Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қарағанды облысындағы діни ұйымдар тарихы (ХХ ғ. 60 ж. ортасы)

Мақалада ХХ ғасырдың 60-шы жылдарындағы Орталық Қазақстандағы діни ұйымдардың дамуы зерттелген. Билік тарапынан жасалған бірқатар жеңілдіктер нəтижесінде облыста діни ұйымдар қызметі жанданған. Діндарлар арасында осы уақытқа дейін мүмкін болмаған оқиғалар орын алған: өзіндік талаптар қойылған ашық ұжымдық хаттар жазылып, діни еркіндікті талап ете бастаған. «Ғылыми атеизмнің» зерттелген кезеңінде атеистік кеңес адамдарын қалыптастыру мақсатында діни ұйымдармен күресте ғылымның жетістіктерін пайдалануға биліктің талпынған кезеңі болды. Алайда, мұрағат құжаттары халық арасында жүргізіліп жатқан үгіт-насихат жұмыстарынан кеңес өкіметі күтетін нəтижелер əкелмегені дəлелденді.

Кіріспе

ХХ ғасырдың 60 жылдарының ортасынан бастап дінмен күресте жаңа кезең басталды. «Ғылыми атеизм» атауымен қоғамдық-саяси өмірде маңызды рөл атқарған теория, діни ұйымдармен күресте əдіс-тəсілдердің өзгергендігін көрсетті. Атеизмді қоғамдық, жаратылыстану ғылымдарының жаңалықтары арқылы байланыстыруға ұмтылыс осы уақытқа дейін де орын алған болатын. Дегенмен, ол осы кезеңге дейін зиялы қауымды репрессиялау, екінші дүниежүзілік соғыс, соғыстан кейінгі бейбіт жағдайға көшу барысындағы туындаған мəселелер барысында мүмкін болмады.

«Ғылыми атеизм» қарсаңында одақтық жəне қазақстандық діни ұйымдарға қарсы, хрущевтік жүйенің дінге қарсы үгіт-насихаты қарқын алды. Нəтижесінде 1954 жылы 7-ші шілдеде КОКП ОК «Ғылыми-атеистік үгіт-насихат жүргізудегі өрескел кемшіліктер» [1; 428–432], ал сол жылы 10-шы қарашада «Бұқара халық арасында ғылыми-атеистік насихат жүргізудегі кемшіліктер» [1; 446–450] жөніндегі қаулы қабылданды. Қаулыда дінді қоғамнан аластатуда селқостық танытудағы айыптаулармен қатар, дін қызметкерлері, діндарларға қарсы күштеу əдістері мен əкімшілік жаза қолдану мəселелері қарастырылды.

Методология жəне зерттеу əдістері

Мақаланы жазуда тарихи зерттеудің объективтілік, историзм, кешенділік принциптері басшылыққа алынды. Объективтілік нақты материалдарға негізделген зерделенетін мəселеге барлық көзқарастар мен ұстанымдарды ескеруден тұрса, историзм принципі жекелеген құбылыстар мен фактілерді олардың өзара байланысында, нақты тарихи жағдайда, қарастырылып отырған кезеңдегі мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саяси бағытын ескере отырып қарастыру болып табылады. Кешенділік сипатталған оқиғаларды барынша нақтылайтын ауқымы мен маңыздылығы жағынан əр түрлі фактілерге сілтеме жасайды.

Пікір-талас

Сонымен, Н.С. Хрущевтің биліктегі «тағдыры» 1964 жылы қазанда шешілді. КОКП ОК-нің жаңа басшысы болып көп жылдық тəжірибесі бар, Н.С. Хрущевті орнынан түсіруді ұйымдастырушылардың бірі Л.И. Брежнев келді. Қоғамдағы тұрақтылықты қалаған жаңа басшылық, хрущевтік реформаторлық «жылымықтан» ұстамды-консерваторлық саясат мен идеологияға ауысты. Жаңа билік көп жылдар бойы ойластырылмаған əкімшілік əрекеттер нəтижесінде жиналып қалған қиындықтар алдында тұрған болатын. Жаңа биліктің ерекшелігі барлық қарама-қайшылықтарды құпия жағдайда шешуге ұмтылу болды.

1966 жылы КОКП-ның ХХІІІ съезінде қабылданған «кемелденген социализм» концепциясы коммунизм құрудың негізгі кезеңдерінің бірі ретінде іс-əрекеттің идеялық-теоретикалық негізі болып бекітілді. Съезд өткен жылдардағы идеологиялық бағытқа қайта оралып, қоғамдық өмірді қатаң бақылауға ала бастады. Қоғамда бар кемшіліктер қарама-қайшылықтың нəтижесі ретінде қабылданып, кемшіліктерді жою үшін социализмді «кемелдендіру» қажет еді.

Бұл мəселеде мемлекеттік-діни қатынастар сай келмеді жəне басшылық дінге қарсы күресті жеңілдетуге шешім қабылдады. Атеистік жұмыс бағытын сақтауды елдің бас идеологы М.А. Суслов басқарды [2, 9 п].

ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы діни ұйымдар жайлы тарихшы Г.Д. Мухтарова «... дін өкілдерін жаппай қудалауға қарамастан діншілдік жалғасын тапты. Бұл қоғамдық резонанс тудырды, өйткені партия əрқашан социализм жағдайында діннің дамуы мүмкін еместігі туралы ережені насихаттады» [3] деген болатын.

Облыста дінге қарсы үгіт-насихаттың күшеюі 1965 жылы сəуірде Қарағанды қаласында «Знание» қоғамдық ұйымының құрылуымен байланысты болды. Ұйым қаладағы дəрістің кең, пəрменді, жауынгерлік штабы болды [4]. Бұл ұйымның құрылуы жергілікті үгіт-насихат жұмыстарын күшейтуге мүмкіндік берді. Бір жыл ішінде «Знание» қоғамдық жүйесі бойынша 42740 адамды қамтыған, 149 ғылыми-атеистік бағытта дəрістер оқылды [5, 156 п].

  1. жылы Қарағанды облысында ресми тіркеуден өткен екі мешіт, баптистердің бір дұға үйі, үш орыс православие шіркеуі жұмыс істеді [6, 1–14 п]. Ал 1965 жылы 24 қыркүйекте Қарағанды облатком Саран қаласында ЕХБ ұйымын тіркеу туралы шешім қабылдады [7, 132 п]. Саран қаласындағы ұйымды тіркеу туралы облыстық еңбекші депутаттар кеңесінің шешімі 1965 жылы 2 қарашада қабылданды. Аптасына үш рет құлшылық өткізіліп тұратын ұйымның құрамында 130-ға жуық діндар бар еді. Ал тіркеуден өтпеген Ленин жəне Октябрь аудандарында екі католик қауымдастығы, Киров жəне Октябрь аудандарында бір лютеран жəне баптист-жікшілдер қауымдастығы анықталды [6, 2 п]. Сонымен барлығы ресми тіркеуден өткен жеті діни қауымдастық ғұрыптарды өтеуге мүмкіндік алды. Саран қаласындағы ЕХБ діни ұйымына, Шахтинск қаласынан 62 адам, Абай қаласынан 25 адам, Ақтас поселкесінен 21 адам қосылды [6, 22 п].
  2. жыл Қазақстандағы діндарларға қатысты заң бұзушылыққа байланысты өткен сот шешімімен басталды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 1965 жылы 27 қаңтарда «Діндарларға қатысты Социалистік заңдылықты бұзудың кейбір фактілері туралы» қаулы қабылдады. Бұл мəселе одақтас республикалардың жоғарғы кеңесінің төралқаларының отырыстарында да қаралды. 1965 жылы 15 наурызда КСРО Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы мен КСРО прокуратурасының қылмыстық істерді соттарда қарауды қадағалау бөлімі жасаған «шіркеудің мемлекеттен, мектептен жəне діни табынушылықтардан бөлінуі туралы заңнаманы қолдану тəжірибесіне шолу» таратылып, онда жергілікті жерлерде Социалистік заңдылықтың бұзылуы анықталған, сот жəне прокурорлық қателер жəне оларды жою жөнінде нұсқаулар берілді. Діни ғибадат істері жөніндегі кеңеске қаулының орындалуы туралы есептер берілді.
  3. жылы 3 сəуірде КСРО Бас прокурорының аға көмекшісі Г. Терехов КСРО Министрлер кеңесі жанындағы дін істері бойынша кеңестің төрағасы А. Пузинге: «И.П. Штеффан, А.П. Классен, Я.Г. Эзау жəне П.И. Вольфқа қатысты істер прокуратурада қайта қаралып жойылды. Аталған адамдар негізсіз сотталған. Осыған байланысты КСРО Бас прокурорының орынбасары Штеффан, Классен, Эзау жəне Вольфке қатысты қылмыстық істерді тоқтату үшін, Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына наразылықтар енгізді» [8, 6 п] деген болатын. Діндарлар құқығының Жоғарғы Кеңесте, Бас Прокуратурада қаралуы, діндарларға саясаттың өзгеруінің дəлелі еді. Дегенмен, бұл уақытша көрініс болды.
  4. жылы Қарағанды облысы бойынша қалалық, аудандық комитеттің, идеологиялық комиссияның облыстық 5 рет атеистік семинары өткізілді. Баяндамалардың көпшілігі культ жөніндегі кеңестік заңнаманың орындалуы, діндарлар арасындағы атеистік жұмыстардың жүргізілуі жайлы болды. Қазақстан коммунистік партиясының обкомы бюросының отырысында халық арасында атеистік жұмыстарды жақсарту жөніндегі шараларды бекітті. «Осакаров ауданындағы неміс ұлты арасында идеялық-тəрбие жұмысының жағдайы жайлы» мəселе обком бюросында талқыланды [6, 1 п].

ЕХБ қауымдастығы Қарағанды қаласындағы неғұрлым белсенді жұмыс жүргізетін діни ұйым болатын. Құрамына 900 орыс, 500 неміс, барлығы 1400 діндар кіретін қауымдастық облыстағы саны жағынан үшінші ұйым еді. Діни қызметкер ретінде жаңадан қабылданған 7 адамның 4-уі неміс ұлтынан алынып, дұғалар орыс жəне неміс тілдерінде оқылды. Орыс жəне неміс тілдерінде əн салатын 60 адамнан тұратын хор ұйымдастырылды [6, 2 п].

Осы уақытта неміс діндарлары арасында БО ЕХБ құрамынан бөлініп (баптист-жікшілдер, шіркеу жақтастары — К.Б.), жеке діни қауымдастық құруға ұмтылыс байқалды. Атқару органының мүшесі Гардер Г.П. дербес қауымдастық ретінде тіркеуді өтінді. Облыс бойынша ірі 6 жікшілдер қауымдастығы жұмыс жасады [6, 3 п]. Бұл ұйымның дербес жұмыс жасауына билік тарапынан тосқауылдар қойылды. Оларды ресми тіркеуден өткізбеді. Жікшілдер тобына неміс ұлты көп кіргендіктен, немістердің күнделікті тіршілігі бақылауға алынды. Архивтегі уəкіл есептерінде келесі мəліметтер айтылды: «Көптеген немістер ГФР-дан хаттар мен сəлемдемелер алып отыр. 1964– 1965 жылдарда Осакаровка ауданына 400 заттай сəлемдеме келді. Осакаровка жиһаз фабрикасында жұмыс жасайтын 304 немістің 36-сы, аудандық байланыс конторасында 10 адам ГФР-дан сəлемдеме алып отыр. Осакаровка селосында тұратын 2269 немістің 500-ден астамы ГФР-дағы туыстарымен хат алысуда. Кейбір неміс ұлтының өкілдері кəсіподаққа кіруден бас тартты. Осакаровка ауданы, Шідерті кеңшарындағы 210 немістің 75-і кəсіподаққа мүше емес» [6, 3 п]. Осындай жағдайлар облыстың басқа да аудандарында байқалды. 1964–1965 жж. АҚШ пен ГФР-дан Киевка селосы мен «Урожайный», «Маржанкөл» кеңшарларына 50-ге жуық сəлемдеме келді [6, 9 п].

Атеизмді мектеп оқушыларына сіңіру биліктің негізгі мақсаттарының бірі еді. Бірақ, діндарлар отбасындағы балаларды діни рухта тəрбиелеу əрекеті, мектеп əкімшілігі мен жергілікті билікті шарасыз жағдайда қалдырып отырды. Бұл жайлы уəкіл өз есебінде «Саран қаласында ата-аналар балаларына пионерлер мен комсомолдар ұйымдарына мүше болуына қарсылық танытуда. № 2 мектептің оқушысы Денисованың əжесі үш рет пионер галстугын өртеп жіберген. Сенбі күндері балаларын мектепке жібермеген жағдайлар да кездесті. Жезқазған қаласында құрамында 230 діндар тұратын баптист-жікшілдер қауымдастығы белсенді құлшылық жұмыстарын жүргізіп отыр» [6, 3 п] деген болатын.

Ресми органдар жікшілдер тобының жұмысын бақылауға алып, мүмкіндігінше олардың жұмысын тоқтатуға тырысты. 1965 жылы 25 қазанда Жезқазған қаласындағы қауымдастық пресвитері И.В. Эпп жəне белсенді Д.Е. Ягольников билік өкілдерімен кездесу өткізді. Эпп жəне Ягольников «қауымның басты міндеті балалар мен жастарды дінге баулу болып табылады» деп мəлімдеді. Олар балаларға дін үйретіп, оқытатындығын, егер қалалық атқару комитеті біздің шіркеу ісіне араласып, қызметін заң аясында шектемесе, онда қауымдастықты ресми тіркеуге келісетіндіктерін айтты. 26 қазан күні Жезқазған қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасарына жікшіл топтың өкілдері К.И. Таубер, И.В. Эпп жəнеД.Е. Ягольников шақырылып ғибадат туралы кеңестік заңнама түсіндірілді [6, 4 п]. Себебі, кəмелеттік жасқа толмаған балаларды діни ұйым жұмысына тарту кеңестік заңнама бойынша заң бұзушылық болып табылатын.

Жезқазған қаласындағы жікшілдер тобының жетекшілерінің бірі С.Г Дубовой, облыс көлемінде заңсыз шығарылатын «Вестник спасения» журналы мен басқа да діни əдебиеттерді таратумен айналысты. С.Г. Дубовой жікшілдердің ұйымдастыру комитетінің жұмысын реттеп, жікшілдердің облыстағы жетекшісіне айналды. Облыс көлеміндегі діндарлар С.Г. Дубовоймен кездесу үшін Жезқазған қаласына арнайы баратын [6, 9 п]. Уəкіл Ж.Рахимовтың мəліметінше С.Г. Дубовой «соңғы екі жылда ешқандай жерде жұмыс істемейді. Қазақ КСР мен Орта Азия елдерінде «кезбелікпен» қаржы тауып отыр». 1965 жылы 8 тамызда С.Г. Дубовойдың ұйымдастыруымен Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы, Северная көшесіндегі Д.Д. Классеннің үйінің ауласында діни жиналыс өткізген. Жиынға тек қана Қарағанды облысынан ғана емес, өзге де облыстардын барлығы барлығы 300-ден астам адам қатысты [6, 20–21 пп].

Уəкілдің пікірінше «Облыс көлеміндегі ресми тіркеуден өтпеген қауымдастықтар жұмысының күшею себептерінің бірі ғылыми-атеистік дəрістердің жиі оқылмауы. Құрамында 71 лекторы бар қоғам мүшелері мен саяси баяндамашылар, жұмысшылар арасында жиі дəріс оқылғанда бұл жағдай қалыптаспас еді» [6, 6 п] деген болатын. Діндарлар қызмет ететін ұжымға арнайы коммунистерді жұмысқа орнатты. Жұмысшылар өзара жүргізген үгіт-насихат діндарларды діннен аластатады деген сенімде болды.

жылы 9 маусымда ҚКП РК бюросы «№ 33/34, 36/42, Костенко атындағы шахталар, трикотажды-тоқыма фабрикасындағы жұмысшылардың тұрмысында жаңа азаматтық ғұрыптарды енгізу туралы», 1965 жылы 17 қарашада бюро «№ 36/42 шахта шағын ауданындағы тұрғылықты мекен-жайы бойынша дəріс жəне атеистік үгіт-насихат жағдайы туралы» мəселе талқыланды. Ал, 1965 жылы 28 маусымда ҚКП аудандық комитетінің пленумында атеистік үгіт-насихат жайлы «біз атеистік жəне дінаралық насихат мəселелерімен жеткіліксіз айналысудамыз» деген болатын [6, 8 п]. Мемлекеттік атеистік қоғам қалыптастырудағы шаралары нəтиже бермеді. Діндарлар құқығын қорғағандай болған сот процестерінің өтуі, діндарларға қатысы бар қылмыстық істердің тоқтатылуы діни ұйымдардың жұмысына рұқсат əсер қалдырды. Жергілікті органдар жалпы одақтағы дінге қатысты саясаттың өзгеруіне бейімделе алмады.

Қарағанды қаласындағы жікшілдер жетекшілерінің бірі Д.Д. Классен еді. Ол 1965 жылы 8 тамызда № 33/34 шахта поселкесіндегі өз үйі ауласында 10–15 жас аралығындағы 150 жеткіншекпен 200-ден астам ересектер қатысқан балалар діни мерекесін ұйымдастырды [6, 7 п]. Қарағанды қаласындағы жікшілдердің басым бөлігі № 33/34 шахта ауданында орналасты. Жетекшілері ретінде Д.Д. Классен, Ф.Ф. Кригер, В.Я. Энстер танылды[6, 7 п]. Билік бұл ұйымды, ұйым жетекшілерін, діндарлар отбасын бақылауға алды.

Ал, № 33/34 шахта аумағында балалар үшін жексенбілік діни мектеп ашылды. Балалар жексенбі сайын, əртүрлі мекен-жай бойынша діни сауат ашты. Екі жас музыканттар тобы ұйымдастырылып, олар құлшылық ету ғұрыптарына қатысты.

жылы 18 маусымда Карл Либкнехт көшесі № 29 үйдегі католик А. Гиммершмидт үйінде құлшылық жұмыстары жүргізіліп, оған 250 діндар мен 50 адамдық хор қатысқан. Бұл мəлімет Октябрь аудандық аткомына белгілі болғанынан қарамастан, оларға шара қолданылмады [6, 8 п].

Облыс көлемінде 6–14 жас аралығындағы 200-ден астам баланы қамтыған 10 жексенбілік діни мектеп жұмыс жасады. 6 мектеп Қарағанды қаласында орналасып, мектептегі сабақтарды Дик Мартия, Энне Иогона, Вильмс Елизавета, Гельдебрандт Лидия, Унру Елена, Энне Генрихтер жүргізді. Балаларды діни мектептен ажырату үшін қалалық жəне аудандық партия комитеттері, жалпы білім беретін мектептердің педагогтар ұжымы түсіндіру жұмыстарын жүргізді [9, 10 п].

1965 жылы 19 қарашада Киевка селосының № 1 сегіз жылдық мектебінде жалпы мектептік ата- аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 312 адам қатысып, мектеп директоры С.П. Шкаренконың «Мектеп, қоғам жəне ата-аналардың балаларды тəрбиелеудегі міндеттері туралы» баяндамасы талқыланды. Талқылау барысында 7 ата-ана сөз сөйлеп, мына ұсыныстар айтылды: «1. Əкімшілік органдардың алдында сектант ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру туралы мəселе қою; 2. Балаларды ата-анасының жанында қалдыру, бірақ өз балалары мен өзге де балалардың мектептегі тəрбиесіне кедергі келтірмеуі үшін оларды қатаң ескерту; 3. Ата-аналары мектептегі тəрбие жүйесіне қарсы отбасыларының балаларын пионерлер мен октябряттар қатарына алуға тыйым салып, балаларды діни жораларды орындауға үйрететін діндарларды ата-ана құқығынан айырып, балаларды мемлекет тəрбиесіне беру; 4. Ата-аналар комитетіне діндарлар отбасындағы балалар тəрбиесін анықтап, тиісті органдарға беру үшін материалдар дайындау» [6, 10 п].

Ал 1965 жылы 12 желтоқсанда 60 діндар мен аудандық аткомының төрағасы Л.Р. Жданов, мектеп директоры С.П. Шкаренконың қатысуымен өткен жиналыста, діндарлар балаларының пионер, октябряттар қатарына өтуіне, галстук, жұлдызшаларды тағуына, мектепке галстуксыз немесе жұлдызшасыз барғанда мектепке кіргізбей қайтарып жіберуіне қарсы шықты [6, 11 п].

Дегенмен, діни қауымдастықтар тарапынан ресми тіркеуден өтуге өтініш толассыз жазылып жатты. 1964 жылы 26 мамырда Қарағанды қаласының 1000 ға тарта мүшесі бар меннониттер ресми тіркеуден өтуге өтініш жазды. Олар ЕХБ ұйымына қосылудан бас тартып, 15–30 адамнан үйлерде жиналып діни ғұрыптар жүргізді [10, 123 п].

1965 жылы 23 ақпанда Жезқазған қаласының ЕХБ қауымдастығының өкілдері К. Таубер, Ример, Ремпер т.б. барлығы 52 діндар қол қойған өтініші түсті [10, 61 п]. 1965 жылы 26 ақпанда Қарағанды қаласы Ленин ауданының құрамында 358 мүшесі бар ұйым ЕХБ неміс қауымдастығы ретінде тіркеуге өтініш білдірді. Қауымдастық меннониттер неміс бауырластығы құрамынан ЕХБ құрамына ауысқан діндарлардан тұрды. Неміс ЕХБ қауымдастығы ретінде тіркеуге өтініш білдіруінің себебі, діндарлардың көпшілігінің неміс тілді болуы еді. Шіркеудегі барлық ғұрыптарды неміс тілінде жүргізуді, ал қауымдастықты Кирзавод № 1–2 мекен-жайы бойынша тіркеуді сұрады. Қауымдастық жетекшісі зейнеткер Гергард П.Г. еді. Қарағанды облысы бойынша уəкілге Қарағанды облысының Ақшатау өнеркəсіп ауданына қарасты Ағадыр стансасының неміс ЕХБ қауымдастығының жетекшісі Я.Я. Вибеден де тіркеу жөнінде өтініш түсті [10, 18 п].

Облыстағы діни ұйымдарға қойылып жатқан тосқауылдарға қарамастан діндарлар діни ғұрыптарды өтеп, діни мерекелерді тойлады. 1965 жылы «Ораза айт», «Құрбан айт» мерекелерін Қарағанды қаласындағы мешіттерде атап өтті. Екі мешіттегі «айт намазына» 2880 адам, оның 413-і əйелдер қатысты. Діндарлардың ерікті қайырымдылығы есебінен 2300 сом 23 тиын, пітір садақа ретінде 1570 сом жиналды [6, 12 п].

1965 жылы Қарағанды облысындағы тіркеуден өткен ЕХБ қауымдастығына 29 адам сумен шоқыну арқылы кіруге ниет білдірген. Жергілікті органдар жүргізген қарсы жұмыс нəтижесінде 18 адам ғана қабылданып, қалғандары бас тартты. 1966 жылы 1 қаңтарда евангелдік христиан- баптистер мен меннониттердің саны 1400 адамға жетті. Құлшылық ету бейсенбі, жексенбі күндері орыс тілінде, сенбі, жексенбі күндері неміс тілінде жүргізілді. Осы жылы ЕХБ қауымдастығы «пасха», «троица», «жатва күні», «рождество» жəне «бірлік күні» мерекелерін атап өтті. Мерекелік құлшылық етуге 800 ден 1150-ге дейін адам қатысты. Шіркеуге 1965 жылы 12600 сом кіріс кірді.

Бейбітшілік қорына тіркеуден өткен барлық діни ұйымдар 2000 сом аударды. Октябрь ауданындағы мешіт 200 сом, Киров ауданындағы мешіт 800 сом, ЕХБ қауымдастығы 1000 сом аударды. Тіркеуден өткен мешіттер КСРО мұсылман ұйымдарының халықаралық байланыстары бөлімінің ағымдық шотына 800 сом, оның ішінде Киров жəне Октябрь ауданындағы мешіттер 400 сомнан қаржы аударды.

Қарағанды облысындағы тіркеуден өткен үш орыс православие шіркеуінде күн сайын шіркеу қызметі жүргізілді. 1965 жылы облыстың АХАЖ бөлімдерінде барлығы 33859 жаңа туған нəресте тіркелді. Орыс православие шіркеуінде 5017 немесе 14,8 % нəресте шоқындырылса, Қарағанды қаласының шіркеулерінде — 39,5 %, Осакаровка селосындағы шіркеуде — 41,4 % шоқындырылған. АХАЖ бөлімдері бойынша 13802 неке тіркелді. Оның 4484-сі Қарағанды қаласында, 409-ы Осакаровка селосындағы шіркеу рəсімімен өтті. АХАЖ-да тіркелген қайтыс болған 6897 адамның, 2267-сі Қарағанды қаласында, 338-і Осакаровка селосындағы шіркеуде діни рəсім бойынша жерленді. Орыс Православие шіркеуінің жалпы жылдық табысы 241650 сом, 92 тиынды құрады. 1965 жылы 1 қаңтардағы қалдықтармен 1966 жылдың 1 қаңтарындағы барлық табыс 309065 сом 91 тиын болды. 1965 жылы шіркеу қаражатының жалпы шығыны 228748 сом 12 тиын болды. Бейбітшілік қорына 25700 сом аударды [6, 13 п]. Шіркеу мен мешіттерде ғұрыптар бойынша нəрестені шоқындыру, ат қою, жастардың некелерін қию, жерлеу жұмыстарын жүргізу, билік тарапынан «артта қалғандық», «ескішілдік сарқыншақтары» ретінде бағаланды.

1965 жылы 17 тамызда Қазақстан КП Обкомының насихаттау жəне үгіттеу бөлімінің бастығы С.Т. Путиевке құпия түрде жазылған хатта, жастар арасында діни оқу орындарында білім алғысы келетіндердің көбейгендігін жазды. Ағадыр стансасының тұрғыны Р.Н. Втюрин, Қарағанды қаласының тұрғыны Б. Луговинов Мəскеу діни семинариясында оқуға өтініш білдіргенін айта келіп, партиялық ұйымдар арқылы үміткерлерді семинарияға жібермеуді сұрады [6, 18 п].

1965 жылы Қазақ КСР қылмыстық кодексі бойынша əртүрлі мерзімге сотталған меннониттер Д.И. Классен, А.А. Вибе, А.А. Церндер түрмеден босап шықты [6, 19 п]. Оларды кеңестік өмірге бейімдеу үшін жергілікті жерлерге тапсырмалар берілді. Оларға сырттай бақылау орнатып, діни қызметпен айналыспауын қатаң тапсырды.

Діндарлар арасында биліктен діни бостандық беруді сұрап хат жазғандар болды. Мысалы, 1966 жылы қыркүйекте КСРО Қорғаныс министрі Р.Я. Малиновскийге Қарағанды қаласы, Западная көшесі, № 8 үй тұрғыны священник А.П. Кривоносов хат жазды. 1954 жылдан өзінің священник екенін жазып, жастар тəрбиесіндегі діннің алатын орны туралы өз көзқарасын білдірді [11, 11 п].

Хатта: Соңғы отан соғысы кезінде əскери госпитальдан ауыр жараланып, елге келген көршісінің баласы жайлы айтылды. Əкесінің баласына «балам, маған ашық айт, соғыста дінге көзқарас қандай?» — деген сұрағына, баласы «əке, ашығын айтқанда, ұрыс кезінде құдайға жүгінбейтін адам жоқ. Егер біреу, алапат ұрыс кезінде «құдайға бір рет те жүгінбедім» деп айтатын болса да, мен оған сенбеймін. Мұндай адам жоқ жəне болуы мүмкін емес» деп жауап бергенін айтады. [11, 14–15 пп]. Сонымен қатар, діндарлар арасында болып жатқан көптеген мəселелерге назар аударды. Ата-аналардың өз балаларын діни рухта тəрбиелеуге құқығының жоқтығы, тіпті ол үшін оларды ата-ана құқығынан айыратындығын атап өтті. Кейбір жерлерде оқушылар, студенттер, мекемелер мен кəсіпорындарда жұмыс істейтіндерге шіркеуге баруға тыйым салынатындығын жазды. Мекемелер мен өндірісте діндар оқушылар, студенттер мен қызметкерлер жайлы, жиналыстарда, қабырға газеттерінде жəне жергілікті мерзімді баспасөз беттерінде жазатындығын сынға алды [11, 17 п]. Автор, дінге қатысты мəселені қайта қарауды сұрады. Нəтижесінде биліктің араласуымен А.П. Кривоносовты діни қызметінен аластатты.

Келесі хат 1966 жылы 12 қыркүйекте Қарағанды облысы Жарық стансасының ЕХБ өкілдері атынан Л.И. Брежневке жазылды. Хатта түрмедегі шіркеу кеңесі бауырластығының мүшелері Классен, Храпов т.б. босатуды сұрады. Сонымен бірге, БО ЕХБ съезін өткізуге дайындық жүріп жатқандығы, бірақ бұл ұйымның заң алдында, түрмеге қамалғандарды босатуға қауқары жоқтығы айтылды. Бұл ұйымның діндарлар арасында беделінің жоқтығын атап өтті [11, 5 п].

жылы 16 қыркүйекте Қарағанды қаласы, Уссурийская көшесі, № 28 үйде Қарағанды, Павлодар, Целиноград, Қостанай, Көкшетау, Солтүстік-Қазақстан облыстарының евангелдік христиан-баптистерінің облысаралық кеңесі өтті. Президиумға Тимченко С.Т., Ващук М.С., Кригер

В.И., Парышев В.Я., Вельг, Крылов И.И., Пожарицкий П.И., Крекер, Теве, Браун П.И., Классен Д.И., Чумакин А.М., Реймер Н.А. сайланды.

Күн тəртібінде: 1. 1965 жылдан 1966 жылдың тамызына дейінгі БО ЕХБ қызметі жайлы БО ЕХБ өкілінің баяндамасы; 2. Қазақстан жəне Қырғызстан аға пресвитерінің есеп беру баяндамасы; 3. ЕХБ Бүкілодақтық Съезіне делегаттар ұсыну; 4. Аға пресвитер жанындағы пресвитерлер кеңесіне кандидат сайлау; 5. Сайланған делегаттарға тапсырма беру [12, 1 п] мəселелері тұрды.

Кеңеске 44 қауымдастық пен топтардан 118 өкіл қатысты. Оның 19-ы пресвитер, 12-сі диакон еді. Аға пресвитер М.С. Ваащук баяндама жасады. Пресвитердің ақпараты бойынша Қазақстан мен Қырғызстан аумағындағы 140 қауымдастық пен топтың, 22-сі ғана тіркеуден өткендігін, ресми тіркеуден өтудің Қазақстан аумағында аса қиын екенін атап өтті [12, 2 п].

  1. жылы қауымдастықтардың ресми тіркеуден өту үшін өтініш жазуы жалғасын тапты. 1966 жылы шілдеде Қарағанды қаласы, Октябрь ауданының православие діндарлары шіркеу ашуға рұқсат беруді сұрады. Қалада екі шіркеудің бар екендігін ескеріп, рұқсат берілмеді [11, 5 п].
  2. жылы 24 қазанда Ульянов «Кузнецк» кеңшарының ЕХБ діндарлар тобының қауымдастығының өтініші түсті. Қауымдастық өздерін «Кузнецкілік Евангелдік христиан- баптистерінің тобы» ретінде тіркеуді өтінді. Уршель И.Л. басқарған ұйымға мүше ретінде 15 адам тіркелген болатын [10, 2 п]. Дін істері жөніндегі кеңес, құрамында адам саны аз болғандықтан тіркеуге рұқсат етпеді.
  3. жылы 20 қазанда Қарағанды қаласы Ленин аудандық аткомына Б.Б. Берген бастаған меннониттер бауырластығы өтініш жазды. Құрамында 798 адам бар қауымдастық өздерін «неміс- меннониттер бауырластық қауымдастығы» деп атады. Көпшілігі Ленин ауданының тұрғындарынан тұратын қауымдастыққа неміс ұлтының өкілдері кірген болатын [10, 12 п].

Осы уақытта Қарағанды облысы Ақшатау өнеркəсіп ауданы Қайрақты кенішінің 34 мүшесі бар ЕХБ неміс қауымдастығының өтініші келіп түсті. Жетекшісі Иван Яковлевич Гизбрехт болған қауымдастықты ГРП № 4 үй мекен-жайы бойынша тіркеуді сұрады [10, 16 п]. Осыған дейін олардың ЕХБ құрамына кіргендігіне байланысты, Қазақ КСР министрлер кеңесі жанындағы кеңестің уəкілі К.Құлымбетов, Қарағанды облаткомы жанындағы дін істері жөніндегі кеңестің уəкілі Ж.Рахимовке «облыстағы меннониттерді тексеруді» тапсырды [10, 11 п].

  1. жылы 27 қазанда 72 мүшесі бар отырған Балқаш ЕХБ қауымдастығының өтініші түсті. Ресми тіркеуден өту туралы алғашқы өтінішін 1957 жылы жазған [13, 106 п]. 1966 жылы 16 желтоқсанда Еңбекші депутаттарының Балқаш қалалық кеңесі аткомы діни ғұрыптарды өтейтін ғимараттың жоқтығы салдарынан қауымдастықты тіркеуге рұқсат бермеді [13, 100 п].
  2. жылы қарашада Осакаровка ауданындағы 105 адам мүше ЕХБ ұйымының өтініші қаралды. Қауымдастықтың ықпалы Осакаровка, Литвинка, Центральное жəне Скоблевка поселкелері діндарларына таралатын [13, 114 п]. Дегенмен, 1966 жылы бір де бір өтініш қанағаттандырылмады.

1966 жылы православие шіркеуінде 4418 шоқындыру, 125 неке қию, 340 жерлеу рəсімдері, 1806 сырттай жерлеу рəсімі жүргізілді. Шіркеуге жыл бойы 224 730 сом қаржы кірген. Барлық сомадан бейбітшілік қорына 26000 сом аударылды.

1966 жылы облыстағы мүшелерінің саны жағынан ірі діни қауымдастық саналатын мұсылман мешіттеріне келушілердің саны 2500 адамды құрады. Жыл бойы мешіттерге 15 мың сом қаржы кірді. 1966 жылы мешіттерде 3 неке қию, 41 ат қою, 171 жаназа, 329 сырттай жаназа шығарылды.

Қарағанды қаласының ЕХБ қауымдастығында 1000 діндар мүше болды. Оның құрамында ұйымға қосылған 500 меннониттер де бар еді. 1966 жылы 57 адам сумен шоқыну арқылы ЕХБ қауымдастығына мүше болды. Республика көлеміндегі он бес ЕХБ діни ұйымына барлығы 144 адам сумен шоқыну арқылы мүшелікке қабылданған болса, Қарағанды облысында сумен шоқындырылып кіргендердің үлесі 40 %-ды құрады.

Облыстағы екінші ЕХБ діни қауымдастығы Саран қаласында орналасты. Тіркеуден өткен кезінде 120 діндар мүше болса, бір жылдан соң олардың саны 200-ге жетті. Екі ЕХБ діни қауымдастығындағы уағыздаушылар саны 25 адамды құрады. ЕХБ діни қауымдастығында жастардың үлес салмағы басқа діни ұйымдармен салыстырғанда көпшілікті құрады [14, 41–42 пп].

жылы ресми тіркеуден өткен діни ұйымдар саны 9-ға жетті. Үш орыс православие шіркеуі, екі мұсылман мешіті жəне екі ЕХБ ғибадатханасына, меннониттер мен лютерандар қауымдастықтары қосылды [14, 40 п]. 1967 жылы 9 наурызда облыстық кеңес меннонит бауырластық қауымдастығын ресми тіркеуден өткізіп, Қарағанды қаласы Киров ауданына тіркелді. Ульяновка ауданының Ульяновка селосы, Шахтинск қаласының Ново-Долинка поселкесіндегі ЕХБ қауымдастықтарын Қарағанды қаласындағы тіркеуден өткен діни ұйымның бөлімшесі ретінде тіркеді [9, 20 п].

Меннониттер діни қауымдастығы мүшелерінің саны 800 адамға жетті. Қауымдастықты

В.Б. Матис басқарады. Бұл ұйым ресми тіркеуден өткен соң, Қарағанды қаласындағы шіркеу бағытындағы меннониттер де тіркеуден өтуге өтініш білдірді. Я.Г. Тицен басқаратын қауымдастықта 300 діндар тіркелді.

Ал Қарағанды қаласындағы лютерандардың ресми тіркеуден өтуі, «Ленин» кеңшарындағы лютерандарға да ықпал етті. 20 адам мүше қауымдастықты зейнеткер Гейнц басқарды [14, 43 п].

жылы 9 қауымдастықтан ресми тіркеуден өту туралы өтініш түсті. ОПШ — 1, католиктер — 1, лютерандар — 1, меннониттер (шіркеулік) — 1, жетінші күн адвентистері — 1, қалған өтініштерді евангелдік христиан-баптистер жазды. Евангелдік христиан-баптистердің неғұрлым ірі қауымдастықтары Шахтинск қаласында, Осакаровка, Ульяновка селолары мен Атасу поселкесінде орналасты. ЕХБ қауымдастығының тіркеуден өтпеген аздаған адамдардан тұратын бөлімшелері де бар еді. Мүшелерінің басым бөлігі жасы ұлғайған адамдардан тұратын қауымдастықтар Ағадыр стансасы, Шет ауданының Қайрақты кенішінде, Ульяновка ауданының Свердлов жəне Кузнецкий кеңшарларында орналасты [9, 15 п].

Осакаровка ауданындағы православие шіркеуі мен Саран қаласындағы ЕХБ қауымдастығынан басқасы Қарағанды қаласында орналасты. Үлкен діни қауымдастықтардың бірі православие шіркеуі еді. Қарағанды қаласы Киров қалалық ауданындағы Михайл-Архангел шіркеуіне Теміртау қаласының діндарлары да келеді. Екіншісі Үлкен Михайловкадағы Богородица-Рождество шіркеуі. Бұл шіркеуде Саран, Абай қалаларының діндарлары да діни қажеттіліктерін өтеді. Екі шіркеуге діни мереке күндері (пасха, рождество, крещение) 18000 мыңдай (Михайл-Архангел шіркеуіне 10 мың, Богородица-Рождество шіркеуіне 8 мың) діндар келді. «Ұлы постты» діндарлардың 60–70 %-ы ұстанды [14, 40 п].

  1. жылы ораза 1966 жылы 14 желтоқсаннан 1967 жылы 13 қаңтарға дейін созылды. Ораза күндері бес уақыт намаз бен кешке «тарауық» намазы өткізіліп отырды. Ораза уақытында «пітір- садақа» 50 тиын көлемінде тағайындалды. Екі мешітке 2090 сом пітір-садақа төленді. Жекелеген «кезбе» молдалар да өз үлесін қосты. Тельман ауданы «Победа» кеңшарының молдасы Əбдіхасен мен Саран қаласының молдасы Елібай діндарлардан 485 сом жинап, Қарағанды қаласының № 1 Киров аудандық мешітінің кассасына салды. Ораза айт күндері Октябрь ауданының мешітіне 800-ден астам, ал Киров ауданының мешітіне 600-ден астам адам келді [9, 16 п].
  2. жылы 30 наурыздағы «Қарағанды облысындағы діни ұйымдар қызметі жөніндегі анықтама» жасалып, Қарағанды облысындағы тіркеуден өтпеген діни қауымдастықтар жайлы ақпарат жиналды. Сонымен Қарағанды облысында 1 католик, 5 лютеран, 1 иудей, 1 молокан, 2 меннонит, 4 пятидесятник, 5 ехоба, 22 евангелдік христиан-баптистер қауымдастығы анықталды [9, 16 п].

Балқаш қаласында ЕХБ қауымдастығы белсенділік танытты. Ленешмидт басқаратын 80 діндардан тұратын топ ресми тіркеуден өту үшін бірнеше рет өтініш жазды. Р.Я. Шифер басқаратын екінші жікшілдер тобы, балаларды діни бағытта тəрбиелеуде белсенді жұмыстар жүргізді. Р.Я. Шифер тек кəмелеттік жасқа толғандарды емес, жасөспірімдерді де діни ұйым жұмысына тарту керек деп есептеді.

1960 жылы таратылып, ғибадатханасы мемлекет пайдасына алынған православие өкілдері ресми тіркеуден өтіп, шіркеуді қайтару үшін өтініштер жазды. Құрамында 300 адам бар лютерандар қауымдастығы да өз қызметін тоқтатпады.

Балқаш қаласында неғұрлым белсенді діни қауымдастықтардың бірі ехоба куəгерлері еді. Құрамында 30 діндары бар ұйым мүшелері сайлауларға қатыспады. Ехоба куəгерлері мүшесі Суворкина «сайлауға неге қатыспайсың» деген сұраққа, өзінің Иисус Христосты таңдағанын, басқалардың керек емес екенін айтқан [14, 45 п].

Жезқазған қаласында белсенді жұмыс жасап отырған діни қауымдастық баптист-жікшілдердің жетекшісі С.Г. Дубовой 1967 жылы шілдеде жексенбілік мектепте балаларды дінге үйретіп, антикеңестік əдебиеттерді таратқаны үшін, Қарағанды облыстық сотының шешімімен үш жылға сотталды. Дубовой қамауға алынғанымен ұйым өз жұмысын тоқтатпады. Ұйымның бір топ мүшелері Дубовойдың жазаға тартылуымен келіспеді. Оны заңсыз, діни көзқарасы үшін қудалау деп танып, 1968 жылы 23 қазанда КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумына жазған хатта Дубовой мен басқа да қауымдастық мүшелерін босатуды талап етті. Сонымен қатар хатта шіркеу мен мемлекет қарым- қатынасын реттейтін барлық заңнамалық актілерді жоюды талап етіп, БОАК мен РКФСР ХКК-нің 1929 жылы 8 сəуірдегі діни ұйымдар жөніндегі қаулы мен 1966 жылы 3 маусымдағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің діни культтер туралы заңды бұзғаны үшін əкімшілік жəне қылмыстық жауапкершілік туралы жарлықты жоюды талап етті.

Облыстағы 6 баптист-жікшілдер ұйымының Жезқазған қаласындағы екі баптист-жікшіл қауымдастығының біреуі қала орталығында орналасып, қауымдастыққа 100 діндар мүше болды. Пресвитері К.И. Таубер еді. Ал екінші қауымдастық Жезқазған-кеніші поселкесінде орналасты. 300- ге жуық мүшесі бар ұйымды И.В. Эпп басқарды [9, 7 п].

Жазқазған қаласында Ехоб куəгерлері құрамына 100-ге жуық діндарды біріктірді. Ұйымды Урсу И.М., Дуду М.Г., Гладюк В.Ф. басқарды. Олар өз балаларына мектепте басқа балалармен араласуға тыйым салып, тек қана діни қауымдастық мүшелерінің балаларымен араласуға рұқсат етті.

Саран қаласы мен Дубовка поселкесінде «Молокандар» сектасы ұзақ уақыт жасырын жұмыс жасады. Діндарлардың жиыны қауымдастық жетекшісі И.В. Сафоновтың үйінде жүргізілді. Молокандар православиеден бөлініп шыққан діни бағыт болатын. Молокандарда ересектер мен балаларды шоқындырып, иконалар мен əртүрлі əулиелерді құрметтеу жоқ. Молокондар отбасында балалар еркін тəрбиеленді. Пионерлер мен комсомолдар ұйымына кіруге рұқсат етіліп, мектеп өміріне белсенді қатысты. Жастарға театрлар мен киноларға баруға рұқсат етілген болатын. Діни жиындарға жасы ересектер ғана қатысты. Қауымдастыққа көбінің жасы 50-ден асқан 86 адам мүше болды. 36 адам Дубовка поселкесінде, 26 адам Қарағанды қаласында, өзгелері 5–6 адамнан əртүрлі елді мекендерде тұрды. Құлшылық ету жұмыстары аптасына бір рет жексенбі күні жəне діни мереке күндері (пасха, рождество, троица, вознесение) жүргізілді. Қауымдастықтың ресми тіркеуден өтуге өтініш жасағанына қарамастан, жергілікті билік органдары əзірге қажеті жоқ деп тапты [14, 47 п].

жылы жылы аса белсенді діни ұйымдардың бірі лютеран шіркеуі жанында біріккен қауымдастықтар еді. Облыста ресми тіркеуден өткен Қарағанды қаласындағы бір жəне тіркеуден өтпеген 4 діни қауымдастық анықталды. Саран, Балқаш қалаларындағы екі діни қауымдастық ресми тіркеуден өту үшін өтініш білдіріп, бақылауға алынды.

Шет ауданының Шет селолық кеңесінде евангелдік-лютерандар қауымдастығы жұмыс істеді. Құрамында 40–50 діндары бар ұйым, соңғы үш жылда қалыптасқан болатын. Түгелдей неміс ұлтынан тұратын ұйымның мүшелері 1954–1957 жылдары РКФСР мен Украин КСР-інен келген құрылысшылардан құралды [9, 10–11 пп]. Діндарлардың жасырғанына қарамастан, билік органдары қауымдастықтың пасторы Гильт Христиан Христианович екенін анықтады [9, 12 п].

ХХ ғасырдың 60- жж. ортасында Қарағанды қаласындағы католиктердің саны 700-ге жуықтады. Олар Қарағанды қаласы Ленин аудандық аткомына тіркеуден өту үшін өтініш жасады. Рұқсат берілмегеніне қарамастан жиындар діндарлардың пəтерлерінде жүргізілді. Қауымдастықтың ксендзі В.И. Буковинский Краков университетінің богослов факультетінің түлегі, билік тарапынан қатаң бақылауға алынды [9, 13 п]. В.И. Буковинский католиктер арасында аса беделді болды. Буковинский В.И. 1967 жылы желтоқсанда Тəжік КСР-нде болып, католиктердің өтінішімен діни ғұрыптар жүргізді [15, 57–58 пп.].

Қарағанды қаласының Ленин ауданында Тимофеев басқаратын, құрамында 62 адам бар жетінші күн адвентистері діни қауымдастығы діндарларға қызмет етті. Қауымдастық мүшелері діндарлар пəтерлерінде ұйымдастырылатын діни жиындарға жиі қатысты. 1967 жылы 30 маусымда діндарлар ресми тіркеуден өту үшін Ленин аудандық Еңбекші депутаттар кеңесіне өтініш жасады. Діндарлардың өтініштеріне аудандық атқару комитетінің төрағасының орынбасары Д.Я. Вакуленко «асығатын ештеңе жоқ, бəрібір тіркеуден өтпейді. Аудандық кеңестің аткомынан қолдау таппайды» деген болатын [9, 13 п]. Ал, 1967 жылы 31 қазанда Еңбекші депутаттар кеңесінің Ленин аудандық аткомының төрағасы Д.Абықаев жетінші күн адвентистері қауымдастығының келесі өтінішіне, діндарлардың қаланың үш ауданында орналасуына орай, ықпалы қалаға түгелдей тарайды деген желеумен рұқсат бермеді [13, 83 п].

1966 жылы Жаңаарқа ауданының Атасу поселкесінде адвентистердің аздаған тобы Прерощенко жетекшілігімен жұмыс істеді. Бірақ, көп ұзамай қауымдастық мүшелерінің Қарағанды облысы аумағынан көшіп кетуіне байланысты топ тарады [9, 13 п].

ХХ ғасырдың 40-жж соңында «кезбе молдаларды» анықтап, салық салу кең етек алды. Алғашқыда «кезбе» деген атау мұсылман молдаларға қатысты қолданылса, көп ұзамай басқа діни қауымдастықтар бойынша да, діни ғұрыптарды өтеп қаржылай табыс табатындарды анықтап, жаппай салық сала бастады.

ХХ ғасырдың 60-жж ортасында, облыста 50-ден астам «кезбе молда» тізімге алынды. Молдалардың «қомақты байлыққа» ие болып жататындығы жайлы мəліметтер уəкілдердің есептерінде үнемі жазылды. Сондай мысалдардың бірі Шет кеңшарындағы жағдай жайлы болды. Уəкіл Ж.Рахимов есебінде «Шет селолық округында 5000-нан астам адам тұрады. Олардың 35–40 % қазақтар. Бір бірінен 25–40 шақырым қашықтықта орналасқан 5 бөлімшесі бар. Осы ауданның «кезбе молдасы» Халит Алдангаров. Зейнеткер Халит Алдангаровты селолық кеңес тіркеуден өткен молда деп есептеген. 1966 жыл мен 1967 жылдың алғашқы 4 айында жаназа шығарғаны үшін заттай жəне ақшалай қаражат пен бір сиыр, 4 өгіз, 4 бір жасар жылқы, 4 қой, 4 ешкі алған. Осы уақыт аралығында 35 адамның жаназасын шығарған Х. Алдангаровқа жасалған ескертуге «қайтыс болғандардың жаназасын шығаруға шақырса барамын, əйтпесе мені құдай жазалайды» деп жауап берген [9, 5 п].

Уəкіл соңғы жылдары Еңбекші депутаттар қалалық кеңесі жанындағы ықпалдасу комиссиясы жұмысының əлсіреп кеткендігі жайлы жазды. Комиссиялар туралы ережеге сəйкес жəрдемдесу комиссиясы діни қауымдардың ғибадат туралы кеңес заңдарының сақталуын қатаң қадағалауға, сондай-ақ жергілікті органдар тарапынан діни ғибадат туралы кеңес заңының бұзылуына жол бермеуге міндетті [9, 8 п].

жылы облыста 3973 ғылыми-атеистік бағыттағы дəрістер оқылған. Қарағанды қаласында 1460 рет, Балқаш қаласында 190 рет оқылды. Уəкіл атқарылған шараларға қарамастан, діндарлар саны азаймағандығын жазды [9, 16 п].

Жергілікті жерлерде діндарлар мен олардың жетекшілерін бақылауға алды. Діни құлшылық жұмыстары өтетін жерлерді анықтап, жиын бойынша актілер жасап, ұйымдастырушыларды жауапқа тартты. Жергілікті депутаттар, қала активі, мектеп мұғалімдерінен тұратын ықпал ету комиссияларын құрып, жан-жақты ақпараттар жинады. Нəтижесінде, пресвитер Эпп И.В. оннан астам рет ескерту алып, ақыры Жезқазған қалалық сотының шешімімен Қазақ КСР ҚК 193 бабы І тармағы бойынша 6 айға еңбекпен түзеу жұмыстарына кесілді [15, 3 п]. К.И. Тауберге оннан астам ескертулер жасалып, Жезқазған қалалық сотының шешімімен 50 сом айыппұл салынды. Кеңестік заңнаманы бұзғандары үшін Эрк Э.Э., Рихтер К.Ю., Рихтер И.Ю., Кронгард И.К., Яговкина Е.Д. мен Г.И. Фрезеге ескерту жасалды [15, 4 п]. 1967 жылы 31 шілдеде Жезқазған қалалық еңбекші депутаттарының аткомы жанындағы əкімшілік комиссия А.Д. Дышкеге 20 сом, И.Г. Кинге 30 сом, П.Я. Ремерге 50 сом айыппұл салды [15, 13–15 пп].

Билік тарапанын, ехобашылардың көзқарасы тек қана культ жайлы заңнаманы ғана емес, барлық кеңестік заңнамаларға қарсы əрекет деп қабылданды. Қарағанды қаласында ехобалық əдебиетті дайындаумен айналысқан Теслик Иван кітаптарды Курск қаласына апарып таратып, РКФСР ҚК 142 бабы бойынша 3 жылға сотталды [9, 15 п].

Қорытынды

ХХ ғасырдың 60 жылдарының ортасындағы Қарағанды облысындағы діни ұйымдар өз дамуында жаңа сапалы кезеңге өтті. Діни ұйымдардың саны артты. Қауымдастық жетекшілерінің қызметі жасырын түрде өткізілетін құлшылық ету жиындарынан, діндарлығын ашық түрде мойындауға ауысып, кеңестік билік аппараттарына өз талаптарын қоя бастады.

Ғылыми атеизмнің алғаш ене бастаған тұсында, жергілікті кеңестер дінмен күрестегі ескі əдіс- тəсілдерді қолданды. Діндарлардың балалары оқитын мектептерге бақылау орнатып, жиналыстар өткізіп, діндарларды ата-ана құқығынан айыру мəселелері жиі көтеріле бастады. Діндарларды түрмеге қамау, айыппұл салу жазалары қолданылды. Жұмыс орындарында ұжымдық жиналыстар өткізіп, əлеуметтік статусы, жас жəне жыныстық ерекшеліктеріне қарамастан шаралар қолданды. Діндарлардың дін еркіндігі үшін ғана қойылған талаптары аяқасты болды.

Ұсыныстар

Дегенмен, кеңестік билік тарапынан діни ұйымдар мен діндарларға қарсы жүргізген шаралардың нəтиже бермегенін ескеру қажет. Ресми тіркеуден өткен немесе тіркеуден өтуге ниет білдірген діни қауымдастықтардың да, ұйымдарға мүше болғысы келетіндердің де саны артты. Діни мерекелер тойланып, діни ұйымдардың жұмысы тоқтамауы үшін, діндарлар өз еріктерімен қаржылай көмек көрсетуі жалғасын тапты. Кеңес өкіметінің дін жəне діни ұйымдармен қарым-қатынас жасаудағы кемшіліктері ескерілуі қажет.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. КПСС в резолюциях и решениях съездов, конференций и пленумов ЦК. — Т. 8. — М., 1985. — 542 с.
  2. РФМА. — Қ . Р -6991. — Т. 2. — І . 568.
  3. Мухтарова Г.Д. «Научный» этап государственного атеизма в СССР: к вопросу о разработке теории / Г.Д. Мухтарова // Вестн. ун-та «Кайнар». — 2005. — № 3/2. — С. 7–12.
  4. Новое звено общество «Знание» // Индустриальная Караганда. — 1965. — 23 апр.
  5. ҚОМА. — Қ .1364. — Т .1. — І .59.
  6. ҚОМА. — Қ .1364. — Т .1. — І .71.
  7. ҚОМА. — Қ .1364. — Т .1. — І .66.
  8. РФМА. — Қ.Р -6991. — Т.4. — І.173.
  9. ҚОМА. — Қ .1364. — Т .1. — І .80.
  10. ҚОМА. — Қ.1364. — Т.1. — І.69.
  11. ҚОМА. — Қ.1364. — Т.1. — І.79.
  12. ҚОМА. — Қ.1364. — Т.1. — І.77.
  13. ҚОМА. — Қ.1364. — Т.1. — І.84.
  14. ҚОМА. — Қ.1364. — Т.1. — І.45.
  15. ҚОМА. — Қ.1364. — Т.1. — І. 81.
  16. КПСС в резолюциях и решениях съездов, конференций и пленумов ЦК. — Т. 8. — М., 1985. — 542 с.
  17. РФМА. — Қ . Р -6991. — Т. 2. — І . 568.
  18. Мухтарова Г.Д. «Научный» этап государственного атеизма в СССР: к вопросу о разработке теории / Г.Д. Мухтарова // Вестн. ун-та «Кайнар». — 2005. — № 3/2. — С. 7–12.
  19. Новое звено общество «Знание» // Индустриальная Караганда. — 1965. — 23 апр.
  20. ҚОМА. — Қ .1364. — Т .1. — І .59.
  21. ҚОМА. — Қ .1364. — Т .1. — І .71.
  22. ҚОМА. — Қ .1364. — Т .1. — І .66.
  23. РФМА. — Қ.Р -6991. — Т.4. — І.173.
  24. ҚОМА. — Қ .1364. — Т .1. — І .80.
  25. ҚОМА. — Қ.1364. — Т.1. — І.69.
  26. ҚОМА. — Қ.1364. — Т.1. — І.79.
  27. ҚОМА. — Қ.1364. — Т.1. — І.77.
  28. ҚОМА. — Қ.1364. — Т.1. — І.84.
  29. ҚОМА. — Қ.1364. — Т.1. — І.45.
  30. ҚОМА. — Қ.1364. — Т.1. — І. 81.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.