Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Kopкeм шығармалардағы сөйлеу тілі элементтерінің қолданысы

Аңдатпа

Мақала сөйлеу тілінің элементтері кейіпкерлердің тілдік қарым-қатынасын толықтырып, айтылар ойды жеткізуде, кейіпкер бейнесін ашуда мәні үлкен екендігін көрсетіп, қарастыруға арналды. Ауызекі сөйлеу тілінің элементтері мақсатты түрде қолданылғандығы нақты мысалдар негізінде дәйектеледі. Қаламгер шығармаларында кейіпкерлерінің бейнесін әр қырынан танытып, олардың образын жасауда түрлі сөйлеу мәнерін пайдаланады. Кейіпкерлердің мінезі, сөйлеу ерекшеліктері олардың ішкі жан-дүниесіне байланыста беріледі. Бейнелі, әсерлі сөз қолданыстарын молынан қолданып, қажетіне жаратуы - халық тілінің байлығы, ауыз әдебиетінің нақыл сөз үлгілерінің әдеби тіліміздің баюына, толысуына өз үлесін қосатыны анықталды.

Kipicne

Жалпы көркем шығармаларда әрбір кейіпкердің сөз саптауы мен сөз мәнері әр түрлі болып келеді. Бұл олардың қоғамда алатын әлеуметтік жағдайына, ортасына байланысты болып келеді. Сол себепті, олардың әрқайсысының өзінше сөйлеу дағдысы болады. Кейіпкер тілінің осындай ерекшеліктері тілдің лексикалық және грамматикалық қабаттары арқылы жүзеге асады. Кейіпкердің тілі арқылы оның мәдениеттілігі, жас мөлшері, қызметі, кәсібі, өскен ортасы, сыпайылығы, дөрекілігі т.б. бейнелері байқалады. Кейіпкердің сөйлеу мәнеріндегі өзіндік ерекшелігі оның лексикасынан басталатыны белгілі [1, 5 б.]. Ал сөйлеу тілі лексикасының құрамына қарапайым, тұрпайы, жаргон сөздер де жатады.

Тілімізде ауызекі сөйлеу тілінде жиі кездесетін тілдік материалдар аз емес. Мүндай сөздер әдеби тілге жатпаса да көркем шығармаларда кездеседі. Көркем шығармада түрлі кейіпкерлердің болатыны және олардың арасында қақтығыстардың да болып тұратыны заңдылық. Ал өмірде әр түрлі жағымды, жағымсыз адамдардың бар болуы - өмірдің шындығы. Бұл туралы академик М.Серғалиев: «Ауызекі сөйлеу стиліне әдеби тіл нормасына жатпайтын сөздердің қолданылуы - табиғи құбылыс», - деген тұжырым жасайды [2, 62 6].

Шығарма м.атериалына негіз болатын жағымды, жағымсыз адамдардың тілі - тіл білімінде табу, эвфемизм дисфемизмдер (какофемизм) деп аталады. Қаламгерлер сөздерді өз мағынасында пайдаланумен қатар, сөздерді ауыспалы, келтіріңкі мағынада, қанатты сөздер мен тұрақты тіркестердің, мақал-мәтелдердің құрамында пайдаланады [3, 93 б.].

Негізгі бөлім

Эвфемизмдар мен дисфемизмдер - көркем әдебиетте жиі кездесетін экспрессивті және эмоционалды лингвистикалық қолданыстар. Бұлардың айырмашылығы экспрессивтік реңкінде, мұндай сөздердің барлығы күнделікті ауызекі сөйлеу тілінде жиі кездеседі. Сөздің мағынасы дөрекілеу болып келген жағдайда тілдегі басқа бір сөзбен алмастырылып беріледі. Мұндай жағдайда дөрекі, түрпайы сөздің орнына сол ұғымды жұмсартып, жеңілдетіп жеткізетін сыпайы, жұмсақ сөздер қолданылады. Тіл білімінде мұндай құбылыс эвфемизм деп аталады [4, 71 б.].

Жазушылардың шығармаларында тілдік құрылымның бір қатарын сөйлеу тілінің элементтері қүрайды. Қаламгерлердің стильдік даралықтары олардың белгілі тілдік құралдарды қолдануларындағы ерекшеліктерінен көрінеді.

Эвфемизм - көркем шығарма тілінде өзіндік тиімді орны, реті бар болып келетін сөз қолданыс түрі. Зерттеушілер эвфемизмді ойды бейнелеп, көркем түрде жеткізудің негізгі бір тәсілі деп санайды. Эвфемизм, сыпайы сөз - мағынасы тұрпайы сөздерді сыпайылап жеткізу. Эвфемизм сыпайыгершілікке, әдептілікке байланысты туған. Олар (эвфемизмдер) сөздердің синонимдік қатарын молайтады. Синонимдерді қолданудың бір тәсілі ретінде эвфемизмдердің қызметі жайлы синонимдер сөздігінде төмендегідей анықтама берілген: «Мағынасы жағымсыз сөздердің мәнін тыңдаушыларға жеңілдетіп, жұмсартып айту тәсілі болып саналады» [5, 311 б.].

Әкесі Сүтемген осыдан үш жыл бүрын дүние салганда дөңгелек дәулетінің иелігі соңынан ерген жалгыз түягы осы Наіімаптаііга тигеп (А.С.,«Аққыз», 63-6.). Сонда бір барымтада біздіц Қарагаиі елінен бір жігіт мерпі больиц осы Аццызбен ердің қупып даулап, екі елоіц арасындагы ырыц-жырыцды басуга бардыц (Сонда, 96-6.). Kyiieyi бүдан екі жыл бүрын қайпгыс болып, үйелмелі-сүйелмелі бір қыз, төрт баламен жесір калган ауыл шетіндегі Қымцаныц үй іші бүгін күндегісінен ерте түрды. Күн жүма болатын. Тіршіліктіц бітпейтін күйбеңімен жүріп қайтыс болган ерініц аруагына багыштап жеті-сегіз аіюан бері тым болмаса отца май да тамызбапты (Д.И., 367-6.). Бірақ тагдырдыц жазуына дауа бар ма, бәйбіше, тоцалдан көрген жеті перзенті бірінен соц бірі шетіней-шетіней, ақырынОа қарайын жалгыз Аққыз қалган (A.C., 82-6.). Дүшпанынан кек ала алмай іштей тынып Доскей de коз жүмды (Д.И., 251-6.). Кешеден бері жамбасыньщ көрпе иіскеп отырганы осы гана (Д.И., 337-6.). Әбден қалжырап калган екен, жамбасы көрпешеге тиген бетте-ақ маужырап үйыктап кетті (Д.И., 342-6.). «Қаракесекке кеткен малымды кайтарып алуга қаукарым жетпейді емес, аралбай - тарақтыны төсекте басы, төскейде малы қосылган, намысы бір ел екенін сырт дүшпан білсін, білсін де артын цысып жүрсін деп, салмак салын отырмын» депті Алтыбай (А.С., 49-6.). - Артты цысцаннан артык айла жоқ (О.Б., 304-6.). Соңғы мысалдардағы «қуйрыгы», «көтенін» деудің орнына «арты», «жамбасы» деген эвфемизм алынған. ВлОі деген жағымсыз сөздің орнына - дүнне салганда, мерт болып, кайтыс болган, шетіней, көз жүмды деген синонимдік қатарлар қолданылған.

Қорганып, каймыга беруші ем, бертін келе абысыныма ауыр сөзді мен айтатын болдым (Б.Н., 194-6.). Көшенге косылгалы көп жыл өтсе де, Жацыл әлі қурсақ көтермепті (Б.Н., 195-6.). Бірак бэрі жазудан гой, сол токалыныц етегі цанамай-ац кетті (А.С., 45-6.). Өлген цызы Жацыптан емес екен, цыз күнінде ойнап крйып, содан болыпты (Сонда, 196-6.). Шынында да «өкпеледім» дегене етегін көтере беретін мэңгу болса керек, экесінің оң жагында отырып, үялмай- цызармай арыстай бір үл тауып алды (Сонда, 46-6.) «Қол жүмсады»,-дегенді естіп, кайран калоы (Сонда, 212-6.). Сагыныштан тагатымның таусылып келе жатқаны да рас, - деп Түрсын өзініц сөзуарлыгына салып, гцгімесін өрбіте берді (А.С.,71-б.). «...Ол эңгіменің бэрі өтірік. Қыжымкүл цызымыздыц өзі оц босагада отырып жүкті болып крлыпты. Сонан соц эке-шешесі...» (Д.И., 360-6.). Алгашрет өз үйіне жаны ашыды. «Үйлену керек екен-ау, - деді ішінен, - үйленбесе, үй жетім боп барады екен. Иэ, үйлену керек!» (Сонда, 345-6.). Жоғарыда келтірілген кейіпкер тілдеріндегі «боқтық сөз» дегеннің орнына «ауыр сөзді», әйелдің терісқылықты іс- әрекетін «ойнап қойып», «үрды, сокты» сөзінің орнына «қол жүмсады»; «буаз» сөзін «қурсақ көтермепті», «етегі канамай» және «жүкті болып калыпты», «оц жагында»; «мылжың» деудің орнына сөзуарлыгына; «қатын алу керек» дегеннің орнына «уіілену керек» деген сөз тіркестерін орынды қолданғанын көреміз.

Эвфемизмдер этикаға, сыпайыгершілікке, ұят сақтауға, моральдік нормаларға да байланысты болып келеді. Ғалым Ә.Хасеновтің айтуынша, ең көп тарағаны - ауру-сырқатқа байланысты [6, 79 б.]. Трахомасы қаноай ауру деп біреулерден сүрап ек, орысшага жетіктеу бір жігіт казакша оны «қарьіққаи» дейді деп долбарлап түсіндірді (С.Ж., 292-6.). «Көзін шел басыпты», - деген сөзіне алгашқыоа жүрегім мүздап есімнен кетпей жүруші еді, кейінгі кезде оны үмытып, көз ауруга әбден етім өліп алды (С.Ж., 315-6.). Әкесі қыл тамактан өлгенде ол іштегі алты айлъщ бала еді (Д.И., 346-6.).

Қазақтың ескі әдет-ғұрпы бойынша келін болып түскен қыз күйеуінің туған- туыстарын өз атымен атамайтын болған. Олардың әрқайсысына лайықтап, өз тарапынан басқадай ат қойған. Мәселен, А.Сейдімбековтің «Аққыз», «Қыз ұзатқан» туындыларында әдет-ғұрыпты сақтаған жеңгесі қайын сіңілісінің, мінезіне, түр- тұрпатына, өнер-талабына лайықтап ат қойғанын көреміз.

  • Е, бгсе-бгсе, қүйаііга шүкір, өзгеге сөзім өтпесе де, Еркеме созім өтеді.

Сыртыңнан есті жігіт деп естиміз, түбі қапы болмасын деп жатңаным гой... (А.С., 106-6.). - Еркем-ау, не дейсің?! - деп Айкүміс еңіреп қоя берді, - He деп отырсыц?! Бү тагдырга не жазып ең, осынша ңорлайтындай! Маган үнамаганы, белгі болсын Оен сүраган заттары еді, Еркем («Аққыз», 111-6.). Ал Еркежан, қысы.імаіі сөйлесіңдер, торгай шырылдаган кезде келермін, - деп кетіп қалыпты («Қыз үзатқан», 51-6.).

Оқырманның эстетикалық талғамын жетілдіру үшін көркемдеуіш құралдар, эмоционалды-экспрессивтік қызмет атқаратын сөздер қолданылады. Әдетте жағымсыз, әдепсіз, дөрекі, тұрпайы сөздер, дисфемизмдер кейіпкердің ауызекі сөйлеу тілінде қолданылад, көркем прозада олардың жасалу жолдары, қолданылу аясы әрқилы.

Дисфемизмдер - мағынасы жағынан эвфемизмге қарама-қарсы құбылыс. Тілімізде стильдік қызмет атқаратыны сөзсіз. «Дисфемизмдерді қолдану ауызекі сөйлеу стиліне тән ерекшелік болып табылатындығын көруге болады», - деп пайымдайды Ә.Ахметов [50, 56 б.]. Шындығында, дисфемизмдердің тілімізде ең жиі қолданысқа түсетін жері - ауызекі сөйлеу тілі. Жалпы дисфемизм, яғни тұрпайы, анайы сөздер бір адамды кемсіту мағынасында жүмсалады. Дисфемизмдер әдеби тілдің үлгісіне жатпайды. Дисфемизммен сөйлейтін адамдар мәдениеті томен, әдепсіз адамдар деп есептелінеді. Бұлар көркем шығармада, көбінесе, ауызекі тілдің сөйлеу ретінде кейіпкерлердің тілінде ұшырасады. Жоқ өсекті жанынан шыгарът та кей адам лгззат табады. ...Ой, өлік-ей, өле алмай жүріп епті екенсің өзің! ... Қатынын куанпіа түскісі кеп күіііцоі ме, таіщырлыгы үстап солай дегізді ме әлде (Б.Н., 193-6.). - О, сорлы, соган да аузыңның суын цүртып, сайқил да ол бір (Сонда, 193-6.). Сол-ақ екен: «A-а жүзщаралар, дамелеріц зор екепі», Oen ақыра үмтылган екінші .лсылқышы Наймантайга сарт-сүрт сойыл сілтеп қалды (А.С., 75- б.). Бұл сөздер кейіпкердің ашу-ызасын беру мақсатында қолданылған. Кейіпкердің сезімін білдіре отырып, эмоционалдылықты күшейте түседі.

Тілімізде жағымсыз «өлім» ұғымын беруде әр түрлі дисфемистік қолданыстар баршылық. Әке қаік)а, толып мсаткан агалар каііоа, іиегиесі олгенде мола басында шырқырап жылап қалган іні қайда? ...шешесінің өлімін естіген жоқ, естімесе де кәрілік жетіп көз жүмган шыгар деп ойлаган, ал, қалганОары ше? (Д.И., 411-6.). Сонда Аккыз жиналгандарды таң-тамаша етіп, «Өлер адам оліп кетті, ердің қүнын еселеп даулаганмен өлген қайта тірілмейді» (А.С.», 97-6.). «Өлген қызы Жақыптан емес екен, қыз күнінде ойнап коііып, содан болыпты» (Б.Н., 196-6.). Нүржаным шын жоқ болса, кара жерге кагып жіберсеңші, күл гып жіберсеңші! ... «Жай түссін, жайрайын деп» деп ем (Сонда, 321-6.). Осындай жағымсыз сөздер кейіпкерлер мінезін ашу, оқиға шындығын корсету қызметінде жұмсалған.

Мәтіндерде кейіпкерлер тілінде кездесетін қарапайым сөздер әсіресе мінез- құлық ерекшелігін айқындауға, образды аша түсу мақсатында да жұмсалады:

  • Түу, мынаның көк малтасын езуін-ай! (А.С., 73-6.).
  • Мына тіл-аузы жоқ дүлей қырОы гой... (Сонда, 76-6).

Па, тагы ішіпсіц гой, сабаз! (Б.H., 198-6.).

  • Шоища тагалап па ең шаршатайын?! Қолын икемдеп тагы лкелді («Кінәлі махаббат», 205-6.).
  • Жеңіл ндпсі іздеген жынды неме екен деп жүрмегейсің, күйеуің қызганшақ көрініп еді, багасын білмейтін біреу ме деп, сол түннен бері түк есімнен иіъщпай қой()ыц (Сонда, 206-6.).

Молдарасіл орнынан салбырап еріне көтерілді. Басын таңып алган үлкен Iiiapiiibi орамалын Iiieuiin белін буынды.

  • Кімдер екен?
  • Ит білген бе кі.м екенін (Д.И., 327-6.).
  • Тфу, енеңді... Не деген көк ми едің. - Ерніпдегі темекінің сабагын піістеп, үзіп алды да түкіріп тастады (О.Б., 280-6.). Берілген мысалдар арқылы кейіпкердің жақтырмай тұрғанын байқаймыз және де кейіпкердің ренішін, қапалану сезімін білдіретін сүраулы, лепті сөйлемдердің стильдік мақсатта жұмсалғаны байқалады.

Түркі тілдес халықтардың тілінде «хатун», «хатын» сөздерінің қолданысында ешбір дөрекілік, жағымсыздық байқалмайды, ал қазақ тіліндегі «қатын» сөзін сыпайы сөздердің қатарына жатқыза алмаймыз. Мұндай сөз әйел, жұбай, зайып, ақжаулық сияқты жағымды болып естілетін сыпайы сөздермен алмастырылып отырылады. Ал «қатын» сөзі, үрғашы, шүйкебас, төменетек, қаншық, салдақы сияқты жағымсыз, кемсіту, дөрекі мағынасындағы сөздермен қатар қарапайым сөйлеу тілінде дисфемистік мәндегі мақал-мәтелдер үшырасады. Ғалым Ә.Ахметовтің тұжырымдауы бойынша, «фразалық тіркестермен қатар мақал- мәтелдер де дисфемизмдердің қайнар көзі деген қорытынды жасауға әбден болады» [7, 60 б.]. - Шырагым, «Қарамаса қатын, бақпаса мал кетеді» демеп пе еді бүрынгылар (А.С., 64-6.). Кейіпкер осы мақалда дөрекі сөзді қолдану арқылы сөйлемнің экспрессивті-эмоционалды күш-қуатын арттырып, айтар ойын дәл, нақты жеткізген.

Кейіпкерлер менсінбеу мағынасында төмендегі сөздерді қолданған:

- Oii. бокмүрын сол, піүратүр, деймін, түратүр. Мына неме цайтеді-ей!

O тартпай кет, тартпай кеткір! Қүдды лкесі, былдыр-былдыр етіп екі сөздің басын күрай алмайтыи, - деп ігитегілер сыртынан мүқатып зыгыры қайнап қала берді (С.Ж., 314-6.). Бірақ мына сүмелек сияқты бәрімізді су жүрек деп ойлама (Сонда, 270-6.).

  • О, мәлжубас. Санап жүр екенсің гой сен, мәлжубас-а? - Қап, мына а іжыган неменіц қылыгын-ай, ә! Дуана боп, бетімпіц суын бес төгіп өлдім-талдым грең тпаіщан көкнэрді зая кетірдіц-ау, нәлеті! (Д.И., 319-6.).
  • Мэлжубас! - деді шалы күңк етіп. - Қайнат шайыңды тездетіп (Сонда, 320-6.).
  • Ей, талтаймай, аягыңды жиып отыршы, қатыныңның төсегінде отыргандай шірейсің гой, - деп Бақытжанныц қатып қалган пимасын өзінің тоц болып серейген пимасымен тоқ еткізіп теуіп жіберді (О.Б., 321-6.).

- Байеке-ау, мына жаман не деп түр, үйлендім деді гой, - деді сылқылОай күліп (Сонда, 396-6.).

- Әй, байшп-байқап сөйле, білдің бе? Мен колхоз қүрысып жүргенімде, сен көжеңді жылап ішетін мүрынбок, болатынсың (Д.И., 404-6.). Ол иттің күшігі қайОа жүр? (Сонда, 241-6J Әй, боцмүрын, нагып түрсыц сүмірейіп, шыгар тайларды! (Сонда, 245-6.) Әй, бокмүрын, мін атқа, түра беретін уақыт жоц (Сонда, 246-6.). Кейіпкерлердің көңілдері толмау мағынасында жұмсалып, сөйлемге эмоциялық реңк беріп тұр.

С.Жүнісов, Д.Исабеков шығармаларында адамның дене мүшесінің кемшілігін көрсететін жағымсыз, дөрекі сөздерді кейіпкер тілінде үтымды қолданады: Менімен алысып, збден зъщысы шыгып ыза болган Әбен тістешп түрды да, бүйірімнен бір тепті. Ол аз дегендей кетіп бара жатып: - Басьща қой, сокыр неме! - дегені бар емес пе. Денем мүп-мүздай болып кетті. Осы сөзді бір көрші зйелдің аузынан да естідім. «Ыдырыстьщ сокыр баласы», - деп беті бүлк етпестен айтып түр екен (С.Ж., 315-6.).

  • Әй сен қай баласыц? Ана, бір көзі ишша, аксак падашының кеше гана жалац бүт жүрген ортаншысымысыц'АДА., 405-6.)
  • Байла деймін, тас керең!
  • Кімді... кімді дейшіз?
  • Ой, мигүла сакау. баланың деймін!

Осы сөйлемдердегі соқыр, сақау, тас керең сөздері кейіпкердің дене мүшесіндегі кемтарлықты айтып, кеміту мақсатында қолданылған дисфемизмдер.

Кейіпкерлер тіліндегі жайсыз мәнді қарапайым сөздер сөздің экспрессивтілігі мен мәнін күшейтеді және пендеге немесе анық өмір құбылыстарына байланысты айтылады, дөрекі сөздер кейіпкер образын нақтылай, анықтап беру үшін қолданады.

Жасыратыны жоқ, өзіміздің арамызда қазір де орыс сөздері мен қазақ сөздерін араластырып дөрекі, қойыртпақтап сөйлейтіндер жеткілікті. «Дөрекі, қарапайым элементтер, бөгде тілдік сөздер, әсіресе макаронизмдер кейіпкердің мінез-қүлқын, алған тәлім-тәрбиесін, білім, мәдениет дәрежесін көрсету үшін келтіріліп, оның образын жасауға көмектеседі. Көркем шығарманың «көркемдік» шарттарының бірі де осында. Бұл шарт - тәсіл, стильдік тәсіл. Тәсілдің дүрыс қолданылуы - жазушының сөз қүдіретін тану шеберлігіне алып барады» [8, 38 6.].

С.Жүнісовтің «Әжем мен Емші және Дәрігер», Д.Исабековтің «Тіршілік», О.Бөкейдің «Қар қызы» шығармаларында варваризмдер де белгілі бір стильдік мақсатпен қолданылған. Тілді шұбарлап сөйлеудің түрлі себептері бар, сөйлеушінің өз сөзіне мән бермей, әдеті болып кетуі болса, енді бір жағдайларда оның сөздік қорының аздығы, тілінің жұтаңдығы себеп болып жатады. Кейіпкер аузына орыс сөздерін салу арқылы тіл шұбарлаудың жиі кездесетіндігін және варваризмнің сол уақыттағы адамдардың тіліне тән екендігін ерекшелеп көрсету мақсатында салады: Қонакқа шақырганОар Оастарқанга бауырсақ тексе, «Што такой думалак,» деп жемей ңойыпты. Ал Ырыскелді менің көзімнің ауруын естіген соц: - О, бүл чепуха! -деп көңілімді бір көтеріп тастады - Мен колхоз - «Жаңа жол». Жол блохай. Осында келінім - кызымке болнай. Сол қайда? Давай, үйге алып кетуге келдім. Мынау соның баласы - бараншігі. Көзі ауырады. Бүл да болнай. Бүны да қаратайын деп едім. - Важнай ваброс деймісіц-ай, көгала!

  • Болтай, кзне түр. Тамакты қайтып кеп ішерсіц. Сенің баруың абезательно! - деп Қайкен дігірлеп түр.
  • Қасында ауданнан келген узкіл бар. Неге шақыратынын білмеймін. Шақырып кел деді, гиацырдым, ивсо! - деп, злгі бала келте жауап беріп шыгып та кетті.

Е-е, бүлардыц бзрі зліне қарамай туман жатып шетінен зәкүніиіл. Шегиелеріцніц қойнына зкелерің емес, зәкүн түнеген бе осы-а?

  • Шалын қүоай ма еді сонша. Әйда, екінші көрмейтін болайын.
  • Ойбай-ау, - деді Киеван жүртца қарап, - мынау не дейді-ей, а! Кемпір сенікі ме, менікі ме? Мені man бір змірикадан келгендей... Әктілеймін дейді гой маган барып.
  • Әкецніц аузын үрайын, сволыш, ойнайды екен десем, шындап жүр гой. Қаламгерлердің повестеріндегі негізгі қарым-қатынаста кейіпкерлер екенін ескере отырып, жазушылар варваризм сөздерді кейіпкерлер тілінің ерекшелігін көрсету үшін де қолданғандарын байқаймыз.

Д.Исабековтің «Тіршілік» туындысында жаргон сөздердің болуымен де ерекшеленеді. Т.Пірімбетов жаргон сөздер туралы: «Олар жалпы халықтық лексикасындағы сөздерді өз мұқтаждықтарына пайдалану үшін арнайы түрде фонетикалық, семантикалық басқа мағынада өзгертіп қолданылатын жасанды (искусственный) тілге жатады» деген анықтама береді [8, 12 б.].

Кассир де ы.чги үш сомдъщтан берген екен, үйге келген соц кемпірін қасыпа мөлитіп отыргызып алып, түн жарымы ауганша санады. Қүдай-ай, шпаналар тонап кетер ме екен, - дейді кемпірі көзі алацандай боп.

  • Мүншама алдым деп жария рыла берме, арзымайтын пүл дей сал.
  • Далбасалама, - деді шалы ежірейіп, - ірігенніц аузынан шіріген сөз шыгады. Шпана сені ныгылады. Шпана сені көргенде түра қашар. Шайыцды ысыт. Кемпірі оган тацыркай қарады. - Неменеге бацыраясыц? Шайыцды ысыт! Yui күннен бері ақшаныц соңында жүрем деп көкнәр де іше алмадым. Қыжымкүл орнынан сүйретіліп көтеріле берді де, тіреуді қүшақтап түрып қалоы. - Не болды, эй, - деді шалы зекіп, - шпана көрдің бе? (Д.И., «Тіршілік», 408-6.) Бүзацы, тэртіпсіз, үрлъщ жасайтын жасөспірімдер ұғымындағы жалпы халықтық лексикасындағы бар сөздерді екінші мағынада «шпана» сөзі - кейіпкер тілінде жұмсалған жаргон сөз.

Жалпыхалықтық деңгейде қолданылатын, дәстүрлі норма болып қалыптасқан, баршаға ұғыныңқы әдеби сөздермен қатар түрлі өңірде түрліше айтылып, өзгешеленіп тұратын сөздер мен сөз тіркестері көптеп ұшырасады. Мүндай сөз қолданыс жергілікті ерекшеліктер (диалектизмдер) деп аталады [9, 9 б.].

Көркем әдебиет тілінде диалектизмдер кейіпкер образын жасау ашу үшін, жергілікті халықтың ерекшелігін корсету үшін қолданады. Қаламгерлер кейіпкерлердің аузына диалектизмдерді көркемдік мақсатта салады. Диалектілік ерекшеліктерді орнымен қолданбаса, әдеби тілді шұбарлайды.

Академик Ә.Қайдаров: «Тілде қанша сөз болса да, ол тек қоғам мүшелеріне қажеттілігінен ғана дүниеге келген, ал олардың бәрі бірдей ғасырлар бойы сақадай сай сайланып тұруы мүмкін емес. Дегенмен, бір заманда ғимараттың бейне бір кірпіші тәрізді өзіне тілден орын тапқан сөздердің сол ғимарат тұрғанда басы артық болмаса керек», - дейді [10, 12 6.].

Ғ.Қалиев пен Ш.Сарыбаев диалект деген терминге мынадай анықтама береді: «Жалпыхалықтық сипат алмаған белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын, өзіне ғана тән тілдік ерекшеліктері бар жекеленген аймақ, территорияны білдіреді» [11, 4 б.].

Жазушылардың шығармаларындағы жергілікті ерекшеліктер (диалектизмдер) кейіпкер тілінде де, авторлық ремаркада да ұшырасады.

Қаламгерлер кейіпкерлерінің белгілі бір өңір тұрғыны екенін білдіру үшін, кейіпкер тілінің нанымды шығуы мақсатында жүмсаған.

Жергілікті тіл ерекшелігіне жататын багана, азан, ақ сөцке, тэте, эбүйір сөздері кездеспіі: Түрсынның есіне баганагы қайыц цызъщты шымга тоқпақсыз сіңіріп жүрген жылқышы жігіт түсті (А.С., «Аққыз», 71-6.). Азаннан кешке дейін осы қимылмен-ақ бітіріп тастайды (Д.И., «Сүйекші», 227-6.). Қол созым жерде ак сөңке боп быкып жатңан арша анау...(«Кыз ұзатқан», 40-6.) бүл сөйлемдердегі багана (Ақтөбе, Қараб.) мана, азан (оңтүстік өңірде) тацертецгі уақыт, ақ сөцке орман ішіндегі қураған бұтақ, тал, бос ағаштар деген мағыналарында жүмсалған.

Жолга дайындалу керек. Білгендей-ак; тэтеме мошиа жагып кой деп едім (О.Б., «Қар қызы», 288-6.). Алтай өңірінде ana, шешеге қарата айтылатын тэте сияқты жергілікті тіл ерекшелігін кейіпкер тіліне әдейі салған.

Фонетикалық ерекшеліктерге кейбір сөздердің не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке айтылуы жатады. Солтүстік-батыста көбіне айтылатын біраз сөздер оңтүстік-шығыста жіңішке айтылады.

Осыған байланысты повестерде фонетикалық ерекшеліктерге байланысты жіңішке айтылатын сөйленістерді де байқадық.

Қызымыз қашты, бетімізге салъщ екені рас, бірақ жат босаганы аттатпай жолдан қайырОық, онымыз әбүйір (Д.И., «Тіршілік», 350-6.).

Әбүйір - абырой деген сөздің фонетикалық ерекшелікке түскендігін көреміз.

Көркем мәтіндерді талдауда кездескен сөйленістердің фонетикалық ерекшелігін төмендегідей топтастырдық:

Дауысты дыбыстардың алмасуы;

ә/е . Әлбәттә - әлбетте.

  • Әлбәттә, әлбәттә. Жүд-дә Оүрыс' - деді сақал сауган иіалдар бас шүлгып (Д.И., 347-6.).

Кейіпкер сөйленісіндегі жүдә күшейткіш үстеу мәнінде қолданылып, сөздің экспрессиялық қуатын арттырып, кейіпкердің жақсы сезім-күйде отырғандығын байқатты.

Жүдә (өте), әлбәттә деген оңтүстік сөйленістеріне өзбек тілдері арқылы енген. і/е. Үлгірейін - үлгерейін.

Үйде жалгыз отырга.м, жүрегім өз-өзінен өрекпіп аузыма тыгылОы. He де болса сыртқа шыгып үлгірейін деген оймен, жан үшырып есікке үмтылдым (Б.Н., 205-6.).

е/і. Ерегескенде- ерегіскенде.

о/і. Борац - бірақ.

Ерегескенде, оны ызаландыра түскім келді (Сонда, 200-6.).

Далада жел болганоықтан дәлізге қойылган самаурын қайнаганша шалының «тездет» деген дауысы талай рет қайталанарын жақсы біледі, және «тездет» дегенде қара кемпірі сары самаурынныц ішіне түсіп кетпесін, айқайоан соц ысылдап шай келе қой.масын Киеванның өзі де біледі, барак, көкнәрга қүныққан сәттегі әдет арага екі-үш минут салып қайталана береді (Д.И., 316-6.).

ү/о. Үйбай-ай! - ойбай-ай!

  • Бір кезде әлгі шприцті қабагымнъіц жүмсақ етіне кірш еткізді.
  • Үйбай-ай!
  • Енді қайтейіік (С.Ж., 331-6.).

ШыгармаларОа кішкентай, үлкен, зор сөздерінің диалектілік нұсқалары көптеп кездеседі. Олар көбіне -тей, -дай, -дей жүрнақтары арқылы жасалады. Мысалы: Аягым ауырлаган сайын Айгүл де маган ауыр тие бастады. Жыласа, жүбатып; ОымқылОап қойса, жуът цүргату қажет; үй шаруасы тагы түр - соныц бәрі әбден сансыратты. Енемнің титтей септігі жоқ, бала жүбатқанга олақпын деп, қыцқ Оесе-ақ касына отырмайды (Б.Н., 191-6.). Екі иыгына екі кісі мінгендей, атан жілікті жартастай боп біткен сом түлгасы бүрынгысынан элОеқайОа абажадай болып көрінеді (О.Б., 72-6.). - Мүмкін сен операциядан қорқатын гиыгарсың?... Қой бірақ сендей жігіт қорқушы ма еді. Титімдей балаларга дейін жасатып жатқан операциядан сенің қорқуын мүмкін емес, - деп өз сүрагына өзі жауап берді (С.Ж., 325-6.). Келтірілген кейіпкер тіліндегі титтей, титімдей және кейіпкердің тұлғасын суреттегендегі абажадай сөйленістерін жергілікті тіл ерекшеліктеріне жатқыздық.

Бір заттың ұғымы Қазақстанның түкпір-түкпірінде кейде бірнеше синонимдер арқылы беріледі немесе бір ұғымды білдіретін сөздер эр жерде әр түрлі вариантта қолданылады. Ғ.Қалиев пен Ш.Сарыбаев әдеби варианты анықталмаған дублеттік қатарды былай көрсетеді: «Әдеби компонент! анықталмаған, әдеби тілде жарыса қолданылып жүрген синонимдік қатарлар мен фонетикалық дублеттер жатады. Дублеттік варианттардың мына сыңары әдеби тіл, мына сыңары диалектизм деп кесіп айту қиын. Өйткені олар әдеби тілде қатар, жарыса қолданылып жүр, бірақ келешекте әдеби варианты анықталады», - деген [11, 71 б.]. Д.Исабеков повесінде осындай дублеттік варианттарды кездестіре алдық. Мысалы: Қырдагы ауылдыц крраздары шацыра бастады. Kueean көзін жүмып отырып босаган кесесін кемпіріне қарай домалатпып жіберді, кемпірі иіай цүйып үсыиды, бүл көзін аиіпаган күйі цолын дәл созып ала қояоы (Д.И., 317-6.). Қырдагы ауылдыц әтештері үшінші рет шақырганОа, Kueeau көкнәрга жацадан кірісе бастады (Сонда, 320-6.).

Әтеш//қораз сияқты мағынасы бір, бірақ әрбір сыңары дыбысталуы жағынан бір-біріне ұқсамайтын сөздер.

Әдеби тілде де, диалектіде де кейде сөздердің айтылуы бірдей болады да, мағыналары әр түрлі болып келеді, мысалы, там деген сөз үй және мола деген мағынада эр жерде әр түрлі ұғынылады. Оңтүстік-шығыс қазақтарының тілінде бұл сөз үй мағынасында жүмсалады, ал солтүстік-батыс аймақтарында бұл сөз мола, моланыц күмбезі мағынасында айтылады.

Бейтаныс жол-жөнекей бір тіл катқаи жок. Атқа шмиіыны көміп отырып, бір сагаттыц жолды артца тастаган соц бүзылган бір тамның касыиа кеп, сонда түрган ер-түрмаиы сай баска атш ауысып мінді де, өзен жиегіндегі ңүлама, биік жарцабацца карай тіке тартты (Д.И., Тіршілік, 335-6.).

Бүлар жол жабдыгын буып-түйіп, коржыіі-коскүлагыи атка артып дайын еткен соц Қымца Токсаиоы Ocnansa көтертіп, там айнаіОырып жіберді (Сонда, 368-6.). Мал түсірген бе, жел түсірген бе, терезе ориына тыгылган жастык жерге домалап, аядай сыз тамның іиіі азынап түр екен (Сонда», 231-6.). Д.Исабековтің «Тіршілік» және «Сүйекші» повестерінде там сөзі оңтүстік қазақтарының тіліндегі ] й деген мағынасында жүмсалған.

Жазушылардың шығармаларындағы диалектілік лексиканы төмендегідей тақырыптық топтарға бөлеміз:

  1. Үй құрылысына, шаруашылығына байланысты атаулар: Дәліз. Ауыз үй, сенек, кіре беріс (Қ.Орда, Сыр., Шымк., Ленг., Жамб.:Тал., Луг.). Keuem дорбаныц саудыр етуі мен шалыныц «шай цой» деуінен кемпірі бүл жолы оныц күр кол емес екенін ацгарып, шай қамымен лып етіп дәлізге иіыгып кетті (Д.И., 315-6.). «Тіршілік» туындысында дәліз сөзі 4 рет кездеседі. Жабық. Төбесі жабық қора (Жезқ., Үлы.). Жабықтан, келе жатқаи Жақып көрінді. Жалма-жан көз жасымды көріп қоймасыи деп, бетіме суык су бүркіп жата қалагаиым да сол еді, есікті тарс- түрс ашът ол да үйге кірді («Кінәлі махаббат», 209-6.). Дуал//дауал. 1. Үйдің қабырғасы. 2. Қораның қоршауы. (Шымк., Арыс., Жамб., Мер ). Дуалга сүйеп койгаи қаптыц артын, ошақ жанындагы бүктетіліп жатқаи алагианыц астын, тіпті есік алдына шыгып үюлі отынның мацыи да сипалап қарап көрді (Д.И., 318-6.). Ырдуан. Пар өгіз жегетін жіңішке үлкен арба (Жезқ., Ағад.; Көкш.: Қ.ту, Еңб.). Жүре алмайтын цойдыц бәрін салът алу үшін өгіз жегіп ырдуан жіберсін, - деді (С.Ж., 279-6.).
  2. Туыстық атауға байланысты: Әпше// әпке. Ana (Шымк., Сарыағ.). Ana,

әпшем есінен танып цулап цалды, - деді Ocnan жылап. Ол жылаган соц озге балалар да шулап қоя берді (Д.И., 356-6.). Ол бәрін қүіиақтап турып, узац-узац сүйді. Ocipece шашы жалбыраган шынагиацтай цара цызды цушацтаганда, ол келіп: «Эпше, эпше», - деп жылаганда муныц кәдімгідей көцілі босап, даусы шыгып кетті (Д.И., 367-6.). «Жаннан артық көругиі атамыз Молдарәсіл, әжеміз Қыжымкул, - деп бастапты хатын немерелері: Жамига әпкемнен сіздердіц бу жалганда бар екендеріцізді білгенде төбем кокке жеткендей цуандым (Д.И., 388-6.).

Бау-бақша егісімен байланысты: Бәдірен. Қияр (Оңтүстік аймақта). Қазір сол шалдардыц өзі көкнәрлік жерлерін айдатып тастап, орнына бэдірен дей ме, кәпөсте дей ме, қаііоагы бірденелерді септі де тастады (Д.И., 316-6.). Кейіпкерлердің сөз саптасын көрсету үшін жергілікті тіл ерекшеліктерін стильдік мақсатта қолдану үрдісін аталмыш жазушылар повестерінде өз орнымен қолдана білген.

Қорытынды

Қаламгерлердің шығармаларында кейіпкерлерінің бейнесін анағұрлым шындыққа жанастырып ашу үшін, кейіпкерлер тіліне баса көңіл бөлінген. Кейіпкерлердің мінезі, сөйлеу ерекшеліктері олардың ішкі жан-дүниесіне байланысты беріледі. Кейіпкерлер тіліндегі лексикалық топтарды шеберлікпен жұмсайды. Ойды бейнелеп көркем жеткізуде кейіпкер тіліндегі эвфемизмдер мен дисфемизмдердің, варваризмдердің, диалект сөздердің, жаргон сөздердің атқарар рөлі ерекше екеніне көз жеткіземіз.

 

Әдебиеттер

  1. Әміров Р. Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері. - Алматы: Мектеп, 1977. - 92 бет.
  2. Серғалиев М. Стилистика негіздері. - Алматы, 2006. - 228 бет.
  3. Қабдолов 3. Сөз өнері. - Алматы: Мектеп, 1992. - 250 бет.
  4. Балақаев М. Қазақ тілінің мәдениеті. - Алматы: Қазақстан, 1971. - 93 бет.
  5. Болғанбайүлы Ә.Бизақов С. Синонимдер сөздігі. - Алматы, 2001. - 311 б.
  6. Хасенов Ә. Тіл білімі. - Астана, 2007. - 79 бет.
  7. Ахметов Ә. Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер. - Алматы: Ғылым, 1995.- 197 бет.
  8. Пірімбетов Т. Қарапайым сөздер мен сөйлеу тілінің басқа да элементтерімен арақатынасы. // Қазақ CCP FA Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. - Алматы, 1986. - №1. - 15 бет.
  9. Әнес F.Үдербаев А. Диалектологиялық сөздік. - Алматы: Арыс, 2007. - 797 бет.
  10. Қайдаров Ә. Шығарма тілі - көркем әдебиет өзегі. // Өнер алды - қызыл тіл. -Алматы, 1986.
  11. Қалиев F.Сарыбаев Ш. Қазақ диалектологиясы. - Алматы: Ғылым, 2002. - 200 бет.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.