Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Орталық Азия жəне Қытай: жаһандану жағдайындағы экономикалық ынтымақтастық

ҚХР үшін Орталық Азия аймағы өзінің геосаяси жағдайына, айтарлықтай əркелкі табиғи ресурстар қорының бар болуына байланысты үлкен қызығушылық танытады жəне аталған аймақ қытай тауарлары үшін болашағы бар нарық көзі болып саналады. Қазіргі кезеңде Орталық Азия мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың дамуы оң динамикаға ие жəне ҚХР ынтымақтастық бағыттарының кең спектрі бойынша аймақтың негізгі серіктестерінің бірі болып саналады. Мақалада Қытай мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы халықаралық сауда жəне тікелей шетел инвестициясы салаларындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары қарстырылған. Авторлар мəліметтер келтіріп, Қытай мен Орталық Азия мемлекеттерінің сауда жəне инвестиция саласындағы байланыстардың динамикасына талдау жасаған. Сонымен бірге, авторлар Орталық Азия аймағы мемлекеттерінің ұлттық мүдделері тұрғысынан Жібек жолының Экономикалық белдеуі аталатын қытайлық бастаманың болашағына назар аударады.

Кіріспе

Посткеңестік кеңістік бірқатар мемлекеттер, соның ішінде көршілес мемлекеттермен қоса аймақтан тыс орналасқан мемлекеттер үшін геостратегиялық қызығушылыққа ие. Осы тұрғыдан алғанда, өзінің шекарасында бірнеше тəуелсіз мемлекеттер пайда болған Қытай Халық Республикасы жаңа тарихи жағдайға тап болды. Əлемдік аренадағы Қытайдың экономикалық ұстанымдарының нығаюы ҚХР-ын жаңа шикізат жəне өтім нарықтарын іздестіруге итермеледі. Сондықтан, Қытайдың посткеңестік кеңістікке, соның ішінде Орталық Азияға деген қызығушылығы заңды құбылыс болды.

Қытайдың Орталық Азияға қызығушылық танытуының себептерін келесі жағдайлармен анықтауға болады:

  1. Орталық Еуразиядағы жағдайға кең түрде бақылауға ие болу, себебі Орталық Азия аймағының геосаяси артықшылығы Қытайдың Таяу Шығысқа, Оңтүстік Азия мен Кавказға ықпалын таратуға жəне Ауғанстандағы жағдайға бақылау орнатуға мүмкіндік береді;
  2. Əсте-ақырын АҚШ-ты Азия континентінен шығару;
  3. Экономика саласын дамыту үшін географиялық кеңістікті ұлғайту, посткеңестік кеңістіктің нарығын қытай тауарлары үшін қолжетімді ету;
  4. Жаңа энергетикалық шикізатқа ие болу, стратегиялық маңызы бар табиғи ресурстарға қол жеткізу.

Қытайдың Орталық Азия мемлекеттерімен қарым-қатынас орнатуға деген қызығушылығы барлық посткеңестік кезең барысында байқалады. «Шанхай бестігінің», одан соң Шанхай ынтымақтастық ұйымының пайда болуы Орталық Азия мемлекеттері мен Қытайдың қауіпсіздік саласы мен терроризммен күресу бойынша ынтымақтастықты қамтамасыз етті. Соңынан, «Бір жол — бір белдеу» бастамасы аймақтағы Қытайдың барлық экономикалық жəне инфрақұрылымдық жобаларын бір «шатырдың» астына біріктіруге мүмкіндік берді.

АҚШ-тың Орталық Азия аймағына деген қызығушылығының өсуі жəне 2015 ж. қыркүйекте «С5+1» (Орталық Азия жəне АҚШ диалогының жаңа форматы) 2020 ж. «С+С5» (Қытай жəне Орталық Азия мемлекеттері) диалогының пайда болуының бірден-бір себебіне айналды. Қытайда «С+С5» форматындағы бірінші кездесу барысында аталған диалогтың пайда болуын жаһандық экономикалық орталықтың Азияға ауысқанымен жəне əлемдік саясатта Орталық Азия аймағы

Корреспондент автор. E-mail: nurdos.orazaliev@mail.ru (Н.А. Оразалиев) маңыздылығының өсуімен түсіндіреді. Осы тұрғыдан алғанда, қазіргі кезеңдегі Қытай мен Орталық Азия мемлекеттерінің арасындағы экономика саласындағы ынтымақтастықты зерттеу үлкен қызығушылық тудырады.

Зерттеу əдістері

Мəселені зерттеу барысында қолданылған салыстырмалы талдау əдісі Қытай мен Орталық Азия мемлекеттерінің ынтымақтастығының деңгейін жəне оның даму тенденциясын анықтауға, ынтымақтастықтың мазмұнындағы сапалы өзгерістерді атап көрсетуге мүмкіндік берді. Саяси- сипаттау əдісі орталық-азиялық аймақтағы мемлекеттердің сыртқы саясатының фактологиялық мазмұнын зерттеу барысында қолданылды. ҚХР-ның сыртқы саясатындағы Орталық Азияның алатын орнын анықтау барысында жəне аймақтағы халықаралық қатынастарға талдау жүргізуде жүйелік əдісі қолданылды.

Мəселені талқылау

2013 ж. қыркүйекте Еуразиядағы Қытайдың сыртқы экономикалық қызметін белеңдетуге арналған «Жібек жолының Экономикалық белдеуі» аталатын жаңа бағдарлама жарияланған болатын. Бұл жоба экономикалық ынтымақтастықтың əртүрлі жолдары арқылы Орталық, Шығыс, Оңтүстік жəне Батыс Азияны біріктіруді көздейді. Аталған жобаға сəйкес Қытай аймақтағы өзінің экономикалық экспансиясын келесі бағыттар бойынша жүргізуді көздеп отыр:

  1. аймақтық экономикалық интеграцияны дамыту;
  2. Тынық мұхитынан бастап Балтық теңізіне дейінгі транспорттық магистральды қамтитын бірыңғай транспорттық желі құрылысын қарқындату;
  3. сауда айналымының көлемін ұлғайту жəне инвестициялық ынтымақтастықты дамыту;
  4. сауда барьерлерін төмендету жəне жою, бюрократиялық рəсімдерді жеңілдету;
  5. ұлттық валютадағы есеп үлесін ұлғайту.

Осылайша, «Жібек жолының экономикалық белдеуі» жобасын жүзеге асырудың іске қосылуынан бастап ҚХР-ның Орталық Азиядағы экономикалық байланысы жобалық-инвестициялық белсенділіктің, соның ішінде шикізат көздері, транспорттық жəне тұрбақұбыры жобалары, дайын өнім тасымалын ұлғайтудың есесінде іске асырылады.

Жібек жолының экономикалық белдеуі қомақты қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген жəне мұның айғағы ретінде Жібек жолы қоры мен Инфрақұрылымдық инвестициялардың азиялық банкі бола алады. Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы сауда айналымында Қытайдың үлесі айтарлықтай өскенін 1-кестеден көруімізге болады:

1-кесте

2010–2015 жж. аралығындағы қытай мəліметтері бойынша ҚХР-ның Орталық Азия мемлекеттерімен сауда операциялары (млн дол.)

Жыл- дар

Барлық мемле- кеттер

Қазақстан

Қырғызстан

Өзбекстан

Тəжікстан

Түркменстан

экспорт

импорт

экспорт

импорт

экспорт

импорт

экспорт

импорт

экспорт

импорт

2010

30.093,3

9.320,9

11.080,7

4.127,8

71,9

1.181,1

1.300,5

1.376,6

56,2

525,3

1.044,5

2011

39.643,0

9.566,1

15.386,3

4.878,3

98,1

1,359,3

807

1.996,8

72,01

785,9

4.693,2

2012

45.943,4

11.001,7

14.675,1

5.073,5

88,96

1.783,1

1.091,6

1.747,9

108,8

1.699,3

8.673,4

2013

50.275,7

12.545,9

16.048,5

5.075,4

62,27

2.613,2

1.937,7

1.869,3

88,75

1.141,6

8.893,3

2014

45.020,0

-

22.450,0

-

5.300

-

4.280

-

-

-

10.470

2015

32.603,0

5.840,0

8.427,0

4.285

57,0

2.236,0

1.266

1.797

50,0

817

7.828

Дерек: Данные китайской таможни. http://ozs.mofcom.gov.cn

2013 ж. кыркүйекте Си Цзиньпиннің турнесі барысында атап көрсетілген Орталық Азия мемлекеттерінің экономикасына берілген қытайлық инвестицияның айтарлықтай өсу тенденциясы да назар аударарлық (2-кесте). Бұл тенденция, əсіресе, 2014–2016 жж. Орталық Азия мемлекеттерінің «Жібек жолының экономикалық белдеуі» жобасына қатысуы тəжірибелік деңгейге көшуі барысында байқалды [1; 109].

2-кесте Си Цзиньпиннің іс-сапары барысында уəде етілген инвестиция соммасы

Мемлекеттер

Инвестициялар

(млрд дол.)

Ынтымақтастық саласы

Қазақстан

30

Энергетика, транспорт, құрылыс, ауыл шаруашылығы

Қырғызстан

3

Электроэнергетика, транспорт, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы

Түркменстан

10

Энергетика, газ барлау жəне өңдеу, транспорт, инфрақұрылым

Өзбекстан

15

Энергетика, газ барлау жəне өңдеу, жоғары технология саласында бірлескен кəсіпорындарын құру, транспорт, ауыл шаруашылығы

Барлығы

58

 

Дерек: Сыроежкин К.Л. Итоги центрально-азиатского турне Си Цзиньпина // Большая Игра: политика, бизнес, безопасность в Центральной Азии. — 2013. — № 5.

Қытай Орталық Азия мемлекеттерімен мұнай мен газды өндіру, өңдеу жəне транспорттау, осымен қатар энергетика, құрылыс, машина жасау мен ауыл шаруашылығы, транспорттық-логистика инфоқұрылымы салалары бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыруда.

Мысалы, мұнай-газ саласы бойынша Орталық Азия мемлекеттерімен бірлескен ірі жобалардың бірі — Қазақстан жəне Қытай мұнай құбырының құрылысы саналады. «Атасу — Алашанькоу» мұнай құбыры 2005 ж. жұмысқа қосылды жəне оның ұзындығы 965,1 км құрап, жобаның қуаты жылына 20 млн.тоннаны құрады. Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облысынан Қытай нарығына баратын мұнайды қамтамасыз ету үшін 2009 ж. ұзындығы 794 км құрайтын жəне қуаты жылына 20 млн тонна мұнайды шығаратын «Кенкияк-Құмкөл» мұнай құбыры салынды. Қазіргі уақытта аталған мұнай құбырларының қуатын арттыру шаралары бойынша жұмыс атқарылып жатыр. 2019 ж. Қазақстаннан Қытайға экспортталған мұнайдың көлемі 10,88 млн. т.құрады, ал мұнай экспортының ең жоғарғы шыңы 2013 ж. 11,3 млн т құраған болатын [2].

Келесі бір үлкен жоба — бұл Түркменстаннан Қытайға шығатын магистральды газ құбыры болып саналады. «Түркменстан-Қытай» газ құбыры төрт A, B, C жəне D желілерінен тұрады. A, B жəне C желілері Түркменстан, Өзбекстан жəне Қазақстан территориялары арқылы өтеді жəне В, В желілері 2009–2010 жж., ал С желісі 2015 ж. іске қосылды.

Қазіргі уақытта Түркменстан, Өзбекстан, Тəжікстан жəне Қырғызстан территориялары арқылы өтетін жəне ұзындығы 966 шақырымды құрайтын газ құбырының төртінші D желісінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл құрылыс аяқталған соң жəне D желісі іске қосылғаннан кейін «Орталық Азия- Қытай» газ транспорты жүйесінің қуаты жылына 85 млрд м3 газды құрауы мүмкін. 2019 ж. Орталық Азиядан Қытайға экспортталған табиғи газдың көлемі жылына 47,9 млрд м3 құраған [3].

Қытай мұнай-газ компаниялары кен орындарын өңдеуге лицензиялары бар компаниялардың үлестерін сатып алу, геологиялық барлау жұмыстарына қатысу, газ жəне мұнай өңдейтін кəсіпорындардың құрылысына қатысу жолдары арқылы Орталық Азия нарығындағы өзінің араласуын айтарлықтай нығайтып алды. Мысалы, 2019 ж. Қытай компаниясы China General Technology Holding ЖШС «СарыарқаАвтоПром» автоқұрылысының 51 % акциясын 560 млн дол. сатып алған [2].

Осымен бірге, 2019 ж. Қазақстан мен Қытай арасында машина жасау, ауыр жəне металлургия өнеркəсібі құрылысы саласында жалпы соммасы 27,6 млрд дол. құрайтын 55 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жөнінде келісімге қол қойылды.

2017 ж. CNPC Қытай компаниясы 190 млн.долларға АҚ «Өзбекмұнайгаз» акциясының 50 %-ын сатып алса, 2019 ж. Anhui Conch Cement Қытай компаниясы қуаты жылына 2,2 млн т цемент өндіретін цемент зауытының құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыруға кірісті. 2019 ж. China Machinery Engineering Corporation Қытай компаниясы «Тəжік алюмин компаниясымен» жылына 300 мың т. алюмин шығару мақсатында алюмин зауытын жаңарту жөніндегі келісімшартқа қол қойған [4].

Қытайдың Орталық Азия мемлекеттерімен сауда-экономикалық ынтымақтастығы оң динамикаға ие, осымен қоса ҚХР ынтымақтастықтың бағыттарының кең спектры бойынша орталық-азиялық аймақтың негізгі серіктесі болып саналады. Үлкен мөлшердегі несие мен инвестицияның есесіне Қытай Орталық Азия мемлекеттеріне экономикалық ықпал ету көлемін кеңейтті. Соңғы жылдары Қытай тек қана шикізат жəне энергетикалы жобаларға емес, сонымен қоса химия, жеңіл өнеркəсіп, машина жасау, құрылыс жəне ауылшаруашылығына қаржы бөлуде [5].

Осымен қатар, Қытай «Бір жол — бір белдеу» бастамасының шеңберінде Орталық Азияда цифрлық экономиканы дамытуға қызығушылық танытып отыр. Орталық Азия арқылы өтетін «Цифрлық Жібек жолын» құру бірлескен цифрлық инфоқұрылымды дамытуды, бағдарламалық қамтамасыз етуді құру жөніндегі ынтымақтастықты жəне цифрлық экономиканы дамыту үшін ортаны қалыптастыруды қамтиды.

Қазіргі кезеңде, Қытай мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы сауда айналымы белсенді түрде өсіп жатыр: мысалы, корона індетіне қарамастан, 2020 ж. алғашқы жеті айында темір жол маршруты арқылы тасымалданған тауарлардың көлемі 2019 ж. салыстырғанда 1,5 есеге өскен. Осымен қатар, 2020 ж. шілдесінде «Орталық Азия+Қытай» форматы бойынша алғашқы рет сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті жəне онда пандемия соққысы қатты əсер еткен аймақ мемлекеттері үшін экономика мен денсаулық сақтау салалары бойынша көмек беру мəселелері қарастырылды.

Қазіргі кезеңдегі Қытай жəне Орталық Азия мемлекеттерінің экономика саласындағы ынтымақтастығының нығаюы əсіресе сауда-экономикалық салада ерекше көрінеді. 2001 ж. бастап 2019 ж. дейін екі жақты тауар айналымының құны 1,5 млрд АҚШ долларынан 46,5 млрд АҚШ долларына өскен. Орталық Азия мемлекеттері мен Қытайдың сауда статистикасының негізінде Ресеймен берік байланысты сақтауға қарамастан, Орталық Азия мемлекеттері ҚХР-мен сауда байланыстарын көптеп нығайтуын көре аламыз.

2019 ж. қорытындылары бойынша Қытай мен Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы сауда айналымының көлемі 46,3 млрд долларды құраған (3, 4-кесте). Оның ішінде Қытайдың Қазақстанмен сауда айналымы — 22,0 млрд дол. (0,48 %), Түркменстанмен — 9,1 млрд дол. (0,20 %), Өзбекстанмен — 7,2 млрд дол. (0,16 %), Қырғызстанмен — 6,3 млрд дол. (0,14 %), Тəжікстанмен — 1,7 млрд дол. (0,04 %) құраған [2].

3-кесте

2014–2019 жж. Қытай жəне Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы сауда айналымы (млрд.доллар)

Мемлекет

2014

2015

2016

2017

2018

2019

Қазақстан

22,4

14,3

13,1

18,0

19,9

22,0

Түркменстан

10,5

8,6

5,9

6,9

8,4

9,1

Өзбекстан

4,3

3,5

3,6

4,2

6,3

7,2

Қырғызстан

5,3

4,3

5,7

5,4

5,6

6,3

Тəжікстан

2,5

1,8

1,8

1,4

1,5

1,7

Басқалар

4 258,0

3 924,3

3 655,5

4 068,5

4 581,3

4 529,8

Барлығы

4 303,0

3 956,9

3 685,6

4 104,5

4 623,0

4 576,1

Дерек: Данные китайской таможни // http://customs.gov.cn

Қытайдан Орталық Азияға шығатын экспорттың негізгі үлесі Қазақстанға тиісті, яғни оның көлемі 48,8 % (12,7 млрд дол.) құрайды, Қырғызстанның үлесіне 24,1 % (6,3 млрд дол.), Өзбекстанның үлесіне — 19,3 % (5,0 млрд дол.), Тəжікстанның үлесіне — 6,1 % (1,6 млрд дол.), Түркменстанның үлесіне — 1,7 % (0,4 млрд дол.) тиісті.

4-кесте

2014–2019 жж. Қытай жəне Орталық Азия мемлекеттері арасындағы сыртқы сауданың динамикасы (млн дол.)

Мемлекет

2014

2015

2016

2017

2018

2019

Экспорт

Импорт

Экспорт

Импорт

Экспорт

Импорт

Экспорт

Импорт

Экспорт

Импорт

Экспорт

Импорт

Қазақстан

12,71

9,73

8,44

5,85

8,29

4,80

11,64

6,36

11,35

8,54

12,73

9,26

Қырғызстан

5,24

0,06

4,28

0,06

5,61

0,07

5,36

0,09

5,56

0,05

6,28

0,07

Өзбекстан

2,68

1,60

2,23

1,27

2,01

1,61

2,75

1,47

3,94

2,32

5,03

2,18

Тəжікстан

2,47

0,05

1,80

0,05

1,72

0,03

1,32

0,05

1,43

0,08

1,59

0,08

Түркменстан

0,95

9,52

0,82

7,83

0,34

5,56

0,37

6,58

0,32

8,12

0,43

8,69

Дерек: Данные китайской таможни // http://customs.gov.cn

Орталық Азиядан Қытайға шығатын импорттың негізгі үлесі де Қазақстанға тиісті — 45,7 % (9,26 млрд дол.). Түркменстанның үлесі 42,8 % (8,68 млрд дол.), Өзбекстанның үлесі — 10,8 % (2,18 млрд дол.), Тəжікстанның үлесі — 0,3 % (0,08 млрд дол.), Қырғызстанның үлесі — 0,4 % (0,06 млрд дол.) құрайды. Тəжікстан мен Қырғызстанның үлестерінің аз болуы аталған мемлекет- тердің территорияларында Қытайға қажетті пайдалы қазбалардың аздығына байланысты [2]. Қытай мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы сыртқы сауданың тауарлық құрылымы негізінен экс- портта дайын өнеркəсіп тауарларымен, импортта шикізат тауарларымен қамтылған.

Осымен бірге, қазіргі кезеңдегі ҚХР мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңінің маңызы бар. 2020 ж. шілдеде Қытай мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықтың жаңа «С+С5» форматы құрылды. Мұндай «С+С5» форматының пайда болуы Қытайдың Орталық Азия аймағына ықпал ету үшін күреске дайын екендігін көрсетіп берді. ҚХР-ның ынтымақтастықтың «С+С5» форматын құруы бір жағынан Қытайдың аймаққа деген қызығушылығын көрсетумен анықталса, екінші жағынан Пекин мен Вашингтон арасындағы қатынастардың нашарлауы Қытайды қосымша қолдауларға итермелеумен байланысты. Осылайша, «С5+1» форматы шеңберіндегі Орталық Азиядағы американдық қызметтің белсендеуі «С+С5» диалогының пайда болуының катализаторына айналды.

«С+С5» диалогы шеңберінде ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И. ынтымақтастықтың келесі төрт бағытын ұсынды:

  1. денсаулық сақтау;
  2. экономика;
  3. қауіпсіздік;
  4. халықаралық аренадағы іс-əрекеттерді жұмылдыру [6].

Бірінші бағыт бойынша, адамзат денсаулығының қауымдастығын құру жөніндегі Қытайдың ұсынысы короновирус, яғни пандемия жағдайына байланысты жаңа қажеттіліктен туындап отыр. Егер, бұрын гуманитарлық жəне экономикалық жобалар басым болса, қазіргі уақытта денсаулық сақтау басым болып отыр.

Екінші бағыт, экономикалық саладағы ынтымақтастықтың маңыздылығы COVID-19 пандемиясының салдарынан туындаған экономикалық тоқыраудан соң Қытайдың мемлекеттер арасындағы кедендік жəне тарифтік шекараларды «жою», жұмысшылар күшінің еркін айналымы мен транспорттық коридорды құрумен байланысты болды.

Қытайда Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастықтың даму болашағын оң түрде бағалайды. Мысалы, 2020 ж. сəуірінде жарық көрген «Орталық Азиялық сары кітап: Орталық Азия мемлекеттерінің дамуы жөніндегі» есепте болашақта ынтымақтастықты дамытудың бірқатар факторлары атап көрсетілген. Олардың қатарында Қазақстанның ҚХР-на, Ресей мен Батыс мемлекеттеріне деген бейтарап ұстанымы, Қытайға табиғи газдың айтарлықтай көп бөлігін шығаратын Түркменстанның ынтымақтастыққа дайын екендігі, Өзбекстанмен ынтымақтастықты дамытқан жағдайда ҚХР мен Ресей арасындағы шиеленістік жағдайдың болмауы, Тəжікстандағы инвестициялық мүмкіндіктер, Қырғызстанның ЕЭО мүшелігі жөніндегі факторлар атап көрсетілген.

Бұқаралық ақпарат құралдарында Орталық Азиядағы Қытай мен Ресейдің қақтығысуы қатері жөнінде ақпараттардың бар болуына қарамастан, дегенмен, таяу болашақта бұл қақтығыстың мүмкін еместігін атап көрсетуге болады, себебі, Мəскеу мен Пекин бір-бірінің мүдделерін жанамайды, осымен бірге аймақтағы Қытайдың стратегиясы Ресеймен ынтымақтастық немесе бейтараптық негізінде құрылған.

Орталық Азия мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың негізгі кедергісі — ҚХР мен АҚШ арасындағы қайшылықтардың эскалациясы жəне Орта Азия мемлекеттеріндегі антиқытайлық фактордың орын алуы болуы мүмкін.

2025 жылға дейінгі Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастықтың американдық стратегиясы инвестиция саласындағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік саласындағы өзара байланыстарды қамтиды жəне мұның өзі Пекин мен Вашингтон жобалары арасындағы бəсекелестікті көрсетеді, мұндай параллелді бірлестіктердің бəсекелестігі акторлардың қарама-қайшылығында айтарлықтай рөл атқаруы мүмкін.

Қорытынды

Қытайдың Орталық Азия мемлекеттерімен сауда-экономикалық ынтымақтастығының даму динамикасын ескере отырып, Қытайдың Орталық Азия аймағындағы ықпалы тек қана өседі деген тұжырым шығаруға болады. ҚХР-ның Орталық Азиядағы саясаты бəрінен бұрын экономикалық қызығушылықтарды, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жəне аймақтың транзиттік қуатын пайдалануды көздейді. Коронавирус пандемиясының аяқталуынан соң Қытайдың Орталық Азиядағы ықпалы саяси жəне экономикалық салаларда өсуі мүмкін. Əлемдік экономиканың құлдырауы жағдайында Қытай ірі инвестицияларды салуға қабілеті аз мемлекеттердің бірі болуы мүмкін.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Сыроежкин К.Л . Проект «Экономический пояс Шёлкового пути» в сложном пространстве Центральной Азии / К.Л. Сыроежкин // Контуры глобальных трансформаций. — 2016. — № 6. — С. 104–121.
  2. Суходолов Я.А. Торгово- экономическое сотрудничество Китая со странами Центральной Азии [Электронный ресурс] / Я.А. Суходолов. — Режим доступа: https://www.elibrary.ru/item.asp? id=43119620
  3. Строительство магистрального газопровода «Казахстан – Китай» [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://agp.com.kz/? page_id=1313.
  4. Что значит Китай для Казахстана? Цифры и факты [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://forbes.kz/ process/expertise/chto_znachit_kitay_dlya_ kazahstana
  5. Глинкина С.П. Китайская стратегия освоения постсоветского пространства и судьба Евразийского союза / С.П. Глинкина, М.О. Тураева, А.А. Яковлев. — М.: Ин-т экономики РАН, 2016. — 59 c.
  6. Эхо коронакризиса: Китай наращивает экономическое влияние в Центральной Азии [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://stanradar.com/news/full/40904

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.