтауға байланысты зерттеулер жүргізілді [3].

Зерттеу нәтижелері

Вишневская Старицада зоопланктон үлгілері 2018 жылдың мамыр-қыркүйек айларында үш түрлі станцияда алынды. №1 станция - бүл су қоймасының пелагиалі, №2 станция су өсімдіктерінің жанында, ал №3 станция макрофиттер қопасының арасында орналасқан.

Зерттеудің барлық кезеңінде зоопланктонның 27 үлгісі алынды.

Зоопланктонның 27.05.18 үлгілерінде ескек аяқты шаян тәрізділердің 1 түрі ғана, сондай-ақ бақалшақты шаяндар табылды. №1 станцияда Heterocypis reptans - 100 дана/м3; №2 станцияда Eurytemora Iacustris - 20 дана/м3, Heterocypis reptans - 60 дана/м3; №3 станцияда Eurytemora Iacustris - 40 дана/м3, Heterocypis reptans - 380 дана/м3 анықталды.

Зоопланктонныц 17.06.18 үлгілерінде бұтақмұртшалы шаян тәрізділердің 2 түрі және ескек аяқты шаян тәрізділердің 1 түрі кездестірді. №1 станцияда Polyphemus pediculus - 540 дана/м3, науплиус 20 - дана/м3; №2 станцияда Polyphemus pediculus - 110040 дана/м3; №3 станцияда Polyphemus pediculus - 9520 дана/м3, Heterocypis reptans - 20 дана/м3, Sida crystalline - 20 дана/м3, Macrocyclops albidus - 20 дана/м3 табылды.

Зоопланктонныц 29.06.2018 үлгілерінде бүтақмұртшалы шаян тәрізділердің 1 түрі және ескек аяқты шаян тәрізділердің 1 түрі кездестірді. №1 станцияда Acanthocyclops viridis - 60 дана/м3; №2 станцияда зоопланктон болған жоқ; №3 станцияда Simocephalus vetulus - 80 дана/м3 табылды.

Зоопланктонныц 13.07.2018 үлгілерінде бүтақмұртшалы шаян тәрізділердің 3 түрі және ескек аяқты шаян тәрізділердің 1 түрі кездескен. №1 станцияда Polyphemus pediculus - 40 дана/м3, Macrocyclops albidus - 60 дана/м3; №2 станцияда Polyphemus

pediculus - 40 дана/м3; №3 станцияда Eurytemora Iacustris - 40 дана/м3, Chydorus Sphaericus - 40 дана/м3 табылды.

Зоопланктонньщ 29.07.2018 үлгілерінде бүтақмұртшалы шаян тәрізділердің 3 түрі және ескек аяқты шаян тәрізділердің 2 түрі кездестірді. №1 станцияда 2-ші копеподитті сатысы - 40 дана/м3 және 1-ші копеподитті сатысы - 40 дана/м3; №2 станцияда 2-ші копеподитті сатысы - 60 дана/м3, Daphnia Iongispina - 20 дана/м3, Acanthocyclops viridis - 60 дана/м3, Macrocyclops albidus - 20 дана/м3; №3 станцияда Chydorus Sphaericus - 20 дана/м3, Chydorus piger - 80 дана/м3, Acanthocyclops viridis - 180 дана/м3 табылды.

Зоопланктонньщ 10.08.2018 үлгілерінде бүтақмұртшалы шаян тәрізділердің 2 түрі және ескек аяқты шаян тәрізділердің 1 түрі кездесті. №1 станцияда 1-ші копеподитті сатысы - 60 дана/м3, Polyphemus pediculus - 20 дана/м3; №2 станцияда Polyphemus pediculus - 120 дана/м3, Acanthocyclops viridis - 60 дана/м3; №3 станцияда Chydorus piger - 100 дана/м3, Acanthocyclops viridis - 20 дана/м3 табылды.

Зоопланктонньщ 24.08.2018 үлгілерінде бүтақмұртшалы шаян тәрізділердің 3 түрі жэне ескек аяқты шаян тәрізділердің 1 түрі кездесті. №1 станцияда Ceriodaphnia reticulata - 180 дана/м3; №2 станцияда Simocephalus vetulus - 100 дана/м3, Chydorus piger - 60 дана/м3, Ceriodaphnia reticulata - 40 дана/м3; №3 станцияда Simocephalus vetulus - 80 дана/м3, Chydorus piger - 140 дана/м3, Acanthocyclops viridis - 80 дана/мкездесті.

Зоопланктонньщ 12.09.2018 үлгілерінде бүтақмұртшалы шаян тәрізділердің 4 түрі және ескек аяқты шаян тәрізділердің копеподитті сатылары табылды. №1 станцияда зоопланктон кездескен жоқ; №2 станцияда Simocephalus vetulus - 80 дана/м3, Chydorus piger - 60 дана/м3, ескек аяқты шаян тәрізділердің 2-ші копеподитті сатысы - 100 дана/м3; №3 станцияда Diaphanosoma drachyurum - 1000 дана/м3, Ceriodaphnia reticulata - 1580 дана/м3, Simocephalus vetulus - 1200 дана/м3; ескек аяқты шаян тәрізділердің 2-ші копеподитті сатысы - 1020 дана/м3 кездесті.

Зоопланктонньщ 29.09.2018 үлгілерінде бүтақмұртшалы шаян тәрізділердің 4 түрі жэне ескек аяқты шаян тәрізділердің 2 түрі табылды. №1 станцияда Chydorus Sphaericus - 40 дана/м3, Polyphemus pediculus - 200 дана/м3, Acanthocyclops viridis - 60 дана/м3; №2 станцияда Polyphemus pediculus - 200 дана/м3, Daphnia Iongispina - 40 дана/м3, Acanthocyclops viridis - 380 дана/м3, Macrocyclops albidus - 80 дана/м3; №3 станцияда Simocephalus vetulus - 20 дана/м3, Polyphemus pediculus - 280 дана/м3, Acanthocyclops viridis - 140 дана/м3 кездесті.

Осы су қоймасында зерттеу жүргізу барысында зоопланктонньщ 13 түрі анықталды, оның 9 түрі бүтақмұртшалы шаян тәрізділер, 3 түрі ескек аяқты шаян тәрізділер жэне 1 түрі бақалшақты шаяндар.

Осылайша, көлде кездесетін түрлердің саны 69% бүтақмүртшалы шаян тәрізділер құрайды, ескек аяқты шаян тәрізділер 23% құрайды, коловраткалар өте нашар таралған - 8% (2-сурет).

Зоопланктонньщ құрамына 10 жуас формалар (Heterocypis reptans, Diaphanosoma drachyurum, Daphnia Iongispina, Simocephalus vetulus, Ceriodaphnia reticulate, Polyphemus pediculus, Chydorus piger, Chydorus sphaericus, Eurycercus Iamellatus, Sida crystalline, Acanthocyclops viridis) кіреді. Eurytemora Iacustris аралас қоректену түріне ие, ал Macrocyclops albidus жыртқыш болып табылады.

Доминантты түрлер олардың кездесушіліктің екі көрсеткішімен, сонымен қатар түрлердің молдығымен анықталды (1 Кесте).

Түрі

Кездесушілік, %

Түрдің молдығы, %

Heterocypis reptans

14,8

0,4

Diaphanosoma drachyurum (Levin, 1848)

3,7

0,8

Daphnia Iongispina O.F. Muller, 1785

7,4

0,05

Simocephalus vetulus (O.F.Muller, 1776)

22,2

1,2

Ceriodaphnia reticulata (Jurine,!820)

ИД

1,4

Polyphemus pediculus (Linne, 1778)

37

93,5

Chydorus piger Sars, 1862

18,5

о,з

Chydorus sphaericus ( O.F. Muller, 1785)

И,1

0,08

Eurycercus Iamellatus (O.F. Muller, 1785)

3,7

0,003

Sida Crystallina (O.F.Muller, 1776)

3,7

0,001

Eurytemora Iacustris (Poppe, 1887)

7,4

0,004

Acanthocyclops viridis (Jurine, 1820)

33,3

0,8

Macrocyclops albidus (Jurine, 1820)

IIJ

OJ

Копеподитті сатылары, науплиустар

33,3

1,1

Кесте 1 Түрлердің кездесушілігі және молдығы (%)

Осы су қоймасы үшін ең көп таралған түрі - Polyphemus pediculus, оның кездесушілігі 37% құрайды. Бұл су қоймасында жиі кездесетін Acanthocyclops viridis 33,3% және Simocephalus vetulus 22,2% сияқты түрлер болып табылады. Айтарлықтай, Chydoridae тұқымының өкілдерін атап өту жөн, Chydorus piger, Chydorus Sphaericus

жэне Eurycercus Iamellatus. Жеке алғанда, бұл түрлердің кездесушіліктің пайызы аз, бірақ бірге олар 33,3% құрайды (Кесте 1, З-Сурет).

Түрдің молдығы бойынша Polyphemus pediculus (93,5%) басым болады. Polyphemus pediculus басқалардан асып түседі және №2 станцияда 110040 дана/мсанымен кездестірді.

Сондай-ақ, Ceriodaphnia reticulata - 1,4% және Simocephalus vetulus - 1,2% сияқты бүтақмұртшалы шаян тәрізділердің ең көп кездесетін түрлерді бөліп көрсету керек. Басқа түрлердің молдығы 0,8%-дан аспайды (Кесте 1, З-Сурет).

Осылайша, осы су қоймасы үшін Polyphemus pediculus және Simocephalus vetulus негізгі түрлер болып табылады. Саны аз және сирек кездесетін түрлерге Diaphanosoma drachyurum, Heterocypis reptans, Daphnia Iongispina, Ceriodaphnia reticulata, Chydorus piger, Chydorus sphaericus, Eurycercus Iamellatus, Sida crystallina, Eurytemora Iacustris, Acanthocyclops viridis, Macrocyclops albidus жатады.

Қорытынды

Осылайша, зерттеудің барлық кезеңінде зоопланктонның 13 түрі анықталды, оның ішінде бұтақмұртшалы шаян тәрізділердің 9 түрі, ескек аяқты шаян тәрізділердің 3 түрі және бақалшақты шаяндардың 1 түрі. Аталған түрлердің ішінде саны бойынша көлдегі басым түрлер бұтақмұртшалы шаян тәрізділер - 69%, ескек аяқты шаян тәрізділер - 23% аз мөлшерде, ал ең аз кездесетін коловраткалар 8% болып табылды.

Зерттелген су қоймасындағы ең көп таралған түрлер - Polyphemus pedicuius - 37% дейін, аз кездесетін Simocephalus vetulus - 22,2%.

Түрлердің молдығы бойынша - 93,5% - басым түрі тағы да Polyphemus pediculus болады, оның популяциясы 110040 дана/м3, оны доминантқа жатқызуға болады, ал қалғаны (12 түрі) - аз санды және сирек кездеседі.

Жоғарыда айтылғандардың нәтижесінде зерттелген су қоймасының зоопланктоны тұрақты сандық көрсеткіштермен сипатталады, және оларды ортадан жоғары бордақылау қоймаларына жатқызуға болады және оны балық шаруашылығында пайдалануға ұсыну керек.

 

Әдебпет:

  1. Коломин Ю.М. Биологические ресурсы Приишимья в пределах Северо-Казахстанской области// Материалы региональной научно-практическая конференция «Ишим в историко- культурном и социально-экономическом измерении», Россия, г. Ишим. 2009. С.110-113.
  2. Винберг Г.Г., Лаврентьева Г.М. Методические рекомендации по сбору и обработке материалов при гидробиологичеких исследованиях на пресноводных водоёмах. Зоопланктон и его продукция. Л.: 1984. С. 3-13.
  3. Жадин В.И. Методы гидробиологического исследования. M.: Высшая школа, 1960. С.5-113.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.